Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 23 қаңтар N 151-ІІ


     Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен 
толықтырулар енгiзiлсiн:
     1. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан 
Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi  

Z970162_

  Заңына (Қазақстан 
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 215-құжат; 1999 ж., 
N 11, 357-құжат):
     1) тараулар нөмiрлерi араб сандарына өзгертiлсiн;
     2) 2-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
     3) 5-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
     "Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының жер учаскелерi және оларда 
орналасқан объектiлерi жекешелендiруге жатпайды.";
     4) 6-баптың 1-тармағының төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;";
     5) 7-бапта:
     1-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
     "уәкiлеттi органдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi 
бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, қабылдау туралы ұсыныстар 
енгiзуге;";
     1-тармақтың үшiншi абзацындағы "схемаларын" деген сөз 
"бағдарламаларын" деген сөзбен ауыстырылсын.
     6) 8-бапта:
     бесiншi абзац алып тасталсын;
     жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызудың және ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтар құру үшiн жер резервiн жасаудың тәртiбiн 
белгiлейдi;";
     сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламаларын 
бекiтедi;";
     тоғызыншы абзац алып тасталсын;
     он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:


      "ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бейтарап үй-жайларды, ғимараттар мен объектiлердi бұзудың (көшiрудiң), барлық санаттағы жердiң есебiнен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және оларды кеңейту үшiн жер учаскелерiн алып қоюдың (сатып алудың), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерiн, үйлер мен ғимараттарды ғылыми, туристiк және рекреациялық қызмет үшiн жалға берудiң тәртiбiн белгiлейдi;";
      он екiншi және он бесiншi абзацтар алып тасталсын;
      7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау
              саласындағы орталық атқарушы органының құзыретi
      Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы:
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорық iсi саласындағы қызметiн үйлестiредi және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
      белгiленген тәртіппен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша жаратылыс-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi, үлгi және жеке ережелердi әзiрлейдi;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламаларын әзiрлейдi;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi бойынша ережелер мен әдiстемелiк нұсқауларды бекiтедi;
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруды жүзеге асырады және оларда ғылыми зерттеулердiң, табиғатты қорғау және қалпына келтіру іс-шараларының жүргізілуiн қамтамасыз етедi;
      табиғи-қорық қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар объектiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзедi;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.";
      8) 10-бапта:
      тақырыптағы және бiрiншi абзацтағы ", мемлекеттiк комитеттердiң", ", мемлекеттiк комитеттер" деген сөздер алып тасталсын;
      екiншi абзацтағы "дамыту мен орналастыру схемалары бойынша" және "қорғау жөнiндегi" деген сөздер "дамытудың бағдарламалары бойынша" және "қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацтағы "мемлекеттiк сараптама" және "қорғау жөнiндегi" деген сөздер "мемлекеттiк экологиялық сараптама" және "қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi және алтыншы абзацтардағы "қорғау жөнiндегi" деген сөздер "қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 11-бапта:
      1-тармақтың екiншi абзацындағы "дамыту мен орналастыру схемаларын" деген сөздер "дамытудың бағдарламаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың үшiншi абзацындағы "дамыту мен орналастыру схемалары жөнiнде" деген сөздер "дамытудың бағдарламалары жөнiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына, осы аумақтардың экологиялық жүйесiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн кез-келген қызметке осы аймақтардың шегiнде тыйым сала отырып, қорғаныш өңiрлерiн белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдайды;";
      10) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi және
               ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлерi
      1. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорына мына объектiлер енгiзiледi:
      зоологиялық объектiлер - жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлерi, жануарлардың құнды түрлері, жануарлардың типтiк, бiрегей және сирек кездесетiн тобы;
      ботаникалық объектiлер - өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлері, өсімдіктердiң құнды түрлерi, өсiмдiктердiң типтiк, бiрегей және сирек кездесетiн тобы;
      орман объектiлерi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ормандар, орман-дақылдық өндiрiсi мен егiстiктi қорғайтын орман өсiрудiң бiрегей үлгiлерi;
      дендрологиялық объектiлер - ғылыми және мәдени-тарихи маңызы бар жекелеген ағаштар немесе олардың топтары, бау-парк дақылдарының бiрегей үлгiлерi;
      халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар объектiлерi - теңiз айдындарын қоса алғанда, дағдылы өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн, әсiресе су құстары мекендейтiн жер ретiнде пайдаланылатын табиғи және жасанды су қоймалары;
      геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлер - жер

қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды 
учаскелерi;
     топырақ объектiлерi - әртүрлi топырақ аймақтарындағы типтiк, бiрегей 
және сирек кездесетiн топырақтар;
     ландшафттық объектiлер - типтiк, бiрегей және сирек кездесетiн 
ландшафттар, ту табиғаттың эталондық учаскелерi, ерекше рекреациялық 
маңызы бар ландшафттар;
     мемлекеттiк ерекше маңызы немесе ғылыми ерекше құндылығы бар су 
қоймалары.
     2. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк табиғи-қорық қоры 
объектiлерiнiң құрылу мақсатына, қорғау режимiне және пайдалану 
ерекшелiктеріне байланысты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мынадай 
түрлерi құрылады:
     биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи қорықтар;
     мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер;
     мемлекеттiк табиғи резерваттар;
     мемлекеттік табиғи парктер;
     мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;
     мемлекеттiк қорық өңiрлерi;
     мемлекеттiк табиғи заказниктер;
     мемлекеттiк зоологиялық парктер;
     мемлекеттiк ботаникалық бактар;
     мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
     мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлер.
     Қазақстан Республикасының заңдарымен ерекше қорғалатын табиғи 
аумақтардың өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.";
     11) 13-баптың 2-тармағындағы "орталық атқарушы органдармен" деген 
сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның" 
деген сөздермен ауыстырылсын;
     12) 14-бап алып тасталсын;
     13) 15-баптың 1-тармағындағы "схемаларына" деген сөз 
"бағдарламаларына" деген сөзбен ауыстырылсын; 
     14) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "16-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру негiздемелерi


      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бiрыңғай әдiстемелер бойынша әзiрленетiн жаратылыс-ғылыми, техникалық-экономикалық негіздемелерге сәйкес құрылады.
      2. Жаратылыс-ғылыми негiздеме табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң бiрегейлiгiн және маңыздылығын анықтайды, табиғи кешендердiң экологиялық жай-күйiне баға бередi және оларды қорғау, қалпына келтiру мен пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгізедi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың, оның шекараларының, алаңдарының және функционалдық аймақтарының түрi мен санатын таңдауды негiздейдi.
      3. Техникалық-экономикалық негiздеме және оның құрамына енетiн жер бөлу жобасы:
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына берiлетiн жерлердiң шекарасы мен көлемiн;
      осы жердiң меншiк иелерiнен жер учаскелерiн сатып алуға және (немесе) оларды алып қоюдағы залалдарды жабуға байланысты шығындарды;
      осы аймақтардың шегiнде аумақты функционалдық аймаққа бөлудi, табиғи ресурстарды қорғау режимi мен реттелетiн рекреациялық және шектелген шаруашылық пайдалану шарттарын;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақты ұйымдастыру, ұстау және дамыту жөнiндегі шаралар мен шығыстарды анықтайды.
      4. Жаратылыс-ғылыми, техникалық-экономикалық негiздемелердiң жобалары, жер бөлу жобалары мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлуге және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органда бекiтiлуге тиiс;";
      15) 17-баптағы "мемлекеттiк сараптамалар мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi орталық атқарушы органның" деген сөздер "мемлекеттік экологиялық сараптама мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын";
      16) 18-бапта:
      1-тармақтағы "қорғау жөнiндегi" деген сөздер "қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың үшiншi абзацындағы "күзет, санитариялық-қорғаныш және осы аумақтың өзге де қорғаныш өңiрлерiнiң" деген сөздер "оның қорғаныш аймағының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "қорғау жөнiндегi" деген сөздер "қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "19-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген
               түрлерiнің құқықтық жағдайы
      Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк табиғи парктер, мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер, мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлер мемлекеттiк мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылады.";
      18) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өз рәмiздерi (жалаулары, вымпельдерi, эмблемалары және басқалары) болуы мүмкiн, олар нақты сол аумақтың толық немесе ресми қысқартылған атауын қамтуға тиiс.";
      19) 23-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғаудың жалпы
               ережелерi";
      20) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "24-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғалатын
               аймақтары
      1. Қолайсыз сыртқы ықпалдардан қорғау үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына сол аймақтар шегiнде осы аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне және қалпына келтiрiлуіне теріс ықпал ететiн қандай да болсын қызметке тыйым салынатын қорғаныш аймақтары белгiленуi мүмкiн.
      2. Қорғаныш аймақтары табиғи ресурстарының көлемiн, шекарасын, режимiн және пайдалану тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның келiсiмiмен жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.
      Қорғаныш аймақтарының жерi арнайы белгiлермен белгiленедi;";
      21) 26-баптың 1-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау көбейту, өсiру және табиғи ортада қалпына келтiру;";
      22) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "27-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк
               табиғи-қорық қорын қалпына келтiрудi ұйымдастыру
      Мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына келтiрудi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйесiне зиянды әсердiң алдын алу және жою жөнiндегi қорғау шараларын ұйымдастыруды осы аумақтар қарауында болатын тиiстi табиғат қорғау мекемелерiнiң, мемлекеттiк органдардың арнаулы қызметтерi немесе оған тартылатын ұйымдар жүзеге асырады.";
      23) Мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
      "5-1-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды
                  ұйымдастыру
      27-1-бап. Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттiк
                табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи
                парктердiң және мемлекеттiк табиғи резерваттардың
                табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғау
      1. Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғауды, қызметкерлерi осы мемлекеттiк мекеменiң штатына кiретiн, олардың аумақтарын қорғау жөнiндегi арнаулы мемлекеттiк инспекция жүзеге асырады.
      2. Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың директорлары және олардың орынбасарлары тиiсiнше биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң және мемлекеттiк табиғи резерваттардың аумақтарын қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлар және олардың орынбасарлары болып табылады.
      27-2-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық
                табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар
                аумақтарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк
                инспекторлардың құқықтары
      1. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың осы ерекше қорғалатын аумақтарды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылатын қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
      мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарындағы адамдардың аталған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу құқығына рұқсатты тексеруге;
      мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарына жапсарлас жатқан қорғаныш аймақтары аумақтарында табиғат пайдалануды және өзге де қызметтi жүзеге асыру құқығына құжаттарды тексеруге;
      мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарында және олардың қорғаныш аймақтарында Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзған адамдарды ұстауға және аталған тәртiп бұзушыларды құқық қорғау органдарына жеткiзуге;
      мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың белгiленген режимiн бұзуға кiнәлi адамдарды әкiмшiлiк жауапқа тарту туралы материалдарды жiберуге;
      Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзушылардан заңсыз табиғат пайдалану өнiмдерi мен құралдарын, көлiк құралдарын, сондай-ақ тиiстi құжаттарды алып қоюға;
      мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарында және олардың қорғаныш аймақтарында көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге;
      мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарында және олардың қорғаныш аймақтарында орналасқан кез келген объектiлерге Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары талаптарының сақталуын тексеру үшiн кедергiсiз баруға;
      мемлекеттiк табиғи қорықтарды, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердi, мемлекеттiк табиғи резерваттарды және олардың қорғаныш аймақтарын ерекше қорғау режимiне сәйкес келмейтiн шаруашылық және өзге де қызметтi тоқтата тұруға;
      мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, олардың қорғаныш аймақтарының табиғи кешендерi мен объектiлерiне оларды қорғаудың белгiленген режимiн бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың орнын толтыру есебiнен мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың пайдасына қаражат өндiрiп алу туралы жеке және заңды тұлғаларға талап-арыз келтiру;
      заңдармен көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының бұзылғандығы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына жiберуге құқығы бар.
      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға осы Заңмен өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде қызмет мiндеттерiн орындаған жағдайда қызметтiк қаруын алып жүруге және арнайы құралдарды қолдануға рұқсат берiледi.
      Қызметтiк атыс қаруы мен арнайы құралдарды алу, сақтау және қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi. Z980339_ V940002_
      3. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөнiндегі мемлекеттiк инспекторлар сауыт кеудешелермен және жеке қорғаныстың басқа да құралдарымен қамтамасыз етiледi.
      4. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мiндеттi мемлекеттiк сақтандырылуға тиiс.
      27-3-бап. Мемлекеттiк табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи
                заказниктердiң және ерекше қорғалатын табиғи
                аумақтардың өзге де түрлерiн қорғау
      1. Мемлекеттiк табиғи заказниктердiң аумақтарын қорғауды олар қарауында болатын орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырады. P930607_ Р961486_
      2. Мемлекеттiк табиғи парктердiң аумақтары мен басқа да жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды олар қарауында болатын атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттiк табиғи заказниктер, мемлекеттiк табиғи парктер аумақтарын және басқа да жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды жүзеге асыратын қызметкерлер мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер және мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар пайдаланатын құқықтарды пайдаланады.";
      24) 29-бапта:
      1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жабайы жануарлар мен жабайы өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң көбеюiн қалпына келтiрудің ғылыми негiздерiн әзiрлеу";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ғылыми зерттеулердi әдiстемелiк басшылық пен үйлестiрудi қоршаған ортаны қорғау саласындағы және ғылым саласындағы орталық атқарушы органдар бiрлесiп жүзеге асырады.";
      25) 33-баптың 2-тармағындағы "қорғау жөнiндегi" деген сөздер "қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "34-бап. Мемлекеттiк табиғи қорық ұғымы
      1. Мемлекеттiк табиғи қорық - табиғи процестердiң, тұрпатты және бiрегей экологиялық, жүйелердiң, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық алуан түрлiлiгi мен генетикалық қорын табиғи жағдайда сақтап, дамуын зерттеуге арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың бүкiл аумағында табиғи ресурстарды шаруашылық жүргiзу үшiн пайдалануды болғызбайтын қорғаудың қорықтық режимi белгiленедi.";
      27) 35-баптың 1-тармағында:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда, осы Заңның 23-бабында көрсетiлген жалпы қорғау шараларын қоспағанда;";
      бесiншi абзацтағы "басты мақсатта пайдаланылатын" деген сөздер "орман қорғау шараларын жүргiзу және қорықтардың қызмет етуi үшін қажеттi санитариялық және өзге де кесулердi қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетiншi абзацтағы "балық аулауға" деген сөздер "кәсiпшiлiк балық аулауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "флоралар мен фауналар үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жаңа жағдайларға бейiмдеуге";
      28) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "37-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтарды мәдени-ағарту, оқу, туристiк,
               рекреациялық және өзге де мақсаттарға пайдаланудың
               ерекшелiктерi
      Мемлекеттiк табиғи қорықтарда, құрамына айрықша құнды экологиялық жүйелер мен объектiлер кiрмейтiн арнайы бөлiнген учаскелерде уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен:
      экскурсиялық экологиялық маршруттар ұйымдастыруға және туристiк соқпақтар мен тұрақтар салуға, ашық аспан астында мұражайлар мен экспозициялар орналастыруға;
      спорттық және әуесқойлық балық аулауға;
      қорық қызметкерлерiнiң және оның аумағында тұрақты тұратын азаматтарға өз қажеттерi үшiн саңырауқұлақ, жаңғақ, жидек, дәрiлiк өсiмдiктер жинауға, шөп шабуға;
      қорық қызметкерлерiнiң, сондай-ақ оның аумағында тұрақты тұратын өзге де азаматтардың жеке малын жаюға жол берiледi.";
      29) мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:
      "38-1-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлер
      1. Мемлекеттiк табиғи қорық-сепортер - қорық режимiмен қорғалатын, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, ол табиғи қайта түлеуге бейiмi жоқ, адам әрекетiнен бұзылған бiрегей табиғи кешендердi қалпына келтiруге және зерделеуге арналған.
      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлердi қорғау режимi олардың ғылыми қызметiн және оларды мәдени-ағарту, оқу және туристiк мақсаттарға пайдалануды ұйымдастыру мемлекеттiк табиғи қорықтар үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.";
      30) 39-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк - айрықша экологиялық, рекреациялық және ғылыми жағынан ерекше құнды табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектiлердi сақтауға, қалпына келтiруге және сан-салалы пайдалануға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ.";
      31) 40-баптың атауы мен 1, 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "40-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк аумақтарын аймақтарға
               бөлу және оларды пайдаланудың ерекшелiктерi
      1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде табиғи кешендердi қорғау режимiне және пайдалану мақсаттарына қарай мынадай функционалдық аймақтар мен шағын аймақтар ерекшеленедi:
      1) қорық режимiндегi;
      2) мынадай шағын аймақтары бар заказдық режимдегi:
      рекреациялық пайдалану;
      әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы;
      келушiлер мен туристерге қызмет көрсету;
      шектеулi шаруашылық қызмет.
      2. Ұлттық парктердiң қорық аймақтарының шегiнде кез-келген шаруашылық қызметке, рекреациялық пайдалануға тыйым салынады және онда мемлекеттiк табиғи қорықтардың ерекше қорғалатын аумақтарының режимiне сәйкес келетiн режим қолданылады.
      Заказдық режим аймақтарында табиғи кешендер мен объектiлердi сақтауға арналған жағдайлар қамтамасыз етiлiп, сол аумақта оларды қатаң реттей отырып пайдалануға, соның iшiнде: рекреациялық пайдалану, шектеулi шаруашылық қызмет, әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы және келушiлерге қызмет көрсету шағын аймақтарында спорттық және әуесқойлық аң аулау мен балық аулау, рекреациялық орталықтардың, қонақ үйлердiң, кемпингтердiң, мұражайлар мен туристерге қызмет көрсететiн басқа да объектiлердiң құрылысын салуға және пайдалануға беруге жол берiледi.";
      32) мынадай мазмұндағы 8-1-тараумен толықтырылсын:
      "8-1-тарау. Мемлекеттiк табиғи резерваттар
      40-1-бап. Мемлекеттiк табиғи резерват ұғымы
      1. Мемлекеттiк табиғи резерват - осы аумақтағы ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiктi сақтауға және қалпына келтiруге, табиғи ресурстардың тұрақты дамуы мен теңгермелi пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған әртүрлi қорғау режимдерi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
      2. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың республикалық маңызы бар санаты болады.
      40-2-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың аумақтарын
                аймақтарға бөлу және оларды қорғау режимiнiң
                ерекшелiктерi
      Мемлекеттiк табиғи резерваттарда мынадай функционалдық аймақтар бөлiп көрсетiледi:
      1) қорық ядросының аймағы дегенiмiз адамдардың араласуынан неғұрлым аз бұзылған қорық режимiнде қорғалатын, ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiгiн табиғи даму жағдайында сақтауға арналған аумақ бөлiгiн бiлдiредi;
      2) буферлiк аймақ қорық ядросының айналасында құрылады, заказдық режимi болады және ядро аймағына шаруашылық және рекреациялық қызмет ықпалын төмендетуге арналған;
      3) бұзылған ландшафттарды қалпына келтiру аймағы дегенiмiз табиғи қалпына келу әлеуетi төмен, қатты тозып кеткен полигон-учаскелердi бiлдiредi әрi олардың ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiгiн қайта жандандыру, сондай-ақ шаруашылық маңызын қалпына келтiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға арналған. Қалпына келтiру аймағында қорық немесе заказдық қорғау режимi болады;
      4) мемлекеттiк табиғи резерваттың тұрақты даму аймағының ерекше қорғау режимi болмайды және ол жер пайдаланушылардың жерлерiн алмай құрылады. Сонымен қатар, ол аймақтың аумағында ядро аймағындағы және табиғи резерваттың буферлiк аймағындағы қоршаған ортаға жағымсыз өзгерістер әкелуі мүмкiн шаруашылық қызметтiк барлық түрiне тыйым салынады. Бұл аймақта табиғи ресурстарды теңгермелi пайдалану принциптерiне негiзделген ауыл және орман шаруашылығының, жергiлiктi кәсiпшiлiк пен туризмнiң ұтымды нысандарын дамытуға басымдық берiледi.
      40-3-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттарды ұйымдастыру және
                басқару ерекшелiктерi
      Мемлекеттiк табиғи резерваттар жұмыс iстеп тұрған мемлекеттiк табиғи қорықтар мен мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер негiзiнде құрылуы немесе олар бiртұтас басқарудағы кешендi ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып бiрiктiрiлуi мүмкiн.";
       33) мынадай мазмұндағы 46-1-баппен толықтырылсын:
      "46-1-бап. Мемлекеттiк қорық аймақтарын құру тәртiбi
      Республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын ұйымдастыру туралы шешiмдердi - Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi маңызы барларын ұйымдастыру туралы шешiмдердi қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның ұсыныстары бойынша барлық мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiлген ғылыми негiздемелер негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды.";
      34) 49-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк табиғи заказниктер республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болып табылады.".
      35) 50-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қарауында мемлекеттiк табиғи заказниктер бар орталық атқарушы орган арнайы қызметтердiң күшiмен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiн қаржыландыру үшiн белгiленген көздер есебiнен оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн қорғау және қалпына келтiру

iс-шараларын ұйымдастырады.";
     36) 63-бапта:
     екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи 
парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк табиғи 
парктердiң, мемлекеттiк орман табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк қорық 
аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлерiнiң ормандары;"; 
     37) 64-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
     38) 65-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
     39) 66-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
     40) 67-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар мемлекеттiк табиғи 
қорықтарға, мемлекеттiк ұлттық парктерге, мемлекеттiк табиғи резерваттарға 
және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiне кiредi.";
     41) 68-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
     42) 69-баптың 1, 3-тармақтары алып тасталсын;
     43) 73-баптың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 
қаражатының;";
     44) 74 және 75-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
     "74-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға республикалық
              бюджеттен бөлiнетiн қаражатты жұмсау
     Республикалық бюджет қаражатынан мынадай iс-шаралар бойынша:


      ерекше қорғалатын аумақтардың желiлерiн дамыту бағдарламаларын әзiрлеу, республикалық маңызы бар осы аумақтарды құруды негiздеу;
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру кезiнде жер учаскесiн алып қоюға байланысты меншiк иесiне немесе пайдаланушыға келтiрiлген шығындарды жабу;
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн жүргiзу;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу;
      әкiмшiлiк-шаруашылық, рекреациялық және туристiк мақсаттағы объектiлердi салу;
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда атқарылатын мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау және қалпына келтiру, ғылыми, мәдени-ағарту және оқу iс-шаралары бойынша қаржыландыру қамтамасыз етiледi.
      75-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жергiлiктi бюджеттерден
              бөлiнетiн қаражатты жұмсау
      Жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн қаражаттан мынадай iс-шаралар бойынша:
      жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтардың желiлерiн әзiрлеу, осы аумақтарды құруды негiздеу;
      жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру

кезiнде жер учаскесiн алып қоюға байланысты меншiк иесiне немесе 
пайдаланушыға келтiрiлген шығындарды жабу;
     жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 
мемлекеттiк есебiн жүргiзу;
     жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстау мен 
абаттандыру, мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау мен қалпына келтiру, 
осы аумақтарда атқарылатын ғылыми, мәдени-ағарту және оқу iс-шаралары 
бойынша қаржыландыру қамтамасыз етiледi.";
     45) 76-бап алып тасталсын;
     46) 78-бапта:
     тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
     "78-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қаражаты";
     1-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
     "Заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 
қаражаты болуы мүмкiн, ол:";
     1-тармақтың төртiншi абзацындағы "аумақтарды" деген сөз "аумақтарға 
кiргенi (көлiкпен кiргенi) және оларда болғаны, оларды" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     жетінші абзацтағы "есебiнен құралады" деген сөздер алып тасталып, 
мынадай мазмұндағы сегiзiнші абзацпен толықтырылсын:
     "шектеулi шаруашылық қызметiнен алынған қаражат есебiнен құралады;";
     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 
қаражатының құралу және пайдаланылу тәртiбiн Қазақстан Республикасының 
Yкiметi анықтайды.";
     3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
     47) 81-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "81-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
              мемлекеттiк бақылау
     1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк 
бақылауды:
     қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және ерекше қорғалатын 
табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органдар;
     жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады.


      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарда Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласының мемлекеттiк инспекторларының құқығы болады.".
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 U952717_ заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 159-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 189-құжат, N 13-14, 209-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат, N 17-18; 225-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат):
      1) 10-баптың 3) тармақшасындағы "қорықтар мен ұлттық парктердi" деген сөздер "республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 12-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      4-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрiн құру үшiн жерлердi резервтеу;
      4-2) жерлердiң барлық санатынан жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құруға және оларды кеңейтуге байланысты реттерде жер учаскелерiн беру және алып қою;";
      3) 49-баптың 1-тармағындағы "осы учаскенi" деген сөздердiң алдынан "ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 69-бап "объектiлер салуға" деген сөздерден кейiн ", ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 76-баптың 2-тармағындағы "бар ауылшаруашылық алқаптары мен жер" деген сөздер "бар жерлер мен ауылшаруашылық алқаптары, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 86-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлерiнiң және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлердің құрамындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерi жеке бөлiнiп көрсетiледi және заңдарда белгiленген тәртiппен есепке алынады.";
      7) 88-баптың 2-тармағы 6) тармақшасындағы "жатады" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын;
      "7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғаныш аймақтары жатады.";
      8) 93-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Орман қоры жерлерiнiң құрамындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерi жеке бөлiнiп көрсетiледi және заңдарда белгiленген тәртiппен есепке алынады. P931198_ Р931235_ ";
      9) 97-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Су қоры жерлерiнiң құрамындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерi жеке бөлiнiп көрсетiледi және заңдарда белгiленген тәртiппен есепке алынады.";
      10) мынадай мазмұндағы 17-1)-тараумен толықтырылсын:
      "17-1 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер
                   учаскелерiн бөлу, есепке алу және құқықтық
                   режимiнiң ерекшелiктерi;
      108-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер
                 учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi
      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерiне мемлекеттiк табиғи қорықтарды, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiн құру және кеңейту кезiнде барлық санаттағы жерлерден бөлiнетiн жер учаскелерi жатады.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерi олар бөлiнетiн жер санаттарының құрамына есептеледi.
      3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер учаскелерiн өзге қажеттiлiктерге алып қоюға тыйым салынады.
      Табиғи кешендердi қорғау режимiн қамтамасыз ету үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасында аймақ шегiнде сол аумақтағы табиғи-қорық қорлары объектiлерiнiң сақталуына терiс ықпал ететiн кез келген қызмет түрiне тыйым салына отырып, қорғаныш аймақтары құрылуы мүмкiн.".
      3. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 23 қаңтардағы K932000_ Орман кодексiнде (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 45-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 11, 357-құжат):
      1) 6-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "қорықтарға" деген сөзден кейiн "мемлекеттiк табиғи резерваттарға," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 20-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк биосфералық қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiнiң ормандары, ерекше құнды орман алқаптары, ғылыми маңызы бар ормандар, жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтарының ормандары, жемiс-ағаш екпелерi, биiк таудағы ормандар.";
      3) 41-бапта:
      1-тармақтағы "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында" деген сөздер "Мемлекеттiк табиғи қорықтарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорық және заказдық режимдегi ормандарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер және мемлекеттiк табиғи парктер" деген сөздер "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер" деген сөздерден кейiн ", мемлекеттiк табиғи резерваттар" деген сөздермен толықтырылсын.
      4. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 31 наурыздағы K933000_ Су кодексiнде (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 7, 149-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 22, 408-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат):

     82-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "82-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандары
     Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сутоғандарына мемлекеттiк ұлттық 
табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи қорықтардың және өзге де ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтар түрлерiнiң сутоғандары жатады.".
     5. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 
1993 жылғы 21 қазандағы  

Z933300_

  Қазақстан Республикасының Заңында 
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 18, 
439-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 11, 
357-құжат):
     19-баптың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру;".
     
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады