Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Кеден комитетінің 1995 жылғы 11 қазандағы N 141-П бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті 1999 жылғы 9 желтоқсан N 609-Б Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 15 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1001. Күші жойылды - ҚР Кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2001.02.06. N 42 бұйрығымен. ~V011443

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы"  Z952368_  Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"  Z990426_  Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты 
      Бұйырамын: 
      1. Мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 11 қазандағы N 141-П бұйрығының, 1-тармағының үшiншi абзацындағы "Ереже" сөзi "нұсқаулық" сөзiмен ауыстырылсын; 
      2) Жоғарыда аталған бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын бақылау жөнiндегi Нұсқаулықта: 
      1.2-тармағының б) тармақшасындағы "Жарлығымен" сөздерi "Заңымен" сөзiмен ауыстырылсын; 
      екiншi абзацтағы және 2 Варианттың төртiншi абзацындағы "және валюталық бақылаудың" сөздерi "(төлемдер бөлiмiмен)" сөздерiмен ауыстырылсын; 
      1 Варианттағы "(2.10-тармағы Тауарлардың кедендiк құнының тәртiбi мен шарттары туралы Ережелер)" сөздерi (2.10-тармағы "Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнының тәртiбi мен шарттары туралы Нұсқаулық (бұдан әрi - Кедендiк құнды мәлiмдеу тәртiбi туралы Нұсқаулық))" сөздерiмен ауыстырылсын; 
      бүкiл мәтiн бойынша "Ереженiң" сөзiн "Кедендiк құнды мәлiмдеу тәртiбi туралы Нұсқаулықтың" сөздерiмен ауыстырылсын; 
      2.5-тармағының үшiншi абзацындағы "және валюталық бақылаудың" сөздерi "(төлемдер бөлiмiнiң)" сөздерiмен ауыстырылсын; 
      3) Жоғарыда аталған бұйрықпен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын мәлiмдеудiң тәртiбi мен шарттары туралы Ережеде: 
      атаудағы "Ереже" сөзi "Нұсқаулық" сөзiмен ауыстырылсын; 
      бүкiл мәтiн бойынша: 
      "Ереже", "Ереженiң" сөздерi сәйкесiнше "Нұсқаулық", "Нұсқаулықтың" сөздерiмен ауыстырылсын; 
      "Президент Жарлығы", "Президент Жарлығының", "Президент Жарлығымен", "Президент Жарлығында" сондай-ақ "Жарлық", "Жарлықпен", "Жарлықтың", "Жарлықта" сөздерi сәйкесiнше "Заң", "Заңның", "Заңда" сөздерiмен ауыстырылсын; 
      1.6. 1-тармақшасының екiншi абзацы алынып тасталсын; 
      1-сiлтемедегi "Заң күшi бар" сөздерi алынып тасталсын; 
      17а бағанының бесiншi абзацындағы "олардың салмағына пропорционал" сөздерi "олардың құнына пропорционал" сөздерiмен ауыстырылсын;

     Аталған Ережеге 3 қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

     2. Құқықтық қамсыздандыру басқармасы (Г. Мұхамедиева) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

     3. Баспасөз қызметi (Г. Исахан) осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсiн.

     4. Кедендiк кiрiстер басқармасы (Б.А. Жұмабеков) осы бұйрықтың жүзеге асуын қамтамасыз етсiн.

     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi Төрағасының орынбасары Д. Құнанбаевқа жүктелсiн.

     

                                                          ҚР МКМ КК

                                                    1999 ж. "___"_______

                                                     N _______ бұйрығына

                                                          қосымша

     

         Кедендiк құнның, кедендiк төлемдер

     мен салықтардың түзетулерiн толтыру тәртібі туралы

                   Ереже     

 
      1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауарларға кедендiк құнның, кедендiк төлемдер мен салықтардың түзету нысанын толтырудың тәртiбiн (бұдан әрi - КҚТ) анықтайды. 
      2. КҚТ комплектi КҚТ-1 нысанындағы тiгiлген негiзгi төрт парақтан, ал осы Нұсқаулықта қарастырылған жағдайларда КҚТ-2 нысанындағы қосымша парақтардан құралады (қосымша). 
      КҚТ парақтары кедендiк жүк мағлұмдамасының (бұдан әрi - КЖМ) парақтарына ұқсас бөлiнедi. 
      3. КҚТ-1 негiзгi парағы бiр атаудағы тауардың (9-шы белгi деңгейiндегi СЭҚ ТН бойынша бiрдей классификация) кедендiк құнының, кедендiк төлемдер мен салықтарының түзетулерi туралы мәлiметтердi көрсету үшiн қолданылады, егер мұндай тауарлар қатысында бiр кеден режимi белгiленген болса. 
      Негiзгi парақтың бағандарын толтырудың жалпы ережелерi КЖМ-ның сәйкес бағандарын толтыру ережелерiне ұқсас. 
      4. Тауарлардың бiрнеше атауының кедендiк құны, кедендiк төлемдер мен салықтарының түзетулерi кезiнде КҚТ-2 қосымша парақтары пайдаланылады, олардың әрбiреуi тауардың тағы екi атауының кедендiк құнын, кедендiк төлемдер мен салықтарын түзетуге мүмкiндiк бередi. Қосымша парақтарды толтыру ережелерi КҚТ-1 негiзгi парағының тиiстi бағандарын толтырудың ережелерiне ұқсас. 
      5. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауарлар қатысында кедендiк құнды және кедендiк төлемдердi түзету мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн: 
      1) Кедендiк ресiмдеу барысында: 
      - мағлұмдаушының мәлiмдеген кедендiк құнның әдiсi, мөлшерi және/немесе құрылымы оны растауға ұсынылған құжаттарды және нақты төленген немесе төленуге жататын бағаны (КҚМ-1 "А" бөлiмi немесе КҚМ-2 "А" және "Б"), оларға қосымша үстемелер (КҚМ-1 "Б" бөлiмi немесе КҚМ-2 "В" бөлiмiнiң 16-19 бағаны), оларға қосымша үстемелер (КҚМ-1 "Б" бөлiмi немесе КҚМ-2 "В" бөлiмiнiң 16-19 бағаны) немесе олардан шегерулер (КҚМ-1 "В" бөлiмi немесе "В" бөлiмiнiң 20-23 бағаны) оның нәтижесiнде кедендiк құнның мөлшерi өзгередi (КҚМ-1 23 бағаны немесе КҚМ-2 25 бағаны); 
      - мәлiмделген кедендiк құнның мөлшерiне әсер еткен КҚМ-1 немесе КҚМ-2 нысандарында техникалық қателер анықталуының және түзетiлуiнiң нәтижесiнде; 
      - "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы"  Z952368_  Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес тауарды мағлұмдаушының пайдалануына беру мақсатында уақытша (шартты) кедендiк бағалауды жүзеге асыру қажеттiгi кезiнде. 
      2) Уақытша (шартты) кедендiк бағалаумен тауарды мағлұмдаушыға пайдалануға бергеннен кейiн: 
      - мағлұмдаушының тапсырған қосымша ақпараттарының негiзiнде немесе кеден органымен тауарды кедендiк бағалауды жүргiзген кезде (белгiленген мерзiмде мағлұмдаушының қажеттi ақпаратты тапсырмаған жағдайда). 
      3) Тауарды еркiн айналым үшiн шығарғаннан кейiн: 
      - тауарды мағлұмдау кезiнде кедендiк құнның мөлшерiне және/немесе құрылымына әсерiн тигiзген техникалық қателер анықталған кезде; 
      - кейiнгi тексеру барысында анықталған дұрыс емес мағлұмдау анықталған жағдайларда (кеден органында сақтаулы құжаттардың пакетiн кейiнгi бақылау кезiндегi сияқты, СЭҚ қатысушылардың қаржы-экономикалық қызметiн тексеру өткiзген кездегiдей); 
      - мәлiмделген кедендiк құнның сыртқы саудалық өзара шарт (шарттың) шарттарына әкелiнген тауардың саны және/немесе сапасы жағынан ауытқуына байланысты кедендiк мағлұмдаманы қабылдаған күнге орын алған тауарлардың нақты құнына сәйкессiздiгi анықталған жағдайда. Түзету мағлұмдаушының өтiнiшi бойынша, Қазақстан Республикасының Орталық кеден органымен белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi. 
      6. КҚТ-1, КҚТ-2 тек кедендiк құны (соның iшiнде статистикалық құн, 

 

кедендiк төлемдер мен салықтар) түзетiлетiн тауарларға ғана толтырылады.

Аталған нысандар КЖМ-ның ажырамас бөлiгi болып табылады.

     7. Кедендiк құнды түзету нысанын толтыру ережелерi. 

     Мағлұмдаушымен толтырылатын бағандар:

     Сандық - 1, 2, 3, 5, 7, 8, 12, 14, 20, 22, 23, 24, 31, 32, 33, 34, 

35, 37, 38, 41, 42, 44, 45, 46, 47, 54. 

     2, 7, 8, 14, 23, 24, 31, 32, 33, 34, 35, 37 және 41 бағандардағы

КЖМ-ның сәйкес бағандарынан деректер қайталанады.

     1-баған. "Түзету түрi".

     Сол жақ бөлiмшеде түзету түрiндегi алтыбелгiлiк сандық код 

көрсетiледi:

     бiрiншi сан түзету қандай этапта жүзеге асырылып жатқандығын 

көрсетедi:

     1 - кедендiк ресiмдеу процесiнде;

     2 - мағлұмдаушының пайдалануына уақытша (шартты) кедендiк бағалаумен 

тауарды бергеннен кейiн;

     3 - мәлiмделген кеден режимiне сәйкес тауарды шығарғаннан кейiн;

     екiншi сан:

     1 - КҚМ-1 "А" немесе КҚМ-2 "А" және "Б" бөлiмдерi бойынша кедендiк 

құнның мөлшерiне әсер еткен техникалық қателер*;

 
      Ескерту. Техникалық қателерге арифметикалық қателер, қайта есептеудегi қателер немесе тауардың кедендiк құнын есептеу кезінде валюта бағамының дұрыс қолданылмауынан болған қателер жатады. 
      2 - КҚМ-1 "А" бөлiмiнiң немесе КҚМ-2 "А" және "Б" бөлiмдерiнiң деректерiн түзету. 
      Ескерту. Техникалық және мазмұнды қателер анықталған жағдайда "2" санын көрсету қажет; 
      үшіншi сан (кедендiк құн көлемiнiң есебiнен шығарылатын сомалармен/шегерiстермен байланысты деректердi түзету): 
      1 - КҚМ-1 "Б" бөлiмiндегi немесе КҚМ-2 "В" бөлiмi бойынша (16-19 баған) кедендiк құнның көлемiне әсер еткен техникалық қателер; 
      2 - қосымша үстемелердiң құрылымы мен мөлшерiн нақтылауға байланысты КҚМ-1 "Б" бөлiмiнiң немесе КҚМ-2 "В" бөлiмiнің (16-19 баған) деректерiн түзетулер; 
      төртiншi сан (кедендiк құн көлемiнiң есебiнен шығарылатын сомалармен/шегерiстермен байланысты деректердi түзету): 
      1 - КҚМ-1 "В" бөлiмi немесе КҚМ-2 "В" бөлiмi (20-23 баған) бойынша кедендiк құнның көлемiне әсер еткен техникалық қателер; 
      2 - рұқсат етiлген есептен шығарулардың құрылымы мен көлемiне байланысты КҚМ-1 "В" немесе КҚМ-2 "В" бөлiмiнiң (20-23 баған) деректерiн түзетулер; 
      бесiншi сан: 
      1 - жетiспеушілік, сапасыз тауар; 
      2 - кеден органдарымен жүргiзiлген құжаттық келесi тексерудiң нәтижесi; 
      3 - кеден органдарымен жүргiзiлген СЭҚ қатысушының қаржы-шаруашылық қызметiн тексерудiң нәтижесi; 
      алтыншы сан оның аяқталған көзқарасынан түзетудiң түрiн көрсетедi: 
      1 - уақытша (шартты) кедендiк бағалауға байланысты кедендiк құнның түзетуi; 
      2 - соңғы кедендiк бағалауға байланысты кедендiк құнның түзетуi. 
      Ескерту: 1. Түзету кодының сандары сандардың арасындағы және 5 пен 6 сандарының арасындағы "/" белгiсiмен үш блокқа бөлiнедi. Осылай, түзету түрiнiң коды: Х/ХХХХ/Х түрiнде болады. 
      Екiншi блокта (екiден беске дейiнгi сандар) қарастырылған позициялардың бiрi болмаған кезде бұл жерде нөлдер қойылады. 
      Мысалдар: 
      1) Түзетудiң 1/1020/2 түрi түзету кедендiк ресiмдеу процесiнде жүзеге асырылды, түзетудiң себептерi КҚМ-1 "А" бөлiмi бойынша немесе КҚМ-2 "А" және "Б" бөлiмдерi бойынша техникалық қателер және КҚМ-1 "В" бөлiмi бойынша немесе КҚМ-2 "В" бөлiмi (20-23 баған) бойынша деректердi нақтылау болып табылады. Түзету кедендiк құнның соңғы есебiне байланысты жүргiзілдi. 
      2) Түзетудiң 1/0000/1 түрі кедендiк құнды түзету кедендiк ресiмдеу процесiнде уақытша (шартты) кедендiк бағалауға байланысты жүзеге асырылғанын бiлдiредi. 
      3) Түзетудiң 2/0200/2 түрi түзету мағлұмдаушыға қосымша үстемелердi нақтылайтын құжаттарды мағлұмдаушы тапсырғаннан кейiн соңғы кедендiк бағалауды жүргiзуге байланысты уақытша (шартты) кедендiк бағалаумен тауарды мағлұмдаушыға тапсырғаннан кейiн жүзеге асырылғанын білдiредi. 
      4) Түзетудiң 2/0000/2 түрi мағлұмдаушының оның мәлiмдеген кедендiк құнын растайтын құжаттарды белгiленген мерзiмде тапсырмағандықтан кеден органының соңғы кедендiк бағалауды өткiзуiне байланысты мағлұмдаушыға уақытша (шартты) кедендiк бағалаумен тауарды тапсырғаннан кейiн, мағлұмдаушының қосымша тапсырылған құжаттарына байланысты жүзеге асырылғанын білдiредi. 
      Бағанның оң жақ бөлiмшесiнде КЖМ 1-бағанының екiншi бөлiмшесiнен кеден режимiнiң екi белгiлi сандық коды көрсетiледi. 
      3-баған. "Қосымша парақтар". 
      Егер қосымша парақтар (КҚТ-2 нысаны) пайдаланылса толтырылады. Бағанды толтырудың ережелерi КЖМ-ның сәйкес бағанын толтыру ережесiне ұқсас. 
      5-баған. "Тауарлардың барлық атаулары" 
      Бағанда кедендiк құны түзетiлетiн тауарлар атауының жалпы саны көрсетiледi (сандармен). 
      12-баған. "Жалпы кедендiк құн". 
      Бағанның сол жақ бөлiмшесiнде кедендiк құны түзетiлмеген қалған тауарлардың КЖМ-ның КҚТ-1 және КҚТ-2 45-бағандары, КҚТ-1 және КҚТ-2 45-бағандары және негiзгi және қосымша парақтардың 45-бағандарының сол жақ бөлiмшелерiнде көрсетiлген тауарлардың түзетiлген сомасы ретiнде анықталған жалпы түзетiлген құн қойылады. 
      Бағанның оң жақ бөлiмшесiнде егер түзету бiрiншi рет жүргiзiлсе КЖМ-ның негізгі парағы 12-бағанының мәнi немесе егер кедендiк құнды түзету жүргiзiлген болса, КҚТ-1-дiң алдыңғы бағаны сол жақ бөлiмшесiнiң мәнi көрсетiледi. 
      20-баған. "Жеткiзілім шарттары". 
      Тауар жеткiзілімiнiң шарттарын нақтылауға байланысты кедендiк құнды түзеткен жағдайда бұл бағанда жеткiзілімнiң нақтыланған шарты көрсетiледi. Бұл болмаған жағдайда КЖМ-ның сәйкес бағандарынан деректер қайталанады. 
      22-баған. "Валюта және тауарлардың жалпы фактуралық құны". 
      Осы тауардың фактуралық құнын кедендiк ресiмдеуге КЖМ-сын қабылдау күнiне нақтылауға (өзгеруге) байланысты осы бағанда тауардың фактуралық құнының нақтыланған мәнi көрсетiледi. Бұл болмаған жағдайда КЖМ-ның сәйкес бағанынан деректер қайталанады. 
      23-баған. "Валюта бағамы". 
      22-бағанның сол жақ бөлiмшесiнде көрсетiлген валютаның бағамын нақтылауға байланысты тауардың кедендiк құнын түзеткен жағдайда осы бағанда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен кедендік ресiмдеуге КЖМ-сын қабылдаған күнге белгiленген Қазақстан Республикасының валютасына тауардың фактуралық құны мәлiмделген валюта курсының нақтыланған мәнi көрсетiледi. Бұл болмаған жағдайда КЖМ-ның сәйкес бағанынан деректер қайталанады. 
      Ескерту: Кедендiк құнның барлық түзетулерi (соның iшiнде тауарды еркiн айналым үшiн шығарғаннан кейiн кедендiк құнды түзетудi қоса) кедендiк ресiмдеуге КЖМ-сын қабылдаған күнге валютаның бағамы бойынша жүргiзiледi. 
      32-баған. "N тауары". 
      КЖМ-ның сәйкес бағанындағы кедендiк құны түзетiлетiн тауардың нөмiрi көрсетiледi. 
      38-баған. "Таза салмағы (кг)". 
      Тауардың таза салмағын Қазақстан Республикасының кеден аумағына енгiзу сәтiне нақтылауға байланысты кедендiк құнды түзеткен жағдайда осы бағанда тауардан оны пайдалануға дейiн ажырамайтын алғашқы орамасын есепке ала отырып тауардың таза салмағының құжаттық расталған мәнi немесе құйылатын және төгiлетiн тауарлардың жалпы салмағы көрсетiледi. 
      42-баған. "Тауардың фактуралық құны". 
      Тауардың фактуралық құнын нақтылауға байланысты кедендiк құнды түзеткен жағдайда осы бағанда тауардың нақтыланған фактуралық құны көрсетiледi. Бұл болмаған жағдайда КЖМ-ның сәйкес бағанынан деректер қайталанады. 
      44-баған. "Қосымша ақпарат/тапсырылатын құжаттар". 
      Баған егер кедендiк құнды түзету кезiнде мағлұмдаушы қосымша құжаттар (өзара шартқа толықтырулар, қосымша келiсiмдер, кеден органдарының рұқсат қағаздары және т.с.) тапсырған жағдайда толтырылады. 
      Бағанды толтыру ережесi КЖМ-ның осындай бағанын толтыру ережелерiне ұқсас, бұл кезде оның негiзiнде түзету жүргiзiлген, мағлұмдаушының қосымша тапсырған құжаттарының нөмiрлерi мен күнi көрсетiледi. 
      45-баған. "Тауардың кедендiк құны". 
      Бағанда өзара шарт валютасында 31-бағанда бейнеленген, тауардың түзетiлген кедендiк құны көрсетiледi. Кедендiк құн КҚМ-ның сәйкес нысанының 2-парағында ресiмделген есептермен расталады. 
      46-баған. "Статистикалық құн". 
      Шартты (уақытша) кедендiк бағалауға байланысты тауардың кедендiк құнын түзеткен жағдайда бұл баған толтырылмайды. 
      Соңғы кедендiк бағалауға байланысты тауардың кедендiк құнын түзеткен жағдайда бұл бағанда түзетiлген кедендiк құнның негiзiнде есептелген тауардың статистикалық құны көрсетіледi. 
      Бағанды толтыру ережесi КЖМ-ның сәйкес бағанын толтыру ережелерiне ұқсас. 
      47-баған. "Кеден баждары мен алымдарын есептеу". 
      Кеден төлемдерiн есептеу кезiндегi алғашқы бес бағаншаларды толтырудың тәртiбi ("Түрi", "Есептеу негiзi", "Ставка", "Сома", "ТТ") КЖМ-ның 47-бағанындыкiндей, кедендiк ресiмдеу үшiн алымдарды есептеу кезiнде есептеу үшiн негiзге КҚТ-1 12-бағанында көрсетiлген құн алынады, ал әкелу кезiнде алынатын өзге кедендiк төлемдер мен салықтарды есептеу үшiн КҚТ-1-дiң (КҚТ-2) 42-бағанында көрсетілген құн алынады. 
      "ТК" ("Төлем түрiнiң коды") бағаншасында: 
      0 - түзетiлген төлемнiң сомасы КЖМ-да көрсетiлген (осы тауар үшiн) ұқсас төлемнiң сомасынан төмен болса немесе (егер ертеректе кедендiк құнды түзету жүзеге асырылған болса) КҚТ-1 немесе КҚТ-2 нысанының сәйкес парағында (егер түзету нәтижесiнде төлем сомасының көбеюi орын алса) көрсетiледi. 
      Ескерту: егер кедендiк құнды түзету нәтижесiнде төлемнiң тиiстi түрi үшiн төлем сомасы өзгермесе, онда бағаншада сызықша қойылады. 
      "Алдыңғы сома" бағаншасында ертеректе КЖМ-да немесе КҚТ-1 және КҚТ-2-де (егер кедендiк құнды, кедендiк төлемдер мен салықтарды түзету жүзеге асырылған болса) мәлiмделген сомасы көрсетiледi. 
      "Өзгерiс" бағаншасында "Сома" және "Алдыңғы сома" бағаншаларында көрсетiлген шамалардың айырмашылығы көрсетiледi, егер төлемдерге қосымша үстеме аударылған болса "+" белгiсiмен, егер төлемдердi қайтару жүргiзiлсе "-" белгiсiмен. 
      "Өндiрiп алуға жататын жалпы сома" бағаншасында "Өзгерiстер" бағаншасында көрсетiлген шамалардың сомасы көрсетiледi. 
      54-баған. "Орны мен күнi". 
      Мағлұмдаушының осы бағанды толтыру ережелерi КЖМ-ның сәйкес бағанын толтыру ережелерiне ұқсас. 
      КҚТ-1 (КҚТ-2) нысаны кеден органының лауазымды тұлғасымен толтырылған жағдайда, осы бағанда онымен толтыру күнi, қолы және жеке нөмiрлi мөрi қойылады. Бұл кезде 14-баған толтырылмайды. 
      8. Кеден органы толтыратын бағандар. 
      Кеден органы А, 43, С, D бағандарын толтырады. 
      А бағаны. 
      Уақытша (шартты) кедендiк бағалауға байланысты кедендiк құнды түзеткен жағдайда осы бағанада мағлұмдаушының кеден органына кедендiк құнды нақтылау үшін қажеттi құжаттарды тапсырған күнi көрсетiледi. Кедендiк құнды нақтылаудың жалпы белгiленген мерзiмiнiң шегінде (60 күн) бiрнеше аралық мерзiмдер белгiленсе, онда осы бағанда ретiмен осы мерзiмдердiң әрқайсысы көрсетiледi. 
      43-баған. "Кедендiк құнды анықтау үшiн пайдаланылған кедендiк бағалаудың әдiсi". 
      Кедендiк құнды анықтаудың сандық белгiленуi көрсетiледi. Егер әдiс өзгермеген жағдайда мағлұмдаушының кедендiк құнын мәлiмдеген кездегi қолданған әдiсi көрсетiледi (КЖМ-ның сәйкес бағанының бiрiншi позициясы (сан)). Егер кедендiк құнды түзету кезiнде кедендiк құнды анықтаудың басқа әдiсi қолданылған жағдайда, осы бағанда құнды түзету кезiнде қолданылған әдiс көрсетiледi. 

 

     Тауарды уақытша (шартты) кедендiк бағалаумен шығарған жағдайда бұл 

бағанда "0" қойылады.

     С бағаны.

     Мағлұмдаушының оған уақытша (шартты) кедендік бағалаумен тауарды 

беруге өтінішіне сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуінің түрі 

көрсетіледі. Бұл кезде кеден органының лауазымды тұлғасымен кеден 

органының депозитіне қажетті кедендік төлемдер енгізілген төлем қағазының 

нөмірі көрсетіледі және белгіленген тәртіпте куәландырылады.

     D бағаны.

     Жеке нөмірлі мөрмен куәландырылған кеден органының құрылымдық 

бөлімшелері басшыларының қолдары және күні қойылады.

     

     

     Оқығандар:

              Багарова Ж.А.

              Икебаева А.Ж.

     

     

     

     

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады