Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 16 шілдедегі N 83 Бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Әділет министрлігі 1999 жылғы 30 желтоқсан N 732 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 4 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1054. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 294 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2011.08.23 № 294 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасындағы Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 16 шілдедегі N 83 V980655_ Бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Осы бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын:
            "9-1-тарау. Нотариустардың бланкілері
      63. Нотариустың жеке бланкілері болады.
      64. Көлік құралдарын пайдалану және иелену құқығына сенімхат бланкілері (бұдан әрі - бланк) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейтін және бекітетін қатаң есептегі құжаттар болып табылады.
      65. Бланкілер дайындауға тапсырыстарды орналастыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.
      66. Нөмірленген, бауланған және тиісті аумақтық әділет органының мөрімен бекітілген арнайы жүргізілген журналда қол қойылғаннан кейін ғана бланкілерді беру жүргізіледі.
      67. Бланкілердің қабылдануы, есепке алынуы, сақталуы мен жұмсалуы үшін жауапкершілік аумақтық, әділет органының төрағасына, нотариаттық палатаның төрағасына, сондай-ақ бланкілерді тікелей жұмсауды жүзеге асыратын нотариустарға жүктеледі.
      68. Мемлекеттік нотариус қызметінен босатылған жағдайда пайдаланылмаған бланкілер тапсыру-қабылдау актісі бойынша аумақтық әділет органына тапсырылады.
      Жеке нотариустық жеке нотариаттық қызметі тоқтатылған, тоқтатыла тұрған жағдайда пайдаланылмаған бланкілер акт бойынша нотариаттық палатаға тапсырылады, ол өз кезегінде оларды аумақтық әділет органына тапсырады.
      69. Нотариус сенімхатты куәландырған кезде бланк бүлінген жағдайда

 

бланктің өзінде форматының қиғашынан қара немесе күлгін түсіндегі сиямен

бас баспа әрпімен "БҮЛІНГЕН" деген жазу жазылады.

     Жазу бланкіні толтырған нотариустың қолымен куәландырылады. Бүлінген

бланкілер осы Нұсқаулықтың 68-тармағымен көзделген тәртіппен қайтаруға

жатады.

     70. Бүлінген бланкілерді аумақтық әділет органы өртеу не мәтінді оқу

мүмкіндігіне жол бермейтіндей деңгейде ұсақтау жолымен комиссиялы түрде

жояды, содан кейін жою актісі жасалады".

     2. Бұйрық заңмен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелген күнінен

бастап күшінен енеді.


     Министр



     Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.

              Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады