Авторлық құқық және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға иелік құқығын мемлекеттік тіркеудің Ережелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрінің 1998 жылғы 31 тамыздағы N 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 15 қазанда тіркелді. Тіркеу N 622. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 145 ~V021988 бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Z980213_ Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабы 3-бөлігіндегі 3-тармақта берілген өкілеттіктерге сәйкес бұйырамын:
      1. Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға

құқықтарды мемлекеттік тіркеу Ережелері бекітілсін (қоса берілген).
     2. Авторлық құқықтар жөніндегі агенттіктің қызметіне жетекшілік 
ететін Вице министр, Агенттік директоры:
     - Ережелерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
белгіленген тәртіпте тіркеуді жүзеге асырсын;
     - тіркелген Ережелерді барлық мүдделі шығармашылық қызметкерлерге, 
олардың ерікті қоғамдық бірлестіктері мен одақтарына, министрліктер мен 
ведомстволарға дейін жеткізсін;
     - авторлық құқық және сабақтас құқықтардың объектілерін тіркеу 
жөніндегі қызметті ұйымдастыру кезінде осы Ережелерді қатаң басшылыққа 
алсын.
     3. Бақылау жасау Вице-министр Е.Ә.Әбітаевқа жүктелсін.
 
     Министр
     
     
               Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен
           қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу
                               Ереже
     


      1. Қазақстан Республикасы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Z960006_ Заңының 9-шы бабына сәйкес ғылым, әдебиет және өнер туындыларының мемлекеттік тіркеуін Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі агенттігі жүргізеді.
      2. Мемлекеттік тіркеудің мақсаты жарияланған немесе жарияланбаған

туындылардың авторлығына куәлік ету, туындының жарияланғанын дәлелдеп, 
оның уақытын көрсету, немесе Заңның 9-шы бабына сәйкес туынды авторының 
иелік құқығына қатысты шарттарды растау.
     3. Қазақстан Республикасы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар 
туралы" Заңының 7,9 баптарына сәйкес:
     1) әдеби туындылар;
     2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
     3) сахналық шығармалар;
     4) хореография және пантомима шығармалары;
     5) мәтінмен немесе мәтінсіз музыкалық шығармалары;
     6) аудиовизуалдық шығармалар (кино-, теле- және бейнефильмдер, 
диафильмдер мен басқа кино және телешығармалары);
     7) мүсін, сұңғат, графика және бейнелеу өнерінің басқа туындылары;
     8) қол өнерінің туындылары;
     9) сәулет өнері, қала құрылысы және бақ-саябақ өнерінің туындылары;
     10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас тәсілдермен жасалған 
туындылар;
     11) география, топография және басқа ғылымдарға жататын карталар, 
жоспарлар, эскиздер, иллюстрациялар мен үш өлшемді туындылар;
     12) ЭЕМ-ға арналған бағдарламалар;
     13) Фонограммалар;
     14) Басқа да туындыларға иелік құқығы мемлекеттік тіркеуге 
қабылданады.
     
     Бұдан басқа мемлекеттік тіркеуге:
     


      1) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, мазмұндамалар, рефераттар, қорытындылар, шолулар, сахна көріністері, музыкамен көркемдеу, ғылым, әдебиет және өнер туындыларының басқа өңдеулері);
      2) Жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, мәліметтер қоры) мен материалдарды сұрыптап орналастыру арқылы шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын басқа да құрылымды туындылар.
      4. Тіркеу туынды авторының тікелей өзі, немесе оның өкілі арқылы, сондай-ақ, туынды авторы мен жасалған авторлық шарттың негізінде барлық мүліктік құқықтардың иегерімен берілген өтініштің негізінде жасалады.
      5. Тіркеуге өтінішпен бірге келесі құжаттар беріледі:
      1) әдеби, драмалық, сахна туындыларын тіркегенде:
      а) туындыны тіркеу үшін автордың немесе авторлардың тегі, аты-жөні, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері, туындының атауы, нысаны немесе жанры, оның түпнұсқалық дәрежесі көрсетілген өтініш (түпнұсқалық немесе туынды);
      егер шығарма туындылық болса, онда пайдаланған шығарма авторының тегі, аты-жөні көрсетілуге тиіс (аударма, өңдеу, түсініктеме, реферат, қорытынды, шолу, бейімдеу); егер өтінішті шығарманың құқық иегері берсе, қосымша оның тегі, аты-жөні, төлқұжат мәліметтері, тұратын мекені немесе оның атауы, тұрған орны көрсетіледі;
      ә) шығарманың түпнұсқасы мен көшiрмесi;
      б) тiркеу төлемiн растайтын құжат.
      2) музыкалық және музыкалық-драмалық туындылар тіркегенде:
      а) туындыны тіркеу үшін автордың немесе авторлардың тегі, аты-жөні, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері, туындының атауы, нысаны немесе жанры, оның түпнұсқалық дәрежесі көрсетілген өтініш;
      егер шығарма туындылық болса, онда пайдаланған шығарма авторының тегі, аты-жөні көрсетілуге тиіс (өңдеу, аранжировка);
      егер өтінішті шығарманың құқық иегері берсе, қосымша оның тегі, аты- жөні, төл-құжат мәліметтері, тұратын мекені немесе оның атауы, тұрған орны көрсетіледі;
      ә) туынды жазылған аудиотаспаны, туындының мәтінін, ноталарын немесе партитурасын (мәтіні бар музыкалық шығарма);
      туынды жазылған аудиотаспаны, туындының нотасы немесе партитурасы (мәтінсіз музыкалық шығарма).
      б) тіркеу төлемін растайтын құжат.
      Жеке авторлықта жасалған туындылар (мәтіні бір автордікі, әні басқанікі) екі автордың атынан жеке де, бірге де тіркелуі мүмкін, егер осы өтінішті қосалқы авторлардың барлығы берсе.
      3) сәулет өнері, қала құрылысы, мүсін, сұңғат, графика, сол сияқты бейнелеу, бақ-саябақ және сәндік қолданбалы туындылары тіркелгенде:
      а) автордың немесе авторлардың тегі, аты-жөні, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері, туындының атауы, нысаны, түпнұсқалық дәрежесі көрсетілген тіркеу үшін берілген өтініш, шығарма туындылық болған жағдайда пайдаланған туынды авторының тегі, аты-жөні, әкесінің аты көрсетілуге тиіс;
      егер өтінішті туындының құқық иегері берген болса, қосымша оның да тегі, аты-жөні, әкесінің аты немесе атауы беріледі;
      ә) туындының эскиздері, сызба, сурет немесе туындының фотография түрінде бейнеленгені;
      б) туындының егжей-тегжейлі суреттелуі;
      в) тіркеу төлемін растайтын құжат.
      4) Фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас тәсілдермен жасалған, сол сияқты карталар, жоспарлар, эскиздер, иллюстрациялар және география, топография мен басқа ғылымдарға жататын үш өлшемді туындылар тіркелгенде:
      а) автордың немесе авторлардың тегі, аты-жөні, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері, туындының атауы, нысаны, немесе орындалған жанры, түпнұсқалық дәрежесі көрсетілген туындыны тіркеу үшін берілген өтініш;
      егер шығарма туындылық болса, онда пайдаланған туынды авторының тегі, аты-жөні, әкесінің аты да көрсетіледі;
      егер өтінішті туындының құқық иегері берсе, қосымша оның тегі, аты-жөні, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері, мекені немесе атауы, тұрған орны көрсетіледі;
      ә) туындының түпнұсқасы;
      б) тiркеу төлемiн растайтын құжат.
      5) ЭЕМ-ға арналған бағдарламалар, мәліметтер қоры тіркелгенде:
      а) автор немесе авторлардың тегі, аты-жөні, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері, мекені туындының атауы көрсетілген тіркеу үшін берілген өтініш.
      Егер өтінімді туындының құқық иегері, берсе, қосымша тегі, аты-жөні, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері немесе оның мекені, тұратын орны да көрсетіледі;
      ә) ЭЕМ-ға арналған бағдарлама, мәлімет қорының тасушысы, (дискета, т.б.);
      б) ЭЕМ немесе мәліметтер қорына арналған ЭЕМ-ға арналған бағдарламаның атауы, мәліметтер қоры, өтініш берушінің атауы (тегі, аты-жөні, әкесінің аты), жасалған уақыты, қолдану саласы, мақсаты, қызмет мүмкіндігі, негізгі техникалық мінездемелері, бағдарламалау тілі, іске асыратын ЭЕМ-ның түрі көрсетіліп енгізілген бағдарлама рефераты;
      в) тіркеу төлемін растайтын құжат.
      Құрамына бірнеше бағдарлама енген ЭЕМ-ға арналған бағдарламалар тұтас тіркелуге тиіс.
      6) Фонограммалар тіркелгенде:
      а) тіркеуге берілген құқық иегерінің заңды реквизиттері немесе тегі, аты-жөні, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері, мекені көрсетілген өтініші;
      ә) фонограмманы (аудиотаспаны және т.б.);
      б) фонограмманың тізімдемесі (өтініш берушінің атауы немесе тегі, аты- жөні, әкесінің аты, жасалған уақыты, дыбыс беру мерзімінің ұзақтығы, мазмұны және т.б.);
      в) тіркеу төлемін растайтын құжат.
      6. Қолда бар қажетті құжаттарды тексеріп, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында және куәлікті даярлау үшін өкілетті орган мемлекеттік тіркеуге берілген өтінішті 20 күндік мерзімде қарайды.
      7. Мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну тәртібі:
      1) туындының түпнұсқасы және көшірмесіне автордың қолы қойылып, дұрыс

тігіліп, беттері нөмірленуге тиіс;
     2) өтінішке қосымша құжаттар папкаға салынып тапсырылады.
     8. Тіркеу туралы куәлікті беру үшін куәлік бланкісінің құны 
ұсталынып, авторлық құқық және сабақтас құқықтар нысандар мемлекеттік 
тіркеуге алғанда белгіленген төлемақы:
     1) Жеке тұлғаларға тіркеу кезіндегі 4 айлық есеп көрсеткіші өлшемінде 
алынады;
     2) Заңды тұлғаларға тіркеу кезіндегі 8 айлық есеп көрсеткіші 
өлшемінде алынады.
     
     
     Басқан: оператор Багарова Ж.А.
     
     Оқығандар:     
          Багарова Ж.А.
          Икебаева А.Ж.
     
     
     
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады