"Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорынның клиринг жүйесінде операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 1999 жылғы 3 шілде N 157 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 24 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 905. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     Қазақстан Республикасы төлем жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы  қаулы етеді
     1. "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудан өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
     2. Заң департаментi (Сизова С.И.) Төлем жүйесi басқармасымен (Мұсаев Р.Н.) бiрлесiп осы қаулыны және "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
     3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап бiр апта мерзiмде осы қаулыны және "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына жiберiп, оларға осы қаулыны және бекітілген Ережені екінші деңгейдегі банктерге жіберуді міндеттесін.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.

    Ұлттық Банк
    Төрағасы

Қазақстан Республикасы          
Ұлттық Банкі Басқармасының        
1999 жылғы 3 шілдедегі          
N 157 қаулысымен             
бекітілген                 

  "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы"
шаруашылық жүргізу құқығы бар Республикалық мемлекеттік
кәсіпорынның клиринг жүйесінде операциялар жүргізу ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Осы Ереже "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiн ұйымдастыру және жұмыс iстету тәртiбiн белгiлейдi (бұдан әрi - Жүйе). Пайдаланушыларға Жүйедегi төлемдердi жүзеге асыру бойынша қызмет "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен (бұдан әрi - Орталық) олардың арасында жасалған шарт негiзiнде көрсетiледi. 

     2. Жүйедегi төлемдердi пайдаланушылар Орталыққа ақша аудару (бұдан әрi - төлем құжаттары) және оларды банкаралық клиринг негiзiнде өңдеу туралы нұсқау бар электрондық хабарлар беру жолымен жасайды. Электрондық хабарлармен алмасқанда пайдаланылатын қорғау әрекеттерiнің тәртiбi және оны бұзушылыққа Орталықтың және пайдаланушылардың жауапкершiлiгi бадарламалық-криптографиялық қорғауды және электрондық сандық қол қоюды пайдалану туралы келiсiммен белгiленедi. Жүйедегi барлық төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.
     Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 193 қаулысымен.      

     3. Пайдаланушының таза позициясын анықтау Жүйенiң операция күнiн аяқтау сәтiнде банкаралық ақша аудару жүйесiндегi пайдаланушының қалдық ақшасы шегiнде жасалады. Егер пайдаланушының банкаралық ақша аудару жүйесiнде ақшасы жоқ болса, онда осы пайдаланушының таза позициясын анықтау Жүйенiң басқа пайдаланушыларынан оның пайдасына түскен төлем құжаттары сомасының шегiнде жасалады. Пайдаланушының дебеттiк таза позициясы осы пайдаланушының банкаралық ақша аудару жүйесiндегi ақша сомасынан аспауы тиiс. Банкаралық клиринг нәтижесi бойынша ақша аудару банкаралық ақша аудару жүйесiнде жасалады.
     Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 193 қаулысымен

     4. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: 
     1) аудиторлық iз - Жүйедегi төлем құжаттарының қозғалысын бақылауға арналған ақпарат; 
     2) аутентификация - Орталық және пайдаланушы арасындағы келiсiм бойынша белгiленетiн төлем құжаты жасалуының түпнұсқалығын және дұрыстығын растайтын iс-жосық; 
     3) төлем күнi - ақша аудару туралы нұсқауды орындаған күн;
     3-1) пайдаланушының дебеттік кезегі - осы пайдаланушының басқа пайдаланушыға қатысы бойынша ақша міндеттемелері бойынша белгілі бір күнге Жүйедегі орындалмаған төлем құжаттарының сабақтас қатары; 
     4) банкаралық клиринг (бұдан әрі - клиринг) - Орталық жүзеге асыратын пайдаланушылардың нұсқауларын жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау бойынша, сондай-ақ өзара есептесуін жүргізу және Жүйені пайдаланушылардың таза позицияларын айқындау процесі;
     5) басымдық коды - клирингтегi төлем құжаттарын өңдеу кезегiн анықтайтын код. Төлем құжатына басымдық кодын жiберушi тағайындайды;
     6) пайдаланушының кредиттік және дебеттiк таза позициясы (сальдо) - бiр пайдаланушыға қатысы бойынша барлық пайдаланушылардың ақша мiндеттемелерi жөнiндегi төлем құжаттарының сомасы мен қалған пайдаланушыларға қатысы бойынша осы пайдаланушының мiндеттемелерi жөнiндегi төлем құжаттарының сомасы арасындағы айырма. Егер айырма - терiс сан болса, онда пайдаланушының дебеттiк таза позициясы, егер оң сан болса - кредиттiк таза позициясы болады; 
     6-1) пайдаланушының кредиттік кезегі - басқа пайдаланушының осы пайдаланушыға қатысы бойынша ақша міндеттемелері бойынша белгілі бір күнге Жүйедегі орындалмаған төлем құжаттарының сабақтас қатары;
     7) операция күні - Орталық ақша аудару туралы нұсқаулар және пайдаланушылардан осындай нұсқауларды қайтарып алу туралы өкiмдер  қабылдауды жүйеге асыратын уақыт кезеңi;
     8) жіберуші - Жүйеге электрондық хабар жіберетін пайдаланушы;
     9) алушы - пайдасына төлем жасалатын пайдаланушы;
     10) Жүйенiң пайдаланушысы (пайдаланушы) - Орталықпен Жүйеге қатысу туралы шарт жасасқан және электрондық хабарларды жіберуші және/немесе алушы болып табылатын банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банк немесе ұйым (бұдан әрі - банк);
     11) төлем құжатын қайтарып алу туралы өкім - пайдаланушы Жүйеден төлем құжатын қайтарып алуды жасайтын электрондық хабар;
     12) операция референсі - Жүйеде электрондық хабарды бірдейлестіретін бірегей номер;
     12-1) электрондық дебеттік хабар - алушының пайдаланушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы талабы бар төлем хабары;
     13) электрондық хабар - Жүйеде берілетін электрондық төлем құжатын қоса, кез келген электрондық хабар. 
     Ескерту: 4-тармаққа толықтырулар, өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 369 қаулысымен, 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 193 қаулысымен.

2-тарау. Пайдаланушылар

      5. Банк Орталықпен Жүйеге қатысу туралы шарт (бұдан әрi - шарт) жасағаннан кейiн пайдаланушы мәртебесiне ие болады. Шартты бұзу iзiнше банктi пайдаланушы мәртебесiнен айыруға әкелiп соғады. Шарттың нысанын Орталық осы Ереженiң 8-тармағының талаптарын есепке ала отырып жасайды. 

     6. Жүйенiң пайдаланушысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде (бұдан әрi - Ұлттық Банк) банкiлiк есепшоты мен заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару бойынша тапсырмаларын орындаудың аударым операцияларын жүргiзуге уәкілетті органның лицензиясы бар банк болуы мүмкiн.
     Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 193 қаулысымен.   

     7. Шарт жасау үшiн пайдаланушы Орталыққа мына құжаттарды: 
     1) Жүйеге қосуға арыз; 
     2) Банк жарғысының және банктiк операциялар жүргiзуге лицензияның нотариалды расталған көшiрмелерiн бередi. 

     8. Орталық пен банк арасындағы Шартта мыналар болуы тиiс: 
     1) тараптардың деректемелерi; 
     2) тараптардың құқықтары және мiндеттерi; 
     3) пайдаланушының банктiк құпиясының мәнi болып табылатын ақпараттың құпиялылығын сақтау талаптары; 
     4) клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударудың мерзiмдерi және тәсiлдерi; 
     5) шарт талаптарының орындалмауына тараптардың жауапкершілігі; 
     6) шартты бұзу және шарттың талаптарын өзгерту тәртiбi; 
     7) тараптардың келiсуi бойынша басқа талаптар. 
     Шартта банктi пайдаланушы мәртебесiнен шартты бұзбай уақытша айыру жағдайы көзделуi мүмкiн. Шарттың нысанын Орталық белгiлейдi. 

     9. Пайдаланушылар мен олардың клиенттерi (бастамашылар және бенефициарлар) арасындағы қарым-қатынас олардың арасында жасалған шарттармен және Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi. 

3-тарау. Электрондық хабарлармен алмасу тәртiбi

     Ескерту: 3-тарауға толықтырулар енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 369 қаулысымен.

     10. Орталық пен пайдаланушылар арасындағы электронды хабарларды алмасу Жүйеде қолданылатын ақпаратты беру форматы бойынша электронды тәсiлмен ғана жүргiзiледi.
     Электронды хабарларды алмасу тәртiбi, сондай-ақ оларды Жүйеге беру форматтары Орталықта айқындалады және Орталық пен пайдаланушылар орындау үшiн мiндеттi болып табылады.
     Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 160 қаулысымен.

     11. Пайдаланушылардан төлем құжаттарын және оларды қайтарып алу туралы өкімдерді қабылдау Орталықпен тек қана операциялық күн ішінде жүргізіледі. Операциялық күннің ұзақтығы және оның жабылу уақыты Ұлттық Банкпен белгіленеді. <*>
     Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 160 қаулысымен

     12. Егер төлем құжаты және/немесе төлем құжатын қайтарып алу туралы өкiм Орталықпен операциялық күн аяқталғаннан кейiн алынса, онда мұндай төлем құжаты және/немесе төлем құжатын қайтарып алу туралы өкiм Орталықпен келесi операциялық күннiң басында алынған болып саналады. Орталыққа өткен операциялық күнгi төлем күнiмен келiп түскен төлем құжаты жiберушiге орындалмай қайтарылады. 

     13. Орталық Жүйеде өңделiнетiн бiр төлем құжатының ең жоғарғы сомасына шектеулер қоюға құқылы. Шектеулер мөлшерi Ұлттық Банкпен және пайдаланушылармен жазбаша түрде келiсу бойынша белгiленедi. Белгiленген шектеуден сомасы асатын төлем құжаттары Жүйеде өңделмейдi. 

     14. Пайдаланушы Орталыққа өзi берген төлем құжатын Орталыққа төлем құжатын қайтарып алу туралы өкiм жiберу жолымен қайтарып ала алады. Жiберушi Жүйеден ағымдағы да келешектегi де төлем күнi қойылған төлем құжаттары қайтарып алуға құқылы. Қайтарып алынған төлем құжаттары жойылған болып саналады және Орталықпен және пайдаланушымен электрондық нысанда немесе қағазда тiркелуi тиiс. Төлем құжаттарын пайдаланушының Жүйеден операциялық күн аяқталғаннан кейін қайтарып алуына жол берiлмейдi. 

     15. Төлем құжатына өзгерiстердi тек оны жiберушi ғана төлем құжатын Жүйеден қайтарып алу жолымен енгiзуге құқылы. Өзгерiстер енгiзiлген төлем құжаттарын Орталық жаңа төлем құжаты ретiнде қабылдайды. 

     16. Жiберушi Орталыққа төлем құжаттарын болашақ төлем күндерiмен беруге құқылы. Пайдаланушы төлем күнiн, төлем құжаты Орталыққа берiлген күндi қоспай, үш банктiк күнге дейiн белгiлеуi мүмкiн. Болашақ төлем күнi қойылған төлем құжаттары Жүйеде төлем құжатында көрсетiлген төлем күнi басталғанша сақталады. 

     17. Егер пайдаланушы қандай да бiр өзге себептермен Жүйе үшiн операциялық күн болып табылатын жұмыс күнi жұмыс iстемесе, мұндай жағдайда Орталық осы пайдаланушының пайдасына түсетiн төлем құжаттарын қабылдауға, оның таза позициясын анықтауға және клиринг нәтижесi бойынша ақша аударуға мiндеттi. 

     18. Орталықтың операциялық күн iшiнде өз қалауы бойынша аутентификация iс-жосығын өткен төлем құжатын жоюға және пайдаланушыдан алынған электрондық хабарларға қандай болса да өзгертулер енгiзуге құқығы жоқ. 

     18-1. Алушы Жүйеге белгілі бір пайдаланушының пайдасына кемінде екі операциялық күнге Жүйенің операциялық күніндегі ағымдағы күннен асатын төлем күнімен Жүйеге электрондық дебеттік хабар жібереді. Алушының электрондық дебеттік хабарды ұсыну құқығы алушы мен пайдаланушының арасындағы шартта көзделеді.
     Осындай шартқа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пайдаланушы Орталыққа мынадай мәліметтерді жібереді:
     1) пайдаланушының атауы, оның банктік бірегейлендіру коды;
     2) алушының атауы, оның банктік бірегейлендіру коды;
     3) шарттың нөмірі және күні, оны қолдану мерзімі;
     4) бенефициардың атауы, оның банктік бірегейлендіру коды;
     5) тараптар келіскен өзге мәліметтер.
     Электрондық дебеттік хабар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарының пайдасына жіберілмейді.
     Ескерту: 18-1-тармағымен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 369 қаулысымен2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 193 қаулысымен.

     18-2. Орталыққа жіберілген кемінде екі операциялық күн төлем күні бар электрондық дебеттік хабар автоматты түрде алушының кредиттік кезегіне және осы төлемді орындау күні белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы талап қойылатын пайдаланушының дебеттік кезегіне түседі.
     Орталық электрондық дебеттік хабарды алған күннен бастап операциялық күннен кешіктірмей пайдаланушыға жібереді.
     Пайдаланушы Орталықтың электрондық дебеттік хабарды өңдеуіне және ол бойынша төлем жасауына келіспеген жағдайда, пайдаланушы Орталыққа оның дебеттік кезегінен электрондық дебеттік хабарды жою туралы хабар жібереді.
     Егер Орталық электрондық дебеттік хабар бойынша төлемді орындау мерзімі басталғанға дейін пайдаланушының дебеттік кезегінен электрондық дебеттік хабарды жою туралы оның хабарын алмаса, Орталық электрондық дебеттік хабарды орындайды.
     Ескерту: 18-2-тармағымен толықтырылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 369 қаулысымен2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 193 қаулысымен.

     18-3. Орталық электрондық дебеттік хабарды орындағанға дейін алушы оны қайтарып алуы мүмкін.
     Ескерту: 18-3-тармағымен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 193 қаулысымен.

     18-4. Электрондық дебеттік хабар қайтарып алынғанда, не күші жойылғанда Орталық бұл туралы алушыға және пайдаланушыға хабарлайды.
     Ескерту: 18-4-тармағымен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 193 қаулысымен.

4-тарау. Пайдаланушылардың қарама-қарсы талаптарын және 
мiндеттемелерiн есепке алу және клиринг нәтижелерi
бойынша ақша аудару

       19. Операциялық күн аяқталғаннан кейiн Орталық төлем құжаттарын қабылдауды тоқтатады, пайдаланушылардың ағымдағы төлем күнi қойылған қарама-қарсы талаптарын және мiндеттемелерiн есепке алады және әр пайдаланушының таза позициясын анықтайды. Пайдаланушылардың қарама-қарсы талаптарын және мiндеттемелерiн есепке алу кезiнде Орталық пайдаланушылардан электрондық хабарларды қабылдамайды. 

     20. Пайдаланушылардың қарама-қарсы ақша талаптары және мiндеттемелерi жөнiндегi төлем құжаттарын есепке алу басымдық кодына сәйкес жүргiзiледi. Бiр кезекке қатысты бiр басымдық коды шегiндегi төлем құжаттары олардың Жүйеге түскен ретi бойынша өңделеді. 

     21. Пайдаланушылардың қарама-қарсы талаптарын және мiндеттемелерiн есепке алғаннан және олардың таза позициясын анықтағаннан кейiн Орталық пайдаланушының ақшасы жоқтығы салдарынан клирингте өңделмеген, ағымдағы жұмыс күнгi төлем күнi қойылған төлем құжаттарын жояды. 

     22. Әр пайдаланушының таза позициясын анықтағаннан кейiн Орталық дебеттiк таза позициясы болған пайдаланушылардан осы пайдаланушының дебеттiк таза позициясына тең ақша сомасынан банкаралық ақша аудару жүйесiнде қор жасайды. 

     23. Егер банк банкаралық ақша аудару жүйесiнiң пайдаланушысы болмаса, осы пайдаланушы банктiң таза позициясын анықтау Ұлттық Банкте ашылған оның өзiнiң корреспонденттiк есепшотынан Ұлттық Банкiдегi банкаралық ақша аудару жүйесiнiң есепшотына операциялық күн iшiнде ол аударған ақша сомасы шегiнде жүргiзiледi. Пайдаланушының Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттiк шотынан Ұлттық Банктегi банкаралық ақша аудару жүйесiнiң есепшотына ақша аудару банкаралық ақша аудару жүйесiнiң жұмыс iстеу ережелерiмен, Ұлттық Банктiң белгiленген нормативтiк құқықтық актiлерiмен сәйкес жасалады. 
     Егер пайдаланушы операциялық күн iшiнде Ұлттық Банктегi банкаралық ақша аудару жүйесiнiң есепшотына ақша аудармаса, онда осы пайдаланушының таза позициясын анықтау Жүйенiң басқа пайдаланушыларынан оның пайдасына түскен төлем құжаттарының сомасы шегiнде жүргiзіледi. 

     24. Клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару үшін Орталық Жүйеге банкаралық ақша аудару жүйесінде позиция ашады (бұдан әрі - Жүйенің позициясы). 

     25. Пайдаланушылардың таза позициясын анықтағаннан кейiн Орталық банкаралық ақша аудару жүйесiндегi клиринг нәтижелерi бойынша әр пайдаланушының таза позициясымен сәйкес ақша аударады. Ақша аудару Орталықтың ақшаны есептен шығару (есепке алу) туралы нұсқаулары негiзiнде әр пайдаланушының таза позициясының сомасына жасалады. 

     26. Орталық клиринг нәтижелерi бойынша дебеттiк сальдосы болған пайдаланушылардың позициясынан Жүйенiң позициясына ақша аударады, одан кейiн Жүйенiң позициясынан клиринг нәтижелерi бойынша кредиттiк сальдосы болған пайдаланушылардың позициясына ақша аударады. Клиринг нәтижелерi бойынша ақша аудару аяқталғаннан кейiн Жүйенiң позициясында қалдық қалмауы тиiс.

     27. Банкаралық ақша аудару жүйесiнде пайдаланушылардың позициясы бойынша ақша аудару банкаралық ақша аудару жүйесiнiң жұмыс iстеу ережелерiмен, Ұлттық Банктiң белгiленген нормативтiк құқықтық актiлерiмен сәйкес жасалады.

5-тарау. Yзiндiлер беру

      28. Операциялық күн iшiнде Орталық пайдаланушының сұрауы бойынша оған мынадай ақпараты бар үзiндiлер бередi:
     1) осы пайдаланушының Орталыққа берген төлем құжаттарының саны және сомасы;
     2) осы пайдаланушының пайдасына түскен төлем құжаттарының саны және сомасы;
     3) төлем құжатының жойылу себептерiн көрсетiп, жойылған төлем құжаттарының саны және сомасы;
     4) осы пайдаланушының пайдасына түскен, ақтығында жiберушiнiң бастамасы бойынша қайтарып алынған төлем құжаттарының саны және сомасы. 

     29. Орталық пайдаланушыларға ағымдағы да, келешектегi де төлем күнi қойылған төлем құжаттары туралы ақпарат бар үзiндiлердi бередi. Пайдаланушының үзiндi алуға сұрауында пайдаланушының үзiндiнi алғысы келетiн күн көрсетiлуi тиiс. 

     30. Егер үзiндiде пайдаланушының Орталыққа берген электрондық хабары туралы ақпарат болмаса, пайдаланушы бұл туралы дереу Орталыққа хабарлауы тиiс. Бұл жағдайда, Орталық және пайдаланушы келесi операциялық күннен кешiктiрмей электрондық хабардың жоғалу себебiн анықтауға мiндеттi. 

     31. Ақша аударуды аяқтағаннан кейiн Орталық пайдаланушыға клирингте өңделген төлем құжаттары туралы ақпарат бар ақтық үзiндіні және клиринг нәтижелерi бойынша пайдаланушының таза позициясы туралы ақпаратты, сондай-ақ өткiзiлмеген құжаттардың тiзбесiн және осы пайдаланушының пайдасына түскен барлық төлем құжаттарын жiбердi. 

6-тарау. Электрондық хабарлардың өтуiн бақылау 

     32. Операциялық күн iшiнде Орталық және пайдаланушылар жiберiлген және алынған электрондық хабарларды есепке алуды қамтамасыз етуге және бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi. Жүйеге түсетiн барлық электрондық хабарлар пайдаланушыда және Орталықта аудиторлық iз қалдыруға тиiс. 

7-тарау. Қазақстан банкаралық есеп айырысу
орталығы клирингтік жүйесінің мониторингi

      33. Жүйеде жасалған төлемдер мониторингін, пайдаланушылардың таза позицияларының мониторингін жүзеге асыру үшін, сондай-ақ клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымдарын бақылауды жүзеге асыру үшін Орталық Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесіне және Ұлттық Банктің банктердің корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшесіне клирингтің әрбір қатысушысының таза позициясы, Жүйедегі клиринг қатысушысының ақша сомасы туралы, сондай-ақ пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшеде ашылған клиринг қатысушысының корреспонденттік шотындағы ақша сомасы туралы ақпаратты береді.
      Пайдаланушыда ақшаның жетіспеуіне байланысты төлем құжаттары жойылған кезде Ұлттық Банктің төлем жүйелері бөлімшесі осы пайдаланушыдан күші жойылған төлем құжаттарының кейіннен орындалуы туралы сұратуға құқылы.
       Ескерту: 33-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 қаулысымен.

8-тарау. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету шаралары 

     34. Электрондық хабарларды жасағанда және бергенде, Орталық және пайдаланушылар бағдарламалық-криптографиялық қорғауды және электрондық сандық қол қоюды пайдалану туралы олардың арасында жасалған келiсiммен белгiленген қорғау iс-әрекетiнiң тәртiбiн сақтауға мiндеттi. 

     35. Қорғау iс-әрекетiнiң тәртiбi бұзылған немесе ол жария етiлген жағдайда, осы бұзушылықты тапқан тарап бұл туралы екiншi тарапқа дереу хабарлауға және оның салдарын жоюға шаралар қолдануға мiндеттi.

     36. Орталыққа берiлген аутентификация iс-жосығынан өтпеген электрондық хабарлар Жүйеге қабылданбайды. Егер Орталық қабылдаған төлем құжаты аутентификация iс-жосығынан өтпесе, Орталық пайдаланушы үшiн қате туралы ескерту жасайды. Электрондық хабарлардың аутентификациясы тәртiбiн Орталық белгiлейдi.

9-тарау. Қызмет көрсетуге ақы төлеу

     37. Орталық шартта көзделген тарифтерге сәйкес Жүйедегі пайдаланушыға көрсететін қызметі үшін ақы алуға құқылы.
     Ескерту: 37-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 193 қаулысымен.

10-тарау. Жауапкершiлiк

     38. Орталық Жүйеде төлемдердi жүзеге асыруға және пайдаланушылардың таза позицияларын анықтауға жауап бередi.
     39. Орталықтың және пайдаланушының Жүйе шеңберiндегi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны немесе ойдағыдай орындамағаны, сондай-ақ осы ережелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Орталық пен пайдаланушының арасындағы шартпен белгiленедi.
     40. Егер Орталық пен пайдаланушының арасындағы шартта осы ережелердiң жекелеген баптарының бұзылуына жауапкершiлiк шегi көзделмесе, Орталықтың және пайдаланушының жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкес анықталады.

11-тарау. Қорытынды ережелер

     41. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкес шешіледі.

    Ұлттық Банк
    Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады