Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 172 Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Келісім қолданысын тоқтатты - ҚР 24.12.2014 N 266-V Заңымен.

      Астанада 2000 жылғы 10 қазанда жасалған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шарт бекітілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы
ШАРТ *

*(Келісім 2001 жылғы 30 мамырда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
бюллетені, 2004 ж., N 6, 31-құжат)

      Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы, 
      өз халықтарының тұрмыс деңгейін арттыру үшін экономикалық әлеуеттерін тиімді пайдаланатын жағдайда жүргізілетін әлеуметтік-экономикалық жаңартуларды келісу арқылы өздерінің серпінді түрде дамуын қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, 
      өзара интеграция процестерін дамыту және түрлі салалардағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бекем бел байлап, 
      әлемдік экономика мен халықаралық сауда жүйесіне кірігу кезінде көзқарастарды үйлестіру қажеттігін пайымдай отырып, 
      1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы келісімге, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімге, 1996 жылғы 29 наурыздағы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа және 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартқа сәйкес өздері қабылдаған міндеттемелерді толық деңгейде орындауға дайын екендіктерін білдіре отырып, 
      Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының қағидаттарына, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларына өздерінің адалдықтарын қуаттай отырып, 
      төмендегілер туралы уағдаласты:

  1-бап
Халықаралық ұйымды құру

      Осымен Уағдаласушы Тараптар "Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы" халықаралық ұйымын (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ немесе Қоғамдастық) құрады. 
     ЕурАзЭҚ-тың осы Шарттың ережелеріне сәйкес Уағдаласушы тараптар оған өз еріктерімен берген өкілеттіктері болады. Уағдаласушы Тараптар халықаралық құқықтың егеменді және тең құқықты субъектілері болып қалады.

  2-бап
Мақсаттары мен міндеттері

      ЕурАзЭҚ Кеден Одағы Біртұтас экономикалық кеңістікті Уағдаласушы Тараптардың қалыптастыру процесін тиімділікпен ілгерілету, сондай-ақ жоғарыда аталған Кеден одағы туралы келісімде, Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартта және Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартта белгіленген басқа да мақсаттар мен міндеттерді осы аталған құжаттарда белгіленген кезеңдерге сәйкес іске асыру үшін құрылады. 
      Уағдаласушы Тараптардың бұрын өзара жасаған шарттары, сондай-ақ интеграцияны басқару органдарының шешімдері осы Шартқа қайшы келмейтін бөлігінде қолданыста болуын жалғастырады. 

  3-бап
Органдар

      Уағдаласушы Тараптардың бұрын құрған интеграцияны басқару органдарымен сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, осы Шарттың мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін ЕурАзЭҚ шеңберінде: 
      Мемлекетаралық Кеңес (Мемаралықкеңес); 
      Интеграциялық комитет; 
      Парламентаралық Қауымдастық (ПАҚ); 
      Қоғамдастық Соты жұмыс істейтін болады. 
      Мемаралықкеңес 1996 жылғы 29 наурыздағы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартпен және 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартпен құрылған интеграциялық басқару органдарының қызметін тоқтату туралы шешімді қабылдайды. 

  4-бап
Төрағалық ету

      Мемлекетаралық Кеңес пен Интеграциялық Комитетте төрағалық етуді орыс әліппесінің тәртібімен Қоғамдастыққа мүше әрбір мемлекет бір жыл бойы алма-кезек жүзеге асыратын болады. 
      Қоғамдастықтың басқа да органдарында төрағалық ету тәртібі тиісті ережелермен белгіленеді. 

  5-бап
Мемлекетаралық Кеңес

      Мемлекетаралық Кеңес ЕурАзЭҚ-тың жоғары органы болып табылады. Оның құрамында Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің басшылары және үкіметтерінің басшылары кіреді. 
      Мемаралықкеңес қатысушы мемлекеттердің ортақ мүдделеріне байланысты Қоғамдастықтың қағидатты мәселелерін қарайды, интеграцияны дамытудың стратегиясын, бағыты мен келешегін белгілейді және ЕурАзЭҚ-тың мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған шешімдер қабылдайды. 
      Мемлекетаралық Кеңес Интеграциялық Комитетке тапсырмалар береді, Парламентаралық Қауымдастыққа сұрау салады және ұсыныстар жасайды, Қоғамдастық Сотына сұрау салады. 
      Мемаралықкеңес өзінің шешімдерімен Қоғамдастықтың қосымша органдарын құра алады. 
      Мемаралықкеңес жылына кем дегенде бір рет мемлекет басшылары деңгейінде және жылына кем дегенде екі рет үкімет басшылары деңгейінде бас қосады. Мәжіліс Мемаралықкеңесте төрағалық ететін Уағдаласушы Тарап өкілінің басшылығымен өткізіледі. 
      Мемаралықкеңес жұмысының функциялары мен тәртібі ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттердің басшылары деңгейінде Мемаралықкеңес бекітетін Ережемен белгіленеді.
      Мемлекетаралық Кеңес кеден одағының жоғары органы болып табылады. Кеден одағы мәселелері бойынша шешімді кеден одағын қалыптастыратын Уағдаласушы Тараптардың Мемлекетаралық Кеңес мүшелері қабылдайды.
      Мемлекетаралық Кеңестің кеден одағының жоғарғы органы функцияларын орындау кезіндегі жұмыс тәртібінің ерекшеліктері Мемлекетаралық Кеңес бекітетін Ережемен белгіленеді.
       Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.04.22 № 26-IV Заңымен.

  6-бап
Интеграциялық Комитет

      Интеграциялық Комитет ЕурАзЭҚ-тың тұрақты жұмыс істейтін органы болып табылады. 
      1. Интеграциялық Комитеттің негізгі міндеттері: 
      ЕурАзЭҚ органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; 
      Мемаралықкеңес мәжілістерінің күн тәртібі және оларды өткізудің деңгейі жөнінде ұсыныстар, сондай-ақ шешімдердің және құжаттардың жобаларын әзірлеу; 
      ЕурАзЭҚ-тың бюджетін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оның орындалуына бақылау жасау; 
      Мемаралықкеңес қабылдаған шешімдерді іске асыруға бақылау жасау; 
      Интеграциялық Комитет өзінің міндеттерін орындау мақсатында: 
      Осы Шартта белгіленген, сондай-ақ оған Мемлекетаралық Кеңес берген өкілеттіктер шегінде шешімдер қабылдайды; 
      жыл сайын Қоғамдастықтағы істің жай-күйі және оның мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың барысы туралы баяндаманы, өзінің қызметі туралы, сондай-ақ ЕурАзЭҚ бюджетінің орындалуы туралы есепті Мемаралықкеңеске ұсынады; 
      Қоғамдастықтың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған шараларды, оның ішінде тиісті шарттардың жасалуын әрі Уағдаласушы Тараптардың нақты мәселелер бойынша бірыңғай саясат жүргізуін қарайды және тиісті ұсыныстар әзірлейді; 
      Мемаралықкеңеске ұсыныстар жасауына, Парламентаралық Қауымдастыққа және Уағдаласушы Тараптар үкіметтеріне ұсыныстар айтып, сұрау салуына, Қоғамдастық Сотына сұрау салуына құқығы бар. 
      2. Интеграциялық Комитет құрамына Уағдаласушы Тараптар үкіметтері басшыларының орынбасарлары кіреді. Интеграциялық Комитеттің Төрағасы Мемаралықкеңестің мәжілістеріне қатысады. 
      Интеграциялық Комитеттің мәжілісі кем дегенде үш айда бір рет өткізіледі. 
      Интеграциялық Комитет мәжілістерінің арасындағы кезеңде Қоғамдастықтың ағымдағы жұмысын қатысушы мемлекеттер басшылары тағайындайтын, ЕурАзЭҚ жанындағы Уағдаласушы Тараптардың Тұрақты өкілдерінің (Тұрақөкілдер) комиссиясы қамтамасыз етеді. 
      3. Мемлекетаралық Кеңес пен Интеграциялық Комитеттің жұмысын ұйымдастыру және оларды ақпараттық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету Интеграциялық Комитеттің Хатшылығына (Хатшылық) жүктеледі. 
      Хатшылықты Интеграциялық Комитеттің ұсынысы бойынша Мемлекетаралық Кеңес үш жыл мерзімге тағайындайтын Бас хатшы басқарады. 
      Бас хатшы Қоғамдастықтың жоғары әкімшілік лауазымды тұлғасы болып табылады және Мемлекетаралық Кеңес пен Интеграциялық Комитеттің мәжілістеріне қатысады. 
      Хатшылық Уағдаласушы Тараптардың Қоғамдастық бюджетіндегі үлестік жарналарының ескерілуімен квоталық негізде мүше мемлекеттер азаматтарының қатарынан және келісім-шарт бойынша жұмысқа алынатын адамдардан қалыптасады. 
      Бас хатшы мен Хатшылық персоналы қызметтік міндеттемелерін орындау кезінде Қоғамдастық үшін бөгде болып табылатын қандай да болсын Уағдаласушы Тараптар немесе билік орнынан нұсқаулар сұрауға немесе алуға тиісті емес. ЕурАзЭҚ алдында ғана жауапты халықаралық лауазымды тұлғалар ретіндегі жағдайына ықпал етуі мүмкін кез келген іс-қимылдардан олар бас тартуы тиіс. 
      Уағдаласушы Тараптар Бас хатшы мен Хатшылық персоналының халықаралық сипаттағы міндеттемелерін құрмет тұтуға және олардың қызметтік міндеттемелері орындалуының кезінде оларға ықпал жасауға әрекеттенбеуге міндетті. 
      Интеграциялық Комитеттің функциялары мен жұмысының тәртібі Мемлекетаралық Кеңес бекітетін Ережеде белгіленеді. 

  7-бап
Парламентаралық Қауымдастық

      Парламентаралық Қауымдастық Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңнамаларын үйлестіру (жақындастыру, бірегейлендіру) және оларды Қоғамдастық міндеттемелерін іске асыру мақсатында ЕурАзЭҚ шеңберінде жасасқан шарттарға сәйкес келтіру мәселелерін қарастыратын ЕурАзЭҚ шеңберіндегі парламенттік ынтымақтастық органы болып табылады. 
      Парламентаралық Қауымдастық Уағдаласушы Тараптардың парламенттерінен жіберілетін парламентарийлерден құрылады.
      Парламентаралық Қауымдастық өз өкілеттігінің шегінде:
      - Мемаралықкеңестің қарауына жататын құқықтық қатынастардың негізгі салаларындағы заңнамалардың Негіздерін әзірлейді;
      - олардың негізінде ұлттық заңнамалардың актілері әзірленетін үлгілі жобаларды қабылдайды;
      - Мемаралықкеңеске ұсыныстармен, Интеграциялық комитетке және Уағдаласушы Тараптардың парламенттеріне сұрау салулармен және ұсыныстармен, Қоғамдастық Сотына сұрау салулармен шыға алады.
      Мемлекетаралық Кеңес Парламентаралық Қауымдастық туралы ережені бекітеді.

  8-бап
Қоғамдастық Соты

      Қоғамдастық Соты Уағдаласушы Тараптардың осы Шартты және Қоғамдастық аясында қолданылатын басқа да шарттарды және ЕурАзЭҚ органдары қабылдайтын шешімдерді біркелкі қолдануды қамтамасыз етеді.
      Қоғамдастық Соты сонымен бірге Уағдаласушы Тараптардың арасында ЕурАзЭҚ органдарының шешімдерін және Қоғамдастық аясында қолданылатын шарттардың ережелерін іске асыру мәселелері бойынша туындаған экономикалық сипаттағы дауларды қарайды, олар бойынша түсініктемелер, сондай-ақ қорытындылар береді.
      Кеден одағын қалыптастыратын Уағдаласушы Тараптардың кедендік аумақтары біріктірілгеннен кейін Қоғамдастық Соты:
      1) кеден одағы органдары актілерінің кеден одағының құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шарттарға сәйкестігі туралы істерді қарайды;
      2) кеден одағы органдарының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істерді қарайды;
      3) кеден одағының құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шарттарға, кеден одағы органдары қабылдаған актілерге түсінік береді;
      4) Кеден одағы комиссиясы мен кеден одағына кіретін мемлекеттер арасындағы, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы кеден одағы аясында қабылданған өз міндеттемелерін орындау жөніндегі дауларды шешеді.
      Қоғамдастық Сотының қарауына ЕурАзЭҚ аясында халықаралық шарттарда көзделген өзге де дауларды шешу жатқызылуы мүмкін.
      Қоғамдастық Соты әрбір Уағдаласушы Тараптың екі өкілінен аспайтындай болып Уағдаласушы Тараптар өкілдерінен құрылады. Парламентаралық Ассамблея судьяларды Мемлекетаралық Кеңестің ұсынуы бойынша алты жыл мерзімге тағайындайды. Кеден одағының құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шарттарды, кеден одағы органдарының актілерін қолдануға немесе түсіндіруге негізделген істерді, сондай-ақ кеден одағы органдарының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істерді қарауда кеден одағын қалыптастыратын Уағдаласушы Тараптардың өкілдері болып табылатын судьялар қатысады.
      Қоғамдастық Сотында іс жүргізу және істерді қарау ережелері, Қоғамдастық Соты судьяларының мәртебесі және Қоғамдастық Сотының қызметін ұйымдастыру оның Статутымен айқындалады.
       Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.04.22 № 26-IV Заңымен.

  9-бап
Мүшелік

      ЕурАзЭҚ-қы мүшелікке қабылдау осы Шарттан және басқа да Мемлекетаралық Кеңестің шешімімен белгіленетін тізім бойынша Қоғамдастық шеңберінде қолданылып жүрген шарттардан туындайтын міндеттемелерді өзіне алатын және ЕурАзЭҚ мүшелерінің пікірінше, осы міндеттемелерді орындай алатын және орындауға ниет білдірген барлық мемлекеттерге ашық. 
      Кез келген Уағдаласушы Тарап ЕурАзЭҚ-тың құрамынан Қоғамдастықтың және оның мүшелерінің алдында өзінің міндеттемелерін алдын-ала реттей отырып және Интеграциялық Комитетке осы Шарттан шығу туралы ресми хабарламаны шығу күнінен кемінде он екі ай бұрын жібере отырып, шығуға құқылы. Егер хабарлама Қоғамдастықтың келесі бюджеттік жылға арналған бюджетін қабылдаудан бұрын жіберілсе, мүшелікті тоқтату ағымдағы бюджет жылында жүзеге асады. Егер хабарлама Қоғамдастықтың келесі бюджеттік жылға арналған бюджетін қабылдаудан кейін жіберілсе, онда мүшелікті тоқтату келесі бюджет жылында жүзеге асады. 
      Осы шарттың және/немесе Қоғамдастық шеңберінде қолданылып жүрген шарттардың ережелерін өрескел бұзып отырған Уағдаласушы Тараптың ЕурАзЭҚ органдарының жұмысына қатысуы Мемаралықкеңестің шешімімен тоқтатылуы мүмкін. Егер бұл Уағдаласушы Тарап өзінің міндеттемелерін бұзуды жалғастырып отырса, Мемаралықкеңес өзі белгілейтін күннен бастап оны Қоғамдастықтан шығару туралы шешім қабылдай алады. 

  10-бап
Байқаушылар

      ЕурАзЭҚ жанындағы байқаушының мәртебесі кез келген мемлекетке немесе халықаралық мемлекетаралық (үкіметаралық) ұйымға тиісті өтініші түскен жағдайда берілуі мүмкін. 
      Байқаушының мәртебесін беру, тоқтату немесе жою туралы шешімді Мемлекетаралық Кеңес қабылдайды. 

  11-бап
Құқық қабілеттілігі

      ЕурАзЭҚ әр Уағдаласушы Тараптың аумағында өзінің мақсаттары мен міндеттерін орындауға қажетті құқық қабілеттілігін пайдаланады. 
      ЕурАзЭҚ мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастар орната және олармен шарттар жасаса алады. 
      ЕурАзЭҚ заңды тұлға және өз мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін, атап айтқанда: 
      - шарттар жасасу; 
      - мүлік сатып алу және оған билік ету; 
      - сотта сөз сөйлеу; 
      - шоттар ашу және валютамен, құнды қағаздармен операциялар жүргізу құқықтарын пайдаланады. 

  12-бап
Органдардың тұрғылықты жері

      Интеграциялық Комитеттің тұрғылықты жері Алматы қаласы (Қазақстан Республикасы) және Мәскеу қаласы (Ресей Федерациясы) болып табылады. 
      Парламентаралық Қауымдастықтың тұрғылықты жері Санкт-Петербург қаласы (Ресей Федерациясы) болып табылады. 
      Қоғамдастық Сотының тұрғылықты жері Минск қаласы (Беларусь Республикасы) болып табылады. 
      Мемлекетаралық Кеңестің шешімі бойынша Қоғамдастыққа мүше мемлекеттерде Интеграциялық Комитеттің өкілдіктері ашылуы мүмкін. 

13-бап
Шешімді қабылдаудың тәртібі

      1. Мемлекетаралық Кеңес "мүдделi Уағдаласушы Тараптың дауысын алып тастағандағы консенсус" қағидаты бойынша қабылданатын мүшелiктi тоқтата тұру туралы немесе Қоғамдастық мүшелiгiнен шығару туралы шешiмдердi қоспағанда, барлық шешiмдердi консенсуспен қабылдайды.
      2. Интеграциялық Комитетте шешiмдер 2/3 көпшiлiк дауыспен қабылданады. Егер шешiмдердi қабылдауға бес Уағдаласушы Тарап дауыс берген жағдайда, бiрақ бұл ретте ол 2/3 көпшiлiк дауысты жинамаса, онда мәселе Мемлекетаралық Кеңестiң қарауына берiледi. Әрбiр Уағдаласушы Тараптар дауыстарының саны оның ЕурАзЭҚ органдарын ұстауға, Қоғамдастық органдарының және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдер комиссиясының мәжiлiстерiн өткiзудi қаржыландыруға арналған Қоғамдастықтың бюджетiндегi үлестiк жарнасына сәйкес келедi және:
      Беларусь Республикасы - 15 дауысты;
      Қазақстан Республикасы - 15 дауысты;
      Қырғыз Республикасы - 7,5 дауысты;
      Ресей Федерациясы - 40 дауысты;
      Тәжiкстан Республикасы - 7,5 дауысты;
      Өзбекстан Республикасы - 15 дауысты құрайды.
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.04 № 154 Заңымен.

  14-бап
Шешімнің орындалуы

      ЕурАзЭҚ органдарының шешімдерін Уағдаласушы Тараптар ұлттық заңнамаларға сәйкес қажетті ұлттық нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау арқылы орындайды.
      Осы Шартты, Қоғамдастық шеңберінде қолданылып жүрген басқа да шарттарды және ЕурАзЭҚ органдарының шешімдерін іске асыру бойынша Уағдаласушы Тараптардың міндеттемелерінің орындалуына бақылау жасауды Қоғамдастықтың органдары өздерінің құзыреттері шегінде жүзеге асырады.

  15-бап
Қаржыландыру

      1. ЕурАзЭҚ органдарының қызметiн қаржыландыру Қоғамдастық бюджетiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Қоғамдастықтың кезектi қаржы жылына арналған бюджетiн мүше мемлекеттердiң келiсiмi бойынша ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы әзiрлейдi, белгiленген тәртiппен қаралады және Мемлекетаралық кеңес бекiтедi.
      Қоғамдастықтың бюджетiнде тапшылық болуы мүмкiн емес.
      2. Қоғамдастықтың бюджетi:
      1) Қоғамдастықтың органдарын ұстауға, Қоғамдастық органдарының және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдер комиссиясының мәжiлiстерiн өткiзудi қаржыландыруға арналған үлестiк жарналар:
      Беларусь Республикасы - 15 %;
      Қазақстан Республикасы - 15 %;
      Қырғыз Республикасы - 7,5 %;
      Ресей Федерациясы - 40 %;
      Тәжiкстан Республикасы - 7,5 %;
      Өзбекстан Республикасы - 15 %;
      2) әрбiр бағдарлама бойынша Мемлекетаралық кеңестiң шешiмдерiне сай, Уағдаласушы Тараптардың қатысу дәрежесiне сәйкес келетiн үйлесiмде Мемлекетаралық кеңестiң шешiмдерiмен айқындалатын ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларын және өзге де iс-шараларды қаржыландыруға арналған Уағдаласушы Тараптардың жарналары есебiнен қалыптасады.
      3. Қоғамдастық бюджетiнiң қаражаты:
      Қоғамдастықтың органдарын ұстауға;
      Қоғамдастық органдарының және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдер комиссиясының мәжiлiстерiн өткiзудi қаржыландыруға;
      ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларын қаржыландыруға;
      ЕурАзЭҚ-тың мақсаттары және мiндеттерiне қайшы келмейтiн Мемлекетаралық кеңес бекiтетiн өзге де iс-шараларға жұмсалады.
      4. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң ЕурАзЭҚ бюджетiнiң алдындағы үлестiк жарналары бойынша қарызы оның жылдық үлестiк жарнасына балама сомадан асқан жағдайда, ол қарызын толық өтегенге дейiн Мемлекетаралық кеңестiң шешiмiмен Қоғамдастық органдарында дауыс беру құқығынан айрылуы мүмкiн. Оған тиесiлi дауыстар қалған Уағдаласушы Тараптар арасында олардың ЕурАзЭҚ органдарын ұстауға және Қоғамдастық органдарының және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдер комиссиясының мәжiлiстерiн өткiзудi қаржыландыруға арналған Қоғамдастық бюджетiндегi үлестiк жарналарына үйлесiмде бөлiнедi
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.04 № 154 Заңымен.

  16-бап
Артықшылықтар мен иммунитеттер

      Қоғамдастық пен оның лауазымды тұлғалары осы Шартта және ЕурАзЭҚ шеңберінде қолданылып жүрген шарттарда көзделген функцияларды орындау және мақсаттарға жету үшін қажетті артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады. 
      Қоғамдастық пен оның лауазымды тұлғаларының, Интеграциялық Комитеттің Хатшылығы мен Өкілдіктерінің, сондай-ақ Қоғамдастық жанындағы Уағдаласушы Тараптардың Тұрақты Өкілдіктерінің персоналдарының артықшылықтары мен иммунитеттерінің көлемі жекелеген құжаттармен анықталады

  17-бап
Жұмыс тілі

      ЕурАзЭҚ-тың жұмыс тілі орыс тілі болып табылады.

  18-бап
Қолданыста болу мерзімі және күшіне енуі

      Осы Шарт белгісіз мерзімге жасалады. 
      Осы Шарт Уағдаласушы Тараптардың бекітуіне жатады және депозитарийі болып табылатын Интеграциялық Комитетке оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы соңғы хабарламаны берген күнінен бастап күшіне енеді. 
      Тараптар қажет болған жағдайда өздерінің ұлттық заңнамаларын осы Шарттың ережелеріне сәйкес келтіреді. 

  19-бап
Өзгерістер мен толықтырулар

      Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, оларды Уағдаласушы Тараптар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамамен ресімдейді.

  20-бап
Тіркеу

      Осы Шарт БҰҰ Жарғысының 102-бабына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тіркелуге жатады.

      Астана қаласында 2000 жылғы 10 қазанда беларусь, қазақ, қырғыз, орыс және тәжік тілдерінде бір дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Шарттың мәтіні бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланатын болады.
      Шарттың түпнұсқалық данасы оның куәландырылған көшірмесін әрбір Уағдаласушы Тарапқа жіберетін Интеграциялық Комитетте сақталады.

      Беларусь                        Ресей     
      Республикасы                    Республикасы
      үшін                            үшін

      Қазақстан                       Тәжікстан
      Республикасы                    Республикасы
      үшін                            үшін

      Қырғыз
      Республикасы
      үшін

О ратификации Договора об учреждении Евразийского экономического сообщества

Закон Республики Казахстан от 2 апреля 2001 года N 172

      Примечание РЦПИ!
      Действие Договора прекращено Законом РК от 24.12.2014 № 266-V

      Ратифицировать Договор об учреждении Евразийского экономического сообщества, совершенный в Астане 10 октября 2000 года.

      Президент
      Республики Казахстан

Договор
об учреждении Евразийского экономического сообщества

(Вступил в силу 30 мая 2001 года - Бюллетень международных
договоров РК, 2004 г., N 6, ст. 31)

      Республика Беларусь, Республика Казахстан, Кыргызская Республика, Российская Федерация и Республика Таджикистан, далее именуемые Договаривающимися Сторонами,
      движимые стремлением обеспечить свое динамичное развитие путем согласования проводимых социально-экономических преобразований при эффективном использовании экономических потенциалов для повышения уровня жизни своих народов;
      исполненные решимости повышать эффективность взаимодействия в целях развития процессов интеграции между ними и углублять взаимное сотрудничество в различных областях;
      осознавая необходимость координации подходов при интеграции в мировую экономику и международную торговую систему;
      выражая готовность в полной мере выполнять обязательства, принятые ими в соответствии с Соглашением о Таможенном союзе между Российской Федерацией и Республикой Беларусь от 6 января 1995 года, Соглашением о Таможенном союзе от 20 января 1995 года, Договором об углублении интеграции в экономической и гуманитарной областях от 29 марта 1996 года и Договором о Таможенном союзе и Едином экономическом пространстве от 26 февраля 1999 года;
      подтверждая свою приверженность принципам Устава Организации Объединенных Наций, а также общепризнанным принципам и нормам международного права,
      договорились о следующем:

  Статья 1
Учреждение международной организации

      Настоящим Договаривающиеся Стороны учреждают международную организацию "Евразийское экономическое сообщество" (далее - ЕврАзЭС или Сообщество).
      ЕврАзЭС обладает полномочиями, добровольно передаваемыми ему Договаривающимися Сторонами в соответствии с положениями настоящего Договора. Договаривающиеся Стороны остаются суверенными и равноправными субъектами международного права.

  Статья 2
Цели и задачи

      ЕврАзЭС создается для эффективного продвижения процесса формирования Договаривающимися Сторонами Таможенного союза и Единого экономического пространства, а также реализации других целей и задач, определенных в вышеназванных соглашениях о таможенном союзе, Договоре об углублении интеграции в экономической и гуманитарной областях и Договоре о Таможенном союзе и Едином экономическом пространстве, в соответствии с намеченными в указанных документах этапами.
      Ранее заключенные Договаривающимися Сторонами между собой договоры, а также решения органов управления интеграцией продолжают действовать в части, не противоречащей настоящему Договору.

  Статья 3
 Органы

      Обеспечивая преемственность созданных ранее Договаривающимися Сторонами органов управления интеграцией, для выполнения целей и задач настоящего Договора в рамках ЕврАзЭС действуют:
      Межгосударственный Совет (Межгоссовет);
      Интеграционный Комитет;
      Межпарламентская Ассамблея (МПА);
      Суд Сообщества.
      Решение о прекращении деятельности органов управления интеграцией, учрежденных Договором об углублении интеграции в экономической и гуманитарной областях от 29 марта 1996 года и Договором о Таможенном союзе и Едином экономическом пространстве от 26 февраля 1999 года, принимается Межгоссоветом.

  Статья 4
 Председательство

      Председательство в Межгосударственном Совете и Интеграционном комитете осуществляется поочередно в порядке русского алфавита каждым государством-членом Сообщества в течение одного года.
      Порядок председательства в других органах Сообщества определяется соответствующими положениями.

  Статья 5
    Межгосударственный Совет

      Межгосударственный Совет является высшим органом ЕврАзЭС. В его состав входят главы государств и главы правительств Договаривающихся Сторон.
      Межгоссовет рассматривает принципиальные вопросы Сообщества, связанные с общими интересами государств-участников, определяет стратегию, направления и перспективы развития интеграции и принимает решения, направленные на реализацию целей и задач ЕврАзЭС.
      Межгосударственный Совет дает поручения Интеграционному Комитету, обращается с запросами и рекомендациями к Межпарламентской Ассамблее, с запросами к Суду Сообщества.
      Межгоссовет своими решениями может учреждать вспомогательные органы Сообщества.
      Межгоссовет собирается на уровне глав государств не реже одного раза в год и на уровне глав правительств не реже двух раз в год. Заседания проводятся под руководством представителя Договаривающейся Стороны, председательствующей в Межгоссовете.
      Функции и порядок работы Межгоссовета определяются Положением, которое утверждается Межгоссоветом на уровне глав государств-участников ЕврАзЭС.
      Межгосударственный Совет является высшим органом таможенного союза. Решения по вопросам таможенного союза принимаются членами Межгоссовета от Договаривающихся Сторон, формирующих таможенный союз.
      Особенности порядка работы Межгоссовета при выполнении им функций высшего органа таможенного союза определяются Положением, утверждаемым Межгосударственным Советом
       Сноска. Статья 5 с изменениями, внесенными Законом РК от 22.04.2008 № 26-IV.

  Статья 6
Интеграционный Комитет

      Интеграционный Комитет является постоянно действующим органом ЕврАзЭС.
      1. Основные задачи Интеграционного Комитета:
      обеспечение взаимодействия органов ЕврАзЭС;
      подготовка предложений по повестке дня заседаний Межгоссовета и уровню их проведения, а также проектов решений и документов;
      подготовка предложений по формированию бюджета ЕврАзЭС и контроль за его
исполнением;
      контроль за реализацией решений, принятых Межгоссоветом.
      В целях выполнения своих задач Интеграционный Комитет:
      принимает решения в пределах полномочий, определенных настоящим Договором, а также делегированных ему Межгосударственным Советом;
      ежегодно представлять Межгоссовету доклад о положении дел в Сообществе и ходе реализации его целей и задач, отчет о своей деятельности, а также об исполнении бюджета ЕврАзЭС;
      рассматривает меры, направленные на достижение целей Сообщества, в том числе заключение соответствующих договоров и проведение Договаривающимися Сторонами единой политики по конкретным вопросам и готовит соответствующие предложения;
      имеет право обращаться с рекомендациями в Межгоссовет, с рекомендациями и запросами в Межпарламентскую Ассамблею и правительства Договаривающихся Сторон, с запросами в Суд Сообщества.
      2. В состав Интеграционного Комитета входят заместители глав правительств Договаривающихся Сторон. Председатель Интеграционного Комитета принимает участие в заседаниях Межгоссовета.
      Заседания Интеграционного Комитета проводятся не реже одного раза в три месяца.
      В период между заседаниями Интеграционного Комитета текущую работу Сообщества обеспечивает Комиссия Постоянных представителей (Постпредов) Договаривающихся Сторон при ЕврАзЭС, назначаемых главами государств-участников.
      3. Организация работы и информационно-техническое обеспечение Межгосударственного Совета и Интеграционного Комитета возлагаются на Секретариат Интеграционного Комитета (Секретариат).
      Секретариат возглавляется Генеральным секретарем, который назначается Межгосударственным Советом по представлению Интеграционного Комитета сроком на три года.
      Генеральный секретарь является высшим административным должностным лицом Сообщества, участвует в заседаниях Межгосударственного Совета и Интеграционного Комитета.
      Секретариат формируется из числа граждан государств-участников на квотной основе с учетом долевых взносов Договаривающихся Сторон в бюджет Сообщества и лиц, нанимаемых по контракту.
      При исполнении служебных обязанностей Генеральный секретарь и персонал секретариата не должны запрашивать или получать указания от какой бы то ни было Договаривающейся Стороны или власти, посторонней для Сообщества. Они должны воздерживаться от любых действий, которые могли бы отразиться на их положении как международных должностных лиц, ответственных только перед ЕврАзЭС.
      Договаривающиеся Стороны обязуются уважать международный характер обязанностей Генерального секретаря и персонала Секретариата и не пытаться оказывать на них влияние при исполнении ими служебных обязанностей.
      Функции и порядок работы Интеграционного Комитета определяются Положением, утверждаемым Межгосударственным Советом.

  Статья 7
Межпарламентская Ассамблея

      Межпарламентская Ассамблея является органом парламентского сотрудничества в рамках ЕврАзЭС, рассматривающим вопросы гармонизации (сближения, унификации) национального законодательства Договаривающихся Сторон и приведения его в соответствие с договорами, заключенными в рамках ЕврАзЭС в целях реализации задач Сообщества.
      Межпарламентская Ассамблея формируется из парламентариев, делегируемых парламентами Договаривающихся Сторон.
      Межпарламентская Ассамблея в пределах своих полномочий:
      разрабатывает Основы законодательства в базовых сферах правоотношений, подлежащие рассмотрению Межгоссоветом;
      принимает типовые проекты, на основе которых разрабатываются акты национального законодательства;
      может обращаться с рекомендациями к Межгоссовету, запросами и рекомендациями к Интеграционному Комитету и парламентам Договаривающихся Сторон, с запросами к Суду Сообщества.
      Положение о Межпарламентской Ассамблее утверждается Межгосударственным Советом.

  Статья 8
 Суд Сообщества

      Суд Сообщества обеспечивает единообразное применение Договаривающимися Сторонами настоящего Договора и других действующих в рамках Сообщества договоров и принимаемых органами ЕврАзЭС решений.
      Суд Сообщества рассматривает также споры экономического характера, возникающие между Договаривающимися Сторонами по вопросам реализации решений органов ЕврАзЭС и положений договоров, действующих в рамках Сообщества, дает по ним разъяснения, а также заключения.
      После объединения таможенных территорий Договаривающихся Сторон, формирующих таможенный союз, Суд Сообщества:
      1) рассматривает дела о соответствии актов органов таможенного союза международным договорам, формирующим правовую базу таможенного союза;
      2) рассматривает дела об оспаривании решений, действий (бездействия) органов таможенного союза;
      3) дает толкование международных договоров, формирующих правовую базу таможенного союза, актов, принятых органами таможенного союза;
      4) разрешает споры между Комиссией таможенного союза и государствами, входящими в таможенный союз, а также между государствами-членами таможенного союза по выполнению ими обязательств, принятых в рамках таможенного союза.
      К ведению Суда Сообщества могут быть отнесены и иные споры, разрешение которых предусмотрено международными договорами в рамках ЕврАзЭС.
      Суд Сообщества формируется из представителей Договаривающихся Сторон в количестве не более двух представителей от каждой Договаривающейся Стороны. Судьи назначаются Межпарламентской Ассамблеей по представлению Межгосударственного Совета сроком на шесть лет. В рассмотрении дел, основанных на применении или толковании международных договоров, формирующих правовую базу таможенного союза, актов органов таможенного союза, а также дел об оспаривании решений, действий (бездействия) органов таможенного союза участвуют судьи, являющиеся представителями Договаривающихся Сторон, формирующих таможенный союз.
      Правила производства и рассмотрения дел в Суде Сообщества, статус судей Суда Сообщества и организация деятельности Суда Сообщества определяются его Статутом.
      Сноска. Статья 8 в редакции Закона РК от 22.04.2008 № 26-IV.

Статья 9
 Членство

      Прием в члены ЕврАзЭС открыт для всех государств, которые примут на себя обязательства, вытекающие из настоящего Договора и других, действующих в рамках Сообщества договоров по списку, определяемому решением Межгосударственного Совета, и которые, по мнению членов ЕврАзЭС, могут и намерены эти обязательства выполнять.
      Любая Договаривающаяся Сторона вправе выйти из состава ЕврАзЭС, предварительно урегулировав свои обязательства перед Сообществом и его членами и направив в Интеграционный Комитет официальное уведомление о выходе из настоящего Договора не позднее, чем за двенадцать месяцев до даты выхода. Прекращение членства наступает в текущем бюджетном году, если уведомление направлено до принятия бюджета Сообщества на следующий бюджетный год. Если уведомление направлено после принятия бюджета на следующий год, то прекращение членства наступает в этом следующем бюджетном году.
      Участие в работе органов ЕврАзЭС Договаривающейся Стороны, нарушающей положения настоящего Договора и/или договоров, действующих в рамках Сообщества, может быть приостановлено решением Межгоссовета. Если эта Договаривающаяся Сторона продолжает нарушать свои обязательства, Межгоссовет может принять решение о ее исключении из Сообщества с даты, которую определяет сам Межгоссовет.

  Статья 10
 Наблюдатели

      Статус наблюдателя при ЕврАзЭС может предоставляться любому государству или международной межгосударственной (межправительственной) организации в случае обращения с соответствующей просьбой.
      Решения о предоставлении, приостановке или аннулировании статуса наблюдателя принимаются Межгосударственным Советом.

  Статья 11
 Правоспособность

      ЕврАзЭС пользуется на территории Каждой Договаривающейся Стороны правоспособностью, необходимой для реализации его целей и задач.
      ЕврАзЭС может устанавливать отношения с государствами и международными организациями и заключать с ними договоры.
      ЕврАзЭС пользуется правами юридического лица и для реализации своих целей и задач может, в частности:
      - заключать договоры;
      - приобретать имущество и распоряжаться им;
      - выступать в суде;
      - открывать счета и совершать операции с денежными средствами.

  Статья 12
 Местонахождение органов

      Местом нахождения Интеграционного Комитета является город Алматы (Республика Казахстан) и город Москва (Российская Федерация).
      Местом нахождения Межпарламентской Ассамблеи является город Санкт-Петербург (Российская Федерация).
      Местом нахождения Суда Сообщества является город Минск (Республика Беларусь).
      По решению Межгосударственного Совета в государствах-членах Сообщества могут открываться представительства Интеграционного Комитета.

Статья 13
Порядок принятия решений

      1. Межгосударственный Совет принимает все решения консенсусом, за исключением решений о приостановлении членства или об исключении из членов Сообщества, которые принимаются по принципу "консенсус минус голос заинтересованной Договаривающейся Стороны".
      2. В Интеграционном Комитете решения принимаются большинством в 2/3 голосов. В случае если за принятие решения проголосовали пять Договаривающихся Сторон, но при этом оно не набрало большинства в 2/3 голосов, то вопрос передается на рассмотрение Межгоссовета. Количество голосов каждой из Договаривающихся Сторон соответствует ее долевому взносу в бюджет Сообщества на содержание органов ЕврАзЭС, финансирование проведения заседаний органов Сообщества и Комиссии Постоянных представителей при ЕврАзЭС, и составляет:
      Республика Беларусь - 15 голосов;
      Республика Казахстан - 15 голосов;
      Кыргызская Республика - 7,5 голосов;
      Российская Федерация - 40 голосов;
      Республика Таджикистан - 7,5 голосов;
      Республика Узбекистан - 15 голосов.
      Сноска. Статья 13 в редакции Закона РК от 04.07.2006 № 154.

  Статья 14
Исполнение решений

      Решения органов ЕврАзЭС исполняются Договаривающимися Сторонами путем принятия необходимых национальных нормативных правовых актов в соответствии с национальным законодательством.
      Контроль за выполнением обязательств Договаривающихся Сторон по реализации настоящего Договора, других действующих в рамках Сообщества договоров и решений органов ЕврАзЭС осуществляется органами Сообщества в пределах их компетенции.

  Статья 15
 Финансирование

      1. Финансирование деятельности органов ЕврАзЭС осуществляется за счет средств бюджета Сообщества.
      Бюджет Сообщества на очередной финансовый год разрабатывается Секретариатом Интеграционного Комитета ЕврАзЭС по согласованию с государствами-членами, рассматривается в установленном порядке и утверждается Межгоссоветом.
      Бюджет Сообщества не может иметь дефицит.
      2. Бюджет Сообщества формируется за счет:
      1) долевых взносов Договаривающихся Сторон на содержание органов Сообщества, финансирование проведения заседаний органов Сообщества и Комиссии Постоянных представителей при ЕврАзЭС согласно следующей шкале:
      Республика Беларусь - 15 %;
      Республика Казахстан - 15 %;
      Кыргызская Республика - 7,5 %;
      Российская Федерация - 40 %;
      Республика Таджикистан - 7,5 %;
      Республика Узбекистан - 15 %;
      2) взносов Договаривающихся Сторон на финансирование межгосударственных целевых программ ЕврАзЭС и иных мероприятий, определяемых решениями Межгоссовета в пропорциях, соответствующих степени участия Договаривающихся Сторон, согласно решениям Межгоссовета по каждой программе.
      3. Средства бюджета Сообщества направляются на:
      содержание органов Сообщества;
      финансирование проведения заседаний органов Сообщества и Комиссии Постоянных представителей при ЕврАзЭС;
      финансирование межгосударственных целевых программ ЕврАзЭС;
      иные мероприятия, не противоречащие целям и задачам ЕврАзЭС, утвержденные Межгоссоветом.
      4. В случае если задолженность по долевым взносам одной из Договаривающихся Сторон перед бюджетом ЕврАзЭС превышает сумму, эквивалентную ее годичному долевому взносу, решением Межгосударственного Совета она может быть лишена права голосования в органах Сообщества до полного погашения задолженности. Принадлежавшие ей голоса распределяются между остальными Договаривающимися Сторонами пропорционально их долевым взносам в бюджет Сообщества на содержание органов ЕврАзЭС и финансирование проведения заседаний органов Сообщества и Комиссии Постоянных представителей при ЕврАзЭС.
      Сноска. Статья 15 в редакции Закона РК от 04.07.2006 № 154.

  Статья 16
 Привилегии и иммунитеты

      Сообщество и его должностные лица пользуются привилегиями и иммунитетами, которые необходимы для выполнения функций и достижения целей, предусмотренных настоящим Договором и договорами, действующими в рамках ЕврАзЭС.
      Объем привилегий и иммунитетов Сообщества и его должностных лиц, персонала Секретариата и Представительств Интеграционного Комитета, а также Постпредов Договаривающихся Сторон при Сообществе определяется отдельными документами.

  Статья 17
 Рабочий язык

      Рабочим языком ЕврАзЭС является русский язык.

  Статья 18
 Срок действия и вступление в силу

      Настоящий Договор заключается на неопределенный срок. 
      Настоящий Договор подлежит ратификации Договаривающимися Сторонами и вступает в силу с даты сдачи депозитарию, которым является Интеграционный Комитет, последнего уведомления о выполнении внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу. 
      Стороны, в случае необходимости, приводят свое национальное законодательство в соответствие с положениями настоящего Договора. 

  Статья 19
Изменения и дополнения

      В настоящий Договор могут быть внесены изменения и дополнения, которые оформляются Договаривающимися Сторонами отдельным протоколом, являющимся неотъемлемой частью настоящего Договора.

  Статья 20
 Регистрация

      Настоящий Договор в соответствии со статьей 102 Устава ООН подлежит регистрации в Секретариате Организации Объединенных Наций.
      Совершено в городе Астана 10 октября 2000 года в одном экземпляре на белорусском, казахском, кыргызском, русском и таджикском языках, причем все тексты имеют одинаковую силу. В случае возникновения разногласий по тексту настоящего Договора Договаривающиеся Стороны будут использовать текст на русском языке.
      Подлинный экземпляр Договора хранится в Интеграционном Комитете, который направит каждой Договаривающейся Стороне его заверенную копию.

За            За            За            За            За
Республику   Республику    Кыргызскую    Российскую    Республику
Беларусь    Казахстан     Республику    Федерацию     Таджикистан

      Настоящим удостоверяю, что прилагаемые тексты являются аутентичными копиями Решения N 78 "О Договоре об учреждении Евразийского экономического сообщества", принятого на заседании Межгосударственного Совета 10 октября 2000 года в городе Астане и Договора об учреждении Евразийского экономического сообщества, подписанного Президентом Республики Беларусь А.Г. Лукашенко, Президентом Республики Казахстан Н.А. Назарбаевым, Президентом Кыргызской Республики А.А. Акаевым, Президентом Российской Федерации В.В. Путиным и Президентом Республики Таджикистан Э.Ш. Рахмоновым.
      Подлинные экземпляры вышеупомянутых документов хранятся в Интеграционном Комитете Республики Беларусь, Республики Казахстан, Кыргызской Республики, Российской Федерации и Республики Таджикистан.

      Заместитель Управляющего делами
      Интеграционного Комитета