Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "KAZSAT" байланыс және хабар таратудың қазақстандық спутнигін жасау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 26 қазандағы N 85 Заңы

      Мәскеуде 2005 жылғы 18 қаңтарда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "KAZSAT" байланыс және хабар таратудың қазақстандық спутнигін жасау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының
Үкiметi арасындағы "KAZSAT" байланыс және хабар таратудың
қазақстандық спутнигiн жасау жөнiндегi ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ

(2005 жылғы 16 қарашада күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
      1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi қағидаттары мен шарттары туралы келiсiмдi, 2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiн тиiмдi пайдалану жөнiндегi ынтымақтастықты дамыту туралы  келiсiмдi және 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалдау  шартын назарға ала отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ғарыш кеңiстiгiн игеру және пайдалану саласында өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамыту мүдделерiн негiзге ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаты "KAZSAT" (бұдан әрi - "KAZSAT") байланыс және хабар таратудың қазақстандық спутнигiн жасау, оны геостационарлық орбитаға шығару және оның базасында ғарыштық байланыс пен хабар таратудың қазақстандық жүйесiн жасау жөнiндегi Тараптардың ынтымақтастығын жүзеге асыруға арналған негiзгi қағидаттар мен шарттарды айқындау болып табылады.

  2-бап

      Осы Келiсiмдi орындау үшiн ынтымақтастық халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары мен қағидаттары сақтала отырып және Тараптардың өз мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын басқа Келiсiмдер бойынша мiндеттемелердi орындауына залал келтiрiлместен Тараптар мемлекеттерiнiң осы Келiсiмге қайшы келмейтiн заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  3-бап

      Осы Келiсiм бойынша уәкiлеттi органдар:
      Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi;
      Ресей Тарапынан - Федералдық ғарыш агенттiгi мен Ресей Федерациясы Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлiгi болып табылады.
      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде қазақстандық "KAZSAT" спутнигiн әзiрлеу, дайындау, геостационарлық орбитаға ұшыру және кейiннен пайдалану жөнiндегi мiндеттемелердi орындаумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жерүстi басқару кешенiн және байланыс мониторингi жүйесiн жасаумен байланысты нақты жұмыстарды (қызметтердi) орындау (көрсету) жөнiндегi ынтымақтас ұйымдар (бұдан әрi - ынтымақтас ұйымдар):
      Қазақстан Тарапынан - "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы" акционерлiк қоғамы, "Казсат" акционерлiк қоғамы;
      Ресей Тарапынан - "М.В.Хруничев атындағы Мемлекеттiк ғарыш ғылыми-өндiрiстiк орталығы" федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорны және "Ғарыштық байланыс" федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорны болып табылады.
      Тараптар өздерiнiң уәкiлеттi органдары мен ынтымақтас ұйымдары өзгерген жағдайда дипломатиялық арналар бойынша бiр-бiрiн жедел хабардар етедi.

  4-бап

      "KAZSAT" спутнигi геостационарлық орбитаға шығарылады және Тараптар мемлекеттерiнiң орбиталық-жиiлiктiк ресурсты халықаралық үйлестiру мәселелерiн айқындайтын байланыс әкiмшiлiктерiнiң арасындағы жеке келiсiммен көзделетiн, "KAZSAT" спутнигi үшiн қажеттi жиiлiктiк-поляризациялық жоспарға сәйкес Тараптардың келiсiмi бойынша айқындалатын геостационарлық орбитада уақытша берiлген үйлестiрiлген ресейлiк орбиталық позицияда орналастырылады.

  5-бап

      Ынтымақтас ұйымдар "KAZSAT" спутнигінің, жерүстi басқару кешенi мен байланыс және хабар тарату қазақстандық ғарыштық жүйесi байланыс мониторингi жүйесiнiң, орбиталық-жиiлiктiк ресурсының келiсiлген талаптары мен сипаттамаларын, сондай-ақ "KAZSAT" спутнигi мен жерүстi басқару кешенi объектiлерiн және байланыс мониторингi жүйелерiн пайдалануға тапсыру-қабылдап алу, қазақстандық персоналды даярлау мен оқыту шарттарын айқындайды және оларды жасалатын келiсiм-шарттардың (шарттардың) негiзiнде iске асырады.

  6-бап

      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде жүргiзiлетiн ұйымдастырушылық, қаржылық, құқықтық және техникалық сипаттағы жұмыстар жөнiндегi қағидаттар, нормалар және рәсiмдер жекелеген келiсiм-шарттардың (шарттардың) нысанасы болып табылады.
      Тараптар ынтымақтас ұйымдар жасасқан жекелеген келiсiм-шарттардан (шарттардан) туындайтын мiндеттемелер бойынша жауаптылықта болмайды.

  7-бап

      Қазақстан Тарабы осы Келiсiмнiң шеңберiнде:
      қажеттi көлемдегi жұмыстар мен қызметтердi қаржыландыруды;
      Қазақстан Республикасының аумағында "KAZSAT" спутнигiн жерүстi басқару кешенiн, сондай-ақ байланыс мониторингi жүйесiнiң байланыс және хабар тарату қазақстандық ғарыштық жүйесiн орналастыру және пайдалану үшiн қажеттi жерүстi инфрақұрылым объектiлерiн құруды қамтамасыз етедi.

  8-бап

      Байланыс және хабар тарату қазақстандық ғарыштық жүйесi бойынша Халықаралық электр байланысы одағымен қарастырылған үйлестiру iс-шараларын ескере отырып, "KAZSAT" спутнигiн ұшыру сәтiнде геостационарлық орбитадағы уақытша бос орбиталық-жиiлiктiк ресурсқа иелiк ететiн Ресей Тарабы Қазақстан Тарабына уақытша негiзде (спутниктiң орбитада белсендi түрде болу мерзiмiне, бiрақ 15 жылдан көп емес) Тараптардың келiсiмi бойынша қолданыстағы халықаралық үйлестiру келiсiмдерiн ескере отырып, "KAZSAT" спутнигi үшiн қажеттi жиiлiктiк-поляризациялық жоспарға сәйкес үйлестiрiлген орбиталық-жиiлiктiк ресурсты бередi.
      Тараптар радиожиiлiктiк спектрдi бөлу мәселелерi бойынша ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады және жиiлiктердiң бөлiнуiн бiрлесiп қорғау мәселелерiн қоса алғанда, Халықаралық электр байланысы одағында орбиталық-жиiлiктiк берулердi үйлестiру мәселелерiнде бiр-бiрiне жәрдемдеседi.

  9-бап

      Тараптар 1975 жылғы 14 қаңтардағы Ғарыш кеңiстiгiне ұшыратын объектiлердi тiркеу туралы  конвенцияға сәйкес "KAZSAT" спутнигiн геостационарлық орбитадағы ғарыштық объект ретiнде тiркеудi бiрлесiп қамтамасыз етедi.

  10-бап

      Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына, соның iшiнде қазақстандық "KAZSAT" спутнигiн жасау, жерүстi басқару кешенi мен байланыс және хабар тарату қазақстандық ғарыштық жүйесiнiң байланыс мониторингi жүйесiн жасау мен оны орбитаға ұшыру мақсаты үшiн үшiншi елдерден әкелiнетiн қосалқы жабдықты, бағдарламалық қамтамасыз етудi қоса алғанда, жабдық және оның жиынтықтары Қазақстан Республикасының аумағында кедендiк төлемдер алудан, салықтар мен өзге де алымдардан толық босатылады деп келiстi.
      Аталған жабдықты және оның жиынтықтарын кедендiк ресiмдеу Қазақстан Тарабы мемлекеттiк органдарының лицензиялары мен басқа да рұқсаттары ұсынылмастан, тек Қазақстан Тарабының уәкiлеттi органы беретiн, осы Келiсiмнiң мақсатында олардың пайдаланылатынын растайтын құжат болған кезде жүзеге асырылады.

  11-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң шеңберiнде жұмыстарды орындау барысында пайдаланылатын зияткерлiк меншiктi қорғауды Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамаларына, сондай-ақ қатысушысы бiр уақытта Тараптардың мемлекеттерi болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қамтамасыз етедi.
      Осы Келiсiм шеңберiндегi ынтымақтастық Тараптардың және ынтымақтас ұйымдардың осы Келiсiм шеңберiнде немесе осы Келiсiмге байланыссыз бiрлескен қызмет басталғанға дейiн алған олардың зияткерлiк меншiк құқықтарын қозғамайды.

  12-бап

      Тараптар, уәкiлеттi органдар және ынтымақтас ұйымдар Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамаларында және осы Келiсiмде белгiленген тәртiппен жасырын ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
      Жасырын ақпаратты Тараптар, уәкiлеттi органдар және ынтымақтас ұйымдар көрсетiлген ақпараттың жеткiзгiшiне "Жасырын" деген белгi қою жолымен таңбалайды. Мұндай таңбалау үшiн жауапкершiлiк ақпараты осындай жасырындылықты талап ететiн Тарапқа, уәкiлетті органға немесе ынтымақтас ұйымға жүктеледi.
      Құпия ақпаратты беру және қорғау берушi Тарап мемлекетiнiң заңнамасында және 2004 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы  келiсiмде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Әрбiр Тарап, оның уәкiлеттi органы немесе ынтымақтас ұйым екiншi Тараптан, оның уәкiлеттi органынан немесе ынтымақтас ұйымнан алған құпия және/немесе жасырын ақпаратты өз мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес қорғайды.
      Осы Келiсiм шеңберiнде орындалған бiрлескен әзiрлемелер туралы кез келген ақпарат оның қатысушысы болып табылмайтын үшiншi тараптарға тек Тараптардың жазбаша түрде ресiмделген келiсiмi бойынша берiлуi мүмкiн.

  13-бап

      Тараптар және олардың уәкiлеттi органдары өзара келiсiм бойынша осы Келiсiмнiң шеңберiндегi қызмет туралы жұртшылықты хабардар ете алады.

  14-бап

      Осы Келiсiмдi түсiндiруге және/немесе iске асыруға байланысты даулар туындаған жағдайда Тараптар немесе олардың уәкiлеттi органдары оларды реттеу үшiн консультациялар немесе келiссөздер жүргiзедi.
      Осы баптың бiрiншi абзацымен көзделген рәсiмдерге сәйкес реттелмеген даулар Тараптардың бiреуi екiншi Тарапқа осындай реттеу туралы жазбаша сұрау жiбергеннен кейiн 6 (алты) ай iшiнде Тараптардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша төрелiк сотқа жiберiлуi мүмкiн. Төрелiк сотты құру тәртiбi мен жұмыс жасау шарттары осы Келiсiмге қол қойылған күннен бастап бiр жыл iшiнде Тараптар жасайтын жеке келiсiммен белгiленедi.

  15-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және оның кyшiне енуi үшiн Қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм Тараптар өздерiне алған мiндеттемелердi толық орындағанға дейiн қолданылады.
      Кез келген Тарап екiншi Тарапқа осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату болжамдалған күнге дейiн кемiнде 6 (алты) ай бұрын оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама жiберу жолымен оны тоқтата алады.
      Осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату оның қолданылуы тоқтатылғанға дейiн заңды тұлғалардың осы Келiсiмнiң орындалуына байланысты туындаған құқықтарын немесе мiндеттемелерiн қайта қарау үшiн құқықтық негiз бола алмайды.
      Осы Келiсiмге Тараптар арасында жеке хаттамалар жасасу жолымен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Аталған хаттамалар осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн көзделген тәртiпте күшiне енедi.
      2005 жылғы 18 қаңтарда Мәскеу қаласында қазақ және орыс тiлдерiнде әрқайсысы екi түпнұсқа данада жасалды әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.

       Қазақстан Республикасының        Ресей Федерациясының
      Yкiметi үшiн                     Yкіметi үшiн

      Осымен 2005 жылғы 18 қаңтарда Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "KAZSAT" байланыс және хабар таратудың қазақстандық спутнигiн жасау жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмнiң бұл көшiрмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы iстер министрлiгiнiң
      Халықаралық-құқық департаментiнiң
      Кеңесшісi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады