Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот ісін жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 11 шілде N 238-II

      Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
      1. 1999 жылғы 13 шілдедегі K990411_ Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 1999 ж, N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат):

      1) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "28-бап. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың соттауына
               жататын азаматтық істер
      1. Облыстық және оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы соттар ретінде:
      1) талап қою бағасы арызды беру кезіне заңмен белгіленген он бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кезде тараптары заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар болып табылатын мүліктік даулар жөніндегі;
      2) тараптардың бiрi халықаралық немесе шетелдік ұйым болып табылатын;
      3) министрліктер, басқа да республикалық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын, есеп беретiн органдардың нормативтік құқықтық актілеріне дау айту туралы;
      4) аумақтық сайлау комиссияларының референдум, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, өкiлдi органдар депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) азаматтардың дау айтуы туралы азаматтық iстердi қарайды.
      2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi лауазымды адамдарының заңға қайшы әрекеттерiне талап қоюы жөнiндегi iстердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, министрлiктер мен басқа да республикалық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын, есеп беретiн органдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, ұйымдардың құқықтарына қатысты нормативтiк емес актiлерiне дау айту туралы iстердi Астана қаласының соты қарайды";

      2) 29-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "30-бап. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға
               жатқызылуы
      1. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар, осы Кодекстiң 28-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2), 3), 4) тармақшаларында, екiншi бөлiгiнде, 29-бапта көзделген iстердi қоспағанда, тараптары заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар жөнiндегi азаматтық iстердi қарайды.
      2. Азаматтық iстердiң басқа мамандандырылған соттардың соттауына жатқызылуы осы Кодекспен белгіленедi.";
      4) 35-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бiр арызға бiрiктiрiлген, әртүрлi соттардың соттауына жататын талаптар, егер бұл ретте осы Кодекстiң 171-бабына сәйкес жоғары тұрған соттың судьясы бұл талаптарды бөлу туралы ұйғарым шығармаса, мәлiмделген талаптардың бiрi соттауына жатқызылған жоғары тұрған сотта қаралады.";
      5) 37-бапта:

     бiрiншi бөлiктегi "Азаматты әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы 
істердi қоспағанда", ", сондай-ақ апелляциялық сот сатысындағы" деген 
сөздер алып тасталсын, "соттың" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
     екiншi бөлiктегi "Азаматты әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы 
iстердi бiрiншi сатыдағы сотта, сондай-ақ барлық iстердi кассациялық," 
деген сөздер "Iстердi апелляциялық сотта немесе" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     6) 38-баптың 3-бөлiгiндегi ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
     7) 39-бапта:
     бiрiншi және екiншi бөлiктердегi ", кассациялық" деген сөз алып 
тасталсын;
     үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
     "3. Апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы сотта iстi қарауға 
қатысқан судья, өзiнiң қатысуымен қабылданған қаулы күшiн жойған жағдайда 
аталған сатыларда осы iстi қарауға қайтадан қатыса алмайды.";
     4-бөлiктегi "немесе кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
     8) 40-баптың бiрiншi бөлiгiнің 3) тармақшасындағы "күмән туғызатын" 
деген сөздiң алдынан "негiздi" деген сөзбен толықтырылсын;
     9) 42-баптың бесiншi бөлiгiндегi ", кассациялық" деген сөз алып 
тасталсын;
     10) 110-баптың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
     11) 118-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "(қаулысы, ұсынысы)" деген сөздер 
алып тасталсын;
     12) 135-баптың екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен 
толықтырылсын:
     "Iздестiру шаралары барысында жауапкердiң жүрген жерi анықталған 
кезде оған сотқа шақыру туралы соттың шақыру қағазы табыс етiледi.";
     екiншi және үшiншi бөлiктерде "салық" деген сөз "қаржы" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     13) 12-тарау алып тасталсын;
     14) 140-бапта:
     5) тармақша "азаматтардан" деген сөзден кейiн "және заңды 
тұлғалардан" деген сөздермен толықтырылсын;
     7) тармақшада "салық" деген сөз "қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын;
     8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
     15) 148-баптың бiрiншi бөлiгi "1." цифрымен белгiленсiн, мынадай 
мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
     "2. Сот бұйрығының күшiн жою туралы қаулы шағымдануға немесе 
наразылық келтiруге жатпайды.";
     16) 150-баптың екiншi бөлiгiнiң 7) тармақшасы алып тасталсын;
     17) 151-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
     18) 220-баптың екiншi бөлiгiндегi "өтiнiмi" деген сөз "жазбаша 
өтiнiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;


      19) 231-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасындағы "шешпесе" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "қосымша шешiм шығара алады." деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) егер сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi сот шешпесе, қосымша шешiм шығара алады.";
      20) 234-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "шешiмiмен" және "шешiмi" деген сөздер "актiсiмен" және "актiсi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) 235-бапта:
      бiрiншi және екiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Аудандық, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың бiрiншi сатыда қаралған iстер бойынша шығарған шешiмдерi, егер оларға шағым немесе наразылық келтiрiлмесе, оларға апелляциялық шағымдану, наразылық келтiру мерзiмi өткен соң заңды күшiне енедi.
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бiрiншi сатыда қаралған iстер бойынша шығарған шешiмдерi олар жарияланған күннен бастап заңды күшiне енедi.";
      үшiншi бөлiктегi "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын, ал "ұйғарым" деген сөз "қаулы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      22) 236-бапта:
      екiншi бөлiктегi екiншi сөйлем алып тасталсын;
      төртiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Атқару парақтарын (бұдан әрi - атқару құжаттарын) бiрiншi сатыдағы сот шешiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтқан күннен бастап үш тәулiк iшiнде жазады және оларда: ... көрсетілуге тиiс.";

      23) мынадай мазмұндағы 240-1, 240-2, 240-3-баптармен толықтырылсын:
      "240-1-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару
      Заңды күшiне енiп, толық немесе iшiнара орындалған сот шешiмiнiң күшi жойылған және сот талап қоюдан толық немесе бiр бөлiгiнде бас тарту туралы жаңа шешiм шығарған не iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы немесе талап қоюды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарған жағдайда талапкерден күшi жойылған шешiм бойынша алғанының бәрi өндiрiлiп алынады (шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару).

      240-2-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы
                 мәселенi қарау
      1. Күшi жойылған шешiмдi орындау орын алған iс бойынша жаңа шешiм шығарған сот жауапкердiң жазбаша арызы бойынша орындауды қайта бұрып атқару туралы мәселенi қарайды және бұл мәселенi жаңа шешiммен шешедi.
      2. Егер сот iстi жаңадан қараған кезде күшi жойылған шешiм бойынша орындауды қайта бұрып атқару мәселесiн шешпесе, жауапкердiң шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызы iске қатысушы адамдарды, ал қажет болған жағдайда күшi жойылған шешiмдi орындаған органды да хабарландыра отырып, соттың бөлек отырысында қаралады. Аталған адамдар шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызды қараудың орны мен уақыты туралы хабарландырылады, алайда олардың сот отырысына келмей қалуы орындауды қайта бұрып атқару туралы мәселенi шешу үшiн кедергi болмайды.
      3. Шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағым немесе наразылық келтiрiлуi мүмкiн.

      240-3-бап. Апелляциялық немесе қадағалау сатысы сотының шешiмнiң
                 орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселенi шешуi
      Апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы сот бiрiншi сатыдағы сот шешiмiмен бұрын күшi жойылған шешiмнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселе шешiлмеген iстi қараған кезде, бұл мәселенi iсте бiрiншi сатыдағы соттың күшi жойылған шешiмiнiң орындалғаны туралы анық деректер болғанда ғана шешедi. Басқа жағдайда орындауды қайта бұрып атқару туралы мәселе осы Кодекстiң 240-2-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен шешiледi.";

      24) 242-баптың 4) тармақшасындағы "сот iсiн жүргiзуде немесе

әкiмшiлiк тәртiппен" деген сөздер "немесе әкiмшiлік сот iсiн жүргiзуде" 
деген сөздермен ауыстырылсын;
     25) 244-баптың 3) тармақшасындағы ", ұйғарымы заңды күшiне енгенге 
немесе әкiмшiлiк тәртiппен қаралып жатқан iс бойынша қаулы" деген сөздер 
"немесе соттың қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
     26) 253-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
     "4. Мүдделерiне қатысы бар жеке ұйғарымға адамдар осы Кодекстiң 
344-бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен шағым бере алады.";
     27) 264-баптың екiншi бөлiгiндегi "немесе кассациялық" деген сөздер 
алып тасталсын;
     28) 274-баптың екiншi бөлiгiндегi "кассациялық" деген сөз 
"апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
     29) 26-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

     "26-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕРДI ҚАРАУҒА УӘКIЛЕТТI 
                ОРГАНДАРДЫҢ (ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ) ҚАУЛЫЛАРЫНА ДАУ АЙТУ    
                ТУРАЛЫ IСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ"
     
     30) 275-бапта:


      баптың тақырыбы мен мәтiнiндегi "Арыз", "арызда", "арызды" деген сөздер тиiсiнше "Шағым", "шағымда", "шағымды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 538-бабының 2) және 3) тармақшаларында аталған органдар (лауазымды адамдар) шығарған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi заңды күшiне енбеген қаулыларына әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған, жәбiр көрген адамдар және олардың заңды өкiлдерi мен қорғаушылары сотқа шағымдануы, сондай-ақ прокурор сотқа наразылық келтiруi мүмкiн.";
      үшiншi бөлiк алып тасталсын;
      31) мынадай мазмұндағы 275-1-баппен толықтырылсын:
      "275-1-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыға
                  сотқа шағымдану мен наразылық келтiрудiң тәртiбi
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысына осы Кодекстiң 275-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар қаулының көшiрмесi табыс етiлген күннен кейiн он күн iшiнде тiкелей сотқа шағым бере алады.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысына осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мерзiмдерде аталған адамдар сотқа шағым бере алады.
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және сотқа бiр мезгiлде түссе, онда шағымды сот қарайды.
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға прокурор қаулының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн ішiнде сотқа наразылық келтiруi мүмкiн.";
      32) 276-баптың тақырыбы мен мәтiнiндегi "Арызды", "арызды" "арыз" деген сөздер тиiсiнше "Шағымды", "шағымды", "шағым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      33) 277-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "шешiм" деген сөз "ұйғарым" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысына жасалған шағым (наразылық) бойынша шығарылған заңды күшiне енген және енбеген сот ұйғарымдарына шағымдану Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.";
      34) 27-тараудың тақырыбындағы "Азаматтардың" деген сөз алып тасталсын, "мемлекеттiк" деген сөз бас әрiппен жазылсын, "айтуы" деген сөз "айту" деген сөзбен ауыстырылсын;
      35) 278-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "Азамат" деген сөзден кейiн "және заңды тұлға" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiктегi "азамат өзiнiң тұрғылықты жерiндегi сотқа" деген сөздер "азаматтың тұрғылықты жерiндегi сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктегi "облыстық" деген сөз "аудандық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiк алып тасталсын;
      36) 279-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      1) тармақшадағы "азаматтың құқықтары мен бостандықтары" деген сөздер "азаматтың және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша "бостандықтарын" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ заңды тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) азаматқа немесе заңды тұлғаға әлдебiр мiндет заңсыз жүктелген немесе олар заңсыз жауапқа тартылған алқалық және жеке-дара шешiмдер мен әрекеттер (әрекетсiздiк) жатады.";
      екiншi бөлiктiң 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) оларға қатысты заң сотқа шағымданудың өзгеше тәртiбiн көздейтiн жеке-дара және нормативтiк құқықтық актiлерге сотта дау айтуға болмайды;";
      37) 280-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Азамат және заңды тұлға өз құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылғаны туралы өздерiне мәлiм болған күннен бастап үш ай iшiнде сотқа арызбен жүгiнуге құқылы.";
      38) 281-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "сот азаматтың" деген сөздер "сот бiр ай мерзiм iшiнде азаматтың, заңды тұлға өкiлiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      39) 282-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "азамат құқықтары мен бостандықтарын" деген сөздер "азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, және заңмен қорғалатын мүдделерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "азаматтың құқықтары не бостандықтары" деген сөздер "азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiктегi "және азаматқа" деген сөздер ", азаматқа немесе заңды тұлғаға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      40) 28-тараудың атауындағы "Азаматтардың" деген сөз алып тасталып, "нормативтiк" деген сөз бас әрiппен жазылсын, "даулары" деген сөз "даулар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      283-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өздерiне нормативтiк құқықтық актiнiң күшi қолданылатын, мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңда көзделген тәртiппен қабылданып, жарияланған нормативтiк құқықтық актiсiмен азаматтардың немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында кепiлдiк берiлген құқықтары және заңмен қорғалған мүдделерi бұзылып отыр деп санайтын азамат немесе заңды тұлға бұл актiнi заңға толық немесе жекелеген бөлiгiнде қайшы келедi деп тану туралы арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.";
      төртiншi бөлiктегi "Азаматтың арызы" деген сөздер "Азаматтың және заңды тұлғаның арызы" деген сөздермен ауыстырылсын, "азаматтың нақты қандай құқықтары мен бостандықтары" деген сөздер "азаматтың және заңды тұлғаның нақты қандай құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      41) 284-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "арызбен жүгiнген азаматқа" деген сөздер "арызбен жүгiнген азаматқа немесе заңды тұлғаға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "азаматтың," деген сөз "азаматтың немесе заңды тұлға өкiлiнiң," деген сөздермен ауыстырылсын;

      42) 29-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "29-тарау. ПРОКУРОРДЫҢ ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ
                 АКТIЛЕРI МЕН IС-ӘРЕКЕТТЕРIН ЗАҢСЫЗ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ
                 ЖҮГIНУІ"

      43) 286-баптың бiрiншi бөлiгiндегi бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Заңға сәйкес келмейтiн нормативтiк құқықтық актiге және (немесе) жеке қолданылатын құқықтық актiге, сондай-ақ мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның iс-әрекетiне прокурордың наразылығын заңсыз акт шығарған немесе заңсыз iс-әрекет жасаған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам қабылдамаған жағдайда, прокурор наразылық келтiрiлген актiнi немесе iс-әрекеттi заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгiнедi.";
      44) 288-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "заңсыз" деген сөз ", жеке қолданылатын құқықтық

актiнi немесе iс-әрекеттi заңсыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
     екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Егер сот наразылық келтiрiлген актiнi немесе iс-әрекеттi заңға 
және органның немесе лауазымды тұлғаның өкiлеттiгiне сәйкес деп таныса, ол 
арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм шығарады.";
     45) 289-баптың бiрiншi бөлiгi 9) тармақшасындағы "iстер жатады" деген 
сөздер алып тасталсын, "туралы" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, 
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
     "10) бала асырап алу туралы iстер жатады."; 
     
     46) мынадай мазмұндағы 36-1 тараумен толықтырылсын:
     "36-1 тарау. ҰЛ (ҚЫЗ) АСЫРАП АЛУ ТУРАЛЫ
                  ӨТIНIШТЕР БОЙЫНША IС ЖҮРГIЗУ 
     
     317-1-бап. Өтiнiш беру


      Жасы кәмелетке толмаған ұл немесе қыз асырап алу (бұдан әрi - бала асырап алу) туралы өтінішті бала асырап алғысы келетін азаматтар баланың тұрғылықты (жүрген) жерiндегi аудандық және оған теңестiрiлген сотқа бередi.

      317-2-бап. Өтініштің мазмұны
      1. Баланы асырап алу туралы өтініште:
      1) бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) фамилиясы, аты, әкесінің аты, олардың тұрғылықты жері;
      2) асырап алынатын баланың фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты (жүрген) жері, асырап алынатын баланың ата-аналары, аға-інілері мен апа-қарындастарының бар-жоғы туралы мәліметтер;
      3) бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) баланы асырап алу жөніндегі негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
      4) баланы асырап алушылар (бала асырап алушы) баланың тууы туралы акт жазбасына тиісті өзгерістер енгізгісі келген жағдайда, асырап алынатын баланың фамилиясын, атын, әкесінің атын, туған күнін (баланы бір жасқа дейін асырап алған жағдайда), асырап алынатын баланың туған жерін өзгерту туралы, баланың тууы туралы акт жазбасына бала асырап алушыларды (бала асырап алушыны) ата-аналар (ата-ана) ретінде жазу туралы өтініш көрсетілуге тиіс.

      317-3-бап. Судьяның өтінішті қабылдап алғаннан кейінгі іс-әрекеті
      Судья істі сотта қарауға әзірлеу кезінде асырап алынатын баланың тұрғылықты (жүрген) жеріндегі қамқоршылық және қорғаншылық органдарын асырап алудың негізділігі туралы және асырап алудың баланың мүддесіне сәйкестігі туралы сотқа қорытынды беруге міндеттейді.

      317-4-бап. Өтініштерді қарау
      Баланы асырап алу туралы істерді сот баланы асырап алушылардың (баланы асырап алушының) өздерінің, қамқоршы және қорғаншы органдар өкілдерінің, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды.
      Сот қажет болған жағдайларда, іске қатысуға асырап алынатын баланың ата-аналарын (ата-анасын) немесе өзге заңды өкілдерін, оның туысқандарын және басқа мүдделі адамдарды, сондай-ақ он жасқа толған баланың өзін тарта алады.
      Сот баланы асырап алу туралы істерді соттың жабық отырысында қарайды.

      317-5-бап. Соттың өтініш бойынша шешімі
      Баланы асырап алу туралы өтінішті қарап, сот өтінішті қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан толық бас тарту немесе бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) өздерін баланың ата-аналары (ата-анасы) ретінде оның тууы туралы акт жазбасына жазу туралы, сондай-ақ баланың туған күні мен жерін өзгерту туралы өтінішін қанағаттандыру бөлігінде бас тарту туралы шешім шығарады.
      Баланы асырап алу туралы өтiнiш қанағаттандырылған жағдайда, бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) және асырап алынған баланың өзара құқықтары мен мiндеттерi сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап пайда болады.
      Соттың заңды күшiне енген шешiмi баланы асырап алуды мемлекеттiк тiркеу үшiн сот орналасқан жердегi азаматтық хал актiлерiн жазу органына, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы органға жiберiледi.";
      47) 3-бөлiмнiң тақырыбында "қаулыларын" деген сөз "актiлерiн" деген сөзбен ауыстырылсын;

      48) 40-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "40-тарау. СОТ АКТIЛЕРIНЕ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАНУ,
                 НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТIРУ";

      49) 332-бапта:
      тақырыптағы "және кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
      баптың мәтiнiндегi "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
      бiрiншi бөлiкте "сот шешiмдерiне" деген сөздердiң алдынан

", Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешiмдерiнен басқа, бiрiншi 
сатыдағы" деген сөздермен толықтырылсын; 
     
     50) 333-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "333-бап. Заңды күшiне енбеген шешiмдерге апелляциялық
               шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар
     Апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды:
     1) аудандық және оларға теңестiрiлген соттар шығарған шешiмдерге 
- облыстық және оған теңестiрiлген соттың азаматтық iстер жөнiндегi алқасы;
     2) облыстық және оларға теңестiрiлген бiрiншi сатыдағы соттар 
шығарған шешiмдерге - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық 
iстер жөнiндегi алқасы қарайды.";
     51) 334-баптың тақырыбы мен бiрiншi бөлiгiндегi "немесе кассациялық" 
деген сөздер алып тасталсын;
     52) 335-бапта:
     тақырыптағы және бiрiншi бөлiктегi ", кассациялық" деген сөз алып 
тасталсын;
     төртiншi бөлiк алып тасталсын;
     53) 336-бапта: 
     тақырыптағы және бiрiншi бөлiктегi ", кассациялық" деген сөз алып 
тасталсын;
     екiншi бөлiктегi ", сонымен қатар кассациялық шағымды немесе 
наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы бiрiншi немесе апелляциялық 
сатыдағы сот қаулысына" деген сөздер алып тасталсын;
     54) 337-баптың тақырыбы мен мәтiнiндегi ", кассациялық" деген сөз 
алып тасталсын;
     55) 338-бапта:
     тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
     "338-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың апелляциялық
               шағымды, наразылықты алғаннан кейiнгi әрекетi";
     мәтiндегi ", кассациялық", "немесе кассациялық" деген сөздер алып
тасталсын;


      бiрiншi бөлiктiң 2) тармақшасындағы "мiндеттi" деген сөз алып

тасталып, "жiберуге" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылсын, мынадай 
мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
     "3) iске қатысушы адамдарды iстi апелляциялық сатыда қараудың орны 
мен уақыты туралы тиiсiнше хабардар етуге мiндеттi. Iстiң апелляциялық 
сатыда қаралатын күнi туралы хабар iс апелляциялық сатыдағы сотта 
зерделенетiндей, ал iске қатысушы адамдар апелляциялық сатыдағы сот 
отырысына қатысу құқығын пайдаланудың нақты мүмкiндiгiне ие болатындай 
есеппен берiлуге тиiс.";
     56) 339-баптың тақырыбы мен мәтiнiндегi ", кассациялық" деген сөз 
алып тасталсын;
     57) 340-баптың тақырыбы мен бiрiншi бөлiгiндегi ", кассациялық" деген 
сөз алып тасталсын;
     58) 341-баптың тақырыбы мен мәтiнiндегi ", кассациялық" деген сөздер 
алып тасталсын;
     59) 342-бапта:
     бiрiншi бөлiктегi ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
     екiншi бөлiктегi ", ал кассациялық саты - бiрiншi немесе апелляциялық 
сатыдағы сот шығарған" деген сөздер алып тасталсын;
     60) 343-бапта:
     "Кассациялық" деген сөз "Апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын,
", қаулының" деген сөз алып тасталсын;
     бап "қабылданған" деген сөзден кейiн үтiр қойылып, "осы Кодекстiң 
237-бабында аталған iстер бойынша шешiмдерден басқа," деген сөздермен 
толықтырылсын;
     61) 344-бапта:
     тақырыптағы ", апелляциялық" деген сөз алып тасталсын;
     бiрiншi бөлiкте:
     бiрiншi сөйлемдегi "немесе апелляциялық" деген сөздер алып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:


      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының iстi бiрiншi сатыдағы сот ретiнде қараған кезде шығарған қаулылары апелляциялық тәртiппен шағымдануға, наразылық келтiруге жатпайды және олар жария етiлген күнiнен бастап күшiне енедi.";
      екiншi бөлiктегi "немесе апелляциялық" және ", кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
      үшiншi бөлiктегi "және кассациялық", "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
      төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Бiрiншi саты бойынша iстердi қарау кезiнде аудандық немесе облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың қаулыларына жеке шағымдар, наразылықтар апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалып отырған қаулы шығарылған күннен бастап он күн iшiнде беріледi. Жеке шағым немесе наразылық қаулы шығару кезiнде қаралу нысанасы болған барлық құжаттарды қосып, қаулы шығарған сот арқылы берiледi. Жеке шағым, наразылық осы Кодекстiң 41-тарауында белгiленген ережелер бойынша апелляциялық тәртiппен қаралады.";
      бесiншi бөлiктегi ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырылсын:
      "6. Жеке шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша:
      1) қаулыны - өзгерiссiз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
      2) қаулының күшiн толық немесе бiр бөлiгiнде жою және мәселенi

бiрiншi апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға беру туралы;
     3) қаулының күшiн толық немесе бiр бөлiгiнде жою және мәселенi
мәнi бойынша шешу туралы қаулы шығарылады."; 
     
     62) 345-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "345-бап. Iстi апелляциялық тәртiппен қараудың шектерi
     1. Iстi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде сот бiрiншi сатыдағы
сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемiнде тексередi.
     2. Апелляциялық сатыдағы сот мәлiмделген талап қою шегiнде жаңа
фактiлердi анықтап, тараптың дәлелдi себептер бойынша бiрiншi сатыдағы
сотқа беруге нақты мүмкiндiгi болмаған жаңа дәлелдемелердi зерттей
алады.";
     63) 346-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "346-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы 
     Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 253-бабында көзделген 
негiздер мен тәртiп бойынша жеке ұйғарым шығара алады.";
     64) 348-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "348-бап. Iстi апелляциялық сатыдағы соттың қарауына әзiрлеу
     Апелляциялық сатыдағы судья апелляциялық шағым немесе наразылық 
келтiрiлген iстi алғаннан кейiн бiрiншi сатыдағы соттың осы Кодекстiң 
338-бабының талаптарын орындауын тексередi, iстiң материалдарын, 
апелляциялық шағымның, наразылықтың дәлелдерiн және оларға қоса берiлген 
материалдарды зерделейдi; iстi белгiленген мерзiмде қарау мүмкiн болмаған 
жағдайда iске қатысушы адамдарға iстi қараудың жаңа мерзiмi туралы 
хабарлайды.";
     65) 349-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "349-бап. Iстi қарау мерзiмдерi


      Iс апелляциялық сатыда ол бiрiншi сатыдағы соттан келiп түскен күннен бастап бiр айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралуға тиiс.";
      66) 350-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "350-бап. Апелляциялық сатыдағы сотта iс жүргiзу
      1. Апелляциялық сатыдағы сотта iс жүргiзу осы Кодекстiң 41-тарауында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
      2. Апелляциялық сатыдағы соттың отырысына iс бойынша қорытынды беретiн прокурор мiндеттi түрде қатысады.";
      67) 351-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "351-бап. Iстi талқылаудың басталуы
      1. Төрағалық етушi апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысын ашып, қандай iс, кiмнiң шағымы немесе наразылығы бойынша және қай соттың шешiмi қаралып отырғанын, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттың құрамын және егер iстiң қаралуына қатысып отырса, прокурорды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды хабарлайды.
      Төрағалық етушi iске қатысушы адамдардың қайсысы келгенiн анықтайды, келген адамдардың кiмдер екенiн айқындайды, өкiлдердiң өкілеттігін тексереді және олардың судьяларға, прокурорға, аудармашыға, сарапшыға, маманға қарсылығының бар-жоғын, өтiнiштердiң бар-жоғын анықтайды. Егер қарсылықтар мәлiмделсе, олар осы Кодекстiң 42-бабында белгіленген тәртiппен шешiледi.
      2. Iстi мәнi бойынша қарау судьяның шағым жасалған шешiмнiң мән-жайы, апелляциялық шағымның, наразылықтың дәлелдерi және iс материалдары туралы баяндамасымен басталады.";
      68) 352-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "3. Iстi талқылау кейiнге қалдырылған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот iске қатысушы адамдарға соттың қайта өткiзiлетiн отырысында iстiң қаралу уақыты мен орны жайында тиiсiнше хабарлайды. Бұл жағдайда iстi талқылау басынан бастап жүргiзiледi.";
      69) 355-баптың екiншi бөлiгiндегi "дәлелдемелердi тексередi" деген сөздердiң алдынан ", дәлелдi себептермен олар бiрiншi сатыдағы соттың қарауына табыс ете алмаған," деген сөздер қосылып, осы сөйлемнен кейiн мынадай сөйлеммен толықтырылсын: "Сотқа қосымша дәлелдемелер табыс еткен тұлғалар олардың қандай жолмен алынғанын және қосымша дәлелдемелер табыс ету қажеттiгi қандай мән-жайларға байланысты туындағанын көрсетуге мiндеттi.";
      70) 356-бапта:
      бiрiншi бөлiгiндегi "судья" деген сөз "төрағалық етушi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiгi "Сот жарыссөзi" деген сөздерден кейiн "және прокурордың қорытынды сөзiн тыңдау" деген сөздермен толықтырылсын";

      71) 357-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "357-бап. Апелляциялық қаулы шығару
      1. Апелляциялық қаулы кеңесу бөлмесiнде шығарылып, оған судьялардың

барлық құрамы қол қояды және судьялар кеңесу бөлмесiнен қайтып келген соң, 
отырыс залында жарияланады.
     2. Сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, 
қаулының қарарлық бөлiгiн шығара алады. Бұл жағдайда қаулының толық мәтiнi 
iстi қараған күннен бастап бес күндiк мерзiмде жазылып, оған барлық 
судьялар қол қояды.";
     72) 358-баптың 4) тармақшасындағы "көзделген" деген сөзден кейiн 
"материалдық немесе" деген сөздермен толықтырылсын, "366" деген циФр "364" 
деген цифрмен ауыстырылсын;
     73) 359-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "359-бап. Апелляциялық сатыдағы сот актiлерi
     Апелляциялық саты iстi қарау нәтижелерi бойынша сот актiсiн қаулы 
түрінде шығарады.";
     74) 360-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "360-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны
     1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында:
     1) қаулының шығарылған уақыты мен орыны;
     2) соттың атауы, сот құрамы;
     3) апелляциялық шағым немесе наразылық берген адам;


      4) шешiмнiң, апелляциялық шағымның немесе наразылықтың, iстi апелляциялық сатыда қарау кезiнде оған қатысушы адамдар табыс еткен дәлелдемелердiң, түсiнiктемелердiң қысқаша мазмұны;
      5) сотты өз қорытындысын жасауға әкелген себептер және сот басшылыққа алған заңдарға сiлтеме;
      6) сот қаулысы көрсетiлуге тиiс.
      2. Апелляциялық шағым немесе наразылық қанағаттандырылмай қалдырылған жағдайда сот сол бойынша шағым немесе наразылық дәлелдерi дұрыс емес немесе шешiмнiң күшiн жоюға негiз болып табылмайды деп танудың себептерiн көрсетуге мiндеттi.
      3. Шешiмнiң толық немесе бiр бөлiгiндегi күшiн жойған және iстi жаңадан қарауға берген жағдайда сот iстiң қандай мән-жайларын анықтау қажеттiгiн, қандай дәлелдемелердi зерттеу керектiгiн көрсетуге, бiрiншi сатыдағы сот жасауға тиiстi басқа да iс-әрекеттердi көрсетуге мiндеттi.
      4. Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiнiң күшiн жойған және жаңа шешiм шығарған кезде апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында сол бойынша бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiнiң күшi жойылған негiздер, апелляциялық сатыдағы соттың қорытындылары және оның шешiмi көрсетiлуге тиiс.
      5. Осы Кодекстiң 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiпте апелляциялық сатыдағы сот кеткен қате жазбалар және анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе оның мәнiн өзгертпей шығарылған қаулыны түсiндiруге

құқылы. Апелляциялық сатыдағы соттың аталған мәселелер жөнiндегi қаулысы 
шығарылған күнiнен бастап күшiне енедi.";
     75) 361-бап алып тасталсын;
     76) 368-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "368-бап. Апелляциялық сатыдағы сот қаулыларының заңды күшiне 
               енуi 
     Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары қабылданған күннен бастап 
заңды күшiне енедi.";
     77) 42-тарау алып тасталсын;
     78) 384-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "384-бап. Сот қаулыларын қадағалау тәртiбiмен қайта қарау 


      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы барлық соттарының заңды күшiне енген актiлерi, осы тарауда көзделген негiздер болған сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн.
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасының қаулыларын қайта қарауға және iстi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасында қайталап қарауға ерекше жағдайларда, осы алқа қабылдаған қаулы адамдардың өмiрiне, денсаулығына не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауiпсiздiгiне орны толмас ауыр зардаптар әкелетiндiгi туралы деректердiң анықталуына байланысты енгiзiлген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымы немесе Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша жол берiледi.";
      79) 385-бапта:
      бiрiншi және екiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Соттың заңды күшiне енген шешiмдерiне, ұйғарымдарына, қаулыларына және сот бұйрықтарына тараптар және апелляциялық шағымдар беруге құқығы бар iске басқа да қатысушылар iстi қадағалау тәртiбiмен қайта қарауға өкiлеттi сотқа тiкелей шағымдана алады.
      2. Заңды күшiне енген сот актiсiне:
      1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасы мен қадағалау алқасына;
      2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасына;
      3) облыстардың прокурорлары мен соларға теңестiрiлген прокурорлар - облыстық және оларға теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына наразылық келтiруге құқылы.";
      мынадай мазмұндағы 4-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "4-1. Осы Кодексте көрсетiлген негiздер болғанда, процеске қатысушылардың шағымдары бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты алқасының төрағасы, облыстық және оған теңестiрiлген соттардың қадағалау алқасының судьялары тиiстi сот сатысына шағым жасалған сот қаулысын қайта қарау туралы ұсыным енгiзедi.";
      80) 386-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "386-бап. Iстi қадағалау тәртiбiмен қарайтын соттар
      1. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасы:
      1) аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енген шешiмiне, қаулысына, ұйғарымына;
      2) облыстық және оған теңестiрiлген соттың азаматтық iстер жөнiндегi алқасының апелляциялық қаулыларына қадағалау наразылықтары, ұсынымдары бойынша iстердi қарайды.
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасы:
      1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың қадағалау алқасының апелляциялық тәртiппен қаралмаған, iстердi бiрiншi саты бойынша қарау кезiнде шығарылған шешiмдерiне, қаулыларына, ұйғарымдарына;
      2) облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың қадағалау алқасының қаулыларына қадағалау наразылықтары және ұсынымдары бойынша iстердi қарайды.
      3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы:
      1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасының iстi бiрiншi сатыда қарау кезiнде шығарған шешiмдерiне, қаулыларына, ұйғарымдарына;
      2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасының iстердi апелляциялық және қадағалау тәртiбiмен қарау кезiнде шығарған қаулыларына;
      3) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасының осы

Кодекстiң 384-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша
қаулыларына қадағалау наразылықтары мен ұсынымдары бойынша iстердi 
қарайды.";
     81) 388-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "үш жыл" деген сөздер "бiр жыл"
деген сөздермен ауыстырылсын;
     82) 389-баптың екiншi бөлiгiндегi "көшiрмелерi" деген сөз     
"көшiрмелерiн" деген сөзбен ауыстырылсын, "адамдарға" деген сөзден кейiн
"наразылық келтiрген прокурор жiбередi" деген сөздермен толықтырылсын,
"жiберіледi" деген сөз алып тасталсын;
     83) 390-баптың 3) тармақшасындағы "қаулылары" деген сөз "актiлерi"
деген сөзбен ауыстырылсын:
     84) 391-бапта:
     бiрiншi бөліктің 4) тармақшасындағы ", кассациялық" деген сөз алып
тасталсын;
     екiншi бөлiктегi "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен
ауыстырылсын;
     85) 393-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "393-бап. Қадағалау шағымдарын сотта алдын ала қарау 


      1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарда қадағалау шағымын алдын ала қарауды осы сот төрағасының тапсырмасы бойынша қадағалау алқасының судьясы ол келiп түскен күннен бастап 15 тәулiк iшiнде жеке-дара жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қадағалау шағымдарын алдын ала қарау осы сот Төрағасының тапсырмасы бойынша ол келiп түскен күннен бастап 15 тәулiк iшiнде тиiстi алқаларда жүзеге асырылады.
      3. Егер қадағалау шағымының және оған қоса тiркелген құжаттардың мазмұны шағым берiлiп отырған сот қаулыларының заңдылығына күдiк тудыратын болса, қадағалау шағымдарын алдын ала қарауды жүзеге асыруға құқылы адамдар iстi талап етiп алдыруға құқылы. Бұл жағдайда қадағалау шағымын бiр ай iшiнде алдын ала қарау мерзiмдерi талап етiлген iстiң қадағалау сатысына түскен күнiнен бастап есептеледi.
      4. Қадағалау шағымының осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiмен белгiленген алдын ала қарау мерзiмдерiн, дәлелдi себептер болған жағдайда, тиiстi соттың төрағасы не тиiстi сот алқасының төрағасы 1 айдан аспайтын мерзiмге ұзарта алады;

      86) 394-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "394-бап. Шағымды алдын ала қарау бойынша қабылданатын шешiмдер
      1. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелерi бойынша мына шешiмдердiң бiрi қабылданады:
      1) шағым жасалған сот актiлерiн қадағалау тәртiбiмен қайта қарау туралы;
      2) шағым жасалған сот актiлерiн қайта қараудан бас тарту туралы.";
      2. Шағым жасалған сот актiсiн қайта қарау туралы ұсынымды:
      1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасына;
      2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты алқасының төрағасы - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасына;
      3) облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасының судьялары - осы соттың қадағалау алқасына енгiзедi.";

      87) 395-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "395-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың iс жүргiзу
                салдары
      1. Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы, облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы заңды күшiне енген шешiмдi, қаулыны, ұйғарымды қайта қарау туралы ұсынымды қарау үшiн iспен, шағыммен және оған қоса тiркелген материалдармен бiрге тиiстi қадағалау сатысына жiбередi.
      2. Заңды күшiне енген сот актiсiн қайта қарау туралы ұсыным құзыретiне осы iстi қарау кiретiн қадағалау сатысының соты үшiн мiндеттi.
      3. Қадағалау сатысындағы iс ол келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қаралуға тиiс. Дәлелдi себептер болған кезде iстi қарау мерзiмi iс жүргiзуiнде жатқан қадағалау сатысының негiздi қаулысымен ұзартылуы мүмкiн. Өздерiне қатысты шағым берiлiп отырған сот шешiмi шыққан тараптар мен өзге тұлғаларға қадағалау тәртiбiмен iстi қарау уақыты және орны туралы хабарлама, сондай-ақ қадағалау шағымының, ұсынымның, наразылықтың көшiрмесi жiберiледi.
      4. Шағым берiлiп отырған сот қаулыларын қайта қарау үшiн негiздемелер болмаған кезде қадағалау шағымының авторына жазбаша хабар жiберiледi.
      5. Осы Кодекстiң 385-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар осы қадағалау сатысына қайталама қадағалау шағымдарын беруi мүмкiн, оларда осы тұлғалардың бастапқы шағымын қарау кезiнде талқыланбаған жаңа дәлелдер келтiрiлген жағдайларда, бұлар алдын ала қарау рәсiмiне әкеп соғады. Қайталама қадағалау шағымы тек қана жаңа дәлелдер шегiнде қаралады. Осы Кодекстiң 385-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар

шағым берiлiп отырған сот қаулыларын қайта қарауға негiздер жоқ екендiгi
туралы шешiммен келiспеген кезде, жоғары тұрған қадағалау сатысына
осындай шағым беруге құқылы."; 
     88) 396-баптағы "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 
қаулысынан басқа" деген сөздер алып тасталсын, "олар" деген сөз "ол" деген 
сөзбен ауыстырылсын;
     89) 397-бапта:
     бiрiншi бөлiктегi ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
     екiншi бөлiктегi ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
     90) 398-бапта:
     бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
     "Iстi қарау кезiнде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы 
мiндеттi.";
     үшiншi бөлiк мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "Сотқа қатысушы адамдар сөз сөйлегеннен кейiн прокурор iс бойынша 
қорытынды бередi.";
     төртiншi бөлiкте:
     1) тармақшадағы ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
     2) тармақшадағы "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
     3) тармақшадағы "және кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
     5) тармақшадағы ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
     91) 399-бапта:
     бiрiншi бөлiгi "1." деген цифрмен белгiленсiн, "кассациялық" деген сөз
"апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
     үшiншi сөйлем алып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
     "2. Қадағалау сатысындағы сот осы Кодекстiң 230-232-баптарында 
көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазылған жазбалар мен анық
арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға, қосымша қаулы
шығаруға немесе бұдан бұрын қадағалау сатысы шығарған қаулыны түсіндiруге 
құқылы.";
     92) 403-баптың екiншi бөлiгiндегi "кассациялық" деген сөз 
"апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
     93) 405-баптың екiншi бөлiгiндегi "кассациялық" деген сөз алып 
тасталсын;
     94) 416-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы "қарауға құқылы" 
деген сөздер "қарайды" деген сөзбен ауыстырылсын. 
     
     2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы  

Z970206_

  Қазақстан Республикасының 
Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 
Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж, N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 
3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат):
     1) 7-баптың төртiншi тармағы алып тасталсын;
     2) 23-баптың оныншы бөлiгiндегi ", кассациялық" деген сөз алып
тасталсын;
     3) 43-баптың төртiншi бөлiгiндегi ", кассациялық немесе" деген сөздер 
алып тасталсын;
     4) 58-бапта:
     үшiншi бөлiк алып тасталсын;
     төртiншi бөлiктегi "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген
сөзбен ауыстырылсын;


      5) 82-баптың үшiншi бөлiгiндегi "өтiнiш бiлдiруге және" деген сөздер алып тасталсын, ал "соттың iс-әрекетiне шағым жасауға" деген сөздерден кейiн ", өз құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты өтiнiшiн мәлiмдеуге" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 90-баптың оныншы бөлiгiндегi ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
      7) 112-баптағы "және апелляциялық" деген сөздер алып тасталсын;
      8) 186-баптың екiншi бөлiгiндегi "кiмге қатысты" деген сөздерден кейiн "немесе қандай факт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 223-баптың бесiншi бөлiгiндегi "iспен бiрге жөнелтiледi" деген сөздер "белгiленген тәртiпке сәйкес бiрге жөнелтiледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 237-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "сөйлескен сөздерiн, оның iшiнде" деген сөздер "бейне және дыбыс жазу техникаларын немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы әңгiмелесулерiн жасырын тыңдау мен жазу, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "олардың келiсiмiмен," деген сөздерден кейiн "бейне және дыбыс жазу техникаларын немесе басқа да арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы әңгiмелесулерiнiң жасырын тыңдалуы және жазылуы, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi, төртiншi, бесiнші, алтыншы, жетiншi бөлiктердегi "сөйлескен сөздердi", "сөйлескен сөздi" деген сөздерден кейiн ", әңгiмелесулердi", "әңгiмелесудi" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 291-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "кассациялық және" деген сөздер алып тасталсын;
      екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жасалғаны үшiн қылмыстық заңмен өлiм жазасы көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң K970167_ 96-бабы (екiншi бөлiгi), 156-бабы, 159-бабы (екiншi бөлiгi), 160-бабы, 162-бабы (төртiншi бөлiгi), 165, 167, 171, 340-баптары, 367-бабы (үшiншi бөлiгi), 368-бабы (үшiншi бөлiгi), 369-бабы (үшiншi бөлiгi), 373-бабы (үшiншi бөлiгi), 374-бабы (үшiншi бөлiгi), 375-бабы (үшiншi бөлiгi), 380-бабы (үшiншi бөлiгi), 383-бабы), сондай-ақ Жоғарыда аталған әрекеттерді есі кіресілі-шығасылы күйінде жасаған не оларды жасағаннан кейiн жүйке ауруымен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бiрiншi саты бойынша облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың соттауына жатқызылады.
      3. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша iстердi апелляциялық тәртiппен қарайды.
      4. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасы аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енген үкiмдерiне, қаулыларына, сондай-ақ нақ сол соттың қылмыстық iстер жөнiндегi алқасының апелляциялық қаулыларына қадағалау наразылықтары, ұсынымдары бойынша iстердi қарайды.".
      12) 292-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi, төртiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың iстердi бiрiншi саты бойынша қарау кезiнде шығарған, заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша iстердi апелляциялық тәртiппен қарайды.
      4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы:
      1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың iстердi бiрiншi саты бойынша қарау кезiнде шығарған, апелляциялық тәртiппен қаралмаған үкiмдерi мен қаулыларына;
      2) облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың қадағалау алқасының қаулыларына қадағалау наразылықтары, ұсынымдары бойынша iстердi қадағалау тәртiбiмен қарайды.";
      мынадай мазмұндағы 4-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "4-1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы:
      1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты алқасының iстердi бiрiншi саты бойынша қарау кезiнде шығарған үкiмдерiне, қаулыларына;
      2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасының iстердi апелляциялық және қадағалау тәртiбiмен қарау кезiнде шығарған қаулыларына;
      3) Осы Кодекстiң 458-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулысына қадағалау наразылықтары мен ұсыныстары бойынша iстердi қарайды.";
      бесiншi, алтыншы бөлiктер алып тасталсын;
      13) 300-баптың 4) тармағы алып тасталсын;
      14) 301-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "301-бап. Алдын ала тыңдауды өткiзу
      1. Судья осы Кодекстiң 299-бабы екiншi бөлiгiнiң 2) - 6) тармақтарында көрсетiлген шешiмдердi қабылдау үшiн, сондай-ақ тараптардың өтiнiштерiн қарау және сот талқылауын қысқартылған тәртiппен өткiзу туралы мәселенi шешу үшiн тараптардың қатысуымен iстi алдын ала тыңдауды өткiзедi.
      2. Iстi алдын ала тыңдауды судья соттың жабық отырысында жеке-дара өткiзедi. Iстi алдын ала тыңдау өткiзiлетiн уақыт пен орын тараптарға хабарланады. Iстi алдын ала тыңдау барысында хаттама жүргізіледi.
      3. Сот отырысына сотталушының, оның қорғаушысы мен мемлекеттiк айыптаушының қатысуы мiндеттi. Алдын ала тыңдау сотталушы бұл жөнiнде өтiнген кезде оның қатысуынсыз жүргiзiледi. Қорғаушы дәлелдi себептерсiз келмей қалған жағдайда, сондай-ақ оның алдын ала тыңдауға қатысуға мүмкiндiгi болмаған кезде, судья сот отырысына жаңадан тағайындалған қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады. Сот отырысына жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкілдерiнiң келмеуi iстi алдын ала тыңдауға кедергi болмайды.
      4. Істi алдын ала тыңдаудың нәтижелерi туралы судья қаулы шығарады, онда қаралған мәселелер бойынша шешiмдi баяндайды. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру үшiн, iстi қысқарту үшiн немесе iстi қосымша тергеуге қайтару үшiн негiздер болмаған жағдайда сот басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады.
      5. Егер алдын ала тыңдау барысында прокурор айыптауды өзгертсе, судья мұны қаулыда көрсетедi. Егер прокурордың айыптауды өзгертуi соттауға жатқызудың өзгеруiне әкеп соқса, судья iстi айыптау қорытындысын, айыптау хаттамасын қайта жасау және iстi соттауға жатқызу бойынша жiберу үшiн прокурорға қайтарады.";
      15) 317-бапта:
      алтыншы бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк айыптаушының айыптаудан бас тартуына сот тергеуi немесе сот жарыссөзi кезiнде жол беріледi.";
      жетiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбiрленушi де бас тартса, сот өз қаулысымен iстi қысқартады. Ал егер жәбiрленушi айыптауды талап етсе, сот iстi талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртiппен шешедi. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрi қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбiрленушiнiң өзi немесе өкiлi арқылы қолдайды. Жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша сот оған өкiл шақыру үшiн уақыт беруге тиiс. Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан iшiнара бас тартқан кезде сот айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлiгiнде iстi қысқартады, айыптаудың қалған бөлiгiндегi iс жалпы тәртiппен қаралады. Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбiрленушi бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот iстi жаңа айыптау бойынша қарайды.";
      16) 345-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Айыптау ауырлығы төмендеу түрiне өзгертiлген жағдайда немесе айыптаудың бiр бөлiгiнен бас тартылған кезде айыптаушы сотқа айыптаудың жаңа негiзделген тұжырымын жазбаша түрде баяндауға мiндеттi.";
      17) 353-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "тараптардың өтiнiшi бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
      18) 363-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "Алдын ала анықтау жүргiзiлген" деген сөздер "Кiшiгiрiм және орташа ауырлықтағы қылмыстар туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 371-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 18) тармақпен толықтырылсын:
      "18) бұрынғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы.";
      20) 373-баптың бесiншi бөлiгiндегi ", кассациялық немесе" деген сөздер алып тасталсын;
      21) 380-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң 4) тармағындағы "сондай-ақ" деген сөзден кейiн "бұрынғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы шешiм және" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
       "Сотталушының iс-әрекеттерiн қайта дәрежелеу қажеттiгi туралы тұжырымға келiп немесе кейбiр баптардың (бап бөлiгiнiң, бап бөлiгi тармағының) артық тағылғанын анықтап, сот үкiмнiң сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде әрекеттi сол бойынша дәрежелеу керек болатын қылмыстық заңның бабын (баптың бөлiгiн, баптың бөлiгiнiң тармағын) көрсетедi және артық тағылған бапты (баптың бөлiгiн, баптың бөлiгiнiң тармағын) алып тастау керектiгiн көрсетедi.";
      "22) 383-баптың 4) тармағындағы "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
      23) 384-баптың үшiншi бөлiгiндегi "сондай-ақ iстi апелляциялық (апелляциялық және кассациялық қарауға қатысу туралы өтiнiш жасау) қарауға қатысу құқығын" деген сөздер "сондай-ақ iстi апелляциялық қарауға қатысу туралы өтiнiш беру құқығын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 46-тараудың тақырыбындағы "және кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
      25) 396-бапта:
      тақырыптағы "және кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
      бiрiншi бөлiктегi "үкiмдерiне" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының үкiмдерiн қоспағанда," деген сөздермен толықтырылып, "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
      26) 397-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "397-бап. Заңды күшiне енбеген үкiмдерге шағымдарды, наразылықтарды
                қарайтын соттар
      1. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды облыстық және соларға теңестiрiлген соттардың қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы қарайды.
      2. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы қарайды.";
      27) 398-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
      28) 399-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
      29) 402-бапта:
      екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Бiрiншi сатыдағы сот үкiмге (қаулыға) шағымдану, наразылық

келтiру үшiн белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей, 
осы Кодекстiң 401-бабының талаптарын орындайды, содан кейiн істi келіп 
түскен шағымдармен, наразылықпен және оларға қарсылықтармен қоса 
апелляциялық сатыға жiбередi және процеске қатысушыларға iстiң 
апелляциялық сатыда қаралатын уақыты мен орнын хабарлайды.";
     үшiншi бөлiктегi "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
     30) 403-бапта:
     екiншi бөлiктегi "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
     үшiншi бөлiктегi "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген
сөзбен ауыстырылсын;
     төртiншi бөлiктегi "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
     31) 404-бапта:
     тақырыбындағы "және кассациялық" деген сөздер алып тасталсын, 
"сатыларда" деген сөз "сатыда" деген сөзбен ауыстырылсын;
     бiрiншi бөлiктегi "немесе кассациялық" деген сөздер алып тасталсын; 
     
     32) 47-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
     "47-тарау. АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР, НАРАЗЫЛЫҚТАР
                БОЙЫНША IСТЕРДI ҚАРАУ

     405-бап. Апелляциялық қараудың мәнi


      Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша iстiң нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық iс жүргiзу заңы нормаларының сақталуын, iсте бар және қосымша табыс етiлген материалдар бойынша бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң немесе қаулысының заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемiнде тексередi.

      406-бап. Iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмдерi
      Iс апелляциялық тәртiппен ол келiп түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзiм iс жүргiзiп жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту қылмыстық iстер жөнiндегi тиiстi сот алқасы төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысымен жүзеге асырылуы мүмкiн.

      407-бап. Апелляциялық шағым, наразылық
      Апелляциялық шағымда, наразылықта:
      1) шағым, наразылық жолданып отырған соттың атауы;
      2) iс жүргiзiлгендегi жағдайы, тұрғылықты жерi немесе жүрген жерi көрсетiле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтiрген адам туралы деректер;
      3) шағым жасалып, наразылық келтiрiлiп отырған үкiм немесе қаулы және осы шешiмдi шығарған соттың атауы;
      4) үкiмге, қаулыға толық немесе оның бiр бөлiгiне шағым жасалып, наразылық келтiрiлiп отырғанын көрсету;
      5) шағым, наразылық келтiрген адамның пiкiрiнше сот үкiмiнiң, қаулысының дұрыс еместiгi неде екендiгi жөнiндегi дәлелдерi және оның өтiнiшiнiң мәнi;
      6) арыз берушi өз талаптарына негiз ететiн, соның iшiнде бiрiншi сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;
      7) шағымға, наразылыққа қоса тiркелiп отырған материалдардың тiзбесi;
      8) шағым, наразылық келтiрiлген күн және шағым, наразылық келтiрген адамның қолы болуға тиiс.
      2. Жасалған шағым, келтiрiлген наразылық осы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, олар берiлген деп есептеледі, бiрақ аяғына дейiн ресiмдеу үшiн мерзiмi көрсетiлiп қайтарылады. Егер қайта жасалғаннан кейiн апелляциялық шағым, наразылық аталған мерзiм iшiнде сотқа табыс етiлмесе, олар берiлмеген болып есептеледi.

      408-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын белгiлеу
      1. Бiрiншi сатыдағы сот апелляциялық шағым мен наразылық келтiруге арналған мерзiм бiткен соң және осы Кодекстiң 401-бабының талаптары орындалғаннан кейiн iстi қараудың жоғары тұрған сотпен келiсе отырып белгiленетiн уақыты мен орнын көрсетiп, iстi тиiстi апелляциялық сатыға жiбередi.
      2. Бiрiншi сатыдағы сот iстiң қаралатын уақыты мен орны туралы тараптарға хабарлайды. Қамауда отырған сотталғанды сот отырысына шақыру туралы мәселенi апелляциялық сатыдағы сот шешедi.
      Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған адам жағдайының нашарлауы туралы мәселе қойылса, оның апелляциялық сатыға қатысу туралы өтiнiшi қанағаттандырылуға тиiс.
      3. Апелляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабарланған адамдардың келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды.
      Апелляциялық сатыға прокурордың қатысуы мiндеттi.
      4. Осы Кодекстiң 396-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес үкiмге шағымдану құқығы берiлген адамдар, сондай-ақ үкiм шығарылғаннан кейiн тапсырма алушы сотталған (ақталған) адамның қорғаушысы немесе жәбiрленушiнiң өкiлi соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайда жiберiледi. Оларға өздерiнiң өтiнiштерi бойынша келтiрiлген шағымдарды немесе наразылықтарды не оларға қарсылықтарды негiздеп сөйлеу үшiн сөз берiледi.

      409-бап. Апелляциялық сатыда iстi қарау тәртiбi
      1. Төрағалық етушi сот отырысын ашады, қандай iс және кiмнiң апелляциялық шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқанын хабарлайды. Содан кейiн төрағалық етушi сот құрамын, iс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған адамдардың фамилиясын, сондай-ақ аудармашылардың фамилиясын хабарлайды.
      2. Төрағалық етушi отырысқа қатысушы адамдарға олардың апелляциялық сатыда iстi қараған кездегi iс жүргiзу құқықтарын түсiндiредi.
      3. Төрағалық етушi тараптардан олардың бас тартуы мен өтiнiмдерiнiң бар-жоғын сұрайды, ал егер олар мәлiмделсе, оларды қараудың нәтижелерi бойынша қаулы шығарады.
      4. Iстi қарау баяндамашы судьяның iстiң мәнiн, апелляциялық шағымдардың мазмұнын баяндауымен басталады. Апелляциялық наразылықтың себептерi мен дәлелдерiн прокурор баяндап бередi. Осыдан кейiн сот тараптардың шағымдарда келтiрiлген өз дәлелдерiн негiздеп, қарсы тараптың оларға қарсылықтарын айтып сөйлеген сөздерiн тыңдайды. Сөз сөйлеу ретiн iске қатысушы тараптардың пiкiрлерiн ескере отырып, сот белгiлейдi.
      5. Апелляциялық шағымдарда немесе наразылықта келтiрілген дәлелдердi растау немесе терiске шығару үшiн сөз сөйлеушiлер iстi қарау басталғанға дейiн апелляциялық сатыға қосымша материалдар беруге құқылы. Қосымша материалдарды тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу жолымен алуға болмайды. Сотқа қосымша материалдар берген адам олардың қандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету қажеттiгi неге байланысты туындағанын көрсетуге мiндеттi. Қосымша материалдардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы сот қаулы шығарады. Iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар қосымша тапсырылған материалдар, егер олардағы мәлiметтер бiрiншi сатыдағы соттың қосымша тексеруi мен бағалауын керек етпесе, үкiмдi, қаулыны өзгертуге негiз болуы мүмкiн. Өзге жағдайларда қосымша материалдар сот үкiмiнiң, қаулысының күшiн жойып, iстi бiрiншi саты бойынша жаңадан қарауға жiберуге негіз бола алады.
      6. Сот отырысының тәртiбi және оны бұзушыларға қатысты қабылданатын шаралар осы Кодекстiң 326, 327-баптарының ережелерiмен белгiленедi. Судьялардың кеңесуi мен шешiмдер қабылдау тәртiбi осы Кодекстiң 370 және 373-баптарының ережелерiмен белгiленедi.

      410-бап. Апелляциялық сатының өкiлеттiктерi
      1. Апелляциялық шағыммен немесе наразылықпен түскен iстi қарау кезiнде сот тараптардың өтiнiш жасауы бойынша немесе өз бастамасымен:
      1) сот-психиатриялық сараптама тағайындауға;
      2) егер iсте бар және қосымша табыс етiлген материалдар бойынша жүргiзу мүмкiн болса, өзге де сараптама тағайындауға;
      3) сотталғанның, жәбiрленушiнiң және iске қатысушы басқа да адамдардың денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы соттылығы туралы деректерге байланысты құжаттарды талап етiп алуға құқылы.
      2. Сот отырысының хаттамасында ашылмаған жайлар болған және куәлардың (жәбiрленушiлердiң) әртүрлi түсiнуге мүмкiндiк беретiн айғақтары баяндалған жағдайда, сот өз бастамасымен немесе тараптардың өтiнiш жасауы бойынша ол адамдардан жауап алуға құқылы. Бұл жағдайда сотталғанның сот отырысына қатысуы мiндеттi. Жауап алудың алдында куәға, жәбiрленушiге жалған айғақтар бергенi және айғақтар беруден бас тартқаны үшiн осы Кодекстiң 351-бабының екiншi бөлiгiнде белгiленген тәртiппен жауапты болатыны ескертiледi, олардың айғақтары хаттамаға түсiрiлiп, одан әрi дәлелдеме ретiнде қарастырылады.

      411-бап. Апелляциялық саты қабылдайтын шешiмдер
      1. Істi апелляциялық тәртiппен қараудың нәтижесiнде сот өз қаулысымен апелляциялық шағымдарды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген қосымша материалдармен бiрге бiрiншi сатыдағы сот зерттеген дәлелдемелерге негiзделген мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) үкiмдi, қаулыны өзгерiссiз, ал шағымды немесе наразылықты

қанағаттандырусыз қалдырады;
     2) үкiмнiң күшiн жойып, iстi қысқартады;
     3) үкiмдi (қаулыны) өзгертедi;
     4) үкiмнiң (қаулының) күшiн жойып, iстi бiрiншi сатыдағы сотқа соттың 
жаңадан қарауына жiбередi;
     5) үкiмнiң (қаулының) күшiн жойып, iстi осы Кодекстiң 303-бабында
көрсетiлген негiздер бойынша қосымша тергеуге жiбередi;
     6) осы Кодекстiң 387-бабында көрсетiлген мән-жайлар анықталғанда
жеке қаулы шығарады. 
     
     412-бап. Yкiмнiң күшiн жоюға немесе оны өзгертуге
              негiздер
     Мыналар:
     1) сот тергеуiнiң бiржақтылығы және толық еместiгi;
     2) соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының iстiң нақты 
мән-жайына сәйкес келмеуi;
     3) қылмыстық iс жүргiзу заңының едәуiр бұзылуы; 
     4) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;


      5) жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес келмеуi бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң күшiн жоюға не оны өзгертуге негiз болып табылады.

      413-бап. Сот тергеуiнiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi
      1. Анықталған жағдайда iстiң дұрыс шешiлуi үшiн елеулi мәнi болуы мүмкiн мән-жайларды ашылмаған күйi қалдырған сот тергеуi бiржақты немесе толық емес деп танылады.
      2. Iс бойынша:
      1) айғақтарының iс үшiн елеулi мәнi бар адамдардан жауап алынбаған немесе заң бойынша жүргiзiлуi мiндеттi болып табылатын сараптама жүргiзiлмеген, сол сияқты елеулi мәнi бар құжаттар немесе заттай дәлелдемелер сұратып алынбаған;
      2) iстi соттың жаңадан қарауына берген сот қаулысында аталған

дәлелдемелер зерттелмеген;
     3) сотталғанның жеке басы туралы апелляциялық саты анықтай алмайтын 
деректер жеткiлiктi дәрежеде толық анықталмаған барлық жағдайда сот 
тергеуi толық емес деп танылады. 
     
     414-бап. Соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының iстiң
              нақты мән-жайына сәйкес келмеуi 
     Егер:
     1) сот тұжырымдары сот отырысында қаралған дәлелдемелермен
расталмаса;
     2) сот өз тұжырымдарына едәуiр ықпал ете алатын мән-жайларды 
ескермесе;


      3) сот тұжырымдары үшiн елеулi мәнi бар қарама-қайшы дәлелдемелер болған жағдайда, үкiмде (қаулыда) соттың бұл дәлелдемелердiң бiреулерiн қабылдап, екiншiлерiн қабылдамай тастауына қандай негiздер болғаны көрсетiлмесе;
      4) соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарында елеулi қайшылықтар болып, олар iстiң шешiлуiне, соның iшiнде сотталғанның, ақталғанның кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi туралы мәселенi соттың шешуiне, қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығына немесе жазалау шараларын анықтауға ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн болса үкiм (қаулы) iстiң нақты мән-жайына сәйкес келмейдi деп танылады.

      415-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының елеулi түрде бұзылуы
      1. Iстi сот қарауы кезiнде осы Кодекстiң принциптерi мен өзге де жалпы ережелерi бұзылып, олар iске қатысушы адамдарды заңда кепілдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым көрсету, сот iсiн жүргiзу рәсiмiн сақтамау жолымен немесе өзгедей жолмен iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге кедергi жасаса, соттың қаулысына, әдiл үкiмiне немесе өзге де шешiмiне ықпал етсе немесе ықпал етуi мүмкiн болса, бұл қылмыстық iс жүргізу заңын елеулi түрде бұзушылық болып танылады.
      2. Сот тергеуiнiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi iстi талқылаудан жол берiлетiн дәлелдемелердi қателесiп алып тастаудың немесе бiр тараптың iс үшiн маңызы болуы мүмкiн дәлелдемелерiн зерттеуден негiзсiз бас тартудың не мiндеттi түрде зерттелуге тиiс дәлелдемелердi зерттемеудiң салдарынан болған кезде үкiмнiң күшi жойылуға тиiс.
      3. Егер:
      1) сот осы Кодекстiң 37-бабында көзделген негiздер болғанда қылмыстық

iстi қысқартпаса;
     2) үкiмдi соттың заңсыз құрамы шығарған болса;
     3) осы Кодекстiң 315-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген реттердi
қоспағанда, iс сотталушы жоқта қаралса;
     4) заң бойынша қорғаушының қатысуы мiндеттi болғанда, iс оның 
қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының қорғаушыға ие болу құқығы өзгедей 
жолмен бұзылса;
     5) сотта сотталушының ана тiлiн немесе өзi бiлетiн тiлдi не 
аудармашының қызметiн пайдалану құқығы бұзылса;
     6) сотталушыға сот жарыссөзiне қатысу құқығы берілмесе;
     7) сотталушыға соңғы сөз берiлмесе;
     8) үкiм шығарылған кезде судьялар кеңесiнiң құпиясы бұзылса;
     9) үкiмге судьялардың бiрi қол қоймаса;
     10) iсте сот отырысының хаттамасы болмаса, кез келген жағдайда 
үкімнің күшi жойылуға тиіс. 
     
     416-бап. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау
     Мыналар:
     1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң  

K970167_

  жалпы бөлiмi 
талаптарының бұзылуы;


      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi ерекше бөлiмiнiң қолданылуға тиiстiсiнен басқа баптың, бап бөлiгiнiң, бап бөлiгi тармағының қолданылуы;
      3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабының санкциясында көзделгендегiден неғұрлым қатаң жазаның белгiленуi қылмыстық заңды дұрыс қолданбау болып табылады.

      417-бап. Сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығына және
               сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуi
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң тиiстi бабының санкциясында көзделген шектен шықпағанымен, түрi мен мөлшерi жағынан шектен тыс жұмсақ немесе шектен тыс қаталдығы салдарынан әдiлетсiз болып табылатын жаза қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейдi деп танылады.

      418-бап. Істi қысқарта отырып айыптау үкiмiнiң күшiн жою
      Апелляциялық шағымдарды, наразылықты қараған кезде апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 37-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) - 12) тармақтарында және 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген негiздер болған үкiмнiң күшiн жойып, iстi қысқартады.

      419-бап. Ақтау үкiмiнiң күшiн жою
      1. Апелляциялық саты тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негiздемелерiмен келiспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімiнiң, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоя алады.
      2. Егер ақталған адамның кiнәсiздiгiне немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң мәнiне дау айтылмаса, қылмыстық iс жүргiзу заңы елеулi бұзылды деген себеппен ақтау үкiмiнiң, iстi қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоюға болмайды.

      420-бап. Iстi сотта жаңадан талқылауға жiбере отырып үкiмнiң
               күшiн жою
      1. Егер апелляциялық саты:
      1) бiрiншi сатыдағы сот жол берiп, үкiмнiң заңдылығына ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн қылмыстық iс жүргiзу заңын елеулi түрде бұзуды;
      2) сот тергеуiнiң бiржақтылығын немесе толық еместiгiн;
      3) азаматтық талап қою шешiлмегенiн немесе дұрыс шешiлмегенiн анықтаса, iс үкiм шығарған соттың жаңадан талқылауына, бiрақ судьялардың өзге құрамының қарауына жiберiле отырып, үкiмнiң күшi толық немесе бiр бөлiгiнде жойылуға тиiс.

      421-бап. Yкiмдi өзгерту
      1. Заң дұрыс қолданылмаған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот:
      1) сот белгілеген жазаны немесе түзеу мекемесiнiң түрiн жеңiлдетуге;
      2) онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдануға және қылмыс дәрежесiнiң өзгеруiне сәйкес жаза белгiлеуге, сондай-ақ түзеу мекемесiнiң неғұрлым жеңiл түрiне ауыстыруға;
      3) тағылған айыптау шегiнен немесе соттың басты талқылауы кезiнде мемлекеттiк немесе жеке айыптаушы қолдаған айыптау шегiнен шықпай, неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға және осыған байланысты неғұрлым қатаң жаза белгiлеуге;
      4) егер жаза мөлшерiн ұлғайту арифметикалық қателердi немесе алдын ала қамауда ұстауды есептеу кезiндегi қателердi жоюға байланысты болса, қылмыстар жиынтығы бойынша немесе үкiмдер жиынтығы бойынша, сондай-ақ қылмыстардың кәнігiлігi кезiнде жаза белгiлеудi реттейтiн қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауын жоя отырып, жаза мөлшерiн ұлғайтуға;
      5) егер бiрiншi сатыдағы сот қолданбаған болса, қылмыстық заң бабының санкциясына сәйкес қосымша жаза қолдануға;
      6) сотталған адамға түзеу мекемесiнiң заңда көзделгенiнен неғұрлым жұмсақ түрiн тағайындаудың күшiн жоюға және түзеу мекемесiнiң түрiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес тағайындауға;
      7) егер бiрiншi сатыдағы сот жасамаса немесе дұрыс жасамаса, тиiстi қылмыстардың кәнiгiлiгi бар екендiгiн тануға;
      8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 64-бабының бесiншi бөлiгiне сәйкес бұрынғы үкiм бойынша шартты соттаудың күшiн жоюға және осыған байланысты, егер бiрiншi сатыдағы сот жасамаған болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 60-бабының ережелерi бойынша жаза белгiлеуге құқылы.
      2. Апелляциялық сатыдағы сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3) - 8) тармақтарында көрсетiлген шешiмдi осы негiздер бойынша прокурор наразылық келтiрген немесе жеке айыптаушы, жәбiрленуші, олардың өкiлдерi шағым жасаған жағдайда ғана қабылдауға құқылы.

      422-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны
      1. Апелляциялық қаулы кiрiспе, сипаттамалы-дәлелдi және қарар бөлiмдерiнен тұрады.
      2. Қаулының кiрiспе бөлiмiнде:
      1) қаулы шығарылған уақыт пен орын;
      2) қаулыны шығарған соттың атауы және апелляциялық алқаның құрамы;
      3) апелляциялық наразылық немесе апелляциялық шағым жасаған адамдар;
      4) iстi апелляциялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетiлуге тиiс.
      3. Қаулының сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде берiлген апелляциялық шағымдардың, наразылықтың, оларға қарсылықтардың дәлелдерi, апелляциялық сатыдағы сотқа қатысқан адамдардың пiкiрлерi, сондай-ақ қабылданған шешiмнiң себептерi қысқаша баяндалуға тиiс.
      4. Егер шағымдар, наразылық қанағаттандырылмай қалдырылса, қаулының сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде шағымдардың, наразылықтың дәлелдерi негiзсiз немесе елеулi емес деп танылған негiздеме көрсетiлуге тиiс.
      5. Yкiмнiң күшi жойылған немесе ол өзгертiлген жағдайда, қаулыда қылмыстық немесе қылмыстық iс жүргiзу заңының қандай баптарының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылық неден көрiнетiнi, бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiне өзгерiстер енгiзгендегi негiздер көрсетiлуге тиiс.
      6. Егер апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 421-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдердi қабылдаса, қаулының сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi дұрыс емес деп танылған себептер, сондай-ақ сотталған адам жағдайының нашарлауы негiздерi келтiрiлуге тиiс.
      7. Іс соттың жаңадан талқылауына жiберiлген жағдайда қаулыда iс жаңадан қаралған кезде қандай заң бұзушылық жойылуы керек екенi көрсетiлуге тиiс. Бұл ретте апелляциялық сатының айыптаудың дәлелденгендiгi немесе дәлелденбегендiгi туралы, дәлелдемелердiң анықтығы туралы немесе бiр дәлелдемелердiң басқаларынан басымдығы туралы, бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелердi алдын ала шешiп қоюға құқығы жоқ.
      8. Қаулының қарар бөлiгiнде апелляциялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешiмi көрсетiледi.

      423-бап. Апелляциялық қаулы шығару
      1. Апелляциялық қаулы кеңесу бөлмесiнде шығарылады, оған судьялардың бүкiл құрамы қол қояды және судьялар кеңесу бөлмесiнен қайтып келгеннен кейiн отырыс залында оқылады.
      2. Сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, қаулының қарар бөлiмін шығара алады. Бұл жағдайда қаулының толық мәтiнi iс қаралған күннен бастап жетi күн мерзiмде жасалып, оған барлық судьялар қол қояды.

      423-1-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын
                 орындауға кiрiсу
      1. Апелляциялық сатының қаулысы ол шығарылған күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей, ал осы Кодекстiң 423-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда, оның толық мәтiнi дайындалған күннен бастап iспен бiрге үкiм шығарған сотқа жiберiледi.
      2. Осы Кодекстiң 303-бабына сәйкес iс қосымша тергеуге қайтарылған жағдайда апелляциялық сатының қаулысы iспен бiрге тиiстi прокурорға жiберiледi. Бұл жағдайда бiрiншi сатыдағы сотқа апелляциялық саты қаулысының көшiрмесi жiберiледi.
      3. Сотталған адам соған сәйкес қамаудан босатылуға тиiс болатын қаулы, егер сотталған адам апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысып отырса, бұл бөлiгiнде дереу орындалады. Өзге жағдайларда апелляциялық қаулының көшiрмесi немесе оның қарар бөлiгiнен үзiндi сотталған адамды қамаудан босату туралы шешiмдi орындау үшiн қамау орнының әкiмшiлiгiне дереу жiберiледi.

      423-2-бап. Iстi апелляциялық сатыда қайта қарау
      Егер:
      1) кейбiр сотталғандарға қатысты белгiленген мерзiмде берiлген апелляциялық шағымдар, наразылық апелляциялық сатыдағы сотқа басқа сотталған адамдарға қатысты істер қаралғаннан кейiн келiп түссе;
      2) шағымданудың, наразылық келтiрудiң өтiп кеткен мерзiмiн басқа сотталған адамдарға қатысты iс қаралғаннан кейiн осы Кодекспен көзделген тәртiппен сот қалпына келтiрсе, апелляциялық қаулының күшi жойылмай-ақ iстi апелляциялық сатыда қайта қарауға жол берiледi.
      2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталғанның, оның қорғаушысының немесе өкiлiнiң шағымдарын осы адамға қатысты iс процеске қатысушы басқа да адамдардың апелляциялық шағымдары, наразылығы бойынша қаралған жағдайда да қарауға мiндеттi.
      3. Егер қайтадан шығарылған қаулы апелляциялық сатыда бұрын шығарылған қаулыға қайшы келген жағдайда, тиiсiнше Жоғарғы Соттың немесе облыстық сот пен соған теңестiрiлген соттың төрағасы қадағалау сатысына апелляциялық қаулылардың бiрiнiң күшiн жою туралы ұсыным жасайды.

      423-3-бап. Бастапқы үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iстi бiрiншi
                 саты бойынша қарау
      1. Бастапқы үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iс жалпы тәртiппен қаралуға тиiс.
      2. Егер айыптаушы тараптың апелляциялық шағымында, наразылығында осындай өтiнiш жасалса және оны апелляциялық сатыдағы сот бастапқы үкiмнің күшiн жоюдың негiзi ретiнде көрсетсе, iстi жаңадан қараған кезде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға жол берiледi.
      3. Iстi жаңадан қараған кезде бiрiншi сатыдағы соттың:
      1) егер айыптаушы тараптың шағымы, наразылығы бойынша үкiмнiң осы бөлiгiнiң күшi жойылмаған болса, сотталғанды айыптаудың бастапқы үкiмде алып тасталған бөлiгiнде кiнәлi деп тануға;
      2) егер бастапқы үкiмнiң күшi осы негiздер бойынша емес, айыптаушы тараптың шағымы, наразылығы бойынша жойылған болса да, жазаны күшейтуге, бас бостандығынан айыру мерзiмiнiң бiр бөлiгiн түрмеде өткiзудi немесе неғұрлым қатаң режимдегi колонияларда өткiзудi тағайындауға, қосымша жаза тағайындауға немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ.
      4. Iстi жаңадан қараған кезде бiрiншi сатыдағы сот шығарған үкiмге жалпы тәртiппен шағымдануға, наразылық бiлдiруге болады. Бұл ретте, егер бiрiншi үкiмнiң күшi сотталғанды қорғаған шағым, наразылық бойынша жойылса, ал екiншi үкiмнiң күшi жазаның жеңiлдiгiне немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне орай жойылса, iстi үшiншi мәрте қарап жатқан сот екiншi үкімге қарағанда неғұрлым қатаң жаза тағайындауы немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануы мүмкiн, бiрақ оның бiрiншi үкiммен салыстырғанда жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ.";

      33) 48-тарау алып тасталсын;
      34) 447-бапта:
      бiрiншi және екiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Аудандық және оған теңестiрiлген сот, облыстық және соған теңестiрiлген сот шығарған бiрiншi сатыдағы сот үкiмдерi, егер оған шағымданбаса немесе наразылық келтiрiлмесе, апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру мерзiмі өткен соң заңды күшіне енеді және орындалуға тиiс. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты шығарған бiрiншi сатыдағы сот үкiмi ол жарияланған соң заңды күшiне енедi.
      2. Апелляциялық шағым жасалған немесе наразылық келтiрiлген жағдайда, аудандық немесе облыстық сот үкiмiнiң күшi жойылмаса, апелляциялық қаулы шығарылған күнi күшiне енедi. Егер апелляциялық шағым, наразылық апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейiн қайтарып алынса, үкiм

шағымды, наразылықты қайтарып алуға байланысты апелляциялық iс жүргiзудiң 
тоқтатылғаны туралы апелляциялық сатының қаулысы шығарылған күнi заңды 
күшiне енедi.";
     үшiншi бөлiктегi "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     35) 448-бапта:
     бiрiншi бөлiктегi "және апелляциялық" деген сөздер алып тасталсын;
     төртiншi және бесiншi бөлiктердегi "Кассациялық" деген сөз 
"Апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
     36) 449-баптың екiншi бөлiгiнiң соңғы сөйлемi мынадай редакцияда
жазылсын: "Iстi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде үкiм өзгерген 
жағдайда үкiмнiң көшiрмесiне апелляциялық саты қаулысының көшiрмесi
қоса тiркелуге тиiс.";
     37) 457-баптағы "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен, 
"48" деген цифр "47" деген цифрмен ауыстырылсын;
     38) 458-бапта:
     екiншi бөлiкте:
     2) тармақтағы және кассациялық деген сөздер алып тасталсын;
     3) тармақтағы "кассациялық және" деген сөздер алып тасталсын; 
     мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:


      "3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулыларын қайта қарауға және iстi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасында қайта қарауға ерекше жағдайларда, осы алқа қабылдаған қаулы адамдардың өмiрi, денсаулығы үшiн не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауiпсiздiгi үшiн ауыр, орны толмас зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін екендiгі туралы деректердiң анықталуына байланысты енгiзiлген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымы бойынша немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша жол берiледi.";
      39) 459-бапта:

     бiрiншi бөлiкте:
     2) тармақтағы "ауыр немесе аса ауыр" деген сөздердiң алдынан "орташа 
ауырлықтағы қылмыс," деген сөздермен толықтырылсын;
     4) тармақтағы "әкеп соғуы" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып,
"негiз болып табылады" деген сөздер алып тасталсын және абзацтан мынадай 
мазмұндағы 5) және 6) тармақтармен толықтырылсын:
     "5) азаматтық талап қоюдың дұрыс шешiлмеуi;
     6) iстiң сотта жаңадан қарауға заңсыз жiберiлуi негiз болып 
табылады.";
     екiншi бөлiкте:
     3) тармақтағы "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     40) 460-бапта:
     бiрiншi бөлiктегi "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларға:


      1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы мен қадағалау алқасына;
      2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасына;
      3) облыс прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына наразылық келтiруге құқылы.";
      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "3-1. Осы Кодексте көрсетiлген негiздер болған жағдайда, процеске қатысушылардың шағымдары бойынша, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты алқасының төрағасы, облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасының судьялары тиiстi сот сатысына шағым берiлген сот қаулысын қайта қарау туралы ұсыным енгiзедi.";
      41) 463-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "463-бап. Қадағалау шағымдарын сотта алдын ала қарау
      1. Қадағалау шағымдарын облыстық және оларға теңестiрiлген соттарда алдын ала қарауды ол түскен күннен бастап 15 тәулiктiң iшiнде осы сот төрағасының тапсырмасы бойынша қадағалау алқасының судьясы жеке-дара жүзеге асырады.
      2. Қадағалау шағымдарын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында алдын ала қарау тиiстi алқаларда олар түскен күннен бастап 15 тәулiктiң iшiнде осы сот Төрағасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
      3. Егер қадағалау шағымы мен оған тiркелген құжаттардың мазмұны шағым жасалып отырған сот қаулыларының заңдылығына күмән тудырса, қадағалау шағымын алдын ала қарауды жүзеге асыруға құқылы адамдардың iстi сұратып алуға құқығы бар. Бұл жағдайда қадағалау шағымын бiр ай iшiнде алдын ала

қарау мерзiмi сұратылған iстiң қадағалау сатысына түскен күнiнен бастап 
есептеледi.
     4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде белгiленген қадағалау 
шағымын алдын ала қарау мерзiмiн тиiстi соттың төрағасы не алқа төрағасы 
дәлелдi себептер болған жағдайда, бiрақ 1 айдан аспайтын мерзiмге ұзартуы 
мүмкiн."; 
     
     42) 464-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "464-бап. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша қабылданатын 
               шешiмдер
     1. Қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелерi бойынша:
     1) шағым жасалып отырған сот актiсiн қадағалау тәртiбiмен қайта қарау 
туралы;
     2) шағым жасалып отырған сот актiсiн қайта қарау үшiн негiздердiң
жоқ екендiгi туралы шешiмдердiң бiрi қабылданады.
     2. Шағым жасалып отырған сот актiсiн қайта қарау туралы ұсынымды:


      1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы - облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқаларына;
      2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқа төрағасы - облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың қадағалау алқаларына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасына;
      3) облыстық және соған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасының судьясы - осы соттың қадағалау алқасына енгiзедi.";

      43) 465-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "465-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың iс жүргiзу
                салдары
      1. Жоғарғы Сот Төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы, облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы заңды күшiне енген үкiмдi, қаулыны қайта қарау туралы ұсынымды iспен, шағыммен және оған қоса тiркелген материалдармен бiрге қарау үшiн тиiстi қадағалау сатысына жiбередi.
      2. Заңды күшiне енген сот актiсiн қайта қарау туралы ұсыным осы iстi қарау құзыретiне кiретiн қадағалау сатысының соты үшiн мiндеттi.
      3. Қадағалау сатысындағы iс келiп түскен күнiнен бастап бiр ай iшiнде қаралуға тиiс. Дәлелдi себептер болған жағдайда iстi қарау мерзiмi iс жүргiзуiнде жатқан қадағалау сатысының негiздi қаулысымен ұзартылуы мүмкiн. Өздерiне қатысты шағым жасалып отырған сот шешiмi шығарылған тараптар мен өзге де тұлғаларға iстi қадағалау тәртiбiмен қарау уақыты мен орны туралы хабарлама, сондай-ақ қадағалау шағымының, келтiрiлген наразылықтың көшiрмесi жiберiледi.
      4. Шағым жасалып отырған сот қаулыларын қайта қарауға негiздер болмағанда, қадағалау шағымының авторына жазбаша түрде хабарлама жiберiледi.
      5. Осы Кодекстiң 460-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар сол қадағалау сатысына қайтадан қадағалау шағымдарын беруi мүмкiн, бұл шағымдар оларда осы адамдардың бастапқы шағымын қарау кезiнде талқыланбаған жаңа дәлелдер келтiрiлген жағдайда, оларды алдын ала қарау рәсiмiне әкеп соқтырады. Қайтадан берiлген қадағалау шағымы жаңа дәлелдер шегiнде ғана қаралады. Осы Кодекстiң 460-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар шағым жасалып отырған сот қаулыларын қайта қарау негiздерiнiң жоқ екендiгi туралы шешiммен келiспеген жағдайда, жоғары тұрған қадағалау сатысына осындай шағым беруге құқылы.";
      44) 467-бапта:
      1) алтыншы бөлiкте:
      2) тармақтағы "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) тармақтағы "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын, ал "соттың үкiмiн өзгертусiз қалдыра отырып" деген сөздер "соттың үкімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдыра отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақтағы "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      жетiншi бөлiкте "432" деген цифр "412" деген цифрмен ауыстырылсын;
      сегiзiншi бөлiктегi "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      тоғызыншы бөлiктегi "апелляциялық саты сотының үкiмi мен кассациялық қаулысын" деген сөздер "апелляциялық қаулысын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      оныншы бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Iстi қадағалау тәртiбiмен қарайтын сот сотталғанға тағайындалған жазаны жеңiлдете алады немесе онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдана алады. Сот сондай-ақ, егер прокурордың наразылығында немесе жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң шағымында көрсетiлсе, сотталғанға тағылған айып шегiнен шықпай неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануы не жазаны күшейтуi мүмкiн. Қадағалау сатысындағы соттың сот талқылауының нысанасы болмаған фактiлердi анықтауға немесе дәлелденген деп есептеуге құқығы жоқ.";
      он бiрiншi бөлiктегi "егер iс жаңа кассациялық қарауға жiберiлген болса, екiншi сатыдағы" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы он екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "12. Iстi қарайтын сот қадағалау шағымдарын берген адамдарға қатысты да, сондай-ақ олардың жағдайларын нашарлатпау шартымен iс бойынша барлық сотталғандарға қатысты да сот үкiмiнiң заңдылығын, негiздiлiгiн және әдiлдiгiн толық көлемiнде тексередi. Сот жағдайды нашарлататын шешiмдi тек прокурордың наразылығында немесе жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң шағымында көрсетiлген сотталғандарға қатысты ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталғанның жағдайын оның қадағалау шағымы бойынша нашарлатуға құқылы емес.";
      45) 468-бапта:
      "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысына Пленумда төрағалық етушi қол қояды" деген сөйлем алып тасталсын;
      46) 469-баптың екiншi бөлiгiндегi "кассациялық немесе" деген сөздер алып тасталсын;
      47) 470-баптағы "Кассациялық" деген сөз "Апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      48) 472-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) iстi тоқтату туралы қаулы қайта қаралуы мүмкiн.";
      49) 474-бапта:
      екiншi бөлiктегi "Азаматтардың өтiнiштерi," деген сөздерден кейiн "оның iшiнде процеске қатысушылардың осы iс бойынша өтiнiштерi," деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi бөлiктегi "460" деген цифр "471" деген цифрмен ауыстырылсын;
      50) 476-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "төралқасы" деген сөз "қадағалау алқасы" деген сөздермен және "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төралқасы мен Пленумы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы немесе қадағалау алқасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "немесе кассациялық тәртiппен немесе қадағалау тәртiбiмен" деген сөздер "немесе қадағалау тәртiбiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктегi "430" деген цифр "467" деген цифрмен ауыстырылсын;
      51) 492-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "және кассациялық" деген сөздер алып тасталсын;
      52) 515-баптың үшiншi бөлiгiндегi "сот үш судья құрамында" деген сөздер "аудандық және оған теңестiрiлген сотта судья жеке-дара, облыстық және оған теңестiрiлген сотта үш судья құрамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      53) 518-бапта:
      бiрiншi бөлiк "1." цифрымен белгiленсiн, "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын, "48" деген цифр "47" деген цифрмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы осы Кодекстiң 49-тарауында көзделген тәртiппен атқаруға берiледi.".

      3. "Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiн күшiне енгiзу туралы" 1999 жылғы 13 шiлдедегi Z990412_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 645-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат):
      1) 4-бап алып тасталсын;
      2) мынадай мазмұндағы 5 және 6-баптармен толықтырылсын:
      "5-бап. Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 30-бабымен белгiленген iстердiң мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың соттауына жатқызылуы осындай соттардың құрылуына қарай қолданылады. Ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттар құрылғанға дейiн iстердi бiрiншi сатыдағы соттардың соттауына жатқызу осы Кодекстiң 27-бабында белгiленген ережелер бойынша анықталады.
      6-бап. Тиiстi органдар Қазақстан Республикасының iс жүргiзу заңдарына сәйкес қабылдаған iс жүргiзу әрекеттерi мен iс жүргiзу шешiмдерi, осы Заңмен олардың атын өзгертуге байланысты, заңды күшiн жоймайды.".

      4. "Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiн күшiне

енгiзу туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы  

Z970207_

  Қазақстан 
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 
ж., N 23, 336-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат): 
     1) 4, 5, 5-1-баптар алып тасталсын;
     2) мынадай мазмұндағы 6-баппен толықтырылсын:
     "6-бап. Тиiстi органдар Қазақстан Республикасының iс жүргiзу 
заңдарына сәйкес қабылдаған iс жүргiзу әрекеттерi мен iс жүргiзу 
шешiмдерi, осы Заңмен олардың атын өзгертуге байланысты, заңды күшiн
жоймайды.".
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады