Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық жіктемесін белгілеу туралы Локарно келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 31 қаңтар N 291-ІІ

      Локарнода 1968 жылғы 8 қазанда жасалған Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық жіктемесін белгілеу туралы Локарно келісіміне Қазақстан Республикасы қосылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

ӨНЕРКӘСIПТIК ҮЛГІЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ЖIКТЕМЕСIН БЕЛГIЛЕУ ТУРАЛЫ
ЛОКАРНО КЕЛIСIМI

(2002 жылғы 7 қарашада күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

(Локарнода 1968 жылы 8 қазанда қол қойылған)

1-бап Арнайы одақты құру; Халықаралық жiктеменi қабылдау

      (1) Осы Келiсiмдi қолданатын елдер Арнайы одақ құрады.
      (2) Олар өнеркәсiп үлгiлерiнiң бiрыңғай жiктемесiн (бұдан әрi - "Халықаралық жiктеме" деп аталады) қабылдайды.
      (3) Халықаралық жiктеме мыналарды қамтиды:
      (I) топтар мен қосалқы топтардың тiзбесi;
      (II) өнеркәсіп үлгiлерi жинақталған тауарлардың алфавиттiк тiзбесi; онда олардың жатқызылатын топтары мен қосалқы топтары қоса көрсетiледi;
      (III) түсiндiрме.
      (4) Топтар мен қосалқы топтардың тiзбесi 3-баптың негiзiнде құрылған Сарапшылар комитетi (бұдан әрi - "Сарапшылар комитетi" деп аталады)* енгiзетiн өзгерiстер мен толықтырулар ескерiле отырып, осы Келiсiмге қоса берiлетiн тiзiмнен тұрады.
      (5) Тауарлардың алфавиттiк тiзбесi мен түсiндiрменi 3-бапта белгiленген рәсiмге сәйкес Сарапшылар комитетi қабылдайды.
      (6) Халықаралық жiктеме 3-бапта белгiленген рәсiмге сәйкес Сарапшылар комитетiнде өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
      (7) (а) Халықаралық жiктеме ағылшын және француз тiлдерiнде жасалады.
      (b) Халықаралық жiктеменің ресми мәтiнi мүдделi үкiметтермен кеңескен соң Дүниежүзілік санаткерлiк меншiк ұйымын құрған, (бұдан әрi "Ұйым" деп аталады), Конвенцияда айтылған, санаткерлік меншiктің Халықаралық бюросымен (бұдан әрi - "Халықаралық бюро" деп аталады) 5-бапта айтылғандай, Ассамблеяның айқындауымен басқа тiлдерде жасалады.

2-бап Халықаралық жiктеменi қолдану мен оның заңдық маңызы

      (1) Осы келiсiм жүктеген мiндеттемелер ескерiле отырып, Халықаралық жiктеме айрықша әкiмшiлiк сипатқа ие болады. Алайда, әрбiр ел оған өзi қажеттi деп санайтын заңдық маңыз бере алады. Атап айтқанда, Халықаралық жiктеме Арнайы одақтың елдерiн осы елдердегi өнеркәсiп үлгiлерiн қорғаудың түрлерi мен көлемiне қатысты байланыстырмайды.
      (2) Арнайы одақтың әрбiр елi Халықаралық жiктеменi негiзгi немесе қосымша жүйе ретiнде пайдалану құқығын өзiнде қалдырады.
      (3) Арнайы одақ елдерiнiң ведомстволары өнеркәсіп үлгiлерi жинақталған тауарлар жатқызылатын Халықаралық жiктеменiң топтары мен қосалқы топтарының нөмiрлерiн өнеркәсiп үлгiлерiн депозитке салу немесе тiркеу туралы ресми құжатқа, ал егер олар ресми жарияланған болса, - осы жарияланымға енгiзедi.
      (4) Тауарлардың алфавиттiк тiзбесiне қосу үшiн атауларды iрiктеген кезде Сарапшылар комитетi айрықша құқықтың нысанасы болуы мүмкiн атауларды пайдаланудан бойын аулақ салуға ерекше назар аударады. Соған қарамастан кез келген терминдi алфавиттiк тiзбеге енгiзу барысында аталған термин айрықша құқықтың нысанасы болып табылатындығы туралы мәселенi Сарапшылар комитетiнiң пікiрi деп түсiндiруге болмайды.
___________________________________ * Локарно дипломатиялық конференциясымен қабылданған топтар мен қосалқы топтардың тiзбесi кейiнiрек Сарапшылар комитетiмен өзгертiлдi, сондықтан да осы мәтiнге қосымша ретiнде берiлген жоқ.

3-бап Сарапшылар комитетi

      (1) Халықаралық бюро жанынан Сарапшылар комитетi құрылады, оған 1(4)-, 1(5)- және 1(6)-баптарда көрсетiлген мiндеттер жүктелген. Арнайы одақтың әрбiр елi қызметi ұсынылған елдердің жай көпшiлiк дауысымен қабылданатын рәсiм ережесiмен айқындалатын Сарапшылар комитетiне ұсынылады.
      (2) Сарапшылар комитетi алфавиттiк тiзбе мен түсiндiрменi Арнайы одақ елдерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылдайды.
      (3) Халықаралық жiктемеге өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстарды Арнайы одақтың кез келген елiнiң ведомствосы немесе Халықаралық бюро енгiзе алады. Қандай да бiр ведомстводан туындаған кез келген ұсынысты осы ведомство Халықаралық бюроға жолдайды. Ведомстволар мен Халықаралық бюроның ұсыныстары осы ұсыныстар қаралуға тиiс комитеттiң сессиясы басталғанға дейiн екi айдан кешiктiрмей Сарапшылар комитетiнiң мүшелерiне жiберiледi.
      (4) Халықаралық жiктемеге өзгертулер мен толықтырулар енгiзуге қатысты Сарапшылар комитетiнiң шешiмi Арнайы одақ елдерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Солай бола тұрса да егер шешiм жаңа топты құру немесе тауарды бiр топтан екiншiсiне ауыстыруға қатысты болса, бiрауыздан дауыс беру талап етiледi.
      (5) Әрбiр сарапшы хат алмасу арқылы дауыс беруге құқылы.
      (6) Егер ел Сарапшылар комитетiнiң мәжiлiсiне өз өкiлiн тағайындамаса немесе егер тағайындалған сарапшы мәжiлiс кезiнде Сарапшылар комитетiнiң тағайындалған рәсiм ережелерiнде белгiленген мерзiм iшiнде дауыс бермесе, онда аталған ел Комитеттiң шешiмiн қабылдады деп есептеледi.

4-бап Хабарлама, жiктеменi, оған өзгерiстер мен толықтыруларды жариялау

      (1) Сарапшылар комитетi қабылдаған тауарлар мен түсiндiрмелердiң алфавиттiк тiзбесiн, сондай-ақ олар туралы Комитет шешiм шығарған Халықаралық жiктемеге кез келген өзгерiстер мен толықтыруларды Халықаралық бюро Арнайы одақ елдерiнiң ведомстволарына жiбередi. Сарапшылар комитетiнiң шешiмi хабарлама қолға тиген сәттен бастап күшiне енедi. Алайда, егер бұл шешiмдер жаңа топты енгiзуге немесе бiр топтан екiншiсiне ауыстыруға қатысты болса, ондай шешiмдер хабарлама жөнелтiлген күннен бастап алты ай өткенде күшiне енедi.
      (2) Халықаралық бюро Халықаралық жiктеменiң депозитарийi ретiнде оған күшiне енген өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi. Осындай өзгерiстер мен толықтырулар туралы хабарлар Ассамблея белгiлейтiн мерзiмдi басылымдарда жарияланады.

5-бап Арнайы одақтың Ассамблеясы

      (1) (а) Арнайы одақтың Арнайы одақ елдерiнен тұратын Ассамблеясы болады.
      (b) Арнайы одақтың әрбiр елiнің үкiметi бiр делегаттан ұсынады, оның орынбасарлары, кеңесшiлерi мен сарапшылары болады.
      (с) Әр делегацияға жұмсалатын шығыстарды оны тағайындаған үкiмет көтередi.
      (2) (а) 3-баптың ережелерiн ескере отырып Ассамблея:
      (I) Арнайы одақты сақтау мен дамытуға және осы Келiсiмдi қолдануға қатысты барлық мәселелердi қарайды;
      (II) Халықаралық бюроға қайта қарау жөнiндегi конференцияға дайындыққа қатысты нұсқаулар бередi;
      (III) Ұйымның Бас директорының (бұдан әрi - "Бас директор" деп аталады) Арнайы одаққа қатысы бар есептерi мен қызметiн қарайды және бекiтедi, оған Арнайы одақтың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша барлық қажеттi нұсқаулар бередi;
      (IV) бағдарламаны айқындайды, Арнайы одақтың үш жылдық бюджетiн қабылдайды және оның қаржылық есебiн бекiтедi;
      (V) Арнайы одақтың қаржылық регламентiн бекiтедi;
      (VI) Халықаралық жiктеменiң ресми мәтiнiн ағылшын және француз тiлдерiнен басқа тiлдерде дайындау мәселелерiн шешедi;
      (VII) 3-бапқа сәйкес құрылған Сарапшылар комитетiнен басқа, Арнайы одақтың мақсатын жүзеге асыруда қажет деп есептелген басқа да сарапшылар комитеттерi мен жұмыс топтарын құрады;
      (VIII) Арнайы одақтың мүшелерi болып табылмайтын қандай елдердiң және қандай үкiметаралық және халықаралық үкiметтік емес ұйымдардың оның мәжiлiсiне бақылаушы ретiнде жiберiлуi мүмкiн екендiгiн айқындайды;
      (IX) 5-8-баптарға түзетулердi қабылдайды;
      (X) Арнайы одақтың мақсаттарына қол жеткiзуге бағытталған басқа да кез келген лайықты әрекеттердi жүзеге асырады;
      (XI) осы Келiсiмнен туындайтын басқа да мiндеттердi орындайды;
      (b) Ұйым әкiмшiлiк ететiн басқа да Одақтар үшiн мүдделiлiк туғызатын мәселелер бойынша Ассамблея Ұйымның Үйлестiру комитетiнiң пiкiрiн тыңдап, шешiм қабылдайды.
      (3)(а) Ассамблеяға мүше әрбiр ел бiр дауысқа ие болады.
      (b) Ассамблеяға мүше елдердiң тең жартысы кворумды құрайды.
      (с) Егер ұсынылған елдердің қайсыбiр сессиядағы саны олардың жартысына жетпесе, (b) қосалқы тармағының ережесiне қарамастан, қатысушылар Ассамблеяға мүше елдердiң үштен бiрiне тең болса немесе одан асса, онда ол шешiм қабылдай бередi, алайда Ассамблеяның мұндай шешiмдерi, оның өзiнің рәсiм ережесiне қатысты шешiмдердi қоспағанда, төменде келтiрiлген талаптарды сақтағанда ғана күшiне енедi. Халықаралық бюро аталған шешiмдердi Ассамблеяның келмей қалған мүше елдерiне жiбередi және оларды шешiм жiберген күннен бастап есептегенде үш ай мерзiм iшiнде осы шешiмдер үшiн дауыс беретiндiгiн немесе қалыс қалатындығын айтып жазбаша түрде хабарлауға шақырады. Осы мерзiм iшiнде дауыс бергенi немесе қалыс қалғаны жөнiнде хабарлаған елдер сессияда жетпей қалған кворумның орнын толтырады, мұндай шешiмдер қажеттi басымдылық бiр мезгiлде сақталған жағдайда күшiне енедi.
      (d) 8(2)-баптың ережелерiн ескере отырып, Ассамблея өз шешiмдерiн берiлген дауыстың үштен екiсiнде көпшiлiк дауыспен қабылдайды.
      (е) Қалыс қалған дауыстар есепке алынбайды.
      (f) Делегат тек бiр елдi ғана бiлдiре және оның атынан дауыс бере алады.
      (4) (а) Ассамблея кезектi сессияға, ерекше жағдайлардан басқа кезде, Ұйымның Бас Ассамблеясы орналасқан жерге, сол уақытта Бас директордың шақыруымен үш жылда бiр рет жиналады.
      (b) Ассамблея төтенше сессияға Бас директордың шақыруымен Ассамблеяға мүше елдердiң төрттен бiрi талап еткенде жиналады.
      (с) Бас директор әрбiр сессияның күн тәртiбiн дайындайды.
      (5) Ассамблея өзiнiң рәсiм ережесiн қабылдайды.

6-бап Халықаралық бюро

      (1) (а) Арнайы одақтың әкiмшiлiк мiндеттерiн Халықаралық бюро жүзеге асырады.
      (b) Халықаралық бюро, атап айтқанда, мәжiлiстердi дайындайды және Ассамблея, Сарапшылар комитетi хатшылығының, сондай-ақ Ассамблея немесе Сарапшылар комитетi құруы мүмкiн басқа да комитеттер мен жұмыс топтарының мiндеттерiн атқарады.
      (с) Бас директор Арнайы одақтың басты лауазымды тұлғасы болып табылады және Арнайы одақты бiлдiредi.
      (2) Бас директор мен ол тағайындаған кез келген қызметкер мүше Ассамблеяның, Сарапшылар комитетiнiң және Ассамблея немесе Сарапшылар комитетi құруы мүмкiн басқа да Сарапшылар комитеттерiнiң немесе жұмыс топтары мәжiлiстерiнiң бәрiне дауыс беру құқығынсыз қатысады. Бас директор немесе ол тағайындаған қызметкер мүше осы органдардың ех оffiсiо хатшысы болып табылады.
      (3) (а) Халықаралық бюро Ассамблеяның нұсқауымен, 5-8-баптардықоспағанда, Келiсiмнiң ережелерiн қайта қарау жөнiндегi конференцияны дайындайды.
      (b) Халықаралық бюро қайта қарау жөнiндегi конференцияларды дайындау мәселелерi бойынша үкiметаралық және халықаралық үкiметтiк емес ұйымдармен кеңесуi мүмкiн.
      (с) Бас директор және ол тағайындаған тұлғалар осындай конференциялардың жұмысына дауыс беру құқығынсыз қатысады.
      (4) Халықаралық бюро өзiне жүктелген кез келген басқа да мiндеттердi орындайды.

7-бап Қаржылар

      (1)(а) Арнайы одақтың бюджетi болады.
      (b) Арнайы одақтың бюджетi Арнайы одаққа тән түсiм мен шығысқа ие, оның шығыс бюджетiне түскен жарнасы Одаққа тиесiлi жалпы шығынға жұмсалады, сондай-ақ тиiстi жағдайларда Ұйым Конференциясының бюджетiне аударылады.
      (с) Одақ үшiн жалпы шығыстардың Арнайы одаққа мүлдем қатысы жоқ деп есептеледi, бiрақ олар осымен бiр мезгiлде Ұйым әкiмшiлiк жүргiзетiн басқа Одақтардың бiреуiне немесе бiрнешеуiне жұмсалады. Осы жалпы шығыстардағы Арнайы одақтың үлесi оның аталған шығыстарға мүдделiлiгiне сәйкес келедi.
      (2) Арнайы одақтың бюджетi Ұйым әкiмшiлiк жүргiзетiн басқа Одақтардың бюджетiмен үйлестiру талабын мейлiнше ескере отырып қабылданады.
      (3) Арнайы одақтың бюджетi мынадай көздерден:
      (I) Арнайы одақ елдерiнiң жарналарынан;
      (II) Арнайы одаққа қатысты Халықаралық қызмет көрсету бюросы ұсынатын алымдар мен төлемдерден;
      (III) Арнайы одаққа қатысты Халықаралық бюро жарияланымдарын сатудан және осындай жарияланымдар құқығын өзгеге ауыстырудан түскен кiрiстерден;
      (IV) сыйға беруден, мұрагерлiк қаражаттан және субсидиядан;
      (V) рентадан, пайыздардан және басқа әртүрлi кiрiстерден қаржыландырылады.
      (4) (3) (i) тармақта айтылған (а) жарнаны белгiлеу үшiн, Арнайы одақтың әрбiр елiнiң қай топқа жататындығы, Өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөнiндегi Париж одағына қатыстылығы ескерiледi және өзінің жылдық жарнасын осы одақта аталған топқа белгiленген бiрлiк саны негiзiнде төлейдi.
      (b) Арнайы одақтың әрбiр елiнiң жылдық жарнасы барлық елдер төлеуге тиiстi Арнайы одақтың бюджетiндегi жарналардың жалпы сомасына қатысты сомаға тең, оның көлем бiрлiгi елдердiң төлейтiн барлық жарналарының жалпы мөлшерiнiң көлем бiрлiгiне қатысы бар.
      (с) Жарна әр жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап төленуге тиiс.
      (d) Егер берешегi осының алдындағы екi жылда өзiне есептелген жарна сомасына тең болса немесе одан асып кетсе, жарна төлеу жөнiнен берешегi бар ел Арнайы одақтың барлық органдарында дауыс құқығын жоғалтады. Алайда Арнайы одақтың кез келген органдары төлем мерзiмiнiң ұзаруы ерекше және болмай қоймайтын жағдайлар нәтижесiнде орын алғанына көз жеткiзсе, ондай елге осы органда дауыс құқығын пайдалануды жалғастыруға рұқсат етедi.
      (е) Бюджет жаңа қаржылық кезең басталғанға дейiн қабылданбаған жағдайда, қаржы регламентiнде көзделген тәртiпке сәйкес, бюджет өткен жылдың деңгейiнде әрекет етедi.
      (5) Арнайы одақтың атынан Халықаралық бюро ұсынған қызмет көрсеткенi үшiн есептелетiн алымдар мен төлемдердiң мөлшерiн Бас директор белгілейдi, ол бұл жөнiнде Ассамблеяға баяндайды.
      (6) (а) Арнайы одақтың айналмалы қаражат қоры болады, ол Арнайы одақтың әрбiр елi енгiзетiн бiр мәртелiк төлемнен құралады. Егер айналмалы қаражат қоры жеткiлiксiз болса, Ассамблея оны ұлғайту туралы мәселенi шешедi.
      (b) Әрбiр елдiң аталған қорға бастапқы төлемдер мөлшерi немесе оның осы қорды ұлғайтудағы үлесi қордың құрылған немесе оны ұлғайту жөнiнде шешiм қабылданған жылдағы осы елдiң жарнасына мөлшерлес келедi.
      (с) Төлемнің мұндай мөлшерлестiгiн және шартты Бас директордың ұсынысы бойынша және ол Ұйымның Үйлестiру комитетiнің пiкiрiн тыңдағаннан кейiн Ассамблея белгiлейдi.
      (7) (а) Ұйым өзiнің штаб-пәтерi орналасқан аумақтағы елмен штаб-пәтер туралы жасасқан келiсiмiнде айналмалы қаражат қоры жеткiлiксiз болған жағдайда, сол елдің аванс беруiн қарастырады. Бұл аванстың сомасы және оны берудiң шарты осы елдiң және Ұйымның арасында жасалатын айрықша келiсiмнiң нысанасы болып табылады.
      (b) (а) тармақшасында айтылған ел де, сондай-ақ Ұйым да, аванс беру туралы мiндеттеме күшiнiң жойылғандығы туралы жазбаша хабарлау құқығына ие болады. Күшiн жою хабарлама жасалған жыл аяқталғаннан кейiн үш жыл өткен соң күшiне енедi.
      (8) Қаржылық тексеру қаржы регламентiнiң ережелерiне сәйкес Арнайы одақтың бiр немесе бiрнеше елдерiмен немесе солардың келiсiмiмен Ассамблея тағайындаған сырттан тексерушi тарту жолымен жүзеге асырылады.

8-бап 5-8-баптарға түзетулер

      (1) 5-7-баптарға және осы бапқа түзетулер енгiзу туралы ұсыныстарды Арнайы одақтың кез келген елдерi немесе Бас директор жасауы мүмкiн. Мұндай ұсыныстарды Бас директор Арнайы одақ елдерiне оны Ассамблеяда қарауға дейiн кем дегенде алты ай бұрын жiбередi.
      (2) (1) тармақта көзделген баптарға түзетулердi Ассамблея қабылдайды, ол үшiн берiлген дауыстың төрттен үш көпшiлiк дауысы талап етiледi; алайда 5-бапқа және осы тармаққа жасалатын кез келген түзету берiлген дауыстың бестен төрт көпшiлік дауысымен қабылданады.
      (3) (1) тармақта көзделген баптарға кез келген түзету оны әрбiр ел конституциялық рәсiмге сәйкес жүзеге асыра отырып қабылдағаны туралы жазбаша хабарламаны Бас директор осы түзетулер қабылданған кезде Арнайы одақтың мүшелiгiнде тұратын елдердің төрттен үшiнен жазбаша хабарлама алғаннан кейiн бiр айдан соң күшiне енедi. Аталған баптарға осындай үлгiде қабылданған кез келген түзету күшiне енген кезде Ассамблея мүшесi болып табылатын немесе осы күннен кейiн оған мүше болатын барлық елдер үшiн мiндеттi; алайда Арнайы одақ елдерінің қаржылық мiндеттемелерiн ұлғайтатын кез келген түзету өздерiнiң осындай түзетудi қабылданғандары туралы хабарланған елдер үшiн ғана мiндеттi болып табылады.

9-бап Бекiту және қосылу; күшiне енуi

      (1) Осы Келiсiмге қол қойған Өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы кез келген ел оны бекiте алады немесе, егер оған қол қоймаған болса, қосыла алады.
      (2) Бекiту грамоталары мен қосылу туралы актiлер Бас директордың сақтауына тапсырылады.
      (3)(а) Осы Келiсiм бекiту грамоталарын немесе қосылу туралы актiлердi сақтауға тапсырған алғашқы бес елге қатысты бесiншi бекiту грамоталарын немесе қосылу туралы актiлердi сақтауға тапсырғаннан кейін үш айдан соң күшіне енеді.
      (b) Егер бекiту грамотасында немесе қосылу туралы актiде күнi неғұрлым кешiктiрiп көрсетiлмесе, осы Келiсiм кез келген басқа елге қатысты, Бас директор оны бекiту немесе қосылу туралы хабарлауды iске асырған күннен бастап үш айдан кейiн күшiне енедi. Соңғы жағдайда осы Келiсiм сол елге қатысты қойылған күнi бойынша күшiне енедi.
      (4) Бекiту немесе қосылу осы Келiсiммен белгiленген барлық ережелердi мойындауға және барлық артықшылықтарды алуға өзiнен өзi жол ашып бередi.

10-бап Келiсiмнiң күшi және қолданылу мерзiмi

      Осы Келiсiм Өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөнiндегi Париж конвенциясы иеленген күшке ие және сондай мерзiмде қолданылады.

11-бап 1-4 және 9-15-баптарды қайта қарау

      (1) Осы Келiсiмнің 1-4 және 9-15-баптары жетiлдiре түсу мақсатында қайта қаралуы мүмкiн.
      (2) Әрбiр қайта қарауды Арнайы одақ елдерi өкiлдерiнiң конференциясы жүзеге асырады.

12-бап Күшін жою

      (1) Кез келген ел Бас директорға жолданған хабарлама арқылы осы Келiсiмнiң күшiн жоя алады. Осындай күшiн жою оны жасаған елге ғана қолданылады, сонымен бiр мезгiлде Арнайы одақтың басқа елдерi үшiн Келiсiм күшiнде қала бередi және орындалуға жатады.
      (2) Күшiн жою Бас директор хабарламаны алған күндi қоса есептегенде бiр жылдан кейiн күшiне енедi.
      (3) Осы баппен көзделген күшiн жою құқығын Арнайы одақтың мүшесi болған күннен бастап бес жыл өтпейiнше, ешбiр елдiң қолдануына болмайды.

13-бап Аумақ

      Өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөнiндегi Париж конвенциясы 24-бабының ережесi осы Келiсiмге қолданылады.

14-бап Қол қою, тiлдерi, хабарлама

      (1) (а) Осы Келiсiмге ағылшын және француз тiлдерiнде бiр данада қол қойылады, әрi екi мәтiн де тең түпнұсқада болады. Келiсiм Швейцария Үкiметiнiң сақтауына тапсырылады.
      (b) Осы Келiсiм қол қою үшiн Бернде 1969 жылғы 30 маусымға дейiн ашық.
      (2) Ресми мәтiндердi Бас директор мүдделi үкiметтермен кеңескеннен кейiн Ассамблея белгiлеген басқа тiлдерде жасайды.
      (3) Бас директор осы Келiсiмнiң Швейцарияның Үкiметi тиiстi дәрежеде куәландырып, қол қойылған мәтiнiнiң екi көшiрмесiн оған қол қойған елдердiң үкiметтерiне және сұрау салулары бойынша кез келген басқа елдiң үкiметiне жiбередi.
      (4) Бас директор осы Келiсiмдi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тiркейдi.
      (5) Бас директор Арнайы одақтың барлық елдерi үкiметтерiне Келiсiмнің күшiне енген күнi туралы, бекiту грамоталары мен қосылу туралы актiлерге қол қойылғаны, сақтауға тапсырылғаны туралы, осы Келiсiмге түзетулердi қабылдау туралы, осындай түзетулердiң күшiне енген күндерi туралы, және күшiн жою туралы хабарлама жөнiнде хабарлайды.

15-бап Өтпелi жағдай

      Бiрiншi Бас директор қызметiне кiрiскенге дейiн осы Келiсiмдегi Ұйымның Халықаралық бюросына немесе Бас директорға сiлтеме Санаткерлiк меншiктi қорғау жөнiндегi бiрiккен халықаралық бюроға (БИРПИ) немесе тиiсiнше олардың Директорына жасалатын сiлтеме деп есептелiнедi.

      Мамандар:

      Қасымбеков Б.

      Орынбекова Д.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады