Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/251 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 08 қазанда тіркелді. Тіркеу N 932. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 13/210 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25.06.2013 № 13/210 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту: Қаулының атауына өзгерту енгізілді - ҚР Орталық Сайлау комиссиясы төрағасының 2006.08.22 N 71/139 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2010.02.23 N 172/323 қаулыларымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық Сайлау комиссиясы төрағасының 2010.02.23 N 172/323 қаулыcымен.
      1. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік пен өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағаттарға тапсырудың және жоюдың ұсынылған Ережесі бекітілсін.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Орталық Сайлау комиссиясы төрағасының 2006.08.22 N 71/139 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2010.02.23 N 172/323 қаулыларымен.
      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі құжаттарды сақтаудың тәртібі туралы" 1996 жылғы 19 наурыздағы N 51, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 6 мамырда тіркелген, тіркелу N 298 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 
      3. Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссиялары олардың қызмет процестерінде құралған құжаттарды сақтауға, есеп жүргізуге, өңдеу сапасына және пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тиісті сайлау комиссиясына, мемлекеттік мұрағаттарға тапсыруға және белгіленген мерзімде жоюға жауапты болады. 
      4. Осы қаулы әкімдерге және мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі округтік, облыстық, қалалық, республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы сайлау комиссияларына, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына, Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне жіберілсін.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі оны тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасы 
      Орталық сайлау комиссиясының 
      төрайымы     

      Қазақстан Республикасы 
      Орталық сайлау комиссиясының 
      хатшысы 

Қазақстан Республикасы   
Орталық сайлау комиссиясының
1999 жылғы 2 қазандағы   
N 33/251 Қаулысымен    
Бекітілген         

  Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағаттарға тапсырудың және жоюдың
Ережесі

         Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Орталық Сайлау комиссиясы төрағасының 2006.08.22 N 71/139 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2010.02.23 N 172/323 қаулыларымен.

      1. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында сақтауға, кейіннен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына тапсыруға мынадай құжаттар: 
      Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы істерінің номенклатурасына сәйкес бекітілген қаулылары, мәжілістерінің хаттамалары, оған қоса қосымшалары және басқа да құжаттар; 
      Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлікке және өткізуге бөлінген республикалық бюджеттің қаржысын жұмсау туралы қаржылық есеп беру (N 2 нысан "Мекемелердің сметалық шығынының орындалуы туралы есеп"); 
      Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының бұзылғаны жөнінде азаматтардың Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен өтініштері; 
      Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сақтауға жатқызылмайтын құжаттарды жоюға шығару туралы акті жатқызылады (N 1 қосымша).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2005.04.08 N 155/221, 2006.08.22 N 71/139 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2010.02.23 N 172/323 қаулыларымен.

      2. Аумақтық сайлау комиссиялары сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейін тиісті облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы), аудандардың мемлекеттік мұрағаттарына акті бойынша сақтауға мынадай құжаттарды: 
      аумақтық сайлау комиссиялары мәжілістерінің хаттамалары, оған қоса қосымшасы және басқа да құжаттарды; 
      мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының тұрған орны мен олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерінің тізімдерін; 
      мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларын және оған қоса қосымшасын;
      Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сақтауға жатқызылмайтын құжаттарды жоюға шығару туралы акті (N 1 қосымша).
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2005.04.08 N 155/221, 2006.08.22 N 71/139 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2010.02.23 N 172/323 қаулыларымен.

      3. Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық сайлау комиссиялары сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін округтік сайлау комиссиялары тиісті облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы), аудандардың мемлекеттік мұрағаттарына акті бойынша сақтауға мынадай құжаттарды: 
      округтік сайлау комиссиялары мәжілістерінің хаттамалары, оған қоса қосымшасы және басқа да құжаттарды; 
      тиісті сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидатты ұсыну жөніндегі қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы мәжілісінің хаттамасынан үзіндіні, соған сәйкес сол қоғамдық бірлестікті тіркеу туралы Республика Әділет министрлігінде, облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы) әділет басқармасында қосымшасымен құжат көшірмесін; 
      мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың оған Қазақстан Республикасы Конституциясымен және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы округтік сайлау комиссиялары мәжілістерінің хаттамаларын; 
      Қазақстан Республикасы азаматының белгілі сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішін; 
      Қазақстан Республикасы азаматының белгілі сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде дауысқа түсуге ниеті туралы өтінішін; 
      мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын және тіркеу туралы өтінішін; 
      мәслихат депутаттығына кандидаттардың өмірбаян деректерін; 
      мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын және тіркеу туралы округтік сайлау комиссияларының хаттамаларын; 
      тиісті сайлау округі бойынша мәслихаттар депутаттарын сайлаудың нәтижелері жөнінде округтік сайлау комиссияларының хаттамаларын; 
      Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламалары, плакаттар, парақшалар, ұрандар мен өзге де үгіттік баспа материалдарын; 
      Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізу кезеңінде азаматтардың Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының бұзылғаны туралы округтік сайлау комиссияларына келіп түскен өтініштерін; 
      сайлау алдындағы үгіт қамтылған теле және радиобағдарламаларының бейне және дыбысжазбалары (хабар) тиісті бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларында және мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейін құпия ақпарат негізінде сақталады, тиісті облыстардың, қалалардың (республикалық маңызы бар қала, Республика астанасы), аудандардың мемлекеттік мұрағаттарына құнсыз негізде сақтауға тапсырады; 
      Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының бұзылғаны туралы азаматтардың Қазақстан Республикасының округтік сайлау комиссиясына келіп түскен өтініштерін тапсырады; 
      сақтауға жатқызылмайтын құжаттарды жоюға шығару туралы акті (N 1 қосымша).
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2005.04.08 N 155/221 Қаулысымен.

      4. Учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санаудың қорытындылары туралы хаттамаларды тапсырғаннан кейін тиісті округтік сайлау комиссияларына акті бойынша мынадай құжаттарды: 
      учаскелік сайлау комиссиялары мәжілістерінің хаттамалары, оған қоса қосымшасы және басқа да құжаттарды; 
      мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс санаудың нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары; 
      Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға әзірлік және өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының бұзылғаны туралы азаматтардың өтініштерін береді. 

      5. Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнінде қайта дауыс беруді өткізген жағдайда барлық деңгейдегі сайлау комиссияларында сайлау құжаттарын сақтаудың мерзімі Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық сайлау комиссиялары сайлау нәтижелерін жарияланған уақыттан бастап есептеледі.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2005.04.08 N 155/221, 2006.08.22 N 71/139 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2010.02.23 N 172/323 қаулыларымен.

      6. Практикалық маңызын жойған құжаттар оларға алдын-ала сараптауды жүзеге асырған адамның растауымен және тиісті сайлау комиссиясы төрағасының бекітуімен акті бойынша жойылады (актінің нысаны қоса беріледі). 
      Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер мөрленген күйінде, соның ішінде өшірілген жекелеген бюллетеньдер, сондай-ақ сайлаушылардың тізімдері және оған сайлаудың қорытындылары анықталғаннан және жарияланғаннан кейінгі құжаттары акті бойынша: 
      учаскелік сайлау комиссиялары тиісті округтік сайлау комиссияларына; 
      округтік сайлау комиссиялары аудандық және қалалық аумақтық сайлау комиссияларына; 
      аудандық, қалалық аумақтық комиссиялары сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін бір алты ай кезеңінде құпия ақпарат негізінде сақталатын аумақтық сайлау комиссиясының тұрған жері бойынша атқарушы өкімет органдарына тапсырады, содан кейін акті бойынша жойылады.
      Жою, жағу, балқыту, мөлшері 2,5 шаршы сантиметр бөлшектерге майдалау, ұнтақтау, еріту немесе химиялық жайып салу, белгісіз жиынтыққа немесе ұнтаққа айналдыру жолымен жүргізіледі.
      Жойылған, толық жойылмаған, олардың мазмұнын қалпына келтіруге болатын құжаттармен бөгде адамдарды таныстыруға болмайды.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2004.02.17 N 97/118, 2005.04.08 N 155/221, 2006.08.22  N 71/139 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2010.02.23 N 172/323 қаулыларымен.

                         Қазақстан Республикасы мәслихаттарының
                          депутаттарын сайлауға әзірлікке және 
                            өткізуге байланысты құжаттарды    
                          сақтаудың, мұрағаттарға тапсырудың  
                                       ережесіне               
                                      N 1 қосымша             

                                                Бекітемін 
          АКТ                          _______________________ сайлау 
        атауы                                   (атауы) 
     _____ N ______                     комиссияның төрағасы 
     ___________________________        Қолы        Анық жазылған 
         (толтырылған орыны)                        қолы 

      Сақтауға жатқызылмайтын
        құжаттарды жоюға шығару             Уақыты 
              туралы

  _______________________________________________________________
          (құжаттардың атаулары және олардың сақталу мерзімі
_____________________________________________________ негізінде 
          көрсетілген шығыс мәліметтерінің тізбесі)
______________________________________________________________ N 
                      (қордың атауы) 
     қор құжаттарының ғылыми-тарихи құндылығы болмауынан және
практикалық маңызының жоғалуынан жойылуға іріктелініп алынды.  _________________________________________________________________
|Р|Істің  |Істің |Тізбелер |Номенклатура |Істің|Істі сақтаудың|Ес.
|е|тақыры.|уақыты|дің жыл. |бойынша істің|саны |мерзімі (том. |кер.
|т|бы неме|немесе|дық нөмі.|индексі (том.|(том.|дар, бөлімдер)|ту 
|т|се іс. |істің |рі (но.  |дар, бөлім.  |дар, |және тізбе    |
|і|тің топ|соңғы |менклату.|дер) немесе  |бөлік|бойынша мақа. |
|к|тық та.|уақыты|расы)    |тізбе бойынша|тер) |лалар нөмірі  |
|N|қырыбы |      |         |істің N      |     |              |    
|_|_______|______|_________|_____________|_____|______________|_____
|1|  2    |  3   |    4    |      5      |  6  |      7       | 8  
|_|_______|______|_________|_____________|_____|______________|_____     

Істің ___________________ жылғы _____________________ қорытындысы 
                                (санмен және жазбаша)

Құжаттардың құндылығын сараптан өткізген 
адамның лауазымының атауы 

Уақыты                    Қолы                 Анық жазылған   қолы 

Істегі __________ құжаттар саны, салмағы _____ кг, ________
қабылдау-өткізу талап қағазы бойынша қайта өңдеуге _____ ден N _____

Құжатты тапсырған ұжым қызметкері
лауазымының атауы 

Уақыты                Қолы                    Анық жазылған қолы    

Құпия негізде сақтаулы, алуға шектеу қойылған құжаттарды жағу
кезінде __ _______________ қатысты.     

Сайлау комиссиясы
өкілінің лауазымы         Қолы                Анық жазылған қолы

О Правилах хранения, передачи в архив и уничтожения документов, связанных с подготовкой и проведением выборов депутатов маслихатов Республики Казахстан

Постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 2 октября 1999 года № 33/251. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 08.10.99 г. № 932. Утратило силу постановлением Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 25 июня 2013 года № 13/210

      Сноска. Утратило силу постановлением Центральной избирательной комиссии РК от 25.06.2013 № 13/210 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Сноска. Заголовок с изменениями, внесенными постановлениями Председателя Центральной избирательной комиссии РК от 22.08.2006 N  71/139; от 23.02.2010 № 172/323 (порядок введения в действие см. п. 3).

     В соответствии с подпунктом 6) статьи 12 Конституционного закона Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан" Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
     Сноска. Преамбула в редакции постановления Председателя Центральной избирательной комиссии РК от 23.02.2010 № 172/323 (порядок введения в действие см. п. 3).

     1. Утвердить прилагаемые Правила хранения, передачи в архив и уничтожения документов, связанных с подготовкой и проведением выборов депутатов маслихатов Республики Казахстан.
     Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Председателя Центральной избирательной комиссии РК от 22.08.2006 N 71/139; от 23.02.2010 № 172/323 (порядок введения в действие см. п. 3).

     2. Признать утратившим силу постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан V960298_"О порядке хранения документов по выборам депутатов маслихатов Республики Казахстан" от 19 марта 1996 года № 51, зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 мая 1997 года, регистрационный N 298. 

     3. Территориальные, окружные по выборам депутатов маслихатов, участковые избирательные комиссии несут ответственность за сохранность, учет, качество обработки и использование образующихся в процессе их деятельности документов, а также за передачу в соответствующие избирательные комиссии Республики Казахстан, государственные архивы и уничтожение в установленные сроки. 
     4. Направить данное постановление акимам и председателям окружных по выборам депутатов маслихатов, областных, города республиканского значения, столицы Республики Казахстан избирательным комиссиям, Центральному государственному архиву Республики Казахстан, Министерству культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан.

     5. Настоящее постановление вступает в силу с момента его регистрации Министерством юстиции Республики Казахстан.

         Председатель
Центральной избирательной комиссии
     Республики Казахстан                                          
 
           Секретарь
Центральной избирательной комиссии
    Республики Казахстан                                             

             Правила хранения, передачи в архивы и уничтожения 
         документов, связанных с подготовкой и проведением выборов
              депутатов маслихатов Республики Казахстан

      Сноска. Наименование с изменениями, внесенными постановлениями Председателя Центральной избирательной комиссии РК от 22.08.2006 N 71/139; от 23.02.2010 № 172/323 (порядок введения в действие см. п. 3).

     1. В Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан подлежат хранению с последующей передачей в Центральный государственный архив Республики Казахстан следующие документы: 
     постановления, протоколы заседаний, приложения к ним и другие документы Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан согласно утвержденной номенклатуре дел; 
     финансовые отчетности о расходовании средств республиканского бюджета, выделенных на подготовку и проведение выборов депутатов маслихатов Республики Казахстан (форма N 2 "Отчет об исполнении сметы расходов учреждений"); 
     обращения граждан о нарушениях Конституционного закона Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан", поступившие в Центральную избирательную комиссию Республики Казахстан в период подготовки и проведения выборов депутатов маслихатов Республики Казахстан; 
     акты о выделении к уничтожению документов, не подлежащих хранению по выборам депутатов маслихатов Республики Казахстан (приложение N 1).  <*>
     Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Председателя Центральной избирательной комиссии РК от 08.04.2005 N  155/221; от 22.08.2006 N 71/139; от 23.02.2010 № 172/323 (порядок введения в действие см. п. 3).

     2. Территориальные избирательные комиссии после опубликования в средствах массовой информации сообщения об итогах выборов, передают на хранение по акту в государственные архивы соответствующих областей, городов (города республиканского значения, столицы Республики), районов следующие документы: 
     протоколы заседаний территориальных избирательных комиссий, приложения к ним и другие документы; 
     списки избирательных округов с указанием их границ и мест нахождения окружных избирательных комиссий по выборам депутатов маслихатов; 
     протоколы территориальных избирательных комиссий об итогах выборов депутатов маслихатов и приложения к ним; 
     акты о выделении к уничтожению документов, не подлежащих хранению по выборам депутатов маслихатов Республики Казахстан (приложение N 1);
     Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлениями Председателя Центральной избирательной комиссии РК от 08.04.2005 N  155/221; от 22.08.2006 N 71/139; от 23.02.2010 № 172/323 (порядок введения в действие см. п. 3).

     3. Окружные избирательные комиссии после опубликования соответствующими территориальными избирательными комиссиями Республики Казахстан в средствах массовой информации сообщения об итогах выборов, передают на хранение по акту в государственные архивы соответствующих областей, городов (города республиканского значения, столицы Республики), районов следующие документы: 
     протоколы заседаний окружных избирательных комиссий, приложения к ним и другие документы; 
     выписки из протокола заседания высшего органа общественного объединения по выдвижению кандидата в депутаты маслихата по соответствующему избирательному округу с приложением копии документа о регистрации данного общественного объединения соответственно в Министерстве юстиции Республики, в областном, городском (города республиканского значения и столицы Республики) управлении юстиции; 
     протоколы заседаний окружных избирательных комиссий об установлении соответствия кандидатов в депутаты маслихатов предъявляемым к ним Конституцией Республики Казахстан и Конституционным законом Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан" требованиям; 
     заявления граждан Республики Казахстан о согласии баллотироваться кандидатом в депутаты маслихата по данному избирательному округу; 
     заявления граждан Республики Казахстан о намерении баллотироваться кандидатом в депутаты маслихата по данному избирательному округу; 
     заявления кандидатов в депутаты маслихата о регистрации доверенных лиц; 
     биографические данные кандидатов в депутаты маслихата; 
     протоколы окружных избирательных комиссий о регистрации кандидатов в депутаты маслихата, их доверенных лиц; 
     протоколы окружных избирательных комиссий о результатах выборов депутатов маслихатов по соответствующему избирательному округу; 
     предвыборные программы, плакаты, листовки, лозунги и иные агитационные печатные материалы кандидатов в депутаты маслихатов Республики Казахстан; 
     обращения граждан о нарушениях Конституционного закона Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан", поступившие в окружные избирательные комиссии в период подготовки и проведения выборов депутатов маслихатов Республики Казахстан; 
     видео- и аудиозаписи теле- и радиопрограмм (передач), содержащие предвыборную агитацию, хранятся в редакциях соответствующих средств массовой информации на правах конфиденциальной информации, и после опубликования соответствующими территориальными комиссиями Республики Казахстан в средствах массовой информации итогов выборов депутатов маслихатов, на безвозмездной основе передаются на хранение в государственные архивы соответствующих областей, городов (города республиканского значения, столицы Республики), районов; 
     обращения граждан о нарушениях Конституционного закона Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан", поступившие в окружную избирательную комиссию Республики Казахстан в период подготовки и проведения выборов депутатов маслихатов Республики Казахстан; 
     акты о выделении к уничтожению документов, не подлежащих хранению (приложение N 1).
     Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлением Председателя Центральной избирательной комиссии РК от 08.04.2005 N  155/221 .

     4. Участковые избирательные комиссии после сдачи протоколов о результатах подсчета голосов передают по акту в соответствующие окружные избирательные комиссии следующие документы: 
     протоколы заседаний участковых избирательных комиссий, приложения к ним и другие документы; 
     протоколы участковых избирательных комиссий о результатах подсчета голосов по выборам депутатов маслихатов; 
     обращения граждан о нарушениях Конституционного закона Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан", поступившие в участковые избирательные комиссии в период подготовки и проведения выборов депутатов маслихатов Республики Казахстан. 

     5. В случае проведения повторного голосования по выборам депутатов маслихатов сроки хранения избирательных документов в избирательных комиссиях всех уровней исчисляются с даты опубликования соответствующей территориальной избирательной комиссией Республики Казахстан результатов выборов.
     Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными постановлениями Председателя Центральной избирательной комиссии РК от 08.04.2005 N  155/221; от 22.08.2006 N 71/139; от 23.02.2010 № 172/323 (порядок введения в действие см. п. 3).

     6. Документы, утратившие практическое значение, уничтожаются по акту, заверенному лицами, осуществившими их предварительную экспертизу, и утвержденному председателем соответствующей избирательной комиссии (форма акта прилагается). 
     Бюллетени для тайного голосования по выборам депутатов маслихатов в опечатанном виде, в том числе отдельно погашенные бюллетени, а также списки избирателей и документы к ним после установления и опубликования итогов выборов передаются по акту: 
     участковыми избирательными комиссиями в соответствующие окружные избирательные комиссии; 
     окружными избирательными комиссиями в районные и городские территориальные комиссии; 
     районными, городскими территориальными комиссиями в органы исполнительной власти по местонахождению территориальной избирательной комиссии, где хранятся на правах конфиденциальной информации в течение шести месяцев после опубликования итогов выборов, а затем уничтожаются по акту.
     Уничтожение производится путем сжигания, расплавления, измельчения на кусочки размером не более 2,5 кв.см., дробления, растворения или химического разложения, превращения в бесформенную массу или порошок. 
     Исключается ознакомление посторонних лиц с уничтоженными документами, неполное уничтожение, позволяющее восстановить их содержание.
     Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными постановлениями Председателя Центральной избирательной комиссии РК от 17.02.2004 N 97/118; от 08.04.2005 N 155/221; от 22.08.2006 N 71/139; от 23.02.2010 № 172/323 (порядок введения в действие см. п. 3).

                                    Приложение № 1
                                    к Правилам хранения, передачи в 
                                    архивы и уничтожению документов,      
                                    связанных с подготовкой и 
                                    проведением выборов депутатов
                                    маслихатов Республики Казахстан

     Наименование                   Утверждаю
        АКТ                         Председатель____________________
    _____№______                                  (наименование)
_________________                  избирательной комиссии
место составления
О выделении к уничтожению          Подпись           Расшифровка
документов, не подлежащих                            подписи
хранению                           Дата

На основании_______________________________________________________________
               (название и выходные данные перечня документов  
___________________________________________________________________________
                     с указанием сроков их хранения)
отобраны к уничтожению как не имеющие научно-исторической ценности и 
утратившие практическое значение документы фонда
№__________________________________________________________________________
                            (название фонда)
___________________________________________________________________________
№ !Заголовок!Дата дела  !Номера   !Индекс дела  !Кол-во !Сроки     !Приме
п/п!дела или !или крайние!описей   !(тома, части)!дел    !хранения  !чание
  !групповой!даты дел   !(номенкла!по номенклату!(томов,!дела(тома,!
  !заголовок!           !тур) за  !ре или № дела!частей)!части)    !     
  !дел      !           !год(ы)   !по описи     !       !и номера  !     
  !         !           !         !             !       !статей по !     
  !         !           !         !             !       !перечню   !     
___________________________________________________________________________
1 !    2    !     3     !    4    !      5      !    6  !   7      !   8 
___________________________________________________________________________
 
  Итого_____________________дел за__________________год
     (цифрами и прописью)     
 
  Наименование должности лица,
проводившего экспертизу ценности документов
Дата                       Подпись                 Расшифровка подписи
 
     Документы в количестве________дел, весом________кг, сданы 
в________________ 
на переработку по приемно-сдаточной накладной от________№__________________

Наименование должности работника
организации, сдавшего документы 
Дата                       Подпись                 Расшифровка подписи

Присутствовал____________________при сжигании документов, хранившихся на 
правах конфиденциальной информации с ограниченным доступом.

Должность представителя 
Избирательной комиссии              Подпись        Расшифровка подписи