Қазақстан Республикасы аумақтық әділет органдары мемлекеттік қызметшілерін аттестациялаудан өткізудің тәртібі туралы Ережелерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 263 бұйрығы. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 251 бұйрығымен.

-------- Бұйрықтан үзінді--------

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысымен бекітілген Әділет министрлігі туралы ережесінің 19-тармағын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасы аумақтық әділет органдарының мемлекеттік қызметшілерін аттестациядан өткізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің  1999 жылғы 13 мамырдағы N 263 бұйрығының күші жойылсын....

       Министр
______________________________________________      

      "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 26.12.95 ж. N 2730  Жарлығының  19-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 20.08.96 ж. N 3088  Жарлығымен  бекітілген" Мемлекеттік қызметшілерді аттестациялауды өткізудің тәртібі мен шарттары туралы" Ережеге сәйкес Бұйырамын:
     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумақтық әділет органдары мемлекеттік қызметшілерін аттестациялаудан өткізудің тәртібі туралы Ережесі бекітілсін.
     2. ҚР Әділет министрлігінің Кадр жұмысы басқармасы осы Ережені мемлекеттік қызметшілерді аттестациялаудан өткізу кезінде басшылыққа алу үшін облыстық әділет басқармаларының бастықтарына жіберсін.     

      Министр

                                     Қазақстан Республикасы
                                     Әділет Министрінің
                                     13 мамыр 1999 ж. N 263
                                      Бұйрығымен
                                              Бекітілді     

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
орталық аппаратының мемлекеттік қызметшілерін
аттестациялаудан өткізудің тәртібі туралы
Ережелер

Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi орталық аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерiн аттестациялаудан өткiзу "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 26.12.95 ж. N 2730 Жарлығының 19-бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 3088 Жарлығымен бекiтiлген "Мемлекеттiк қызметшілердi аттестациялаудан өткiзудiң тәртiбi туралы" Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. 
      2. Мемлекеттiк қызметшiлердi аттестациялау олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес келетiнiн және қызметтiк болашағын анықтау, олардың кәсіптiк даярлық, құқықтық мәдениет, азаматтармен жұмыс iстей бiлу қабiлетi деңгейiн бағалау мақсаттарында өткiзіледi. 
      3. Мемлекеттiк қызметшiлер үш жылда кемiнде бiр мәрте аттестациялаудан өтедi. Жүктi әйелдер, жас мамандар, атқаратын лауазымында бiр жылдан кем жұмыс iстеген адамдар кезектi аттестациялаудан босатылады. Баланы бағып күту жөнiндегi демалыста жүрген әйелдер, сондай-ақ дәлелдi себептер бойынша жоқ болған адамдар жұмысқа шыққаннан кейiн аттестациялаудан өтедi. 
      4. Аттестациялау мемлекеттiк қызметшiнiң бастамашылығы бойынша оған аттестациялау нәтижелерi бойынша басқа лауазымға ауыстырмастан кезектi бiлiктiлiк сыныбын беру үшiн өткiзiле алады. 

Аттестациялауды даярлау және өткiзу тәртiбi 

      5. Аттестациялауды өткiзу үшiн Әдiлет министрлiгiнiң бұйрығымен Орталық және аумақтық аттестациялау комиссиялары құрылады. 
      6. Орталық аттестациялау комиссиясы "Мемлекеттiк қызметшiлердi аттестациялаудан өткiзудiң тәртiбi мен шарттары туралы" Ереженiң негiзiнде әрекет жасайды және аумақтық әдiлет органдарының мемлекеттiк кызметшілерін аттестациялаудан өткізеді және аумақтық аттестациялық комиссияларға шағымдарды қарайды. 
      7. Аттестациялауды өткiзудi дайындауды аумақтық әдiлет органының басшылығы ұйымдастырады және бұл аттестацияланатындарға кажеттi құжаттарды, аттестациялауды өткiзу кестелерiн дайындауды, аттестациялық комиссия құрамын анықтауды және аттестациялауды өткiзудiң мақсаттары мен тәртiбi туралы түсiнiк жұмысын жүргiзудi қамтиды. 
      8. Аттестациялауға жататын әрбiр қызметкерге оны өткiзудiң басталуына дейiн екi аптадан кешiктiрмей оның тiкелей бастығы қызметкердiң лауазымы бойынша кәсiптiк даярлығының бiлiктiлік талаптарына сай келетiнiн, оның кәсiптiк бiлiктiлiгiн, жұмысқа және лауазымдық мiндеттерiн орындауға көзқарасын, өткен кезеңдегi жұмыс көрсеткiштерiн жан-жақты бағалайтын ұсыныс дайындайды. 
      9. Аттестацияланатын қызметкер аттестациялауға дейiн кемiнде екi апта бұрын бұл ұсыныспен танысуға тиiс. 
      10. Аттестациялық комиссия ұсынысты қарайды, қажет болған кезде аттестацияланатын адамды және ол жұмыс iстейтiн бөлiмшенiң басшысын тыңдайды. Аттестацияланушының жұмысын талқылау субьективизм көрiнiстерiне жол берiлмейтiндей талапкершілдiк, шынайылық пен iзгiниеттiлiк жағдайында өтуге тиiс. 
      11. Аттестациялауды өткiзудiң нақты мерзiмдерi, сондай-ақ кестесi мен аттестациялық комиссияның құрамы тиiстi мемлекеттiк органның басшысымен бекiтiледi және аттестациялау басталғанға дейiн кемiнде екi апта бұрын аттестацияланушы қызметкерлердiң назарына жеткiзiледi. Аттестациялауды өткiзу кестесiнде аттестацияланушы жұмыс iстейтiн бөлiмшенiң атауы, оның тегi, лауазымы, аттестациялауды өткiзудiң күнi және аттестациялық комиссияға қажеттi құжаттардың ұсынылуы, сондай-ақ оларды дайындау үшiн жауапты қызметкерлердiң лауазымдары мен тектерi көрсетiледi.     

Аттестациялық комиссиялардың құрамы
және оның жұмыс регламентi

      12. Әдiлет вице-Министрiнiң төрағалық етуiмен Орталық аттестациялық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң басшылары кiредi.
      13. Аумақтық аттестациялық комиссия мына құрамдағы бес адамнан құрылады:
      * Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң өкiлiнен (комиссия төрағасынан) келiсуi бойынша;
      * облыстық әдiлет баскармасының бастығынан, не оны алмастыратын адамнан (комиссия хатшысынан).
                Комиссия мүшелерiнен:
      * облыстық соттың төрағасынан (келiсуi бойынша); 
      * облыстық әдiлет басқармасы бөлiмшесiнiң бастығынан;
      * облыстық әдiлет басқармасының кадр қызметiнiң маманынан, не оны алмастыратын адамнан.
      14. Орталық аттестациялық комиссияның қызметiн ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету - Әдiлет министрлiгiне, аумақтық аттестациялық комиссияларды ұйымдастыру - техникалық қамтамасыз ету аумақтық әдiлет басқармаларына жүктеледi. 
      15. Аумақтық комиссияның отырысы оның мүшелерi құрамының үштен бiрi болған жағдайда өкiлеттi. Комиссияның отырысында Хаттама жүргiзiледi, онда аттестацияланушының өмiрбаяндық деректерi, қызметi оң жауаптарының мөлшерi мен комиссиясының шешiмi көрсетiледi. 
      16. Қызметшiнiң қызметiн бағалау және комиссияның кепiлдемелерi аттестацияланушы жоқ болған кезде ашық дауыспен қабылданады. Аттестациялау және дауыс беру аттестациялық комиссия құрамының кемiнде үштен екiсi мәжiлiске қатыскан кезде өткiзiледi. Дауыс берудiң нәтижелерi дауыстардың көпшiлiгiмен анықталады. 
      17. Аттестациялық комиссия: 
      * мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес келетiндiгi туралы; 
      * мемлекеттiк қызметшiнiң комиссия белгілеген мерзiмнен кейiн  қайта аттестациялануымен комиссия кепiлдемелерiн мiндеттi түрде орындаған жағдайда сәйкес келетiндiгi туралы; 
      * атқаратын қызметiне сәйкес келмейтiндiгi туралы шешiмдер қабылдайды. 
      18. Аттестациялық комиссия мемлекеттiк қызметшiнi атқаратын мемлекеттiк лауазымына сәйкес келмейдi деп таныған жағдайда оның кәсiптiк қайта даярлауға жiберiлуi; лауазымының немесе бiлiктiлiк сыныбының төмендетiлуi мүмкiн. Аттестациялақ комиссияның қорытындысын есепке ала отырып тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бiр айлық мерзiмнен кешіктірмей түпкiлiктi шешім қабылдайды. 
      19. Аумақтық аттестациялық комиссияның шешiміне аттестацияланушы аттестациялық парақтың көшiрмесiн алған күннен бастап 10 күннің iшiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Орталық аттестациялық комиссиясына немесе сотқа шағымдана алады.
      20. Аттестациялау аттестацияланушының қалауы бойынша мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде жүргiзiледi.
      21. Аттестациялаудың нәтижелерi аттестациялық параққа енгiзiледi, ол бiр данада дайындалады және оған дауыс беруге қатысқан аттестациялық комиссияның төрағасы, хатшысы мен мүшелерi қол қояды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады