Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 наурыздағы N 536 Заңы

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

      1. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат):

      18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны
               мен жазылу стиліне қойылатын талаптар

      1. Мемлекеттiк органдардың қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеу саласындағы мiндеттерi, функциялары мен құзыретi заңдарда мемлекеттiк басқару деңгейлерi бойынша айқын ажыратылып белгiленуге тиiс.
      2. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тіл нормалары мен заң терминологиясы сақтала отырып жазылады. Көнерген және көп мағыналы сөздер мен сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды қолдануға, сөздердi қысқартуға жол берiлмейдi. Баптың (тармақтың) мәтiнi басқа баптарда (тармақтарда) қайталап жазылмайды.".

      2. "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 20, 379-құжат):

      1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Мемлекеттiк органның құзыретi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң нысанасын айқындайтын оның белгiленген өкiлеттiктерiнiң жиынтығы ұғынылады;
      мемлекеттiк органның өкiлеттiктерi деп мемлекеттiк органның заңдарда белгiленген құқықтары мен мiндеттерi ұғынылады;
      мемлекеттiк органның құқықтары деп заңдарда белгiленген белгiлi бiр iс-әрекеттi жасау, басқа тұлғадан (басқа тұлғалардан) белгiлi бiр мiнез-құлықты (ic-әрекеттi немесе iс-әрекет жасаудан тартынуды) талап ету мүмкiндiгi ұғынылады;
      мемлекеттiк органның мiндеттемелерi деп заңдарда белгiленген, мемлекеттiк орган орындауға мiндеттi iс-әрекет шеңберi ұғынылады;
      мемлекеттiк органның мiндеттерi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң негiзгi бағыттары ұғынылады;
      мемлекеттiк органның функциялары деп мемлекеттiк органның қызметтi заңдарда белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыруы ұғынылады.".

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады