Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін, этил спиртін сақтау және сату, сонымен бірге алкоголь өнімін сақтау және көтерме сатуды жүзеге асыратын ұйымдарға дербес сәйкестендірме нөмір тағайындау Тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет 1999 жылғы 9 қараша N 257 бұйрығы. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі  Заңын жүзеге асыру мақсатында Бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін, этил спиртін сақтау және сату, сонымен бірге алкоголь өнімін сақтау және көтерме сатуды жүзеге асыратын ұйымдарға дербес сәйкестендірме нөмір тағайындау Тәртібі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықты нормативтік реттеу бөлімі (Лепесбаев А.С.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен тіркеуден өткізсін.
      3. Осы бұйрық тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.   

       Төраға

Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік кіріс министрлігі 
Алкоголь өнімін өндіру және оның
айналымын мемлекеттік бақылау  
жөніндегі комитет Төрағасының  
9.11.1999 ж. N 257     
бұйрығымен бекітілген    

  Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін,
этил спиртін сақтау және сату, сонымен бірге алкоголь
өнімін сақтау және көтерме сатуды жүзеге асыратын ұйымдарға
дербес сәйкестендірме нөмір тағайындау
Тәртібі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіпте келесі ұғымдар пайдаланылады:
      Комитет - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет; 
      дербес сәйкестендірме нөмір-код - шаруашылық субъектісіне тағайындалатын тұрақты сәйкестендірме нөмір, мемлекеттік лицензия негізінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы қызметіне жүзеге асырады; 
      көлік жөнелтпе құжат - Қазақстан Республикасы аумағында этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісі мен айналымының жариялылығын дәлелдейтін қоса берілетін құжат. 

      2. Дербес сәйкестендірме нөмір - код (бұдан әрі - ДСН-код) мына жағдайларда пайдаланылады; 
      лицензиаттарды есепке алуды жүйелендіруге және тәртіптендіруге; 
      лицензиаттардың заңды сақтауы жөніндегі ақпараттарды тоғыспалы тексеруді жүргізуде; 
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің бөлімшелері арасындағы уақтылы жедел ақпаратты алуда; 

      3. Дербес сәйкестендірме нөмір шаруашылық жүргізуші субъектіге - заңды немесе жеке тұлғаға этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге, сондай-ақ алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтауға және көтерме сатуға лицензиясы болған жағдайда ғана беріледі. 

      4. Лицензиаттарға ДСН-кодты беру және оны күшіне ендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет регламенттейді.

      5. Лицензиаттың ДСН-коды этил спирті мен алкоголь өнімінің көлік жөнелтпе құжатында міндетті түрде көрсетілуі керек.

      6. ДСН-код бір-ақ рет беріледі және лицензиат оны басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.     

  2. Дербес сәйкестендірме нөмірдің құрылымы

        7. ДСН-ді құру үшін фасеттік кодтау жүйесі қабылданған.
      ДСН-нің құрылымы келесі сызбада көрсетілген:
      ХХ  ХХХХ
      |   |
      |   |____ реттік нөмір
      | 
       _____ облыс кодтары

      Бірінші фасет - облыс кодтары.
      Екінші фасет - лицензиаттың реттік нөмірі.
      Облыстарды кодтау төмендегідей белгіленген:
      - Ақмола - 01;
      - Ақтөбе - 02;
      - Алматы - 03;
      - Атырау - 04;
      - Шығыс Қазақстан - 05;
      - Жамбыл - 06;
      - Батыс Қазақстан - 07;
      - Қарағанды -08;
      - Қостанай -09;
      - Қызылорда -10;
      - Маңғыстау -11;
      - Павлодар -12;
      - Солтүстік Қазақстан -13;
      - Оңтүстік Қазақстан -14;
      - Алматы қаласы -15;
      - Астана қаласы -16;
      Этил спиртін өндірушілерге 1-ден бастап 99-ға дейінгі реттік нөмір беріледі;
      Алкоголь өнімін өндірушілерге (оның ішінде сыра өндірушілерге) 100-ден бастап 999-ға дейінгі реттік нөмір беріледі. 
      Этил спирті мен алкоголь өнімі айналымы саласында әрекетті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге 1000-нан бастап 9999-ға дейінгі реттік нөмір беріледі. 

  2. Дербес сәйкестендірме нөмірді беру тәртібі

      8. ДСН-кодты алу үшін лицензиат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік реттеу жөніндегі комитетіне белгіленген формадағы екі дана карточканы өткізеді. 

      9. Тіркеу карточкалары екі түрге бөлінеді: 
      - этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісі және айналымы саласында әрекетті жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеу карточкасы (N 1-қосымша);
      - этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісі және айналымы саласында әрекетті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер ретінде тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеу карточкасы (N 2 қосымша);

      10. ДСН-кодты алу үшін тіркеу карточкасының бір данасы лицензиатқа қайтарылады, ал екінші данасы комитетте сақталынады.

      11. Тіркеу карточкаларындағы мәліметтер заңда белгіленген жағдайлардан басқа жағдайларда жариялануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік кіріс министрлігі 
Алкоголь өнімін өндіру және оның
айналымын мемлекеттік бақылау 
жөніндегі комитеті Төрағасының 
9.11.1999 ж. N 257      
бұйрығымен N 1-қосымша    

Заңды тұлғаға берілген ДСН-кодтың
тіркеу карточкасы

___________________________________________________________________
__________!___________!__________!___________!____________!________
     СТН ___________________________________________________
     Ұйымның атауы _______________________________
     Лицензиаттың мекен-жайы филиал,
     Телекоммуникация
     жабдықтары ________________________________________________
                ________________________________________________
     Лицензия  (N берілген мерзімі, әрекет уақыты __________________
     _______________________________________________________________
     Мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет______________________________
     Коды_________________________________________________________
     Устав фонды____________________________________________________
     Заңды тұлғаның мем.тіркелгені туралы куәлігі___________________
     Лицензиат туралы басқа мәліметтер:_____________________________
     әрекеттер______________________________________________________
     меншіктік форма________________________________________________
     филиалдар (қоймалар)___________________________________________
     Банк реквезиті (банк, есеп айырысу шоты, валюта айырысу шоты)  

      Ұйым жетекшісінің қолы:________________________________________

     М.О.                           Мерзімі______________

      Алкоголь өнімін өндіру
     және оның айналымын мемлекеттік
     бақылау жөніндегі комитет
     Төрағасы

Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік кіріс министрлігі 
Алкоголь өнімін өндіру және оның
айналымын мемлекеттік бақылау 
жөніндегі комитеті Төрағасының
9.11.1999 ж. N 257     
бұйрығымен N 2-қосымша   

Жеке кәсіпкерге берілген ДСН-кодтың
тіркеу карточкасы

____________________________________________________________________
__________!___________!__________!___________!____________!_________
     СТН ___________________________________________________
     Аты-жөні ______________________________________________
     Туған жылы ____________________________________________
     Төлқұжат мәліметтері:__________________________________
     Сериясы____ Нөмірі____ Қашан берілген ____Берген ұйым__
     Лицензия     (N берілген мерзімі, әрекет уақыты _______
     ________________________________________________________
     Мына адрес бойынша тіркелген:
     Индекс ________________________________________________
     Облыс/қала ____________________________________________
     Қала/аудан  ___________________________________________
     Ауыл/село _____________________________________________
     Көшенің аты ___________________________________________
     Үйдің нөмірі (шағын аудан) ____________________________
     Телефон нөмірі ________________________________________
     Пәтер нөмірі __________________________________________
     Мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет:
     Нөмір тіркеушініің атауы ______________________________
     Мем. реестрдегі N _____________________________________
     Тіркеу мерзімі_________________________________________
     Лицензиат туралы басқа мәліметтер:
     Лицензияланатын әрекет түрлері_________________________
     Жекеменшік формасы_____________________________________
     Банк реквизиті (банк, N есеп айыру шоты, N валюта айыру шоты)
     _______________________________________________________
      Жеке кәсіпкердің қолы: ________________________________

           М.О.                   Мерзімі ________________________     

      Алкоголь өнімін өндіру
     және оның айналымын мемлекеттік
     бақылау жөніндегі комитет
     Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады