Лицензияны кері шақырып алу жөнінде

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Шешім N 14 25.01.1999 ж. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 1999 ж.02.18. N 56 тіркелінді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011 жылғы 25 тамыздағы N 20 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011.08.25 N 20 Шешімімен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауын пайдалану туралы", Заң күшi бар 27.01.96 ж. N 2828 U962828_ Жарлығының 40 бабы негiзiнде, Солтүстiк Қазақстан облысының жаппай таралған пайдалы қазба орындарында жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзу құқына контракталар жасау мерзiмi туралы лицензия шарттарын бұзуларына байланысты облыс әкiмi шешім шығарды:
      1. Лицензиялар керi шақырылып ала отырып, "Стройматериалы" ӨКФ ЖШС-i, лицензия номерi С-06-37,2.06.96 ж. Ақжар ауданындағы /Сол жақ жағалық телiм/ Дәуiт атқарылған жыныстық кен орнын, "Әйгерiм" ЖШС-i, лицензия номерi С-06-37, 2.06.96 ж.Уәлиханов ауданындағы Чехов-1 құрылыстық тастар кен орнын, "ЦГХК" ТХК-ның /г 3 кен басқармасының/ өнеркәсiптiк құрылыс материалдары және металл бұйымдарының Заозерное басқармасы, лицензия номерi С-06-003, 26.01.95 ж. Еңбекшiлдер ауданындағы Көксор әк /известь/ кен орнын пайдалану құқықтарынан айырылсын.
      2. Жер қойнауын пайдалану және тау-кен өнеркәсiбi комитетi /Мырзағұлов Ж.К./ бiр айлық мерзiмде лицензияларды қайтарып алсын.

     3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауы облыс әкiмiнiң орынбасары

А.Ф.Вербнякқа жүктелсiн.


     Солтүстік Қазақстан

     облысының әкімі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады