Қала халқын, қоршаған ортасы мен шаруашылық объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғаудың жағдайы және оны бұдан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Мәслихатының шешімі І сайланған XIV сессиясының 1997 жылғы 23 мамырдағы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 1998 жылғы 13 ақпанда N 9 тіркелді. Күші жойылды - ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2006 жылғы 15 мамырдағы N 255 шешімімен

      Алматы қалалық Мәслихаты қала әкiмiнiң орынбасары, төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөнiндегi Алматы қалалық комиссиясының төрағасы Б.О. Сауранбаевтың баяндамасын тыңдап, талқылай келе қала және аудандар әкiмдерi аппараттары мен төтенше жағдайлар жөнiндегi қалалық басқарманың және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң  Z960019_ "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы",  Z970100_ "Азаматтық қорғаныс туралы",  Z970087_ "Авариялық-құтқарушы қызметтер және құтқарушылар мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарында белгiленген халықты төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру жөнiнде жұмыс жүргiзiп келгендiгiн атап өтедi. Халық пен ұйымдарды болжанған және туындаған төтенше жағдайлардан, оларды ескерту мен жою бойынша жұмыс үнемi жетiлдiрiлуде. Қала және аудандар авариялық-техника қызметтерi тұрақты дайындық үстiнде. Олардың тосын жағдайларға дайындығын көтеретiн объектiлiк, командалық-штаттық және тактикалық арнаулы оқулықтар тұрақты өтедi. 
      Сонымен қатар қала халқы мен шаруашылық объектiлерiн қорғау жүйесiнде кемшiлiктер мен шешiлмеген мәселелер бар. 
      Төтенше жағдайларды ескерту мен жоюдың мемлекеттiк жүйесi сапалық жаңа режимге көшiрiлген жоқ. Республикалық бюджеттен жеткiлiксiз қаржыландырудан мектептер мен ауруханалардың жер сiлкiнiсiне қарсы қабiлетiн күшейту жөнiндегi жұмыстар тоқтатылды. Ғимараттар мен тұрақжайлардың жер сiлкiнiсiне қарсы қабiлетiн күшейту жөнiндегi жұмысын ұйымдастырудың нарықтық түрлерi ынталандырылмайды, осы мақсаттарға пәтер иелерi кооперативтерiндегi халықтың жеке үй иелерi қаражаттары тартылмайды. Жаңа құрылыс пен жаңаланған объектiлерге тиiстi бақылау жүргiзiлмейдi. Өзен жиектерiндегi су қорғау аймақтарын бұзу жағдайлары кездеседi. Радиоактивтi қалдықтарды көму, сондай-ақ улы заттарды сүзгiлеудiң үлгiлiк аймақтық тұрағын салу мәселесi шешiлген жоқ.Байланыс және халыққа хабарлау жүйесi қойылған талаптарға сай емес. Жедел қимылдау отрядтарын құру және оларды қазiргi құтқару құралдарымен жабдықтау бойынша тиiстi шаралар қолданылмайды. Қаланың өртке қарсы және судан құтқару қызметтерiн техникалық жарақтау қажеттiлiгi туып отыр. Қаланың Т.Ж. жағдайында материалдық-техникалық, азық-түлiктiк заттық және медициналық резервтерiн құру мен нығайту мәселелерiн шешу жаңа көзқарастарды қажет етедi. Ғимараттардың көпшiлiгi апатты жағдайда. Меншiктiң санына қарамастан кәсiпорын, ұйым басшыларына, қала тұрғындарына "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сөзсiз орындалуы үшiн қажеттi талап қойылмайды, прокуратура органдарының осы заңды орындауды бақылау мүмкiндiктерi пайдаланылмайды. 
 

        Алматы қалалық Мәслихаты шешiм қабылдады: 
 

        1. Қала әкiмiнiң орынбасары, төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөнiндегi Алматы қалалық комиссиясының төрағасы Б.О.Сауранбаевтың "Қала халқын, қоршаған ортасы мен шаруашылық объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жағдайы және оны бұдан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" баяндамасы назарға алынсын. 
      2. "Алматы қаласында халықты, қоршаған орта мен шаруашылық объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғаудың сенiмдi жүйесi" бағдарламасын және "2000 жылға дейiнгi мерзiмде Алматы қаласының халқын, қоршаған ортасы мен шаруашылық объектiлерiн табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды жетiлдiру жөнiндегi негiзгi шаралар" атты ауқымды жоспар жасау мен жүзеге асыру жөнiндегi шаралар кешенi бекiтiлсiн, N 1, 2 қосымша. 
      Төтенше жағдайларды ескерту және жою жөнiндегi қалалық және аудандық комиссиялар оларды жүзеге асыру бойынша барлық қажеттi шараларды қабылдасын. 
      3. "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы"  Z960019_ , "Азаматтық қорғаныс туралы"  Z970100_ туралы Заңдардың 28 және "Авариялық-құтқарушылық қызметтер және құтқарушылар мәртебесi туралы"  Z970087_ Қазақстан Республикасы Заңдарының 15 бабына сәйкес 1998 жылғы қала бюджетiн құрастыру кезiнде төтенше жағдайларды ескерту мен жою және азаматтық қорғаныс бойынша шараларды қаржыландыру шығындарын жеке жолмен бөлiп көрсету қарастырылсын. 
      4. Төтенше жағдайлар жөнiндегi Алматы қалалық басқармасының қалалық бюджет құрамында төтенше жағдайларды ескерту мен жоюдың қоғамдық қорын құру туралы ұсынысына қолдау көрсетiлсiн. Қордың қаржылық көздерi ерiктi садақа, демеушiлiк пен басқа да заңды түсiмдер екендiгi назарға алынсын. Қоғамдық қор қаражатын жасақтау мақсатында төтенше жағдайларды ескерту және жою жөнiндегi комиссияға бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, осы қорды құрудың қажеттiлiгi туралы халық арасында түсiнiк жұмыстарын жүргiзу, ал меншiк нысанына қарамастан кәсiпорын мен ұйым басшыларына жыл сайын Азаматтық қорғаныстың бүкiл дүниежүзiлiк күнi - 1 наурызда осы қорға қызметкерлердiң бiр күндiк жалақысын аударып, еңбек шараларын өткiзу ұсынылсын. 
      5. Аудан әкiмдерi "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының ХIҮ бабына сәйкес 10 адамға шаққанда кемiнде бiр құтқарушы ұстау бойынша Азаматтық қорғаныстың аумақтық құрылымдарын құру жөнiнде қажеттi ұйымдық жұмыстарды жүргiзсiн. Олардың кәсiби дайындығына, техникамен жарақтануына және ұдайы дайындықта болуына бақылау орнатылсын. Жергiлiктi бюджеттер есебiнен 1997 жыл бойында 20 адам құрамында жедел әрекет отряды құрылып, жарақтандырылсын. 
      6. Қалалық бiлiм басқармасы /Г.Е.Есiмбаева/ жоғары оқу орындарының ректорлары "Тiршiлiк қауiпсiздiгi" курсын оқытудың сапасын түбегейлi жақсарту жөнiнде пәрмендi шаралар қабылдасын. Халықты оқытуды ұйымдастыруда төтенше жағдайларда адамдардың аман қалуының психологиялық қырларына, өзiн өзi ұстау және ТЖ-дан қорғанудың ережелерiне, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету әдiстерiне, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелерiне баса назар аударылсын. 
      АҚ және ТЖ бiлiмдерiн насихаттау мақсатында дәрiс, сұхбат өткiзу, радио мен теледидарларда сөйлеу, жадынама, буклет, листовка шығару кеңiнен пайдаланылсын. 
      7. Құрылыс, сәулет және аумақтарға құрылыс салу басқармасы /С.Қ. Баймағамбетов/ жер сiлкiнiсiне қарсы құрылыс, ғимараттарды, тұрақжайлар мен жаңаланған объектiлердi күшейту жөнiндегi нормалардың сақталуына қатаң бақылау орнатсын. "Қазселденқорғау" ҚР ҰҚ бiрлесе отырып /М.Т. Нұрланов/ өзен жиектерiндегi суды қорғау аймақтарының бұзылу жағдайларына тосқауыл қойсын. 
      8. Қала әкiмшiлiгi мемлекеттiк органдар жүйесiн реформалау және басқару аппараттарын қысқарту барысында босаған сейсмикалық төзiмдi ғимараттарды оқу орындарының, ауруханалардың, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң пайдаланылуы үшiн мүмкiндiктер қарастырылсын. 
      9. Өнеркәсiптегi және кенiштердегi жұмыстардың хауiпсiз жүргiзiлуiне бақылау, ТЖ ескерту және жою жөнiндегi қалалық мемлекеттiк инспекция /В.В.Оглов/ АҚТЖБ 1997 жылдың бойында кәсiпорындар, объектiлер технология мен өндiрiстiң техникалық қауiпсiздiгiне тексерiс, әбден тозған қондырғыларды техникалық жабдықтау, жаңалау, барлық хауiптi қопарғыш және өртке қарсы өндiрiстердi автоматты қауiпсiз приборлармен және авариядан қорғау құралдарымен қамтамасыз ету жөнiнде жұмыстарды орындайтын болсын. 1997 жылдан бастап өндiрiс объектiлерiнiң хауiпсiздiгiнiң декларациясын әзiрлеп, енгiзетiн болсын. 
      Қала әкiмшiлiгi тұрғын үйлердегi жергiлiктi газ тораптарын қамтамасыз ету жөнiндегi меншiктердi анықтау жөнiнде шаралар қабылдасын. 
      "Алматы Пауэр Консолидейтид" ЖАҚ халықты қорғаудың "Барьер" жүйесi бойынша жұмыстарды да аяқтасын. 
      10. Шаруашылық субъектiлер мен ұйымдардың басшылары, меншiктiң санына қарамастан, "Ғимараттар мен тұрақжайлардың сейсмикалық төзiмдiлiгiн күшейтудi, сейсмикалық төзiмдi құрылыстың сапасын көтерудi ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi Мемлекеттiк Комитетiнiң 1997 жылғы 15 мамырдағы қаулысына сәйкес көп адам жұмыс iстейтiн кәсiпорындар мен ұйымдарды, ыстық су - газ - энергия жабдықтау және байланыс объектiлерiн, өндiрiс ғимараттарын бiрiншi кезекте күшейтудi қамтамасыз етсiн, пәтер иелерi кооперативтерiнiң күштерiмен көп пәтерлi үйлердiң сейсмикалық төзiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырсын. 
      11. Денсаулық сақтау басқармасы /О.Д. Дайырбеков/, сауда басқармасы /Е.Қ. Уандықов/ "Мұнайавтоматика" АҚ /А.О. Мамыров/ автокөлiк құралдарының - жедел медициналық көмек автомашиналарының азық-түлiктiк, заттық, медициналық және басқа да ресурстардың мемлекеттiк резервiн құру, сондай-ақ оның iшiнде ұйымдар мен меншiктiң санына қарамастан олардың материалдық-техникалық ресурстарын төтенше жағдайды жою қорытындылары бойынша залалдарды өтеу кепiлдiгiмен жұмылдыру туралы шарт жасау негiзiнде пәрмендi шаралар қабылдансын. 
      12. Санитарлық-эпидемиологиялық басқарма /М.А. Хасанова/ төтенше жағдайлар салдарын жою кезiнде, сондай-ақ карантиндiк және басқа да қауiптi инфекциялардың пайда болуы мен таралуы жағдайында санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы жұмыстың тиiмдiлiгiн көрсетсiн. "Суканал" АҚӨБ /Ш.Ш. Шардарбеков/ және "Қазмеханобр" МҒӨБ ӨЭ /А.Н.Клец/ "таза су" бағдарламасын жүзеге асыру шегiнде таза су сапасын көтеру және осы мақсаттарға тазалағыштарды пайдалану бойынша нақты ұсыныстар әзiрлесiн. 
      "Қазмеханобр" МҒӨБ ӨЭ төтенше жағдайлар кезiнде су тазалау үшiн үш өндiрiстiк қондырғыны әзiрлеу үшiн 1998 жылға қаражат бөлудi қарастырсын. 
      1997 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн рұқсатсыз үйiндiлердi жабу жөнiнде шаралар қабылдау туралы СЭС, қала экология қызметтерi мiндеттелiп, бұл жөнiнде табиғат қорғау прокуратурасына ұсыныс жасалсын. 
      13. Ит ұстаушы клубтар басшылары үйiндi астында қалып, зардап шеккен адамдарды iздеу-құтқару жұмыстарына жарамды иттердi арнайы дайындықтан өткiзуге мiндеттелсiн. Құтқарушы иттер даярлауда тiркеу құжаттарының мiндеттi түрде болуы ескерiлсiн. 
      Қала әкiмшiлiгi АҚ ТЖБ бiрлесе отырып, жыл сайын осы жаттығу бойынша жарыстар өткiзiлсiн. 
      14. "Атом энергиясын пайдалану туралы"  Z970093_ Қазақстан 

  Республикасы Заңының 13-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан 

Республикасының Өкiметiне радиоактивтiк және улы қалдықтарды жинау 

жөнiндегi аймақтық орталықты құру қажеттiгi және республикалық бюджеттен 

осы мақсаттар үшiн қосымша қаражат бөлу туралы ұсыныс жасалсын. Қазақстан 

Республикасы Үкiметiне жазылған хат мәтiнi бекiтiлсiн, берiлiп отыр.

     15. Осы шешiмнiң орындалуын қадағалау экология және қоршаған ортаны 

қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсiн /А.Н. 

Клец/ және оның орындалу барысы 1998 жылдың бiрiншi жартыжылдығында 

қарастырылсын.

       I сайланған Алматы қалалық

     Мәслихатының ХIҮ сессиясының

     төрағасы

       I сайланған Алматы қалалық

     Мәслихатының хатшысы

                                   Қазақстан Республикасының

                                    Премьер-Министрi Ә.М. Қажыгелдинге
 

                         Құрметтi Әкежан Мағжанұлы! 
 

        Алматы қалалық мәслихатының ХIҮ сессиясы "Алматы қаласының халқын, қоршаған ортасы мен шаруашылық объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғаудың жағдайы және оны бұдан әрi жетiлдiрудiң шаралары туралы" мәселенi қарады. 
      Қала және аудандар басқару органдарының ТЖ және АҚ құрамаларының, авариялық-техникалық және медициналық қызметтердiң тұрақты дайындықта ұстау бағытындағы қызметi атап өтiлдi. Тосын жағдайлардағы iс-әрекеттерге әзiрлiктi көтеретiн оқулар тұрақты өтедi. Халықты үйретуге, болжанған және туындаған төтенше жағдайлар, оларды ескерту мен жою жөнiндегi қабылданған шаралар туралы олардың хабардар етiлуiне баса назар аударылуда. 
      Қаланың өкiлдi және атқарушы органдарына жүктелген мiндеттер жалпы орындалуда, алайда, төтенше жағдайларды ескерту мен жоюдың Мемлекеттiк жүйесiнде елеулi кемшiлiктер бар, олардың шешiлуi қала әкiмшiлiгiне байланысты емес. 
      "Алматы қаласында, Алматы және Талдықорған облыстарындағы ықтимал жер сiлкiнiсiнен болған залалды төмендету және оның салдарын жою жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1994 жылғы 10 желтоқсандағы N 1490 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысында қарастырылған 150 млн. теңгенiң бөлiнбеуiнен 54 мектептiң, 68 бала-бақшасының және 29 аурухананың жер сiлкiнiсiне қарсы қабiлетiн күшейту жөнiндегi жұмыстары тоқтады. Көптеген тұрғын үй, қала мекемелерi мен ұйымдарының ғимараттарының жағдайы да осындай. Сондай-ақ сейсмологиялық бақылаулар мен жер сiлкiнiсiн болжау жүйесiне ақша бөлiнбейдi, соның нәтижесiнде сейсмостанцияларды жабдықтау мен олардың желiлерiн дамытуға қаражат бөлiнбейдi. Республикалық және қала бюджеттерiнен қаржы түспеуi салдарынан "Алтеба" АҚТК 23,4 млн. теңге қарыз болып, байланыс құралдары мен халыққа хабарлау құралдары тоқтау шегiнде тұр. Қаланың өртке қарсы қызметтерi де осы себеппен жанар-жағармай материалдарымен тек 10% қамтамасыз етiлген, ал тозған техника мен қондырғы 60 проценттен асады. Қалаға 1990 жылдан бастап жеке қорғаныс құралдары, химиялық барлау мен дизометрлiк бақылау приборлары келмейдi. Метқызметкерлер құрамаларының метжабдықтармен қамсыздандырылуы тиiстi деңгейдiң 50 проценттейiн ғана құрайды. АҚ және ТЖ құрамаларының қажеттi қондырғыларымен және механизмдермен жабдықтауға қаражат жоқ. 
      Министрлер Кабинетiнiң қаулысымен қарастырылатын орталықтандырылған Алматы қаласының экологиялық ахуалын сауықтыруға арналған күрделi қаражаттың жоқтығы улы және радиоактивтi қалдықтардың ретсiз үйiндiлерiнiң пайда болуына алып келдi. Осыған байланысты радиоактивтi көздердi жинаудың аймақтық орталығын құру және Алматы қаласы үшiн улы заттар қоймасын жасауға қаражат бөлу қажеттiгi көкейкестi мәселеге айналды. 
      "Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар туралы", "Азаматтық қорғаныс туралы", "Авариялық құтқару қызметтерi және құтқарушылар мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының толық көлемде iске асуына осы себептi объективтi қиыншылықтар туындауда. 
      Қатты жер сiлкiнiсi салдарынан Қытайда, Жапонияда, Россияда, Иранда соңғы жылдары болған қайғылы оқиғалар бiздердi, Мәслихат депутаттарын халықты қорғау мәселесiне жауапкершiлiкпен қарауға мiндеттейдi. Бұл мәселе бiздiң аймақтағы жер сiлкiнiсiнiң 100 жылдық айналасын және республиканың бүкiл халқының 10 процентiнiң қалада тұратындығын ескерсек, Алматы үшiн маңызы ерекше. Бұған БОО Бас Ассамблеясының 1989 жылғы 22 желтоқсандағы 90 жылдарды стихиялық апаттар қаупiн азайту жөнiндегi Халықаралық 10 жылдығы деп жариялауы да бағыттайды. 
      Алматы қалалық Мәслихатының депутаттары Сiзге, құрметтi Әкежан Мағжанұлы үндеу жолдай отыра осы мәселелердi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң оң шешетiндiгiне сенiм бiлдiредi. 

                                1997 жылғы 23 мамырда I сайланған

                                 Алматы қалалық Мәслихатының ХIҮ

                                 сессиясында қабылданды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады