Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 шілдедегі N 83-ІІ Конституциялық заңы.

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы

      

      МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Конституциялық заңның тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.14 № 289-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Конституциялық заңымен.
      Ескерту. Конституциялық заңның тақырыбында және мәтінінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Осы Конституциялық заң Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының сабақтастығын, елдегі бұдан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және демократиялық өзгерістерді қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы, Қазақстан халқының бірлігін, Конституцияны, адамның жене азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен Елбасы ретінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси және құқықтық жағдайын анықтайды.

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.14 № 289-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Конституциялық заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті", "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің" деген сөздерден кейін тиісінше "- Елбасының", "- Елбасына", "- Елбасы", "- Елбасы", "- Елбасын", "- Елбасымен", "- Елбасының" деген сөздермен толықтырылды - ҚР 2010.06.14 № 289-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Конституциялық заңымен.

1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің —Елбасының мәртебесі және өкілеттігі

      Осы Конституциялық заңда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Конституциясында, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заңда және республиканың басқа заңдарында көзделген өкілеттіктерімен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының саяси-құқықтық мәртебесі, өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Елбасының айрықша құзыреттері мен кепілдіктері айқындалады.

      Қазақстан мемлекеттілігін құрудың бастауында тұрған және демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде егемен Қазақстанды дамытуға аса зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы болып табылады.

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы өзінің мәртебесі бойынша айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және "Отан" ордені тапсырыла отырып, "Халық қаһарманы" (Народный герой) атағының иегері болады.

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлану құқығына шектеу қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы:

      1) Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасау;

      2) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының алдын да, республика Үкіметінің отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі.

      Мемлекеттің ішкі жене сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен — Елбасымен келісіледі.

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының заңды қызметіне кедергі жасауға, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлауға немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының бейнесін бүлдіруге жол берілмейді және ондай әрекеттер заңмен қудаланады.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.14 № 289-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Конституциялық заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2012 № 526-IV Конституциялық заңымен.

2-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының ордені мен жыл сайынғы бейбітшілік және прогресс сыйлығын тағайындау

      Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Отан алдында сіңірген ерекше еңбегін атап өту құрметіне мыналарды тағайындайды:

      1) мемлекеттік награда - "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" ордені, онымен марапаттау азаматтардың мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген ерекше еңбегі үшін жүргізіледі;

      2) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының жыл сайынғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы, оны Қазақстан Республикасының Президенті демократия мен әлеуметтік прогресті дамытқаны үшін, бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты нығайтқаны үшін береді.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.14 № 289-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Конституциялық заңымен.

3-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне –Елбасына ешкімнің тиіспеуі

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына ешкімнің тиісуіне болмайды. Ол өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін орындау кезеңінде жасаған, ал бұлар тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы деген өз мәртебесін жүзеге асыруға байланысты әрекеттері үшін жауаптылыққа тартылмайды. Оны ұстап алуға, қамаққа алуға және күзетпен ұстауға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге болмайды.

      Тиіспеушілік Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі барлық мүлікке, сондай-ақ олар пайдаланатын тұрғын және қызметтік үй-жайларға, қызметтік көлікке, байланыс құралдарына, жазысқан хаттарына, оларға тиесілі құжаттарға қолданылады. Тиіспеушілік Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қорына және ол құратын өзге де заңды тұлғаларға тиесілі мүлікке де қолданылады.

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке, сондай-ақ ол құратын заңды тұлғалардың мүлкіне қандай да бір шектеулер қойылмайды.

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктік шоттарының банктік құпиялығына және оларға тиіспеушілікке кепілдік беріледі.

      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2014 № 232-V Конституциялық заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

4-бап. Қызметті қамтамасыз ету

      Өз өкілеттіктерін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету және оның мәртебесін жүзеге асыру үшін қызметтік үй-жай бөлінеді, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Кеңсесі құрылады, Кеңсе өз міндеттерін орындау үшін соның алдында ғана жауапты болады.

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Кеңсесінің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы белгілейді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет туралы заңнама қолданылады.

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесін орналастыру үшін ұйымдастыру техникасымен (оның ішінде жалпы желіге де, барлық қолда бар құқықтық базалар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге де қосылған жеке компьютерлермен, көшіру-көбейту техникасымен, факсимильді байланыс аппараттарымен), байланыс құралдарымен, оның ішінде үкіметтік байланыспен, қажетті офистік жиһазбен жабдықталған жеке қызметтік үй-жай беріледі, сондай-ақ ол көліктік қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.14 № 289-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

5-бап. Байланыспен қамтамасыз ету

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өмір бойы Қазақстан Республикасының аумағында президенттік, үкіметтік байланыспен және жергілікті атқару органдарында, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда бар басқа да байланыс түрлерін тегін пайдалануға құқығы бар, сондай-ақ байланыс қызметтерін кезектен тыс алуға құқылы. Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының пошта және телеграф жөнелтімдерінің барлық түрлері үкімет жөнелтімдері дәрежесінде жіберіледі (беріледі), сұрыпталады және жеткізіледі.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

6-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін —Елбасын күзету

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын күзету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің тиісті бөлімшесіне жүктеледі.

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына ол үнемі тұратын немесе уақытша болатын жерлерінде өмір бойы мемлекеттік күзет беріледі.

      Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен - Елбасымен бірге тұратын немесе онымен бірге еріп жүретін отбасы мүшелеріне де мемлекеттік күзет беріледі.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 232-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

7-бап. Тұрғын үймен қамтамасыз ету

      Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына қажетті мемлекеттік қызмет көрсетіле отырып қызметтік пәтер мен мемлекеттік саяжай меншігіне беріледі.

8-бап. Көлікпен қамтамасыз ету

      Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына - өмір бойы жүргізушілерімен бірге жеке автомобиль, ал онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қызметтік автокөлікті пайдалану құқығы беріледі.

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы өмір бойы елде көлікпен тегін жүруге және ресми адамдар мен делегацияларға арналған залдарды тегін пайдалануға құқылы.

9-бап. Қор, мұражайлар, бюстер, жеке мұрағат және жеке кітапхана

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін орындаған кезеңде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қорын, жеке кітапханасы мен жеке мұрағатын құрады және қалыптастырады.

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының жеке кітапханасы мен жеке мұрағаты ұлттық игілік болып табылады және мемлекет меншігінде болады.

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының туған жерінде және Қазақстан Республикасының астанасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының мұражайлары құрылады және оның бюстері орнатылады.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.14 № 289-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Конституциялық заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-бап. Медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету

      Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін орындауды тоқтатқан күнге дейін оларға көрсетіліп келген көлемі мен түрлеріндегі тегін медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеу құқығы өмір бойы сақталады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.14 № 289-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Конституциялық заңымен.

11-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру

      Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы жасына қарамастан Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымдық жалақысының 80 проценті мөлшерінде ай сайын зейнетақы алуға құқылы. Бұл орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының зейнетақысы Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымдық жалақысының өсуі есепке алынып көтеріліп отырады.

      Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының өмірі мен денсаулығы республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Президентінің жылдық лауазымдық жалақысына тең сомада міндетті мемлекеттік сақтандырылуға тиіс.

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен - Елбасымен бірге тұрған әрбір отбасы мүшесіне ол қайтыс болған күнге дейін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қарттығына байланысты зейнетақының 10 еселенген ең төменгі мөлшеріне тең сомада ай сайынғы жәрдемақы өмір бойына тағайындалады.

      Осы Конституциялық заңда көзделген кепілдіктермен қатар өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және оның отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де кепілдіктер берілуі мүмкін.

12-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің -Елбасының қызметін қамтамасыз етудің қаржыландыру көздері және өзге де мәселелері

      Осы Конституциялық заңда көзделген шығыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының қорын толықтыру мен ұстауға және оның үй-жайларын күзетуге, жеке кітапханасы мен жеке мұрағатын сақтауға көзделген шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тұрғын үй, медициналық, санаторий-курорттық, көліктік және өзге де қызмет көрсетуді уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.14 № 289-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Конституциялық заңымен.

13-бап. Осы Конституциялық заңды күшіне енгізу тәртібі

      2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілетін 2 және 9-баптардың нормаларын қоспағанда, осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті



О Первом Президенте Республики Казахстан - Елбасы

Конституционный закон Республики Казахстан от 20 июля 2000 года N 83-II.

      Сноска. Заголовок с изменениями, внесенными Конституционными законами РК от 14.06.2010 № 289-IV (порядок введения в действие см. ст. 2); от 15.06.2017 № 75-VI (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Сноска. По всему тексту слова "Лидере Нации", "Лидера Нации", "Лидером Нации", "Лидер Нации", "Лидеру Нации" заменены словом "Елбасы" в соответствии с Конституционным законом РК от 15.06.2017 № 75-VI (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Настоящий Конституционный закон в целях обеспечения преемственности основных направлений внутренней и внешней политики Казахстана, дальнейших социально-экономических и демократических преобразований в стране определяет политическое и правовое положение Первого Президента Республики Казахстан как основателя нового независимого государства Казахстан, Елбасы, обеспечившего его единство, защиту Конституции, прав и свобод человека и гражданина.

      Сноска. Преамбула с изменением, внесенным Конституционным законом РК от 14.06.2010 № 289-IV (порядок введения в действие см. ст. 2).
      Сноска. По всему тексту слова "Первого Президента Республики Казахстан", "Первому Президенту Республики Казахстан", "Первый Президент Республики Казахстан", "Первым Президентом Республики Казахстан" дополнены соответственно словами "- Лидера Нации", "- Лидеру Нации", "- Лидер Нации", "- Лидером Нации" Конституционным законом РК от 14.06.2010 № 289-IV (порядок введения в действие см. ст. 2).

Статья 1. Статус и полномочия Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы

      В настоящем Конституционном законе наряду с полномочиями Президента Республики Казахстан, предусмотренными Конституцией Республики Казахстан, Конституционным законом "О Президенте Республики Казахстан" и другими законами Республики, определяются политико-правовой статус Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы, прерогативы и гарантии Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы и после прекращения им исполнения полномочий Президента Республики Казахстан.

      Первый Президент Республики Казахстан, стоящий у истоков создания казахстанской государственности и внесший выдающийся вклад в развитие суверенного Казахстана как демократического, светского, правового и социального государства, является Елбасы.

      Первый Президент Республики Казахстан - Елбасы по своему статусу обладает званием "Халық қаһарманы" (Народный герой) с вручением знака особого отличия - Золотой звезды и ордена "Отан".

      На Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы не распространяется ограничение права быть избранным в Президенты Республики Казахстан.

      Первому Президенту Республики Казахстан - Елбасы в силу его исторической миссии пожизненно принадлежит право:

      1) обращаться к народу Казахстана, государственным органам и должностным лицам с инициативами по важнейшим вопросам государственного строительства, внутренней и внешней политики и безопасности страны, которые подлежат обязательному рассмотрению соответствующими государственными органами и должностными лицами;

      2) выступать перед Парламентом Республики Казахстан и его Палатами, на заседаниях Правительства Республики при обсуждении важных для страны вопросов; возглавлять Ассамблею народа Казахстана; входить в состав Конституционного Совета, Совета Безопасности Республики Казахстан.

      Разрабатываемые инициативы по основным направлениям внутренней и внешней политики государства согласовываются с Первым Президентом Республики Казахстан - Елбасы.

      Воспрепятствование законной деятельности Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы, публичное оскорбление или иное посягательство на честь и достоинство Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы, а также осквернение изображений Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы не допускаются и преследуются по закону.

      Сноска. Статья 1 в редакции Конституционного закона РК от 14.06.2010 № 289-IV (порядок введения в действие см. ст. 2); с изменением, внесенным Конституционным законом РК от 02.01.2012 № 526-IV.

Статья 2. Учреждение ордена и ежегодной премии мира и прогресса Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы

      Парламент Республики Казахстан в ознаменование особых заслуг Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы перед Отечеством учреждает:

      1) государственную награду - орден "Казакстан Республикасынын Тунгыш Президентi - Елбасы Нурсултан Назарбаев", награждение которым производится за особые заслуги граждан в государственной и общественной деятельности;

      2) ежегодную Государственную премию мира и прогресса Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы, которая присуждается Президентом Республики Казахстан за развитие демократии и социального прогресса, за укрепление мира и дружбы между народами.

      Сноска. Статья 2 с изменением, внесенным Конституционным законом РК от 14.06.2010 № 289-IV (порядок введения в действие см. ст. 2).

Статья 3. Неприкосновенность Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы

      Первый Президент Республики Казахстан – Елбасы обладает неприкосновенностью. Он не может быть привлечен к ответственности за действия, совершенные в период исполнения им полномочий Президента Республики Казахстан, а после их прекращения – связанные с осуществлением своего статуса Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы. Он не может быть подвергнут задержанию, аресту и содержаться под стражей, обыску, допросу либо личному досмотру.

      Неприкосновенность распространяется на все имущество, принадлежащее на праве частной собственности Первому Президенту Республики Казахстан – Елбасы и совместно проживающим с ним членам его семьи, а также на используемые ими жилые и служебные помещения, служебный транспорт, средства связи, переписку, принадлежащие им документы. Неприкосновенность также распространяется на имущество, принадлежащее фонду Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы и иным учреждаемым им юридическим лицам.

      На имущество, принадлежащее на праве частной собственности Первому Президенту Республики Казахстан – Елбасы и совместно проживающим с ним членам его семьи, а также на имущество учреждаемых им юридических лиц не могут быть наложены какие бы то ни было ограничения.

      Гарантируются банковская тайна и неприкосновенность банковских счетов Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы и совместно проживающих с ним членов его семьи.

      Сноска. Статья 3 в редакции Конституционного закона РК от 04.07.2014 № 232-V (вводится в действие с 01.01.2015); с изменениями, внесенными Конституционным законом РК от 15.06.2017 № 75-VI (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Статья 4. Обеспечение деятельности

      Для обеспечения деятельности Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы, прекратившего исполнение своих полномочий, и реализации его статуса выделяется служебное помещение, создается Канцелярия Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы, которая несет ответственность за исполнение своих обязанностей только перед ним.

      Структура и штатная численность Канцелярии Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы, содержащейся за счет средств республиканского бюджета, устанавливаются Первым Президентом Республики Казахстан – Елбасы. На сотрудников Канцелярии Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы распространяется законодательство о государственной службе.

      Для размещения Канцелярии Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы предоставляется отдельное служебное помещение, оборудованное оргтехникой (в том числе персональными компьютерами, подключенными как к общей сети, так и ко всем имеющимся правовым базам и государственным информационным системам, копировально-множительной техникой, аппаратами факсимильной связи), средствами связи, в том числе правительственной связью, необходимой офисной мебелью, а также она обеспечивается транспортным обслуживанием.

      Сноска. Статья 4 с изменениями, внесенными конституционными законами РК от 14.06.2010 № 289-IV (порядок введения в действие см. ст. 2); от 03.07.2013 № 121-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Статья 5. Обеспечение связью

      Первый Президент Республики Казахстан - Елбасы пожизненно имеет право бесплатно пользоваться на территории Республики Казахстан президентской, правительственной и другими видами связи, которыми располагают местные исполнительные органы, государственные органы и организации, а также право на внеочередное получение услуг связи. Все виды почтовых и телеграфных отправлений Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы, прекратившего исполнение своих полномочий, пересылаются (передаются), обрабатываются и доставляются в разряде правительственных.

      Сноска. Статья 5 с изменением, внесенным Конституционным законом РК от 15.06.2017 № 75-VI (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Статья 6. Охрана Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы

      Охрана Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы возлагается на соответствующее подразделение Службы государственной охраны Республики Казахстан.

      Первому Президенту Республики Казахстан - Елбасы пожизненно предоставляется государственная охрана в местах его постоянного или временного пребывания.

      Государственная охрана предоставляется также членам семьи Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы, прекратившего исполнение своих полномочий, проживающим совместно с ним или его сопровождающим.

      Сноска. Статья 6 с изменениями, внесенными Конституционными законами РК от 04.07.2014 № 232-V (вводится в действие с 01.01.2015); от 15.06.2017 № 75-VI (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Статья 7. Жилищное обеспечение

      Первому Президенту Республики Казахстан - Елбасы, прекратившему исполнение своих полномочий, служебная квартира и государственная дача передаются в собственность с необходимым государственным обслуживанием.

Статья 8. Обеспечение транспортом

      Первому Президенту Республики Казахстан - Елбасы, прекратившему исполнение своих полномочий, пожизненно предоставляется персональный автомобиль с водителями, а совместно проживающим с ним членам его семьи право пользования служебным автотранспортом.

      Первый Президент Республики Казахстан - Елбасы пожизненно имеет право бесплатного проезда по стране и пользования залами для официальных лиц и делегаций.

Статья 9. Фонд, музеи, бюсты, личный архив и личная библиотека

      В период исполнения Первым Президентом Республики Казахстан - Елбасы полномочий Президента Республики Казахстан им создаются и формируются фонд, личная библиотека и личный архив Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы.

      Личная библиотека и личный архив Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы являются национальным достоянием и находятся в собственности государства.

      На родине Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы и в столице Республики Казахстан создаются музеи и устанавливаются бюсты Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы.

      Сноска. Статья 9 в редакции Конституционного закона РК от 14.06.2010 № 289-IV (порядок введения в действие см. ст. 2); с изменениями, внесенными Конституционным законом РК от 03.07.2013 № 121-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Статья 10. Медицинское и санаторно-курортное обеспечение

      Первому Президенту Республики Казахстан - Елбасы, прекратившему исполнение своих полномочий, и проживающим совместно с ним членам семьи пожизненно сохраняется право на бесплатное медицинское обслуживание и санаторно-курортное лечение в том объеме и в тех видах, которые им предоставлялись на день прекращения Первым Президентом Республики Казахстан - Елбасы исполнения полномочий Президента Республики Казахстан.

      Сноска. Статья 10 с изменением, внесенным Конституционным законом РК от 14.06.2010 № 289-IV (порядок введения в действие см. ст. 2).

Статья 11. Пенсионное обеспечение и страхование

      Первый Президент Республики Казахстан - Елбасы, прекративший исполнение своих полномочий, независимо от возраста, имеет право на ежемесячную пенсию в размере 80 процентов месячного должностного оклада Президента Республики Казахстан. При этом пенсия Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы повышается с учетом роста должностного оклада Президента Республики Казахстан.

      Жизнь и здоровье Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы, прекратившего исполнение своих полномочий, подлежат обязательному государственному страхованию за счет средств республиканского бюджета на сумму, равную годовому должностному окладу Президента Республики Казахстан.

      Каждому члену семьи Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы, проживавшему совместно с ним, пожизненно назначается ежемесячное пособие в сумме, равной 10-кратному минимальному размеру пенсии по старости, установленному законодательством Республики Казахстан на день его смерти.

      Наряду с гарантиями, предусмотренными настоящим Конституционным законом, Первому Президенту Республики Казахстан - Елбасы, прекратившему исполнение своих полномочий, и членам его семьи законодательством Республики могут предоставляться иные гарантии.

Статья 12. Источники финансирования и иные вопросы обеспечения деятельности Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы

      Финансирование расходов, предусмотренных настоящим Конституционным законом, в том числе на пополнение и содержание фонда и охрану его помещений, хранение личной библиотеки и личного архива Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы, осуществляется за счет средств республиканского бюджета.

      Жилищное, медицинское, санаторно-курортное, транспортное и иное обслуживание Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы и членов его семьи, проживающих совместно с ним, обеспечивается уполномоченными государственными органами.

      Сноска. Статья 12 в редакции Конституционного закона РК от 14.06.2010 № 289-IV (порядок введения в действие см. ст. 2).

Статья 13. Порядок введения в действие настоящего Конституционного закона

      Настоящий Конституционный закон вводится в действие со дня его официального опубликования, за исключением норм статей 2 и 9, которые вводятся в действие с 1 января 2001 года.

      
      Президент
Республики Казахстан