Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік құжат нысандарының альбомын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 3 ақпанда N 677 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.02.24 № 95 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитетінің 2000 жылғы 18 қыркүйектегі N 405   бұйрығымен

      Бұйырамын: 
      Қосымша беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік құжат нысандарының альбомы бекітілсін. 

       Директор 

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрлігі     
Қазынашылық департаментінің
1998 жылғы 1 желтоқсандағы 
N 548 бұйрығымен     
Бекітілді       

    Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын 
мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік нысандардың
Альбомы

      Ескерту: N 6, 7 Мемориалдық ордер Әртүрлі ұйымдармен есептесу жөніндегі жинақтаушы ведомость N 408 нысан" және 6 бөлімнің N 408 нысан "Есеп айырысулар" бөлімшесінің атауынан басқа, мәтіні мен нысандарындағы "бюджеттік ұйымдар," "ұйымдар" деген сөздер тиісті септіктерде "мемлекеттік мекемелер" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитетінің 2000 жылғы 18 қыркүйектегі N 405   бұйрығымен .       

  1-бөлiм
Активтер
Активтердi қабылдау-беру
(орын алмастыру) актiлерi
N ОС-1-нысан

       Ескерту: 1-бөлімге өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Төрайымының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 50   бұйрығымен .

      Акт активтердi қабылдау-беру (орын алмастыру) үшiн қабылданады. Активтердi қабылдау-беру (орын алмастыру) әрбiр жеке объект (зат, комплект) үшiн жасалады. Бiр үлгiдегi және құны бiрдей машиналарды, аппаратураларды, приборларды, шаруашылық құралдары және жабдықтар үшiн бiрнеше объектiлердi (заттарды) қабылдауға арналған жалпы акт жасауға рұқсат етiледi. 
      Актив объектiлерiн (заттарын) қабылдау үшiн мемлекеттік мекеменің жетекшiсiнің өкiмiмен (бұйрығымен) комиссия құрылады. Мемлекеттік мекеме жетекшiсiнің актiсiмен бекiтiледi. Акт ресiмделгеннен кейiн бухгалтерлiк қызметке берiледi. Актiге осы объектiге (заттарға) қатысты техникалық құжаттар қоса берiледi. Осы құжаттар негiзiнде бухгалтерлiк қызмет объектiге түгендеу нөмiрiн бередi және есеп тiркелiмiнде тиiстi жазба жасалады.
      Тiкелей бастапқы құжат негiзiнде (шот-фактурлар және т.б.) негізiнде жекелеген заттарды қабылдауды ресiмдеуге рұқсат етiледi. 
      Материалдық жауапты адам бастапқы құжаттарда объектiлердi (заттарды) жауапты сақтауға қабылдау жазбасынан басқа түскенi туралы, оларды активтердің түгендеу тiзiмiне (олардың орналасу, пайдалану жерлерi бойынша) түгендеу нөмiрi көрсетiле отырып жазғандығы туралы белгi жасауы тиiс.     

  Мемлекеттік мекемелердегі активтердi
есептен шығаруға арналған акт
N ОС-3 бюдж. нысан

      Акт мемлекеттік мекемелердегі активтердің жекелеген объектiлерiн есептен шығаруды ресiмдеу үшiн қолданылады. 
      Есептен шығаруға арналған активтерде актив объектiлерiн сипаттайтын мынадай деректер көрсетiледi: объектiнің жасалу немесе құрылысы салынған (құрылысы аяқталған) жылы, оның мемлекеттік мекемеге түскен күнi, пайдалануға енгізiлу уақыты, объектiнің бастапқы құны, бухгалтерлiк есеп бойынша есептелген тозу сомасы, жүргізiлген күрделi жөндеу саны. 
      Активтер объектiлерiнің шығу себептерi тиянақты көрсетiледi, негiзгi бөлiктердің, тетiктердің, желiлердің, конструктивтiк элементтердің техникалық сипаттамасы берiледi. 
      Активтердi есептен шығаруға арналған актiлердi комиссия әзiрлейдi және мемлекеттік мекемелердің басшылары бекiтедi. Актiнің данасы бухгалтерлiк қызметке есепте активтердi есептен шығару үшiн берiледi, екiншi данасы материалдық-жауапты адамда қалады және қоймаға активтердi жоюдан алынған жарамды желiлер мен тетiктердi, сынықтарды, қалдықтарды және т.б. тапсыру үшiн негiз болады. 
      Активтердi бөлшектеу және бұзу есептен шығару актiлерiн бекiткенге дейiн рұқсат етiлмейдi.
      "Келісілді" белгісі мемлекеттік мекемелер мүлкін есептен шығаруға арналған актілер мемлекеттік басқару органдарымен келісілген жағдайда толтырылады.
 

          Автокөлiк құралдарын есептен шығаруға арналған акт 
N OC-4 нысан 

      Бұл нысан автокөлiк құралдарын шығаруда ресiмдеу үшiн қолданылады. 
      Есептен шығаруға арналған актiлерде активтердiң актiлерiн сипаттайтын мынадай деректер көрсетiледi: автокөлiк құралдарының жасалған жылы, мемлекеттік мекемеге түскен күнi, пайдалануға енгiзiлген уақыты, объектiнiң бастапқы құны, осы бухгалтерлiк есеп бойынша есептелген тозу сомасы, жүргiзiлген күрделi жөндеулердiң саны, автомобильдердiң жүруi. 
      Активтердiң объектiлерінің шығарылу себептерi тиянақты көрсетiледi, негiзгi бөлшектердiң, тетiктердiң, желiлердiң, конструктивтiк элементтердің техникалық сипаттамасы берiледi. 
      Автокөлiк құралдарын есептен шығаруға арналған актіні комиссия әзiрлейдi және мемлекеттік мекеменің басшысы бекiтедi. 
      Активтердi есептен шығаруға арналған актiлердi комиссия әзiрлейдi және мемлекеттік мекемелердің басшылары бекiтедi. Актiнiң данасы бухгалтерлiк қызметке есепте активтердi есептен шығару үшiн берiледi, екiншi данасы материалдық-жауапты адамда қалады және қоймаға активтердi жоюдан алынған жарамды желiлер мен тетiктердi, сынықтарды, қалдықтарды және т.б. тапсыру үшiн негiз болады. 
      Активтердi бөлшектеу және бұзу есептен шығару актiлерiн бекiткенге дейiн рұқсат етiлмейдi.
      "Келісілді" белгісі мемлекеттік мекемелер мүлкін есептен шығаруға арналған актілер мемлекеттік басқару органдарымен келісілген жағдайда толтырылады. 

  Мемлекеттік мекемелердегі активтердi есепке
алудың түгендеу карточкасы
N ОС-6-нысан

      Түгендеу карточкасы үйлерге, ғимараттарға және беру қондырғыларына, машиналарға және жабдықтарға, өндiрiстiк (жабдықтарды қоса) және шаруашылық құралдарының, көлiк құралдарының және т.б. құрал-жабдықтарына арналған. 
      Карточкадағы жазбалар алғашқы құжаттар: пайдалануға енгiзу туралы қабылдау актiлерi, әзiрлеушi заводтардың техникалық құжаттары және басқа құжаттар негiзiнде жүргiзiледi. Карточкада объектiлердiң (заттардың) өздерiне тән ерекшелiктерi: сызбасы, үлгiсi, түрi, маркасы, заводтық нөмiрi, шығарылу (жасалу) күнi, активтердi пайдалануға енгiзу актiсiнiң күнi және нөмiрi көрсетiледi. 
      Түгендеу карточкасында жылдық тозу сомасы теңгемен, жылдық тозу шифрi және тозу соңғы рет есептелген жылы жазылады. 
      "Объектiнiң қысқаша жеке сипаттамасы" бөлiмiнде негiзгi объектiнiң сондай-ақ оған жататын маңызды құрылыстардың, қондырғылардың және жабдықтардың тек негiзгi сапалық және сандық көрсеткiштерi ғана жазылады. Егер жабдықтардың, құралдардың, есептеу техникаларының және т.б. құрамында қымбат бағалы металдар бар болса, онда құрамында қымбат бағалы металдар бар тетiктердiң тiзбесi, тетiктердiң атауы және техникалық құжатта көрсетiлген металдың салмағы көрсетiледi. 
      Егер объект сипаттамасының сапалық және сандық көрсеткiштерi қайта құру, қосымша құрылыс салу және қосымша жабдықтау нәтижесiнде айтарлықтай өзгерсе, онда ол бойынша есепке алынған бұрынғы түгендеу карточкасын (қосымша жабдықталған немесе қайта құрылған объектiлердi тұтастай алғанда сипаттайтын ондағы барлық көрсеткiштердi көрсету қиын болған жағдайда) жаңасымен ауыстыруға рұқсат етiледi. Бұрынғы түгендеу карточкасы анықтамалық құжат ретiнде (карточканы ауыстыру туралы мiндеттi түрде белгi соға отырып) сақталады. 

  Мемлекеттік мекемелердегі активтердi
есепке алудың түгендеу карточкасы
(жануарлар және көп жылдық екпелер үшін)
N ОС-8-нысан 

      Түгендеу карточкасы жұмысшының, өнiмдi және асыл тұқымды малдың жеке есебi үшiн, сондай-ақ жердi (құрылыс салынбаған) жақсарту бойынша көп жылғы және күрделi шығындар үшiн қолданылады. 
      Түгендеу карточкасы жануарлардың топтық есебi үшiн де қолданылуы мүмкiн. 
      Жануарлардың қысқаша жеке сипаттамасы, олардың толық сипаттамасы тиiстi зоотехникалық құжаттамада толық көрсетiлгендiктен, карточкада көрсетiлген негiзгi көрсеткiштермен шектеледi. 
      Көп жылғы екпелер түгендеу объектiсi бойынша тұқымы, егiлген түптердiң саны және алаңы көрсетiлiп ескерiледi. Жерлердi жақсарту бойынша күрделi шығындардың есебi мынадай шаралар кескiнiнде жүргiзiледi: жер учаскелерiн жоспарлау, егiн егiлетiн алаңдарды өңдеу арам шөптерден тазарту, алып отырған алаңдарын көрсете отырып су қоймаларын тазалау және әр шаралар бойынша орындалған жұмыстардың құны. 
      Түгендеу карточкасында жылдық тозу сомасы теңгемен, жылдық тозу шифрi және тозу соңғы рет есептелген жылы жазылады. Бұл ретте өнiмдi мал, буйвол, қашыр, жануарлар әлемiнiң экспонаттары (хайуанаттар паркiнде және басқа ұқсас мекемелерде) бойынша, сондай-ақ пайдалану жасына жетпеген көп жылдық екпелер бойынша тозу анықталмайтындығын назарға алу керек.

  Мемлекеттік мекемелердегі активтердiң
топтық түгендеу карточкасы
N ОС-9-нысан 

      Түгендеу карточкасы бiрдей өндiрiстiк-шаруашылық мақсаттары, техникалық сипаттамалары және құны бар және бiр материалдық-жауапты адамның сақтауындағы активтердiң бiр үлгiдегi объектілердiң топтық есептемесi үшiн қолданылады. Активтердiң топтық есебi карточкаларында бiр үлгiдегi құралдар, станоктар, өндiрiстiк және шаруашылық жабдықтар, ас үй және асхана жабдықтары, кiтапхана қоры, сахналық-қойылымдық құралдары және т.б. Бұл карточкалардағы жазбалар әр зат (комплект) бойынша түгендеу нөмiрi, сомасы көрсетiлiп жүргiзiледi. Көпшiлiк қолданатын жабдықтар (парталар, құралдар және т.б.) саны және түгендеу нөмiрi көрсетiлiп, жалпы сомамен жазуға болады. 
      Сахналық-қойылымдық құралдар үшiн бiр атаудағы, көлемдерi, материалдың сапасы мен бағасы бойынша жақын, бiр атаудағы заттарды, номенклатуралық нөмiрiн көрсете отырып материалдық-жауапты адамдарға ашылады. Кiтапхана қорының есебi үшiн бiр карточка ашылады, ондағы есеп тек жалпы сомадағы ақша түрiнде жүргiзiледi. 

  Активтердiң есебi бойынша
түгендеу карточкаларының тiзiмi
N ОС-10-нысан 

      Тiзiм активтердi талдау есебi кезiнде ресiмделетiн түгендеу карточкаларын тiркеу үшiн қолданылады. Тiзiм бiр данада түгендеу карточкаларының сақталуына бақылау жасау мақсатында бухгалтерлiк қызмет жасайды. 
      Жазбалар активтер топтарының кескiнiнде, карточкалардың ашылу жылы көрсетiле отырып жүргiзiледi. Нөмiрлеу әр топ бойынша 1-нөмiрден бастап жүргiзiледi. Орталықтанған бухгалтерияларда тiзiм әрбiр қызмет көрсетiлетiн бюджеттегi тәртiппен жүргiзiледi. 
      Активтердiң шығарылған және орын алмастырылған кезiнде тiзiмнiң "Ескерту" бағанында мемориалдық ордердiң күнi (күнi, айы, жылы) және нөмiрi көрсетiледi. 

  Активтердiң түгендеу тiзімi
N ОС-13-нысан

      Түгендеу тiзiмi активтер объектілерiнiң (заттардың) орналасқан (пайдалану) жерлерiнде әр объектiлiк есеп үшiн әрбiр материалдық-жауапты адам бойынша қолданылады.
      Активтердiң олардың орналасқан (пайдалану) жерлерi бойынша әр  объектiлiк деректерi активтер есебiнiң түгендеу карточкаларындағы бухгалтерлiк қызмет жасаған жазбалармен сәйкес болуы тиiс.

  N 01 "Активтер" шоты бойынша айналымдық ведомость
N 326-нысан

      Айналымдық ведомость тоқсан сайын, ал механикаландырылған есеп жағдайында ай сайын жасалады, айналымдық ведомостағы активтердiң қалдықтары "Бас журнал" кiтабындағы қалдықтармен мiндеттi түрде салыстырылуы тиiс.     

  Активтердiң шығарылуы және орын
алмастырылуы бойынша жинақтаушы ведомость
N 9 мемориалдық ордер
N 438-нысан

     Жинақтаушы ведомость активтер объектiлерiнiң (заттардың) шығарылатын және орын алмастыратын басқа материалдық-жауапты адамдарының есебi үшiн қолданылады. Жазбалар әр құжат (N ОС-4-н., 434, 443, 444 және т.б.) бойынша жүргiзiледi. Активтердiң шығарылған объектiлерi бойынша тозудың есептелген сомасы N 02 қосалқы шот дебетiне жазылады. 
      Ай аяқталғанда жинақтаушы ведомостың барлық бағандары бойынша қорытындылары есептеледi, бұл орайда "Жиыны" бағанына қосалқы шот дебетi бойынша жазбаларының сомаларына теңестiрiлетiн шығарылған және орын алмастырылған активтердiң сомалары жазылады, ордерге құрастырушы және бас бухгалтер немесе өкiлеттi адам қол қояды, деректер одан кейiн "Бас журнал" кiтабына енгiзiледi. Бiр мезгiлде түгендеу карточкаларында тиiстi жазба жасалады, ол картотекадан алынып, анықтама құжат ретiнде сақталады. 

  Төсенiшті, төсек-орын жабдықтарын, киiмдер мен
аяқ киiмдердi, құралдарды, өндiрiстiк
және шаруашылық құрал-саймандарын баланстан
есептен шығаруға арналған акт 
N 443-нысан 

      Акт екi данада жасалады. Бiрiншi данасы бухгалтерлiк қызметке беріледi, екiншiсi материалдық жауапты адамда қалады. N 443 нысанының актiсi актив заттарын: материалдың көлемi, сапасы және бағасы жағынан жақын заттардың әрбiр атауы бойынша топтық түгендеу нөмiрi берiлетiн құралдарды, өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандарын есептен шығаруды ресiмдеу үшiн қолданылады. 
      Тозған және жарамсыз төсенішті, төсек-орын жабдықтарын, киімдер мен аяқ киімдерді есептен шығару бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік мекеменің басшысы бекіткен есептен шығаруға арналған акт N 443 нысан негізінде өздерінің жүйелері үшін бекіткен қызмет мерзімдерін есепке ала отырып жүргізіледі.
      "Келісілді" белгісі мемлекеттік мекемелер мүлкін есептен шығаруға арналған актілер мемлекеттік басқару органдарымен келісілген жағдайда толтырылады. 

  Мемлекеттік мекемелерде кiтапханадан
шығарылған әдебиеттердi есептен шығаруға арналған акт 
N 444 

      Акт кiтап қоры тiзiмi негiзiнде екi данада жасалады. Тiзiм кiтап қорын және ескiрген басылымдарды ашу және кiтапханалар мен кітап саудасы жүйесінен шығаруға жататын кітаптардың жиынтық тізімі бойынша кезекті қарау кезінде жасалады. 
      Жекелеген тізім тозуға ұшыраған (кітаптардың тозуы, қалпына келтірілуі мүмкін емес беттердің жоғалуы және т.б.) әдебиеттер бойынша жеке тізім жасалады. Актінің бірінші данасы тізімге қоса бухгалтерлік қызметке беріледі, ал екіншісі материалдық-жауапты адамда қалады. 
      Әдебиеттерді баланстан шығару бюджеттік мемлекеттік мекеменің басшысы бекіткен акт негізде жүргізіледі және ресімделеді.
      "Келісілді" белгісі мемлекеттік мекемелер мүлкін есептен шығаруға арналған актілер мемлекеттік басқару органдарымен келісілген жағдайда толтырылады. 

  Материалдық емес активтерді қабылдау-беру актісі
N НОС-1-нысан 

      Материалдық емес активтердің объектілерін қабылдау-беруді ресімдеу үшін қолданылады. Актіде материалдық емес активтер түрлерінің дәл атауы, мемлекеттік мекемелерге оларды беру күні, объектілердің сипаттамасы, оның бастапқы құны, тозу нормасы және басқа қажетті деректері көрсетілуі тиіс. 
      Материалдық емес объектілерді қабылдауды ресімдеу кезінде материалдық емес активтердің әрбір объектісі үшін бір данада акт жасалады. Бір үлгідегі бірнеше материалдық емес активтерді қабылдауды ресімдеуге жалпы акт жасауға рұқсат етіледі. Ұсынылған материалдық емес активтер объектілерінің өзі хатталатын құжаттарды немесе оның пайдалану тәртібін немесе осы объектіге қатысты мемлекеттік мекемелердің басқа мемлекеттік мекемелік құрылымдарының құқықтарын немесе басқа құқықтарын растайтын құжаттар ресімделгеннен кейін бухгалтерлік қызметке беріледі, бас бухгалтер немесе өкілдік берген адам қол қояды және бюджеттік мемлекеттік мекеменің басшысы қол қояды. 
      Материалдық емес активтерді басқа мемлекеттік мекемеге беру (сату, қайтарымсыз беру) кезінде материалдық емес активтерді беретін және қабылдайтын мемлекеттік мекемелер үшін екі данада жасалады. 

  Материалдық емес активтердің түгендеу
есеп карточкасы
N НОС-6-нысан 

      Ұйымға түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерінің есебі үшін қабылданады. Түгендеу карточкасын бухгалтерлік қызмет материалдық емес активтердің әрбір жеке объектілері үшін түгендеу карточкасы ашылады. 
      Нысан мемлекеттік мекемелердің материалдық емес активтердің объектілерін алған фактісін растайтын құжат "материалдық емес активтерді қабылдау-беру актісі", техникалық және басқа құжаттар негізінде бір данада толтырылады. 
      Басқа мемлекеттік мекемелерге беру кезінде материалдық емес активтердің шыққаны туралы белгі үшін "Материалдық емес активтерді қабылдау-беру актісі" негіз болып табылады. 

                                       N ОС-1-нысан
                           Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 
    ______________________     Қазынашылық департаменті бекіткен
   Мемлекеттік мекеменің атауы        1.12.1998 ж. N 548

                                             Бекітемін:
                                    ____________________________
                                         басшының қолы 

                                    "___" _____________ ____ жыл

     Активтерді
     қабылдау-беру (орын ауыстыру) 
     Актісі 

__________________________________________
Құжат |Жасалған| Операция |Бөлім, бөлімше|
|нөмірі| күні   | түрінің  |   коды       |
       |        |  коды    |              |
______|________|__________|______________|
__________________________________|______|_________________________________
|Түген-|Завод-|    Дебет          |    Кредит         |Бас |Тозу  |Тозу
| деу  | тық  |_______________    |__________________ |тап |норм  |_____
|нөмірі|нөмірі|бөлім,|шот,|талдау |бөлім,|шот, |талдау|қы  |шифрі |норм
|      |      |бөлім-|қос-| есеп  |бөлім-|қос- |есеп  |    |      |____
|      |      |  ше  |алқы| коды  | ше   |алқы | коды |    |      |     
|      |      |      |шот |       |      |шот  |      |    |      |     
|______|______|______|____|_______|______|_____|______|____|______|_____
|  1   |   2  |   3  |  4 |   5   |   6  |  7  |   8  | 9  |  10  |   11
|______|______|______|____|_______|______|_____|______|____|______|_____
|      |      |      |    |       |      |     |      |    |      |     
|______|______|______|____|_______|______|_____|______|____|______|_____ 

Комиссия мына құрамда 
______________________________________________________
                     қызметі аты-тегі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Өкім (бұйрық) негізінде <