Байланыс формасы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 22 маусым N 213-ІІ

      1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Z952235_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар; N 10, 234-құжат; 2001 ж., N 3, 16-құжат; 2001 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Z010183_ Заңы) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1. 34-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" 2001 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Z010173_ Заңына сәйкес жеке тұлғалардың жария етілген ақшасы.".
      2. 58-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Түсті және қара металл сынықтары экспортын, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасына тауарлар экспорты кезінде қосылған құн салығы ескерілген бағаны қолданатын мемлекеттерге тауарлар экспортын қоспағанда, тауарлар экспортына нөлдік ставка бойынша салық салынады.".

     2-бап. Осы Заңның 1-бабының 1-тармағы ресми жарияланған күнінен 
бастап қолданысқа енгізіледі.
     Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 2001 жылғы 1 шілдеден бастап 
қолданысқа енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының
           Президенті
     
     Мамандар:
        Багарова Ж.А.,
        Жұманазарова А.Б. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады