Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 22 ақпан N 36-II


     Эль-Кувейтте 1997 жылғы 31 тамызда жасалған Қазақстан Республикасы 
мен Кувейт Мемлекеті арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара 
қорғау туралы келісім бекітілсін. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
         Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасындағы
          инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы
                               Келісім 
     
     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 4, 30-құжат)
    (1999 жылғы 1 мамырда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., 
         Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 93 бет) 
     
     Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті, (бұдан әрі "Уағдаласушы 
Мемлекеттер" деп аталатын),
     - олардың арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін, атап 
айтқанда, Уағдаласушы Мемлекеттің бірінің инвесторларының екінші 
Уағдаласушы Мемлекеттің аумағындағы инвестициялары үшін қолайлы жағдайлар 
жасауды көздей отырып,
     - инвестицияларын көтермелеу және өзара қорғау екі мемлекеттің іскер 
инициативасын көтермелеуге және игілігін арттыруға көмектесетінін мойындай 
отырып,
     төмендегілер жөнінде келісті:
     
                                1-бап
                             Анықтамалар 
     
     Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:


      1. "Инвестициялар" терминi бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң аумағындағы меншiкте тұрған не болмаса екiншi Уағдаласушы Мемлекет инвесторының тарапынан тiкелей немесе жанама бақыланатын активтердiң немесе құқықтардың барлық түрлерiн бiлдiредi және:
      (а) қозғалмалы немесе қозғалмайтын мүлiк, сондай-ақ соған байланысты жалдау, ипотека, ұстап қалу құқығы, кепiлдiктер сияқты мүлiктiк құқықтар және Уағдаласушы Мемлекеттердiң заңдарына сәйкес басқа да құқықтар;
      (б) компаниялар, акциялар, салымдар, акционерлiк қатысудың басқа да нысандары, сондай-ақ облигациялар, үлестер және компаниядағы борыштар бойынша проценттердiң басқа да түрлерi және басқа да қарыздар мен заемдар, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттiң кез келген инвесторы берген құнды қағаздар;
      (в) ақшалай талаптар және кез келген активтерге талаптар немесе экономикалық құндылығы бар келiсiм-шартқа сәйкес орындау туралы талаптар;
      (г) интеллектуалдық меншiкке құқықтар, бiрақ авторлық құқықтармен шектелмей, саудалық белгiлер, патенттер, өнеркәсiптiк жобалар мен үлгiлер, техникалық процестер, ноу-хау, коммерциялық құпиялар, сауда атаулары және гудвилдi қоса алғанда;
      (д) заңдарға, келiсiм-шартқа немесе заңға сәйкес берiлген қандай да бiр лицензиялардың не болмаса рұқсаттардың негiзiнде кез келген құқықтар, табиғи ресурстарды барлауға, iздестiруге, өндiруге немесе пайдалануға құқықтарды, сондай-ақ басқа бiр экономикалық немесе коммерциялық қызметтi не болмаса қызмет көрсетудi жүзеге асыру жөнiндегi құқықтар сияқты тұрған немесе нысаны бар активтердi немесе құқықтарды қамтиды.
      "Инвестициялар" терминiнiң сонымен бiрге реинвестициялар мақсатында ұсталып қалатын, бұдан әрi терминдер ретiнде берiлетiн "табыстарға", сондай-ақ "таратудан" түскен пайдаға да қатысы бар.
      Активтер инвестицияланатын немесе реинвестицияланатын кездегi нысанның кез келген өзгерiстерi олардың инвестициялар ретiндегi сипатына әсер етпеуге тиiс.
      2. "Инвестор" терминi Уағдаласушы Мемлекетке қатысты:
      (а) мемлекетке тиiстiлiгi бар немесе осы Уағдаласушы Мемлекеттің оның қолданыстағы заңдарына сәйкес азаматы болып табылатын жеке тұлға;
      (б) Кувейт Мемлекетiнiң Үкiметi;
      (в) осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына және ережелерiне сәйкес институттар, дамыту қорлары, агенттiктер, қорлар сияқты тағайындалған немесе құрылған және заңға сәйкес басқа да мекемелер мен органдар, сондай-ақ компаниялар сияқты кез келген заңды тұлға.
      3. "Компания" терминi оның қаржылық пайданы алу үшiн құрылған-құрылмағанынан және аталған компанияның жеке немесе мемлекеттiк болып табылатын-табылмайтындығынан не болмаса жеке меншiкте тұрғанынан не Уағдаласушы Мемлекет инвесторлары бақылау жасайтын-жасамайтындығынан тәуелсiз Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарымен сәйкес құрылған кез келген заңды тұлғаны бiлдiредi және корпорацияны, трастты, әрiптестiктi, жеке иеленудi, филиалды, бiрлескен кәсiпорынды, ассоциацияны немесе басқа да осыған ұқсас ұйымды қамтиды.
      4. "Табыстар" терминi төлем нысанынан тәуелсiз, атап айтқанда, бiрақ пайданы, проценттердi, капитал өсiмiнен табыстарды, дивидендтердi, роялтидi, сондай-ақ басқаруды, техникалық көмектi немесе төлемдердiң басқа да түрлерiн не болмаса комиссиялық, сондай-ақ оның түрiнен тәуелсiз заттай төлемдi қамтуға мiндеттi емес, инвестициялар нәтижесiнде алынған қаражатты бiлдiредi.
      5. "Тарату" терминi инвестициялардан толық немесе iшiнара бас тарту мақсатында жүзеге асырылатын тапсыруды бiлдiредi.
      6. "Аумақ" терминi халықаралық құқыққа сәйкес белгiленген аумақтық сулардан тыс кез келген аймақты немесе Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары бойынша соңынан Уағдаласушы Мемлекет өз егемендi құқықтарын немесе юрисдикциясын жүзеге асыра алатын аумақ ретiнде белгiленуi мүмкiн кез келген аумақты қоса алғанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң аумағын бiлдiредi.
      7. "Еркін өтiмдi валюта" терминi Халықаралық валюта қоры Келiсiмнiң баптарына сәйкес және оған енгiзiлген кез келген өзгерiске сәйкес еркiн пайдаланылатын валюта ретiнде Халықаралық Валюта Қоры мезгiл-мезгiл белгiлейтiн кез келген валютаны бiлдiредi.
      8. "Кiдiртусiз" терминi төлемдердi аудару барысында қажеттi формальдылықтарды аяқтау үшiн әдетте талап етiлетiн кезеңдi бiлдiредi. Жоғарыда аталған кезең аударуға сұрау салынған күнi басталады және бiр айдан аспайды.
                                2-бап



              Инвестицияларға рұқсат беру және көтермелеу

      1. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет өз аумағындағы қолданыстағы заңдары мен ережелерiне сәйкес екiншi Уағдаласушы Мемлекет инвесторының инвестицияларына рұқсат етедi және көтермелейдi.
      2. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет оның аумағына енгiзiлген инвестицияларға қатысты оның заңдары мен ережелерiнде белгiленуi мүмкiн көлемде, сол мерзiмдерде және сол шарттарда, қажеттi барлық рұқсаттарды, келiсiмдi, мақұлдауды, лицензияларды және өкілеттiктердi бередi.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттер олардың тиiстi аумақтарының шектерiнде инвестициялық мүмкiндiктердi ынталандыру мен көтермелеу үшiн олар қажет деп санайтын кез келген әдiсте бiр-бiрiмен консультация жасай алады.
      4. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет жеке тұлғалардың келуiне, болуына және жұмысына қатысты оның заңдары мен ережелерiне сәйкес, негiзгi персоналдың өтiнiштерiн, мемлекеттiк тиiстiлiгiне немесе азаматтығына байланыссыз, оның аумағына инвестициялау мақсатында келу, уақытша болу және оның аумағында жұмыс үшiн қабылданған басқарушы және техникалық персоналды қоса алғанда, тиiстi түрде зерттейдi және қарайды. Осы негiзгi персоналдың отбасы мүшелерiне қабылдаушы Уағдаласушы Мемлекетке келу және уақытша болуға қатысты жасалатын режим берiлуге тиiс.
      5. Инвестицияларға байланысты тауарларды немесе адамдарды тасымалдау қажет болған жағдайда әрбiр Уағдаласушы Мемлекет рұқсат етiлген шектерде оның тиiстi заңдары мен ережелерiне сай екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорындарына осындай тасымалдауға рұқсат бередi.
                                3-бап



                        Инвестицияларды қорғау

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң инвесторларының инвестицияларына екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң аумағында халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерiне және осы Келiсiмнiң ережелерiне толық сәйкес әрқашан әдiл және теңдей режим, сондай-ақ толық қорғау және қауiпсiздiк жасалуға тиiс. Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрде-бiрi ешқандай түрде инвестицияларды пайдалануды, басқаруды, жүргiзудi, жұмыс iстеудi, кеңейтудi, сатуды немесе басқа да орналастыруды төрелiк не болмаса кемсiтушiлiк шараларын қолдану жолымен бұзбайтын болады.
      2. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет оның аумағында екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң инвесторлары жүзеге асыратын инвестицияларға қатысы бар немесе тiкелей әсер ететiн барлық заңдарды, ережелердi, сот шешiмдерiн, әкiмшiлiк ережелердi, директиваларды, процедураларды және негiзгi бағыттарды назарға жеткiзедi.
      3. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет инвестицияларға қатысты талаптар қою және құқықтарды жүзеге асыру үшiн пәрмендi құралдарды қамтамасыз етедi. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң инвесторларына өз сот органдарына, әкiмшiлiк соттар, агенттiктерге және төрелiк өкiлеттiгi бар басқа да құрылымдардың бәрiне өтiнiш жасау құқығын, сондай-ақ олардың инвестицияларына қатысты талаптар қою және құқықтарды жүзеге асыру мақсатында қолданыстағы заңдарға және ережелерге сәйкес мамандығы бар адамдарға өз қалауы бойынша санкция бергiзу құқығына кепiлдiк бередi.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрде-бiрi екiншi Уағдаласушы Мемлекет инвесторларының инвестицияларын жасау, сатып алу, кеңейту, пайдалану, басқару, жүргiзу немесе қызмет етуi үшiн шарт ретiнде энергияны, отынды немесе өндiрiстiң басқа да құралдарын, көлiктi сатып алуды шектеудi талап етуi мүмкiн не болмаса оның аумағында не одан тысқары жерлерде өнiмдi жүзеге асырудың кез келген шектеуiне бағытталған, не болмаса өзiнiң меншiктi инвесторларының немесе үшiншi бiр елдердiң инвесторларының инвестицияларының игілiгiне бағытталған iс-қимылдарды жасауға және екiншi Уағдаласушы Мемлекет инвесторларының инвестицияларына қатысты кемсiтушiлiк сипаты бар кез келген басқа да мәжбүр етушiлiк шараларды қолдана алмайды.
      Бұдан басқа қабылдаушы Уағдаласушы Мемлекет аумағындағы инвестицияларға олардың өмiр сүру қабiлетiне зиян келтiруi немесе оларды пайдалануға, басқаруға, жүргiзуге, жұмыс iстетуге, кеңейтуге, сатуға немесе кез келген басқа орналасуына терiс әсерiн тигiзуi мүмкiн талаптар қойылмауға тиiс.
      5. Қабылдаушы Уағдаласушы Мемлекеттiң аумағында екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң инвесторларының инвестицияларына халықаралық құқықтың тиiстi құқықтық процедуралары мен принциптерiне сәйкес сондай-ақ, осы Келiсiмнiң тиiстi ережелерiне сәйкес қабылданатын шараларды қоспағанда, секвестр, тәркiлеу немесе кез келген басқа да осыған ұқсас шаралар қолданылмауы тиiс.
      6. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет өз аумағындағы екiншi Уағдаласушы Мемлекет инвесторларының тарапынан инвестицияға қатысты ол қабылдай алатын барлық мiндеттемелер мен кепiлдiктердi сақтайтын болады.
                                4-бап

Инвестициялық режим


      1. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет оның аумағындағы екiншi Уағдаласушы Мемлекет инвесторларының тарапынан жүзеге асырылған инвестицияларды пайдалануға, басқаруға, жүргiзуге, жұмыс iстетуге, кеңейтуге және сатуға, сондай-ақ кез келген басқа орналастыруға қатысты ол осындай жағдайларда өзiнiң меншiктi инвесторларының немесе кез келген үшiншi мемлекеттiң инвесторларының инвестицияларына жасайтын режимiнен мейлiнше қолайлысын жасайды.
      2. Сонымен бiрге осы Баптың ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiн екiншi Уағдаласушы Мемлекет инвесторларына:
      (а) Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрi қатысушысы болып табылатын немесе болуы мүмкiн кез келген кедендiк одақтан, экономикалық одақтан, еркiн сауда аймағынан, валюта одағынан немесе кез келген аймақтық экономикалық келiсiмнiң кез келген басқа нысанынан;
      (б) кез келген халықаралық аймақтық және екі жақты келiсiмнен немесе осыған ұқсаған басқа да келiсiмнен, сондай-ақ салық салуға толық немесе iшiнара қатысы бар iшкi заңдардан туындайтын қандай да бiр режимнiң, преференциялардың және артықшылықтардың басымдылығын беруге мiндеттейдi деп түсiнiлмеуге тиiс.
                                5-бап



                    Зиян немесе шығын үшін өтемақы

      1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң инвесторлары жүзеге асырып жатқан инвестицияларға екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң аумағындағы соғыстың немесе басқа қарулы жанжалдың, төтенше жағдайдың, көтерiлiстiң, қоғамдық тәртiптi бұзушылықтың, бүлiктiң, жаппай тәртiпсiздiктердiң не болмаса басқа да осыған ұқсас оқиғалардың нәтижесiнде зиян немесе шығын келтiрiлсе, екiншi Уағдаласушы Мемлекет реституцияға, өтемақыға, есесiн толтыруға немесе басқа да реттеуге қатысты өз инвесторларына не болмаса кез келген үшiншi мемлекеттiң инвесторларына жасағаннан қолайлылығы кем болмайтын мейлiнше қолайлы режимдi жасайды.
      2. Осы тармақта аталған кез келген оқиғаларда Уағдаласушы Мемлекеттiң

бiрiнiң инвесторлары, 1-тармақтың ережелерiн қозғамай, екiншi Уағдаласушы 
Мемлекеттiң аумағында: 
     (а) олардың меншiгiн немесе оның бiр бөлiгiн оның күштерi немесе 
өкiмет орындары реквизициялаған;
     (б) олардың меншiгiн немесе оның бiр бөлiгiн ұрыс қимылдарынан 
болмаған немесе қажеттiлiк талабы тумаған жағдайда оның күштерi немесе 
өкiмет орындарының жоюы нәтижесiнде зиян немесе шығын шегiп жатса,
     дереу реквизицияның немесе олардың меншiгiн жоюдың нәтижесiнде шеккен 
зиянның немесе шығынның есесi әдiл, барабар және тиiмдi түрде толтырылуға 
тиiс.
     
                                6-бап
                            Экспроприация 
     


      1. (а) Уағдаласушы Мемлекеттiң бiрiнiң инвесторларының екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң аумағында жүзеге асырылған инвестицияларын, осы Уағдаласушы Мемлекеттiң iшкi қажеттiлiктерiне қатысты мемлекеттiк мүдделерде кiдiрусiз барабар және тиiмдi өтемақымен және осындай шаралар кемсiтушiлiксiз негiзде әрi қолданылып жүрген құқықтық процедураларға сәйкес жүзеге асырылатын жағдайдан басқа, екiншi Уағдаласушы Мемлекет экспроприацияламайды, мемлекет меншiгiне алмайды, ие болу құқығынан айырмайды немесе экспроприацияға, мемлекет меншiгiне алынуға не болмаса ие болу құқығынан айыруға (бұдан әрi "экспроприация" деп аталатын) барабар тiкелей немесе жанама шараларға мәжбүр етпейдi;
      (б) Мұндай өтемақы экспроприацияланған инвестициялардың нарықтық құнын көрсетуге және экспроприация туралы алдында ғана хабарландыру берiлген кезеңге экспроприацияланған инвестициялардың әдiл нарықтық құнының негiзiнде халықаралық тұрғыда танылған принциптерге сәйкес белгiленуге әрi есептелуге тиiс. Мұндай өтемақы бағалау күнiне валюта айырбастаудың жалпы нарықтық валюталық ставкасының негiзiнде инвестор таңдаған еркiн өтiмдi валютада есептелуге және нарықтық негiзде белгiленген коммерциялық ставка бойынша проценттердi қамтуға тиiс, бiрақ ақыр соңында экспроприация күнiнен бастап төлем күнiне дейiн "Либордың" ағымдағы проценттiк ставкасынан немесе оның эквивалентiнен кем болмайды;
      (в) Егер жоғарыда аталған нарықтық әдiл құн оңай белгiлене алмаса, өтемақы инвестицияланған капитал, инвестициялардың сипаты мен ұзақтығын, құнының есесiн толтыру, құнын көтеру, ағымдағы табыстар, дисконтты ақшалай құн, номиналдық құн және гудвил сияқты барлық тиiстi факторлар мен жағдайларды ескере отырып, теңдiк принципiнде белгiленуге тиiс.
      Өтемақының соңғы белгiленген сомасы инвесторға дереу төленуге тиiс.
      2. 1-тармақта аталған принциптер тұрғысында және инвестордың осы келiсiмнiң 9-бабында көзделген құқықтарын қозғамай, зиян шеккен инвестор, оның инвестицияларының құнын және экспроприацияны жүзеге асырушы Уағдаласушы Мемлекеттiң сот немесе басқа да құзыреттi және тәуелсiз органдарының өтемақыны төлеуiн қоса алғанда, оның iсiн дереу қараудың құқына ие болуға тиiс.
      3. Бұдан да анығырақ болу үшiн, экспроприацияға екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң инвесторы инвестицияларды жүзеге асырып жатқан акцияларға, салымдарға, үлестерге және басқа да құқықтарға немесе проценттерге ие болуды қоса алғанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң өз аумағындағы қолданыста жүрген заңдарға сәйкес құрылған компаниялардың немесе кәсiпорындардың активтерiн экспроприациялаған жағдайлар кiредi.
      4. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "экспроприация" терминiне, сондай-ақ de facto жүзiнде тәркiлеу немесе экспроприациялық нәтижесi бар, оның кезiнде бұлардың iс-қимылдары инвесторды iс жүзiнде оны меншiгiнен, оның инвестицияларына қатысты бақылау мен елеулi жеңiлдiктерден айыру немесе инвестицияларды тоқтату және жауып тастау не болмаса инвестицияларға соттық немесе шектен тыс салық алу, инвестициялардың бәрiн немесе бiр бөлiгiн мiндеттi түрде сату, не болмаса осыған ұқсас iс-қимылдар не шаралар сияқты инвестициялардың экономикалық құнына зиян немесе шығын әкелуi мүмкiн, Уағдаласушы Мемлекет тарапынан араласу не болмаса реттеу шаралары да кiредi.
                                7-бап



              Инвестицияларға қатысты төлемдерді аудару

      1. Әрбір Уағдаласушы Мемлекет екінші Уағдаласушы Мемлекеттің инвесторларына инвестицияларға байланысты оның аумағына немесе оның аумағынан тыс жерлерге, төмендегі аударымдарды қоса алғанда, төлемдердің еркін аударымына кепілдік береді:
      (а) инвестицияларды басқару мен дамытуды қолдау үшін бастапқы капитал, сондай-ақ кез келген қосымша капитал;
      (б) табыстар;
      (в) несие беру туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылған негізгі және жинақталған проценттік төлемдердің амортизациясын қоса алғанда, келісім-шартқа сәйкес төлемдер;
      (г) 1-баптың 1-тармағында (г) көзделген құқықтарға қатысты роялти және комиссиялық;
      (д) инвестицияларды түгел немесе оның бір бөлігін сатудан немесе таратудан түскен пайда;
      (е) инвестицияларға байланысты шетелден тартылған персоналдың жалақысы мен сыйақысының басқа түрі;
      (ж) 5 және 6-баптарға сәйкес өтемақылардың төлемі;
      (з) 8-баппен көзделген төлемдер; және
      (и) дауларды шешуден туындайтын төлемдер.
      2. 1-тармаққа сәйкес төлемдердің аударымы, заттай түрдегі төлемдерді қоспағанда, еркін өтімді валютада кідірусіз және шектеусіз жүргізілуге тиіс. Талап етіліп отырған аударымдарды жүзеге асыру кезінде мұндай кiдiрiс болған жағдайда зиян шеккен инвестор осы кiдiрудiң кезеңi үшiн процент алу құқығына ие болуға тиiс.
      3. Аудару аударылуы қажет валютаны аудару күнiне қарау қабылдаушы Уағдаласушы Мемлекеттiң аумағында қолданыста жүрген "спот" валюталық нарықтық ставка бойынша жүзеге асырылуға тиiс.
      Шетелдiк валютаны айырбастау үшiн рынок болмаған жағдайда қолданылатын ставка iшкi инвестицияларға қолданылатын ең соңғы ставканы немесе Халықаралық Валюта қорының ережелерiне сәйкес белгiленген айырбастау ставкасын, не болмаса қарыз алудың арнайы құқықтарына валютаны немесе АҚШ долларын өтiмдi ету үшiн, инвестордың қалауына байланысты, айырбас ставкасын құрайтын болады.
                                8-бап 

Суброгация


      1. Егер Уағдаласушы Мемлекет, оның өкiлеттi агенттiгi немесе осы Уағдаласушы Мемлекетте ("Өтеушi Тарап") ол тағайындаған және құрған кез келген басқа тарап екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң ("Қабылдаушы Мемлекет") аумағындағы инвестицияларға қатысты ол өзiне алған өтемақыға немесе кепiлдiкке сәйкес төлемдердi жүзеге асырса, Қабылдаушы Мемлекет:
      (а) Өтеушi Тарапқа, заңға немесе осы инвестициялардан туындайтын барлық құқықтар мен тараптардың құқықтық мәмілесiне сәйкес тапсыруды;
      (б) Өтеушi Тараптың барлық құқықтарды жүзеге асыру және талаптар қою, сондай-ақ суброгацияға қарай инвестицияларға қатысты өзiне барлық мiндеттемелердi алу құқын таниды.
      2. Өтеушi Тарап барлық жағдайларда мыналарға:
      (а) жоғарыда аталған 1-тармақта көзделгендей, бір-біріне беру негізінде алынған құқықтар мен талаптарға, сондай-ақ оларда бар міндеттемелерге қатысты сол режимге;
      (б) осы құқықтар мен талаптарға сәйкес алынған кез келген төлемдерге құқы болуға тиіс;
      өйткені бастапқы инвестор аталған инвестицияларға қатысты осы Келісімнің негізінде бұл құқықтарға ие болды.
                                9-бап 



        Уағдаласушы Мемлекет пен инвестордың арасындағы дауларды шешу

      1. Уағдаласушы Мемлекет мен екінші Уағдаласушы Мемлекет инвесторының арасында біріншінің аумағындағы соңғының инвестицияларына қатысты даулар мүмкіндігінше достық әдіспен шешілуге тиіс.
      2. Егер мұндай даулар дау тараптарының бірі екінші тарапқа жазбаша мәлімдеме жіберу жолымен достық қалыпта шешілуді талап еткен күннен бері алты айлық кезең ішінде шешілмесе дау инвестор-тараптың таңдауы бойынша шешу үшін келесі әдістердің бірі арқылы:
      (а) дауды шешу жөніндегі алдын ала келісілген кез келген қолданыстағы процедураға сәйкес;
      (б) осы Баптың келесі тармақтарына сәйкес халықаралық төрелікке берілуге тиіс.
      3. Егер инвестор дауды шешу үшін халықаралық төрелікке өтініш жасамақ болса, ол келесі органдардың бірінің дауды шешуіне жазбаша түрде өзінің келісімін береді:
      (а)(1) Егер екi Уағдаласушы Мемлекет Вашингтон Конвенциясының қатысушылары болып табылса және Вашингтон Конвенциясын осы дауға қолдануға болатын болғанда, 1965 жылғы 18-наурызда Вашингтонда қол қою үшiн ашылған Мемлекеттер мен басқа мемлекеттер азаматтарының арасына туындайтын инвестициялық дауларды шешу жөнiндегi конвенцияға ("Вашингтон Конвенциясы") сәйкес құрылған Инвестициялық дауларды шешу жөнiндегi халықаралық орталық ("Орталық");
      (2) Егер инвестордың Уағдаласушы Мемлекетi немесе дау тарабы - Уағдаласушы Мемлекет, бiрақ екеуi де емес, Вашингтон Конвенциясының қатысушылары болып табылса, Орталық Хатшылығының сот iсiн қарауды жүзеге асыруы үшiн Қосымша өкiлеттiктердi реттейтiн ережелерге сәйкес Орталық;
      (б) БҰҰ-ның Халықаралық сауда құқығы жөнiндегi комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) төрелiк ережелерiне ("Ережелер") сәйкес құрылған Төрелiк сот, өйткенi бұл ережелердi дау тараптары өзгертуi мүмкiн (Ережелердiң 7-бабында көзделгенiндей Тағайындалған орган "Орталықтың" Бас хатшысы болып табылады);
      (в) осы дау тараптардың арасындағы өзара келiсiлген кез келген төрелiк институтының төрелiк ережелерiне сәйкес құрылған Төрелiк сот.
      4. Инвестордың 3-тармаққа сәйкес төрелiктiң қарауына дауды жiбере алатынына қарамастан, ол төрелiк iс қараудың басталуына дейiн немесе соның кезiнде дау тарабы - Уағдаласушы Мемлекеттiң сотына немесе әкiмшiлiк сотына өз құқықтары мен мүдделерiн сақтау мақсатында, бұған қандай да бiр зиянды өтеу жөнiндегi талаптарды қоспағанда, уақытша соттық тыйым салу үшiн өтiнiш жасай алады.
      5. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет осымен инвестициялық дауды 3 а) және (б) тармағына сай немесе 3 (в) тармаққа сәйкес осы дауды екi тараптың өзара келiсiмi бойынша инвестордың таңдауына сәйкес мiндеттi күшi бар төрелiктiң қарауына беруге сөзсiз өзiнiң келiсiмiн бередi.
      6. (а) 5-тармаққа сәйкес берiлген келiсiм, сондай-ақ 3-тармаққа сәйкес берiлген келiсiм дау тараптарының жазбаша келiсiмiнiң талаптарына жауап беруге және Вашингтон Конвенциясының ІІ бөлiгiнiң ережелерiне, Қосымша өкiлеттiк ережелерiне, 1958 жылғы 10-маусымда Нью-Йоркта қабылданған Халықаралық Төрелiк шешiмдердi тану және қабылдау жөнiндегi БҰҰ Конвенциясының 2-бабының ("Нью-Йорк Конвенциясы") және ЮНСИТРАЛ Төрелiк ережелерi 1-бабының ережелерiне сәйкес келу керек.
      (б) Осы Бапқа сәйкес дау тараптары өзара келiскен кез келген Төрелiк iс қарау Нью-Йорк Конвенциясына қатысушы-мемлекетте өтуге тиiс. Төрелiктiң қарауына ұсынылған талаптар Нью-Йорк Конвенциясының 1-бабына сәйкес коммерциялық қарым-қатынастар мен мәмілелерден туындаушы ретiнде қаралуға тиiс.
      (в) Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрде-бiрi, екiншi Уағдаласушы мемлекет осындай дау бойынша өтелуге тиiс төлемнен жалтара бастамаса, кез келген төрелiк сотқа қатысты дипломатиялық қорғауды жасамайды немесе халықаралық талапты қоймайды. Мұнымен бiрге осы тармақшадағы дипломатиялық қорғауға мақсаты дауды шешуге көмектесу ғана болып табылатын, ресми емес дипломатиялық алмасулар кiрмейдi.
      7. Осы Бапқа сәйкес тағайындалған Төрелiк сот дау мәселелерiн дау тараптарымен келiсiлген құқықтың нормаларына сәйкес қарайды. Мұндай келiсушiлiк болмағанда жеке құқық нормалары және халықаралық құқықтың осы Келiсiмнiң тиiстi ережелерiн ескере отырып қолданыла алатын, жұрт таныған нормалары пайдаланылуы мүмкін.
      8. Вашингтон Конвенциясының 25-бабының (2) (б) мақсаттары үшін, 6-тармақпен көзделген жазбаша келісімнің күнінен қарай дау тарабы - Уағдаласушы Мемлекетінің мемлекеттік тиістілігіне ие және оның осы Уағдаласушы Мемлекеттің арасында дау туғанға дейін екінші Уағдаласушы Мемлекеттің инвесторлары бақылап отырған жеке тұлғадан өзге, инвестор "екінші Уағдаласушы Мемлекеттің мемлекеттік тиістілігіне ие" ретінде қаралуға тиіс және Қосымша өкілеттіктер ережелерінің 1-бабына (6) сәйкес "екінші мемлекеттің мемлекеттік тиістілігіне ие" ретінде қаралады.
      9. Проценттерді беру туралы шешімді енгізе алатын төрелік соттың шешімдері дау тараптары үшін соңғы және міндетті болып табылады. Әрбір Уағдаласушы Мемлекет кідіртпей осы шешімді орындайды және өз аумағында осы шешімнің тиімді түрде еркінен тыс орындалуын қамтамасыз етеді.
      10. Уағдаласушы Мемлекет пен екінші Уағдаласушы Мемлекет инвесторының арасындағы инвестициялық дауға қатысты кез келген шешімді немесе анықтауды кез келген іс қарау, соттық, төрелік барысында немесе өзге де мәжбүр етушілікпен орындау кезінде Уағдаласушы Мемлекет қорғану ретінде өзінің егемендік тиіспеушілігін пайдаланбайды. Кез келген қарсы талап немесе сот есебінің құқығы мүдделі инвестордың қамсыздандыру туралы келісім-шартқа сәйкес өтемді немесе қандай да бір үшінші тарап мәлімдеген зиянның барлығына немесе бір бөлігіне өзге де өтемақыны алған-алмаған, оның мемлекеттік немесе жеке болып табылатынынан тәуелсіз, екінші Уағдаласушы Мемлекетті және оның бөлімшелерін, агенттіктерін немесе делдалдарды тағайындауды қоса алғанда, фактісіне негізделуі міндетті емес.
                                10-бап 



            Уағдаласушы Мемлекеттердің арасындағы дауларды шешу

      1. Уағдаласушы Мемлекеттер осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға қатысты кез келген дауларды мүмкiндiгiнше консультациялар өткiзу немесе басқа дипломатиялық жолмен шешуге тиiс.
      2. Егер дау Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрi осындай консультацияларды өткiзу немесе осындай дауды басқа дипломатиялық жолмен шешу туралы сұрау салған күннен кейiн келесi алты айдың iшiнде шешiлмесе және, егер Уағдаласушы Мемлекеттер жазбаша түрде өзгесi туралы уағдаласпаған болса, Уағдаласушы Мемлекет екiншi Уағдаласушы Мемлекетке жазбаша мәлiмдеу жолымен дауды осы келiсiмнiң келесi ережелерiне сәйкес ad hoc төрелiгiнiң қарауына тапсырады.
      3. Төрелiк сот келесi түрде құрылады:
      әрбiр Уағдаласушы Мемлекет бiр өкiлден тағайындайды және осы екi өкiл екi Уағдаласушы Мемлекет төрелiк соттың Төрағасы етiп сайлайтын үшiншi мемлекеттiң азаматына қатысты мәселенi шешедi. Бұл өкiлдер екi ай iшiнде, ал Төраға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрi екiншi Уағдаласушы Мемлекетке дауды төрелiк соттың қарауына тапсыратын ниетi туралы хабар берген күннен бастап төрт айдың ішінде тағайындалады.
      4. 3-тармақта белгiленген кезеңдердiң iшiнде жоғарыда айтылғанға қол жетпесе, Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрi өзге келiсу болмағанда Халықаралық соттың Президентiн қажеттi тағайындауларды жүргiзуге шақыра алады. Егер Халықаралық соттың Президентi Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң азаматы болып табылса немесе қандай да бiр басқа себеппен аталған функцияны жүзеге асыруға жiберiлмейтiн болса, онда қажеттi тағайындауларды жүргiзу үшiн Халықаралық соттың Вице-Президентi шақырылатын болады. Егер Вице-Президент Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң азаматы болып табылса немесе, егер ол да аталған функцияны орындауға жiберiлмейтiн болса, онда Халықаралық соттың Уағдаласушы Мемлекеттердiң ешбiрiнiң азаматы болып табылмайтын, қызметi жағынан келесi мүшесi қажеттi тағайындауларды жүргiзу үшiн шақырылады.
      5. Төрелiк сот өзiнiң шешiмiн көпшiлiк дауыспен шығарады. Мұндай шешiм осы Келiсiмге және халықаралық құқықтың қолданылуы мүмкiн, жұрт таныған нормаларына сәйкес шығарылуға тиiс және Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуi үшiн соңғы және мiндеттi болып табылады. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет төрелiк соттың осы Уағдаласушы Мемлекет тағайындаған мүшесiн ұстау жөнiндегi шығындарды, сондай-ақ төрелiк iс қарауға өзiнiң қатысуымен байланысты шығындарды мойнына алады. Екi Уағдаласушы Мемлекет теңдей үлестерде төрелiк сот Төрағасын ұстау жөнiндегi шығындарды, сондай-ақ төрелiк iс қарауға байланысты басқа да шығындарды мойындарына алады. Сонымен бiрге төрелiк сот өз қалауы бойынша шығындардың көпшiлiк бөлiгiн немесе бәрiн Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiне жүктей алады. Басқа жағдайларда төрелiк сот процедураның өзiнiң меншiктi ережелерiн белгiлейдi.
                                11-бап 



           Уағдаласушы Мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастар

      Осы Келiсiмнiң ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттердiң арасындағы дипломатиялық немесе консулдық қарым-қатынастарды орнағанынан тәуелсiз қолданылуға тиiс.
                                12-бап 



                      Басқа да ережелерді қолдану

      Егер Уағдаласушы Мемлекеттердiң кез келгенiнiң қазiргi қолданыстағы заңдарында немесе халықаралық құқықтан туындайтын мiндеттемелерде, не болмаса осы Келiсiмге қосымша ретiнде Уағдаласушы Мемлекеттер соңынан белгiлеген мiндеттемелерде екiншi Уағдаласушы Мемлекет инвесторларының инвестицияларына осы Келiсiмде көзделгеннен қолайлырақ режим беретiн жалпы немесе жеке сипаттағы ереже болса, мұндай ережелер осы Келiсiммен салыстырғанда инвесторлар үшін олардың қолайлырақ болып табылатын көлемінде қолданылуға тиіс.
                                13-бап 



                    Осы Келісімнің қолданылу саласы

      Осы Келісім екінші Уағдаласушы Мемлекеттің аумағында Уағдаласушы Мемлекеттің бірінің инвесторларының қазіргі бар немесе ол күшіне енген соң жүзеге асырылған инвестицияларының бәріне қолданылады.
                                14-бап 

Күшіне енуі


      Әрбір Уағдаласушы Мемлекет осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды оның орындағаны туралы екіншісіне мәлімдейді және осындай мәлімдемені алған соңғы күннен бастап 30-күні осы Келісім күшіне енеді.
                                15-бап 



               Қолданыс мерзімі және қолданыстың тоқтатылуы

      1. Осы Келісім 30 жыл ішінде қолданыста болады және, егер Уағдаласушы Мемлекеттердің бірде-бірі бастапқы немесе келесі мерзім біткен соңғы екінші Уағдаласушы Мемлекетке жазбаша түрде осы Келісімнің қолданысын тоқтататын ниеті туралы хабарламаса, осындай мерзімге және мерзімдердің ішінде күшінде қала береді.
      2. Осы Келісімді тоқтату туралы мәлімдеме күшіне енетін күнге дейін жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты осы Келісімнің ережелері осы Келісімнің қолданысы тоқтатылған күннен бастап 20 жыл бойында күшінде қала береді.

     Осыны куәландыру үшін екі Уағдаласушы Мемлекеттің тиісті түрде 
өкілеттік алған өкілдері осы Келісімге қол қойды.
     Эль-Кувейт қаласында 1997 жылғы 31 тамызға сәйкес келетін 141 күні 
екі түпнұсқа данада, қазақ, араб және ағылшын тілдерінде жасалды, 
сондай-ақ барлық мәтіндердің күші бірдей. Мәтіндерді түсіндіруде пікір 
алшақтықтары туған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін басым болады.
     
     Қазақстан Республикасы үшін         Кувейт Мемлекеті үшін
     
     Оқығандар:
        Омарбекова А.Т.
        Қасымбеков Б.А. 
      
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады