Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендіру туралы" заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 15 желтоқсан N 124-II

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 163-құжат; "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 189-құжат; 1999 ж., N 21, 786-құжат; N 23, 916-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiруге жататын кәсiпорын (құрамына оларда сақтаулы тұрған мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары кiрмейдi.".
      2. 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда, мемлекеттiк материалдық резервтi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органға объект жекешелендiрiлгенге дейiн осы материалдық құндылықтарды бұдан кейiнгi жерде орналастыру туралы шешiм

қабылдауы үшiн алдағы жекешелендiру туралы алдын ала хабарлайды;".
     3. 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен 
толықтырылсын:
     "Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сатудан 
алынған қаражатты пайдалану тәртiбi өзге заң актiлерiмен белгiленедi.".
     
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады