Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлеріне келісім беру тәртібі мен шарттары туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 334 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1028. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159 қаулысымен. V042955

      Банк қызметiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында және қолданылып жүрген заңдарға енгізiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Екiншi деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiне келiсiм беру тәртiбi мен шарттары туралы нұсқаулық бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Осы қаулы және Екiншi деңгейдегi банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiн тағайындауға келiсiм беру тәртiбi мен шарттары туралы нұсқаулық күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 27 қыркүйектегi N 229   қаулысымен  бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердің басшылық қызметiне тағайындалатын кандидатуралармен келiсу тәртiбi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженiң(1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 413 өзгерiстерiмен және толықтыруларымен қоса) күшi жойылды деп саналсын. 
      3. Заң департаментi (Шәрiпов С.Б.) Банктердi қадағалау департаментiмен (Жұмағұлов Б.Қ.) бiрлесiп осы қаулыны және Екiншi деңгейдегi банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiне келiсiм беру тәртібі мен шарттары туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін. 
      4. Банктерді қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап екі апта мерзімде осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлеріне келісім беру тәртібі мен шарттары туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін. 
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін. 

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 7 қазандағы  
N 334 қаулысымен     
Бекітілген        

  Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы
қызметкерлерiне келiсiм беру тәртiбi мен
шарттары туралы нұсқаулық 

       Ескерту: Мәтін бойынша "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банкпен", "Ұлттық Банк" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органның", "уәкілетті органмен", "уәкілетті орган", "Банктердi қадағалау департаментi", "Банктердi қадағалау департаментiне" деген сөздер тиісінше "уәкілетті бөлім", "уәкілетті бөлімшеге" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 410   қаулысымен .

1-тарау. Жалпы ережелер 

      1. Осы Нұсқаулық " Қаржы рыногын  және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы", "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі  туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi   туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы заң), " Акционерлік қоғамдар  туралы", " Жауапкершілігі шектеулі  және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарды қоспағанда екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктік емес ұйымдар) басшы қызметкерлерін, банктер мен банктік емес ұйымдардың басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылған кандидаттарды қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісу тәртібін, сондай-ақ уәкілетті органның Біліктілік комиссиясының өкілеттігін айқындайды.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 410   қаулысымен .

      2. Банктердiң және банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерiне тағайындау немесе сайлау үшiн ұсынылған банктердiң және банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерi Банктер туралы  заңда  белгiленген талаптарға сай келуге тиiс және уәкілетті орган келiсiм беруi керек.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 410   қаулысымен .

      3. Банктiң басшы қызметкерлерi - директорлар кеңесiнiң төрағасы және мүшелерi, банк басқармасының төрағасы, оның орынбасарлары және соған теңестiрiлген банктiң құрылымдық бөлiмшелерiне жетекшiлiк ететiн басшы қызметкерлері, банктiң бас бухгалтерi немесе соған теңестiрiлген, банктiң құрылымдық бөлiмшесiнiң бухгалтерлiк есеп жүргiзетiн басшысы, сондай-ақ оның орынбасарлары, банк филиалының бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi немесе соған теңестiрiлген, банк филиалының құрылымдық бөлiмшесiнiң бухгалтерлiк есеп жүргiзетiн басшысы, банктiк емес ұйымның басшы қызметкерлерi - банктiк емес ұйымның директорлар кеңесiнiң төрағасы (егер банктiк емес ұйымның жарғысында директорлар кеңесiнiң болуы көзделсе), атқарушы органының басшысы және бас бухгалтерi немесе соған теңестiрiлген, банктiк емес ұйымның құрылымдық бөлiмшесiнiң бухгалтерлiк есеп жүргiзетiн басшысы қызметiне олардың кандидатуралары бойынша уәкілетті органның келiсiмi болғанда ғана тағайындалады немесе сайланады. 
      Кейбiр жағдайда банктiң немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерiне сайланған немесе тағайындаған адамның кандидатурасы уәкілетті органмен алдын ала келiсiлмесе, банк немесе банктiк емес Ұйым банктiң немесе банктiк емес ұйымның уәкiлеттi органы басшы қызметкер тағайындалғаны немесе сайланғаны туралы шешiм қабылдаған күннен бастап 30 күннiң iшiнде тиiстi құжаттарды осы Нұсқаулықта белгiленген тәртiппен уәкілетті органның келiсiм беруi үшiн ұсынуға мiндеттi. Осы Нұсқаулықта белгiленген талаптарға сәйкес уәкілетті органның келiсiм беруi үшiн жiберiлген құжаттардың толық пакетi уәкілетті органға келiп түскен күн құжаттар берiлген күн деп есептеледi.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 410   қаулысымен

      4. Банктiң, банктiк емес Ұйымның басшы қызметкерлерi үш айдан астам уақытқа дейiн уәкілетті органның келiсiмiн алмаса, өз мiндеттерiн орындауына болмайды, сондай-ақ жоғарыда көрсетiлген мерзiмнен асқаннан кейiн құжаттарға бiрiншi немесе екiншi болып қол қою құқығын пайдалана алмайды. 

      5. Банктiң немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерлерiнiң кандидатурасымен келiсу кезеңiнде қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес жұмысқа қайта қабылданатын адамдар мерзiмдi еңбек шарты бойынша мiндеттер атқарады. 

      6. Банктiң немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерлерінің кандидатурасына ұсынылған адам қызметтік мiндеттерiн дұрыс атқаруына қарамастан уәкілетті орган оны тағайындауға немесе сайлауға келiсiм беруден бас тартқан жағдайда, банк немесе банктiк емес ұйым уәкілетті органның шешiмiн алған кезден бастап 30 күн iшiнде осы нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетiлген уәкілетті органның келiсiмiнсiз банктiң немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерлерiнiң лауазымдық мiндетiн атқаруға болатын барынша шектi мерзiмдi мiндеттi түрде сақтай отырып аталған қызметкердi атқарып отырған қызметiнен босатуға тиiс. 

      7. Банктердiң немесе банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерiн тағайындауға немесе сайлауға келiсiм беру туралы, банктердiң немесе банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерiн тағайындауға немесе сайлауға келiсiм беруден бас тарту немесе оны қайта қарау туралы уәкілетті органның шешiмiн уәкілетті органның Бiлiктiлiк комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) қабылдайды. 
      Қажет болған жағдайда, аталған мәселелердi уәкілетті органның Басқармасы қарауы мүмкiн. 

  2-тарау. Комиссияның қарауы үшiн кандидатураларды
келiсу және материалдарды дайындау үшiн
уәкілетті органға құжаттар беру тәртiбi  

      8. Банктердiң немесе банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерiн тағайындауға немесе сайлауға келiсiм беру туралы және банктердiң немесе банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерiн тағайындауға немесе сайлауға жататын кандидатураларды келiсу үшiн банк немесе банктiк емес ұйым уәкілетті бөлімшеге мына құжаттарды бередi: 
      1) банктiң немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкер немесе басшы қызметкер лауазымына кандидатура тағайындауға немесе сайлауға келiсiм беру туралы өтiнiшi; 
      2) басшы қызметкер тағайындау немесе сайлау туралы немесе басшы қызметкердiң кандидатурасын уәкілетті органмен келiсуге ұсыну туралы банктiң немесе банктiк емес ұйымның тиiстi уәкiлеттi органының шешiмiн куәландыратын құжат; 
      3) басшы қызметкерлер немесе басшы қызметкерлер лауазымына кандидаттар туралы осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген нысандар бойынша деректер; 
      4) басшы қызметкерлердiң немесе басшы қызметкерлер лауазымына кандидаттардың бiлiмi туралы дипломының және еңбек кiтапшасының нотариус куәландырған көшiрмелерi немесе тиiстi бiлiмi бар екенiн растайтын және еңбек қызметi сипатталған нотариус куәландырған құжаттар. 
      Көрсетiлген құжаттармен қатар басшы қызметкерлерге немесе басшы қызметкерлер лауазымына кандидаттарға кем дегенде екi адамнан осы нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетiлген нысан бойынша кепiлдемелер ұсынуға мiндеттi. 
      Банктiң директорлар кеңесiнiң төрағасы мен мүшелерiнiң және банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерiнiң кандидатураларын келiскенде, осы нұсқаулықта көрсетiлгеннен басқа жағдайда кепiлдемелер ұсыну талап етiлмейдi. 
      Олардың тағайындалуына немесе сайлануына уәкілетті органның келiсiмiн алған банктердiң басшы қызметкерлерi ғана, сондай-ақ салық қызметi органдарының және мемлекеттiк қаржы басқару органдарының немесе олардың бөлiмшелерiнiң басшы қызметкерлерi кепiлдемеші болуы мүмкiн. 
      Еншiлес банктердiң Қазақстан Республикасының азаматы емес басшы қызметкерлерiнiң тiзiмiн, бас банктi қоспағанда, уәкілетті орган бекiтетiн рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнен алынған кредит қабiлеттiлiгiнiң рейтингi Қазақстан Республикасының тәуелсiз рейтингiнен төмен болмайтын шетел банктерiнiң басшыларынан кепiлдеме алып беруiне болады. 
      Шетел қатысатын банктердiң директорлар кеңесiнiң төрағалығына кандидатураларды келiскенде кепiлдемелердiң түпнұсқасын және кепiлдеме шет тiлiнде берiлген жағдайда, оның нотариус куәландырған аудармасын ұсыну қажет, мұндайда кепiлдемешi адамдар жоғарыда аталғандардан басқа, резиденттерi шетел қатысатын банктiң акционерлерi болып табылатын тиiстi мемлекеттiң банктiк қадағалауының уәкiлеттi органдарының өкiлдерi бола алады. 
      Кандидатураны келiсу туралы өтiнетiн банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзетiн ұйымның басшы қызметкерi немесе кандидатурамен туысқандық қатынастармен байланысқан адам кепiлдемешi бола алмайды. Бiр ұйымның қызметкерлерiне 2 және одан да көп кепiлдеме беруге тыйым салынады.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 410   қаулысымен .  

      9. Комиссия кандидатураларды көзбе-көз де сырттай да қарауға құқылы. Комиссияның кандидатураны көзбе-көз келiсу iс-жосығы тесттен өткiзудi және осы Нұсқаулықта көрсетiлген жағдайларда, кандидатуралармен Комиссия мәжiлiсiнде әңгiмелесудi қамтиды. 
      Банктің директорлар кеңесiнiң төрағалығына және мүшелiгiне банктiк емес ұйымның директорлар кеңесiнiң төрағалығына кандидатураларды келiсу сырттай жүргiзiледi. 

      10. Уәкілетті бөлім банк немесе банктiк емес ұйым ұсынған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексерiп, олар уәкілетті бөлімшеге түскен күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде Комиссияға әрбiр келiсiлетiн кандидатураны келiсу түрiн көрсетiп (көзбе-көз не сырттай) өтiнген банкке немесе банктiк емес ұйымға банктiң немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерлерiн уәкілетті органға тесттен өтуге шақыру туралы бiр уақытта жазбаша ескертiп, осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетiлген нысанға сәйкес жазбаша қорытынды ұсынады. 
      Уәкілетті органға ұсынылған құжаттар осы нұсқаулықтың талаптарына сай болмаған жағдайда құжаттар қайтарылады. 
      Уәкілетті органға ұсынылған құжаттар осы нұсқаулықтың талаптарына сай келмеген жағдайда, құжаттар банкке немесе банктiк емес ұйымға қайта ресiмдеуге жiберiледi. Банк немесе банктiк емес ұйым кандидатураны Уәкілетті органмен келiсу үшiн қажеттi құжаттарды осы Нұсқаулықта көзделген мерзiм шегiнде қайта ресiмдеудi жүзеге асырады. 
       Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 410   қаулысымен .

      11. Комиссия кандидатураны көзбе-көз келiскенде ол адам уәкілетті бөлім жүзеге асыратын тесттен өтуге мiндеттi. 
      Тесттен, өткiзу кандидатураға компьютерлiк немесе жазбаша нысанда сұрақ қойылып, тестiк сұрақтарға ұсынылған жауаптардың бiреуiн таңдауы арқылы жүргiзiледi. 
      Тестiк сұрақтардың ең аз дегенде 3 нұсқасының жауабы болуы керек, сонымен бiрге олардың бiреуi ғана дұрыс болуға тиiс. 
      Кандидатураны тесттен өткiзу кезiнде тестiк 30 сұраққа жауап беру ұсынылады. Тесттен өткiзу мерзiмi 30 минутпен шектеледi.
       Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 410   қаулысымен

      12. Қажет болған кезде алдын ала жазбаша тапсырыс бойынша уәкілетті бөлім тесттен өтушiге орыс және ағылшын тілдерiн бiлетiн аудармашы бередi. 
      Кандидатты тесттен өткiзу уақытында тестен өтушiмен бiр үй-жайда болуға уәкілетті бөлімшесiнің қызметкерлерi мен уәкілетті бөлім ұсынған аудармашыға ғана рұқсат етiледi. 
      Кандидаттарға тесттен өту кезiнде қандай да бiр жазбаша, электронды немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдалануға тыйым салынады. Осы тармақта жазылған талаптарды бұзу тестiң нәтижелi өтпегенiне теңестiрiледi. 

      13. Тестiң нәтижесiз болуы басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған банктiң немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерiн немесе кандидатты банк заңдарын жеткiлiктi меңгермеген деп тануға және басшы қызметкерге тағайындауға (сайлауға) келiсiм беруден бас тартуға негiз болып танылады. 
      Кандидатураға сұрақ қою кезiнде тестiк сұрақтарға 60 проценттен кем дұрыс жауап алған кезде тест нәтижесiз өттi, ал кандидатура Комиссияның мәжiлiсiне пiкiрлесуге жiберiлмейдi деп танылады. 
      Кандидатураға сұрақ қою кезiнде тестiк сұрақтарға 60 проценттен аса дұрыс жауап алған кезде тест нәтижелi өттi, ал кандидатура Комиссияның мәжiлiсiне пiкiрлесуге жiберiледi деп танылады. 
      Уәкілетті бөлім кандидатты тестен өткiзу нәтижесiн басқа қажеттi материалдармен бiрге Комиссияның қарауына жiбередi. 

      14. Кандидатуралардың iскерлiк қабiлетiн және кәсiби дайындығының деңгейiн сипаттайтын, сондай-ақ банктердің немесе банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерiн тағайындауға қатысты негiздерге байланысты мәлiметтердi зерделеу мақсатында уәкілетті бөлімшенің қызметкерлерi банктердің немесе банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерi жөнiндегi мәлiметтердi электрондық базада толық көлемде көрсетедi.
       Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 410   қаулысымен

      15. Уәкілетті органға, банктерге және банктiк емес ұйымдарға ұсынылатын қол қою және банктердiң және банктiк емес ұйымдардың мөр бедерлерiнiң үлгiсi бар құжаттарда уәкілетті органмен келiсiмнен өткен басшы қызметкерлердің қолдарының үлгiлерi болуға тиiс. 
      Банктер мен банктiк емес ұйымдардың қол қою және мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжат уәкілетті органға алдын ала ұсынылуға тиiс. Осы Нұсқаулыққа сәйкес басшы қызметкердің қол қоюға құқығы бар болған жағдайда, уәкілетті бөлiмшенiң тиiстi басшылары қол қою және мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжаттарға бұрыштама қойылған күнді көрсете отырып жоғары оң жақ бұрышына бұрыштама қояды, қажет болған жағдайда банктiң басшы қызметкерiнiң қол қою құқығының ең ұзақ мерзiмi көрсетiледi, бұл мерзiм аяқталғаннан кейiн басшы қызметкердiң мұндай құқығы болмайды.
       Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 410   қаулысымен .  

  3-тарау. Банктер мен банктiк емес ұйымдардың басшы
қызметкерлерiн тағайындауға немесе сайлауға келiсiм
беруден бас тарту және бұрынғы берiлген келiсiмдi
қайта қарау негiздемесi және тәртiбi

      16. Банктер туралы заңның  20-бабында  белгiленген негiздер болған жағдайда Уәкілетті орган банктер мен банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерiн тағайындауға немесе сайлауға келiсiм беруден бас тартуға және бұрынғы берiлген келiсiмдi қайта қарауға құқылы.
       Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 410   қаулысымен .

      17. Банктің немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерiнiң кәсiби жарамдылығы туралы мәселенi шешкен кезде Комиссия уәкілетті органның немесе оның бөлiмшелерiнiң тексеруiмен анықталған қосымша мәлiметтердi, оған қоса банктің немесе банктiк емес ұйымның қызметi банк заңдарын бұзуға немесе қаржы жағдайын нашарлатуға әкелiп соққан банктердің және банктiк емес ұйымдардың басшы қызметкерлерi туралы мәлiметтердi зерделеуге құқылы. 
      Комиссия өтiнiш берушi банктен немесе банктiк емес ұйымнан және үшiншi тұлғадан банктің немесе банктiк емес ұйымның қосымша мәлiметтерiн сұратуға құқылы. 

      18. Комиссия мәжiлiсiне келмеген жағдайда осы адамның кандидатурасымен келiсу Комиссияның келесi мәжiлiсiне қалдырылады. Ол адам келесi жолы да келмесе, Комиссия бұл кандидатураны келiсу туралы мәселенi банк немесе банктiк емес ұйым кандидаттың Комиссия мәжiлiсiне келмеу себебi көрсетiлген қосымша өтiнiш бергенге дейiн қарамауға құқылы. 

      19. Жекелеген жағдайларда, кандидатқа басшылық қызметке деген өзiнiң iскерлiк қабiлетiн көрсету мүмкiндiгiн беруге байланысты келiсiм берудi кейiнге қалдыру қажет болғанда заңда белгiленген үш ай мерзiм шегiнде, банктің немесе банктiк емес ұйымның өтiнiшi бойынша келiсiм беру туралы мәселенi мұнан кейiнгi мәселе шешілгенге дейiн қарамауға құқылы, мұндайда құжаттардың толық пакетiн өтiнiш берушi банкке немесе банктiк емес ұйымға қайтару көзделедi. 

      20. Банктiң немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерiн тағайындауға (сайлауға) бұрынғы берiлген келiсiмдi қайта қарау үшiн негiз болған жағдайда уәкілетті бөлім мұндай фактiлер туралы банкке жазбаша хабарлайды және сонымен бiрге банктен қажеттi құжаттар берудi талап етуге құқылы. Банк үш аптаның iшiнде уәкілетті органға талап етiлген құжаттармен қоса жазбаша түсiндiрме беруге мiндеттi және пакеттi қаралатын мәселеге қатысы бар басқа да құжаттармен толықтыруға құқылы. 
      Уәкілетті бөлім басшы қызметкер тағайындауға (сайлауға) бұрынғы берiлген келiсiмдi қайта қарау үшiн басшы қызметкер кандидатурасы бойынша тиiстi жазбаша қорытынды жасайды және осы мәселе жөнiндегi басқа құжаттармен бiрге оны Комиссияның кезектi мәжiлiсiнде қарауға бередi, сонымен қатар Комиссия мәжiлiсiнде банктiң басшы қызметкерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм берудi қайта қарау үшiн оны уәкілетті органға шақыру туралы тиiстi банктiң немесе банктiк емес ұйымның жазбаша хабарламасын да бередi. 

  4-тарау. Комиссияның өкiлеттiгi, құрамы және шешiмi 

      21. Комиссияның құрамы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      Комиссия мәжiлiстерiне хаттама жүргiзiп отыру үшiн уәкілетті бөлімшесінің қызметкерлерiнен дауыс беру құқығы жоқ хатшы қатысады.
       Ескерту: 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 410   қаулысымен

      22. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды және оның қызметiнiң нәтижелерiн ресiмдеудi, оған қоса банктермен немесе банктiк емес ұйымдармен осы мәселе жөнiнде хат жазысуды уәкілетті бөлім жүзеге асырады. 

      23. <*>
      Ескерту: 23-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 410   қаулысымен .  

      24. Комиссия өз мәжiлiстерiн қажеттiлiгiне қарай өткiзiп отырады, бiрақ әр тоқсанда бiр реттен сирек болмауға тиiс және егер мәжiлiске оның мүшелерiнiң кем дегенде 2/3-i қатысқан болса, ол құқылы болып саналады. Шешiм мәжiлiске қатысқан Комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешушi дауыс болып табылады. Комиссия Төрағасы болмаған жағдайда мәжiлiстi оның орынбасары жүргiзуге құқылы. Күн тәртiбiне сәйкес тиiстi мәселе қаралған Комиссия мәжiлiсiнiң хатталған күнi Комиссия шешiмiнiң қабылданған және күшiне енген күнi болып табылады. 

      25. Комиссияның шешiмi мәжiлiс хаттамасына енгiзiледi. Егер Комиссия мүшесiнiң қаралатын мәселе жөнiнде ерекше пiкiрi болса, ол хаттамада көрсетiлуге тиiс. Комиссия банкке оның басшы қызметкерiне немесе басшы қызметкер лауазымы кандидатына қатысты кеңес беруге құқылы, соның негiзiнде уәкілетті орган банк заңдарында белгiленген тәртiппен банкке ықпал етудiң шектеу шараларын немесе санкциялар қолдануға құқылы.

      26. Банк және банктiк емес ұйым немесе басқа да мүдделi тұлғалар Комиссия шешiмi жөнiнде уәкілетті органның Басқармасына шағым бере алады. Осы мәселе жөнiндегi уәкілетті орган Басқармасының қаулысы уәкілетті органның түпкiлiктi шешiмi болып табылады.

      27. Уәкілетті бөлім екi апта мерзiмде банкке немесе банктiк емес ұйымға уәкілетті орган қабылдаған шешiм туралы хабарлауға мiндеттi.     

  5-тарау. Қорытынды ережелер

      28. Банк, банктiк емес ұйым немесе басқа да мүдделi тұлғалар уәкілетті органның банктік немесе банктiк емес ұйымның басшы қызметкерлерiнiң кандидатурасына ұсынылған адамды тағайындауға немесе сайлауға келiсiм беруден бас тарту туралы немесе берiлген келiсiмдi заңдарда белгiленген тәртiппен қайта қарау туралы шешiмiне шағым беруге құқылы.

      29. Уәкілетті орган осы Нұсқаулықта белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн банкке немесе банктiк емес ұйымға қолданылып жүрген банк заңдарында көзделген санкцияларды немесе басқа да ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.     

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

1-Қосымша

(суреті)

1999 жылғы "___"_______ жағдай бойынша
___________________________________________
(банктің (банктік емес ұйымның) атауы)
_______________________________ лауазымына
директорлар кеңесінің

кандидат туралы мәліметтер

     1. Аты-жөні _______________________________________
     __________________________________________________________
     2. Туған күні және жері __________________________________
     3. Азаматтығы ____________________________________________
     4. Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері__
     5. Негізгі жұмыс орнының толық мекен-жайы, байланыс телефоны
(код, жұмыстағы немесе үйдегі)________________
     6. Білімі туралы мәліметтер (біліктілігін көтеру курстарын
қоса алғанда):
_________________________________________________________________
     Р/к   Оқу орнының,   Оқыған   Берілген   Білімі     Оқу
     N     факультеттің   кезеңі   мамандығы  туралы     орнының
           немесе                             дипломның  мекен-жайы
           бөлімнің                           сертификат.
           атауы                              тың дерек.
                                              темелері
_________________________________________________________________
     7. Өмірбаяны туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
     Р/к N   Ұйымның    Лауазымы   Жұмыс     Лауазымдық міндеттері
             атауы және            істеген
             мекен-жайы            кезеңі
_________________________________________________________________
     1.
     2.
     ...
_________________________________________________________________
     8. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама 
қатысуы:
_________________________________________________________________
     Р/к N  Заңды тұлғалардың  Заңды тұлғалар  Осы ұйымның
            атауы және мекен-  қызметінің      жарғылық
            жайы               жарғылық        капиталындағы
                               түрлері         Сіздің қатысу сомаңыз
                                               және үлесіңіз
_________________________________________________________________
     1.
     2.
     ...
_________________________________________________________________
     9. Алған кредиттері мен несиелері туралы мәліметтер:
 _________________________________________________________________
     Р/к N   Кредит   Кредит   Кредит   Кредит   Осы     Кредит не.
             немесе   немесе   немесе   немесе   сәтке   месе несие
             несие    несие    несие    несие   берешек  бойынша
             берген   бойынша  берілген өтелген  сомасы  сыйақы
             тұлғаның негізгі  күн      күн              (мүдде) 
             атау     борышы.                            ставкасы
             немесе   ның                                (жылдық %)
             аты және сомасы                              мекен-
                                                          жайы
_________________________________________________________________
     1.
     2.
     ...
_________________________________________________________________
    10. Сіздің заң тәртібімен белгіленген өтелмеген немесе
алынбаған жазаңыз бар ма ________________________________________
    11. Сіз банк қызметіне байланысты заңды бұзғаныңыз үшін
әкімшілік жауапқа тартылдыңыз ба_________________________________
    12. Сіз бұрын мәжбүрлі таратылған немесе банкрот болып танылған 
банктің немесе басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болдыңыз ба___
 _________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі, тарату/банкрот
болу себебі)
    13. Банктің (банктік емес ұйымның) Директорлар кеңесінде Сізге 
жүктелген міндеттер _________________________________________
     ________________________________________________________
     Мен, ___________________________________________________
                         (Аты-жөні)
     осы ақпаратты ұқыпты тексергенімді және оның дұрыстығы мен
толықтығын растаймын, мен ұсынған күмәнді мәліметтердің болуы мені
тағайындауға (сайлауға) келісімді қайта қарауға негіз болатынын және
бұдан әрі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес маған қатысты
санкциялар қолданылуы мүмкін екендігін мойындаймын.     

     Қолы ____________________.  Күні_____________________.    

2-Қосымша

(суреті)

___________________________________________________
(банктің банктік емес ұйымның)
_____________________________________ лауазымына     

кандидат туралы мәліметтер

Өмірбаяндық мәліметтер

     1. Аты-жөні__________________________________________________
     2. Үйінің мекен-жайы (почта индексін көрсете отырып, толық)
   _______________________________________________________________
     3. Туған күні және жері______________________________________
     4. Азаматтығы________________________________________________
     5. Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері_____
   _______________________________________________________________
     6. Байланыс телефонының номері (кодын көрсету керек, жұмысының
        немесе үйінің)____________________________________________
  ________________________________________________________________
     7. Жақын туыстары туралы мәліметтер (әкесі, анасы, балалары, 
     аға-інісі, апа-сіңілісі, жұбайы)
_________________________________________________________________
     Р/к N   Аты-жөні   Туған жылы   туыстық    Жұмыс орыны
                                     қатынасы   лауазымы
_________________________________________________________________
     1.
     2.
     ...
_________________________________________________________________
     8. Сіздің бұрын пайдаланған фамилияларыңыз туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
     Р/к N     Фамилия     Пайдаланған     Өзгерту себебі
                           кезең
_________________________________________________________________
     1.
     2.
     ...
__________________________________________________________________ 

Білімі және жұмыс тәжірибесі

     9. Білімі туралы мәліметтер (біліктілігін көтеру курстарын
қоса алғанда)
________________________________________________________________
     Р/к N  Оқу           Оқыған   Берілген    Білімі      Оқу
            орнының       кезеңі   мамандығы   туралы      орнының
            факультеттің                      дипломның,  мекен-жайы
            немесе                             сертификат. 
            бөлімнің                           тың дерек.
            атауы                              темелері
________________________________________________________________
     1.
     2.
     ...
_________________________________________________________________
     10. Қоғамдық және ғылыми қызметтері туралы қосымша мәліметтер:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
     __________________________     

     11. Шет тілдерін білуі
_________________________________________________________________
     ______________________________________
        (тіл және игеру дәрежесі)
     12. Өмірбаяны туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
     Р/к N   Ұйымның       Лауазымы   Жұмыс    Лауазымдық
             атауы және               істеген  міндеттері
             мекен-жайы               кезеңі
_________________________________________________________________
     1.
     2.
     ...
_________________________________________________________________
     13. Сіздің банкте (банктік емес ұйымда) лауазымдық міндеттер
атқару үшін мына аумақта біліміңіз толық жеткілікті ме: (иә/жоқ)
     - Қазақстан Республикасының банк заңдары ____________
     - Қазақстан Республикасы және банктерінің (банктік емес
ұйымдарының) бухгалтерлік есебі және есеп беруі __________
     - Қазақстан Республикасының валюталық реттеуі _________
     - Қазақстан Республикасының салық заңдары  ________
     - Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары _________
     - Қазақстан Республикасының құнды қағаздар рыногы туралы
заңдары ____
     14. Сіздің біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді әділ анықтау үшін
Сіз маңызды деп санайтын кез-келген басқа ақпарат: _____________
     _______________________________________________________
     15. Сіздің келісіміңіз туралы өтініш жасаушы банкпен (банктік
емес ұйыммен) қаржылық өзара қатынасыңызды сипаттаңыз:
     _______________________________________________________________
     _________________________

Кандидатқа қосымша мәліметтер

     16. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе
жанама қатысуы:
_________________________________________________________________
     Р/к N  Заңды тұлғалардың   Заңды тұлғалар   Осы ұйымның
            атауы және мекен-   қызметінің       жарғылық
            жайы                жарғылық         капиталындағы
                                түрлері          Сіздің қатысу
                                                 сомаңыз және
                                                 үлесіңіз
_________________________________________________________________
     1.
     2.
     ...
________________________________________________________________
     17. Аталған кредиттері мен несиелері туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
     Р/к N   Кредит   Кредит   Кредит   Кредит   Осы    Кредит не.
             немесе   немесе   немесе   немесе   сәтке  месе несие
             несие    несие    несие    несие   берешек бойынша
             берген   бойынша  берілген өтелген  сомасы сыйақы
             тұлғаның негізгі  күн      күн              (мүдде) 
             атауы    борышы.                            ставкасы
             немесе   ның                                (жылдық %)
             аты және сомасы
             мекен-
             жайы
_________________________________________________________________
     1.
     2.
     ...
_________________________________________________________________
     18. Сіздің заң тәртібімен белгіленген өтелмеген немесе 
алынбаған жазаңыз бар ма ________________________________________
     19. Сіз банк қызметіне байланысты заңды бұзғаныңыз үшін 
әкімшілік жауапқа тартылдыңыз ба ________________________________
     20. Сіз бұрын мәжбүрлі таратылған немесе банкрот болып танылған
банктің немесе басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болдыңыз ба 
_________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі, тарату/банкрот болу 
себебі)
     21. Банкте (банктік емес ұйымда)  Сізге жүктелген міндеттер
     _____________________________________________
     ____________________________________________________
     22. Ұсынушы адамдар туралы мәліметтер ________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     Мен, _____________________________________________________
                            (Аты-жөні)
     осы ақпаратты ұқыпты тексергенімді және оның дұрыстығы мен
толықтығын растаймын, мен ұсынған күмәнді мәліметтердің болуы мені
тағайындауға (сайлауға) келісімді қайта қарауға негіз болатынын және
бұдан әрі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес маған қатысты
санкциялар қолданылуы мүмкін екендігін мойындаймын.     

     Қолы __________________.    Күні _____________________.     

3-қосымша

Кепілдеме

________________________________________________________________
                          (қызметі)

     қызметіне тағайындалатын (сайланатын)
 _________________________________________________________________
                         (аты-жөні)
Мен, ____________________________________________________________
                             (аты-жөні)
 _________________________________________________________________
 _________________________________________________________________
 _________________________________________________________________
 Осы кепілдемені берушінің қызметі _______________________________
 _________________________________________________________________
 Кепілдеме берушінің жұмыс орны __________________________________
 Байланыс телефоны (коды, жұмысы немесе үйі ) ____________________
 Кепілдеме берушінің қолы ______________   Күні __________________  

       Есіңізде болсын!
      Сіздің кепілдемеңізде банктің басшы қызметіне тағайындалатын 
немесе сайланатын осы кандидатураның іскерлік беделі, іскерлік
қабілеті, кәсіби біліктілігі, іскерлік байланысты және осы қызметке
тағайындаудың немесе сайлаудың дұрыстығы туралы пікіріңіз болуы
керек, мұның осы кандидатураны әділетті бағалауға пайдасы тиеді.

4-қосымша

Біліктілік комиссиясы мәжілісінің қарауына
Ұсыныс

____________________________________________________________
(басшы қызметкердің немесе кандидаттың лауазымы)
_____________________________________________________________
(банктің немесе банктік емес ұйымның атауы)
_____________________________________________________________

     Аты-жөні:___________________________________________________
     Туған күні:_________________________________________________
     Білімі:_____________________________________________________
     Банктік стажы:______________________________________________
     Еңбек жолы туралы мәліметтер:

     _____________________________________________________________
     N        Қызмет кезеңі         Ұйымның атауы, атқарған қызметі
     р/с
     _____________________________________________________________
     1.        // ж. - // ж.
     _____________________________________________________________
     2.        // ж. - // ж.
     _____________________________________________________________
     Ұсыныстар:
     _____________________________________________________________
     N      Ұсынған адамның аты-жөні   Ұсынған адамның ұсыныс берген
     р/с                                    кездегі атқарған қызметі
     _____________________________________________________________
     1.
     _____________________________________________________________
     2.
     ...
     _____________________________________________________________
     Банктерді қадағалау департаменті жоғарыда айтылғандарды ескере отырып,____________________________________________________________
                     (кандидатураның аты-жөні)
     кандидатурасын ______________________________________________
     ___________________________________________________ лауазымына
         (лауазым және банктің/банктік емес ұйым атауы)
    көзбе-көз/сырттай келісуге болады/келісу қажет деп санайды.     

     _______ жылғы "____"____________           Келісілсін

     Комиссия мәжілісінің N___ хаттамасы        Қабылданбасын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады