Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегі N 484-ІІ Заңы

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж. N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат,' N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат):

      1) 41-бапта:

      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негiзгi түрi ретiнде бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге және жазаның қосымша түрi ретiнде алты айдан үш жылға дейiнгi мерзiмi белгiленедi.
      Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшiн белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негiзгі түрi ретiнде үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге және жазаның қосымша түрi ретiнде бiр жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.";

      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

      "Ескерту. Осы Кодекстiң 176-бабының үшiншi бөлiгiнiң г) тармағында, 193-бабының үшiншi бөлiгiнiң а) тармағында, 209-бабының үшiнші бөлiгiнiң а) тармағында, 307-бабында, 308-бабының төртiншi бөлiгiнiң в) тармағында, 310-315-баптарында, 380-бабында көзделген қылмыстар сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп танылады.";

      2) 129-баптың үшiншi бөлiгi "Адамды" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлық," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 176-баптың үшiншi бөлiгiнде:

      мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын:

      "г) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса";

      "үш жылға дейiнгi" деген сөздерден кейiн ", ал г) тармағында көзделген жағдайларда - жетi жылға дейiнгi" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 193-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:
      а) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса;
      б) ұйымдасқан топ;
      в) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) немесе iрi мөлшерде жасаса, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайларда - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жетi жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      5) 209-бапта:

      екiншi бөлiктiң б) тармағындағы "лауазымды" деген сөз алып тасталсын;

      үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:
      а) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса;
      б) ұйымдасқан топ жасаса, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайда мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      6) 224-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттiк ұйым қызметшiсiнiң" деген сөздер "Мемлекеттiк органның немесе мемлекеттiк ұйымның мемлекеттiк қызметтердi атқаруға уәкiлеттi адамы болып табылмайтын қызметкерiнiң немесе оған теңестiрiлген адамының," деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 228-бапқа ескерту мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескерту. Осы Кодекстiң баптарында мемлекеттiк орган, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы не мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша, не арнаулы өкiлеттiк бойынша ұйымдастырушылық-өкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттердi атқаратын адам коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерiн атқаратын адам деп танылады.";

      8) 13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару
                 мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және
                 өзге де қылмыстар";

      9) 307 және 308-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "307-бап. Қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану

      1. Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне кереғар пайдалануы, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
      жүзден екi жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
      үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы нeмece өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, -
      бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер, -
      жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескертулер.
      1. Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамдарға лауазымды адамдар, Парламент пен мәслихаттардың депутаттары, судьялар және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
      2. Мемлекеттiк қызмет атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
      1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
      2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелiгiне кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар;
      3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты нeмece уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң қаражатынан төленетiн қызметшiлер;
      4) мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бec процент болатын ұйымдарда басқару қызметтерiн атқаратын адамдар теңестiрiледi.
      3. Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша өкiметтiң өкiлi қызметiн жүзеге асырушы не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-әкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп танылады.
      4. Мемлекет қызметтерiн және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерiн тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында , Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген лауазымдарды атқаратын адамдар, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси лауазымдарын атқаратын адамдар жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адамдар деп  түсiнiледi.

      308-бап. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану

      1. Билiктi не лауазымдық өкiлеттiктi асыра пайдалану, яғни мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiгi шегiнен көрiнеу асып кететiн және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
      үш жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, -
      бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер не ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрекеттер:
      а) күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;
      б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы;
      в) өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалса, -
      жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      10) 310-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "310-бап. Кәсiпкерлiк қызметке заңсыз
                қатысу

      1. Мемлекеттiк қызметтердi атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы, не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгiленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзiнiң немесе сенiм бiлдiрген адам арқылы қатысуы, егер осы әрекеттер мұндай ұйымға жеңiлдiктер және артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы қамқоршылыққа байланысты болса, -
      жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл сала отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекеттер, -
      үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл сала отырып, он жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Лауазымды адамдардың мемлекеттiк емес ұйымдарға, соның iшiнде қоғамдық бiрлестiктерге лицензиялау жөнiндегi өкiлеттiгiн беруге әкеп соғатын iс-әрекеттердi жасауы, -
      жүзден екi жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.";

      11) 311-бапта:

      бiрiншi бөлiкте:

      "Лауазымды адамның", "лауазымды адамның" деген сөздер "Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның", "мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "үш жылға дейiнгi" деген сөздер "бec жылға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiктегi:

      "Лауазымды адамның" деген сөздер "Лауазымды адамның нақ сол әрекеттердi жасауы, сол сияқты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "үш жылға дейiнгi" деген сөздер "жетi жылға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiншi бөлiктегi "үш жылға" деген сөздер "жетi жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертудiң 2-тармағындағы "лауазымды адамның" деген сөздер "мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 312-бапта:

      бiрiншi бөлiктегi "Лауазымды адамға" деген сөздер "Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамға не оған теңестiрiлген адамға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

      "Лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрiнеу заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасағаны үшiн немесе әлденеше рет пара беру немесе ұйымдасқан топтың пара беруi - ";

      ескертуде "Лауазымды адамға", "лауазымды адам" деген сөздер "Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамға не оған теңестiрiлген адамға", "мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 314 және 315-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "314-бап. Қызметтiк жалғандық жасау

      1. Қызметтiк жалғандық жасау, яғни мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның ресми құжаттарға көрінеу жалған мәлiметтердi eнгізуі, сол сияқты аталған құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгiзуi, не көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруi, егер бұл әрекеттер өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған болса, -
      жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
      үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаса, -
      бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      315-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк

      1. Қызметтегi әрекетсiздiк, яғни мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
      жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
      үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, -
      бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер, -
      жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      14) 349-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "349-бап. Коммерциялық сатып алуға не сыбайлас
                жемқорлық қылмысқа арандату

      1. Коммерциялық сатып алуға арандату, яғни коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқару қызметтерiн атқарушы адамға қылмыс жасау айғақтарын қолдан жасау не бопсалау мақсатында оның келiсiмiнсiз ақша, мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар беруге тырысу әрекеттерi -
      жүзден үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға арандату, яғни мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға қатысты жасалған нақ сол әрекеттер, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгі кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      15) 351-баптың екiншi бөлiгi "Адамды" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлық," деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 352-баптың екiншi бөлiгi "Адамды" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлық," деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 354-баптың төртiншi бөлiгi "жасалған" деген сөзден кейiн ", сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуына байланысты" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат):

      1) 192-баптың 4-1-бөлiгiндегi "307-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 308-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "307-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 308-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 267-1-баппен толықтырылсын:

      "267-1-бап. Халықаралық iздестiрудi жариялау

      1. Халықаралық iздестiрудi жариялауға негiздер болған кезде қылмыстық қудалау органы айыпталушыға халықаралық iздестiру жариялау туралы прокурор санкция берген жеке қаулы шығарады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға халықаралық iздестiру жариялауға санкция беру құқығы Бас прокурор мен оның орынбасарларында болады.".

      3. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат; 1999 ж., N 21, 744-құжат; 2000 ж., N 5, 116-құжат; 2001 ж., N 13-14, 172-құжат; N 17-18, 241 құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):

      1) 2-баптың 1-тармағы "пайдалана отырып" деген сөздерден кейiн "не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық
              бұзушылық субъектiлерi

      1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшiн осы Заңның негiзiнде мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар жауапты болады.
      2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
      1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттары, судьялар;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
      3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
      1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
      2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері;
      3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;
      4) мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйымдарда басқару мiндеттерiн атқаратын адамдар теңестiрiледi.
      4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.";

      3) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн қылмыстық жауаптылық пен жаза, әкiмшiлiк жауапкершiлiк пен шара тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде   және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде  көзделеді.";

      4) 6-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Ocы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған лауазымды адамдар мен органдар сыбайлас жемқорлық қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстi, материалды, хаттаманы, ұсынымды жолдаған адамға немесе органға заңдарда белгiленген мерзiмде оларды қарау нәтижелерi туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.";

      5) 11-бапта:

      тақырыбындағы "немесе жекжаттардың" деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақтағы "(ата-аналары, ерлi-зайыптылар, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, балалары) немесе жекжаттары (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, ата-аналары және балалары)" деген сөздер "(ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 12-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы "бұзу" деген сөз "әлденеше рет бұзу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 13-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының бесiншi абзацындағы:

      "шетелдiк (халықаралық)" және "олардың шетелдiк әрiптестерiнiң шақыруы бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      "қоғамдық бiрлестiктердiң (қорлардың)" деген сөздер "ұйымдардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

      "13-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды
                 және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын
                 құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк
                 жаза қолдану мерзiмдерi

      1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адам немесе оған теңестiрiлген адам сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей белгiленедi және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
      2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктірілмей қолданылуы мүмкiн.";

      9) 14, 15, 16-баптар, 17-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

      4. "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 773-құжат; 2001 ж., N 13-14, 170-құжат; N 4, 24-құжат):

      1) 10-бапта:

      3-тармақтағы "(ата-анасы, жұбайы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) немесе жекжаттары (aғa-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, жұбайының ата-аналары мeн балалары)" деген сөздер "ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жақын туыстары мен жекжаттарына (жұбайлардың аға-iнiлерiне, апа-сiңiлiлерiне, ата-аналары мен балаларына) қатысты лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен шектеулер көзделуi мүмкiн.";

      4-тармақта:

      5) тармақшадағы "бiр жыл" деген сөздер "екi жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) мемлекеттiк қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;";

      2) 28-баптың 1-тармағында "тиiсiнше орындамағаны" деген сөздерден кейiн ", сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:

      "28-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды
                 және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын
                 құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк
                 жаза қолдану мерзiмдерi

      1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
      2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылуы мүмкiн.".

      5. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1068-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат):

      1) 94-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      2-1) "қатаң сөгiс беруге;";

      2) мынадай мазмұндағы 95-1-баппен толықтырылсын:

      "95-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
                 және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын
                 құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн тәртiптiк жаза
                 қолдану мерзiмдерi

      1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бiр жыл кешiктiрiп қолдануға болмайды.
      2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан немесе қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылуы мүмкін.".

      6. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар):

      1) 55-баптың бiрiншi бөлiгi "ал" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлықпен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 69-бапта:

      екiншi бөлiгі "әкiмшiлiк" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесiншi бөлiгiндегi "бiр айдан" деген сөздер "үш айдан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 534-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

      "Ескерту. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға заңсыз материалдық сыйақылар, сыйлықтар, өзге де материалдық игiлiктер берген, қызметтер көрсеткен, жеңiлдiктер мен артықшылық жасаған жеке, заңды тұлғалар, егер мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның немесе оған теңестiрiлген адамның тарапынан өздерiне қатысты бопсалау орын алған болса немесе осы жеке, заңды тұлғалар болған жағдай туралы құзiреттi органдарға он күн мерзiм iшiнде өз еркiмен мәлiмдесе, жауапты болмайды.";

      4) 536-баптағы "он бec" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 537-бап "бойынша" деген сөзден кейін "құқықтық статистика және ақпарат органдарына," деген сөздермен толықтырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады