Байланыс формасы

Қостанай ауданының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Қостанай облыстық мәслихаты мен облыс әкiмiнiң (он алтыншы сессия) 1998 жылғы 28 тамыздағы шешімі Қостанай облысының әділет басқармасында 1999 жылғы 23 наурызда N 65 тіркелген

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі кіріспесінде және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селоларының", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдарының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қостанай аудандық мәслихатының Қостанай ауданы әкiмiнiң және сәйкестi

аумақ тұрғындарының Қостанай ауданының Абай, Притобол ауылдық округтерi

мен Красный Октябрь, Красный Передовик ауылдарының атауларын өзгерту

туралы ұсыныстарын қарап, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық

құрылымы туралы" Заңның II бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты және

Қостанай облысының әкiмi ШЕШТI:

     1. Мыналардың атаулары өзгертiлсiн:

     - Абай ауылдық округi Заречный ауылдық округi болып;

     - Притобол ауылдық округi Жамбыл ауылдық округi болып;

     - Совхозный ауылдық округi Октябрь ауылдық округi болып;

     - Притобол ауылдық округiнiң Красный октябрь ауылы Алтын дала

       ауылы болып;

     - Майкөл округiнiң Красный Передовик ауылы Арман ауылы болып;

         (Мәселе Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк

         Ономастикалық комиссиямен келiсiлген)

     Сессия төрағасы                Қостанай облысының әкiмi


                    Қостанай облыстық

                  мәслихатының хатшысы   





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады