Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің 1999 жылғы 10 мамырдағы N 238 Бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 739 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.11.18 N 739 бұйрығымен.

Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі
топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы
Нұсқаулық

       Ескерту: Бұйрықтың атауында, және бүкіл мәтіні бойынша, сондай-ақ бұйрықпен бекітілген Дәріхана ұйымдарында, фармацевтика кәсіпорындары мен емдеу-профилактика мекемелерінде дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Нұсқаулықтың және Дәрiхана ұйымдары мен фармацевтика кәсiпорындарында тұтанғыш және жарылғыш қасиеттерi бар дәрiлiк заттарды сақтау мен ұқыпты ұстау тәртiбi туралы Нұсқаулықтың бүкіл мәтіні бойынша "нұсқаулықтар", "нұсқаулықты", "нұсқаулықтарды", "нұсқаулық", "нұсқаулықтармен" деген сөздерді сәйкес келетін септік пен жіктеудегі "Ереже" деген сөзбен ауыстырылды;
      бұйрықтың атауында, кіріспесінде және бұйрықтың 1-тармағында "дәріхана ұйымдарында, фармацевтика кәсіпорындары мен емдеу-профилактика мекемелерінде" деген сөздер "денсаулық сақтау ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылды;
      бұйрықтың атауында, бұйрықтың 2-тармағында және бұйрықпен бекітілген Дәріхана ұйымдарында, фармацевтика кәсіпорындары мен емдеу-профилактика мекемелерінде дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Нұсқаулықтың және Дәрiхана ұйымдары мен фармацевтика кәсiпорындарында тұтанғыш және жарылғыш қасиеттерi бар дәрiлiк заттарды сақтау мен ұқыпты ұстау тәртiбi туралы Нұсқаулықтың бүкіл мәтіні бойынша "дәрiхана ұйымдары мен фармацевтика кәсiпорындарында" деген сөздер "денсаулық сақтау ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылды;
      Дәріхана ұйымдарында, фармацевтика кәсіпорындары мен емдеу-профилактика мекемелерінде дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Нұсқаулықта:
       бүкіл мәтін бойынша "санитарлық ережелер мен нормалар" және "санитарлық ережелер мен нормалардың" деген сөздер "санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар" және "санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың" деген сөздермен ауыстырылды;
      "ангро" деген сөз "ангро өнімі" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін   4-тармақтан қараңыз).

  1. Осы Ережеде қолданылған негізгi
ұғымдар мен қысқартулар

      Ережеге қосымшаларда, егер емдiк нысан түрi көрсетiлмеген болса, онда осы сақтау шарттары дәрiлік заттардың барлық нысандарына сәйкес келедi деп санау қажет.
      Ережеге қосымшалардағы "қараңғы жер" тұжырымы күн сәулесінен қорғалған жерде сақтауды білдiредi.
      Температура Цельсий градустарында көрсетiлген:
      "бөлме температурасы" +18 +25 о С "салқын температура" +8 о +18 о С егер температура көрсетiлмесе, "бөлме температурасы" болғаны.
      Тұтыну ыдысы - тұтынушыға өнiммен бiрге түсетiн және көлiк ыдысы функциясын орындамайтын ыдыс.
      Топтық ыдыс - белгiлi бiр өнiм санына арналған тұтыну ыдысы.
      Көлiк ыдысы - дербес көлiк бiрлiгiн құрайтын ыдыс.
      Дәрілік заттар - аурулардың алдын алу, диагностикасы, емдеу үшін, сондай-ақ жүктілікті болғызбау үшін қолданылатын дәрілік субстанция немесе дәрілік субстанциялар қоспасы.
      Аурулардың диагностикасы, алдын алу және емдеу мақсатында пайдаланылатын парафармацевтикалар, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар (көзге салынатын және оны түзейтін линзалар, керек-жарақтар және материалдар, бұйымдар, құрал-саймандар, қондырғылар, аспаптар, аппаратура) дәрілік заттарға теңестіріледі:
      дәрілік түр - дәрілік заттың қолайлы қолданылуына және қажетті емдік әрі алдын алу әсеріне жетуі үшін келтірілетін белгілі бір жай-күйі;
      нормативтік-техникалық құжаттама - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті бекіткен, дәрілік заттардың сапасы нормаларының кешенін, сериясына қарамастан, дәрілік заттың бірдей қауіпсіздігі мен тиімділігін, сондай-ақ оны өндірудің ұдайылығы мен біртектестігін қамтамасыз ететін оның айқындау әдістемелерін белгілейтін құжат;
      денсаулық сақтау ұйымы:
      1) азаматтарға амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін ұйым;
      2) балаларға арналған амбулаториялық-емханалық және   стационарлық медициналық ұйымдар;
      3) жедел медициналық жәрдем ұйымдары;
      4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
      5) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
      6) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;
      7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары;
      8) қан қызметі, сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
      9) салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ұйымдар;
      сақтау үй-жайлары - дәрілік заттарды сақтауға арналған, арнайы бөлінген және жабдықталған өндірістік үй-жайлар;
      бірінші (ішкі) орам - дәрілік түрмен тікелей жанасатын тұтыну орамы;
      екінші (сыртқы) орам - бірінші орамдағы препарат орналасатын тұтыну орамы;
      дәрілік заттың жарамдылық мерзімі - сақтау жағдайларын орындау кезінде дәрілік зат сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін жоғалтпайтын уақыт кезеңі.
       Ескерту: 1-тарауға өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

  2. Дәрiлiк заттарды сақтаудың негiзгі талаптары

      1. Бұл Ереже олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, дәрiлiк заттардың түрлi топтарын денсаулық сақтау ұйымдарында сақтауды ұйымдастырудың талаптарын белгiлейдi. 

      2. Осы Ереже белгілейтiн талаптар денсаулық сақтау ұйымдарын жобалау және жаңадан салу, жұмыс iстеп тұрғандарын қайта құру мен пайдалану кезiнде мiндеттi болып табылады. 

      3. Ереже сақтау кезiнде дәрiлiк заттардың қауiпсіздiгiне, сапасы мен сақталуына сыртқы ортаның тұтастай факторлар кешенi (дымқылдық, жарық, температура, ауа қосындылары) әсерiн тигізетiнi, сондай-ақ қоршаған ортаның ластану дәрежесi ескерiле отырып жасалды.

      4. Дәрілiк заттарды сақтау үшiн реттелуден жоғары температура кезiнде дәрi-дәрмектердiң сапасын төмендететiн физикалық-химиялық процестер шапшаңдайды. 
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      5. Дәрілік заттарды сақтау олардың физикалық-химиялық қасиеттері ескеріле отырып, дайындаушы зауыттың дәрілік затқа нормативтік-техникалық құжаттамасы мен орамда және Тұтынушыларға арналған дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта (қосымша құжат) көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.
        Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      6. Дәрiхана ұйымдары мен фармацевтика кәсiпорындарында кез келген қолайлы тәсiлмен (компьютерлiк, кiтаптық, карточкалық және басқалары) дәрiлiк заттардың жарамдылық мерзiмдерiнiң есебiн жүргізу ұсынылады. 

      7. Осы Ережеге сақтау шарттары бойынша топтастырылған неғұрлым жиi қолданылатын дәрiлiк заттар тізбесi қоса берiлiп отыр.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

  3. Сақтау үй-жайының құрылымы мен оны
пайдалануға қойылатын талаптар 

      8. Дәрiлік заттарды сақтауға арналған алаңдардың құрылымы, құрамы, көлемдерi сондай-ақ үй-жайларды жабдықтау санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына сай келуi және олардың сақталуын қамтамасыз етуi қажет. 

      9. Сақтау үй-жайлары белгiленген нормаларға сәйкес сақтау және өртке қарсы құралдармен қамтамасыз етілуi керек. 

      10. Сақтау үй-жайларында белгілі бiр температурамен ауа ылғалдылығы сақталуға тиiс, олар осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес ауаның температурасын есепке алу журналында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы журналында тіркелуі тиіс. Осы талаптарды қадағалау үшiн сақтау үй-жайын термометрлермен және гигрометрлермен қамтамасыз ету қажет, олар қойманың iшкi қабырғаларында тұтанғыш аспаптардан еденнен 1,5 - 1,7 метр жоғарыға және есiктен кемiнде 3 метр аралықта бекiтiлуі керек.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      11. Ауа тазалығын сақтау үшiн сақтау үй-жайын вентиляциямен, конденционерлермен жабдықтау қажет. Шағын әйнек көздерiнiң, фрамуктардың, екiншi торланған есiктердiң көмегiмен табиғи тазартуға жол беріледi. 

      12. Дәрiхана ұйымдары мен фармацевтика кәсiпорындары орталық немесе дербес жылыту аспаптарымен жабдықталады. Үй-жайларды ашық жанатын газ аспаптарымен немесе ашық түтiктi электр жылыту аспаптарымен жылытуға болмайды. 

      13. Сақтау үй-жайы қажеттi мөлшердегi шкафтармен, стеллаждармен, торламалармен, тауар қойғыштармен және тағы басқалармен қамтамасыз етiлуi қажет. 
      Дәрiлiк заттарды сақтауға арналған жабдық дәріхана қоймаларына арналған сыртқы қабырғалардан 0,6 - 0,7 метр, төбеден кемiнде 0,5 метр және еденнен 0,25 метр аралықта орналастырылады, олардың арасы кемiнде 0,75 метр. 
       Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      14. Сақтау үй-жайының тазалығы ұдайы сақталуы қажет, едендер күнiне кемiнде 1 рет рұқсат етілген жуу және дезинфекциялайтын құралдарды қолдана отырып ылғалды тазалауға жатады. 

  4. Дәрiлiк заттарды сақтауды ұйымдастыруға
қойылатын жалпы талаптар 

      15. Дәрiлiк заттарды, алаңдарды ұтымды пайдалануды, қауiпсiз еңбек жағдайларын жасауды, фармацевтикалық тәртіптi сақтауды және механизация құралдарын қолдану мүмкiндiгiн ескере отырып, орналастыру қажет.
       Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      16. Дәрілік заттар стеллаждарда, тауар салғыштарда, поддондарда, материал шкафтарда, (сейфтерде) орналастырылады.
       Ескерту: 16-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      17. Дайын дәрi-дәрмек нысандары сақтау үй-жайларында зауыттық немесе көлiктiк орауда сақталуы мүмкiн. 
      Зауыттық орау бұзылған жағдайда дәрi-дәрмек нысандары материалдық шкафтарда бiрегей орауда сыртқы этикеткасымен (белгiсiмен) сақталуы қажет.
       Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      18. Дәрiханалардың өндiрiстiк бөлiмдерiнде "ангро өнімі" дәрiлiк заттары эмальдандырылған немесе шыны ыдыста сақталуға тиiс.

      19. Үй-жайларда дәрiлiк заттар:
      1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің талаптарына және осы Ережеге сәйкес; 
      2) фармакологиялық топтарға сәйкес; 
      3) қолдану тәсiліне (iшкi, сыртқы) қарай; 
      4) "ангро өнімі" дәрiлiк заттары агрегат жай-күйiне (сұйықтарын шашылатынынан, газ түзейтiндерiнен және тағы басқасынан бөлек) сәйкес; 
      5) сыртқы ортаның физикалық-химиялық қасиеттерi мен түрлi факторларының әсерiне сәйкес.
       Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      20. Атаулары бойынша үндес, iшу үшiн қолданылатын күштi жоғары дозаларымен ерекшеленетін дәрiлiк заттарын қатар орналастыруға, сондай-ақ оларды алфавиттiк тәртiпте орналастыруға болмайды. 
       Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      21. Ауруларды диагностикалау, алдын алу және емдеу мақсатында пайдаланылатын дәрiлiк заттарға теңестiрiлген медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар мынадай топтарға бөлiнедi: 
      1) резина бұйымдары; 
      2) пластмассадан жасалған бұйымдар; 
      3) таңу құралдары мен қосалқы материалдар; 
      4) медициналық мақсаттағы бұйымдар (көру линзалары және көзге салынатын және оны түзейтін линзалар, керек-жарақтар және материалдар, бұйымдар, құрал-саймандар, қондырғылар, аспаптар, аппаратура);
      5) парафармацевтиктер.
       Ескерту: 21-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      22. Сақтау процесiнде кемiнде айына бiр рет ыдыс пен дәрiлiк заттардың сыртқы өзгерiсiн жаппай визуальдi байқауды жүзеге асыру қажет. Ыдыс бүлiнген ретте оның кемiстiктерiн дереу түзетiп немесе ондағы затты басқа ыдысқа салу қажет.

      23. Сақтау үй-жайларында, сондай-ақ қойма аумағында кемiргiштерге, жәндiктер мен басқа да зиянкестерге қарсы күрес жөнiндегi шараларды ұдайы жүргiзiп отыру қажет.     

  5. Дәрілiк заттардың түрлi топтарын 
сақтауға қойылатын талаптар

      24. Физикалық және физикалық-химиялық қасиеттерiне оларға сыртқы ортаның түрлi әсерiне байланысты барлық дәрiлiк заттар мынадай:
      1) жарықтың әсерiнен қорғауды талап ететiн;
      2) ылғалдың әсерiнен қорғауды талап ететiн;
      3) ұшып кетуден қорғауды талап ететiн;
      4) жоғары температура әсерiнен қорғауды талап ететiн;
      5) төменгi температурадан қорғауды талап ететiн;
      6) қоршаған орта газдарының әсерiнен қорғауды талап ететiн;
      7) иiстi, бояйтын топтарға;
      8) дезинфекциялайтын құралдарға;
      9) улы заттарды (хлор әгi, хлорамин) бөлiк шығаратын құралдарға және басқаларға бөлiнедi.     

  6. Жарықтың әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрiлiк
заттарды сақтау ерекшелiктерi

      25. Жарықтың әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрiлік заттарға мыналар жатады: антибиотиктер, галендi препараттар (өсiмдiк шикізатынан жасалған тұнбалар, экстракттар, концентраттар), дәрiлiк өсiмдiк шикізаты, орган препараттары, витаминдер мен витаминдi препараттар, кортикостероидтар, эфир майлары, майлы майлар, ашылған препараттар йодты - және бромды сутегi қышқылдары тұздары, галогендi ауыстыратын қосындылар нитро- және нитроқосындылар, нитраттар, нитриттер, аминдi- және амидоқосындылар, фенольдi қосындылар, туынды фенотиазин (1 қосымша).

      26. Жарықтың әсерiн сезiнгiш дәрiлiк заттарды жарықтан қорғау материалдары ыдыстарында (қызғылт шыны ыдыста, алюминийден жасалған немесе полимер материалдарынан жасалған қара, қоңыр немесе қызғылт түстерге боялған металды ыдыстарда) жарықтың өтуiнен қорғалған есiктерi тығыз қараңғы үй-жайда немесе шкафтарда сақтау қажет. 

      27. Жарықты аса сезiнгiш дәрiлiк заттарды (күмiс нитраты, күмiс препараты, прозерин, физостигмин салицилаты және басқасы) сақтау үшiн шыны ыдысқа жарық өткізбейтін қара қағаз жапсырып, iш жағы қара бояумен боялып нығыз жабылған шкафқа орналастырады. 
      Ескерту: Жарықтың әсерiне мұқтаж дәрiлiк заттарды (ашытылған темiр препараттары, феррамидттер) сыйымдылығы шағын, ашық түстi шыны ыдысқа жарық жерде сақтайды. Тiкелей күн сәулелерiнiң әсерiне жол берiледi. 

  7. Ылғалдан қорғауды талап ететiн дәрiлiк
заттарды сақтау ерекшелiктерi 

      28. Ылғалдан қорғауды талап ететiн дәрілiк заттарға мыналар жатады: гигроскопикалық заттар мен препараттар (калий ацетаты, құрғақ эксракттар, дәрiлiк өсiмдiк шикізаты, гидролиздейтiн заттар, азот, азотты галогендi сутегi және фосфор қышқылдары тұздары, алкалоидтер, металорганикалық қосындылардағы натрий тұздары, гликозидтер, антибиотиктер, ферменттер, құрғақ органикалық препараттар), суда жеңіл еритiн заттар ретiнде нормативтiк құжаттар бойынша сипатталатын дәрi-дәрмек заттары, сондай-ақ нормативтiк құжаттарда белгіленген шектен аспайтын ылғал сақтайтын дәрi-дәрмек заттары (2 қосымша).

      29. Судың атмосфералық буларының әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрiлiк заттарды құрғақ, салқын жерде судың буларын өткізбейтiн материалдармен тығыз тығындалған ыдыста (шыны, металл, алюминий фольгасы, қалыңдатылған пластмасса ыдыстарында) сақтау қажет. 

      30. Гигроскопикалық қасиеттерi байқалған дәрiлiк заттарды (2 қосымшада көрсетілген*) құрғақ үй-жайда герметикалық тығындалған, бетiне парафин құйылған шыны ыдыста сақтау керек. Осындай дәрiлiк заттар бар ыдысты жабу кезiнде мойны мен тығынын мұқият сүрту қажет.

      31. Осы топтағы дәрілiк заттарды полимер пленкасынан жасалған орауда, ал ол бұзылған жағдайда шыны немесе металл ыдысқа салып сақтау қажет. 

      32. Осы топтағы дәрілiк заттар арасында күйдiрiлген гипс және ұнтақтағы горчица сияқты препараттарды сақтауды ұйымдастыру ерекше көңiл бөлудi қажет етедi, олар ылғалды жұтқан кезде ұсақ аморфттық ұнтақтан ұсақ түйiршiктерге айналады, өздерiнiң сапасын жоғалтып, медициналық мақсатта қолдану үшiн жарамсыз болып шығады. Бүлiнудi болдырмау үшін: 
      1) күйдiрілген гипстi жақсы жабылған ыдыста (тығыз шегеленген ағаш жәшiктерде немесе iшi полиэтилен пленкаларымен жабылған бөшкелерде); 
      2) горчицаны (ұнтақты) герметикалық жабылған қалайы банкілерде;
      3) горчичниктердi жылтыр қағазбен немесе полиэтилен пленкасымен оралған пачкілерде сақтау керек, оларды тығыз тығындалған ыдыстарға (iшiне полимер пленкалары жапсырылған картон қораптары) салып қояды. 

  8. Ұшпа заттардан тұратын дәрiлiк заттарды
сақтау ерекшелiктерi 

      33. Ұшып кетуден қорғауды талап ететiн дәрiлiк заттарға мыналар жатады: 
      1) өздiгiнен ұшып кететiн заттар (3 қосымша); 
      2) ерiтетiн ұшпа заттардан тұратын дәрiлiк препараттар (спирт тұнбалары, сұйық спирт қосындылары, қою экстракттар); 
      3) ұшпа заттардың ерiтіндiлерi мен қоспалары (эфир майлары, аммиак, формальдегид, хлорсутегi ерiтiнділерi 13 проценттен астам, фенол, түрлi қоспадағы этил спирті және басқасы); 
      4) эфир майлары бар дәрілiк өсімдiк шикізаты; 
      5) кристалдандырылған суы - кристаллогидраттары бар дәрi-дәрмек препараттары (4 қосымша); 
      6) ұшпа өнiмдер (йодоформ, сутегi пероксидi, Б хлораминi, натрий гидрокарбонаты) құрылуына байланысты ыдырайтын дәрi-дәрмек заттары; 
      7) ылғал сақтаудың төменгi шегi нормативтiк құжатта белгіленген дәрi-дәрмек заттары (магний сульфаты, натрий сульфаты және тағысын тағылар). 

      34. Ұшпа заттардан тұратын дәрілiк заттарды салқын жерде, ұшып кешетiн материалдар заттары үшiн өткізбейтiн герметикалық тығындалған ыдыста (шыны, металл, алюминий фольгасы) сақтау қажет. 

      35. Ұшпа заттардан тұратын дәрiлiк заттарды орау, тығындау  нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес келетін ыдыста жүзеге асырылады. 

  9. Кристаллогидраттарды сақтау ерекшелiктерi

      36. Кристаллогидраттардың дәрілік субстанциялары және дәрілік заттың балк-өнімі ауаның салыстырмалы ылғалдылығына байланысты заттардың гигроскопикалық қасиеттерi сияқты желмен ұшатын қасиеттерiмен де байқалуы мүмкiн. Сондықтан оларды салқын жерде ауаның 50-65 процент салыстырмалы ылғалдылығы жағдайында герметикалық тығындалған шыны, металл немесе қалың қабырғалы пластмасса ыдыстарында сақтау керек (4 қосымша).
       Ескерту: 36-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

  10. Жоғары температура әсерiнен қорғауды
талап ететiн дәрiлiк заттарды сақтау ерекшелiктерi

      37. Жоғары температура әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрілiк заттар қатарына мыналар жатады (5 қосымша):
      1) ұшып кетуден қорғауды талап ететiн дәрiлiк заттар тобы (осы Ереженің 8-шi тарауы);
      2) жеңiл балқитын заттар (суппозиторийлер);
      3) бактериялық препараттар (вакциналар, егетiн препараттар,  анатокситтер және басқасы);
      4) антибиотиктер;
      5) органикалық препараттар;
      6) гормональды препараттар;
      7) витаминдi препараттар;
      8) гликозидтерден тұратын препараттар,
      9) медициналық майлар мен майлар;
      10) майлы негiздегi майлар.

      38. Жоғары температурадан қорғауды талап егетiн дәрiлiк заттарды бөлме температурасында (+25 о С), салқын (+8 - +18 о С) сақтау қажет. Кейбiр жағдайларда сақтаудың неғұрлым төмен температурасы (0' +10'С) талап етіледi, бұл этикеткада немесе препаратты қолдану жөнiндегi Ережеде көрсетiлген (6 қосымша).
       Ескерту: 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      39. Бактериялық препараттарды тұтынушылық орауда атаулары, сериялары бойынша олардың жарамдылық мерзiмдерiн ескере отырып орауда немесе қолдану жөнiндегi Ережеде көрсетiлген температурада бөлек сақтау керек. Сақтау процесiнде оларды 3 айда кемiнде бiр рет визуальдық байқаудан өткiзiп отыру қажет.
       Ескерту: 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      40. Антибиотиктердi егер этикеткаларда немесе қолдану жөнiндегi Ережеде басқаша көрсетілмесе, тұтынушылық орауда сақтау қажет. 
       Ескерту: 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      41. Органикалық препараттарды егер этикеткаларда немесе қолдану жөнiндегi Ережеде басқаша көрсетiлмесе, жарықтан қорғалған, салқын және құрғақ жерде 0+15' температурада сақтау керек. 

  11. Төмен температура әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрiлiк
заттарды сақтау ерекшелiктерi 

      42. Төмен температура әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрілiк заттар қатарына қатқаннан кейiн физикалық-химиялық жай-күйi өзгеретiн және одан кейiнгi жерде бөлме температурасына дейiн жылыған кезде қалпына келмейтiн дәрiлiк-заттар жатады (7 қосымша). 

      43. 40 процент формальдегид (формалин) ерiтiндiсiн +9'С-ден төмен емес температурада сақтау керек. Тұнба пайда болған ретте ерiтiндiнi бөлме температурасында ұстайды, бұдан кейiн ерiтiндiнi еппен құйып алып iс жүзiндегi формальдегидке сәйкес пайдаланады. 

      44. Мұзды сiрке суы қышқылын +9'С-ден төмен емес температурада сақтау керек. Тұнба пайда болған жағдайда қышқылды бөлме температурасында тұнба ерiгенге дейiн ұстайды. Егер тұнба ерiмеген жағдайда қышқылдың сұйық бөлiгiн құйып алып, препараттағы іс жүзiндегi сiрке суы қышқылына сәйкес пайдаланады. 

      45. Медициналық майлы майларды +10С-дан төмен емес температурада сақтау талап етіледi. Тұнба пайда болған жағдайда оларды бөлме температурасында ұстайды, олардың нормативтiк құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келуiн реттеп тексередi. 

  12. Қоршаған ортадағы газдар әсерiнен қорғауды талап
ететiн дәрiлiк заттарды сақтаудың ерекшелiктерi 

      46. Қоршаған ортадағы газдар әсерiнен өзгеретiн дәрiлiк заттар топтарына мыналар жатады: 
      1) ауа кислородына әсерленгiш заттар: 
      шектеусіз сутегi аралық байланыстары бар алифаттық қатардағы, шектеусiз сутегi аралық байланыстары бар жанама алифаттық топтардағы циклдық заттар, фенольдық, полифенольдық, морфин және оның ауыстырылмаған гидроксильдi топтары бар туынды заттар, құрамында шайыры бар гетерогендi және гетероциклдық қосындылар, ферменттер мен органикалық препараттар; 
      2) ауаның көмiрқышқыл газымен әсерленгiш заттар: 
      сiлтiлік металдар тұздары мен әлсiз органикалық қышқылдар (мысалы, барбитал-натрий, гексенал және басқасы), құрамында көп атомдық аминдерi бар препараттар (мысалы, эуфиллин), магний оксидi мен магний пероксидi, натрий гидроксидi, калий гидроксидi және басқалар (8 қосымша). 

      47. Газдардың әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрілік субстанциялардың және дәрілік заттардың балк-өнімдерінің газ өтпейтiн материалдар мен герметикалық тығындалған, мүмкiндiгiнше лық толтырылған ыдыста сақтау керек.
       Ескерту: 47-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      48. Ауа кислородымен жеңiл қышқылданатын дәрілік субстанциялардың және дәрілік заттардың балк-өнімдерінің құрғақ үй-жайда герметикалық тығындалған, парафин құйылған шыны ыдыста сақтау керек.
       Ескерту: 48-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      49. Барбитуралы қышқылдардың натрий тұздарын сақтауға жағдай жасауға, дәрілік субстанцияларды және дәрілік заттардың балк-өнімдерін ерекше назар аудару қажет, оларды герметикалық тығындалған, парафин құйылған судың атмосфералық булары мен көмiр қышқылы газын өткiзбейтiн материалдары бар ыдыста сақтау керек.
       Ескерту: 48-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

  13. Иiсi бар және бояйтын дәрiлiк заттарды
сақтау ерекшелiктерi

        50. Иiсi бар дәрiлiк заттар тобын ұшатын препараттар сияқты iс жүзiнде ұшпайтын, күштi иiсi бар заттар мен препараттар құрайды (9 қосымша).

      51. Иiсi бар дәрiлiк заттардың дәрілік субстанциялары мен олардан дәріханаларда дайындалған дәрілік нысандарды герметикалық жабылған, иiс өткізбейтiн ыдыста атаулары бойынша бөлек сақтау керек.
       Ескерту: 51-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      52. Бояйтын дәрілік заттар тобына әдеттегi санитарлық-гигиеналық өңдеу мен жуылмайтын ыдыста, тығын құралдарында, жабдықтар мен басқа да заттарда боялған iз қалдыратын заттар, олардың ерiтiндiлерi, қоспалары, препараттары және тағы басқасы жатады (10 қосымша). 

      53. Бояйтын заттардың дәрiлiк субстанцияларын тығыз тығындалған ыдыста арнайы шкафта атаулары бойынша бөлек сақтау қажет. Әрбір атауға арналған бояйтын заттармен жұмыс істеу үшін арнайы весочкалар, ступкалар, басқа да керек-жарақтар бөлінуі керек. Бояйтын заттардың дәрілік субстанцияларынан дәріханаларда дайындалған дәрілік нысандар тығыз тығындалған ыдыста бөлек сөреде сақталуы тиіс.
       Ескерту: 53-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

  14. Дайын дәрiлік заттар мен дайындалған дәрілік
нысандарды дәріханаларда сақтау ерекшеліктері

       Ескерту: 14-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      54. Таблеткаларды, көпiршiк таблеткалар мен ашытқыны сақтау құрғақ, егер бұл қажет болса, жарықтан қорғалған жерде жүзеге асырылады. 

      55. Эфир майларынан тұратын таблеткiленген дәрiлiк заттарды ыдысқа тығындамас бұрын оларды ГОСТ 9569 бойынша БП-1-25 немесе БП-5-28 таңбалы парафиндендiрiлген қағазға орау керек. 

      56. Инъекцияға арналған дәрiлік нысандарды, егер орамда немесе Тұтынушыларға арналған дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта (қосымша құжат) нұсқаулар көрсетілмеген болса, салқын, жарықтан қорғалған жерде ыдыстың ерекшелiктерiн (сынғыштығын) ескере отырып, сақтау үй-жайларында бөлек стеллажда, материалдық шкафтарда бөлек сөреде сақтау керек.
       Ескерту: 56-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      57. Сұйық дәрi-дәрмек нысандары (шырындар, тұнбалар, эфир, хлороформ оның ішінде, дәріханада дайындалған) герметикалық тығындалған ыдысқа салқын, жарықтан қорғалған жерде сақталады.
       Ескерту: 57-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      58. Плазма ауыстырғыш және дезинфекциялайтын ерiтiнділер 0-ден 4+О'С-ға дейiнгi температурада жарықтан қорғалған оқшау жерде сақталады. Кейбiр жағдайларда егер бұл препараттың сапасына әсер етпесе, ерiтiндiнiң қатуына жол берiледi. 

      59. Экстракттар парафин құйылған, жақсы тығындалған шыны ыдыста сақталады. 
       Ескерту: 59-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      60. Майларды, линименттердi салқын, жарықтан қорғалған жерде нығыз тығындалған ыдыста сақтайды. Қажет болған жағдайда сақтау шарттарын қасиеттерiне, енетiн ингредиенттерiне байланысты бiрiктiрiп отырады. Мысалы, ұшатын және термолабильдi заттардан тұратын препараттарды +10С-дан аспайтын температурада сақтайды.

      61. Суппозиторийлердi сақтау құрғақ, салқын, жарықтан қорғалған жерде жүзеге асырылуы тиiс.

      62. Аэрозольдi ораулардағы препараттарды сақтау құрғақ, жарықтан қорғалған, оттан және жылыту аспаптарынан алшақ жерде жүзеге асырылуы қажет. Аэрозольдi орауларды соққылар мен механикалық бүлiнуден қорғау керек.
       Ескерту: 62-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      62-1. Барлық дайын дәрілік заттар түпнұсқа орамға салынуы және сыртында заттаңбамен (таңбаламамен) белгіленуі тиіс.
       Ескерту: 62-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

  15. Дәрiлiк өсiмдiк шикiзатын сақтау ерекшелiктерi

      63. Дәрiлiк өсiмдiк шикізатын құрғақ, ауасы таза үй-жайда жақсы жабылған ыдыста:
      дәрiханаларда - шыны, металл ыдыстарда, қақпағы бар жәшiктерде;
      қоймаларда - түктерде немесе жабылған жәшiктерде, стеллаждарда сақтау қажет.
      Кесілген шикiзат талшықты қаптарда, ұнтақтар - қосақталған қаптарда (ішкiсi - қағаз, көп қабатты, сыртқысы - талшықты қаптарда) сақтайды. 

      64. Эфир майларынан тұратын дәрiлiк өсiмдiк шикiзатын жақсы тығындалған ыдыста оқшау сақтайды. Андыз түбiрлерiн, кориандр мен арша жемiстерiн, арник пен жөке гүлдерiн хлороформмен қабаттастырып, осы топтағы қалған шикізатты хлороформсыз сақтайды, өйткенi ол эфир майларының ұшып кетуiне әсерiн тигізедi. 

      65. Гигроскопикалық қасиеттерi бар шөптердi, жапырақтарды, жемiстер мен түбiрлердi герметикалық тығындалған және қажет болған жағдайда парафин құйылған (жалбыз жапырақтары, бүйрек шайы, тiкенек түбiрi) шыны немесе металл ыдыста сақтайды. 

      66. Кептiрiлген жемiстердi сақтау кезiнде оларды қойма кемiргiштерiнен сақтау үшiн жемiстерi бар жәшiктi хлороформды сауыттармен араластырады, хлороформ буларының ұшып кетуi үшiн олардың тығындарына түтiкшелер енгізiледi. Хлороформды олардың ұшып кетуiне қарай қосады. 

      67. Өсiмдiк қосындыларын дәрiлiк заттарды сақтаудың жалпы ережелерiн қолдана отырып сақтайды. 

      68. Дәрілiк өсiмдiк шикізатын нормативтiк құжаттама талаптарына сәйкес дүркiн-дүркiн бақылап отыру қажет. Қалыпты бояуын, иiсiн жоғалтқан және ықпал жасайтын заттарды талап ететiн, сондай-ақ көгерген шөптердi, түбiрлердi, түбiршектердi, ұрықтарды, тұқымдарды жарамсыз деп есептейдi. Қойма кеміргiштерi болған жағдайда көгеру дәрежесiне байланысты шикізатты жарамсыздандырады немесе қайта өңдеу мен бақылаудан кейiн кәдеге жаратады. 

      69. Сақтау кезiнде жүрек гликозидтары бар дәрілiк өсiмдiк шикiзатына айрықша назар аударылады. Бұлар үшiн неғұрлым қатаң сақтау мерзiмдерi тағайындалады және биологиялық белсендiлiгiн мiндеттi түрде қайта бақылау мақсаты көзделедi. 

      70. Улы және күштi әсер ететiн дәрiлiк өсiмдiк шикiзатын құлып салып жеке үй-жайда немесе бөлек шкафта сақтайды (11 қосымша).

      70-1. Бөлшектеп жиналған дәрілік өсімдік шикізаты дәрілік өсімдік шикізатын сақтау ерекшеліктері мен орамда және Тұтынушыларға арналған дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта (қосымша құжат) көрсетілген сақтау шарттары сақтала отырып, сақтайды.
       Ескерту: 70-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

  16. Дезинфекциялайтын құралдар 

      71. Дезинфекциялайтын құралдарды герметикалық тығындалған ыдыста, жарықтан қорғалған, құрғақ, салқын жерде, оқшау үй-жайда, дәрiлiк заттар сақталған үй-жайлардан пластмасса, резина және металл бұйымдарынан, дәрiхананың өндiрiстiк үй-жайларынан алшақ сақтайды. 

  17. Резеңке бұйымдары 

      72. Резеңке бұйымдардың сапасын сақтау үшiн мыналарды: 
      1) Жарықтан, әсiресе тiке күн сәулелерiнен ауаның жоғары (+20' С-дан астам) және төменгi (Р-ден төмен) температурада; ауа ағынынан (өтпе желден, механикалық вентиляциядан); механикалық бүлiнуден - жаншылудан, иiлуден, оралудан, созылудан және тағы басқадан қорғауды;
      2) кебуден, өзгеруден және түрiн өзгертуден сақтау үшiн кемiнде 65 процент салыстырмалы ылғалдылықты; 
      3) мынадай заттардың: йодтың, хлороформның, хлорлы аммонийдiң, лизолдың, формалиннiң, қышқылдардың, органикалық ерiтiндiлердiң, майлайтын майлардың, сiлтiлердiң, дезинфекциялайтын құралдардың, нафталиннiң әсерiнен оқшаулауды; 
      4) жылыту аспаптарынан алшақ (кемiнде 1 метр) сақтау шарттарын қамтамасыз ету керек. 

      73. Резеңке бұйымдарын сақтау үй-жайлары күнгей бетте емес қараңғы немесе қараңғыланған жартылай жертөлелi үй-жайларда орналастырылуы қажет. Құрғақ үй-жайларда жоғары ылғалдылықты (60-65 процент) ұстау үшiн 2 процент карболл қышқылы су ерiтiндiсi бар сауыттар қою және едендi дүркiн-дүркiн сумен дымқылдандырып отыру ұсынылады. 

      74. Сақтайтын үй-жайларда, шкафтарда резеңкенiң түрiн сақтауға жәрдемдесетiн аммоний көмiр қышқылы бар шыны сауыттар қою ұсынылады.
       Ескерту: 74-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      75. Сақтайтын үй-жайларда резеңке бұйымдарын орналастырған жағдайда оның бүкiл көлемiн толық пайдалану қажет. Бұл басы артық ауа кислородының зиянды әсерiнен сақтайды. Алайда резеңке бұйымдарын (тығындардан басқа) бiрнеше қабатпен салуға болмайды, өйткенi төменгi қабаттардағы заттар жаншылады және жайылып кетедi.
      Сақтау үй-жайларында зауыт орамындағы резеңке бұйымдарды сақтауға болады. Зауыт орамы бұзылған кезде резеңке бұйымдар арнайы жабдықталған материал шкафтарда, жәшіктерде, сөрелерде, стеллаждарда сақталады.
       Ескерту: 75-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      76. Резеңке бұйымдарын сақтауға үй-жайлар, шкафтармен, жәшiктермен, сөрелермен, стеллаждармен, блоктармен, еркiн қол жеткiзiлетiн ілу тұғырықтарымен және басқа мүкәмәлмен жабдықталуы қажет. Резеңке бұйымдарын сақтауға арналған шкафтардың тығыз жабылатын есiктерi болуы қажет ал iшкi жақ бетi өте жұмсақ болуға тиiс. Шкафтардың iшкi құрылымы оларда сақталатын резеңке бұйымдарының түрлерiне байланысты мына мақсаттарға: 
      1) резеңке бұйымдарын жатпалы қалыпта (буждар, катетерлер, мұз түйiршiктерi, қолғаптар және сол сияқтылар) сақтауға арналған шкафтар оларда заттарды бүкiл ұзына бойы, еркiн, иiлмейтіндей, оралмайтындай және тағы солай орналастыруға болатын жылжымалы жәшiктермен жабдықталады; 
      2) бұйымдарды iлiнген қалыпта (бұраулар, зонттар, су түтiктерi) сақтайтын жәшiктер шкаф қақпағының астында орналасқан iлгiштермен жабдықалады. Iлгiштер оған iлiнген заттармен бiрге алынатындай болуы керек.
       Ескерту: 76-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      77. Сақтаудың ерекше шарттарын талап ететiн резеңке бұйымдарының кейбiр түрлерiн сақтауға ерекше көңiл бөлу керек. Бұл талаптар: 
      1) төсегiштердi, жылытқыш грелкаларды, мұзды қабықтарды сәл үрлеп сақтау ұсынылады, резеңке түтiкшелерi соңғы жағына енгiзiлген тығындармен бiрге сақталады; 
      2) аспаптардың алынатын резина бөлiктерi басқа материалдан жасалған бөлiктерден бөлек сақталуы қажет; 
      3) атмосфералық факторларды ерекше сезiнгiш бұйымдарды (созылғыш катетерлер, буждар, қолғаптар, саусаққа кигiштер, резеңке бинттер) тығыз жабылған қораптарда сақтайды. Резеңке бинттерi бүкiл ұзындығы бойынша тальк себiлген шиыршықталған күйде сақталады; 
      4) резеңкелендiрiлген матаны (бiр жақты және екi жақты) 69-шы тармақта көрсетiлген заттардан оқшау, арнаулы тұғырларға iлiнген рулондарда көлбеу күйде сақтайды. Резеңкелендiрiлген матаны стеллаждардың жұмсақ сөрелерiнде 5 қатардан асырмай жатқызылған күйде сақтауға болады; 
      5) созылғыш лак бұйымдарын (катетерлердi, буждарды, зонттарды) резеңкеге қарағанда құрғақ үй-жайда сақтайды. Ескiру белгiсi бiрсыпыра жұмсаруы, үстіңгi желiмiнiң ашылуы болып табылады. Мұндай бұйымдар жарамсыз деп танылады. 

      78. Резеңке тығындары оларға қолданылатын техникалық шарттар талаптарына сәйкес оралған күйде сақталуы қажет. 

      79. Резеңке бұйымдарын дүркiн-дүркiн қарап тұру қажет. Оралымдылығын жоғалта бастаған заттар техникалық шарттар талаптарына сәйкес дер кезiнде қалпына келтiрілуi тиiс. 

      80. Резеңке қолғаптарды, егер олар қатая бастаса, жабысып қалса және шетін күйге түссе, 5 процент жылы аммиак ерiтiндiсiне жазбай салып қояды, бұдан кейiн қолғаптарды өкiл, 5 процент глицерин ерiтiндiсi бар жылы (+40 +50'С) суға батырып қояды. Қолғаптар қайтадан бұрынғы қалпына түседi. 

  18. Пластмасса бұйымдары 

      81. Пластмассадан жасалған бұйымдарды ауасы тазаланып қараңғы, салқын үй-жайда бөлме температурасында, жылыту жүйелерiнен кемiнде бiр метр алшақтықта сақтау қажет. Yй-жайда ашық жанатын от, ұшпа заттардың булары болмауы қажет. Электр аспаптары мен ажыратқыштар ұшқынға қарсы (өртке қарсы) түрде дайындалуы қажет. Целлофан, целлулоид, амин қабатты бұйымдарды және басқа бұйымдар сақталатын үй-жайда ауаның 65 проценттен аспайтын салыстырмалы ылғалдылығын сақтау керек. 

  19. Таңу құралдары мен қосалқы материал 

      82. Таңу құралдарын құрғақ желдетiлетiн үй-жайда iшi ашық бояумен боялған шкафтарда, жәшiктерде, стеллаждарда және тұғырықтарда сақтайды, олар таза ұсталуы қажет. Таңу құралдары қойылған шкафтарды дүркiн-дүркiн 0,2 процент хлорамин ерiтiндiсiмен немесе хлорлы әкпен сүртiп отырады. 

      83. Стерильденген таңу материалдары (бинттер, дәке салфеткалары, мақта) зауыттық орауда сақталады. Оларды бiрiншi ашылымдағы орауда сақтауға болмайды. 

      84. Стерильденбеген таңу материалдары (мақта, дәке) тығыз қағазға немесе түктерге (қаптарға) салып, стеллаждарда немесе тұғырықтарда сақтайды. 

      85. Қосалқы материалды (фильтрлейтiн қағазды, қағаз капсулдарын және басқасын) өнеркәсiптiк орауда құрғақ желдетiлетiн үй-жайларда, жеке шкафтарда гигиеналық қатаң тәртiпте сақтау қажет. Өнеркәсiптiк орау ашылғаннан кейiн (қағаз капсулдары және басқасы) бөлшектелген немесе қалған материалдарды полиэтилен, қағаз пакеттерде немесе крафт-қағаз қаптарда сақтау ұсынылады. 

  20. Медициналық бұйымдар 

      86. Хирургиялық аспаптар мен басқа да металл бұйымдарын жылытылатын құрғақ үй-жайларда бөлме температурасында сақтау керек. Сақтау үй-жайларындағы температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы күрт ауытқымауы қажет. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы 60 процентпен аспауға тиiс. Ылғалдылығы жоғары климат аймақтарында сақтау үй-жайындағы салыстырмалы ауа ылғалдылығы 70 проценттен аспауы керек. Бұл жағдайда медицина бұйымдарының сапасын бақылау айына кемiнде бiр рет жүргiзiлуi қажет. 

      87. Коррозияға қарсы майлаусыз алынған хирургия құралдары мен басқа да металл бұйымдарын нормативтiк құжаттама талаптарына сәйкес вазелиннiң жұқа қабатымен майлап қояды. Майланған құралдар жұқа парафин қағазына оралып сақталады. 

      88. Хирургиялық құралдарда оларды қарау, сүрту, майлау және тазалау кезiнде коррозияның пайда болуына жол бермеу үшiн оларды қорғалмаған және дымқыл қолмен ұстауға болмайды. Барлық жұмысшы құралды дәке салфеткасымен, пинцетпен ұстап жүргізу қажет. 

      89. Кесетiн құралдарды (скальпельдер, пышақтар) тотығу мен өтпей қалуды болдырмау үшiн жәшiктердiң немесе пеналдардың арнаулы ұяларына салған күйде сақтайды. 

      90. Хирургиялық құралдар атаулары бойынша жәшiктерде, шкафтарда, қақпақтары бар қораптарда оларда сақталған құралдардың атаулары көрсетiлiп сақталуы керек. 

      91. Әсiресе ораусыз сақталатын құралдар механикалық бүлiнулерден қорғалуы керек, ал өткiр кесетiн детальдар қағазға оралып iргелес заттардың жанасуынан қорғалуға тиiс. 

      92. Хирургия құралдары мен басқа да металл бұйымдарын суық жерден жылы жерге ауыстырғанда оларды сақтау үшiн өңдеудi (сүрту, майлау) және орналастыруды құралдардың "тершiгені" аяқталғаннан кейiн жүргiзу қажет. 

      93. Металл бұйымдарын (шойыннан, темiрден, қалайыдан, мыстан, жезден және басқасынан жасалған) сақтау құрғақ және жылытылатын үй-жайларда жүргiзiлуi қажет. Бұл жағдайда мыс (жез), нейзильберлi және қалайы заттарын майламаса да болады. 

      94. Боялған темiр бұйымдарында тот басу пайда болған жағдайда олар алынып тасталады және бұйымға бояу қайта жағылады. 

      95. Күмiс және нейзильберлi құралдардың үстiңгi жағы қарайған жағдайда резеңкемен, күкiртпен және күкiртi бар қоспалармен бiрге сақтауға болмайды. 

      96. Хирургиялық аспаптарды жаппай, сондай-ақ дәрi-дөрмектермен және резеңке бұйымдармен бiрге сақтауға үзілдi-кесілдi тыйым салынады. 

  21. Медициналық сүліктер 

      97. Медициналық сүлiктердi сақтауға арналған үй-жайлар жарық болуы қажет және оларда дәрi-дәрмек иiсi болмауы керек. Температураның күрт ауытқуына жол бермеуге тиiс, өйткенi бұдан сүлiктер өлiп қалады. 

      98. Сүлiктердi дәрiханаларда 50-100 сүлiкке арналған 3 литр суға есептелген мойны кең шыны сауыттарда ұстау қажет. Сүлiктердiң таралуына жол бермеу үшiн сауытты тығыз бөз салфеткамен немесе қос қабатты дәкемен жабады және жiппен немесе резеңкемен буып тастайды. 

      99. Сүлiктердi сақтауға арналған су таза болуы қажет, онда хлор, пероксид қосындылары, ауыр металдар тұздары, механикалық ластану болмауы қажет, бөлме температурасы сақталуға тиiс. Сауыттағы суды күн сайын ауыстырып отыру қажет, бұл үшiн оны күн ілгерi қолданудан екi тәулiк бұрын дайындап қойған жөн. Суды ауыстырған жағдайда сауыт қабырғаларын iш жағынан шаяды, бұдан кейiн ыдыстың мойнын дәкемен жабады және суды сол арқылы құйып алады. Сауытқа 1/3 банкi таза су құяды. Сүлiктердi ұстаған кезде барынша тазалық сақтау талап етiледi, оларды иiсi бар және улы заттармен қатар қоюға болмайды. Сүлiктер ауырған жағдайда (енжарлық) суды күнiне екi рет ауыстырады. 

  22. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды
сақтаудан кейiн пайдалануға дайындаудың жалпы ережелерi 

      100. Барлық "ангро өнімі" дәрi-дәрмек заттары олармен жұмыс iстеудiң алдында араластырылуға тиiс. Жоғары және қабырға қабаттарындағы дәрi-дәрмек заттарының қабаттарын оның басқа бөлiктерiмен араластыруға ерекше көңiл бөлiнуi қажет. 

      101. Атмосфералық ылғалдың сорбциясынан немесе сорбциясыздығынан немесе ингредиенттердiң (гидролиз, қышқылдану, фотодиструкция және тағысын тағылар) химиялық ыдырауынсыз ерiтiндiнiң ұшып кетуiнен пайда болған әрекетшiл заттар құрамының өзгеруiне байланысты, оларды жартылай фабрикаттарға немесе дайын дәрiлiк заттарға қайта өңдеу кезiнде дәрiлiк заттардағы әрекетшiл заттардың нақты құрамына қайта есептеуге жол берiледi. 

      102. Металл бұйымдарын ораудан босатып, майлаудан тазалау керек. 

      103. Полимер (резеңке және пластмасса) бұйымдарын қолданылып жүрген әдiстемелiк Ережелерге сәйкес санитарлық-гигиеналық қайта өңдеп отыру керек. 

  23. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарға
арналған ыдысқа қойылатын талаптар 

      104. Дәрiлiк заттарды нормативтiк құжаттама талаптарына сәйкес келетiн (тұтыну, топтық, көлiктiк) ыдыста сақтап, тасымалдау қажет. 

      105. Тұтыну ыдыстары мен оны тығындау құралдарының барлық түрлерi нормативтiк құжаттама талаптарына сәйкес дәрiлiк заттардың қасиеттерiне, мақсаты мен мөлшерiне байланысты таңдалуы қажет. Тығындау материалының дәрiлiк заттарға сәйкес келуiне ерекше назар аударылады. 

      106. Тығындау материалы бiрiздiлiгi, тазалығы мен басқа да сапалары бойынша нормативтiк құжаттама талаптарына сәйкес келетiн сынақтан өткізiлуi қажет. 

      107. Өнеркәсiп өнiмiн бөлшектеп өлшеу кезiнде полимер пленкаларына немесе қағазға алғашқы оралған орауларды алдын-ала топтары жинау қажет, бұлар ылғал ауысудан, бу ауысудан немесе атмосферадағы газ ауысуынан қорғалған екiншi орауларға (полимер пленкаларынан жасалған пакеттер, iшi полимермен жабылған картон қораптары және басқасы) оралады. 

      108. Ұшпа, желге шалдыққыш, гигроскопикалық заттардан тұратын дәрiлiк заттар тығындармен немесе нығыздалған элементтерi бар жапқышты комплектiде бұралатын қақпақшаларымен тығындалған банкiлерге немесе сауыттарға оралады. Бұдан кейiн олар бiр атаудан асырылмай көлiк ыдысына (жәшiк, қорап, барабан және басқасы) салынады. 

      109. Таблеткаларды, ашытқыны немесе капсулдарды амортизаторы бар тығындары жоқ ыдыстарға тығындаған кезде тығыздаушы амортизаторлар салынуы қажет. 

      110. Дербес ораусыз таблеткалар, ашытқылар, ұнтақтар кейiннен қаңылтыр, пластмасса банкiлерiне немесе картон қораптарына салынатындай полиэтилен пакеттерiне оралуы қажет. 

      111. Медициналық сүлiктерге арналған ыдыс оларға зиян келтiрмеуi тиiс және ауаның қаптал жетуiн қамтамасыз етуi керек. 

      112. Дәрілiк заттар салынған тұтыну ыдысы топтық ыдысқа (картон қораптары немесе жиынтықтары, кейiннен орайтын қағазға оралады) буып түйiледi. 

      113. Көлiктiк ыдыс буып-түйiлген дәрiлiк заттарды атмосфера қалдықтарының, шаңның әсерiнен, күн сәулелерiнен, механикалық бүлiнулерден сақтауы қажет. 

      114. Ыдысты, буып-түю және тығындау материалын таңдаған кезде "Дәрiлiк заттар. Буып-түю, таңбалау, тасымалдау және сақтау" Мемстандарт ГОСТ 17768-90-Е нормативтiк құжатын басшылыққа алу керек. 

                                     Денсаулық сақтау ұйымдарында
                                        дәрілік заттардың түрлі
                                  топтары мен медициналық мақсаттағы
                                   бұйымдарды сақтау туралы Ережеге
                                             1 Қосымша

              Жарықтан қорғалатын жерде сақтауға жататын 
                           дәрілік заттар
                               Тізбесі

____________________________________________________________________
N№ !       Дәрілік заттардың атауы          ! Сақтаудың қосымша    
р/с!                                        !       шарттары
___!________________________________________!_______________________
_1_!__________________2_____________________!___________3___________
1.   Абактал
2.   Адреналин гидрохлориды                       салқын жер
3.   Аллапинин
4.   Актовегин
5.   Альдомет (Метилдофа)
6.   Аминазин
7.   Ампициллин таблеткалары
8.   Аминокапронды қышқыл
9.   Анальгин (Метамизол)
10.  Ангисепт
11.  Анестезин
12.  Антипирин
13.  Апрессин
14.  Арпенал (Метацин)
15.  Атенолол (Бетакард)
16.  Ацеклидин
17.  Ацемин
18.  Аэровит
19.  Бекарбон
20.  Бензогексоний
21.  Бензонал
22.  Бепаск
23.  Беродуал
24.  Билигност
25.  Бильтрицид (Цесол, Цистидид)
26.  Бромгексин (Бисольвон, Сольвин)
27.  Бромизовал (Бромурал)
28.  Бромкамфора
29.  Бромэргон
30.  Бронхо-Мунал капсулдары 
31.  Букарбан
32.  Бутадион
33.  Валидол                                  + 20оС-ден жоғары емес
34.  Вентер (Сукралфат)
35.  Верапамил (Изоптин, Финоптин)
36.  Вибрамицин капсулдары (Доксициклин)
37.  Викасол
38.  Винпоцетин (Кавинтон)
39.  Негiзгi висмут нитраты
40.  В тобының витаминдерi, ұнтақ,
     ампулдар, таблеткалар                       бөлме температурасы
41.  Витафакол
42.  Вишневский линиментi
43.  Гарамицин (Гентамицин)
44.  Гастроцепин
45.  Гексамедин
46.  Гидрокортизон
47.  Гидроперит                               + 20оС-ден жоғары емес
48.  Гинальгин
49.  Гистидин гидрохлориды
50.  Глауцин
51.  Глибенкламид (Манинил)
52.  Глидеринин
53.  Гумизоль
54.  Гутрон (Мидодрин)
55.  Гутталакс
56.  Декамевит
57.  Делагил
58.  Дерматол                                 + 20оС-ден жоғары емес
59.  Диазепам (Валиум, Реланиум,
     Седуксен, Сибазон)
60.  Диазолин
61.  Дигален -нео
62.  Дигоксин
63.  Дигитоксин
64.  Дийодтирозин
65.  Диклофенак-натрий (Вольтарен, Диклоберл,
     Диклак, Наклофен, Ортофен, Реводина)
66.  Димедрол
67.  Димеколин
68.  Дифенин
69.  Диэтилстильбэстрол
70.  Ибупрофен (Бруфен, Долгит, Ибусан)
71.  Хлор әгi
72.  Илозон (Эритромицин эстолаты)
73.  Индометацин (Метиндол)
74.  Калипсол
75.  Калий иодиды
76.  Кальцийодин
77.  Кальций фолинаты
78.  Инъекцияға арналған майдағы
     камфор ерiтiндiсi
79.  Карбоплатин
80.  Катапресан (Гемитон, Клофелин)
81.  Келфаприн
82.  Кеналог (Триамцинолон ацетониды)
83.  Аминокапронды қышқыл
84.  Аскорбин қышқылы
85.  Ацетилсалицилдi қышқыл (Аспирин)
86.  Никотин қышқылы
87.  Салицилдi қышқыл
88.  Клафоран (Цефотаксим)
89.  Клинорил (Сулиндак)
90.  Клотримазол (Канестен)
91.  Кодеин
92.  Кодеин фосфаты
93.  Компламин (Ксантинол никотинаты, Теоникол)
94.  Коразол
95.  Коргликон
96.  Кордарон (Амиодарон, Седакорон)
97.  Кордиамин
98.  Коризан
99.  Коринфар (Адалат, Кальцигард,
     Кордафен, Кордипин, Нифедипин)
100. Иньекцияға арналған кортикотропин        + 20оС-ден жоғары емес
101. Котарнин хлориды
102. Красавка жапырағы
103. Крахмал
104. Кристепин
105. Кромосол аэрозолi (Интал, Ломузол)
106. Ксилодонт (Лидокаин)
107. Ксимелин (Ксилометазолин)
108. Кызылмай
109. Ламизил (Тербинафин)
110. Левомицетин
111. Леспенефрил (Леспефлан)
112. Либракс
113. Линкомицин
114. Лопедиум (Лоперамид)
115. Магний гидроксидi (Милк оф)
116. Мажептил
117. Неомициндi май
118. Метацин
119. Метронидазол (Клион, Метрогил, Трихопол)
120. Модитен -депо (Флуфеназин)
121. Морфин гидрохлориды
122. Мотилиум (Домперидон)
123. Иньекцияға арналған Мпии (Бинотал)
124. Налоксон
125. Напроксен (Напросин)
126. Натрий оксибутираты
127. Наперстянка жапырағы
128. Нафтизин
129. Неомицин сульфаты                       + 20оС-ден жоғары емес
130. Неробол (Метандиенон)
131. Низорал (Кетоконазол, Кетозол)
132. Никотинамид
133. Нитразепам (Берлидорм)
134. Нитрофунгин (Хлоронитрофенол)
135. Нитроксолин (5-НОК)
136. Ниттифор (Перметрин)
137. Новокаин
138. Новодрин
139. Норадреналин гидрохлориды                   салқын жер
140. Обзидан (Анаприлин, Пропранолол)
141. Оксациллиндi натрий тұзы
142. Оксафенамид
143. Окситетрациклин гидрохлориды
144. Окситоцин
145. Оксициклозоль
146. Омнопон
147. Омнадрен (Сустанон-250)
148. Оранил (Букарбан, Карбутамид)
149. Папаверин гидрохлориды
150. Палин (Пипемидий қышқылы, Пимидель)
151. Памба
152. Панзинорм
153. Парацетомол (Акамол, Ацетаминофен,
     Дарвал, Калпол, Панадол, Тайленол
     Эффералган)
154. Парлодел (Бромокриптин)
155. Пелентан (Неодикумарин)
156. Петамин
157. Пергидроль                             + 20оС-ден жоғары емес,
                                             талшық тығынының газ 
                                            шығаратын түтігі болуы
                                                 керек   
158. Пергонал (Минотропин)
159. Пикамилон
160. Пилокарпин гидрохлориды
161. Пипольфен (Дипразин, Прометазин)
162. Пирацетам (Ноотпропил)
163. Пирроксан
164. Плаксидокс
165. Повидон-йод (Бетадин)                    + 20оС-ден жоғары емес
166. Полижинакс
167. Празозин (Адверзутен, Пратсиол)
168. Преднизолон
169. Прогестерон
170. Прозерин
171. Пропазин
172. Просидол
173. Промедол
174. Псорален ерiтiндiсi
175. Ранитидин (Зантак, Зоран, Ранисан)
176. Ревит
177. Редергин (Дигидроэрготоксин)
178. Реладорм
179. Ренитек (Эналаприл)
180. Реопирин
181. Ретаболил
182. Рефортан
183. Рибоксин (Инозин)
184. Ризаксил тамшылары
185. Римифон (Изониазид, Тубазид)
186. Риностас Е және К
187. Ритмонорм (Пропафенон)
188. Рифампицин (Бенемицин, Рифадин, Рифампин)
189. Салициламид
190. Еритiн салюзид
191. Санорин
192. Сапарал                                     салқын жер 
193. Сибелиум (Флунаризин)
194. Синафлан (Синалар, Флуцинар) майы           салқын жер
195. Синепрес
196. Синоприл (Лизиноприл)
197. Шырындар                                    салқын жер
198. Сифлокс (Цепрова, Ципрофлоксацин,
     Ципросан, Цифран, Цифлокс, Ципролет)
199. Скополамин гидробромиды
200. Соптрим (Бактрим, Берлоцид, Бисептол,
     Сульфаметаксазол + триметоприм)
201. Спазмолитин
202. Стадаглицин аэрозолi
203. Стугерон (Циннаризин)
204. Сульфокамфокаин
205. Суправит
206. Тамоксифен (Зитазониум, Нолвадекс)
207. Тардиферон
208. Тенипозид
209. Теофиллин
210. Тетацин-кальций
211. Тетралгин
212. Тетрациклин гидрохлориды
213. Тиенам
214. Тинидазол (Тиниб, Фасижин)
215. Тиреотом
216. Торекан (Тиэтилперазин)
217. Травоген (Изоконазол)
218. Тразикор-20
219. Триамциналон (Берлокорт, Кенакорт,
     Полькортолон)
220. Триовит
221. Тробицин (Спектиномицин)
222. Ультравист (Йопромид)
223. Унипресс (Нитрендипин)
224. Фенилсалицилат                          жақсы тығындалған ыдыс,
                                            + 40оС-ден жоғары емес 
225. Фенкарол
226. Феноксиметилпенициллин
227. Ферроплекс
228. Физостигмин салицилаты
229. Флемоксин (Амоксициллин)
230. Флонидан суспензия
231. Форидон
232. Формальдегид ерiтiндiсi (Формалин)      + 9оС-ден аспауы керек
233. Фортрал (Пентазоцин)
234. Френолон (Метофеназат)
235. Фукорцин
236. Фурагин
237. Фуразолидон
238. Хеферол
239. Хлоргексидин
240. Хинин гидрохлориды, дигидрохлориды,
     сульфаты                               жақсы тығындалған ыдыста
241. Хлорацизин
242. Хлорбутин                                   салқын жер
243. Хлордиазепоксид (Либриум,
     Хлозепид, Элениум)
244. Хлорпротиксен
245. Холагол
246. Гарамициндi целестодерм
247. Целестон
248. Церукал (Метоклопрамид, Реглан)
249. Цефалексин (Орацеф, Споридекс)
250. Цефалотин натрий тұзы (Кефлин)
251. Цефокситин (Мефоксин)
252. Цикловир
253. Цистеин
254. Ципрофлоксацин
255. Цитизин
256. Эвитол (Е витаминi)
257. Эдекс (Алпростадил)
258. Алоэ экстракты
259. Красавка экстракты
260. Левзей экстракты
261. Эндрюс-Ансвер
262. Эноксапарин
263. Эспераль (Дисульфирам)
264. Этазол-натрий
265. Этамбутол
266. Этилморфин (Дионин)
267. Этимизол гидрохлориды
268. Этинилэстрадиол (Микрофоллин)
269. Этионамид                               + 20оС-ден жоғары емес
270. Эуфиллин (Аминофиллин)

                                            Денсаулық сақтау ұйымдарында
                                        дәрілік заттардың түрлі
                                  топтары мен медициналық мақсаттағы
                                   бұйымдарды сақтау туралы Ережеге
                                               2 Қосымша

                     Ауа ылғалын сіңіріп алатын 
                        дәрілік заттар
                           Тізбесі

____________________________________________________________________
N№ !       Дәрілік заттардың атауы          ! Сақтаудың қосымша   
р/с!                                        !       шарттары
___!________________________________________!_______________________
1_!__________________2_____________________!___________3____________
1.  Амизил                                     салқын жер
2.  Аминазин ұнтағы, таблеткалар               қараңғы жер
3.  Аммоний хлориды
4.  Апрессин ұнтағы, таблеткалар
5.  Ацетилхолин хлориды
6.  Калий бензилпенициллинi,
    натрий тұзы
7.  Бутамид ұнтағы, таблеткалар
8.  Галаскорбин* ұнтағы, таблеткалар           салқын, қараңғы жер
9.  Ганглерон ұнтағы
10. Гексенал                                   салқын, қараңғы жер 
11. Глицерин
12. Глюкоза ұнтағы, таблеткалар
13. Горчичниктер                               қараңғы жер
14. Гризеофульвин ұнтағы, таблеткалар
15. Декамин ұнтағы                             қараңғы жер
16. Дибазол ұнтағы, таблеткалар                қараңғы жер
17. Димедрол* ұнтағы, таблеткалар              қараңғы жер 
18. Динезин ұнтағы, таблеткалар                қараңғы жер
19. Дипразин ұнтағы                            қараңғы жер 
20. Медициналық желатин*
21. Изониазид (Римифон, Тубазид)
    ұнтағы                                     қараңғы жер
22. Имизин* (Имипрамин) ұнтағы                 қараңғы жер
23. Калий ацетаты*                             қараңғы жер
24. Калия йодиды ұнтағы, таблеткалар           қараңғы жер
25. Кальций хлориды* ұнтағы
26. Кальций сульфаты (Гипс)
27. Карбахолин                                 қараңғы жер
28. Барлық түрдегi квасцалар
29. Фолий қышқылы                              қараңғы жер
30. Котарнин хлориды                           қараңғы жер 
31. Метилтестостерон
32. Натрий бромиды ұнтағы, таблеткалар         қараңғы жер
33. Натрий йодиды                              қараңғы жер
34. Натрий нитриты
35. Натрий пара-аминосалицилаты
    (ПАСК-натрий) ұнтағы, түйiршiктер          қараңғы жер
36. Натрий салицилаты ұнтағы,
    таблеткалар                                қараңғы жер
37. Натрий хлориды ұнтағы, таблеткалар
38. Нафтамон                                   қараңғы жер
39. Неодикумарин* (Пелентан)                   қараңғы жер
40. Никодин*                                   қараңғы жер,
                                          + 20оС-ден жоғары емес
41. Норсульфазол-натрий                        қараңғы жер
42. Оксазил                                    қараңғы жер
43. Оксациллин натрий тұзы
44. Оксилидин ұнтағы, таблеткалар
45. Окситетрациклин
    дигидраты, гидрохлориды                    қараңғы жер
46. Панкреатин                                 салқын жер
47. Пантоцид                                   салқын, қараңғы жер 
48. Пентамин ұнтағы                            қараңғы жер
49. Пепсин                                 + 2оС-ден + 15оС-ге дейін
50. Пилокарпин гидрохлориды ұнтағы             қараңғы жер 
51. Пиперазин адипинаты* ұнтағы,
    таблеткалар
52. Прозерин ұнтағы, таблеткалар               қараңғы жер
53. Пропазин ұнтағы, таблеткалар               қараңғы жер
54. Протаргол                                  қараңғы жер
55. Секуринин нитрат ұнтағы,
    таблеткалар
56. Аналық қара күйе                           салқын, қараңғы жер
57. Стрептомицин сульфаты
58. Строфантин К ұнтағы                        салқын, қараңғы жер
59. Сульфацил-натрий (Альбуцид-натрий)         қараңғы жер
60. Танин
61. Тетрациклин гидрохлориды                   қараңғы жер
62. Тиамин хлориды, бромиды                    металмен байланыссыз
    (В1 витаминi ұнтағы, таблеткалар)          қараңғы жер
63. Тиопентал-натрий                           салқын, қараңғы жер
64. Тиреоидин                                  салқын, қараңғы жер
65. Трихомонацид ұнтағы, таблеткалар           қараңғы жер 
66. Байытылған көмiр
67. Фурадонин                                  қараңғы жер
68. Хиниофон (Ятрен)                           қараңғы жер
69. Хлоралгидрат                               салқын, қараңғы жер
70. Б хлорамині                                салқын, қараңғы жер
71. Целанид ұнтағы, таблеткалар                қараңғы жер
72. Цитизин                                    қараңғы жер
73. Қою, құрғақ экстракттар                    салқын, қараңғы жер
74. Эметин гидрохлориды ұнтағы                 қараңғы жер
75. Эритромицин                                қараңғы жер
76. Этаминал-натриц 
 

       * Препараттарды герметикалық тығындалған, үстіңгі жағына
парафин құйылған шыны ыдыста сақтау керек.

                                     Денсаулық сақтау ұйымдарында
                                        дәрілік заттардың түрлі
                                  топтары мен медициналық мақсаттағы
                                   бұйымдарды сақтау туралы Ережеге
                                              3 Қосымша

                      Ұшып кететін қасиеттері бар 
                          дәрілік заттар
                              Тізбесі
____________________________________________________________________
N№ !       Дәрілік заттардың атауы          ! Сақтаудың қосымша     
р/с!                                        !       шарттары
___!________________________________________!________________________
1_!__________________2_____________________!___________3___________
1.   Аммиак ерітіндісі                         салқын жер
2.   Бромкамфора                               қараңғы жер
3.   Йод                                       қараңғы, салқын жер
4.   Йодокамформ                               қараңғы, салқын жер 
5.   Камфора                                   салқын жер
6.   Ментол                                    қараңғы жер
7.   Метилсалицилат                            қараңғы жер
8.   Металды сынап                             салқын жер
9.   Тимол                                     қараңғы жер
10.  Формалин                                  қараңғы жер, 
                                            + 9оС-ден аспауы керек
11.  Хлоралгидрат                           қараңғы, салқын жер     
12.  Эфир майлары                           + 15оС-ден жоғары емес

                                     Денсаулық сақтау ұйымдарында
                                        дәрілік заттардың түрлі
                                  топтары мен медициналық мақсаттағы
                                   бұйымдарды сақтау туралы Ережеге
                                                4 Қосымша 

                    Кристализацияланған суды жоғалтатын 
                            дәрілік заттар
                                Тізбесі

____________________________________________________________________
N№ !       Дәрілік заттардың атауы          ! Сақтаудың қосымша     
р/с!                                        !       шарттары
___!________________________________________!_______________________
_1_!__________________2_____________________!___________3___________
1. Акрихин ұнтағы                             қараңғы жер,
                                               салқын тығындалған 
                                               ыдыста
2. Анальгин ұнтағы, таблеткалар               қараңғы жер
3. Апаморфин гидрохлориды ұнтағы              қараңғы жер
4. Бензилпенициллиндi новокаин тұзы           қараңғы жер,
                                            + 18оС-ден жоғары емес
5. Викасол ұнтағы, таблеткалар
6. Глюкоза ұнтағы, таблеткалар
7. Темiр тотығы сульфаты                      жарық жер 
8. Темiр тотығы лактаты                       қараңғы жер
9. Кальцекс таблеткалары
10. Кальций глицерофосфаты
11. Кальций глюконаты ұнтағы,
     таблеткалар
12. Кальций лактаты
13. Барлық түрдегi квасцалар
14. Кодеин фосфаты                            қараңғы жер
15. Кодеин                                жақсы тығындалған ыдыста 
16. Котарнин хлориды (Стиптицин)
     ұнтағы                                    қараңғы жер
17. Кофеин ұнтағы
18. Магний сульфаты ұнтағы
19. Жез сульфаты
20. Меркаптопурин (Лейкарин)
21. Метилендi көк
22  Натрий арсенаты
23. Натрий гидроцитрат ұнтағы
24. Натрий пара-амино-салицилаты
     (ПАСК-натрий) ұнтағы, таблеткалар         қараңғы жер
25. Натрий сульфаты
26. Натрий тиосульфат ұнтағы
27. Натрий тетрабораты
28. Натрий фосфаты                            салқын жер
29. Натрий цитраты
30. Норсульфазол-натриi                       салқын жер 
31. Рутин ұнтағы                              қараңғы жер
32. Қорғасын ацетаты ұнтағы
33. Скополамин гидробромиды ұнтағы            қараңғы жер
34. Сульгин ұнтағы, таблеткалар
35. Сульфацил-натрий
     (Альбуцид-натрий) ұнтағы                  құрғақ, қараңғы жер
36. Теофиллин ұнтағы
37. Тиамин бромиды, хлориды ұнтағы            металмен байланыссыз,
                                               қараңғы жер
38. Терпингидрат ұнтағы
39. Уросульфан ұнтағы, таблеткалар            құрғақ жер
40. Фтивазид ұнтағы, таблеткалар
41. Хинин сульфаты ұнтағы, таблеткалар        қараңғы жер
42. Б хлораминi
43. Мырыш сульфаты ұнтағы
44. Этилморфин гидрохлориды                   қараңғы жер
45. Эмитин гидрохлориды                       қараңғы жер

                                    Денсаулық сақтау ұйымдарында
                                       дәрілік заттардың түрлі
                                 топтары мен медициналық мақсаттағы
                                  бұйымдарды сақтау туралы Ережеге
                                              5 Қосымша

       Ескерту: Қосымша алынып тасталды - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

                                    Денсаулық сақтау ұйымдарында
                                       дәрілік заттардың түрлі
                                 топтары мен медициналық мақсаттағы
                                  бұйымдарды сақтау туралы Ережеге
                                              6 Қосымша

       Ескерту: Қосымша алынып тасталды - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз). 

                                    Денсаулық сақтау ұйымдарында
                                       дәрілік заттардың түрлі
                                 топтары мен медициналық мақсаттағы
                                  бұйымдарды сақтау туралы Ережеге
                                              7 Қосымша

           Yсуден сақтауды талап ететiн дәрiлiк заттар
                           Тiзбесi 

1. Алмагель суспензиясы 
2. Алоэ линиментi 
3. Адиурекрин майы 
4. АТФ (Фосфобион) 
5. Бекотид аэрозолi 
6. Беродуап аэрозолi 
7. Беротек аэрозолi 
8. Вамин 
9. Верографин 
10. Витогепат 
11. Барлық түрдегi гамма-глобулиндер 
12. Инъекцияға арналған дезоксикортикостерон триметилацетаты 
13. Дибунол линиментi 
14. Медициналық өт 
15. Асқабақ шырыны 
16. Барлық түрдегi инсулиндер 
17. Барлық түрдегi иммуноглобулиндер 
18. Канестен 
19. Липофундин (Интралипид) 
20. Маннитол 
21. Маммотоцин 
22. Мараславин 
23. Инъекцияға арналған метилэргометрин ерітіндісі 
24. Инъенкцияға арналған метронидазол (Клион, Метрогил, Трихопол,
    Эфлоран) ерiтiндiсi
25. Оксипрогестерон капронаты
26. Пармидин майы
27. Сутегi пероксидi ерiтiндiсi
28. Пиперазин адипинат ерiтiндiсi
29. Пелоидин
30. Протамин сульфаты
31. Инъекцияға арналған реопирин (Пирабутол) ерiтiндiсi
32. Реополиглюкин
33. Салазопиридазин суспензиясы
34. Сальбутамол аэрозолi
35. Санорин
36. Әйнектүсті дене
37. Сустак-митте, Сустак-форте таблеткалары
38. Инъекцияға арналған флунитразепам (Рогипноль) ерітіндісі
39. Фолликулин
40. Формальдегид (Формалин) ерітіндісі
41. Фосфэстрол (Хонван)
42. Фторфеназин-деканоат (Модитен-депо)
43. Инъекцияға арналған эглонил ерітіндісі
44. Этаден
45. Инъекцияға арналған эргометрин ерітіндісі

                                    Денсаулық сақтау ұйымдарында
                                       дәрілік заттардың түрлі
                                 топтары мен медициналық мақсаттағы
                                  бұйымдарды сақтау туралы Ережеге
                                              8 Қосымша

                      Көмір қышқыл ауамен реттелетін 
                          дәрілік заттар
                              Тізбесі

____________________________________________________________________
N№ !       Дәрілік заттардың атауы          ! Сақтаудың қосымша 
р/с!                                        !       шарттары
___!________________________________________!_______________________
_1_!__________________2_____________________!___________3___________
1. Апоморфин гидрохлориды ұнтағы              құрғақ, қараңғы жер
2. Барбитал-натрий                            құрғақ жер
3. Гексенал                                 құрғақ, салқын, қараңғы
                                             жер
4. Дифенин                                    құрғақ жер
5. Магний оксиді                            құрғақ, қараңғы жер 
6. Норсульфазол-натрий                        құрғақ, қараңғы жер
7. Темисал                                    құрғақ, қараңғы жер
8. Мырыш оксиді                               құрғақ жер
9. Этазол-натрий ұнтағы                       құрғақ жер
10. Этаминал-натрий                           құрғақ жер
11. Эуфиллин ұнтағы, таблеткалар              құрғақ, қараңғы жер

                                    Денсаулық сақтау ұйымдарында
                                       дәрілік заттардың түрлі
                                 топтары мен медициналық мақсаттағы
                                  бұйымдарды сақтау туралы Ережеге
                                              9 Қосымша

                      Хош иісі бар дәрілік заттар
                              Тізбесі 

____________________________________________________________________
N№ !       Дәрілік заттардың атауы          ! Сақтаудың қосымша
р/с!                                        !       шарттары
___!________________________________________!_______________________
_1_!__________________2_____________________!___________3___________
1. Аммиак ерітіндісі                          салқын жерде
2. Валидол                                    салқын жерде
3. Қарамай 
4. Хлор әгі                                  жеке, қараңғы, құрғақ,
                                               салқын жерде
5. Ихтиол 
6. Йодоформ                                   қараңғы, салқын жерде
7. Камфора                                    салқын жерде
8. Ксероформ                                  жарық пен ылғалдан
                                               қорғалған ыдыста
9. Метилсалицилат                             қараңғы жерде
10. Ментол                                    салқын жерде
11. Мүсәтірлі-анисті тамшылар                 қараңғы, салқын жерде
12. "АСД" препараты                           салқын жерде
13. Скипидар                                  қараңғы жерде,
                                              + 15оС-ден жоғары емес
14. Тимол                                     қараңғы, салқын жерде
15. Фенол                                     қараңғы, салқын жерде
16. Формалин                                  қараңғы жерде,
                                              + 9оС-ден аспауы керек
17. Б хлорамині                              жеке, қараңғы, құрғақ,
                                               салқын жерде
18. Эфир майлары                             қараңғы, салқын жерде,
                                              + 15оС-ден жоғары емес

                                    Денсаулық сақтау ұйымдарында
                                       дәрілік заттардың түрлі
                                 топтары мен медициналық мақсаттағы
                                  бұйымдарды сақтау туралы Ережеге
                                              10 Қосымша 

                      Бояйтын дәрілік заттар
                           Тізбесі 

____________________________________________________________________
N№ !       Дәрілік заттардың атауы          ! Сақтаудың қосымша     
р/с!                                        !       шарттары
___!________________________________________!_______________________
_1_!__________________2_____________________!___________3___________
1. Акрихин                                    құрғақ, қараңғы жер
2. Бриллиантты жасыл                          оттан алыс
3. Инъекцияға арналған индигокармин
4. Калий перманганаты                         құрғақ жер      
5. Метиленді көк                              құрғақ, қараңғы жер
6. Рибофлавин (В2 витамині)                   құрғақ, қараңғы жер
7. Фурациллин (Нитрофурол)                    құрғақ, қараңғы жер
8. "Фукроцин" ерітіндісі                      салқын, қараңғы жер
9. Фуксин                                     қараңғы жер
10. Этакридин лактаты                         құрғақ, қараңғы жер

                                    Денсаулық сақтау ұйымдарында
                                       дәрілік заттардың түрлі
                                 топтары мен медициналық мақсаттағы
                                  бұйымдарды сақтау туралы Ережеге
                                              11 Қосымша 

                Улы және күштi әсер ететiн заттары бар 
                дәрi-дәрмектiк өсiмдiк шикiзаты

1. Барбарис түбiрi мен жапырағы
2. Барвинка шөбi
3. Меңдуана жапырағы
4. Сасық меңдуана жапырағы, жидегi
5. Красавка жапырағы, түбiрi
6. Крестовник шөбi, түбiрi бар түбiршiктер
7. Көкнар қалқандары
8. Қара алқа шөбi
9. Таңдамалы плаун шөбi
10. Раувольфия түбiрi
11. Жас бұтақ түбiрi
12. Скополия түбiршiктерi
13. Аналық қара күйе
14. Ақмия шөбi мен тұқымы
15. Чилибуха тұқымы
16. Усарғалдақ шөбi
17. Томар дәрi тамыры     

    Жүрек гликозиды бар дәрiлiк өсiмдiк шикiзаты     

1. Жанаргүл шөбi
2. Наперстянка жапырағы
3. Строфант тұқымы
4. Меруетгүл шөбi
5. Сарыбас шөбi
6. Олеандр жапырағы     

   Эфир майлары бар дәрiлік өсiмдiк шикiзаты     

1. Андыз түбiрi
2. Анис жемiсi
3. Арник гүлдерi
4. Қазанақ
5. Қайың бүршіктері
6. Дәрілік шүйгін шөп
7. Девясил түбірлері
8. Киікоты
9. Кориандр жемістері
10. Арша жемістері
11. Бұрыш жалбыз жапырағы
12. Пижма гүлдері
13. Самырсынның қылқан жапырағы
14. Кермек жусан шөбі мен жапырақтары
15. Дермене гүлдері
16. Қызыл бұрыш жемістері
17. Түймедағы дәріхана гүлдері
18. Қарағай бүршіктері
19. Тас шөп
20. Зере жемістері
21. Мыңжапырақ шөбі
22. Фенхель жемістері
23. Құлмақ
24. Жебір шөп
25. Шалфей жапырағы
26. Эвкалипт жапырағы мен жемістері

                                     Денсаулық сақтау ұйымдарында
                                    дәрілік заттардың түрлі топтары
                                       мен медициналық мақсаттағы
                                       бұйымдарды сақтау жөніндегі
                                         нұсқаулыққа 12-қосымша

       Ескерту: 12-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы
N 89 бұйрығымен.

            Ауаның температурасын есепке алу журналы

Күні

Термометрдің көрсетуі

Қолы 




        Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын есепке алу журналы

Күні

Термометрдің
көрсетуі
(үй-жайдағы
температура)

Аспаптың көрсетуі
(психрометр, гигрометр)

Қолы

Құрғақ
аспаптың
көрсетуі

Ылғал
аспаптың
көрсетуі

Салыстырмалы
ылғалдық







          Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау, білім   
және спорт министрлігі   
Денсаулық сақтау комитетінің
1999 жылғы "__"_______   
N ___________бұйрығымен  
Бекітілген         

  Денсаулық сақтау ұйымдарында тұтанғыш
және жарылғыш қасиеттерi бар дәрiлiк 
заттарды сақтау мен ұқыпты ұстау тәртiбi туралы 
Ереже 

  1. Жалпы ережелер 
 

        1. Осы Ереже меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық денсаулық сақтау ұйымдарында қолданылады. 

      2. Ереже тұтанғыш және жарылғыш қасиеттерi бар дәрiлiк заттарды сақтау мен ұқыпты ұстау кезiнде денсаулық сақтау ұйымдарында өрт қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау мен техника қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды белгілейдi. 

      3. Денсаулық сақтау ұйымдарында қызметкерлерi осы Ережеде баяндалған барлық талаптарды бiлуi және орындауы қажет. 

      4. Ереже талаптарын орындау жауапкершiлiгi ұйымның иесiне немесе бiрiншi басшысына (бұдан былай мәтiн бойынша - басшы) жүктеледi. 

      5. Басшылар: 
      1) қамтушы қызметшiлердiң осы Ережені орындауын қамтамасыз етуге, белгiленген өртке қарсы режимнiң қатаң сақталуын бақылап отыруға; 
      2) өрт шыққан ретте қамтушы қызметшiлердiң мiндеттерiн, адамдарды көшiру мен материалдық құндылықтарды құтқару жоспарын әзiрлеуге; 
      3) эвакуация жолдарының жай-күйiн, электр өткiзгiштiң, электр жабдығының, жылыту мен вентиляцияның пайдаланылуының дұрыстығын қадағалауға, өрттiң шығуына әкелiп соғылуы мүмкiн бұзылушылықтарды дер мезгiлiнде жою шараларын қолдануға; 
      4) тұтанғыш, жарылғыш дәрiлiк заттарды, жанғыш газдарды сақтау мен ұқыпты ұстау, бақытсыз жағдайда жәбiрленушiге алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелерiн қосқанда кiрiспе, алғашқы және кезеңдiк Ережені өткiзудi қамтамасыз етуге; 
      5) тұтанғыш және жарылғыш заттарды сақтауға арналған үй-жайларды өрт сөндiрудiң алғашқы құралдарымен, қорғау және өртке қарсы сигнализациямен және оларды дұрыс қалпында ұстауды қамтамасыз етуге; 
      6) өрт қорғау қызметкерлерiн күштi әсер ететiн, улы және тұтанғыш заттардың болуы және сақталу орындары туралы хабардар етуге мiндеттi. 

      6. Жұмысқа қайта алынған адамдар өрт қауiпсiздiгi шараларын сақтау туралы, өртке қарсы қызметті шақыру тәсiлдерi туралы Ережеден өтуi, объектiде бар өрт сөндiру құралдарын iс жүзiнде қолдана бiлуi қажет. 

      7. Жеңіл тұтанатын сұйықтармен, кислородпен жұмыс iстеуге жiберiлген адамдар алдын-ала Ережеден өтуi қажет.

      8. Тұтанғыш заттар сақталатын жерлерде, сондай-ақ жұмыс процесiнде жоғарыда көрсетілген заттар пайдаланылатын жұмыс орындарында осы Ереже болуы қажет.

      9. Денсаулық сақтау ұйымдарында өрт немесе табиғи апат пайда болған жағдайында эвакуация жоспары жасалып бекiтiлуi қажет.     

  2. Тұтанғыш және жарылғыш заттар сақталатын 
үй-жайларға қойылатын талаптар

      10. Жақын маңдағы аумақта тазалық сақталуы қажет Барлық жанғыш күл-қоқыс пен қалдықтарды арнайы бөлiнген учаскелерде жүйелi түрде шығару (тасу) қажет.

      11. Сақтау үй-жайларында есiктердi, өтпелi жерлердi, дәліздердi, баспалдақтарды, баспалдақ алаңдарын түрлi материалдармен және бос ыдыстармен үйiп тастауға болмайды. 

      12. Өрт сөндiрудiң алғашқы құралдарына (өрт крандары, өрт сөндiргiштер, құм салынған жәшiктер) баратын жолдарды бөгеуге болмайды. 

      13. Материалдар мен дәрi-дәрмектердi электр өткiзгiштер мен электр шамдарына жақын жинауға тыйым салынады. Соңғылары жиналатын материалдардан кемiнде 0,4 метр қашықтықта болуы қажет. 

      14. Ұйым ғимараты өрт сөндiруге арналған сумен қамтамасыз етілуге тиiс. Өртке қарсы су құбыры болмаған жағдайда сумен қамту сыйымдылығы 50 текше метр табиғи немесе жасанды су қондырғыларын (резервуарларын) пайдалану жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн. 

      15. Дәрiхана ұйымында, әрбiр материалдық бөлмеде 50 шаршы метр алаңға арналған бiр өрт сөндiрушi, қалған үй-жайларда бiр өрт сөндiрушi құрал болуы қажет. Өрт сөндiргiштердi вентельдерге iлiп қоюға, жылыту аспаптарының маңына, күн қызуына орналастыруға болмайды. 

      16. Тұтанғыш және жарылғыш заттарды сақтауға арналған үй-жайлар оқшау, құрғақ, тiке күн сәулелерiнен атмосфера шөгiнділерi мен жер асты суларынан қорғалған болуы қажет. Бұл үй-жайлар, сондай-ақ оған жанасатын дәлiздер мен қосымша-қосалқы үй-жайлар механикалық сору-тарту вентиляция құралымен жабдықталуға тиiс. 

      17. Жеңiл тұтанғыш заттарды сақтауға арналған ғимараттар жанбайтын және ауыр жанатын материалдардан салынуы және басқа қойма ғимараттарынан кемiнде 20 метр және тұрғын үйлерден 50 метр қашықтықта орналасуы қажет. 

      18. Жертөле үй-жайларында отқа қауiптi заттарды, сондай-ақ жеңiл тұтанатын және жанғыш сұйықтарды сақтауға арналған қоймалар құруға болмайды. 

      19. Тұтанғыш және жарылғыш дәрілiк заттарды бiртектiлiк принципі бойынша және олардың физикалық-химиялық және өртке қауiптi қасиеттерi мен буып-түю сипатына сәйкес сақтау керек. Осы мақсатпен қоймалар бiр-бiрiнен тұйық, жанбайтын қабырғалармен (қалқалармен) оқшауланған үй-жайларға (бөлiктерге) бөлiнедi. 

      20. Жеңiл тұтанатын заттарды сақтауға арналған жеке қоймалар болмаған жағдайда оларды көршi үй-жайлардан мiндеттi түрде оқшауланған және өрт қауiпсіздiгi талаптарына толық сай келетiн жалпы жанбайтын құрылыстарда сақтауға жол берiледi. Бұл үй-жайларда сору-тарту вентиляциясы болуы шарт. 

      21. Қоймалар мен жүк түсiру алаңдарының едендерi шұңқырларсыз, кедiр-бұдырсыз, нық, тегiс болуы керек. Едендер адамдардың, жүктер мен көлiк құралдарының ыңғайлы және қауiпсіз қозғалысын қамтамасыз ететiндей мейлiнше берiк және сақталатын материалдардың ауырлығын көтеретiндей, қойма үй-жайын тез және жеңiл жинауды қамтамасыз ететiндей болуы қажет. 

      22. Тұтанғыш және жарылғыш дәрiлiк заттарды сақтауға арналған қоймалар үй-жайлары тиiстi жүктемеге есептелген жанбайтын және берiк стеллаждармен және тұғырықтармен жабдықталуы қажет. Стеллаждар еден мен қабырғадан 25 сантиметр қашықтықта орналастырылады, стеллаждардың енi 1 метрден аспауға және бұрылу үшiн кемiнде 25 сантиметр болуға тиiс. Стеллаждар арасындағы өтетін аралықтар 1,35 метр болуы шарт. 

      23. Электр өткiзгiш, жарық беру арматурасы мен электр жабдығы жарылыстан қауiпсiз болуы қажет (электр өткізгiш трубаларда, электр шамдары герметикалық арматурада болуы керек), ал жарық сөндiргiштер мен автомат кнопкалары дәлiздерде орналастырылуы шарт. 

      24. Тұтанғыш және жарылғыш заттарды сақтау үй-жайлары қорғау және өрт сигнализациясымен қамтамасыз етiлуге тиiс. 

      25. Жанғыш сұйықтар мен жеңiл тұтанғыш сұйықтарды сақтауға арналған үй-жайлар бiрiншi қабатта орналасуы қажет, сыртқы қабырғасында кемiнде 1,1 шаршы метр терезе ойығы болғаны жөн оның енi немесе биiктiгi кемiнде 0,75 метр болуы шарт, темiрбетон қалқасы кемiнде 0,75 сағат отқа төзiмдi шекте жанбайтын қабырғалары болуы шарт, еден есiктен еңкiш цементтеледi, есiктiң отқа төзiмдiлiгi кемiнде 0,6 сағат, сыртқа немесе дәлiзге тiкелей шығатын барлық басқа үй-жайлардан оқшауланған бөлiгi болуы қажет. 

      26. Енi кемiнде 0,7 метр және биiктiгi кемiнде 1,2 метр есiктерi бар қосымша салынған жанбайтын шкафтарда жеңіл тұтанғыш және жанғыш сұйықтарды сақтауға жол берiледi. Шкафтың орналасқан жерi жарық шығаратын жерлер мен өтетiн орындардан алшақ болуы шарт, оларға қиналмай баруға мүмкiндiк болуы шарт. 

      27. Тұтанғыш және жарылғыш заттар сақталатын үй-жайлардың есiктерi ғимараттан шығу бағыты бойынша ашылуға тиiс. 

      28. Эвакуациялық шығу есiктерiн шегелеп тастауға үзілдi-кесiлдi тыйым салынады. 

      29. Басқа мақсаттағы ғимаратқа қосымша салынған дәрiхана ұйымдарында бөлшектеп оралмаған 100 килограмнан аспайтын көлемде тұтанғыш заттарды сақтауға рұқсат етiледi. 

      30. 100 килограмнан асатын мөлшердегi жеңіл тұтанғыш сұйықты бөлек тұрған ғимаратта шыны немесе металл ыдыста отқа қауiптi басқа топтардағы заттарды сақтау үй-жайларынан оқшау сақтауға жол берiледi.

      31. Дәрiхана ұйымдарының өндiрiстiк үй-жайларында арнайы металл жәшiгiнде жылыту аспаптары мен шығатын жерлерден оқшау жалпы 3 килограмнан аспайтын мөлшерде сақтауға рұқсат етіледi. 

      32. Тұтанғыш және жарылғыш заттарды негiзгi сақтау қоймаларында сыртта, сондай-ақ әрбiр сақтау бөлмелерiнде және аталған заттармен жұмыс жүргiзілетiн iшкi есiктерде жуылмайтын, айқын көрiнетiн "От қаупi бар", "Жарылғыш қаупi бар", "Шылым шегуге болмайды", "Өрт шыққан жағдайда 01 телефоны бойынша хабарласу керек" деген жазулар болуы қажет. 

      33. Тұтанғыш және жарылғыш заттарды сақтауға арналған әрбiр үй-жайдың кiре берiсiнде "Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты ______" деген маңдайша болуы қажет. Жауапты адам қалған тұтанғыш және жарылғыш заттарды жинау және жұмыс аяғының соңында басқа шараларды жүргiзу мақсатында күн сайын үй-жайды тексерiп отыруы қажет. 

  3. Тұтанғыш және жарылғыш заттарды сақтауға
қойылатын ерекше талаптар 
Отқа қауiптi заттарды сақтау 

      34. Отқа қауiптi заттар тобына негiзiнен сұйықтық және жеңiл тұтанғыш заттар болып табылатын жеңiл тұтанғыш заттар жатады (1 қосымша).

      35. Жеңiл тұтанатын сұйық заттардың негізгi қауiптi қасиеттерi аққыштық, жеңіл буланғыштық және кез келген сыртқы көзден: ашық оттан, ұшқыннан, электр ұшқынынан және тағы басқасынан жеңiл тұтанғыштық болып табылады. Сондықтан отқа қауiптi заттармен жұмысы үлкен сақтықпен және оттан алыс жүргізу керек. Қажет болған жағдайда бұл заттар су моншаларында немесе спиралi жабық электр плиткаларында жылытылады. 

      36. Жеңiл тұтанғыш сұйықтардың басым бөлiгi ағзаға зиянды әсерiн тигiзедi, олармен ұзақ тыныстау естен тануға әкелiп соғуы мүмкiн. Сондықтан оларды сақтауға арналған сыйымдылықтар шыныдан немесе металдан жасалады, сұйықтың ұшып кетуiн болдырмау үшiн олар қақпақтармен тығыз жабылады. Жеңiл тұтанғыш және жанғыш заттарды ашық ыдыста сақтауға болмайды. 

      37. Жеңiл тұтанғыш және жанғыш сұйықтар толтырылған сауыттар, баллондар мен басқа да iрi сыйымдылықтар стеллаждар сөрелерiнде бiр қатарда сақталуы керек. Бұл заттарды жылыту аспаптарымен қатар жинап қоюға жол берiлмейдi. Стеллаждан немесе штабельден жылыту элементiне дейiнгi аралық кемiнде 1 метр болуы керек. 

      38. Жеңiл тұтанғыш және жанғыш сұйықтарды сауыттарда сақтау соққылардан қорғалған ыдыста жүзеге асырылады. 

      39. Жұмыс орындарында осы сұйықтардың ауысым мөлшерiнен аспайтын мөлшерi сақталуы мүмкiн. Бұл ретте ыдыстардың бетi тығыз жабылуы қажет. 

      40. Жеңiл тұтанғыш және жанғыш заттарды лық толтырылған ыдыста сақтауға тыйым салынады. Толтыру дәрежесi көлемнiң 90 процентiнен аспауы керек. Yлкен мөлшердегi спирттер металл ыдыстарда сақталады, оларды көлемнiң 95 процентiнен аспайтын қалыпта толтырады. 

      41. Жеңiл тұтанғыш заттарды минералдық қышқылдармен (күкiрт, азот және басқа қышқылдармен), тығыздалған және күйдiрiлген газдармен, жеңіл жанатын заттармен, сондай-ақ органикалық заттармен қосылғанда жарылғыш қаупi бар қоспалар (калий хлораты, калий перманганаты және басқасы) беретiн органикалық емес тұздармен бiрге сақтауға жол берiлмейдi. 

      42. Медициналық эфир мен наркозға арналған эфирдi фабрикалық орауда, қараңғыланған салқын жерде, отпен жылыту аспаптарынан алыста сақтайды. 

      43. Кальций гипохлориды жанғыш емес, бiрақ сұйық май түзгiш органикалық өнiмдермен қосылғанда олардың тұтануын қоздыруы, ал аммиакпен және аммоний тұздарымен қосылғанда жарылыс туғызуы мүмкiн, сондықтан оны сақтау баяндалған қасиеттердi ескере отырып, оқшау жүзеге асырылуы тиiс. 

      44. Жеңiл тұтанғыш сұйықтарды қолданғанда (буып-түю, орын ауыстыру, тиеу және тағы сол сияқтылар) ерекше қырағылық сақтап, ыдыстың жай-күйiн, оның герметикалықтығы мен дұрыстығын ұдайы бақылап отыру керек. Ыдыстың бүлінгендiгi байқалған жағдайда дереу оларды жою шараларын қолданады немесе ондағы затты басқа түзу ыдысқа салады. 

      45. Бөшкелердiң тығындарын соққы кезiнде немесе ағаш балғалармен ұрғанда ұшқын шығармайтын жеңіл металдардан жасалған аспаптармен ғана бұрап ашады және бұрап қояды. Бөшкелердi қоймаға дөңгелеткенде және тиегенде бөшкеге соққы тимеуiне және ұшқын пайда болуына жол бермеу үшiн қырағылық сақтау қажет. Еденге төгілген сұйықты дереу сүртiп алу қажет. 

      46. Жекелеген жеңiл тұтанғыш сұйықтардың (спирт, медициналық эфир және басқасы) сақтау кезiнде статистикалық электр қуатын туғызатын қасиеттерi бар, оның ұшқыны сұйықтың лап етiп жануын туғызуы мүмкiн, сондықтан мұндай сұйықтарды қоймада буып-түюдi өртке қарсы қорғану құралдарымен жабдықталған жеке үй-жайларда жүргізген жөн. Құйған немесе буып-түйген жағдайда олардың металл ыдыстарының бiр ұшы жерге қосылуға тиiс. 

      47. Жеңiл тұтанғыш сұйықтардан босаған ыдысты бiраз уақыт жақсы желдетiлген үй-жайда немесе көшеде ашық қалдырған жөн. 

  Жарылғыш қаупi бар заттарды сақтау 

      48. Заттардың бұл топтарына жарылғыш және жарылғыш қаупi бар заттар, яғни жарылғыш сұйықтардың пайда болуына қабiлетi бар заттар жатады (1 қосымша). 

      49. Бұл топтағы заттар оқшау қоймада өртке қарсы қабырғалармен және бөлiктермен бөлiнген арнайы үй-жайларда (бөлiктерде) сақтайды. Аз мөлшердегi нитрат күмiсiн дәрiханалар мен қоймаларда (қоймаларда 5 килограммға дейiн, дәрiханаларда 50 грамға дейiн) сақтауды улы заттарды сақтау ережелерiне сәйкес жүзеге асыру қажет. 

      50. Жарылғыш қаупi бар заттарды сақтаған жағдайда олардың шаңмен ластануына қарсы шараларды қолдану керек әйтпесе ол жарылыс туғызуы мүмкiн. 

      51. Жарылғыш қаупi бар заттар сыйымдылықтарын (штангластар, қаңылтыр барабандар, сауыттар және басқалар) ауаға будың тиюiне жол бермеу үшiн тығыздап жабу керек. 

      52. Калий перманганаты шаңмен, күкiртпен, органикалық майлармен, эфирлермен, спиртпен, глицеринмен, органикалық қышқылдармен және басқа органикалық заттармен өзара қосылғанда жарылғыш келедi. Оны қоймаларда арнаулы бөлiктерде, қаңылтыр барабандарда, жұмыс орындарында - жоғарыда көрсетiлген заттардан жеке тығындары сүртiлген штангластарда сақтау қажет. Жеңіл тұтанғыш және жанғыш заттармен бiрге сақтауға болмайды. Қаңылтыр барабандар мен калий перманганаты қосылған штангластардың шаңын ұдайы еппен сүртiп отыру керек. 

      53. Нитроглицерин ерiтiндiсiн (жарылғыш зат) шағын, жақсы тығындалған сауыттарда немесе металл сауыттарда оттан сақтана отырып салқын, қараңғы жерде сақтайды. Нитроглицеринi бар ыдысты орнынан қозғаған және қойған жағдайда ерекше ыждағаттылық сақтаған жөн, өйткенi төгілген нитроглицериннiң буы жарылыс туғызуы мүмкiн. Тiптi терiге шағын мөлшердiң тиюiнiң өзi улануға әкеп соғады. 

      54. Эфирдi сақтаған жағдайда (әсiресе ауа кiрген жағдайда) қышқылдану туғызады, олар сiлкiгенде, ұрылғанда, үйкелгенде немесе температура артқан жағдайда жарылыс туғызуы мүмкiн, сондықтан бұл жұмысты өте мұқият атқару қажет. 

      55. Жарылысқа қауiптi және отқа қауiптi заттарды қышқылдармен және сілтілiк заттармен бiрге сақтауға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.

      56. Жанғыш және жеңiл тұтанғыш сұйықтар құйылған баллондарды арнайы бейiмделген торлармен немесе дұрыс ұстағышы бар кәрзеңкелермен екеулеп шығарады. Yлкен сауыттары бар кәрзеңкелердi, жәшiктердi немесе торларды (20 килограмнан аса), сондай-ақ қапты ыдысқа орналастырылған заттарды дөңгелегi жұмсақ арнайы қол арбалармен тасу керек. 

      57. Азот және күкiрт қышқылдарын сақтаған жағдайда олардың ағашпен, сабанмен және басқа органикалық заттармен жанасуына жол бермейтiн шаралар қолданылуы қажет. 

      58. Жарылысқа қауiптi және отқа қауiптi заттар сақталған үй-жайларға керосин шамдарымен және шырақтармен кiруге үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады. Электр фонарларын ғана қолдануға болады. 

      59. Екi қосымшада олармен жұмыс жүргiзгенде ерекше қырағылық талап етілетiн дәрiлiк заттардың кестесi келтiрiлген, өйткенi бiр-бiрiмен қосылғанда олар жарылғыш және тұтанғыш қоспалар туғыза алады. 

  4. Жарылғыш қауiптi және отқа қауiптi
заттармен жұмыс ережелерi 

      60. Жанғыш және жарылғыш қауiптi заттар қалың қабатты сыйымдылықтарда (банкiлерде) сақталуы керек, қажет болған жағдайда тығындар парафиндендiрiлуге тиiс. Реактивтердi тығындаған кезде реактивтердiң химиялық қасиеттерiн ескеру керек. Отқа қауiптi және жеңіл тұтанғыш заттарды басқа реактивтермен бiрге сақтауға болмайды. Олар азбест салынған және жылу өткiзбейтiн темiр жәшiктерде сақталуға тиiс. 

      61. Ұшпа заттары бар шишаларды, банкiлердi, сауыттарды оларды пайдаланған кезде ғана ашу керек. 

      62. Төмен қайнайтын, отқа қауiптi заттарды қайта өңдеу мен жылытуды қиын балқитын шыныдан жасалған домалақ колбаларды, тиiстi жылу көздерiмен (сумен, маймен) толтырылған банкiлерде жүргiзу керек, олар жабық спиральдi электр плиткаларымен жылиды. Айдалатын заттың көлемi колбаның 2/3 көлемiнен аспауы керек.
      Алдын-ала біртіндеп жылытпайынша жеңіл тұтанғыш заттарды колбадағы ыстық суға салуға болмайды.

      63. Жеңiл тұтанғыш заттармен және жанғыш сұйықтармен жұмыс тартып алғыш шкафтарда жүргiзілуi керек.

      64. Отқа қауiптi заттар төгiлген жағдайда горелканы және жылыту аспаптарын дереу алып тастау керек. Бұл жерге құм сеуіп, оны алып бұдан кейiн сумен жақсылап шаю қажет.

      65. Жұмыс кезiнде пайдаланған ыдысты зерттеулер аяқталғаннан кейiн дереу жуу керек.

      66. Пайдаланған жанғыш сұйықты канализацияға жiберуге болмайды, оларды герметикалық жабылған ыдысқа жинап, жою қажет.     

  5. Кислород баллондарын сақтау мен пайдалану

      67. Ықтимал өрт шығу себептерiнiң бiрi кислород баллондарын дұрыс сақтамау және ұқыпсыз пайдалану болып табылады, өйткенi кислород тым тұтанғыш келедi. 

      68. Кислороды бар баллондарды дәрiхана ұйымдарының ғимараттарында сақтауға, оларды резеңке түтiкшелердiң, сондай-ақ тығыз жалғастырылмаған труба өткiзгiштердiң көмегiмен беруге болмайды. 

      69. Баллондарды кислородпен және жанғыш заттармен бiрге сақтауға болмайды, сондай-ақ бұл баллондарды материалдық бөлмелер мен дәрiхана қоймаларында сақтауға болмайды. 

      70. Кислороды мен жанғыш газдары бар баллондар жылу көздерiнен қорғалып, оқшауландырылған үй-жайларда немесе жабық қалқаларда сақталуы қажет, оларға май мен басқа да майлы заттар түспеуге тиiс. 

      71. Кислороды бар баллондарды сақтау мен пайдалану қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттар құрылымы мен қауiпсiз пайдалану Ережелерiне сәйкес қатаң жүзеге асырылуы қажет. 

Денсаулық сақтау ұйымдарында  
дәрілік заттардың түрлі    
топтары мен медициналық мақсаттағы
бұйымдарды сақтау туралы Ережеге
1 Қосымша             

Өртке қауiптi және жарылғыш қаупi бар заттар
Тiзбесi 

     Жарылғыш заттар  

     1. Нитроглицерин     

     Жарылғыш қаупi бар заттар     

     1. Калий перманганаты
     2. Күмiс нитраты    

     Жеңiл тұтанғыш заттар     

     1. Новиков сұйығы
     2. Клеол
     3. Коллодий
     4. Сүт қышқылы
     5. Органикалық майлар
     6. Рентген пленкалары
     7. Скипидар
     8. Этил спиртi және спирт ерiтiндiлерi
     9. Спирт және эфир тұнбалары, экстракттар
     10. Хлорэтил
     11. Эфир
     12. Ацетон
     13. Хлороформ      

     Жеңiл жанатын заттар     

     1. Глицерин
     2. Дәрiлiк өсiмдiк шикiзаттары
     3. Таңу материалдары
     4. Өсiмдiк майлары
     5. Күкiрттер     

     Ескерту: Қосымшада көрсетілмеген өртке қауіпті және жарылғыш қаупі бар заттарды сақтау қажет болған жағдайда оларды сақтау туралы мәселе бұлардың отқа қауіптілігі мен жарылысқа қауіптілігі шешілгеннен кейін және Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының келісімі бойынша шешілуі мүмкін.

Денсаулық сақтау ұйымдарында  
дәрілік заттардың түрлі    
топтары мен медициналық мақсаттағы
бұйымдарды сақтау туралы Ережеге
2 Қосымша           

Дәрiлiк заттардың жарылғыш және тұтанғыш
қоспаларының кестесi

1. Азохлорамид            Жылытылған жағдайда жарылады.     

2. Амилнитрит             Амилнитрит булары ауамен қосылғанда
                          жарылғыш қаупi бар заттар түзедi.  

3. Глицерин               Азотпен және хром қышқылдарымен, хлор
                          әгiмен, сондай-ақ калий хлоратымен, калий
                          перманганатымен, гипохлоридтермен
                          қосылғанда жарылыс туғызуы мүмкiн.     

4. Қалпына келтірілген    Калий перманганатымен, калий хлоратымен,
   темір                  гипохлориттармен, хлораттармен, йодпен
                          және басқа қышқылдармен сүрткен кезде
                          жарылыс пайда болуы мүмкiн.     

5. Азот тотығы            Эфирмен қосындыда жарылыс туғызуы мүмкiн.
6. Хлор әгі               Күкiрт қышқылымен, глицеринмен, эфир
                          майларымен және басқа органикалық
                          заттармен қосындыда тұтанғыш және
                          жарылғыш келедi, әсiресе аммоний
                          хлориды мен басқа да аммиак қосындыларымен
                          араластырудан сақ болу қажет.     

7. Йод және спирт         Аммиагы бар сұйықтармен (аммиак
   йод ерітіндісі         ерiтiндiсi, аммиак линиментi және
                          басқасы), амидохлорид күкiртiмен, эфир
                          майларымен, сондай-ақ алкогольмен және
                          терпентиндi майлармен араластырған
                          кездегi жарылғыш қоспалар.     

8. Калий бихроматы        Глицеринмен, эфирмен, эфир майларымен және
                          алкогольмен шапшаң араластырып шайқаған 
                          жағдайда жарылыс болуы мүмкiн.     

9. Калий перманганаты     Күкіртпен, сульфидтармен, қалпына
                          келтірілген темірмен, сахаринмен,
                          глицеринмен, спиртпен, танинмен,
                          майлармен, скипидармен, қантпен,
                          байытылған көмірмен, өсімдік ұнтақтарымен
                          және басқа органикалық заттармен сүрткен
                          кезде (тіпті араластырғанның өзінде
                          жарылыс пайда болуы мүмкін).     

10. Калий хлораты         Қалпына келтiрiлген темiрi, салицилi,
                          карболы және басқа қышқылдары,
                          сульфидтары мен тиосульфаттары, йоды,
                          танины, крахмалы, глицеринi, спиртi мен
                          басқа да заттары бар жарылғыш қоспалар.

11. Азот қышқылы          Глицеринмен, алкогольмен, фенолмен,
                          эфирмен, майлармен, қантпен, смоламен,
                          крахмалмен және басқа органикалық
                          заттармен қосылғанда тұтанғыш және
                          жарылғыш келедi.
                          Күштi азот қышқылы төгiлген жағдайда
                          сабан мен ағаштың өздiгiнен жануы мүмкiн.

12. Пикрин қышқылы        Глицеринмен, эфирмен, эфир майларымен,
                          алкогольмен шапшаң араластырып шайқаған
                          жағдайда жарылыс болуы мүмкiн. Сондай-ақ
                          күкiрттен, йодпен, байытылған көмiрмен
                          және органикалық заттармен сүрткен
                          жағдайда да.

13. Қоспалы күкірт        Сумен, спиртпен, эфир майларымен және
    қышқылы               әсiресе терпентин майларымен шапшаң
                          араластырған жағдайда жарылыс мүмкiндiгi
                          бар күштi қайнау болады, әрi төмен
                          температура кезiнде бiршама уақыт
                          өткеннен кейiн жарылыс болады. Күштi
                          күкiрт қышқылымен араластырған жағдайда
                          суға қышқылды аз мөлшерлермен жайлап
                          қосып отыру керек керiсiнше емес.     

14. Хром қышқылы          Глицеринмен, эфирмен, эфир майларымен
                          немесе алкогольмен шапшаң араластырып
                          шайқаған жағдайда жарылыс болуы мүмкiн.

15. Эфир майлары          Йодпен, броммен, хроммен, күкiрт
                          қышқылымен, калий перманганатымен және
                          пероксидпен қоспасында шапшаң тұтанып,
                          жарылыс болуы мүмкiн. 

16. Натрий тиосульфаты    Калий хлоратымен, калий нитратымен, калий
                          перманганатымен, пергидрольмен сүрткен
                          кезде жарылыс болуы мүмкiн.     

17. Нитроглицерин         Сiлкiнiс пен соққыдан (спирт ерiтiндiлерiн
                          қоспау керек) болатын жарылыс.     

18. Аммиак ерітіндісі     Еркiн жағдайда хлоры, бромы, йоды бар    
    бар прераттар         (хлор әгi, (және басқа аммиагы)  бром
                          суы, йод ерiтiндiсi және басқалары)
                          препараттар қоспасында жеңiл тұтанады және
                          жарылады.     

19. Сутегі перкосиді      Күмiс коллоиды препараттарымен 
    ерітіндісі            (колларгол), натрий тиоосульфатымен
                          қосылғанда жарылыс мүмкiндiгi бар.     

20. Сынап амидохлориды    Хлоры, бромы, йоды бар препараттармен
                          қоспасында тұтанғыш және жарылыс
                          мүмкiндiгi бар.     

21. Сынап оксицианиді     Сүрткен кезде препараттың жарылыс қаупі
                          бар.     

22. Күкірт                Күшті қышқылдармен: калий
                          перманганатымен, калий хлоратымен, калий
                          нитратымен, пероксидтермен,
                          гипохлоридтармен, хлораминдармен сүрткен
                          кезде жарылыс болуы мүмкiн.     

23. Күміс нитраты         Алколоидтармен гликозидтармен,
                          креозоттармен, фенолдармен, қорғасын
                          ацетатымен және органикалық 
                          смолалармен сүрткен кезде жарылыс
                          мүмкiндiгi бар.     

24. Танин                 Калий хлоратымен, калий перманганатымен
                          және басқа күштi қышқылдармен қосылған
                          жарылғыш заттар.     

25. Байытылған көмір      Калий перманганатымен, калий хлоратымен,
                          пероксидтермен,  хлороамидтермен,
                          гипохлоридтармен сүрткен кезде жарылыс
                          болуы мүмкiн.

26. Эринит                Yйкелген кезде жарылыс қаупi бар     

27. Медициналық эфир      Эфир булары ауамен, азот кислородымен
                          немесе қышқылымен қоспасының кейбiр
                          жиынтықтарында жарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады