Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу және оларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қазандағы N 247-II Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 290-құжат; N 24, 592-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат, N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; 2001 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 16 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi мен Қазақстан Республикасының IIМ iшкi әскерлерi қолбасшысы өкiлеттiктерiнiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      32-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсi қаза тапқан (қайтыс болған) немесе жарақат алған жағдайда, оны зейнетақымен қамсыздандыру, оған берiлетiн кепiлдiктер";
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарып жүрген кезеңде жарақат алған кезде, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн құқықтық және әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтем алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтем төленедi.";
      үшiншi және төртiншi бөлiктер алып тасталсын;
      бесiншi бөлiктегi "республика бюджетiнiң қаржысынан" деген сөздер "республикалық бюджеттен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 32-құжат; N 18, 429-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; N 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 920-құжат):

      1) 10-бапта:
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әскери қызметшiлерге ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызметтен өтудiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ерекше жағдайлары үшiн төленетін ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.
      Әскери қызметшiлердiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және әскери атағы бойынша айлықақыдан тұрады.";
      төртiншi бөлiктегi "әскери қызметшiнiң өзiне ақшалай үлестiң екi айлықақысы және онымен бiрге көшкен әрбiр отбасы мүшелерiне ақша қаражатының айлық жалақысының жартысы" деген сөздер "әскери қызметшiнiң өзiне екi айлық лауазымдық айлықақысы және онымен бiрге көшкен әрбiр отбасы мүшелерiне лауазымдық айлықақысының жартысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әскери қызметшiлер мемлекет есебiнен заттай мүлiкпен қамтамасыз етiледi.
      Казармалық жағдайдағы мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердiң, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарының қызметтен өту жағдайы ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi.
      Парашютпен секiрудi жүзеге асыратын әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери қызметшiлер әскери кезекшiлiктi атқарған, әскери эшелондарға iлесiп жүрген, дала iс-қимылдары шараларына қатысқан және стационарда емделуде болған кезде осы кезеңге Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген норма бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi.
      Шекаралық заставаларда, шалғайдағы аудандарда орналасқан оқшауланған жабық гарнизондарда қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа), олардың отбасы мүшелерi ақылы азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi. Азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";
      алтыншы бөлiктегi "пен заттай түрiндегi азық-түлiктiң" деген сөздер алып тасталсын;
      2) 12-баптың он екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен, еңбек сiңiрген жылдарына қарамастан, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн ескере отырып, тұрғын үй қорының кiмге тиесiлi екендiгіне қарамастан, тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызмет көрсету (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) шығындарын төлеу үшiн республикалық бюджетте тиiстi жылға айқындалған мөлшерде ақшалай өтем төленедi.";
      3) 14-бапта:
      тақырыбы және бiрiншi бөлігi мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Әскери қызметшiлерге қаза тапқан (қайтыс болған)
               немесе жарақат алған жағдайда берiлетiн кепiлдiктер

      Әскери қызметшi немесе әскери жиынға шақырылған әскери мiндеттi адам әскери қызметтен өту кезеңiнде қаза тапқан (қайтыс болған), жарақат алған жағдайда оларға бiр жолғы өтем төленедi.";
      екiншi бөлiктегi "Сақтандыру сомасын" деген сөздер "Бiр жолғы өтемдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiктегi "мемлекеттiк сақтандыру органдары оның мұрагерлерiне (мұрагерлiкке құқығын дәлелдейтiн куәлiгiн табыс еткеннен кейiн) соңғы атқарған қызметi бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) күнiне дейiнгi он жылдық ақшалай қаражатын төлейдi," деген сөздер "оның мұрагерлерiне (мұрагерлiкке құқығын дәлелдейтiн куәлiгiн табыс еткеннен кейiн) соңғы атқарған қызметi бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) күнiне дейiнгi бiр жолғы өтемдi алпыс айлық ақшалай қаражатының мөлшерiнде төлейдi," деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әскери қызметшiнiң (әскери мiндеттiнiң) әскери қызметтен өту (жиыннан өту) кезеңiнде немесе әскери қызметтен өтуге (жиыннан өтуге) байланысты контузия, мертiгу, ауыру салдарынан әскери қызметтен босатылғаннан (жиын аяқталғаннан) кейiн бiр жыл өткенге дейiн мүгедектiгi анықталған жағдайда бiр жолғы өтем:
      I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражаты;
      II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражаты;
      III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде төленедi.";
      жетiншi бөлiктегi "үш айлық ақшалай қаражаты; жеңiл жарақат алған ретте бiр айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде сақтандыру сомасы" деген сөздер "бiр жарым айлық ақшалай қаражаты; жеңiл жарақат алған ретте жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегiзiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер өлiмнiң себебi өзiне-өзi қол жұмсаудан болғаны, өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, сондай-ақ егер қаза (өлiм), жаралану, контузия, жарақат алу, мертiгу адамның заңға қайшы iс-әрекетiнен немесе алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан мас болу себебiнен немесе өзiне қандай да бiр жарақат түсiру (денесiне зиян келтiру) арқылы болса және бiр жолғы өтем алу немесе әскери қызметтен жалтару мақсатымен өз денсаулығына өзгедей зиян келтiрсе, бiр жолғы өтем төленбейдi.";
      тоғызыншы бөлiкте:
      қазақша мәтiнде жетiншi абзацтағы "сақтандыру сомалары" деген сөздер "бiр жолғы өтемдерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, сегiзiншi және тоғызыншы абзацтардағы "ең төменгi" деген сөздер алып тасталып, "жалақы" деген сөз тиiсiнше "айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 16-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "әскери қызметтен босағанда" деген сөздерден кейiн "стационарда емделуге барып, қайтқанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге пошта жiберiлiмдерi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде ақшалай өтем төленедi.";
      мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiнiң стационарда емделуге барып, қайтқанда, әскери қызметтен босағанда, сондай-ақ демалысқа барып, қайтқанда Қазақстан Республикасының аумағында темiр жол, әуе, су және автомобиль көлiгiмен тегiн жүруге құқығы бар.";
      5) 17-бапта:
      бесiншi бөлiкте:
      үшiншi абзацтағы "ақшалай қаражатының алты айлықақысы және әскери қызметтiң жалпы ұзақтығы үшiн проценттiк үстеме" деген сөздер "ақшалай қаражатының төрт айлықақысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацтағы "ақшалай қаражатының жетi айлықақысы және әскери қызметтiң жалпы ұзақтығы үшiн проценттiк үстеме" деген сөздер "ақшалай қаражатының бес айлықақысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi абзацтағы "ақшалай қаражатының сегiз айлықақысы және әскери қызметтің жалпы ұзақтығы үшін проценттiк үстеме" деген сөздер "ақшалай қаражатының алты айлықақысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтағы "ақшалай қаражатының тоғыз айлықақысы және әскери қызметтiң жалпы ұзақтығы үшiн проценттiк үстеме" деген сөздер "ақшалай қаражатының жетi айлықақысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетiншi абзацтағы "ақшалай қаражатының он айлықақысы және әскери қызметтiң жалпы ұзақтығы үшiн проценттiк үстеме" деген сөздер "ақшалай қаражатының сегiз айлықақысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегiзiншi абзацтағы "жұмысшылар мен қызметшiлердiң ең төмен бiр жалақысы" және "жұмысшылар мен қызметшiлердiң ең төмен бес жалақысы" деген сөздер тиiсiнше "айлық есептiк көрсеткiш" және "бес айлық есептiк көрсеткiшi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлiктегi "мен әскери қызметтiң жалпы ұзақтығы үшiн проценттiк үстемеге" деген сөздер алып тасталып, "екi айлықақысы" деген сөздер "екi айлықақысына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына   (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар; N 10, 234-құжат; 2001 ж., N 3, 16-құжат; N 10, 124-құжат; 2001 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 13 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 11 маусымдағы  Қазақстан Республикасының Заңы ):

      177-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде жүзеге асырылады." деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13, 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 18, 367-құжат; 1997 ж., N 11, 144-құжат; N 12, 189-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 46-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 20, 717-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; N 10, 244-құжат; N 18, 338-құжат):

      1) 406-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "406-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды
                адамдары қаза тапқан (қайтыс болған) немесе
                мертiккен жағдайда берiлетiн кепiлдiктер

      Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамына қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде мертiккен кезде, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, өтем алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтем төленедi.
      Бiр жолғы өтемдi төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан адамның отбасына соңғы атқарған қызметi бойынша алпыс айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақатының, жаралануының (контузияның), мертiгуiнiң, ауруының салдарынан болған мүгедектiгi анықталған кезде оларға:
      I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражаты;
      II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражаты;
      III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр мертiгуге (жарақатқа, жаралануға, контузияға) ұшыраған жағдайда, оған бiр жарым айлық ақшалай қаражаты, жеңiл мертiгуге ұшыраған жағдайда айлық ақшалай қаражатының жартысы мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi.
      Осы бапта көзделген бiр жолғы өтемдi есептеу үшiн қолданылатын ақшалай қаражат лауазымдық айлықақыдан және арнаулы атағы үшiн қосымша ақыдан тұрады.
      Егер Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамының қаза табуы (қайтыс болуы), жарақат алуы, жаралануы (мертiгуi), ауруы қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты емес мән-жайлардан болғандығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiр жолғы өтем төленбейдi.";
      2) 407-бап алып тасталсын.

      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 118-құжат; N 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184, 190-құжаттар):

      19-бапта:
      екiншi бөлік алып тасталсын;
      үшiншi бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiне ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызметтi өтеудiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.
      Әскери қызметшiлердiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және әскери атағы бойынша айлықақыдан тұрады.";
      төртiншi бөлiктегi "және басқа үлес түрлерiмен" деген сөздер "мүлiкпен" деген сөзбен ауыстырылсын.

      6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық ұлан туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы N 2671 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж, N 11-12, 174-құжат; N 24, 436-құжат):

      1) 12-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы алып тасталсын;
      2) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:

      "18-1-бап. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiне
                 ақшалай үлес

      Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiне ақшалай үлесi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi.".

      7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 16 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi мен Қазақстан Республикасының IIМ iшкi әскерлерi қолбасшысы өкiлеттiктерiнiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 20-бапта:
      4-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлікпен толықтырылсын:
      "Iшкi iстер органдарының мамандары мен жұмысшыларының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет және еңбек туралы заңдарымен реттеледi.";
      2) 26-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызметтi өтеудiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.
      2. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және арнаулы атағы үшiн қосымша ақыдан тұрады.";
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 28-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайда берiлетiн кепiлдiктер";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Iшкi iстер органдарының қызметкерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарып жүрген кезеңiнде мертiккен жағдайда, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтем алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтем төленедi.";
      2-тармақтағы "Сақтандыру сомаларын" деген сөздер "Бiр жолғы өтемдi" деген сөздермен, "анықтайды" деген сөз "белгiлейдi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "он жылдық ақшалай үлесi мөлшерiнде бiр жолғы сақтандыру сомасы" деген сөздер "алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      қазақша мәтiнде 3) тармақшадағы "сақтандыру сомалары" деген сөздер "өтем" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1) тармақшадағы "бес жылдық" деген сөздер "отыз айлық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "үш жылдық" деген сөздер "он сегiз айлық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "бiр жылдық" деген сөздер "алты айлық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      "үш айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде, жеңiл зақым алған жағдайда - бiр айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде сақтандыру сомасы" деген сөздер "бiр жарым айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, жеңiл зақым алған жағдайда жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi сөйлем алып тасталсын;
      6-тармақтағы "сақтандыру сомасы" деген сөздер "бiр жолғы өтем" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 15, 208-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат):

      1) 11-баптың 5) тармақшасындағы "штат саны мен бекiтiлген қаржы шегiнде прокуратура органдарында еңбекке ақы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат санының лимитi шегiнде прокуратура органдарындағы штат санын және еңбекақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 49-бапта:
      1-тармақтағы "еңбек сiңiрген жылдарына" деген сөздер "арнаулы қызмет стажына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "лауазымдық жалақысына қосымша ақы" деген сөздер "сыныптық шендерi үшiн қосымша ақы немесе әскери атақтары бойынша айлықақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-бап. Еңбектi құқықтық реттеу

      Мыналардың:
      1) прокуратура органдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары осы Жарлықпен, Прокуратура органдарында қызметтен өту туралы ережемен, сондай-ақ осы Жарлыққа қайшы келмейтiн бөлiгiнде мемлекеттiк қызмет және еңбек туралы заңдармен реттеледi;
      2) прокуратура органдарының мамандары мен жұмысшыларының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет және еңбек туралы заңдарымен реттеледi.";
      4) 53-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      1. Прокуратура органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi.";
      7-тармақ алып тасталсын;
      8-тармақта:
      "он жылғы ақшалай үлесi мөлшерiнде бiр жолғы сақтандыру сомасы" деген сөздер "алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мұрагерлерiне" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы баппен көзделген бiр жолғы өтемдi есептеу үшiн қолданылатын ақшалай қаражат лауазымдық айлықақыдан және сыныптық шенi үшiн (әскери атағы бойынша) қосымша ақыдан (айлықақыдан) тұрады.";
      9-тармақтағы "тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде" және "және санаторий-курорттық" деген сөздер алып тасталсын;
      10-тармақтағы "жұмысшылары мен қызметшілерiнен" деген сөздер "мамандары мен жұмысшыларынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 54-бап алып тасталсын;
      6) 55-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "55-бап. Арнаулы қызмет стажы

      1. Прокуратура органдарындағы қызмет (жұмыс) мемлекеттiк қызметтiң арнаулы түрi болып табылады. Арнаулы қызмет (жұмыс) стажына прокуратура органдарындағы қызметтен (жұмыстан) басқа:
      1) Қарулы Күштердегi, iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы және басқа да құқық қорғау органдарындағы;
      2) сот органдарындағы;
      3) мемлекеттiк қызметте болған қызмет (жұмыс);
      4) заң мамандығы бойынша ғылыми және педагогтiк жұмыс;
      5) өкiлдi билiктiң мемлекеттiк органдарындағы сайланбалы лауазымдағы жұмыс уақыты есептеледi.".

      9. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат):

      1) 19-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiнiң ақшалай үлесi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi.";
      2-тармақтағы ", егер заңдарда белгiленген тәртiппен өзгеше көзделмесе, заңдарда Қарулы Күштердiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген бұйымдық және заттай үлеспен" деген сөздер "заңдарда белгiленген тәртiп бойынша мүлiкпен және азық-түлiкпен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 20-баптың 1-тармағындағы "қызмет өткерген жылдарына проценттiк үстемеақы" деген сөздер "лауазымдық айлықақы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат, N 23, 925-құжат):

      1) 60-баптың 1-тармағында:
      бiрiншi абзацтағы "Әскери қызметшiлердiң" деген сөздерден кейiн "(мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшадағы "және" деген сөз "немесе" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) әскери қызметтегi офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң (мичмандардың), Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдардың, сондай-ақ келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген әскери қызметтi және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарындағы қызметтен өтудiң шектi жасына жеткен, 25 жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемiнде 12 жыл 6 айын үздiксiз әскери қызметтегi немесе Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарындағы қызметi құрайтын адамдардың;";
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) 25 жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемiнде 12 жыл 6 айын үздiксiз әскери қызмет немесе iшкi iстер органдарындағы қызмет құрайтын, штаттың қысқаруына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар;";
      2) 61-бапта:
      1-тармақтағы "ақшалай үлестiң 60 процентi" деген сөздер "ақшалай қаражатының 50 процентi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2, 4-тармақтардағы "ақшалай үлестiң" деген сөздер "ақшалай қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      "ақшалай үлестiң 75 процентiнен" деген сөздер "ақшалай қаражатының 65 процентiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне төленетiн ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi тиiстi жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген жетпiс бес айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.";
      3) 63-бапта:
      тақырыптағы "ақшалай үлесiнiң" деген сөздер "ақшалай қаражатының" деген сөздермен және 1-тармақтағы "ақшалай үлесi" деген сөздер "ақшалай қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн, iшкi iстер органдары қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражат мөлшерiне лауазымдық айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кiредi.";
      3-тармақтағы "ақшалай үлесi" деген сөздер "ақшалай қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 64-баптың 1-тармағындағы "ақшалай үлес" деген сөздер "ақшалай қаражат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 65-бапта:
      3-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының әскери қызметiнде, iшкi iстер органдарындағы қызметте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылға жетпейтiн әскери қызмет стажы бар, Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен қамтылған әскери қызметшiлерi, iшкi iстер органдары қызметкерлерi үшiн мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына немесе мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорына, осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қаражаты мөлшерiнiң 20 процентi мөлшерiнде тиiстi бюджеттiң қаражаты есебiнен салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi.";
      үшiншi бөлік алып тасталсын.

      11. "Дипломатиялық қызмет туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 21, 275-құжат; 1999 ж., N 23, 916-құжат):

      26-баптың 2-тармағында:
      бiрiншi бөлiкте:
      "адамдарды ақшалай қамтамасыз ету" деген сөздер "адамдарға еңбекақы төлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бiртұтас жүйесiмен" деген сөздер "бiрыңғай жүйесi негiзiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "еңбегiне ақы төлеу" деген сөздер "еңбек" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заңның 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, осы Заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады