Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Қаржылық ынтымақтастық туралы келісімді (2000 ж.) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 26 желтоқсан N 365-II

      Берлинде 2001 жылғы 2 қазанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Қаржылық ынтымақтастық туралы келісім (2000 ж.) бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Германия
Федеративтiк Республикасының Yкiметi арасындағы қаржылық
ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
(2000 ж.)

      Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Yкіметi,
      Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар рухында iс-қимыл жасай отырып,
      осы достық қарым-қатынастарды әрiптестiк қаржылық ынтымақтастық жолымен нығайтуға және тереңдетуге ерiк бiлдiре отырып,
      осы қарым-қатынастарды қолдау осы Келiсiмнiң негiзiнде жатқанын ұғына отырып,
      Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлес қосуға ниет ете отырып,
      2000 жылғы 28 қыркүйекте өткен үкiметаралық келiссөздерге сүйене отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      (1) Германия Федеративтiк Республикасының Yкіметi Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе екi Үкiмет таңдауды бiрлесiп жүзеге асыратын басқа алушыларға егер жобаны қарау қорытындысында оны iске асыруға қаражат бөлудiң орындылығы анықталса және егер оның әлеуметтiк инфрақұрылым жобасы бола отырып, қайтарымсыз қаржы салымын бөлу үшiн алғышарт болып табылатын ерекше талаптарға сай болатындығы қуатталса, "II-Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi денсаулық сақтау бағдарламасы" жобасын iске асыруға Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтынан (Майндағы Франкфурт қаласы) 5 000 000 (жазумен: бес миллион кемiс маркасы, Евромен есептегенде: 2 556 459,41) дейiн немiс маркасын алу мүмкiндiгiн ұсынады.
      (2) Егер, осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында аталған қуаттау осында көрсетiлген жобаға қатысты мүмкiн болмаса, Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметіне Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтынан (Майндағы Франкфурт қаласы) қайтарымсыз қаржы салымы ретiнде көзделген сомаға дейiнгi мөлшерде осы жобаны қаржыландыруға несие алу мүмкіндiгiн ұсынады.
      (3) Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жоба Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасы Үкiметiнiң келiсуi бойынша басқа жобамен ауыстырылуы мүмкін.
      (4) Егер, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жоба қоршаған орта немесе әлеуметтiк инфрақұрылым саласындағы жобамен не орта кәсiпорындарды кредитпен қамтамасыз ету жөнiндегi кепiлдiк қормен немесе әйелдердiң қоғамдағы жағдайын жақсартуға, не кедейлікпен күрес жөнiндегi өзiндiк көмектесудi дамытуға бағытталған шаралармен ауыстырылса және егер, осы жаңа жоба, қор немесе осы шаралар қайтарымсыз қаржы салымын бөлуге алғышарт болып табылатын ерекшe талаптарға сай болса, онда мұндай салымның берiлуi мүмкiн; өзге жағдайда, несие берiлуi мүмкiн.
      (5) Егер, Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi мейлiнше кеш мерзiмде Қазақстан Республикасының Yкіметiне осы баптың тармағында көрсетiлген жобаны дайындау мақсатымен Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтынан (Майндағы Франкфурт қаласы) қосымша несие немесе қосымша қайтарымсыз қаржы салымын алу, не осы жобаны жүзеге асыру және оған қызмет қылу үшiн қажеттi тетелес шаралар қолдану мақсатымен қосымша қайтарымсыз қаржы салымын алуға мүмкiндiк берген жағдайда, осы Келiсiм қолданылатын болады.
      (6) Егер, дайындық және iлеспе шаралар өткiзу үшiн осы баптың 5-тармағына сәйкес бөлiнген қайтарымсыз қаржы салымдары мұндай шараларды жүзеге асыруға пайдаланылмаса, несие болып қайта ресiмделедi.

2-бап

      (1) Осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген сомаларды пайдалану, оларды бөлу шарттары, сондай-ақ тапсырыстарды орналастыру рәсiмi Германия Федеративтiк Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институты мен несиенi және/немесе қайтарымсыз қаржы салымын алушылар арасында жасалған келiсiм-шарттармен реттеледi.
      Егер несие және қайтарымсыз қаржы салымын беру туралы тиiстi келiсiм-шарттар осы мiндеттеме күшiне енген жыл өтiсiмен сегiз жыл мерзiмде жасалмаса, осы Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген сомаларды беру жөнiндегi мiндеттеме өз күшiн жояды. Бұл мерзiм 2000 жылы келiсiлген сомаларға қатысты 2008 жылғы 31 желтоқсанда бiтедi.
      (2) Егер, Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң өзi несие алушы болып табылмаса, Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтына осы баптың 1-тармағына сай жасалатын келiсiм-шарттарға сәйкес несие алушылардың мiндеттемелерi жөнiндегi барлық төлемдердің немiс маркасымен орындалуын кепiлдi етедi.
      (3) Егер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өзi қайтарымсыз қаржы салымын алушы болып табылмаса, Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтына осы баптың 1-тармағына сай жасалатын қаржыландыру туралы келiсiм-шарттар негiзiнде туындауы мүмкiн қаражатты қайтару туралы мүмкiн талаптарды қанағаттандыруды кепiлдi етедi.

3-бап

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Экономиканы қалпына келтiру жөнiндегi кредит институтын осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген келiсiм-шарттардың жасалуымен және жүзеге асырылуымен байланысты Қазақстан Республикасында алынатын барлық салықтан және басқа да мемлекеттiк алымдардан босатады.

4-бап

      Несие және қайтарымсыз қаржы салымын берумен байланысты жолаушыларды және жүктi құрлықпен, теңiзбен және әуе жолымен тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi жолаушылардың және жеткiзушiлердiң тасымалдаушыны еркiн таңдауын қамтамасыз етедi, Германия Федеративтiк Республикасында орналасқан тасымалдаушылардың тең құқықты қатысуын болдырмайтын және күрделендiретiн ешқандай шаралар қолданбайды және егер, қажет болса, олардың қатысуы үшiн қажеттi рұқсат береді.

5-бап

      Осы Келiсiм Қазақстан Республикасының Yкіметi Германия Федеративтiк Республикасының Үкіметiне Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердiң орындалуы туралы хабар берген күнi күшiне енедi. Хабарлама түскен күн Келiсiмнiң күшiне енетiн күнi болып саналады.
      Берлин қаласында, 2001 жылғы 2 қазанда әрқайсысы қазақ, немiс және орыс тiлдерiнде екi данамен жасалды және барлық мәтiндердің күшi бiрдей. Қазақ және немiс мәтiндерiн түсiндiруде алшақтық болған жағдайда, орысшасы негiзгi мәтiн болып табылады.

      Қазақстан Республикасының         Германия Федеративтiк
           Yкiметi үшiн                    Республикасының
                                            Үкіметi үшiн

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады