Байланыс формасы

"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 14 қаңтардағы N 117 Заңы

       1-бап.  "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 18-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк комиссия - төтенше жағдай енгізу кезеңiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен құрылатын арнаулы мемлекеттiк басқару органы.";

      2) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Мемлекеттік комиссия) төтенше жағдайды енгiзу үшiн негiз болған мән-жайлар Қазақстан Республикасының екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң аумағында туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен құрылады.";

      3) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Мемлекеттiк комиссияның негiзгi мiндеттерi мен
               функциялары

      1. Мемлекеттiк комиссияның негiзгi міндеттерi мыналар болып табылады:
      1) төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайларды жою жөнiнде шаралар әзiрлеу;
      2) төтенше жағдай енгiзiлген аумақтың қызметiн басқару мен қамтамасыз ету жөнiнде жедел iс-шаралар жүргізудi ұйымдастыру;
      3) төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларды уақытша тұруға арналған тұрғын үй-жайларға орналастыруды, оларға қажетті көмек көрсетуді ұйымдастыру;
      4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, төтенше жағдай енгiзілген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының төтенше жағдайды енгiзу үшiн негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегі қызметiн үйлестiру;
      5) төтенше жағдай кезеңiнде жүргізiлетiн iс-шаралардың орындалуын бақылау.
      2. Негiзгi мiндеттерiн орындау үшiн Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың, төтенше жағдай енгiзілген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегi қызметiн үйлестiру бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
      2) Мемлекеттiк комиссияға жүктелген мiндеттердi орындау мәселелерi бойынша орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарын және төтенше жағдай енгiзiлген жергiліктi жерлердiң коменданттарын тыңдайды;
      3) орталық және жергіліктi атқарушы органдардан, ұйымдардан Мемлекеттiк комиссияның қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратады және алады;
      4) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың, төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегi iс-шараларды орындауын бақылайды;
      5) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын төтенше жағдай енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою мәселелерiн шешу үшiн талдамалық, сараптау және басқа да қажеттi жұмыстарды орындауға тартады;
      6) осы Заңның 15, 16-баптарында көрсетiлген қосымша шаралар мен уақытша шектеулердi енгiзудің тиiмдiлiгiн қарайды. Төтенше жағдай енгізуге негiз болған мән-жайлар толық немесе iшiнара жойылған кезде Қазақстан Республикасының Президентiне қосымша шаралардың, уақытша шектеулердiң немесе төтенше жағдайдың толық немесе ішінара күшiн жою туралы тиiстi ұсыныстар енгiзедi.";

      4) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:

      "12-1-бап. Мемлекеттiк комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      1. Мемлекеттік комиссия орталық, жергiлікті атқарушы органдардың өкілдерінен және төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерлердің коменданттарынан құрылады. Мемлекеттiк комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi және ол төтенше жағдай енгiзуге негiз болған мән-жайларға байланысты болады. Мемлекеттiк комиссия төрағадан, мүшелерден және хатшыдан тұрады. Мемлекеттiк комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi.
      Мемлекеттiк комиссия мүшелерiнiң және комиссия жұмысын қамтамасыз ету үшiн тартылатын мамандардың жұмыс орындары мен негiзгі жұмыс орнындағы жалақысы сақталады.
      2. Мемлекеттiк комиссияның отырыстарын қажеттілігіне қарай оның төрағасы шақырады, ал оның шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi. Мемлекеттiк комиссияның мүшелерi отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.
      Отырыстың күн тәртiбiндегi әрбiр мәселе бойынша шешiм ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер Мемлекеттік комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi шешiмдi жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда төраға жақтап дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. Мемлекеттiк комиссия өз құзыретiне сәйкес қабылдайтын шешiмдер орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың және төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болады.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттiк комиссия Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына жарлықтар мен өкiмдердiң тиiстi жобаларын енгiзедi. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттiк комиссия Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулылары мен Премьер-Министрi өкiмдерiнiң тиiстi жобаларын енгiзедi.";

      5) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жердiң комендатурасы өзiнiң төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегі қызметiн жергілiкті атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, жүзеге асырады.
      Жергілiкті жердiң комендатурасын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын комендант және жергілікті жер комендатурасының аппараты құрайды, оның құрамы төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлар негізге алына отырып айқындалады.
      Комендант - Қазақстан Республикасының Президентiне, ал Мемлекеттiк комиссия құрылған кезде - Мемлекеттiк комиссияның төрағасына бағынады.".

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады