Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Деректер банкі туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 22 мамырдағы N 142 Заңы

      Ташкентте 2004 жылғы 17 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Деректер банкі туралы келісім ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Шанхай ынтымақтастық ұйымы
Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымының деректер банкi туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы 2001 жылғы 15 маусымдағы  Шанхай конвенциясына  қатысушы болып табылатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер,
      Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылым туралы  келiсiмдi  басшылыққа ала отырып,
      Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымының (бұдан әрi - Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылым) тиiмдi қызметiне тиiстi жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      1. Тараптар Тараптардың арнайы уәкiлеттi органдарының ақпараттық өзара iс-қимылын қамтамасыз ету және оның деңгейiн арттыру, сондай-ақ Тараптарды Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымның құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы комитетiнде (бұдан әрi - Атқарушы комитет) Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымның деректер банкiн (бұдан әрi - деректер банкi) құрады және онда бар ақпаратты пайдаланады.
      2. Деректер банкi есептеу техникасы құралдарын пайдалана отырып, автоматтандырылған ақпараттық жүйе негiзiнде, сондай-ақ құжаттық материалдарды қатты (қағаз) және өзге де тасығыштарда жинақтау жолымен жұмыс істейді.

  2-бап

      1. Тараптар деректер банкiнiң жұмыс iстеуiне қатысты мәселелер жөнiнде өзара iс-қимылды жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi органдарды айқындайды, бұл туралы осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдер орындалғаннан кейiн Атқарушы комитеттi 60 күннiң iшiнде жазбаша нысанда хабардар етедi.
      2. Арнайы уәкiлеттi орган ауыстырылған жағдайда, бұл туралы жазбаша нысандағы хабарлама 10 күн мерзiмде Атқарушы комитетке жiберiледi.
      3. Деректер банкiндегi ақпарат құпия және құпия емес болып бөлiнедi.
      4. Құпия ақпаратқа қол жеткiзу Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымындағы құпия ақпаратты қорғау туралы  келiсiмге  қатысушылар болып табылатын Тараптарға ғана берiледi.
      5. Деректер банкiнiң құрылымын, құпия емес ақпаратпен жұмыс iстеу және оларға қол жеткiзу тәртiбiн Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымның кеңесi айқындайды.
      6. Деректер банкiндегi ақпаратты техникалық қорғауға қатысты мәселелер жеке Келiсiммен реттеледi.

  3-бап

      1. Деректер банкi Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымның құзыретiне жататын, Тараптардың арнайы уәкiлеттi органдарынан келiп түсетiн, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының органдарынан және басқа да көздерден, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарынан, баспа басылымдарынан, телекоммуникациялық жүйелер мен "Интернет" халықаралық компьютер желiсiнен алынатын ақпарат есебiнен қалыптасады.
      2. Деректер банкiнде:
      халықаралық террористiк, сепаратистiк және экстремистiк ұйымдар, олардың құрылымы, қызметiнiң нысандары мен әдiстерi, жетекшiлерi, мүшелерi мен осы ұйымдарға қатысы бар басқа да адамдар туралы, сондай-ақ есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымын қоса алғанда, осы ұйымдарды қаржыландыру көздерi мен арналары туралы;
      терроризм, сепаратизм және экстремизмнiң жай-күйi, олардың таралу қарқыны мен үрдiстерi туралы;
      террористiк, сепаратистiк және экстремистiк ұйымдарға қолдау көрсететiн ұйымдар мен адамдар туралы;
      терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы iс-қимыл жөнiндегi шаралар туралы;
      Тараптардың, оның iшiнде Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылыммен өзара iс-қимылды жүзеге асыратын құзыреттi органдардың қызметiн реттейтiн ұлттық заңнамалары туралы;
      жасалған террористiк актiлер, оларды жүзеге асырудың нысандары мен әдiстерi туралы;
      террористiк актiлер жасау кезiнде жарылғыш құрылғылардың (жарылғыш материалдар бөлiктерiнiң), қарулардың, оқ-дәрiлердiң, уландырғыш және өзге де заттардың пайдаланылуы туралы ақпарат жинақталады.

  4-бап

      1. Атқарушы комитет деректер банкi үшiн ақпарат алу мақсатында бiр немесе бiрнеше арнайы уәкiлеттi органға олардың кез келгенiнiң бастамасы бойынша да, өз бастамасы бойынша да сұратулар жiбере алады.
      2. Атқарушы комитет арнайы уәкiлеттi органдардың тиiстi сұратулары бойынша 30 күннiң iшiнде деректер банкiнде бар қажеттi ақпаратты бередi.
      3. Атқарушы комитет тоқсан сайын арнайы уәкiлеттi органдарға деректер банкiнде бар мәлiметтер мен материалдар тiзiлiмiн жiбередi.
      4. Атқарушы комитеттiң ақпарат беру туралы сұратуларын орындау тәртiбi орындаушы Тараптың ұлттық заңнамасымен реттеледi. Сұратуларды орындау мерзiмi 30 күннен аспауға тиiс.
      5. Сұратуларды орындау осы Келiсiмнiң 7-бабында белгiленген тiлдерде жүзеге асырылады.
      6. Арнайы уәкiлеттi органдар деректер банкiне ақпаратты оның түсуiне қарай жiбередi, оның барынша толықтығы мен нақтылығын қамтамасыз етедi. Арнайы уәкiлеттi органдар берiлген ақпаратты Тараптардың және Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымның мүдделерiне залал келтiрiлмей пайдаланады.

  5-бап

      Атқарушы комитет деректер банкiнiң жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етудi, соның iшiнде:
      деректер банкiн басқаруды және оны пайдалануды;
      Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымның кеңесi бекiтетiн деректер банкiне ену, оны пайдалану, деректер банкi үшiн ақпарат жеткiзушiлермен жұмыс iстеу және ақпаратты қорғау тәртiбi туралы нұсқаулықтар әзiрлеудi және орындауды;
      ақпаратты қорғауды және деректер банкi аясында ақпарат алмасуды бақылауды жүзеге асырады.

  6-бап

      Деректер банкiн құрумен, оның жұмысын қамтамасыз етумен, оны дамытумен, сондай-ақ онда бар ақпараттарды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырумен байланысты шығыстар Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетiнен Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымның қызметiне бөлiнетiн қаражат есебiнен жүргiзiледi.

  7-бап

      Деректер банкi орыс және қытай тiлдерiнде түзiлуi мүмкiн.

  8-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмiмен осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын және осы Келiсiмнiң 10-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енетiн хаттамалар түрiнде ресiмделетiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.

  9-бап

      Осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдану кезiнде туындайтын даулы мәселелер мүдделi Тараптардың арасында консультациялар мен келiссөздер арқылы шешiледi.

  10-бап

      1. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және депозитарий Тараптардың осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы жазбаша нысандағы төртiншi хабарламаны алған күнiнен бастап 30-күнi күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiмнiң депозитарийi болып табылатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығы Тараптарға оның расталған көшiрмесiн жiбередi.
      3. Осы Келiсiм 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы  Шанхай конвенциясына  қатысушылар болып табылатын мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық. Қосылған мемлекет үшiн осы Келiсiм депозитарийдiң оның қосылғаны туралы құжатты алған күнiнен бастап 30-күнi күшiне енедi.
      4. Осы Келiсiм Тараптардың Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет болып табылатын кез келгенiне қатысты күшiнде қалады.
      2004 жылғы 17 маусымда Ташкент қаласында бiр түпнұсқа данада орыс және қытай тiлдерiнде жасалды, әрi екi тiлдегi мәтiннiң күшi бiрдей.

       Қазақстан Республикасы үшiн
      Қытай Халық Республикасы үшiн
      Қырғыз Республикасы үшiн
      Ресей Федерациясы үшiн
      Тәжiкстан Республикасы үшiн
      Өзбекстан Республикасы үшiн

       РҚАО-ның ескертуі. Бұдан әрі Келісімнің мәтіні қытай тілінде берілген (қағаздағы нұсқадан қараңыз).  

      Осы мәтiн 2004 жылғы 17 маусымда Ташкент қаласында орыс және қытай тiлдерiнде жасалған Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымының деректер банкi туралы келiсiмнiң орыс тiлiнен қазақ тiлiне аударылған аудармасы болып табылатынын куәландырамын.

       Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң
      Кадрлар департаменті 5-басқармасының бастығы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады