Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне валюталық реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 30 қаңтар N 154-ІІ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Валюталық реттеу туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Z960054_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 20-21, 404-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; 1999 ж., N 20, 722-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Қазақстан Республикасының валюта заңдары
      Қазақстан Республикасының валюта заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына K951000_ негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнен және валюталық реттеу органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.";
      2) мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2-баптармен толықтырылсын:
      "1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) валюталық реттеу - уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың (валюталық реттеу органдарының) елдiң төлем балансын нығайту, ұлттық валютаның тұрақтылығын, iшкi валюта рыногын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операциялар жүргiзу тәртiбiн белгiлеу және оның сақталуын бақылау жөнiндегi қызметi;
      2) валюта - мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылдаған ақша бiрлiгi немесе банкноттар, қазынашылық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түрiндегi қолма-қол және аударым нысандарындағы құнының ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражат;
      3) ұлттық валюта - Қазақстан Республикасының валютасы;
      4) шетел валютасы - шет мемлекеттердiң валютасы;
      5) резиденттер:
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жерi бар, соның iшiнде шетелде уақытша тұратын немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметiнде оның шегiнен тыс жерлерде жүрген жеке тұлғалар;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жерi бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан жерi бар филиалдары мен өкiлдiктерi;
      Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi;
      6) резидент еместер - барлық заңды тұлғалар, олардың өкiлдiктерi мен филиалдары, сондай-ақ "резиденттер" ұғымында аталмаған жеке тұлғалар;
      7) валюталық құндылықтар:
      шетел валютасы;
      номиналы шетел валютасымен көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;
      тазартылған құйма алтын;
      ұлттық валюта, резиденттер мен резидент еместер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;
      8) инвестициялар:
      ақшаны, бағалы қағаздарды, заттарды, мүлiктiк құқықтарды, оның iшiнде интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерiне құқықты және өзге де мүлiктi;
      инвестициялау объектiсiнiң жарғылық капиталына қатысуды қамтамасыз ету;
      бағалы қағаздарды сатып алу мақсатында беру;
      9) экспорт-импорт мәмiлелерi:
      тауарға меншiк құқығының резиденттен резидент емеске (резидент еместен резидентке) ауысуын көздейтiн мәмiлелер (инвестицияларға жатқызылған мәмiлелерден басқа);
      резиденттiң резидент емеске (резидент еместiң резидентке) қызмет көрсетуiн (жұмысты орындауын), сондай-ақ резиденттiң резидент емеске (резидент еместiң резидентке) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiн пайдалану құқығын берудi көздейтiн мәмiлелер;
      10) уәкiлеттi банктер - валюта операцияларын, оның iшiнде клиенттердiң тапсырмалары бойынша операцияларды жүзеге асыратын банк заңдарында көзделген операцияларды жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар банктер;
      11) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдар - шетел валютасымен банк операцияларын жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар заңды тұлғалар;
      12) айырбастау пункттерi - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен жүзеге асырылатын айырбастау операцияларын жүргiзу үшiн арнайы жабдықталған орындар.
      1-2-бап. Валюталық операциялар
      1. Валюталық операциялар:
      1) меншiк құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар;
      2) валюталық құндылықтарды кез келген тәсiлмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту болып табылады.
      2. Валюталық операциялар ағымдағы операциялар және капитал қозғалысына байланысты операциялар болып бөлiнедi.
      3. Ағымдағы операциялар:
      1) тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 120 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
      2) 120 күннен аспайтын мерзiмге кредиттер беру және алу;
      3) салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивидендтердi, сыйақыларды және өзге кiрiстердi аудару және алу;
      4) гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлiк соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа сомаларды аудару;
      5) осы Заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатқызылмайтын барлық өзге де валюталық операциялар болып табылады.
      4. Капитал қозғалысына байланысты операциялар:
      1) инвестицияларды жүзеге асыру;
      2) интеллектуалдық меншiк объектiлерiне ерекше құқықты толық берудi көздейтiн мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүргiзуге арналған аударымдар;
      3) жылжымайтын мүлiкке мүлiктiк құқықтарды төлеуге аударымдар;
      4) тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 120 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
      5) 120 күннен аспайтын мерзiмге кредиттер беру және алу;
      6) өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банкiлерiнде және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды (депозиттердi) жүзеге асыру;
      7) зейнетақы активтерiн жинақтауға байланысты мәмiлелер бойынша халықаралық аударымдар;
      8) жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар болып табылады.
      5. Егер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясында өзгеше мерзiм белгiленбесе, резиденттер тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты төлемiнiң валютасын алуға және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты күнiнен бастап 120 күн iшiнде олардың уәкiлеттi банктердегi шоттарына есептелуге тиiс.
      Резиденттердiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортының төлемi ретiнде алған валютасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде өздерi тiркелген мемлекеттiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар шетел банктерiндегi немесе өзге де қаржы институттарындағы олардың шоттарына есептеуге жол берiледi.";
      3) 2-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Валюталық реттеу органдары әзiрлеген валюталық реттеу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен мiндеттi түрде келiсiлуi тиiс.";
      4) 3-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жекелеген экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысулар нысанына шектеулер белгiлеуге құқылы.";
      5) 4, 5-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицензиялау
      1. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жасауға лицензиялар берудi, олардың қолданылуын тоқтата тұруды және керi қайтарып алуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi заңдарға сәйкес жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты "Лицензиялау туралы" Z952200_ Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған операцияларды лицензиялайды.
      3. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүзеге асыруға лицензиялар барлық қажеттi құжаттар тапсырылған күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi.
      4. Лицензияларды керi қайтарып алуға не қолданылуын тоқтата тұруға:
      1) лицензиаттың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес талап етiлетiн ақпаратты бермеуi немесе көрiнеу жалған ақпарат беруi;
      2) лицензиаттың валюта заңдарын бұзуы;
      3) "Лицензиялау туралы" Z952200_ Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негiздемелер негiз болып табылады.".
      5-бап. Валюталық операциялар туралы есеп және ақпарат беру
      Валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есеп берудiң нысандарын уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi және оны барлық резиденттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер орындауға мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының барлық резиденттерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер ақпараттар мен құжаттарды:
      осы Заңның талаптарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және басқа валюталық бақылау органдарының сұратуы бойынша;
      уәкiлеттi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдарға олар арқылы жүргiзiлетiн валюта операциялары бойынша берiп тұруға мiндеттi.";
      6) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi банктер мен уәкiлеттi ұйымдар, сондай-ақ алған лицензияларына сәйкес олар операциялар жүргiзген кезде валюта заңдарының сақталуын бақылау мiндетi жүктелген басқа да ұйымдар валюталық бақылау агенттерi болып табылады.
      Валюталық бақылау агенттерi:
      1) операциялар, оның iшiнде клиенттердiң тапсырмалары бойынша операциялар жүргiзген кезде валюта заңдарының талаптарын сақтауға;
      2) валюта операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудiң толымдылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз етуге;
      3) валюта заңдарын клиенттерiнiң бұзуының өздерiне мәлiм болған фактiлерi туралы құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне хабарлауға мiндеттi.";
      7) 7-баптың 1-тармағындағы "барлық төлемдер" деген сөздер "және аударымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 13-баптың 1-тармағындағы "шектеусiз" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Мемлекеттiк статистика туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Z970098_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 9, 91-құжат):
      1-бап "ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан," деген сөздерден кейiн "өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiне (бұдан әрi - заңды тұлғалар)," деген сөздермен толықтырылсын.
      3. "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Z970131_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 182-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 21, 778-құжат; N 23, 931-құжат):
      3-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ойын бизнесi мен шоу-бизнес саласындағы қызметтi, банк қызметi мен сақтандыру рыногындағы қызметтi (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқасын) жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып танылуға тиiс емес."

     2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
     Тараптардың мiндеттемелердi орындауы осы Заң қолданысқа енгiзiлетiн 
кезге қарай аяқталмаған ағымдағы валюта операциялары үшiн бұл 
операцияларды аяқтауға лицензия немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкiнiң тіркеу куәлiгiн алмай-ақ осы Заң қолданысқа енгiзiлген күнiнен 
бастап 60 күнтiзбелiк күн мерзiм белгiленедi.
     
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады