Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 473-ІІ Заңы

      1-бап.  "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 18, 366-құжат; 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 782-құжат; 2001 ж., N 10, 121-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1) 13-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "ішкі істер органдарының" деген сөздерден кейін "және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 14-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "ішкі істер органдарының" деген сөздерден кейін "және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 20-баптың бірінші абзацындағы "және ішкі істер органдарының" деген сөздер ", ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады