Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Өскемен қаласында жер асты суларын қорғау және өнеркәсiптiк сарқынды суларды тазарту" жобасын дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хатты бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 517 Заңы

      Астанада 2003 жылғы 9 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Өскемен қаласында жер асты суларын қорғау және өнеркәсiптiк сарқынды суларды тазарту" жобасын дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хат бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

The World Ваnk           1818 H Street N.W.        (202) 477-1234
INTERNATIONAL BANK FOR   Washington, D.С. 20433    Cable Address:
RECONSTRUCTION AND       U.S.А                     INTBAFRAD
DEVELOPMENT                                        Cable Address:
                                                   INDEVAS
INTERNATIONAL
DEVELOPMENT
ASSOCIАТIОN
                                               2003 жылғы 22 тамыз
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары -
Ауыл шаруашылығы министрi
А.С. Есiмов мырзаға
Абай даңғылы 49. 473000
Астана

Жапония Yкiметiнiң Қазақстан Республикасына
арналған Грантына байланысты:
Өскемен қаласының қоршаған табиғи орта
жағдайын қайта қалпына келтіру Жобасы
N ТF 051352 Гранты

      Құрметтi Есiмов мырза,

      Халықаралық қайта құру және даму банкiнiң тарапынан (Банк) және Жапония Үкiметi бөлген гранттар әкiмшiлiгi тарапынан, осы хат арқылы Қазақстан Республикасына (Алушы) сегiз жүз алпыс мың жетi жүз (860 700) АҚШ долларынан аспайтын көлемдегi грантты (Грант) бөлуге келiсiмiмiздi бiлдiремiз.
      Грант Алушының қаржылай көмек беру туралы сұранысына жауап ретiнде, сонымен қатар мақсатқа орай және Келiсiм-хаттың қосымшасының тәртiбi мен шарты бойынша берiлiп отыр. Алушы одан әрi өз келiсiмiн растай келiп, келiсiмге келуге және жоғарыда айтылған мақсат пен шарт бойынша Грант қаржысын алуға өкiлеттi екенiн баяндайды.
      Сiзден, Банк саясатына сәйкес, шарт өз күшiне енгеннен кейiн осы Келiсiм-хат және ұсынылып отырған мәселе бойынша кез-келген мәлiмет жарық көретiнiн және Алушы тарапынан мәлiметтi ашуға келiсiм алатынымызға көңiл аударуыңызды сұранамыз. Алушы осы Келiсiм-хатқа қол қоя отырып, осы тәрiздi мәлiметтердi жариялауға келiсiм бередi.
      Алушы тарапынан жоғарыда аталғандарға келiсiм беру белгiсi ретiнде қолыңызды қойып және күнiн жазып, Банкке Келiсiм-хаттың қоса берiлiп отырған данасын жiберуiңiздi өтiнемiз. Осы Келiсiм-хат Банктен Алушыға сiз қол қойған Келiсiм-хаттың көшiрмесiн алғандығы туралы (i) және Алушының атынан Келiсiм-хат лайықты түрде бекiтiлгендiгi немесе ратификацияланғандығы, орындалғандығы мен жеткiзiлгендiгi және Келiсiм-хаттың шарттарына сәйкес Алушы үшiн заңды түрде мiндеттi болуы туралы Банктi қанағаттандырарлық растауды олардың қабылдағаны туралы жазбаша хабарландырған күнiнен бастап күшiне енедi.

Шын ниетпен
_______________________

Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi атынан (ХҚҚДБ)
_______________________
Кристофер Ловлас

Банктiң Орталық Азиядағы аймақтық өкiлдiгiнiң
Еуропа және Орталық Азия аймағы
директорының мiндетiн атқарушы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Қолы _________________

      Аты-жөні _____________

      Қызметі ______________

      Күні _________________

Қосымша   

Ганттың мақсаты, шарттары мен ережелері

      1. Мақсаттары және iс-шаралары

      1.1. Гранттың мақсаты - Өскемен қаласының қоршаған табиғи орта жағдайын қалпына келтiру жобасын даярлауға көмек көрсету болып табылады (бұдан әрi - Жоба), оның негiзгi мiндеттерi болып: (1) Өскемен қаласының тұрғын халқы мен өндiрiстiк қызметiн сумен қамтудың сапасын жақсарту; (2) Ертiс өзенiнiң улы металл қалдықтарымен ластануының алдын алу; (3) аймақтың басымдықтағы экологиялық мәселелерiн шешуде iрi өндiрiс кәсiпорындарын iске тарту; (4) қоршаған ортаның ластану мәселесiн басқару жөнiндегi табиғат қорғау органдарының iс-әрекетiн күшейте түсу. Грант берiлетiн iс-шаралар (бұдан әрi - Іс-шаралар) мыналарды қамтиды:
      а) Өскемен қаласындағы өнеркәсiпорындарының жер асты суын
         ластау оның қазiргi уақыттағы деңгейiн бағалау және талдау
         үшiн жер асты суларын сауықтыру бағдарламасының
         техникалық-экономикалық негiздемесi: бұл iс-шараның құны
         шамамен 538 500 АҚШ долларына тең балама сомада;
      b) жер асты суларын сауықтыру бағдарламасы және қалдықтар
         сақтау қоймасы аймағының қоршаған ортасын қалпына
         келтiрудiң қоршаған ортаға әсерiн бағалау: бұл iс-шараның
         құны шамамен 110 000 АҚШ долларына тең балама сомада;
      с) жер асты суларының қазiргi кездегi ластануы, қалдық сақтау
         қоймаларының, жалпы өнеркәсiп орындарының қоршаған ортаны
         ластауы мен басқа да осы мәселеге қатысты факторлардың
         әсерi мен қабылдау деңгейiн анықтау үшiн әлеуметтiк
         бағалау: бұл iс-шараның құны шамамен 64 000 АҚШ долларына
         тең балама сомада:
      d) қаржылық және экономикалық тұрғыдан бағалау: бұл
         iс-шараның құны шамамен 22 800 АҚШ долларына тең балама
         сомада;
      e) Грант аудитi: бұл iс-шараның құны шамамен 20 000 АҚШ
         долларына тең балама сомада;
      f) кадрлар құрамын бағалау, анықтау және ұсыну мен сатып
         алуды жүзеге асыру мәнiне оқытып-үйрету: бұл ic-шараның
         құны шамамен 25 400 АҚШ долларына тең балама сомада;
      g) басқа да техникалық көмек: бұл iс-шараның құны шамамен
         80 000 АҚШ долларына тең балама сомада болады.

      2. Tұтастай iске асыру

      2.1. Алушы: (а) қазiргi талаптарға сай және көздеген нәтижелерге қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi арқылы iс-шараларды жүзеге асырады; (b) осы мақсатқа жетуде талап етiлетiн құрал-жабдықтарды, қызмет көрсету мен басқа қажеттi ресурстарды дереу ұсынады; (с) Іc-шараларға және Грант қаржысын пайдалануға қатысты Банк дәлелдi түрде сұраған барлық мәлiметтердi бередi; (d) Іс-шараларды жүзеге асыру барысы мен нәтижелерi жөнiнде Банк өкiлдерiмен мерзiмдi түрде пiкiр алмасып отырады; (e) Грант мақсатына байланысты Банкке Қазақстан Республикасының аумағына баруға қажеттi барлық шараларды қолданады; (f) Грант қаражатынан қаржыландыратын тауарлар мен қызметтерге Жоба мақсаты үшiн ғана пайдаланылуын қадағалайды.
      Алушы жоғарыда аталған талаптарға шек келтiрместен, Банк сұратса, Iс-шаралар аяқталғаннан кейiн, дереу Банкке олардың нәтижелерi мен әсерi туралы, үлгiсi мен мазмұны Банкке ыңғайлы болатын есептi дайындап табыс етедi.

      3. Сатып алу

      3.1. Іс-шараларды атқаруға қажеттi және Грант қаражатынан қаржыландырылуға тиiстi кеңес алу қызметi мен тауар сатып алу барысында Банкпен өзгедей келiсiмшарт болмағанда, осы Қосымшаға I - Толықтырудың ережелерiмен реттеледi.
      3.2. Алушы Грант қаражатынан қаржыландыратын импорттан келетiн тауарларды сатып алуға, тасымалдауға және оны пайдаланатын, орнатылатын жерiне жеткiзуге байланысты тәуекелдерден сақтандыруға және тиiстi сақтандыру төлемi осындай тауарды ауыстыруға немесе жөндеу жұмысын толықтай жүргiзуде еркiн конверттелетiн валютада төленетiндей болуға шаралар қолданады. Алушы Iс-шараларға байланысты кез келген объектiлердi пайдалануда және техникалық құралдардың қызмет атқаруында тиесiлi әдiстердi қолдануға, мұндай объектiлердi кез келген жөндеу жұмысын немесе жаңарту iсiн қажеттiгiне қарай шұғыл iске асыру үшiн шаралар қолданады.

      4. Грант қаражатын есептен алу

      4.1. Банктiң есепке алу құжаттарында Алушының атына ашылған шотқа (Грант шоты) Грант қаражаты аударылады және Іc-шараларды атқаруға қажеттi әрi Грант қаражатынан қаржыландырылуға тиiстi, тауарлар мен қызметтердiң негiзделген құнын төлеу үшiн осы 4 - Бөлiмнiң ережелерiне сәйкес Алушының шоттан қаражатты алуына болады.
      4.2. Бұдан кейiнгi санамаланған баптардың аясындағы шығыстарды Грант қаражатынан қаржыландыруға болады және бұл Iс-шараларды атқаруға ғана пайдаланылады:

Бап           Грант қаражатынан бөлiнген сома     қаржыландырылуға
               (АҚШ долларымен)                    тиiстi шығыстар %
                                                      [100%1]

(1) Кеңес беру қызметi  820700

(2) Тауар               15000               шетелдiк валютамен 100%
                                          жергiлiктi валютамен 100%
                                    [(франко-зауыт құны)] және iшкi
                                    нарықта басқа да баптар бойынша
                                    сатып алу шеңберiнде жергiлiктi
                                             валютамен шығыстың 85%

(3) Қосымша пайдалану
шығындары               25000    90%

Барлығы                 860700

      Осы тармақтың мақсаты үшiн:

      (а) "шығыстар шетелдiк валютамен" терминi Қазақстан Республикасын қоспағанда, алмағанда, кез келген мемлекет аумағынан жеткiзiлетiн тауарлар мен көрсетiлген қызметтiң төлемақысы Қазақстан Республикасын қоспағанда, сол шетелдiк валютамен шығыстар дегендi бiлдiредi.
      (б) "шығыстар жергiлiктi валютамен" терминi шетелдiк валютамен есептелетiн шығыстарға жатпайтын кез келген шығыстар дегендi бiлдiредi, алайда, Қазақстан Республикасының валютасы сатып алынатын тауарлар мен көрсетiлген қызметтер жеткiзiлетiн басқа елдiң валютасы болып табылатын жағдайда сол валютада мұндай тауарлар мен қызметтердiң төлемақысы шетелдiк валютадағы шығыстар болып есептеледi.
      (в) "қосымша пайдалану шығыстары" терминi Алушының Грант шеңберiндегi қосымша пайдалану шығыстары дегендi бiлдiредi, соның iшiнде азғана кеңсе жабдықтары (қағаз, кеңсе тауарлары және кеңсе жабдықтарына қажеттi басқа да материалдық шығыстар), бастыру жұмыстары, факс, жазбаша және ауызша аударма iсi, байланыс қызметi және көлiк.

      4.3. 4.2 - тармақтың eрежесiне қарамастан:

      (а) Гpaнт шотынан мыналар үшiн қаражат алынбайды: (i) Банктiң Келiсiм-хатқа қол қойған күнiне дейiн жұмсалған шығыстарды төлеу үшiн; (іі) Алушы төлейтiн немесе Алушының аумағындағы кез келген салықты төлеу үшiн; (iii) Банктiң мүшесi емес қандай да бiр елдiң аумағындағы шығыстарды қаржыландыруға, немесе сол сияқты елдiң аумағында өндiрiлген тауарлар мен көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу үшiн; немесе (iv) Банкке белгiлi болғандай, бұл БҰҰ Жарғысының YІІ Тарауына сәйкес қабылданған БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесi шешiмiмен жеке және заңды тұлғалардың төлемдер жасауы немесе мұндай төлемдерге немесе импортқа тыйым салынған болса, тауарлар импортын қаржыландыру үшiн;
      (b) Банк Алушыға жазбаша хабарламада көрсеткендей (Жабылу күнi) 2004 жылғы 30 маусымнан немесе одан кеш мерзiмнен кейiн, Грант Шотынан қаражат алынбайды, дегенмен, Жабылу күнi Банк Жобаны қаржыландыру қаражатын бекiтетiн болжамды датадан кешiрек басталатындай ерекше жағдайларды қоспағанда. Алайда, Грант қаражаты, егер қаражатты алуға тиiстi өтiнiм жабылу күнi басталғаннан кейiн төрт ай iшiнде берiлсе, Жабылу күнi басталғанға дейiн жасалған шығыстардың төленуi үшiн Жабылу күнi басталғаннан кейiн алуға болады, бұдан кейiн Грант Шотынан алынбай қалған Гранттың қандай сомасы болсын жойылады; және
      (с) Егер. Банктiң пiкiрiнше. 4.2 - тармақтағы кестеде көрсетiлген белгiлi бiр бап шеңберiнде бөлiнген Грант сомасы осы бап бойынша шығыстарды қаржыландыруға жеткiлiксiз болған жағдайда, Банк Алушыға жазбаша хабарлама жолдап, басқа бапқа бөлiнген Гpант қаражатының осындай сомасын басқа шығыстарын қаржыландыруға қажет емес деп есептеп, осы бапқа аудара алады.
      4.4. Егер Алушы Грант Шотынан қандай да бiр қаражат сомасын алғысы келген жағдайда Банк көрсеткен нысандағы осы соманы алу туралы жазбаша өтiнiм беруге тиiс. Қаражат алатын Өтiнiмдерге: (а) Қаржы министрi немесе одан жазбаша өкiлеттiк алған өзге тұлға Алушының атынан қол қояды; және (b) Банктiң негiзделген талабына сай растайтын құжаттармен бiрге өткiзiледi. Қаражат алу Өтiнiмiне қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның қолы куәландырылған үлгiлер оның қолы қойылған бiрiншi Өтiнiммен бiрге өткiзiледi. Гранттың белгiлi бiр сомасын алу туралы Өтiнiм мен оны растайтын құжаттар Алушының Грант Шотынан сол соманы алуға құқығы бар екендiгi және осы сома Іс-шараларды жүзеге асыруға пайдаланылатыны жөнiнде Банктiң көзiн жеткiзетiндей, нысаны мен мазмұны жағынан жеткiлiктi болуға тиiс. Банк Алушының Грант Шотынан алатын соманы Алушының өзiне ғана немесе оның тапсырмасы бойынша төлейдi.
      4.5. Банктiң Грант Шотынан қаражат алудың келiсiмшарт бойынша шығыстарды төлеу үшiн жасалған шығыстар ведомосi негiзiнде жүзеге асырылуын талап ете алады: (а) құны 100 000 АҚШ долларынан аспайтын кеңес беру фирмаларының қызметтерi; (b) құны 50 000 АҚШ долларынан аспайтын жеке кеңесшiлер қызметi; (с) тауарлар және (d) қосымша пайдалану шығындары, бұл ретте бұның бәрi Банк Алушыға хабарламада анықтап көрсеткен ережелер мен шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      4.6. Гранттың қаражатын алу Грант валютасымен жүргiзiледi. Банк Алушының өтiнiшi бойынша және Алушының өкiлi ретiнде iс-әрекет жасай отырып, Грант шотынан алынған Грант валютасына Грант қаражатынан қаржыландырылатын шығыстарды төлеуге қажеттi валюталарды сатып алады. Егерде осы Келiсiм-хаттың мақсаты үшiн бiр валютаның екiншi валютаға қатысты құнын анықтау қажет болса, онда бұл құнды негiзделген түрде Банк анықтайды.
      4.7. Ic-шараларды жүзеге асыруға көмектесу мақсатында Алушы коммерциялық банкте АҚШ долларымен арнайы депозиттi шот (Арнайы шот) ашып, әрi Банкке жағдайларда, осы шотты өзара есептесуден, тұтқындаудан немесе басқа есепке қосылып кетуден тиiсiнше қорғалуын қарастыра отырып, жүргiзе алады. Арнайы шотқа ақша салу және Арнайы шоттан төлем жасау осы Қосымшаға ІІ Толықтырудың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Бухгалтерлiк шоттар және аудит

      5.1 (а) Алушы есепке алу құжаттары мен бухгалтерлiк шоттарды қоса қаржылық басқару жүйесiн жүргiзiп, қамтамасыз етедi, әрi Банк талабына сай нысанда қаржы есептерiн даярлайды, онда Алушы бухгалтерлiк есепке алудың iс жүзiндегi тәжірибесiне сәйкес Iс-шараларды жүзеге асыруға байланысты операцияларды, ресурстар мен шығыстарды тиiсiнше бейнелейдi.
      (b) Алушының (i) жоғарыда (а) тармақшада көрсетiлген есепке алу құжаттары, бухгалтерлiк шоттар және қаржы есептерi болуға, әрбiр қаржы жылына Банкке тиiмдi, жүйелi қолданылатын аудит стандартына сай, тәуелсiз аудиторлардың аудиторлық тексеруiнен өткен [сондай-ақ Арнайы шотқа жататын есепке алу құжаттары және бухгалтерлiк шоттар] болуға; (ii) есептi даярлағаннан кейiн, әрбiр жыл аяқталғаннан кейiн алты айдан кешiктiрмей Банкке бiрден өткiзуге тиiс: (А) аудиторлық тексеруден өткен әрбiр жыл үшiн осы тараудың (а) тармақшасында көрсетiлген қаржы есептерiнiң куәландырылған көшiрмелерi, және (В) осы есептер, есепке алу құжаттары және бухгалтерлiк шоттар бойынша жоғарыда айтылған аудиторлардың қорытындысы, сондай-ақ Банк негiздi түрде анықтаған аудиторлық есептiң көлемi мен деңгейi талдап көрсетiлген есеп; және (ііi) Банктiң негiзделген мерзiмдi сұратулары бойынша, осы есепке алу құжаттарына, бухгалтерлiк шоттарға және олардың аудиторлық тексеруге, сондай-ақ жоғарыда аталған аудиторларға қатысты мәлiметтердi беруге тиiс.
      (с) Барлық шығыстарды қаржыландыру үшiн шығыстар ведомосi негiзiнде Грант шотынан алынған қаражат бойынша Алушы: (i) осы шығыстарды көрсететiн есепке алу құжаттары және бухгалтерлiк шоттарды осы тараудың (а) тармақшасына сай жүргiзу және енгiзудi қамтамасыз ету; (іi) Банк Грант шотынан соңғы рет қаражат алу жүргізiлген қаржы жылына арналған аудиторлық есептi алғаннан кейiн осы шығыстарды растайтын барлық есепке алу құжаттарын (келiсiмшарттар, тапсырыстар, шот-фактуралар, түбiртектер және басқа құжаттар) кем дегенде бiр жыл сақтау қажет; (ііi) Банк өкiлдерiнің аталған есепке алу құжаттарын тексеруiне мүмкiндiк беру; және (iv) бұл есепке алу құжаттары мен бухгалтерлiк шоттар осы тараудың (b) тармақшасында көрсетiлгендей жыл сайын аудиторлық тексеруден өткiзуге шаралар қолдану және әрбiр осындай аудиторлық тексерудiң есебi жоғарыда аталған аудиторлардың жеке қорытындысында қаржы жылы iшiнде берiлген шығыстар ведомосi, сондай-ақ оларды дайындау барысында қолданылатын, тиiстi қаражат алу үшiн жеткiлiктi негiздеме болатын iшкi бақылау рәсiмдерi мен тетiктерi болуға тиiс.

      6. Құқықтарын тоқтата тұру және күшiн жою

      6.1. Егер төменде санамаланған оқиғалар орын алса және одан әрi жалғасатын болса: (а) Алушы осы құжатта белгiленген өз мiндеттемелерiнiң кезкелген бiреуiн орындамаса; немесе (b) Банк Қазақстан Республикасының кепiлдiгімен заем Алушының немесе кезкелген өзге де тұлғаның Банктiң келiсiмiнiң немесе заем туралы кез-келген Халықаралық Даму қауымдастығымен дамуға арналған несие туралы кезкелген келiсiмiнiң аясында қаражат алуға берiлген құқығы тоқтатыла тұрса, Банк Алушыға тиiстi хабарлама жiбере отырып, Гранттың Шотынан Алушының бұдан кейiн қаражат алу құқығын кезкелген уақытта тоқтата тұрады.
      6.2. (а) осы бөлiмнiң 6.1 - тармағының ережелерiне сәйкес Алушының Гранттың Шотынан қаражат алу құқығы тоқтатыла тұрғаннан кейiн кез-келген уақытта, немесе (b) Алушы Iс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Банктi қанағаттандыратын шараларды осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн алты ай iшiнде қолданбаса; немесе (с) егер Банк Алушымен кеңескеннен кейiн Жобаны одан әрi қолдауды тоқтатқанда; немесе (d) егер Алушы Жобаны қаржыландыруда Банктен көмек сұраған өз сұратуын қайтарып алса, Банк Алушыға тиiстi жазбаша хабарлама жолдай отырып, Алушының Гранттың Шотынан бұдан кейiн қаражат алу құқығын жоя алады.

І толықтыру  

Сатып алу

      Бөлiм 1   Кеңесшiлер көрсететiн қызметтер

      A-бөлiгi:   Жалпы eрежелер

      Кеңесшiлер көрсететiн қызметтер 1997 жылғы қаңтарда Банк жариялаған және 1997 жылғы қыркүйекте, 1999 жылғы қаңтарда және 2002 жылғы мамырда қайта қаралған (Кеңесшiлер жөніндегi басшылық) "Дүниежүзiлiк Банкi қарыз алушыларының кеңесшiлердi iрiктеу мен жалдау" Басшылықтың І және ІV - бөлiмiнің ережелерiне сәйкес, сондай-ақ Басшылыққа 1-қосымшаның 1-тармағына, Басшылыққа 2-қосымшаның және осы бөлiмнiң келесi ережелерiне сәйкес сатып алынады.

      В-бөлiгi:   Сапасы және құны бойынша iріктеу

      [1.] Осы бөлiмнiң С-бөлiгiндегi өзге ережелердi қоспағанда, кеңесшiлер көрсететiн қызметтер сапа және құн бойынша кеңесшiлердi iрiктеу жағдайында қолданылатын Кеңесшiлер жөніндегi басшылықтың 11-Бөлiмiнiң ережелерiне және Басшылықтың 3.13-3.18-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлген келiсiм-шарт шеңберiнде сатып алынады.
      2. Келесi ережелер мұның алдындағы тармақтағы ережелерге сәйкес берiлген келiсiм-шарт шеңберiнде сатып алынатын кеңесшiлер көрсететiн қызметтерге қолданылады: бiр келiсiм-шартқа есептелiнетiн бағдарлы құны 100 000 АҚШ долларын құрайтын әлеуметтiк бағасы мен аудит функциясы бойынша қызметтер көрсететiн кеңесшiлердiң қысқа тiзбесiнің құрамына тек қана ұлттық кеңесшiлер кiре алады, яғни бұл 2.7-тармағының ережелерiнде және кеңесшiлер жөніндегi басшылықтың 8-сiлтемесiнде көзделген.

      С-бөлiгi:   Кеңесшiлердi iріктеудің басқа да процедуралары
      1. Тiркелген бюджет жағдайында iріктеу

      Техникалық-экономикалық негiздеменi дайындау мен қоршаған ортаға әсердiң бағасы бойынша көрсетiлетiн қызметтер Кеңесшiлер жөніндегi басшылықтың 3.1 және 3.7 тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлген келiсiм-шарт шеңберiнде сатып алына алады.

      2. Кеңесшiлердi бiлiктiлiк бойынша iріктеу

      Бiр келiсiм-шартқа есептелiнетiн бағдарлы құны 100 000 АҚШ долларын құрайтын әлеуметтiк баға мен аудит бойынша көрсетiлетiн қызметтер кеңесшiлер жөніндегi басшылықтың 3.1 және 3.7-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлген келiсiм-шарт шеңберiнде сатып алына алады.

      3. Жеке кеңесшiлер

      Жеке кеңесшiлердiң көрсететiн қызметтерi кеңесшiлер жөніндегi басшылықтың 5.1 - тармағында жазылған талаптарға жауап беретiн қаржылық және экономикалық бағалар, сатып алуға талдау және техникалық көмектердiң басқа да түрлерi бойынша кеңесшiлер жөнiндегi басшылықтың 5.1 - 5.3-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлген келiсiм-шарт бойынша сатып алынады.

      Д-бөлiгi   Кеңесшiлердi Банк тарапынан iрiктеудi қарау

      1. Iрiктеудi жоспарлау

      Кеңесшiлерге торгқа қатысуға қандай да бiр шақыруларды жiбергенге дейiн Банктiң қарауына және бекiтуiне келiсiм-шарттың бағдарлы құнын, келiсiм-шарт пакеттерiнiң және қолданылатын критерийдiң тұтастығын және iрiктеудiң процедураларын қосып кеңесшiлердi iрiктеудiң жоспары ұсынылуы керек. Барлық кеңестiң көрсетiлетiн қызметтердi iрiктеу Банк бекiтетiн осы жоспарға (мерзiмдiк нақтылауды ескере) сәйкес өтуге тиiс.

      2. Алдын ала қарау

      (а) Бағдарлы құны 100 000 AҚШ долларын немесе одан жоғарыны құрайтын кеңес фирмасын жалдауды көздейтiн әрбiр келiсiм-шартқа Кеңесшiлер жөнiнде басшылыққа 1-қосымшадағы 2, 3 және 5-тармақтарында жазылған процедуралар қолданылады.
      (b) Көрсетiлетiн қызметтiң бағдарлы құны 50 000 АҚШ долларын немесе одан жоғарыны құрайтын жеке кеңесшiлердi жалдауды көздейтiн әрбiр келiсiм-шартқа Банкке алдын ала қарауға және бекiтуге кандидаттың бiлiктiлiгiн және тәжірибесiн салыстырғандағы нәтиже туралы, сондай-ақ техникалық отырыс және кеңесшiлердi жалдау шарттары туралы есеп берiледi. Келiсiм-шарт тек Банктiң келiсiмiн алғаннан кейiн ғана берiледi. Мұндай келiсiм-шарттарға Кеңесшiлер жөнiндегi басшылыққа 1-қосымшадағы 3-тармақтың ережесi қолданылады.

      3. Келесi қарау

      Осы бөлiктiң 2-тармағында ережелермен реттелмейтiн әрбiр келiсiм-шарттарға Кеңесшiлер жөнiндегi басшылыққа 1-қосымшаның 4-тармағында жазылған процедуралар қолданылады.

      II-бөлiм   Тауарларды сатып алу

      Тауарлар сатып алынады: (а) 1995 жылғы қаңтарда Банк жариялаған және 1996 жылғы қаңтарда және тамызда, 1997 жылғы қыркүйекте және 1999 жылғы қаңтарда (Басшылық) қайта қаралған "ХҚҚДБ заемдары және ХДҚ кредиттерi бойынша сатып алу" Басшылық I-бөлiм ережелерiне сәйкес; және (b) еркiн саудада сатып алу процедурасын пайдалануды Басшылық 3.5 және 3.6-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлген келiсiм-шарттар бойынша. Мұндай келiсiм-шарттарға осы тармақтағы "конкурстық ұсыныс" деген сөз "баға" деп оқылатын шартпен Басшылыққа 1-қосымшаның 4-тармағында жазылған қарау процедуралары қолданылады.

IІ-толықтыру  

Арнайы есеп

      1. Осы толықтырудың мақсаты болып:
      (а) "жарамды баптар" деген термин осы келiсiм-хатқа Қосымшаның 4.2-тармағындағы кестесiнде көрсетiлген баптарды бiлдiредi;
      (b) "жарамды шығыстар" термин Iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi және Гранттың қаражатынан қаржыландыруға жататын тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң құнына негiзделген төлемдердiң шығыстарын бiлдiредi; және
      (с) "Мақұлданған аударым" деген термин Гранттың Шотынан алынып және осы толықтырудың 3 (а) - тармағына сәйкес Арнайы шотқа салынуға тиiс 75 000 АҚШ долларына баламалы соманы бiлдiредi.
      2. Төлемдер Арнайы шоттан осы толықтырудың ережелерiне сәйкес тек қана жарамды шығыстарды қаржыландыру үшiн жүргiзiледi.
      3. Банк Арнайы шоттың тиiстi түрде ашылғандығы жөнінде растау құжаттарын алғаннан кейiн, мақұлданған сомалар қаражатын алу және Арнайы Шотты толықтыру үшiн кейiннен толтыру мынадай түрде жүргiзiледi:
      (а) Алушы Банкке мақұлданған сомалардың тұтас, бүтiндей мөлшерiнен аспайтын соманы немесе сомаларды Арнайы шотқа салуға өтiнiм немесе өтiнiмдер жiбередi. Осы өтiнiмнiң немесе өтiнiмдердiң негiзiнде Банк Алушының атынан Алушы сұрау салған соманы немесе сомаларды Гранттың шотынан алып Арнайы Шотқа салады.
      (b) (i) Арнайы шотты толықтыру үшiн Алушы мерзiмдiкпен Банк анықтайтын Банкке Арнайы шотқа қаражатты салуға өтiнiмдер жiбередi.
      (ii) Осындай өтiнiмдердi беруге дейiн немесе берумен бiрге Алушы Арнайы шотты толықтыруға қаражат сұратуға байланысты төлем немесе төлемдердi жүзеге асыру үшiн осы толықтырудың 4-тармағына сәйкес қажеттi құжаттамаларды және басқа да растаушы құжаттарды Банкке жiбередi. Банк әрбiр алынған өтiнiмдер негiзiнде Алушының атынан Алушы сұраған және жарамды шығыстарды төлеу үшiн Арнайы шоттан төленген, аталған және де құжаттармен расталған соманы Гранттың Шотынан алады және Арнайы шотқа салады. Осындай түрде салынған барлық қаражаттарды жарамды баптар аясында және жоғарыда көрсетiлген және расталған, тиiстi баламалы сомаларды Гранттың Шотынан Банк алады.
      4. Арнайы шоттан Алушы жүргiзген әрбiр төлем жөнінде, Алушы Банк талаптарының негiздемесi бойынша Банкке жарамды шығыстарды жабу үшiн жүргiзiлген осы төлемдi растайтын құжаттарды немесе басқа да дәлелдердi беруге тиiс.
      5. Осы толықтырудың 3-тармағының ережелерiне қарамастан Банк Арнайы шотқа қосымша қаражаттар салуға мiндеттi емес:
      (а) егер қандай да бiр кезеңде Банк алдағы уақытта Алушы барлық қаражатты тiкелей Гранттың Шотынан алуға тиiс деп шешсе;
      (b) егер Алушы осы келiсiм-хатқа қосымшаның 5.1 (b)-тармағының (іі) тармақшасында белгiленген мерзiм iшiнде Арнайы шотқа қатысты есептiк құжаттар мен бухгалтерлiк есептердi аудиторлық тексерiске байланысты көрсетiлген тармаққа сәйкес Банкке ұсынылуға тиiс қандай да бiр аудиторлық есептi Банкке ұсынбағанда;
      (с) егер қандай да бiр кезеңде Банк Алушыға осы келiсiм-хатқа қосымшаның 6.1-тармағының ережелерiне сәйкес Алушының Грант шотынан қаражатты алу құқығын толық немесе iшiнара тоқтата тұру туралы өзiнiң ниетiн хабардар еткенде; немесе
      (d) Гранттың қаражатынан алынған жалпы сома екi еселенген мақұлданған аударымның баламасымен теңескенде.
      Бұдан кейiн Банк Алушының хабарламасына тиiстi анықтайтын Гранттың жұмсалмай қалған сомаларын Гранттың Шотынан алу рәсiмдердi пайдаланумен жүргiзiледi. Алдағы уақытта қаражатты бұлай алу Арнайы шотта қалған барлық қаражаттар жарамды шығыстарды төлеу үшiн пайдаланатын болатындығы жөніндегi хабарламаға қандай да бiр Банк сенгенде ғана жүргiзiледi.
      6. (а) Егер Банк қандай да бiр кезеңде Арнайы шоттан қандай да бiр төлем: (i) осы толықтырудың 2-тармағына сәйкес жарамды болып табылмайтын шығыстарды немесе сомаларды жабу үшiн жүргiзiлген деп шешсе; немесе (іі) Банкке ұсынылған құжаттармен бекiтiлмесе. Алушы Банктен тиiстi хабарламаны алғаннан кейiн кешiктiрмей: (А) Банк сұратқан қосымша растайтын құжаттарды беруге; немесе (В) Арнайы шотқа (немесе, Банктiң өтiнiшi бойынша Банкке қайтаруға) жарамды немесе расталмаған төлемнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң сомасына тең соманы енгiзуi тиiс. Банкпен басқа шарттардың жоқтығынан Банк Алушы осындай растайтын құжаттарды ұсынуын немесе қаражатты енгiзуiн, немесе оның қайтаруын жүргiзгенге дейiн Арнайы шотқа ешқандай қосымша қаражат енгiзбейдi.
      (d) Егер Банк қандай да бiр кезеңде Арнайы шотта қалған қандай да бiр сома жарамды шығыстарды қаржыландыру есебiне одан әрi төлеудi жүзеге асыру үшiн қажет етiлмейдi деп шешсе, Алушы Банктiң тиiстi хабарламасын алып, қалған соманы кешiктiрмей Банкке қайтаруы тиiс.

      РҚАО-ның ескертуі: әрі қарай мәтін ағылшын тілінде (қағаз мәтінін қараңыз).

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады