Байланыс формасы

Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы N 439 Заңы.


МАЗМҰНЫ

      Осы Заң темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) акциз маркасы - қорғау элементтерi бар, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өнiм бiрлiгiне бастырылатын марка;

      1-1) дербес сәйкестендіру нөмір-коды (бұдан әрі – ДСН-коды) – өндірілетін және импортталатын темекі өнімдеріне берілетін сәйкестендіру нөмірі;

      1-2) есепке алу-бақылау маркасы – темекi өнiмдерiн есепке алу және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру мақсатында темекi өнiмдерiн сәйкестендiруге арналған қажеттi қорғау дәрежелерi бар арнаулы бiржолғы жапсырма қағаз;

      1-3) қорап – картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекi өнiмiнiң белгiлi саны бар тұтыну ыдысының бiрлiгi;

      1-4) орам – белгiлi қорап саны бар топтап тұтыну ыдысының бiрлiгi;

      1-5) сәйкестендiру – белгiлi бiр өнiмдi өндiру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзiне ұқсас өнiмнiң арасында айырым белгілерi бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететiн рәсiм;

      1-6) таңбалау – тұтынушыға арналған ақпаратты құрайтын және қорабы мен орамындағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;

      2) темекi өнiмдерiнiң айналымы - темекi өнiмдерiн экспорттау, импорттау, сақтау, көтерме және бөлшек саудамен өткiзу;

      3) темекi өнiмдерiн көтерме саудамен өткiзу - темекi өнiмдерiн одан әрi қайта сату үшiн өткiзу (жөнелту);

      4) өндiрiс паспорты - темекi өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстiк қуаттарының көрсеткiштерiн, өндiрiстiң технологиялық процесiн сақтау үшiн қолда бар жабдықтарды пайдалануды реттейтiн оның негізгі сипаттамаларын көрсететiн құжат;

      5) темекi өнiмдерiн өндiрушi - сату үшiн темекi өнiмдерiн өндiретiн жеке немесе заңды тұлға;

      5-1) темекi өнiмдерiне ілеспе жүкқұжаты – темекi өнiмдерiнің орын ауыстыруына бақылау жасауға арналған құжат;

      6) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi – стандарттау жөнiндегi құжаттарға сәйкес келетiн темекi өнiмдерiн дайындауды қамтамасыз ететiн технологиялық процестер жиынтығы;

      7) темекi өнiмдерi – шегу, сору, шайнау немесе иіскеу үшін пайдаланылатындай етіп жасалған шикізат материалы ретінде толығымен немесе ішінара темекі жапырағынан дайындалған өнімдер;

      7-1) фильтрлi сигареттер - кесiлген темекiден жасалған, фильтр қолданыла отырып, сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекi өнiмдерiнiң бiр түрi;

      7-2) фильтрсiз сигареттер - кесiлген темекiден жасалған, фильтрдiң қолданылуынсыз сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекi өнiмдерiнiң бiр түрi;

      8) уәкiлеттi орган - темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11. N 201 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi); 03.12.2015 № 432-V (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымына байланысты қатынастарды реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу

      1. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

      2. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу:

      1) темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялауды;

      2) темекi өнiмдерiнiң импортын реттеудi;

      3) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымына мониторингтi жүзеге асыру және декларациялау тәртiбiн белгiлеу арқылы бақылау жасауды;

      4) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуді қамтиды.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

      2) өз құзыретi шегiнде темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн шығарады;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына темекi өнiмдерiн әкелуге шектеулер мен тыйымдар белгiлейдi;

      4) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      4-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      4-2) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді;

      5) алып тасталды;

      6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      8) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11 N 201(01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:

      1) өз құзыретi шегiнде темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн шығарады;

      2) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы көлемдерiнiң теңгерiмiне бақылау, есеп жүргiзедi және талдау жасайды;

      3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес темекi өнiмдерiн өндiруге лицензиялар бередi;

      4) мемлекеттiк органдармен темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын бақылауды жүзеге асыру жөнiнде өзара iс-қимыл жасайды;

      5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5-1) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну нысанын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;

      5-2) темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;

      5-3) темекi өнiмдерiн акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбiн белгiлейдi;

      5-4) темекi өнiмдерiне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      5-5) темекі өнімдеріне арналған ДСН-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.12.2015 № 432-V (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлу жағдайларының ерекшелiктерi

      Темекi өнiмдерiн өндiру:

      1) лицензияда көрсетiлген мекенжай бойынша;

      2) стандарттау жөнiндегi құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келетiн жабдықта;

      3) өндiрiс паспорты болған кезде;

      4) темекi өнiмдерiн өндiрушiге меншiк құқығымен немесе өзге де құқықтармен тиесiлi темекi өнiмдерiн өндiру үшiн қажеттi үйлер мен үй-жайлар болған кезде;

      5) темекi өнiмдерiн өндiрудi технологиялық бақылау жөнiндегi зертханасы болған кезде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7-бап. Өндiрiс паспортына енгiзiлетiн мәлiметтер

      1. Өндiрiс паспортын темекi өнiмдерiн өндiрушi әзiрлеп, толтырады және уәкiлеттi органға жiбередi.

      2. Өндiрiс паспортында мынадай негiзгi мәлiметтер болуға тиіс:

      1) технологиялық жабдықтың негiзгi сипаттамалары көрсетiлген темекi өнiмдерiн өндiрудiң технологиялық схемасы;

      2) сапа бақылауын ұйымдастыру;

      3) дайын өнiмнiң қойма үй-жайларының сыйымдылығы;

      4) темекi және темекi емес компоненттер шығыстарының нормативтерi, ысырап нормалары.

      3. Өндiрiс паспортындағы мәлiметтер өзгерген жағдайда, темекi өнiмдерiн өндiрушi бiр ай iшiнде аталған өзгерiстер туралы уәкiлеттi органға құжаттап хабарлауға мiндеттi.

8-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымының мониторингi және оны декларациялау

      1. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiсiн жүзеге асырушы тұлғалар уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер беруге мiндеттi.

      2. Темекi өнiмдерiнiң импортын және оларды көтерме саудамен өткiзудi жүзеге асырушы тұлғалар уәкiлеттi органға темекi өнiмдерiнiң қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларация беруге мiндеттi.

9-бап. Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялау

      Темекі өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру

      1. Темекi өнiмдерiн өндiруге берiлетiн лицензияның қолданылуын лицензиар:

      1) осы Заңның 6, 7 және 8-баптарында белгiленген нормалар және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы бұзылған;

      2) лицензиат бiлiктiлiк талаптарын бұзған;

      3) лицензия берiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде лицензияланатын қызмет жүзеге асырылмаған;

      4) лицензиарға оның құзыретiне сәйкес мәлiмет беруден бас тартқан немесе дәйектемесiз ақпарат берген;

      5) темекi өнiмдерiн акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау қағидалары бұзылған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруы мүмкiн.

      2. Темекi өнiмдерiн өндiруге берiлген лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11. № 201(2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12. № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Темекi өнiмдерiн өткiзу

      1. Қазақстан Республикасының аумағында темекi өнiмдерiн өткiзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Темекі өнімдерінің айналымы кезінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен міндетті түрде ілеспе жүкқұжаттары ресімделеді.

      Ілеспе жүкқұжаттарынсыз, сондай-ақ темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын бұза отырып темекі өнімдерінің айналымына және орын ауыстыруына тыйым салынады.

      3. Темекі өнімдерінің өндірісін және (немесе) импортын жүзеге асыратын тұлғалар темекі өнімдерін өндіруді және (немесе) импорттауды жүзеге асыруды бастағанға дейін темекі өнімдеріне ДСН-кодтарын беру қағидаларында айқындалған тәртіппен өтінімді жіберуге міндетті.

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Темекi өнiмдерiнiң импортын реттеу

      Темекi өнiмдерiнiң импортын реттеу акциз ставкаларын, кедендiк, арнайы, демпингке қарсы және өтемдiк баждар ставкаларын, темекi өнiмдерiнiң импортына квоталарды бекiту (өзгерту) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-бап өзгеріс енгізілді - ҚР 08.06.2015 № 317-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

13-бап. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      1. Қызметiн Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдарын бұза отырып жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      2. Шыққан жерi белгiсiз, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, гигиеналық нормативтерге сай келмейтiн, сондай-ақ акциз маркаларынсыз немесе есепке алу-бақылау маркаларынсыз өткiзiлетiн темекi өнiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алып қойылуға және жойылуға тиiс.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

14-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады