Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" 1996 жылғы 24 қаңтардағы N 2797 конституциялық заң күші бар  Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 178-құжат; 1997 ж., N 12, 193-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) актінің нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы";

      2) кіріспе алып тасталсын;

      3) 11-баптың бірінші бөлігіндегі "Гимнді тұрып тыңдайды." деген сөздер "Гимнді орнынан тұрып, оң қолының алақанын омырауының сол жағына қойып тыңдайды." деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 12, 14 және 16-баптарда "Жарлықпен", "Жарлыққа", "Жарлықтан", "Жарлық" деген сөздер тиісінше "Конституциялық заңмен", "Конституциялық заңға", "Конституциялық заңнан", "Конституциялық заң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 2-баптың 3) тармақшасымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің музыкалық редакциясы мен мәтіні осы Конституциялық заңға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

       2-бап.  Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

                              Қазақстан Республикасы Президентінің
                                   "Қазақстан Республикасының
                                  мемлекеттік нышандары туралы"
                              конституциялық заң күші бар Жарлығына
                                 өзгерістер мен толықтыру енгізу
                                 туралы" 2006 жылғы 7 қаңтардағы
                                     N 112-III ҚРЗ Қазақстан
                              Республикасының Конституциялық заңына
                                             ҚОСЫМША

                       Қазақстан Республикасы
              Мемлекеттік гимнінің музыкалық редакциясы

      Музыкасын жазған  Шәмші Қалдаяқов

      

                        Қазақстан Республикасы
                     Мемлекеттік гимнінің мәтіні

      Сөзін жазғандар:  Жұмекен Нәжімеденов,
                        Нұрсұлтан Назарбаев

      Алтын күн аспаны,
      Алтын дән даласы,
      Ерліктің дастаны,
      Еліме қарашы!
      Ежелден ер деген,
      Даңқымыз шықты ғой.
      Намысын бермеген,
      Қазағым мықты ғой!

       Қайырмасы:
      Менің елім, менің елім,
      Гүлің болып егілемін,
      Жырың болып төгілемін, елім!
      Туған жерім менің - Қазақстаным!

      Ұрпаққа жол ашқан,
      Кең байтақ жерім бар.
      Бірлігі жарасқан,
      Тәуелсіз елім бар.
      Қарсы алған уақытты,
      Мәңгілік досындай.
      Біздің ел бақытты,
      Біздің ел осындай!

       Қайырмасы:
      Менің елім, менің елім,
      Гүлің болып егілемін,
      Жырың болып төгілемін, елім!
      Туған жерім менің - Қазақстаным!

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады