Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімді бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 қаңтардағы N 282 Заңы

      Астанада 2000 жылғы 7 шілдеде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісім бекітілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан
Республикасы Үкіметінің арасындағы Азаматтардың өзара
сапарларының шарттары туралы
Келісім *

*(2003 жылғы 26 маусымнан бастап күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
бюллетені, 2004 ж., N 7, 43-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
      Ташкент қаласында 1998 жылғы 31 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы Мәңгілік достық туралы  шарттың ережелерін басшылыққа ала отырып, 
      екі мемлекет азаматтарының өзара сапарларының тәртібін реттеуге ұмтылыс білдіре отырып, 
      төмендегілер туралы келісті: 

1-бап

      Бір Тарап мемлекетінің азаматтары N 1 және N 2 қосымшаларда аталған жарамды құжаттар, осы Келісімде көзделген шарттар бойынша екінші Тарап мемлекетінің аумағына келуге, кетуге, транзитпен өтуге және уақытша болуға құқылы.

2-бап

      Ұлттық паспорттардың иелері болып табылатын Тараптар мемлекеттерінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағына 5 (бес) тәулікке дейін тіркеусіз (уақытша тіркелімсіз) келеді және онда болады. 
      Болу уақытын 5 тәуліктен асатын мерзімге ұзартуды Тараптар мемлекеттерінің заңдарына сәйкес ішкі істер органдары жүзеге асырады. 
      Екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу кезінде Тараптар мемлекеттерінің азаматтарында Тараптардың шекаралық қызметтері кету кезінде қайтарылуға жататын көші-қон бақылау карточкаларын береді. 
      Екінші Тарап аумағына темір жол көлігімен келген азаматтар ішкі істер органдары беретін көші-қон бақылау карточкалары негізінде 5 тәулікке дейін тіркеусіз (уақытша тіркелімсіз) бола алады.

3-бап

      Көші-қон бақылау карточкаларын ресімдеу, тіркеу (уақытша тіркелім) рәсімінен: 
      а) жарамды ұлттық паспорттар бойынша және бас декларацияда (ұшу тапсырмасында) жазба болған жағдайда және азаматтық авиацияның әуе кемелері экипаждарының мүшелері; 
      б) кемелік рөлде және одан көшірмеде жазба болған кезде жарамды ұлттық паспорттар бойынша теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері; 
      в) жарамды ұлттық паспорттар және әрбір рейске бекітілетін атаулы тізімдер, бағыттық парақтар бойынша жолаушылық, поездардағы рефрижераторлық және локомотивтік бригадалардың қызметкерлері және Тараптар мемлекеттерінің аумақтары бойынша темір жол көлігімен өткізілетін жүктермен бірге жүретін адамдар; 
      г) жарамды ұлттық паспорттар және Тараптардың құзыретті органдары беретін тиісті құжаттар бойынша үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері; 
      д) алдын ала уағдаластыққа сәйкес жарамды ұлттық паспорттары және іссапарлық куәліктер (ұйғарымдар) болған кезде қызметтік куәліктер бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері (Тараптар мемлекеттері құқық қорғау органдарының тізбесі дипломатиялық арналар бойынша анықталатын болады); 
      е) Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік ресми және үкіметтік делегацияларының мүшелері және олармен бірге жүретін адамдар; 
      ж) Тараптар мемлекеттерінің дипломаттық паспорттарының иелері; 
      з) Тараптардың дипломатиялық өкілдіктерінің және консулдық мекемелерінің, Тараптар мемлекеттерінің аумағындағы халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын Тараптар мемлекеттерінің дипломатиялық паспорттарының иелері және олардың отбасы мүшелері; 
      и) Тараптар мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің әкімшілік-техникалық қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері босатылады. 
      Осы баптың "з" және "и" тармақтарында көрсетілген адамдар Тараптар мемлекеттерінің Сыртқы істер министрліктерінде тіркеледі. 

4-бап

      1. Бір Тараптың екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан мемлекеттік объектілеріне қызмет ететін Тараптар мемлекеттерінің қызметтік міндеттемелерін орындау үшін осы екінші Тарап мемлекетінің аумағына келетін, кететін және болатын азаматтары көші-қон бақылау карточкаларын ресімдеуден босатылады. 
      2. Көрсетілген адамдарды шекара арқылы өткізу ұлттық паспорттар және келісілген тізімдер бойынша қызметтік куәліктер негізінде жүзеге асырылатын болады.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген объектілердің тізбесі осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күннің ішінде дипломатиялық арналар бойынша ноталармен алмасу арқылы айқындалатын болады.

5-бап

      Екінші Тарап мемлекетінің аумағы арқылы темір жол көлігімен транзитпен жүріп өтетін Тараптар мемлекеттерінің азаматтары осы Тарап мемлекетінің аумағынан ұлттық паспорттар және темір жол билеттері бойынша көші-қон бақылау карточкаларын ресімдеусіз келеді және кетеді.

6-бап

      Көші-қон бақылау карточкаларын беру және мерзімін ұзарту үшін алымдардың тарифтерін Тараптар дипломатиялық арналар бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын ноталар алмасу арқылы келісетін болады.

7-бап

      Тараптар өзара құрмет негізінде көші-қон бақылау карточкаларын ресімдеу және ұзарту үшін мынадай адамдарды:
      а) Тараптардың арасындағы шарттарға сәйкес ғылым, техника, білім беру, мәдениет, өнер және спорт салаларындағы алмасу тәртібімен жүретіндерді;
      б) екінші мемлекеттің аумағындағы оқу орындарында оқитындарды;
      в) Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, оларға теңестірілген адамдарды, тиісті куәліктерді көрсету бойынша 1 және 2 топтағы мүгедектерді, сондай-ақ 60 жастан асқан азаматтарды; 
      г) 16 жасқа дейінгі балаларды алымдардан босататын болады.

8-бап

      Адамдарды, көлік құралдарын, тауарларды, жүктерді, өзге де мүлікті және малдарды шекара арқылы өткізу Тараптардың келісімі бойынша белгіленетін өткізу бекеттерінде жүзеге асырылады. 
      Өткізу бекеттерінде шекаралық, кедендік, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық және бақылаудың өзге де түрлері жүргізіледі. 
      Өткізу бекеттері: 
      а) Тараптар мемлекеттерінің және басқа да мемлекеттердің адамдарын, көлік құралдарын, тауарларын, жүктерін, өзге де мүліктері мен малдарын өткізуді жүзеге асыратын халықаралық өткізу бекеттерінде; 
      ә) Тараптар мемлекеттерінің адамдарын, көлік құралдарын, тауарларын, жүктерін, өзге де мүліктері мен малдарын өткізуді жүзеге асыратын екі жақты; 
      б) Тараптар мемлекеттерінің адамдарын, көлік құралдарын өткізуді жүзеге асыратын оңайлатылған өткізу бекеттеріне бөлінеді. 
      Оңайлатылған өткізу бекеттері мен олардың жұмыс тәртібі Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтерінің келісімі бойынша белгіленеді. 
      Тараптар халықаралық және екі жақты өткізу бекеттерінің тізбелерімен дипломатиялық арналар бойынша алмасады. 

9-бап

      Тараптардың келісімі бойынша өткізу бекеттерінің жұмыс уақытын, Тараптар мемлекеттерінің адамдарын, көлік құралдарын, тауарларын, жүктерін, өзге де мүлкі мен малын өткізу тәртібін қамтитын өткізу бекеттерінің жұмыс режимі белгіленеді. 
      Өткізу бекеттері жұмысының режимін ұйымдастыру және оның сақталуын бақылау Тараптар мемлекеттерінің шекаралық және кедендік қызметтеріне жүктеледі. 

10-бап

      Тараптардың шешімі бойынша ерекше жағдайларда (эпидемиялар, эпизоотиялар, табиғи апаттар және т.с.с.) Тараптар адамдарды, көлік құралдарын, тауарларды, жүктерді, өзге де мүлікті және малдарды шекара арқылы өткізуді уақытша тоқтата алады. 
      Бұл ретте осындай шараларды қабылдауды Тарап алдына ала, бірақ 24 сағаттан кешіктірмей екінші Тарапты осындай шаралардың қабылданғаны және олардың күшін жойғаны туралы хабардар етеді. 

11-бап

      Тараптар мемлекеттерінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған кезінде сол Тарап мемлекетінің шетел азаматтары үшін белгіленген заңдары мен ережелерін, оның ішінде тіркеу (уақытша тіркелім), болу және жүріп-тұру ережелерін сақтауы тиіс. 
      Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің екінші Тарап мемлекеті азаматының келуінен бас тарту немесе болу мерзімін шектеу құқығын қозғамайды. 

12-бап

      Егер мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау немесе халықтың денсаулығын қорғау үшін қажет болса, Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің күшін толық немесе ішінара уақытша тоқтатуға құқығы бар. 
      Мұндай шараларды қабылдау немесе кейінге қалдыру туралы Тараптар алдын ала, бірақ шешім қабылданған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей бір-біріне дипломатиялық арналар бойынша хабарлайды. 

13-бап

      Тараптар мемлекеттері жаңа құжаттарды қолданысқа енгізген жағдайда, Тараптар олардың қолданысқа енгізілуіне дейін кем дегенде 1 (бір) ай бұрын дипломатиялық арналар бойынша осы құжаттардың үлгілерімен алмасады. 
      Тараптар мемлекеттерінің Сыртқы істер министрліктері шетел азаматтарының келу, кету, болу тәртібіне қатысты қолданыстағы заңдар туралы ақпаратпен және осы саладағы басқа да ақпаратпен алмасатын болады. 

14-бап

      Тараптар, қажетіне қарай, осы Келісімнің орындалуына байланысты мәселелерді талқылау үшін консультациялар өткізетін болады.
      Осы Келісімнің ережелерін, орындау немесе қолдану барысында туындаған кез келген келіспеушіліктер немесе даулы мәселелер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешілетін болады.

15-бап

      Осы Келісімге Тараптардың келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Келісімнің 17-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жекелеген хаттамалармен ресімделеді.

16-бап

      Осы Келісім Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді қозғамайды.

17-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді. 
      Осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тараптан оның күшін тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарлама алған күннен алты ай өткенге дейін күшінде болады. 
      Астана қаласында, 2000 жылғы 7 шілдеде әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. 
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады. 

    Қазақстан Республикасының        Өзбекстан Республикасының
          Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен   
Өзбекстан Республикасы Үкіметінің     
арасындағы Азаматтардың өзара       
сапарларының шарттары туралы келісімге  
N 1-қосымша                

Қазақстан Республикасы азаматтарының Өзбекстан Республикасының
аумағы бойынша келуі, кетуі, транзитпен өтуі, уақытша болуы үшін құжаттардың
ТІЗБЕСІ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР 28.01.2015 № 281-V Заңымен.

      1. Қазақстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты.
      2. Қазақстан Республикасы азаматының қызметтік паспорты.
      3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
      4. Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпарат
тасымалдағышы бар паспорты.
      5. Әуе кемесінің экипажы мүшесінің куәлігі (экипаждың құрамында жүруі кезінде).
      6. Қазақстан Республикасына оралу үшін куәлік (Қазақстан Республикасына оралу үшін үшін ғана).
      7. Үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жеке куәлігі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен   
Өзбекстан Республикасы Үкіметінің     
арасындағы Азаматтардың өзара       
сапарларының шарттары туралы келісімге  
N 2-қосымша                

Өзбекстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша келуі, кетуі, транзитпен өтуі, уақытша болуы үшін құжаттардың
ТІЗБЕСІ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР 28.01.2015 № 281-V Заңымен.

      1. Өзбекстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты (биометриялық үлгіде).
      2. Өзбекстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты (биометриялық үлгідегі емес - 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін).
      3. Өзбекстан Республикасы азаматының паспорты (биометриялық үлгіде).
      4. Өзбекстан Республикасы азаматының паспорты (биометриялық үлгідегі емес - 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін).
      5. 16 жасқа толмаған Өзбекстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (кәмелетке толмаған азаматтар үшін жол жүру құжаты - 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін).
      6. Өзбекстан Республикасына оралу үшін сертификат (Өзбекстан Республикасына оралу үшін ғана).
      7. Әуе кемесінің экипажы мүшесінің куәлігі (экипаждың құрамында жүруі кезінде).
      8. Үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жеке куәлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады