Қазақстан Республикасының Шекарааралық тұрғыдан қоршаған ортаға жасалатын әсерді бағалау туралы конвенцияға қосылуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 21 қазан N 86-ІІ

      Қазақстан Республикасы Эспода (Финляндия) 1991 жылғы 25 ақпанда жасалған Шекарааралық тұрғыдан қоршаған ортаға жасалатын әсерді бағалау туралы конвенцияға қосылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Шекаралық мәтінде қоршаған ортаға жасалатын
ықпалды бағалау туралы
Конвенция

(2001 жылғы 11 сәуірде күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Осы Конвенцияның тараптары:
      - экологиялық қызметтiң әр алуан түрлерi және олардың экологиялық зардаптары арасындағы өзара байланысты ескере отырып,
      - экологиялық жағынан негiзделген және тұрақты дамуды қамтамасыз ету қажеттiгін растай отырып,
      - қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау саласындағы, оның iшiнде шекаралық мәтiндегi халықаралық ынтымақтастықты дамытуға күштi ниет бiлдiре отырып,
      - тұтастай алғанда қоршаған ортаға жасалатын ықпалдардағы, оның iшiнде, шекаралық мәтiндегi озық саясатты және едәуiр зиянды түрлердi болдырмау, азайту және мониторингiн әзiрлеудің қажеттiгiн және маңызды мәнiн назарға ала отырып,
      - Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Адамды қоршаған ортаның проблемалары бойынша Стокгольм конференциясы декларациясының, Еуропадағы Қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi кеңес (ЕҚЫК) Қорытынды актiсінің және ЕҚЫК-қа қатысушы-мемлекеттер өкiлдерiнің Мадрид және Вена кездесулерi Қорытынды құжаттарының тиiстi ережелерiне сүйене отырып,
      - мемлекеттердің өздерінің ұлттық құқықтық және әкiмшiлiк ережелерi және өздерiнің ұлттық саясаты негiзiнде қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалауды жүргiзу қамтамасыз ету мақсатымен жүзеге асыратын iс-шараларын жоғары бағалай отырып,
      - шешiмдер қабылдау процесiнiң ерте кезеңiнде жiтi назар аудару қажеттiгiне өзiне есеп бере отырып, барлық тиiстi әкiмшiлiк деңгейлерде жарлықшы органдарға берiлетiн ақпарат сапасын арттырудың қажеттi құралы ретiнде, едәуiр зиянды, оның iшiнде трансшекаралық мәтiндегi ықпалды ең аз дәрежеге апару қажеттiгiн ерекше ескеретiн экологиялық негiзделген шешiмдi өздерiнің қабылдай алатындай болуы үшiн,
      - қоршаған ортаға ұлттық деңгейлерде де және халықаралық деңгейлерде де жасалатын ықпалды бағалауды пайдалануды көтермелеуге бағытталған халықаралық ұйымдардың күш-жiгерiн назарға алып және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы эгидасымен жүргiзiлетiн негiзiнде қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау саласындағы жұмысты, оның iшiнде негiзiнде Қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау жөнiндегi семинар жұмысының нәтижелерiн ескерiп, сондай-ақ БҰҰ Басқарушылар кеңесi қабылдаған Бағдарламалардың және Тұрақты даму жөнiндегi министрлiк декларацияның қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау Мақсаттары мен принциптерiн атап көрсете отырып, мыналар туралы уағдаласты:

1-бап Анықтама

      Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн:
      I. "Тараптар", егер мәтiнде басқа аталу болмаса, осы Конвенцияның уағдаласушы тараптарын бiлдiредi;
      ІІ. "Шығу тарабы", оның (олардың) юрисдикциясымен жоспарланатын қызметтi жүзеге асыруға ниет бiлдiрген осы Конвенцияның Уағдаласушы Тарабын (Тараптарын) бiлдiредi;
      III. "Қозғаушы Тарап", ол (олар) жоспарланатын қызметке трансшекаралық жасалатын ықпалды қозғауға мүмкiн болатын (мүмкiндiк алатын) Уағдаласушы Тарапты (Тараптарды) бiлдiредi;
      IV. "Мүдделi Тараптар", шығу Тарабы және осы Конвенцияға сәйкес жасайтын қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау әдiстерiн қолдануға қатысатын қозғаушы тарап ретiнде түсiнiледi;
      V. "Жоспарланатын қызмет", қолданылатын ұлттық рәсiмге сәйкес құзыреттi органның шешiм қабылдауы қажет болатын сол немесе өзге қызметтегi кез келген қызмет немесе кез келген өзгерiс ретiнде түсiнiледi;
      VI. "Қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау", ортаға жасалатын мүмкiн болатын ықпалды бағалаудың ұлттық рәсiмiн бiлдiреді;
      VII. "Ықпал" - адамдар денсаулығының, флораның, фаунаның, топырақтың, ауаның, судың, климаттың, ландшафттың, тарихи ескерткіштер мен басқа да материалдық объектiлердің қауiпсiздiгiн қоса алғанда, орта үшiн жоспарланатын қызметтiң кез келген салдарлары; ол сондай-ақ осы факторлардың өзгеру нәтижесi болып табылатын мәдени мұра немесе әлеуметтiк-экономикалық шарттар үшiн салдарларды да қамтиды;
      VIII. "Шекаралық ықпал", ғаламдық сипаттағы ғана емес, физикалық көзi басқа Тараптың юрисдикциясына тап болатын аудан шектерiнде орналасқан жоспарланатын қызметтi туғызатын сол немесе өзге тараптың юрисдикциясында болатын ауданда болатын ықпалды бiлдiредi;
      IХ. "Құзыреттi орган", ұлттық органды немесе Конвенция қамтитын мiндеттердi орындау үшiн жауапты ретiнде сол немесе өзге тарап тағайындайтын және (немесе) сол немесе өзге Тарап жоспарланатын қызметке қатысты шешiмдердi қабылдау жөнiндегi өкiлеттiктердi жүктейтiн органды (органдарды) бiлдiредi;
      Х. "Жұртшылық", бiр немесе бiрнеше жеке немесе заңды тұлғаларды білдiредi.

2-бап Жалпы ережелер

      1. Тараптар жоспарланатын қызмет нәтижесiнде зиянды трансшекаралық ықпалды болдырмау жөнiндегi, сондай-ақ оны азайту және бақылау жасау жөнiндегi барлық тиiстi және тиiмдi шараларды қабылдайды.
      2. Әрбiр Тарап едәуiр зиянды трансшекаралық ықпал көрсетуi, II Қосымшада сипатталған қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау туралы құжаттамаға жұртшылықтың қатысуы және әзiрлеуi үшiн мүмкiндiк туғызатын қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау рәсiмiн белгiлеуi мүмкiн I Қосымшада аталған қызметтiң жоспарланатын түрлерiне қатысты қоса алғанда, Конвенцияның ережелерiн жүзеге асыру үшiн қажеттi заңдарды, әкiмшiлiк немесе басқа шараларды қабылдайды.
      3. Шығу Тарабы қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау Конвенция ережелерiне сәйкес жүргiзiлуiн, зиянды трансшекаралық ықпал көрсетуi мүмкiн I Қосымшаға енгiзiлген қызметтің жоспарланатын түрiн санкциялау немесе жүзеге асыру туралы шешiм қабылдауға дейiн жүргізiлуiн қамтамасыз етедi.
      4. Шығу Тарабы Конвенцияның ережелерiне сәйкес едәуiр зиянды шекаралық ықпал көрсетуi мүмкiн I Қосымшаға аталған қызметтің жоспарланатын түрi туралы Қозғаушы Тараптардың хабардар болуын қамтамасыз етедi.
      5. Мүдделi тараптар едәуiр зиянды шекаралық ықпал көрсететiн I Қосымшада аталмаған жоспарланатын қызметтің қандай бiр түрiнің немесе түрлерiнің мүмкiндiгiне қатысты және оған немесе оларға сондықтан, егер олар I Қосымшада аталған болса, оларға қандай қатысты болады дегенге осындай Тараптардың кез келгенiнiң бастамасы бойынша консультациялар өткiзедi: Егер бұл Тараптар оңды уағдаластыққа келсе, онда қызметтің осы түрiне немесе түрлерiне аталған режим қолданылады. Едәуiр зиянды ықпалды белгiлеуге мүмкiндік беретiн критерийлерді анықтау үшiн жалпы принциптер III Қосымшада жазылады.
      6. Шығу Тарабы осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес барынша ықтималдығы жағынан қоршаған ортаға жоспарланатын қызметке ықпалды бағалаудың тиiстi рәсiмдерiне қатысу мүмкiндiгi қозғалатын аудандардағы жұртшылықтың атынан өкiлдiк етедi және қозғаушы тараптың жұртшылығы атынан берiлетiн бұл мүмкiндiктің шығу Тарабы жұртшылығы атынан берiлетiн мүмкiндiкке тепе-тең болуын қамтамасыз етедi.
      7. Осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес қоршаған ортаға жасалатын ықпалды ең төменгi талап ретiнде бағалау жоспарланатын қызмет деңгейiнде жүргiзiледi. Мүмкiндiгiне қарай, Тараптар, сондай-ақ қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалауды негiзiнде қоршаған ортаға жасалатын ықпалды саясатқа, жоспарлар мен бағдарламаларға қатысты бағалау принциптерiн қолдануға ұмтылатын болады.
      8. Осы Конвенцияның ережелерi Тараптардың Ұлттық заңдарды, нұсқамаларды, әкiмшiлiк ережелердi немесе оны беру өндiрiстік немесе коммерциялық құпияға немесе ұлттық қауіпсiздiк мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн ақпараттан қорғайтын қабылданған құқықтық практиканы қолдану құқығын қозғамайды.
      9. Осы Конвенцияның ережелерi нақты Тараптардың қажетiне кезiнде екi тарапты немесе көп тарапты келiсiм бойынша осы Конвенцияда болатынға қарағанда барынша қатаң шаралар қолдану құқығын қозғамайды.
      10. Осы Конвенцияның ережелерi шекаралық ықпал көрсететiн немесе көрсетуi мүмкiн қызметке қатысты халықаралық шарттарға сәйкес тараптардың кез келген мiндеттемелерiне нұқсан келтiрмейдi.

3-бап Хабарлама

      1. Шығу Тарабы едәуiр зиянды шекаралық ықпал көрсетуi мүмкiн I Қосымшада аталған қызметтiң жоспарланған түрiне қатысты 5-бапқа сәйкес тиiстi және тиiмдi консультациялар өткiзу мақсатында, оның пiкiрiнше, қорғаушы Тарап болуы мүмкiн, барынша жылдам және ол жоспарланатын қызмет туралы өз елiнiң жұртшылығын хабардар етуге қарағаннан кешiктiрмейтiндей кез келген Тарапты хабардар етедi.
      2. Бұл хабарламада, соның iшiнде мыналар болады:
      а) мүмкін болатын шекаралық ықпал туралы кез келген ақпаратты қоса алғанда, жоспарланатын қызмет туралы ақпарат;
      б) мүмкiн болатын шешiмнің сипаты туралы ақпарат; және
      с) осы Баптың 3-тармағына сәйкес оның барасында жоспарланатын қызмет сипатын ескере отырып жауап беру қажет болатын; және осы баптың 5-тармағында аталған ақпаратты енгiзуi мүмкiн ақылға қонымды мерзiмдi көрсету.
      3. Қозғаушы Тарап хабарламаны алғанын растай отырып, хабарламада аталған мерзiм iшiнде шығу Тарабына жауап бередi, және өзiнің қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау рәсiмiне қатысатыны туралы ниетiн көрсетедi.
      4. Егер қозғаушы Тарап өзiнiң қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау рәсiмiне қатыспайтын ниетiн көрсетсе немесе егер ол хабарламада аталған мерзiм iшiнде жауап бермесе, онда осы Баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтарының ережелерi мен 4-7-баптардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдаяттар кезiнде Шығу тарабының өзiнің ұлттық заңдары мен практикасы негізiнде қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау жүргiзу қажеттiгiн анықтау құқығына нұқсан келтiрiлмейдi.
      5. Қозғаушы Тараптан қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау рәсiмiне оның қатысу ниетiн көрсеткен жауабын алғаннан кейiн шығу Тарабы қозғаушы Тарапқа мыналарды бередi:
      а) ескертпелердi беру мерзiмiн көрсетудi қоса алғанда, қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау рәсiмiне қатысты тиiстi ақпарат; және
      б) жоспарланатын қызмет және оның мүмкiн болатын едәуiр зиянды трансшекаралық салдарлары туралы ақпарат.
      6. Шығу Тарабының өтiнiш бойынша қозғаушы Тарап, қозғаушы Тараптың юрисдикциясында болатын әлеуеттi қозғалатын қоршаған орта туралы бiрiншi ақылға қонымды ақпаратты, егер ондай ақпарат қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау туралы құжаттаманы әзiрлеу үшiн қажет болса, бередi. Бұл ақпарат шұғыл түрде және, қажет жағдайда, егер ондай бар болса, бiрлескен орган арқылы берiледi.
      7. Егер қандай бiр Тарап I Қосымшада аталған жоспарланатын қызметтiң едәуiр зиянды ықпалы нәтижесiнде ол қозғалды деп есептесе, және егер осы баптың I-тармағына сәйкес ешқандай хабарлама түспесе, онда қозғаушы Тараптың өтiнiшi бойынша мүдделi Тараптар едәуiр зиянды трансшекаралық ықпалдың пайда болу ықтималдығы туралы мәселенi талқылау мақсатымен ақпараттар алмасуды жүргiзедi. Егер бұл Тараптар шекаралық ықпал орын алып отыр деп келiссе, онда тиiсiнше осы Конвенцияның ережелерi қолданылады. Егер Тараптар келiсiмге келе алмаса, онда IV қосымшаның ережелерiне сәйкес сұрау салу комиссиясының қарауына, егер Тараптар мәселенi реттеудiң өзге жолы туралы келiсiмге келе алмаса, ықпалдың ықтималдығы туралы оның пiкiрiн бiлу мақсатымен бұл мәселенi енгiзуге болады.
      8. Мүдделі Тараптар жұртшылықта ақпарат және ескертпелердi беру мүмкiндiгi болуын қамтамасыз етедi.

4-бап Қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау
туралы құжаттаманы әзірлеу

      1. Ықпалды бағалау туралы құжаттамада ІІ Қосымшада сипатталған ақпарат болады.
      2. Шығу тарапы қозғаушы тарапқа қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау туралы құжаттаманы бередi. Мүдделi Тараптар бұл құжаттаманың ықпалға ұшыраған аудандардағы органдар мен жұртшылық арасында қолданылуын, сондай-ақ жоспарланатын қызметке қатысты түбегейлi шешiм қабылдағанға дейiн ақылға қонымды мерзiмдерде шығу Тарапының құзыреттi органына ескертпелердi берудi қамтамасыз етедi.

5-бап Қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау
туралы құжаттама негізінде өткізілетін
консультациялар

      Шығу Тарабы ықпалды бағалау туралы құжаттама әзiрлеудi аяқтағаннан кейiн тиiстi Тараппен мыналар тұрғысында консультациялар өткiзедi:
      а) жоспарланатын қызметтің мүмкiн болатын баламалары, тарнсшекаралық ықпалдарды азайту және мұндай шараларды шығу тарапының қаражаты есебiнен жүзеге асыру салдарларының мониторингi жөнiндегi мүмкiн болатын шаралар;
      в) жоспарланатын қызметке кез келген шекаралық ықпалды азайтуға өзара көмек берудің басқа да нысандары;
      с) жоспарланатын қызметке қатысы бар кез келген басқа да мәселелер. Тараптар консультациялардың бастапқы кезеңiнде ыңғайлы уақытша шеңбер шегiндегi олардың ұзақтығы туралы мәселенi келiседi. Консультациялар, ондай бар болатын болса, тиiстi бiрлескен орган арқылы өткiзiледi.

6-бап Түбегейлі шешім

      1. Тараптар қызмет жөнiндегi шешiмде, ықпалды бағалау туралы құжаттаманы және осы құжаттама бойынша 3-баптың 8-тармағына және 4-баптың 2-тармағына сәйкес алынған ескертпелердi және 5-бапта аталған консультацияларды қоса алғанда, ортаға жасалатын ықпалды бағалау нәтижелерiнің ескерiлуiн қамтамасыз етедi.
      2. Тараптар түбегейлi шешiмдi ол негiзделген себептермен және пайымдаулармен бiрге бередi.
      3. Егер жоспарланатын қызметке шекаралық ықпал туралы қосымша ақпараттың шешiм қабылдау кезiнде болмағаны осы қызметтi жүзеге асыру басталғанға дейiн мүдделi Тарапқа мәлiм болса, бұл Тарап басқасын хабардар етедi. Егер Тараптардың бiрi бұл туралы өтiнiш жасаса, онда бұл шешiмдi қараудың қажеттiгi туралы мәселе бойынша консультациялар өткiзiледi.

7-бап Жобадан кейінгі талдау

      1. Ортаға жасалатын ықпалды бағалауды жүзеге асыруға қатысты қызметке ықтимал шекаралық ықпалды ескере отырып, Тараптар жобадан кейiнгі талдау өткiзiледi ме және қандай дәрежеде өткiзiледi дегендi анықтайды. Кез келген талдауға осы қызметтi байқау және кез келген зиянды трансшекаралық ықпалды анықтау енедi.
      2. Егер талдау жүргiзу нәтижесiнде шығу Тарабының немесе қозғаушы Тараптың, трансшекаралық ықпал орын алды және осындай ықпалға соқтыруы мүмкiн факторлар байқалды деп есептеуге жеткiлiктi негiзi болса, ол бұл туралы басқа мүдделi Тараптарды хабарландырады. Мүдделi Тараптар ықпалды азайтатын немесе жоятын шаралар бойынша консультациялар өткiзедi.

8-бап Екі тарапты және көп тарапты
ынтымақтастық

      Тараптар қолданылып жүрген келiсiмдердi жалғастырады немесе осы Конвенцияға сәйкес өз мiндеттемелерiн сақтау мақсатымен жаңа екi тарапты немесе көп тарапты келiсiмдерге немесе басқа да уағдаластықтарға кiре алады. Мұндай келiсiмдер немесе басқа да уағдаластықтар VI Қосымшада аталған элементтерге негiзделуi мүмкiн.

9-бап Зерттеулердің бағдарламалары

      Тараптар мыналарға мақсатталған нақты зерттеу бағдарламаларын әзiрлеуге және белсендi орындауға көңiл бөледi:
      а) қызметтің жоспарланған түрлерiнің салдарларын сапалық және сандық бағалау әдiстерiнің қолданылып жүрген әдiстерiн жетiлдiру;
      б) себеп-салдар байланыстарын барынша терең ұғыну және кешендi ұтымды табиғат пайдаланудағы олардың ролi;
      с) ықпалды ең төмен мөлшерге дейiн апару немесе болдырмау мақсатында қызметтің жоспарланатын түрлерiне қатысты шешiмдердiң орындалуына талдау және тиiмдiлiгiнің мониторингiн өткiзу;
      д) қызметтің жоспарланған түрлерiне, өндiрiс және тұтыну құрылымдарына экологиялық жағынан негiзделген баламаларды iздестiруге жаңашыл көзқарастарды ынталандыру әдiстерiн әзiрлеу;
      е) макроэкономикалық деңгейде қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау принциптерiн қолдану әдiснамасын әзiрлеу.
      Тараптар жоғарыда аталған бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижелерiн алмасады.

10-бап Қосымшалар мәртебесі

      Осы Конвенцияға қосымшалар Конвенцияның ажырамас бөлiгi болып табылады.

11-бап Тараптар кеңесі

      1. Тараптар қоршаған орта және су ресурстары проблемалары бойынша ЕЭК елдерi үкiметтерi аға кеңесшілерiнiң жыл сайынғы сессияларына мүмкiндiгi болғанша бейімделген кеңестер өткiзедi. Алғашқы кеңес осы Конвенция күшiне енген күнiнен бастап, бiр жылдан кешiктiрiлмей өткiзiледi. Кейiннен кеңестердi өткiзудiң қажеттiлiгi мен олардың мерзiмдерi Тараптар кеңесiнде немесе Тараптар хатшылығы бұл өтiнiш туралы хабардар еткен күннен бастап алты ай ішінде оны тараптардың кемiнде үштен бiрi қолдаған жағдайда Тараптардың кез келгенiнің жазбаша түрдегi берiлген өтiнiшiмен анықталады.
      2. Тараптар осы Конвенцияның орындалу барысына бақылау жасайды және осы мақсатпен:
      a) Тараптар шекаралық мәтiнде қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау рәсiмдерiн одан әрi жетiлдiру мақсатымен қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау саясатына және әдiснамалық көзқарастарға шолу жасауды жүзеге асырады;
      b) екi тарапты және көп тарапты келiсiмдердi немесе олардың тараптары бiр немесе одан да көп Тараптар болып табылатын трансшекаралық мәтiнде қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалауды пайдалануға қатысты басқа да уағдаластықтарды жасасу және орындау саласындағы жинақталған тәжiрибеге қатысты ақпарат алмасады;
      с) қажет жағдайда осы конвенцияның мақсаттарына қол жеткiзу жолында пайда болған әдiснамалық немесе техникалық мәселелердi шешу үшiн құзыреттi халықаралық органдар мен ғылыми комитеттердің қызметтерiне жүгiнедi;
      d) өзiнің бiрiншi кеңесiнде өз кеңестерiнің рәсiмдерi ережелерiн қарайды және консенсус қабылдайды;
      е) қажет болған жағдайда осы Конвенцияға түзетулердi де қарайды;
      f) осы Конвенцияның мақсаттарына жету үшiн қажет болуы мүмкiн кез келген қосымша шараларды қарайды және қабылдайды.

12-бап Дауыс беру құқығы

      1. Осы Конвенцияға қатысушы әрбiр Тарап бiр дауыс алады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жалпы ережеде болмаса, экономикалық интеграция жөнiндегі аймақтық ұйымдар өздерiнің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша өзiнің дауыс беру құқығын жүзеге асырып, осы Конвенцияның Тараптары болып табылатын өздерiнің қатысушы-мемлекеттерiнің санына тең дауыстардың санына ие болады. Мұндай ұйымдар, егер өздерiнің қатысушы-мемлекеттерi өзiнің дауыс беру құқығын жүзеге асырса, немесе керiсiнше болса, дауыс беру құқығын ескерiп отырады.

13-бап Хатшылық

      Еуропалық экономикалық комиссияның атқарушы хатшысы мынадай хатшылық мiндеттердi орындайды:
      а) Тараптардың кеңесiн шақырады және әзiрлейдi;
      b) Тараптарға Конвенцияның ережелерiне сәйкес алынған баяндамалар мен басқа да ақпаратты бередi; және
      с) Конвенцияда көзделуi мүмкiн немесе осы Конвенцияда көзделуi мүмкiн немесе оларды Тараптар белгiлеуi мүмкiн өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.

14-бап Конвенцияға түзетулер

      1. Тараптардың кез келгенi Конвенцияға түзетулер ұсына алады.
      2. Ұсынылатын түзетулер хатшылыққа жазбаша түрде берiліп, ол оларды барлық Тараптарға жiбередi. Ұсынылатын түзетулер Тараптардың кезектi кеңесiнде ең аз дегенде ол басталғанға дейiн 90 күн бұрын Тараптар хатшылығына бұл түзетулер жiберiлген жағдайда талқыланады.
      3. Тараптар Конвенцияға ұсынылған кез келген түзетулердi қабылдауға қатысты келiсiмге консенсус арқылы қол жеткiзуге бүкiл күш-жiгерлерiн жұмсайды. Егер консенсусқа қол жеткiзу үшiн барлық амалдар таусылып, келiсiмге қол жеткiзiлмесе, онда соңғы шара ретiндегi түзету кеңеске келген және дауыс беруге қатысушы Тараптардың төрттен үш көпшiлiк даусымен қабылданады.
      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес бекiту, мақұлдау немесе қабылдау үшiн қабылданған осы Конвенцияға түзетулердің депозитарийi барлық Тараптардың назарына жеткiзiледi. Олар бекiткен, мақұлдаған немесе қабылдаған Тараптар үшiн аз дегенде Тараптардың төрттен үшi оларды бекiту, мақұлдау немесе бекiту туралы хабарламаны Депозитариймен алғаннан кейiн 90-күнi күшiне енедi. Одан әрi кез келген Тарап үшiн түзетулер Тарап бекiту, мақұлдау немесе осы түзетулердi қабылдау туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейiн 90-күнi күшiне енедi.
      5. Осы Баптың мақсаттары үшiн "дауыс беруге келген және қатысқан Тараптар" деп "жақтап" немесе "қарсы" дауыс берген Тараптар түсiніледi.
      6. Осы баптың 3-тармағында жазылған дауыс беру рәсiмi ЕЭК шеңберлерiнде жасасылуы мүмкiн болашақ келiсiмдер үшiн заңды шешiм туғызбайды.

15-бап Дауларды реттеу

      1. Екi немесе көп Тараптар арасында дау туындаған жағдайда Конвенцияны түсiндiруге немесе сақтауға қатысты олар өз қалауы бойынша келiссөздер немесе кез келген өзге де әдiс арқылы дауды реттеуге ұмтылады.
      2. Конвенцияға қол қойған, бекiткен, қабылдаған, мақұлдаған немесе оған қосылған жағдайда кез келген сәтте Тараптар бұдан кейiн Депозитарийге осы Баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес шешiлмеген дауға қатысты алғанда жазбаша мәлiмдеме жасай алады, ол кез келген Тарапқа қатысты өзiне осындай мiндеттеме алған мiндеттi түрдегi дауды реттеудің мынадай құралдарын бiреуi немесе екеуi де:
      а) дауды халықаралық сотқа берудi;
      b) VII қосымшада белгiленген рәсiмге сәйкес дауды төрелiкке берудi таниды.
      3. Егер дау Тараптары осы Баптың 2-тармағында аталған дауды реттеудің екi рәсiмiн қабылдаса, онда дау, егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, Халықаралық Сотқа ғана берiлуi мүмкiн.

16-бап Қол қою

      Осы Конвенция 1991 жылғы 25 ақпан - 1 наурыз аралығында Эспода, содан соң 1991 жылғы 2 қыркүйекке дейiн Нью-Йоркте ЕЭК-ға мүше-мемлекеттердің БҰҰ-дағы орталық мекемелерi, сондай-ақ 1947 жылғы 28 наурыздағы Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің 36 (IV) қарарының 8-тармағына сәйкес ЕЭК жанында консультациялық мәртебесi бар мемлекеттердің және ЕЭК-ке мүше егемендi мемлекеттер құрған, оған мүше-мемлекеттер Конвенциямен реттелетiн мәселелерге қатысты өкiлеттiктер берген, осы мәселелерге қатысты шарттар жасасуға өкiлеттiктер берген экономикалық интеграция жөнiндегi аймақтық ұйымдар үшiн қол қоюға ашық болады.

17-бап Бекіту, қабылдау, мақұлдау
және қосылу

      1. Конвенция оған қол қойған мемлекеттер мен экономикалық интеграция жөнiндегi аймақтық ұйымдардың бекiтуiне, қабылдауына немесе мақұлдауына жатады.
      2. 16-бапта аталған мемлекеттер мен ұйымдардың 1991 жылғы 3 қыркүйектен бастап қосылуы үшiн ашық болады.
      3. Бекiту, қабылдау, мақұлдау және қосылу туралы құжаттар Депозитарий мiндетiн орындайтын БҰҰ Бас хатшысының сақтауына тапсырылады.
      4. Осы Конвенцияның Тарабы болатын, 16-бапта аталған кез келген ұйым осы ұйымға мүше-мемлекеттердiң бiрде-бiреуi Конвенцияның Тараптардың мүше-мемлекеттерi болмаған жағдайда Конвенциядан туындайтын бүкiл мiндеттелермен байланысты болады. Осындай ұйымның бiр немесе бiрнеше мүше-мемлекетi осы Конвенцияның Тараптары болған жағдайда осы ұйым мен оның мүше-мемлекеттерi Конвенция бойынша өз мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi сәйкес келетiн мiндеттерге қатысты шешiм қабылдайды. Мұндай жағдайларда осы ұйым да және оның мүше-мемлекеттерi де Конвенциядан туындайтын құқықтарды бiр мезгiлде пайдалана алмайды.
      5. 16-бапта аталған экономикалық интеграция жөнiндегi аймақтық ұйымдар бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжаттарында Конвенция реттейтiн мәселелер шегiндегi өз құзыретi туралы мәлiмдейдi. Сондай-ақ бұл ұйымдар өз құзыреттерiнiң шегiнде сәйкес келетiн кез келген өзгерiстер туралы Депозитарийге хабарлама жасайды.

18-бап Күшіне ену

      1. Осы Конвенция бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы он алты құжатты сақтауға тапсырғаннан кейiн 90-күнi күшiне енедi.
      2. Осы Баптың 1-тармағының мақсаты үшiн экономикалық интеграция жөнiндегi қандай бiр ұйым сақтауға тапсырған кез келген құжат осындай ұйымның мүше-мемлекеттерi сақтауға тапсырған құжаттарға қосымша ретiнде көзделмейдi.
      3. Осы Конвенцияны бекiтетiн, қабылдайтын немесе мақұлдайтын немесе оған бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы он алты құжатты сақтауға тапсырғаннан кейiн әрбiр мемлекет немесе ұйым үшiн осы Конвенция осындай мемлекет немесе ұйым бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжатты тапсырғаннан кейiн 90-күнi күшiне енедi.

19-бап Конвенциядан шығу

      Осы Тарап үшiн осы Конвенция күшiне енген күнiнен бастап төрт жыл өткеннен кейiн кез келген уақытта осы Тарап Депозитарийдi жазбаша хабарлау арқылы Конвенциядан шыға алады. Кез келген осындай шығу ол туралы Депозитариймен хабарландыру алған күнiнен бастап күшiнде болады. Осы Конвенциядан кез келген осындай шығу 3-баптың I-тармағына сәйкес келу тұрғысында хабарлама жасалған жоспарланған қызметке Конвенцияның 3-баптарын қолдануды немесе осындай шығу күшiне енгенге дейiн 3-баптың 7-тармағына сәйкес сұрау салуды көздемейдi.

20-бап Түпнұсқалық мәтіндер

      Осы Конвенцияның түпнұсқаға тең болып табылатын ағылшын, орыс және француз тiлiндегi мәтiндерi БҰҰ-ның Бас хатшысына сақталуға тапсырылады.
      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУҒА тиiстi түрде бұған өкiлеттiлер осы Конвенцияға қол қойды. 1991 жылдың жиырма бесiншi ақпанында ЭСПОДА (Финляндияда) ЖАСАСЫЛДЫ.

I-Қосымша Қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Мұнай тазартатын зауыттар (шикi мұнайдан майлайтын материалдарды ғана өндiретiн кәсiпорындарды қоспағанда) және газдандыру және өнiмдiлiгi күнiне 500 т немесе одан да асатын көмiр мен битумды шымтезектердi азайту үшiн қондырғылар.
      2. Жылу электр орталығы және 300 мегаватт немесе одан да астам жылу қуатын жағу үшiн қондырғылар, сондай-ақ АЭС және басқа ядролық реакторы бар құрылыстар (ең үлкен қуаты тұрақты жылу жүктемесiнiң 1 киловатынан аспайтын бөлшектейтiн және өндiретiн материалдарды өндiру және конверсиялау үшiн зерттеу қондырғыларын қоспағанда).
      3. Ядролық отынды өндiру немесе байыту, пайдаланылған ядролық отынды регенерациялау немесе жинау, радиоактивтi қалдықтарды жою және өңдеу үшiн ғана арналған қондырғылар.
      4. Домналық және мартендiк өндiру және түстi металлургия кәсiпорны iрi қондырғылар.
      5. Асбестi және асбестi өңдеу мен қайта құрау және асбестi бар өнiмдердi шығару үшiн: жылдық өндiру 20 000 т дайын өнiмнен асатын - асбестцементтi өнiмдерге қатысты; жылдық өндiру 50 т дайын өнiмнен асатын - фрикциялық материалдарға қатысты; жылына 200 т пайдаланатын - асбестi қолданудың басқа да түрлерiне қатысты қондырғылар.
      6. Химиялық комбинаттар.
      7. Автомагистралдарды, жылдам жүретiн жолдарды, алысқа қатынайтын темiр жолдарды және негiзгi ұшу-қондыру алаңының ұзындығы 2100 метр және одан да асатын әуежайларды салу.
      8. Диаметрi үлкен мұнай және газ құбырлары.
      9. Сауда порттары, сондай-ақ iшкi су жолдары мен су сыйымдылығы 1350 тоннадан астам кемелердiң өтуiне мүмкiндiк беретiн кеме жүретiн iшкi жолдарға арналған порттар.
      10. Өртеу үшiн қалдықтарды жою, улы және қауiптi қалдықтарды химиялық жолмен өңдеу немесе көму үшiн қондырғылар.
      11. Iрi плотиналар мен су қоймалары.
      12. Егер алынатын судың жылдық көлемi 10 млн. текше метрге жеткен немесе одан да асқан жағдайда жер асты суларын жинау жөнiндегi қызмет.
      13. Целлюлоза және ауада кептiрiлген күнiне 200 немесе одан астам метрлiк тоннадағы қағазды алуды өндiру.
      14. Металл рудалары мен көмiр өндiрiлетiн жерлердегi кендердi iрi ауқымда өндiру, шығару және байыту.
      15. Континентальдық шельфте көмiрсутектерiн өндiру.
      16. Мұнай, мұнай-химиялық және химиялық өнiмдердi сақтау үшiн iрi қоймалар.
      17. Ағаштарды үлкен аумақтарда кесу.
      - осы Конвенцияның мақсаттары үшiн:
      - "автомагистраль" терминi жол төңiрегiндегi иелiктерге қызмет көрсетпейтiн автокөлiк құралдарына арнайы салынған және олардың жүруiне арналған жолды бiлдiредi:
      а) уақытша негiздегi жекелеген учаскелердi қоспағанда, жүруге арналған немесе ерекше жағдайларда басқа құралдармен жүруге арналған бiр-бiрiнен бөлiп тұрған алаппен бөлiнген екi бағытқа жүруге арналған жекелеген жүретiн бөлiктерi болады;
      b) жолдармен, темiр жолдармен немесе трамвай жолдарымен және жаяу жүретiн жолдармен бiр деңгейде кесiп өтетiн жерлерi болмайды; және
      с) автомагистральдар ретiнде арнайы белгiленедi:
      - "жылдам жүретiн жол" терминi оған кiру шытырман жолдар немесе реттеп отыратын түйiсу жолдары арқылы ғана мүмкiн болатын және онда, соның iшiнде, тоқтауға және жүретiн бөлiгiнде (жүретiн бөлiктерiнде) аялдауға тыйым салынған, көлiк құралдарының жүруiне арналған жолды бiлдiредi.

II қосымша

Қоршаған ортаға жасалатын ықпалды
бағалау туралы құжаттың мазмұны 
 
      Қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау туралы құжаттамаға енгiзiлуге тиiстi ақпаратқа 4-бапқа сәйкес, ең кемi мыналар болады:
      а) жоспарланатын қызметтi сипаттау және оның мақсаттары;
      b) қажет болған жағдайда жоспарланатын қызметтiң ақылға қонымды баламаларын (мысалы, географиялық немесе технологиялық сипаттағы), соның iшiнде қызметтен бас тарту туралы нұсқаны сипаттау;
      с) қоршаған ортаның осы элементтерiн сипаттау, жоспарланатын қызметке немесе оның баламалы нұсқаларына елеулi түрде қозғау салуы ықтимал;
      d) жоспарланатын қызметтің қоршаған ортаға жасалатын ықпалының мүмкiн болатын түрлерi мен оның баламалы нұсқаларын сипаттау және олардың ауқымдарын бағалау;
      е) қоршаған ортаға жасалатын зиянды ықпалды барынша азайтуға бағытталған қорғанышты шараларды сипаттау;
      f) болжамдау әдiстерiне және олардың негiзiне алынатын бастапқы жағдайларға нақты нұсқаулар, сондай-ақ қоршаған орта туралы тиiстi пайдаланатын деректер;
      q) қажет етiлетiн ақпаратты әзiрлеу кезiнде байқалған бiлiмдер мен белгiсiз жәйiттердегi ақауларды айқындау;
      h) қажет жағдайда мониторинг пен басқару бағдарламаларының және жобадан кейiнгi талдаудың бүкiл жоспарларының қысқаша мазмұны; және
      i) қажет жағдайда материалды берудің көзбен көретiн құралдарын (карталар, графикалар және т.б.) пайдалана отырып, техникалық сипаттағы емес түйiн жасау.

ІІІ қосымша І қосымшаға енгізілмеген қызмет түрлерінің
экологиялық маңызын анықтауға
көмектесетін жалпы критерийлер

      1. Оларға қатысты алғанда 2-баптың 5-тармағының ережелерi қолданылатын қызметтiң жоспарланатын түрлерiн қарастыру кезiнде мүдделi Тараптар қызметтің осы түрi, оның iшiнде, төменде аталған бiр немесе бiрнеше критерийлер негiзiнде едәуiр зиянды шекаралық ықпал жасай ма деген мәселенi зерделейтiн болады:
      а) Ауқымдары: Қызметтiң жоспарланатын түрлері, олардың ауқымдары қызметтiң осы типi үшiн үлкен болып табылады;
      b) Ауданы: Қызметтің жоспарланатын түрлерi, олар экологиялық көзқарас тұрғысынан ерекше сезiмтал немесе маңызды аудандарда немесе оларға тiкелей жақын жерлерде (мысалы, Рамсар конвенциясының шеңберлерiнде белгiленген күштi ылғалды жерлер, ұлттық парктер, табиғат қорықтары, ерекше ғылыми қызығушылық туғызатын аймақтар немесе археология, мәдениет немесе тарих ескерткiштерi); сондай-ақ қызметтiң жоспарланатын түрлерi, жоспарланатын шаруашылық жүргiзу қызметiнің ерекшелiктерi халыққа елеулi ықпал етуi мүмкiн аудандарда жүзеге асырылады;
      с) Салдарлары: адамдар және флораның, фаунаның және организмдердiң бағалы түрлерi үшiн елеулi салдарларға соқтыратын, қозғау салынатын ауданда қазiр немесе мүмкiн болатын пайдалануға қатер төңдiретiн және ортаның сыртқы ықпалға тұрақтылық деңгейiн арттыратын салмақтың пайда болуына әкеп соғатын ықпалдардың осындай түрлерiн қоса алғанда, ерекше күрделi және әлеуеттi зиянды ықпал көрсететiн қызметтің жоспарланатын түрлерi.
      2. Осы мақсатпен мүдделi Тараптар халықаралық шекараға тiкелей жақын жерде жүзеге асырылатын қызметтің жоспарланатын түрлерiн, сондай-ақ шаруашылық қызметiн өрiстететiн жерден көп алыс жерде едәуiр шекаралық ықпал көрсетуi мүмкiн неғұрлым алыс аудандарда жүзеге асырылатын жоспарланатын қызмет түрлерiн қарайды.

IV қосымша Сұрау салу рәсімі

      1. Сұрау салушы Тарап немесе Тараптар хатшылыққа ол немесе олар I Қосымшаға енгiзiлген қызметтің қандай бiр жоспарланатын түрiн енгiзе ме, осы Қосымшаның ережелерiне сәйкес құрылатын сұрау салу жөнiндегi комиссияның қарауына едәуiр зиянды шекаралық ықпал көрсете ме деген мәселенi енгiзетiнін хабарлайды. Хабарламада сұрау салу нысанасы көрсетiледi. Хатшылық осы Конвенцияның барлық Тараптарына осы сұрау салу туралы дереу хабарлайды.
      2. Сұрау салу жөнiндегi комиссия үш мүшеден тұрады. Сұрау салушы тарап немесе сұрау салу рәсiмiне қатысты басқа тарап бiр ғылыми немесе техникалық сарапшы тағайындайды және осындай түрде тағайындалған екi сарапшы екi жақты келiсiм бойынша үшiншi сарапшыны тағайындайды, ол сұрау салу жөнiндегi комиссияның төрағасы болады. Төраға сұрау салу рәсiмiне қатысты бiрде-бiр тараптың азаматы болып табылмайды, бұл тараптардың бiрде-бiреуiнiң аумағында тұрақты тұрмайды, бұл тараптардың қызметiнде болмайды және қандай бiр сапада болсын бұл iске қатысты болмайды.
      3. Егер сұрау салу жөнiндегi комиссия төрағасы екiншi сарапшы тағайындалғаннан кейiн екi ай iшiнде тағайындалмаса, онда Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысы кез келген тараптардың өтiнiшi бойынша келесi екi ай iшiнде төрағаны тағайындайды.
      4. Егер сұрау салу рәсiмiне қатысушы тараптардың бiрi хатшылықтан хабарлама алғаннан кейiн бiр ай ішінде сарапшыны тағайындамаса, онда басқа Тарап бұл туралы Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысына хабарлама бере алады, ол сұрау салу жөнiндегi комиссияның төрағасын келесi екi ай кезеңiнiң iшiнде тағайындайды. Тағайындалған бойдан сұрау салу комиссиясының төрағасы сарапшы тағайындамаған тараптан мұны бiр ай iшiнде жасауды сұрайды. Осы кезең өткен бойда төраға тиiстi түрде ЕЭК-тің Атқарушы хатшысына хабарлама бередi, ол келесi екi айлық кезең iшiнде сарапшыны тағайындайды.
      5. Сұрау салу жөнiндегi комиссияның төрағасы өз рәсiмiнің өзiндiк ережелерiн қабылдайды.
      6. Сұрау салу жөнiндегi комиссия өз мiндеттерiн жүзеге асыру мақсатымен тиiстi барлық шараларды қабылдай алады.
      7. Сұрау салу рәсiмiне қатысушы Тараптар, оның iшiнде, өздерінің иелiгiндегi бар барлық құралдарды пайдалана отырып, сұрау салу жөнiндегi комиссияның жұмысына жәрдемдеседi:
      а) оған тиiстi құжаттарды, шарттары мен хабарламасын бередi; және
      b) қажет болған жағдайда оған куәларды немесе сарапшыларды шақыру және олардың айғақтарын тыңдау мүмкiндiгiн бередi.
      8. Тараптар мен сарапшылар олар сұрау салу жөнiндегi комиссия жұмысының барысында құпия тәртiпте алған кез келген ақпараттың құпиялылығын сақтайды.
      9. Егер сұрау салу рәсiмiне қатысушы тараптардың бiрi сұрау салу жөнiндегi комиссияда болмаса және өз iсiн бере алмаса, онда басқа тарап сұрау салу жөнiндегi комиссиядан өз жұмысын қарауды жалғастыруды және аяқтауды сұрай алады. Сұрау салу жөнiндегi комиссия тараптарының бiреуiнің болмауы немесе өз iсiн беруге тараптардың бiрiнің қатыспауы сұрау салу жөнiндегi комиссияның жұмысын жалғастыру және аяқтау үшiн кедергі болып табылады.
      10. Егер сұрау салу жөнiндегi комиссия ерекше жағдаяттар салдарынан өзгеше шешiм қабылдамаса, онда сұрау салу жөнiндегi комиссияның шығындары, сұрау салу рәсiмiне қатысушы оның мүшелерiн, тараптарды қоса алғанда, өзара тең бөлiнедi. Сұрау салу жөнiндегi комиссия өзiнiң барлық шығындарына есеп жүргiзедi және тараптарға бұл шығындар туралы түбегейлi есеп бередi.
      11. Сұрау салу рәсiмiнiң нысанасына шын мәнiнде мүддесi болатын кез келген Тарапқа осы iс бойынша пiкiрдi енгiзу нәтижесiнде қозғауға салынуы мүмкiн, оның сұрау салу жөнiндегi комиссияның келiсiмi бойынша iс қарауға қатысуға құқығы болады.
      12. Сұрау салу жөнiндегi комиссияның рәсiмдiк мәселелер бойынша шешiмiн көпшiлiк дауыспен оның мүшелерi қабылдайды. Сұрау салу жөнiндегi комиссия түбегейлi пiкiрiн оның мүшелерiнің көпшiлiгі көрсетедi және кез келген ерекше пiкiрдi енгiзедi.
      13. Сұрау салу жөнiндегi комиссия өзінің түбегейлi пiкiрiн, егер ол екi айдан аспайтын мерзiмге ұзартуды қажет деп таппаса, өзi құрылған күннен бастап, екi ай iшiнде бередi.
      14. Сұрау салу жөнiндегi комиссияның түбегейлi пiкiрi жалпы қабылданған ғылыми пiкiрлерге негiзделедi. Сұрау салу жөнiндегi комиссия сұрау салу рәсiмiн қатысушы тараптарға және хатшылыққа түбегейлi пiкiрiн жеткiзедi.

V қосымша Жобадан кейінгі талдау

      Мақсаттардың өзiне мыналар енедi:
      а) шешiмде жазылған немесе осы қызметтi және ықпалды азайту жөнiндегi шаралардың тиiмдiлiгiн бекiту кезiнде айтылған шарттарды сақтауды бақылау;
      b) басқарудың тиiстi деңгейiн және беймәлiмдiк шарттарында iс-қимылға әзiр болуды қамтамасыз ету мақсатында ықпалдың түрлерiн талдау;
      с) қызметтің осындай түрлерiн жүзеге асыру кезiнде болашақта алынған тәжiрибенi пайдалану үшiн бұрынғы болжамдарды тексеру.

VI қосымша Екі тарапты және көп тарапты ынтымақтастық элементтері

1. Мүдделi тараптар қажет болған жағдайда ұйымдастыру тетiгiн құруды немесе осы Конвенцияны толық дәрежеде жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн екi тарапты және көп тарапты келiсiмдер шеңберiнде бар ұйымдастыру өкiлеттiктердi кеңейте алады.
      2. Екi тарапты және көп тарапты келiсiмдерге және басқа уағдаластықтарға мыналар енгiзiле алады:
      а) тиiстi субрегиондарда бар нақты жағдайларды есепке ала отырып, осы Конвенция жүзеге асыруға қатысты кез келген қосымша талаптар;
      b) өзара мүдделiлiк немесе баламалық принциптерiнде негiзделуге тиiстi ұйымдастыру, әкiмшiлiк және басқа уағдаластықтарын әзiрлеу;
      с) өз саясатын және қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау жүргiзуге қатысты нормалар мен дәiстердің барынша келiсiлу мүмкiндiгiне қол жеткiзу мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы шараларды келiсу;
      d) өлшеу, болжамдау және ықпалды бағалау мен жобадан кейiнгi талдау өткiзудi белгiлеу әдiстерiн әзiрлеу, жетiлдiру және/немесе келiсу;
      е) қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалауға қатысты бастапқы деректердi қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаның сапасына қатысты салғастырылатын деректердi әзiрлеу және/немесе әдiстерi мен жинау бағдарламаларын жетiлдiру, талдау және сақтау және дер кезiнде тарату;
      f) осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалауды және шекаралық ластанудың сыни мөлшерiн белгiлеудi қолдануға қатысты жоспарланатын қызметтi жүзеге асыру орнына, сипаты мен ауқымына байланысты шекаралық ықпалдың маңызын сипаттайтын ақаулы деңгейлер мен неғұрлым нақты критерийлердi белгiлеу;
      q) қажет болған жағдайда қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалауды бiрлесіп жүргiзу, мониторингтiң бiрлескен бағдарламасын әзiрлеу, мониторинг құрылғыларын бiр iзге салу және алынған деректер мен ақпараттың сыйымдылығын қамтамасыз ету үшiн әдiснамаларды келiсу.

VII қосымша Төрелік

      1. Талапкер-талап немесе Талапкер-тараптар хатшылықты Тараптар дауды осы Конвенцияның 5-бабының 2-тармағына сәйкес төрелiкте қарауға беруге уағдаласқаны туралы хабардар етедi. Хабарламада, оның iшiнде, туындаған дауды түсiндiруге немесе қолдануға қатысты осы конвенцияның Бабын қоса алғанда, төрелiкте iс қараудың нысанасы көрсетіледi. Хатшылық осындай түрде алынған ақпаратты осы Конвенцияның барлық Тараптарына жiбередi.
      2. Төрелiк сот үш мүшеден тұрады. Талапкер-тарап немесе Талапкер-тараптар сияқты дауға қатысушы басқа Тарап немесе басқа Тараптар бiр төрешiден тағайындайды және осындай түрде тағайындалған екi төрешi өзара келiсiм бойынша төрелiк сот төрағасының мiндетiн орындайтын үшiншi төрешiнi тағайындайды. Төраға даудың бiрде-бiр тарапының азаматы болмайды, бұл тараптардың бiрде-бiреуінің аумағында әдетте тұрғылықты жерi болмайды, бұл тараптардың қызметiнде болмайды және қандай бiр сапада болсын бұл iске қатысты болмайды.
      3. Егер екiншi төрешi тағайындалғаннан кейiн екi ай өткеннен кейiн төрелiк соттың төрағасы тағайындалмаса, онда Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысы кез келген тараптардың өтiнiшi бойынша келесi екi ай iшiнде оны тағайындайды.
      4. Егер дау тараптарының бiрi хатшылықтан өтiнiш алғаннан кейiн екi ай iшiнде төрешiнi тағайындамаса, онда басқа Тарап бұл туралы Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысына хабарлама бере алады, ол төрелiк сот төрағасын келесi екi ай кезеңiнің iшiнде тағайындайды. Өзi тағайындалғаннан кейiн төрелiк соттың төрағасы төрешiнi әлi тағайындамаған тараптан мұны екi ай iшiнде жасауды сұрайды. Осы кезең өткен бойда төраға тиiстi түрде ЕЭК-тiң Атқарушы хатшысына хабарлама бередi, ол келесi екi айлық кезең iшiнде төрешiнi тағайындайды.
      5. Төрелiк сот халықаралық құқыққа және осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес өз шешiмiн шығарады.
      6. Осы Қосымшаның ережелерiне сәйкес құрылған кез келген төрелiк сот өз рәсiмiнің өзiндiк ережесiн әзiрлейдi.
      7. Рәсiмдiк мәселелер бойынша да, тиiстi мәселелер бойынша да, төрелiк соттың шешiмi оның мүшелерiнің көпшiлiк даусымен қабылданады.
      8. Фактiлердi белгілеу үшiн сот бүкiл тиiстi шараларды қабылдай алады.
      9. Дау Тараптары төрелiк соттың жұмысына, оның iшiнде, өздерiнің қарамағындағы барлық бар құралдарды пайдалана отырып жәрдем бередi:
      а) оған барлық тиiстi құжаттарды, шарттары мен ақпаратты бередi; және
      b) қажет болған жағдайда оған куәларды немесе сарапшыларды шақыру және олардың айғақтарын тыңдау мүмкiндiгiн бередi.
      10. Тараптар мен төрелiк сот мүшелерi өздерi төрелiк сотта iс қарау барысында құпия тәртiппен алған кез келген ақпараттың құпиялылығын сақтайды.
      11. Төрелiк сот тараптардың бiрiнің өтiнiшi бойынша уақытша қорғау шараларын қабылдауға ұсыныс жасай алады.
      12. Егер дау тараптарының бiрi төрелiк сотқа келмесе немесе өз iсiн қарауға қатыспаса, онда басқа тарап соттан iс қарауды жалғастыруды және өзiнің түбегейлi шешiмiн шығаруды сұрай алады. Сотта тараптардың бiрiнің болмауы немесе тараптардың бiрінің iс қарауға қатыспауы iс қарау үшiн кедергi болмайды. Түбегейлi шешiм шығарар алдында төрелiк сот талаптың iс жүзiнде және заңды түрде негiзделгенiне кез жеткiзуге тиiс.
      13. Төрелiк сот тiкелей даудың мәнiнен туындаған қарсы талаптарды тыңдап, ол бойынша шешiм шығара алады.
      14. Егер төрелiк сот iстің нақты жағдайларын негiзге ала отырып, өзге шешiм қабылдамаса, онда сот мүшелерiнің қызметтерiне төлеудi қоса алғанда, сот шығындарын дау тараптары өзара тең бөлiседi. Сот өзiнің барлық шығындарын тiркейдi және тараптарға осы шығындар туралы түбегейлi есеп бередi.
      15. Дау нысанасында құқықтық сипаттағы мүддесi бар және осы iс бойынша шешiм нәтижесiнде қозғау салынатын осы Конвенцияның кез келген тарабының сот келiсiмiмен iс қарауға құқығы бар.
      16. Төрелік сот, егер ол бұл мерзiмдi бес айдан аспайтын мерзiмге ұзарту қажет деп тапса, өзiн құрылған күннен кейiнгi бес ай iшiнде өз шешiмiн шығарады.
      17. Төрелiк соттың шешiмi себептердi түсiндiрумен қоса жүредi. Оның шешiмi түбегейлi және даудың барлық тараптары үшiн мiндеттi болып табылады. Төрелiк сот өз шешiмiн дау тараптары мен хатшылықтың назарына жеткiзедi. Хатшылық алынған ақпаратты осы Конвенцияның барлық тараптарына жолдайды.
      18. Тараптар арасында сот шешiмiн түсiндiруге немесе орындауға қатысты пайда болуы мүмкiн кез келген дау осы шешiмдi шығарған төрелiк сотқа кез келген тарап арқылы немесе оның қызметiн пайдалану мүмкiн болмаса, бiрiншiсi сияқты осындай мақсатпен құрылған басқа сотқа берiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады