Мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарының тексеруден өткізу Ережелерін бекіту

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 1999 жылғы 2 тамыз N 61 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 6 тамызда тіркелді. Тіркеу N 865. Күші жойылды - ҚР Бас Прокуратурасының 2001 ж. 22 қаңтардағы N 7-17-5-2001 және Әділет министрлігінің 2000 ж. 29 желтоқсандағы N 108 бірлескен бұйрығымен. ~V011419

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы Ереженің 13-тармағын жүзеге асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1272 және 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223  P990223_  қаулыларына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 733  P990733_  қаулысына сәйкес бұйырамын: 
      1. Мемлекеттік тіркеуге жататын мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарының тексеруден өткізуінің қоса беріліп отырған Ережелері бекітілсін. 
      2. Әділет министрлігінің аумақтық органдары: 
      1) прокуратура органдарымен өзара іс-әрекеттерді жолға қойсын; 
      2) тиісті прокуратура органдарына мемлекеттік тіркеуден өтпеген нормативтік құқықтық актілеріне наразылық білдіру ұсыныстарын тексерулердің нәтижелері бойынша ресімдесін; 
      3) тексеру материалдарының көшірмелерін, сондай-ақ қатар тиісті аумақта мемлекеттік тіркеуден өтпеген нормативтік құқықтық актілердің заңсыз қолданылғаны туралы мәліметтерді Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу департаментінің нормативтік құқықтық актілерді талдау бөліміне берсін; 
      4) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың наразылық білдірілген актілері туралы мәліметтерді прокуратура органдарынан тоқсан сайын сұратып алдырсын; 
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет вице-Министрі Қ.Ә. Мәмиге жүктелсін. 

      Министр 

                                              Қазақстан Республикасы
                                               Әділет министрлігінің
                                             1999 жылғы 2 тамыз N 61
                                              бұйрығымен бекітілген

   Мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасы мемлекеттік 
   органдары нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасы 
           Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарының 
                  тексеруден өткізу Ережелері 

      "Нормативтік құқықтық актілері туралы"  Z980213_  1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының, "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі және олардың мемлекеттік тіркелуін ретке келтіру шаралары туралы"  U973379_  , "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет бостандығына құқықтарын қорғау туралы" N 3928  U983928_  Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі Жарлығының, "Қазақстан Республикасының Үкіметінің құрамына кіретін және кірмейтін орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278  P981278_  қаулысының сақталуына тексерулер өткізу кезіндегі осы Ережелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223  P990223_  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы Ережелерінің 13-тармағына сәйкес әзірленді. 
      1. Ережелер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары қызметкерлерінің тексерулерді ұйымдастыруы мен жүзеге асыруының тәртібін белгілейді. 
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына тексерулер өткізудің ұйымдастыру негізі: 
      - Әділет министрлігінің орталық аппараты қызметкерлерінен құрылатын топтар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу департаментінің нормативтік құқықтық актілерді талдау бөлімі) 
      - Әділет министрлігі аумақтық органдарының қызметкерлерінен құрылатын топтар болып табылады. 
      Аумақтық әділет органдары топтарының құрамына Әділет министрлігі орталық аппараты қызметкерлерінің ұсынылуы мүмкін. 
      3. Тексеруге мыналар жатады: 
      - Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін және кірмейтін орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдар; 
      - Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары. 
      4. Орталық мемлекеттік органдарды тексеруді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады. 
      Жергілікті мемлекеттік органдарды тексеруді Әділет министрлігінің аумақтық басқару органдары жүзеге асырады. 
      5. Тексерулер нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу туралы заңдарда белгіленген нормалардың бұзылғандығы жөнінде ақпарат алынған жағдайда әділет органдарының (министрліктің жұмыс жоспарына сәйкес) бастамашылығымен, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша, сондай-ақ мемлекет Басшысының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің тапсыруы бойынша өткізіледі. 
      6. Тексеру өткізу туралы шешім бірінші басшының тиісті бұйрығына сәйкес ресімделеді. Тексерілетін топтың басшысына тексеру өткізудің объектісі мен мерзімі көрсетілген бұйрықтың көшірмесі беріледі. 
      7. Тексеруді бастау алдында тексеруші топтың мүшелері қызметтік куәліктерін ұсынады, топтың жетекшісі тексеру өткізу туралы бұйрықтың көшірмесін тексерілетін органның бастығына табыс етеді. 
      8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында тексеру жүргізудегі негізгі міндет - мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу саласында қолданылып жүрген заңдарда белгіленген нормалардың сақталуын тексеру болып табылады. 
      Тексеруші топтың қызметкерлері: 
      - тиісті мемлекеттік органдардың бұйрық кітаптарын тексеруді жүзеге асырады; 
      - мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді іріктеуді жүзеге асырады; 
      - қажет болған жағдайларда нормативтік құқықтық актілерді зерттеу және құқықтық сараптамадан өткізу үшін талап етеді; 
      - сол немесе басқа нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеудің қажеттігі туралы мәселелерді шешеді; 
      - өткізілген тексеру туралы анықтама дайындайды, онда Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары нормаларының байқалған бұзушылықтары көрсетіледі; 
      - тексеруді тиімді өткізілуін қамтамасыз ету жөнінде заңдармен көзделген басқа да әрекеттерді орындайды. 
      Тексерілетін топтардың міндеттері мен функцияларын толықтыруды және нақтылауды бірінші басшылар жүзеге асырады. 
      9. Тексеру өткізу кезінде тексеретін топтардың қызметкерлері: 
      - Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді және осы ережелерді қатаң басшылыққа алуға; 
      - тексерілетін субъектілерге қатысты объективсіздік пен ағаттыққа жол бермеуге; 
      - тексеру барысында алынған, заңдармен қорғалатын ақпараттардың жария етілуіне жол бермеуге міндетті. 
      10. Мемлекеттік тіркеу туралы заңдардың сақталуын тексерудің нәтижелері жөнінде акт жасалады, оған тексеруші топтың басшысы мен мүшелері, тексерілетін органның басшысы қол қояды. 
      Акт екі данада жасалады. Бір данасы тексерілетін органның басшысына ұсынылады, екіншісі тексеретін топтың басшысына қалады.
      Тексерілетін субъектінің өкілі қол қоюдан бас тартқан жағдайда, актіде тиісті жазба жасалады.
      11. Тиісті үлгі бойынша ресімделген тексеру материалдарын, одан әрі қарау және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген шараларды қабылдау үшін, өз құзыреттері шегінде әділет органдары пайдаланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады