Кеден баждары мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомаларын депозитке енгізу және оларды қайтару тәртібі туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі 1999 жылғы 9 желтоқсан N 1505. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 401 бұйрығымен.

      --------------Бұйрықтан үзінді----------

      "Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн орындау үшiн, кеден ісі саласындағы нормативтiк құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының қосымшаға сәйкес кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының күшi жойылды деп танылған бұйрықтарының тiзбесi

      23. "Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету сомаларын депозитке енгiзу және қайтарып беру тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң" 1999 жылғы 9 желтоқсандағы N 1505 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 15 желтоқсанда N 1000 болып тiркелген).

_________________________________ 

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының   Z952368_   138-бабына сәйкес Бұйырамын:
      1. Кеден баждары мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомаларын депозитке енгізу және қайтару тәртібі туралы ұсынылған Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Мемлекеттік кіріс министрлігінің заң департаменті (А.Базарбаев) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік Кіріс министрлігі Кеден комитетінің Төрағасы М.О.Нүкеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.     

       Министр

     Қазақстан Республикасы
     Мемлекеттік кіріс министрінің
     1999 ж. 9 желтоқсан N 1505
     бұйрығымен бекітілді.

Кеден баждары мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету
сомаларын депозитке енгiзу және қайтару тәртiбi туралы
Нұсқаулық

1. Жалпы ереже

      1. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - кеден iсi туралы Заң) 138 бабына сәйкес кеден баждары мен (немесе) салықтарын қамтамасыз ету нысандарының бiрi Қазақстан Республикасы кеден органдарының депозитiне тиесiлi сомаларды енгiзу болып табылады. 
      2. Кеден баждарын және (немесе) салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке сомалардың енгiзiлуi тауарлар мен көлiк құралдарын жекелеген кеден режимдерiнің шегiнде жеткiзу кезiнде қолданылады. 
      Тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау кезiнде кеден баждары мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке сомаларды енгiзу кеден iсi туралы Заңның 165-бабына сәйкес қолданылады. 
      Кеден баждары мен (немесе) салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке сомаларды енгiзу мынадай кеден режимдерiнде қолданылады: 
      1) тауарлар транзитi, егер осы кеден режимiнде ресiмделушi тауарлар қатысында Қазақстан Республикасының заңдарымен бейтарифтiк реттеу шараларын және (немесе) кеден iсi туралы Заңның 35-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркiн айналым үшiн шығарылған кезде кеден баждары мен (немесе) салықтарды алу белгiленген болса; 
      2) кеден аумағынан тыс тауарларды ұқсату; 
      3) кеден аумағында тауарларды ұқсату; 
      4) акцизделетiн тауарлар керi экспорты кеден iсi туралы Заңның 99-бабына сәйкес акцизделетiн тауарлардың керi экспорты кезiнде қолданылады; 
      5) тауарлардың экспорты кеден режимiнде сомаларды депозитке енгiзу кеден iсi туралы Заңның 96-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегiнен тауарларды шығармау кезiнде төлеуге жататын салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде қолданылады. 
      Кеден баждары мен (немесе) салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде сомаларды депозитке енгiзу осы Нұсқаулықта қарастырылған тәртiппен жүзеге асырылады. 

2. Кеден органының депозитiне
ақшаларды енгiзу тәртiбi 

      3. Жеткiзiлетiн тауарлар және осы Нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетiлген кеден режимдерiнде ресiмделген тауарлар қатысында, тауарлар транзитi кеден режимiнен басқа, кеден баждары мен (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде ақшаларды енгiзу iшкi кеден органының депозитiне жүргiзiледi. 
      Транзиттiк тауарлар қатысында кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде ақшаларды енгiзу, егер өзгелер Кеден комитетiмен рұқсат етiлмеген болса, жөнелтушi кеден органының депозитiне жүргiзiледi. 
      Бұл кездерде iшкi кеден органы ретiнде қызмет аймағында тауарды қабылдаушы (жөнелтушi) немесе оның құрылымдық бөлiмшесi орналасқан және осы тауарды кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн Қазақстан Республикасының кеден органын түсiну қажет. 
      4. Кеден органының валюталық шоты болмаған жағдайда кеден баждары және салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде кеден органының депозитiне ақшаларды енгiзу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргiзiледi. 
      5. Кеден баждары мен (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету үшiн қажеттi сомалардың көлемi Қазақстан Респүбликасының заңдарына сәйкес есептеледi. 
      6. Жеткiзiлетiн акцизделетiн тауарлар қатысында кеден органының депозитiне ақшаларды енгiзу iшкi кеден органының уақытша кеден мағлұмдамасын қабылдауына дейiн немесе қабылдау сәтiнде жүргiзiледi. 
      Егер ІТҚ-да (iшкi транзит құжаты) көрсетiлген қамтамасыз ету сомасы iшкi кеден органының депозитiне нақты енгiзiлген сомадан асқан жағдайда iшкi кеден органының депозитiне жетпейтiн сомаларды нақты енгiзуге дейiн тауарлар iшкi кеден органына бағыттауға жатпайды, егер аталған сомалардың арасындағы айырма жөнелтушi кеден органы тауарларды жеткiзу туралы шешiм қабылдағанға дейiн ЕВРО бағамының өзгеруiнiң нәтижесiнде пайда болған жағдайдан басқа. 
      Осы Нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетiлген кеден режимдерiнiң шегiнде тасымалданатын тауарлардың кеден органының депозитiне ақша енгiзу кеден мағлұмдамасын қабылдауға дейiн немесе тапсыру сәтiнде жүргiзiледi. 
      7. Кеден баждары мен салықтарын қамтамасыз ету ретiнде депозитке енгiзiлген ақша өзге төлемдер бойынша есепке алуға жатпайды.
      Әр түрлi кеден органдарында ресiмделетiн тауарлар бойынша төлемдi қамтамасыз ету жеке төлем қағазымен енгiзiледi.
      8. Кеден органынының депозитiне ақшаны аударуға төлем құжатының "Төлемдi тағайындау" бағанында:
     _________________________________________________ саны
     ______(кеден режимiн немесе жеткiзу рәсiмiн көрсету)
     199__ ж. "___" _____________ өзара шарт/тар/ бойынша 
     _________________ кеденнің/ кеден басқармасыньң өткiзу пунктi
     _______________________________ арқылы N _______ шот-фактура/лар/ бойынша" көрсетiлуi тиiс. 
      Егер ақша кеден органының депозитiне үшiншi тұлғамен енгiзiлетiн болса, онда осы бағанда қандай тұлғаның мүддесiне ақша енгiзiлетiнi қосымша көрсетiлуi тиiс. 
      9. Жеткiзiлетiн тауарлар қатысында төлем құжатының көшiрмесi уақытша кеден мағлұмдамасымен бiр уақытта iшкi кеден органына тапсырылады. 

3. Кеден органының депозитiне енгiзiлген
ақшаға қожалық ету 

      10. Кеден органының депозитiне нақты ақша енгiзген төлеушi немесе тұлға жеткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу толығымен бiткенге дейiн қожалық етуге құқысыз, Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарларды әкелуден бас тартқан жағдайдан басқа. 
      Iшкi кеден органына жеткiзiлген тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген ақша белгiленген кеден режимiне сәйкес кеден төлемдерi мен (немесе) салықтар айналдыруға жатады. 
      Бұл кезде iшкi кеден органына осы ақшаны кеден баждарына және (немесе) салықтарына айналдыру туралы төлеушінің 1 қосымшаға сәйкес жазбаша өтiнiшi тапсырылады. 
      Өтiнiш болмаған жағдайда тауарлар таңдап алынған кеден режимiне сәйкес тек мемлекеттiк бюджетке жүктің кедендiк мағлұмдамасы (бұдан әрi - КЖМ) бойынша төлеуге жататын барлық кеден төлемдерi мен салықтарын енгiзгеннен кейiн шығарылуы мүмкiн. 
      Бұл кезде кеден баждары мен (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген ақша сомаларын төлеушiге қайтару немесе осы ақшаны нақты енгiзген тұлғаға оның жазбаша өтiнiшi бойынша, тек мемлекеттiк бюджетке КЖМ бойынша төлеуге жататын барлық кеден төлемдерi мен салықтарын енгiзгеннен кейiн ғана жүргiзiледi. 
      12. Егер кеден баждарын және салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде кеден органының депозитiне енгiзiлген сома КЖМ бойынша есептелген сомадан кем болған жағдайда, кеден төлемдерi мен салықтарының жетпейтiн сомалары мемлекеттiк бюджетке КЖМ-сын қабылдағанға дейiн немесе қабылдаумен бiр уақытта төленедi. 
      Кеден төлемдерi мен салықтарының жетiспейтiн сомаларын төлемеген кезде жеткiзiлген тауарлар шығаруға жатпайды. 
      13. Егер кеден баждарын және салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде кеден органының депозитiне енгiзiлген сома КЖМ бойынша есептелген сомадан жоғары болған жағдайда iшкi кеден органы төлеушінің жазбаша өтiнiшi артық енгiзiлген ақшаларды төлеушiнің шотына немесе оның 2 қосымшаға сәйкес жазбаша өтiнiшi бойынша белгiленген тәртiпте осы ақшаны нақты енгiзген тұлғаның шотына қайтаруды жүргiзедi немесе болашақ қамтамасыз ету немесе болашақ кеден төлемдерi мен салықтарының шотына есептеудi жүргiзедi. 
      14. Белгiленген мерзiмде тауарларды iшкi кеден органына жеткiзбеген жағдайда кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде кеден органының депозитiне енгiзiлген ақша жетi күнтiзбелiк күн барысында республикалық бюджет кiрiсiне аударылады. 
      Республикалық бюджет кiрiсiне аударылған ақша қайтаруға жатпайды. 
      15. Егер тұлға кеден баждары мен (немесе) салықтарын төлеудi 
қамтамасыз ету ретiнде ақша енгiзiлген тауарлар қатысында Қазақстан 
Республикасының кеден аумағына енгiзуден бас тартқан жағдайда iшкi кеден органы төлеушiнң 3 қосымшаға сәйкес жазбаша өтiнiшi аталған ақшаны қайтаруды жүргiзедi немесе болашақ кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету есептеудi жүргiзедi немесе оның жазбаша өтiнiшi бойынша осы ақшаны нақты енгiзген тұлғаға қайтаруды жүргiзедi.
      16. Қамтамасыз ету сомаларын депозитте сақтау уақытына пайыз есептелмейдi. Аталған сомаларды индекстеу жүргiзiлмейдi.

                               Кеден баждары мен салықтарды
                               төлеуді қамтамасыз ету сомаларын
                               депозитке енгізу және оларды қайтару
                               тәртібі туралы Нұсқаулыққа
                               1 қосымша     

                               Кеден басқармасының
                               (кеденнің) бастығына
                               __________________
                               __________________     

                    Өтініш     

_________________________________________________________________
     (ұйымның толық атауы, МҰЖК (ОКПО) коды, мекен-жайы)
  ___________________________________________ кеден басқармасының
(кеденнің) кеден баждары мен (немесе) салықтарын төлеуді қамтамасыз
ету ретінде төленген ақшаны 199 ____ж. "___" _________N_______ КЖМ
бойынша ресімделген тауарлар қатысында төленген кеден төлемдері мен
салықтарына аударуды сұрайды:    

     -Барлығы                          -/сомасы/, 
                                       _______________
     - соның ішінде:
     - кедендік ресімдеу үшін кеден алымдары - /сомасы/;
     - импорттық кеден бажы                  - /сомасы/;
                                       _______________
     - акциз                                 - /сомасы/;
                                       _______________
     - НДС                                   - /сомасы/.
                                       _______________     

                 Ұйымның басшысы ___________ /аты-жөні/
                                   (қолы)     

     М.О.         Бас бухгалтер  ___________ /аты-жөні/
                                   (қолы)     

     "____"____________199___ ж.

                               Кеден баждары мен салықтарды
                               төлеуді қамтамасыз ету сомаларын
                               депозитке енгізу және оларды қайтару
                               тәртібі туралы Нұсқаулыққа
                               2 қосымша

                               Кеден басқармасының
                               (кеденнің) бастығына
                               __________________
                               __________________

                      Өтініш     

     199 ____ж. "___"________N__________ төлем құжаты бойынша кеден 
баждары мен салықтарын төлеуді қамтамасыз ету мақсатында кеден органының шотына енгізілген ақшаның бөлігін мынадай кеден төлемдері мен салықтарына айналдыруға байланысты:     

     -Барлығы                             - /сомасы/,
                                         _______________

     - соның ішінде:
     - кедендік ресімдеу үшін кеден алымдары - /сомасы/;

     - импорттық кеден бажы                  - /сомасы/;
                                         _______________
     - акциз                                 - /сомасы/;
                                         _______________
     - НДС                                   - /сомасы/.
                                         _______________     

     __________________________________________кеден басқармасында
            (кеден органының атауы)
     (кеденде ресімделген 199___ ж."___"______N____________________
     КЖМ бойынша___________________________________________________
                  (ұйымның толық атауы, МҰКЖ коды, мекен-жайы)
_________________________________________________________________
___________________ көлемінде артық енгізілген ақшаны N________
__________________ шотқа
   (шот нөмірі)
     ______________
(қажетсізін сызу қажет) 

                           Ұйымның басшысы ___________ /аты-жөні/
                                             (қолы)    

              М.О.         Бас бухгалтер  ___________/аты-жөні/
                                            (қолы)     

     199   ж. "____"___________

                               Кеден баждары мен салықтарды
                               төлеуді қамтамасыз ету сомаларын
                               депозитке енгізу және оларды қайтару
                               тәртібі туралы Нұсқаулыққа
                               3 қосымша

                               Кеден басқармасының
                               (кеденнің) бастығына
                               __________________
                               __________________     

                     Өтініш     

_________________________________________________________________
            (ұйымның толық атауы, МҰЖК коды, мекен-жайы)
_________________________________________________________________
                             байланысты     _________________________________________________________________
            қайтарудың/ есептеудің себебін көрсету қажет

                                      _______________________
                                      (қажетсізін сызу қажет)

     _____________________  мөлшерінде 199___ ж._"_________________

     N _________ төлем құжатымен кеден органының шотына N________
     _____________________________кеден баждары мен салықтарды 
     (кеден органы шотының нөмірі)
     төлеу ретінде ______________________ уақытша /транзиттік/
                    (банктің атауы, МФО)
     кеден аумағынан тыс ұқсату режимінде ресімделген     _______________________________________________________ тауарларды
                 (қажетсізін сызу қажет)
     экспортты немесе реэкспорты N ________________________________
     _______________________________199 ж. "____"__________________
  _________________________________________________________________
                (ұйымның банктік реквизиттері)     _________________________________________________________________     

                       Ұйымның басшысы ________ /аты-жөні/
     М.О.                               (қолы)
                       Бас бухгалтер ________ /аты-жөні/
                                      (қолы)

     199____ ж "____"___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады