Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетiлдiру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 165 Заңы

       РҚАО-ның ескертуі: Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 108-баптың жетiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Сот сараптамасы органы сараптама жүргiзгенi үшiн төленуге тиiс сомаларды тиiстi өтiнiш жасаған тарап, не өзiне сот осындай мiндеттеме жүктеген тарап алдын ала төлеу нысанында тиiстi бюджетке енгiзедi.";

      2) 109-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "депозиттiк шоттан" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ашылған шоттан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 166 және 177-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "166-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн
                қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес
                төлемдердi толық және уақтылы төлемеу

      Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi толық және уақтылы төлемеу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      "177-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге
                түсiмдердi уақтылы, толық есепке жатқызбау және
                республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын,
                мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет
                кепiлгерлiктерiн, мемлекет активтерiн нысанасыз
                пайдалану

      1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Бюджет қаражатын алушылардың тиiстi банктердегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарына аударылатын қаражатты уақтылы және толық есепке жатқызбау, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiктерiн, мемлекет активтерiн нысанасыз пайдалану, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) мынадай мазмұндағы 177-1, 177-2, 177-3 және 177-4-баптармен толықтырылсын:

      "177-1-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттер
                  қаражатын, оның iшiнде нысаналы трансферттер мен
                  кредиттердi, сондай-ақ байланысты гранттарды,
                  мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет
                  активтерiн негiзсiз (құқыққа қайшы) пайдалану

      Республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын, оның iшiнде нысаналы трансферттер мен кредиттердi, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет активтерiн негiзсiз (құқыққа қайшы) пайдалану, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      177-2-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын,
                 байланысты гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген
                 қарыздарды, мемлекет активтерiн тиiмсiз пайдалану

      Республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын, оның iшiнде нысаналы трансферттер мен кредиттердi, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет активтерiн тиiмсiз пайдалану, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      177-3-бап. Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi жасау
                 мен табыс ету ережелерiн бұзу

      Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi жасау мен табыс ету ережелерiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      177-4-бап. Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер мен
                 мемлекет кепiлгерлiктерiн беру шарттары мен
                 рәсiмдерiн бұзу

      Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн беру шарттары мен рәсiмдерiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 571-баптың бiрiншi бөлiгi, екiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасы "177," деген цифрлардан кейiн "177-1, 177-2, 177-3, 177-4," деген цифрлармен толықтырылсын;

      4) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасының жиырма үшiншi, қырық үшiншi абзацтары "177," деген цифрлардан кейiн "177-1, 177-2, 177-3, 177-4," деген цифрлармен толықтырылсын.

      3. 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат):

      1) 2-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң мемлекеттiк мекемелерге қатысты ережелерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қолданылмайды.";

      2) 4-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) кепiлдiк берiлген трансферт - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетiн қайтарылмайтын түсiмдер;";
      14) тармақша "дамудың" деген сөзден кейiн "стратегиялық және" деген сөздермен толықтырылсын;
      16) тармақша алып тасталсын;
      17) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "17-1) индикаторлар - алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн бағдарламаны iске асыру нәтижелерiн көрсететiн сандық көрсеткiштер;
      17-2) шоғырландырылған бюджет - республикалық бюджеттен, облыс бюджетiнен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi шоттарына аударылатын, талдамалық ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтiлуге жатпайтын бюджет түсiмдерiнен құралған бюджет;";
      23) тармақша "(секторларының)" деген сөзден кейiн "стратегиялық және" деген сөздермен толықтырылсын;
      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "25) бюджет қаражатын алушылар - бюджет қаражатын пайдаланатын, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс бөлiгiнде жеке және заңды тұлғалар, шаруа (фермер) қожалықтары, үкiметтiк емес ұйымдар, сондай-ақ қаржылық қызметтер көрсететiн, оның iшiнде азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде, бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) iске асыру шеңберiнде қаржылық қызметтер көрсететiн тұлғалар;";
      26) тармақшадағы "аймақтың (аумақтың) әлеуметтiк-экономикалық дамыту" деген сөздер "өңiрдi (аумақты) әлеуметтiк-экономикалық дамытудың стратегиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) тармақша:
      "нақтыланған" деген сөзден кейiн "республикалық немесе жергiлiктi" деген сөздермен толықтырылсын;
      "ескере отырып" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламаларды қаржы жылы iшiнде бөлудi ескере отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
      29) тармақша алып тасталсын;
      36) тармақша "бюджеттердi" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 5-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Қазақстан Республикасының бюджет және салық заңнамалық актiлерi жобаларының ережелерi бюджеттiң түсiмдерiне, шығыстары мен құрылымына әсер еткен жағдайда, осы жобалармен бiр мезгiлде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы және жергiлiктi бюджет туралы маслихат шешiмдерiнiң жобасы немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңның жобасы және маслихат шешiмдерiнiң жобасы әзiрленедi.";

      4) 11-бапта:
      2-тармақтағы "шикiзат" деген сөз "мұнай" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы материалдық емес активтердi қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге де мүлiктiң жинақталуын және тәуекелдiң деңгейi бiрқалыпты болған кезде ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерiнiң кiрiстiлiгiн қамтамасыз етедi. Тұрақтандыру функциясы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерi өтiмдiлiгiнiң жеткiлiктi деңгейiн ұстап тұруға арналған.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын бiр бөлiгi кепiлдiк берiлген трансферттi қамтамасыз етуге қажеттi мөлшерде айқындалады.";

      5) 12-бапта:
      тақырыбындағы және мәтiндегi "Бюджеттiң", "бюджеттiң" деген сөздер тиiсiнше "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң", "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ "түсiмдер," деген сөзден кейiн "алынған трансферттер," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 13-бапта:
      тақырыбындағы "Бюджеттiң" деген сөз "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "Бюджеттiң" деген сөз "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшаның бесiншi абзацындағы "ресми" деген сөз алып тасталсын;

      7) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

      "13-1-бап. Шоғырландырылған бюджеттiң құрылымы

      Шоғырландырылған бюджеттiң құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
      1) республикалық бюджет;
      2) облыс бюджетi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi;
      3) осы Кодекстiң 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерi және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi шоттарына аударымдар.";

      8) 14-бапта:
      1-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақта:
      "бюджетке төленетiн мiндеттi, қайтарылмайтын төлемдер," деген сөздер "республикалық, жергiлiктi бюджеттерге төленетiн мiндеттi, қайтарылмайтын төлемдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ресми" деген сөз алып тасталсын;
      4-тармақтың 3) тармақшасындағы "жағдайларда жер учаскелерiн өзге құқықтық нысандарда" деген сөздер "тәртiппен өзге тәсiл арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5 және 7-тармақтардағы "Ресми трансферттер", "ресми трансферттердi" деген сөздер тиiсiнше "Трансферттер", "трансферттердi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды,
               көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша

      1. Бiлiм беру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында қызмет көрсететiн мемлекеттiк мекемелердiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақшаны қоспағанда, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша тиiстi бюджеттiң есебiне жатқызылуға тиiс.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде мемлекеттiк мекемелер ақылы негiзде жүзеге асыратын, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу жөнiндегi қызмет түрлерi көзделген болса, мұндай тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша мемлекеттiк мекеменiң иелiгiнде қалуы мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу жөнiндегi қызмет түрлерiн жүзеге асырғаны үшiн ақы жеке немесе заңды тұлғамен келiсiм бойынша, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен айқындалады.";

      10) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығындары

      1. Қайтарылмайтын негiзде бөлiнетiн бюджет қаражаты республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығындары болып табылады.
      2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығындары мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ететiн шығындар;
      2) тұрақты сипаты жоқ iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге байланысты шығындар;
      3) мемлекеттiк тапсырыс шығындары - бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) iске асыру шеңберiндегi азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде жеке, заңды тұлғалардан және шаруа (фермер) қожалықтарынан алынған тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттiк мекемелердiң ақы төлеуi;
      4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегi үшiн ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
      5) мемлекеттiң мiндеттемелерiн орындауға арналған шығындардың өзге де түрлерi.
      3. Бюджеттiк субсидиялар мемлекеттiк функцияларды орындаудың және республиканы немесе өңiрдi дамытудың әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн iске асырудың неғұрлым тиiмдi басқа тәсiлi болмаған кезде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда ғана жеке, заңды тұлғаларға және шаруа (фермер) қожалықтарына берiлуi мүмкiн. Субсидиялануға тиiс басым мемлекеттiк функциялар және республиканы немесе өңiрдi дамытудың әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн iске асыру жөнiндегi бағыттар орта мерзiмдi фискалдық саясатпен айқындалады.
      4. Трансферттердiң жалпылама сипаты да, нысаналы сипаты да болуы мүмкiн. Нысаналы сипаты бар трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.";

      11) 17-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi:
      1) төтенше резервтi;
      2) шұғыл шығындарға арналған резервтi;
      3) соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған резервтi;
      4) ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджеттерде, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнде қолма-қол ақшаның тапшылығы болжанған жағдайда, оны жабуға арналған резервтi қамтиды.";

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Облыстық деңгейдегi атқарушы органдардың резервi:
      1) төтенше резервтi:
      2) шұғыл шығындарға арналған резервтi;
      3) соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған резервтi;
      4) ағымдағы қаржы жылында аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiнде қолма-қол ақшаның тапшылығы болжанған жағдайда, оны жабуға арналған резервтi қамтиды.
      2-2. Аудандық деңгейдегi атқарушы органдардың резервi:
      1) төтенше резервтi;
      2) шұғыл шығындарға арналған резервтi;
      3) соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған резервтi қамтиды.";
      4-тармақтағы ", соттардың шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған резерв соттардың шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындауға пайдаланылады.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте олардың бюджеттерiне кредит беру үшiн резерв көзделедi.
      6. Ағымдағы қаржы жылында аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерiнде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте олардың бюджеттерiне кредит беру үшiн резерв көзделедi.";

      7-тармақтағы "Кассалық алшақтықты жабуға" деген сөздер "Ағымдағы жылы қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 18-бапта:
      4-тармақтың бiрiншi бөлiгi "бағдарламалары болған" деген сөздерден кейiн "және бюджет қаражатының бос қалдықтары осы Кодекстiң 91-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында айқындалған мақсаттарға пайдаланылған" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтағы "орта мерзiмдi фискалдық саясатпен" деген сөздер "әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 21, 23 және 24-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Бюджет тапшылығы (профицитi)

      1. Бекiтiлген, нақтыланған және түзетiлген республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң тапшылығы (профицитi) олардың борышының негiзгi сомасын өтеу сомасын шегерiп тастағандағы қарыз алу сомасына тең.
      Оң белгiмен алынған шама бекiтiлген, нақтыланған және түзетiлген республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң тапшылығы, терiс белгiмен алынған шама - профицитi болып табылады.
      2. Бекiтiлген, нақтыланған және түзетiлген республикалық бюджеттiң мұнайға қатысты емес тапшылығы (профицитi), Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмдерiнен басқа, республикалық бюджет шығыстарын шегерiп тастағандағы республикалық бюджет түсiмдерiнiң сомасына тең.
      3. Бес жылдық кезеңде республикалық бюджеттiң тапшылығы кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерiн алып тастап, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетiн жалпы түсiмдер ретiнде есептелетiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орташа жылдық өсiмiнен аспауға тиiс.";

      "23-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру
               көздерi

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерi:
      1) осы Кодекстiң 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерi;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер болып табылады.
      2. Мұнай секторы кәсiпорындарына шикi мұнайды және газ конденсатын өндiрумен және (немесе) өткiзумен айналысатын заңды тұлғалар жатады.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер, материалдық емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын шетелдiк қаржы құралдарына орналастырудан құралады.

      24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке тиiстi қаржы жылына арналған дамудың бюджеттiк бағдарламаларын (iшкi бағдарламаларын) iске асыруға арналған кепiлдiк берiлген трансферт түрiнде;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджеткe Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын мақсаттарға берiлетiн нысаналы трансферттер түрiнде;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит өткiзуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жеткiлiктi өтiмдiлiк деңгейiн ұстап тұруды;
      3) тәуекел деңгейi қалыпты болған жағдайда ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кiрiстiлiгiнiң жоғары деңгейiн;
      4) ұзақ мерзiмдi перспективада инвестициялық кiрiстер алуды қамтамасыз ету мақсатында, материалдық емес активтердi қоспағанда, рұқсат етiлген шетелдiк қаржы құралдарына орналастырылады.
      3. Материалдық емес активтердi қоспағанда, рұқсат етiлген шетелдiк қаржы құралдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге және мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету ретiнде пайдалануға болмайды.
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерi республикалық бюджеттi әзiрлейтiн жыл алдындағы қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерiнiң үштен бiр бөлiгiнен аспауға тиiс.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан үш жылдық кезеңге арналған кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi.
      6. Активтердi Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебiне жатқызу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетiн немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын активтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен айырбастауға немесе қайта айырбастауға жатады.";

      14) 25-баптың 1-тармағындағы және 2-тармағының 3) тармақшасындағы "қаржылық активтерге және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктерге", "рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктердiң" деген сөздер тиiсiнше ", материалдық емес активтердi қоспағанда, шетелдiк қаржы құралдарына", ", материалдық емес активтердi қоспағанда, рұқсат етiлген шетелдiк қаржы құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 26-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама шоғырландырылған бюджет үшiн бiрыңғай және мiндеттi әрi республиканың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарларының, республикалық бюджет пен жергiлiктi бюджеттердiң теңдестiрiлуiне қол жеткiзу мақсатында олардың көрсеткiштер жүйесiн үйлестiру құралдарының бiрi болып табылады.";

      16) 29-бапта:
      1-тармақтағы "республикада мемлекеттiк саясатты" деген сөздер "республиканың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Функционалдық топ елдiң стратегиялық даму басымдықтарына сай келетiн және әрқайсысының айқын мақсатын көрсететiн елдiң негiзгi даму бағыттарын көрсетедi.
      Функционалдық iшкi топ елдi дамытудың әрбiр стратегиялық басымдығы жөнiндегi мiндеттер топтарын функционалдық топ iшiнде нақтылайды.";

      17) 30-бапта:
      2-тармақта:
      "әкiмшiсi" деген сөзден кейiн ", егер ол бiр мезгiлде бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi әрi мемлекеттiк мекеме болып, тиiстi мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) iске асыруы және олардың бюджет қаражатын пайдалануы жөнiндегi жұмысын үйлестiрген жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын;
      "пайдаланылуына" деген сөз "iске асырылуына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Облыстық бюджеттiк бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдарын қоспағанда, мемлекеттiк органдардың құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бола алмайды.";

      18) 31-бап "мемлекеттiк органдар" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өздерiнiң функцияларына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 32-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдерiнiң және мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiктерi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өздерiнiң функцияларына сәйкес облыстық бюджеттiк бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.
      3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң және мәслихатының аппараттары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдiгi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өздерiнiң функцияларына сәйкес аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады.";

      20) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-бап. Бюджеттiк бағдарламалардың анықтамасы

      1. Бюджеттiк бағдарлама - мемлекеттiк басқару функцияларын, республиканы немесе өңiрдi дамытудың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен жоспарларын iске асыру үшiн қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етiлетiн мiндеттер.
      2. Бюджеттiк бағдарлама мемлекеттiк басқару функцияларын, республиканы немесе өңiрдi дамытудың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен жоспарларын iске асыру үшiн қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етiлетiн мiндеттердi бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде нақтылайтын iшкi бағдарламаларға бөлiнуi мүмкiн.
      3. Бюджеттiк бағдарламаның iске асырылу нәтижелерiн көрсететiн мақсаты, мiндеттерi және индикаторлары болуға тиiс.
      Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуге тиiс белгiлi бiр түпкi нәтиже болып табылады. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететiндей болуға тиiс.
      Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты жекелеген мiндеттерге бөлiнедi, олар бюджеттiк бағдарламаның мақсатына қол жеткiзудiң жолдары болып табылады.
      Индикаторлар мақсатқа сай және оңай есептелетiн болуға тиiс.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қабылданған мемлекеттiк функциялардың мақсаттарын, стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалар мен даму жоспарларының мiндеттерiн бейнелеуге тиiс.
      Бюджеттiк бағдарламаның мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасымен қабылданған, мемлекет көрсететiн тиiстi қызметтердi бейнелейтiн мемлекеттiк функцияларға, республиканың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарлары мiндеттерiнiң iс-шараларына сәйкес болуға тиiс.";

      21) 34-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар - нәтижелерi:
      1) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк басқару функциялары мен мемлекеттiң мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi тұрақты сипаты бар қызметiн қамтамасыз етуге;
      2) республиканың немесе өңiрдiң стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарларының мақсатына қол жеткiзуге, олардың нақты мiндеттерi мен iс-шараларын шешуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалар.
      Бюджеттiк даму бағдарламалары - нәтижелерi республиканың немесе өңiрдiң стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламаларының, даму жоспарларының мақсатына қол жеткiзу дәрежесiне және олардың мiндеттерi мен iс-шараларын шешуге тiкелей ықпал ететiн, экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiкке қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалар.";
      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен немесе жергiлiктi атқарушы органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-бап. Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау

      1. Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау оларды әзiрлеу, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi жоспарлау, оларды iске асыру, iске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сатыларында жүзеге асырылады.
      2. Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу сатысында бағалауды бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi бюджеттiк бағдарламаны қалыптастыру және жоспарлау сапасын айқындау арқылы жүзеге асырады.
      Бюджеттiк бағдарламаны қалыптастыру сапасын айқындау:
      1) мақсатты, мiндеттер мен iс-шараларды белгiлеудiң қазiргi бар проблемаларға сәйкес келуiн;
      2) бюджеттiк бағдарлама мақсатының, мiндеттерi мен iс-шараларының айқын және нақты жазылуын;
      3) қазiргi бар проблемаларды ықтимал баламалы шешу жолдарының болуын, оларды шешудiң ұсынылып отырған жолдарын таңдаудың дұрыстығы мен шешу жолдарының тиiмдiлiк өлшемдерiнiң айқындалуын;
      4) күтiлетiн нәтижелер мен индикаторлардың бюджеттiк бағдарламаның алға қойған мақсаттарына, мемлекет көрсететiн қызметтерді алушылардың мүдделерi мен сұраныстарына сәйкес келуiн;
      5) бюджеттiк бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiне және мемлекет көрсететiн қызметтердi алушылардың сұраныстарына стратегиялық мақсаттардың сәйкес келу тұрғысынан индикаторлардың дұрыс таңдалуын талдауды қамтиды.
      Бюджеттiк бағдарламаны жоспарлау сапасын айқындау:
      1) мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк бағдарламаның мақсаттарына қол жеткiзу және мiндеттерiн орындау үшiн ресурстарға қажеттiгiн;
      2) мемлекеттiк мекемелер қажеттiгiнiң құнын бюджеттiк бағдарламаның (iшкi бағдарламаның) заттай нормалар ескерiле отырып айқындалатын экономикалық құрылымы бойынша нормативтiк, сандық және құндық көрсеткiштерiне сәйкес жоспарлануын талдауды қамтиды.
      3. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бюджеттi жоспарлау сатысында бағалауды:
      1) болжанатын қаржы жылына арналған бюджеттiк бағдарлама бойынша паспорттардың жобалары, қаржыландыру жоспарларының жылдық сомалары, шығыстар есептерi;
      2) бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жүргiзген бюджеттiк бағдарламаның тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерi негiзiнде жүргiзедi. Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау:
      1) республиканың немесе өңiрдiң тиiстi болжанатын жылдарға арналып қабылданған стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламаларына және әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарларына;
      2) егер алдағы қаржы жылында осы бағдарламаны iске асыру көзделсе, бюджеттiк бағдарламалардың өткен және ағымдағы жылдарда iске асырылуын талдауға сәйкестiгi бойынша жүзеге асырылады.
      Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар тиiмдiлiктi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi жоспарлау сатысында бағалау нәтижелерi негiзiнде ағымдағы қаржы жылының 1 маусымына дейiнгi мерзiмде үш жылдық кезеңге арналған басым бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесiн жасайды.
      4. Тиiмдiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру сатысында бағалауды бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi, бюджеттiк жоспарлау  жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджеттiк бағдарламаны iске асыруды басқару сапасы мен оның нәтижелiлiгiн айқындау арқылы жүзеге асырады.
      Бюджеттiк бағдарламаны iске асыруды басқарудың сапасын айқындау:
      1) бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiнде бюджеттiк бағдарламаны iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiнiң болуын;
      2) бюджеттiк бағдарламаның тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзудiң уақтылылығын;
      3) бюджеттiк бағдарламаның паспортына сәйкес оның iс-шараларын iске асырудың уақтылылығын;
      4) бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламаны одан әрi iске асыру немесе оны iске асырудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдауының уақтылылығын;
      5) бюджеттiк бағдарламаның тиiмдiлiгiн арттыру және мақсаттарға, мiндеттер мен күтiлетiн нәтижелерге, индикаторларға қол жеткiзу жөнiндегi уақтылы iс-әрекеттердi;
      6) бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға қатысатын адамдардың есептiлiгiн талдауды қамтиды.
      Бюджеттiк бағдарламаларды iске асырудың нәтижелiлiгiн айқындау:
      1) алынған нәтижелер мен индикаторларға қол жеткiзу деңгейiн;
      2) алынған нәтижелердiң тиiстi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламаның өзiнiң мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес келуiн;
      3) алынған нәтижелердiң мемлекет көрсететiн қызметтердi алушылардың мүдделерi мен сұраныстарына сәйкес келуiн;
      4) бюджеттiк бағдарламаның нәтижелерiне қойылатын жоғарыда тiзiп көрсетiлген талаптарды растайтын құжаттардың болуын талдауды қамтиды.
      Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiне оларды iске асыру сатысында бағалау жүргiзу кезiнде мемлекет көрсететiн қызметтердiң сапасы туралы олардың алушыларына сауал жүргiзу негiзiнде алынған үкiметтiк емес ұйымдардың (қоғамдық бiрлестiктердiң) ақпараты пайдаланылуы мүмкiн.
      5. Бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын сыртқы бақылау кезiнде бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу тәртiбiн Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi айқындайды.
      6. Бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын iшкi бақылау кезiнде бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.";

      23) 38-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Бюджет процесiндегi республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасындағы және республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.";
      5-тармақтағы "бюджеттер деңгейлерi" деген сөздер "республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Жоғары тұрған органдардың жалпы сипаттағы трансферттердiң үш жылдық көлемiнiң қолданылу кезеңiнде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кiрiстердiң азаюына әкеп соқтыратын нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауынан туындайтын төмен тұрған бюджеттердiң ысырабын өтеу мiндеттi түрде жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргiзiледi.";

      24) 39-бапта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) республикалық бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң республикалық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер мен кредиттер есебiнен қаржыландырылатын облыстық бюджеттiк бағдарламалардың күтiлетiн нәтижелерi мен индикаторларына қол жеткiзу үшiн жауаптылығы;";
      мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының республикалық бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттердiң тиiмдi әрi нысаналы пайдаланылуы үшiн жауаптылығы;
      9) облыстық бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң облыстық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер мен кредиттер есебiнен қаржыландырылатын аудандық бюджеттiк бағдарламалардың күтiлетiн нәтижелерi мен индикаторларына қол жеткiзу үшiн жауаптылығы;
      10) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының облыстық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер мен кредиттердiң тиiмдi әрi нысаналы пайдаланылуы үшiн жауаптылығы.";

      25) 40-бапта:
      1-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "ресми" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақтағы "Ресми трансферттер" деген сөздер "трансферттер" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      екiншi бөлiкте:
      "трансферттер мен кредиттердiң" деген сөздер "трансферттердiң" деген сөзбен, "трансферттер мен кредиттердi" деген сөздер "трансферттердi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "он күн" деген сөздер "бiр ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "аяқталғаннан кейiн" деген сөздерден кейiн "бюджет қаражатының бос қалдықтары есебiнен" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Нысаналы трансферттердiң қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында қайтаруға жол берiледi. Мұндай сомаларды қайтару қаржы жылының қорытындылары бойынша төленбеген мiндеттеме болып танылады.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепiлдiк берiлген трансферт сомасын Республикалық бюджет комиссиясының шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен олардың ағымдағы қаржы жылының басындағы толық пайдаланылмаған сомасынан аспайтын көлемде алдыңғы жылғы республикалық бюджеттiк даму бағдарламаларын қаржыландыру үшiн ағымдағы қаржы жылында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң пайдалануға құқығы бар.";

      26) 41 және 42-баптардың тақырыбындағы және мәтiнiндегi "ресми" деген сөздер алып тасталсын;

      27) 43-бапта:
      1-тармақтағы "ресми" деген сөз алып тасталсын;
      2-тармақ алып тасталсын;

      28) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-бап. Дамуға арналған нысаналы трансферттер

      Жоғары тұрған бюджеттер:
      1) мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламалар немесе өңiрлiк бағдарламалар негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар ұсынатын жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру;
      2) республиканың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарларының жоғары тұрған мемлекеттiк басқару органдарының құзыретiне жататын, экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiкке қол жеткiзуге бағытталған iс-шараларын төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарының орындауы үшiн республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген сомалар шегiнде төмен тұрған бюджеттерге беретiн трансферттер дамуға арналған нысаналы трансферттер болып табылады.";

      29) 45-баптың 1-тармағындағы "кассалық алшақтықты жабуға" деген сөздер "қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"7-тарау. Бюджетке түсетiн түсiмдердi республикалық, облыстық
бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлу";

      31) 46-бапта:
      1-тармақта:
      1) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мұнай секторы кәсiпорындарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, корпорациялық табыс салығы;";
      "5) мұнай секторы кәсiпорындарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, үстеме пайдаға салынатын салық;";
      6) тармақша алып тасталсын;
      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) мұнай секторы кәсiпорындарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, бонустар;
      8) мұнай секторы кәсiпорындарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, роялти;";
      9) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздердiң алдынан "мұнай секторы кәсiпорындарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы және 1) тармақшадағы "ресми" деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақшадағы "нысаналы" деген сөз алып тасталсын;

      32) 47-баптың 4-тармағындағы "ресми" деген сөздер алып тасталсын;

      33) 48-бапта:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетiн түсiмдер;";
      4-тармақтағы "ресми" деген сөздер алып тасталсын;

      34) 49-бапта:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн қоспағанда, жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;";
      4-тармақтағы "ресми" деген сөздер алып тасталсын;

      35) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:

      "49-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
                 жiберiлетiн бюджет түсiмдерi

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерi:
      1) мұнай секторы кәсiпорындарынан алынатын тiкелей салықтардан (жергiлiктi бюджеттердiң есебiне жатқызылатын салықтарды қоспағанда) құралады, оларға:
      корпорациялық табыс салығы, үстеме пайдаға салынатын салық;
      роялти, бонустар, өнiмдi бөлу бойынша үлес;
      экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы жатады;
      2) республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдерден;
      3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдерден тұрады.";

      36) 50-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай мазмұндағы жиырмасыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу;";
      12) тармақшада:
      екiншi абзацтағы "ресми" деген сөз алып тасталсын;
      үшiншi абзац алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
      "мемлекеттiң кепiлгерлiгi бойынша мiндеттемелердi орындау.";

      37) 51-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы "ресми" деген сөздер алып тасталсын;

      38) 52-баптың 1-тармағының 12) тармақшасында:
      екiншi абзацтағы "ресми" деген сөз алып тасталсын;
      төртiншi абзац алып тасталсын;

      39) 53-бапта:
      1-тармақтың 9) тармақшасында:
      екiншi абзац алып тасталсын;
      үшiншi абзацтағы "ресми" деген сөз алып тасталсын;
      4-тармақта:
      4) тармақшадағы "ұйымдарының қызметiн қамтамасыз ету" деген сөздер "ұйымдарын қолдау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) жергiлiктi деңгейдегi мәдени-демалыс жұмысын қолдау;";

      40) 55-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу, iске асыру және олардың тиiмдiлiгiн бағалау тәртiбiн айқындайды;";

      41) 58-бапта:
      7) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) салалық (секторлық), өңiрлiк және бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеу, iске асыру және олардың тиiмдiлiгiн бағалау тәртiбiн айқындайды;";
      9) тармақша "бюджеттiк" деген сөздiң алдынан "жергiлiктi" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1) және 14-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12-1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекет кепiлгерлiгiн беру тәртiбiн, мемлекет кепiлгерлiгi аясында тартылатын қарыздарды алу, пайдалану, өтеу, оларды тiркеу мен есепке алу, мемлекет кепiлгерлiгi бойынша борыштың мониторингi мен оны басқару тәртiбiн айқындайды;";
      "14-1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алынатын субсидияларды төлеу тәртiбiн айқындайды;";
      16) тармақшадағы "рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге мүлiктiң" деген сөздер ", материалдық емес активтердi қоспағанда, рұқсат етiлген шетелдiк қаржы құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) тармақшадағы "ресми" деген сөз алып тасталсын;
      23) тармақша алып тасталсын;
      26) тармақшадағы "және жергiлiктi атқарушы органдардың штат саны лимитiн" деген сөздер ", жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерi мен нормативтерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      42) 59-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) басым бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) бөлiп көрсете отырып, мемлекеттiк функцияларға, мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларға, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың ақысы төленбеген мiндеттемелерiне сәйкес алдағы қаржы жылы iске асырылатын бюджеттiк бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) тiзбесiнiң жобасын қалыптастырады;";
      "7-1) мұнай секторы кәсiпорындарының тiзбесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi;";
      10) тармақшадағы "бюджеттiк бағдарламалардың" деген сөздер "бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) тармақша "борышты" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ мемлекет кепiлгерлiгі жөнiндегi борышты" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдар аппараттарының штат кестелерiн әзiрлеу жөнiндегi әдiснамалық басшылықты талдап-жасайды;
      12-2) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi әдiснамалық басшылықты жүзеге асырады;";

      43) 60-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) экономикалық жоспарлау жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстарды талдап-жасайды;
      1-2) республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу мен iске асыру әдiстемесiн айқындайды;";

      44) 61-бапта:
      10) тармақшадағы "банктiк шоттардан" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның банктiк шоттарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) тармақша "кепiлдiктерi" деген сөзден кейiн "және мемлекет кепiлгерлiктерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      18) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 22-1) және 22-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "22-1) түсiмдер сомаларын кейiннен қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарының есебiне жатқыза отырып, осы Кодекске сәйкес оларды республикалық, жергiлiктi бюджеттер мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының арасында бөлудi жүзеге асырады;
      22-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерi сомаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi шоттарына аударуды жүзеге асырады;";

      45) 64-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "64-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана
               әкiмдiгiнiң құзыретi

      Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiгi:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органының жұмысын үйлестiредi;
      2) тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын тиiстi мәслихатқа табыс етедi;
      3) облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа табыс етедi;
      4) облыстық мәслихаттың және республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиiстi қаржы жылына арналған тиiстi жергiлiктi бюджеттер туралы шешiмдерiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының орта мерзiмдi фискалдық саясатын бекiтедi;
      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық, бюджеттiк жоспарлау, бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарын құрады;
      7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;
      8) осы Кодексте көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын және республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы жоспарларын бекiтедi;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.";

      46) мынадай мазмұндағы 64-1, 64-2, 64-3 және 64-4-баптармен толықтырылсын:

      "64-1-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң құзыретi

      Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi:
      1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуын қамтамасыз етедi және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарының жұмысын үйлестiредi;
      2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа табыс етедi;
      3) аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының тиiстi қаржы жылына арналған тиiстi бюджеттер туралы шешiмдерiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
      4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының орта мерзiмдi фискалдық саясатын бекiтедi;
      5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық, бюджеттiк жоспарлау, бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарын құрады;
      6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;
      7) осы Кодексте көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған қаржы жоспарын бекiтедi.

      64-2-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
                астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
                бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi
                органының құзыретi

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының тиiстi қаржы жылына арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатының жобасын әзiрлейдi;
      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылына арналған бюджетiн бекiту туралы тиiстi мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi және оны облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi аппаратының қарауына табыс етедi;
      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылына арналған бюджетiн бекiту туралы тиiстi мәслихат шешiмiн iске асыру туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi;
      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылына арналған бюджетiн қаржыландырудың жылдық жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi;
      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылына арналған бюджетiн нақтылау, түзету жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттiк бағдарламаларының тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырады.

      64-3-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
                астананың бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi
                уәкiлеттi органдарының құзыретi

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы:
      1) облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдардың жұмысын үйлестiредi;
      3) облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне түсетiн түсiмдердi болжауға қатысады;
      4) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi түсiмдерiнiң және оларды қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерiстердi әзiрлейдi, бекiтедi және енгiзедi;
      5) облыстық бюджеттiк бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерiне мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес рұқсаттар бередi;
      6) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге олардың мiндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес рұқсаттар бередi;
      7) облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң қаражаты есебiнен ұсынылған бюджеттiк кредиттердi берудi, оларға қызмет көрсетiлуiн жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингiн және қайтарылуын қамтамасыз етедi;
      8) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi атқарылуының мониторингiн жүзеге асырады;
      9) облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы жөнiндегi ұсыныстарды талдап-жасайды;
      10) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi жалпы қорытындыны дайындайды.

      64-4-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi
                атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарының
                құзыретi

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы:
      1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiне түсетiн түсiмдердi болжауға қатысады;
      3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi түсiмдерiнiң және оларды қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерiстердi әзiрлейдi, бекiтедi және енгiзедi;
      4) аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес рұқсаттар бередi;
      5) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге олардың мiндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес рұқсаттар бередi;
      6) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң қаражаты есебiнен ұсынылған бюджеттiк кредиттердi берудi, оларға қызмет көрсетiлуiн жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингiн және қайтарылуын қамтамасыз етедi;
      7) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi атқарылуының мониторингiн жүзеге асырады;
      8) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiн атқару жөнiндегi ұсыныстарды талдап-жасайды;
      9) өткен қаржы жылында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы жөнiнде есептiлiк жасайды.";

      47) 66-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылында қаржыландыру үшiн бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесiн айқындау, мемлекеттiк емес секторға берiлетiн функцияларды, бағдарламалардың және бюджеттiк бағдарламалар паспорттары жобаларының тиiмдiлiгiн бағалауды ескере отырып, орта мерзiмдi фискалдық саясатты, мемлекеттiк функцияларды талдау нәтижелерiн негiзге ала отырып, оларды iске асыру тетiктерiн айқындау жөнiнде ұсыныстарды талдап-жасау;";

      48) 68-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерiн жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған республикалық және жергiлiктi бюджет түсiмдерiнiң көлемiн және стратегиялық мiндеттердi, басымдықты ескере отырып әрi мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiне сәйкес олардың пайдаланылу бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу процесi болып табылады.";

      49) 69-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) сабақтастық принципi - республикалық және жергiлiктi бюджеттердi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерiн өткен және ағымдағы қаржы жылдары бағдарламаларының iске асырылуы мен бюджетi атқарылуының тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн ескерiп, республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының, өткен кезеңде негiзге алынған орта мерзiмдi фискалдық саясаттың бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;";
      2) тармақшада:
      "бюджеттi" деген сөз "республикалық және жергiлiктi бюджеттердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "арналған" деген сөзден кейiн "стратегиялық және" деген сөздермен толықтырылсын;
      "алдағы" деген сөздiң алдынан "республиканың немесе өңiрдiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы "негiздiлiгi бюджеттi жоспарлаудың негiзгi принциптерi болып табылады." деген сөздер "негiздiлiгi;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) шығыстардың мұнайдан түсетiн түсiмдерге тәуелдiлiгiн азайту принципi - мұнайға қатысты емес секторды нысаналы дамыту есебiнен мұнайға қатысты емес тапшылықтың мөлшерiн азайту бюджеттi жоспарлаудың негiзгi принциптерi болып табылады.";

      50) 70-бапта:
      1-тармақта:
      үшiншi абзац алып тасталсын;
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "республиканың немесе өңiрдiң стратегиялық, әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi кезеңiне арналып белгiленген басымдықтарын ескере отырып, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;";
      бесiншi абзац алып тасталсын;
      2-тармақта:
      "аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары" деген сөздер "өңiрдiң стратегиялық және орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мен бағалау" деген сөздер "және бағдарламаларды бағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "түзетiлiп" деген сөзден кейiн ", бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру бағалана отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Егер бюджеттi әзiрлеу немесе нақтылау кезiнде орта мерзiмдi фискалдық саясаттың негiзгi бағыттары түзетiлетiн болса, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуі мүмкiн.";
      3-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "1 маусымына" деген сөздер "1 қыркүйегiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiкте:
      "Жергiлiктi атқарушы органның", "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер тиiсiнше "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (республикалық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының", "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (республикалық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "1 шiлдесiне" деген сөздер "1 қазанына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      51) 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "73-бап. Шығыстар лимиттерiн және басым бюджеттiк
               бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) тiзбесiн айқындау

      1. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар орта мерзiмдi фискалдық саясат негiзiнде:
      1) ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн бюджет шығыстарының лимиттерiн;
      2) басым бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастырады.
      Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыру бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Бұл ретте басым бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген нысанда өткен жылғы есептiк деректер мен ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткiштер көрсетiлетiн бюджеттiк бағдарламалардан қалыптастырылады.
      Жоспарланатын кезеңнiң бiрiншi жылында iске асырылуы басталатын, басым бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесiне енгiзiлетiн бюджеттiк бағдарламалар сонымен қатар мынадай талаптарға сай болуға тиiс:
      1) мемлекеттiк функцияларға сәйкес келу;
      2) мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламаларға сәйкес келу;
      3) орта мерзiмдi фискалдық саясаттың негiзгi бағыттарына сәйкес келу;
      4) бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) үшiн техникалық-экономикалық негiздеменiң экономикалық сараптамасының оң қорытындысы болуы.
      2. Бюджет шығыстарының лимиттерiн бюджет комиссиясы қарайды және мақұлдайды.
      3. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар басым бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесi мен республикалық және жергiлiктi бюджеттер шығыстарының лимиттерiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткiзедi.";

      52) 74-бапта:
      2-тармақта:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және уәкiлеттi органдар жеткiзген басым бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесi;";
      мынадай мазмұндағы жетiншi және сегiзiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "бюджеттiк бағдарламалар паспорттарының жобасы;
      бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi жүргiзген, жоспарланатын қаржы жылына ауысатын бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерi негiзiнде жасалады;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы Кодексте көзделген бюджеттi нақтылау жағдайларын қоспағанда, бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жыл сайын тек қана бiр бюджеттiк өтiнiм жасайды.
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi:
      1) бюджет шығыстарының жеткiзiлген лимиттерi шеңберiнде бюджеттiк бағдарлама паспорты жобасының мақсаттарын, мiндеттерiн, iс-шараларын, күтiлетiн нәтижелерiн, индикаторларын нақтылайды;
      2) бюджет шығыстарының жеткiзiлген лимиттерi шеңберiнде алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткiштердi көрсете отырып, олар бойынша шығыстар сомасын айқындайды.";

      4-тармақта:
      1), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) басым бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесiн;";
      "3) бюджеттiк бағдарламаны iске асыру кезеңiне қарай, үш жылдық кезеңге арналған нақтыланған мақсаттары, мiндеттерi, iс-шаралары, орындалу мерзiмi, күтiлетiн нәтижелерi, индикаторлары бар бюджеттiк бағдарлама паспортының жобасын;
      4) бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жүргiзген, жоспарланатын қаржы жылына ауыстырылатын бюджеттiк бағдарламаның тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;";
      5) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi алдағы қаржы жылына арналған бюджеттiк өтiнiмдi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ағымдағы қаржы жылының 1 маусымына дейiн табыс етедi.";
      5-тармақ алып тасталсын;

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бюджеттiк бағдарлама паспортының жобасы бюджеттiк бағдарламаның мақсаттарын, нормативтiк-құқықтық негiзiн, мiндеттерiн, iс-шараларын, жауапты орындаушыларын, орындалу мерзiмдерiн, ұлттық валютамен көрсетiлген құнын, қаржыландыру көздерiн, күтiлетiн нәтижелердi, индикаторларды айқындайтын құжат болып табылады.
      8. Субсидиялауға жiберiлетiн шығындарды қоспағанда, бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама) бойынша шығыстардың есебi бюджеттiк бағдарламалардың нормативтiк, сандық, құндық көрсеткiштерi және бекiтiлген заттай нормалар негiзiнде жүзеге асырылады.
      Бюджеттiк субсидиялардың мөлшерi жеке, заңды тұлғалар және шаруа (фермер) қожалықтары өз қаражаты есебiнен жабатын құнды алып тастағанда, жеке, заңды тұлғалардың және шаруа (фермер) қожалықтары қызметiнiң құнын жабуға бағытталатын сома ретiнде айқындалды.
      Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмнiң есептеулер негiзiнде жасалуына және олардың дұрыстығына жауапты болады.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдi шығыстар лимитi шегiнде енгiзуге мiндеттi.
      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламаларының (iшкi бағдарламаларының) жалпы құны шығыстар лимиттерiнен асып түскен жағдайда, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бюджеттiк өтiнiмнiң құрамында:
      бекiтiлген мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламаларды, соның iшiнде олардың iс-шаралар жоспарларын;
      заттай нормаларды;
      бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) сандық және құндық көрсеткiштерiн өзгерту жөнiнде негiзделген ұсыныстарды табыс етедi.";

      53) 75-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджеттiк өтiнiмдердi қарап, оларға осы Кодекстiң 35-бабының 3-тармағына сәйкес бағалау жүргiзедi және солар бойынша тиiстi қорытынды дайындайды.
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдi қағазға түсiрiп және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның ақпараттық жүйесiн пайдалану арқылы электрондық құжат түрiнде енгiзуге мiндеттi.
      Бюджеттiк өтiнiм Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының оны жасау және табыс ету жөнiндегi талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджеттiк өтiнiмдi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне қайтарады.
      Бюджеттiк өтiнiм бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның ақпараттық жүйесiнде болмаған және қағазға түсiрiп берiлген бюджеттiк өтiнiммен сәйкес келмеген жағдайда, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган оны қарамастан бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне қайтарады.";

      54) 76-бапта:
      3-тармақта:
      2) тармақшада:
      ", айлық есептiк көрсеткiштiң ең төменгi мөлшерi" деген сөздер "ең төменгi мөлшерi, ең төменгi күнкөрiс деңгейi және мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) мемлекет кепiлгерлiгiн беру лимитi;";
      4-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерiнiң көлемi;
      3) тiкелей салықтары (жергiлiктi бюджеттердiң есебiне жатқызылатын салықтарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының есебiне жатқызылатын шикi мұнай және газ конденсатын өндiрумен және (немесе) өткiзумен айналысатын мұнай секторы кәсiпорындарының тiзбесi;";

      55) 79-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) шоғырландырылған бюджеттi;";

      56) 86-бапта:
      3-тармақтағы "Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттiң" деген сөздер "Бюджеттiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы "атқарылуына қызмет көрсетудi" деген сөздер "атқарылуы бойынша рәсiмдердi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      57) 87-бапта:
      1-тармақтағы "ic-шараларға" деген сөздер "iс-шаралардың өткiзiлуiне, күтiлетiн нәтижелер мен индикаторларға қол жеткiзуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Уақтылылық принципi - түсiмдердi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiне жатқызу және бюджет қаражатын жеке қаржыландыру жоспарларына, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес пайдалану және бюджетке түсiмдердi, сондай-ақ бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған мерзiмде және тәртiппен оларды алушылар шоттарының есебiне жатқызу.";
      "4. Кассаның бiрыңғайлық принципi - барлық бюджет түсiмдерiн бiрыңғай қазынашылық шот есебiне жатқызу және барлық көзделген шығыстарды бiрыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыру.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарынан шетелдiк валютаның түрлерi бойынша бюджетке түсетiн түсiмдер бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне қайта айырбастауға өтiнiм берген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей қайта айырбасталуға және бiрыңғай қазынашылық шот есебiне жатқызылуға тиiс.
      Бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi бюджеттерi кассаның бiрыңғайлығы принципi негiзiнде атқарылады.";

      58) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "88-бап. Бiрыңғай қазынашылық шот

      1. Бiрыңғай қазынашылық шот - аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебiн кассаның бiрыңғайлығы принциптерiнде жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде ашылатын шот.
      2. Бiрыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, мемлекеттiк мекемелердiң шоттарындағы қаражат қалдықтарын қамтиды.
      Қолма-қол ақшаның бақылау шоттары мынадай:
      1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдер мен республикалық және жергiлiктi бюджеттерден жүргiзiлген төлемдер;
      2) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн түсiмдер мен олар бойынша жүргiзiлген төлемдер;
      3) осы Кодекстiң 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет түсiмдерi және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi шоттарына жүргiзiлген аударымдар;
      4) мемлекеттiк мекемелерге демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдер және олардың есебiнен жүргiзiлген төлемдер;
      5) жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттiк мекемеге алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бiр мерзiмнен кейiн толық немесе бөлiп-бөлiп, алдын ала келiсiлген үстемесiмен не онсыз, тiкелей жеке немесе заңды тұлға қайтаруға не тиiстi республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерге берiлуге тиiс болу-болмауына қарамастан, оларды номиналды түрiнде қайтару талаптарымен беретiн ақша бойынша операцияларын бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға және мемлекеттiк мекемелердiң кодтарына сәйкес есепке алуға арналады.
      Сайлауларды қаржыландыруға арналған шоттар - жергiлiктi бюджеттердiң қолма-қол ақшасының бақылау шотынан ерекшеленетiн және Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламентiнiң, мәслихаттардың депутаттарын, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаған кезде сайлау iс-шараларын өткiзу үшiн шығыстар бойынша операцияларды есепке алуға арналған жергiлiктi атқарушы органның қолма-қол ақшасының бақылау шоты.
      Сайлауларды қаржыландыруға арналған шоттарға республикалық бюджеттен қаражат аударуды Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
      Сайлауларды қаржыландыруға арналған шоттардағы қаражатты жұмсауға аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының ғана құқығы бар.
      Мемлекеттiк мекеменiң шоттары бюджеттiк шығыстарды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде рұқсат етiлген өзге де қаражатты есепке алуға арналған.
      3. Шетел валютасымен түсетiн түсiмдер бойынша бюджеттiк операцияларды жүзеге асыру және олардың есебiн жүргiзу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде шетел валюталарының түрлерi бойынша банк шотын ашады.
      4. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражатын банк шоттарында орналастыруға жол берiлмейдi.";

      59) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "89-бап. Бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды)
               iске асыруды қаржыландыру

      1. Мемлекеттiк органдардың бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) iске асыруы республикалық немесе жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
      2. Iшкi iстер органдарының бюджеттiк бағдарламаларын (iшкi бағдарламаларын) қоспағанда, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) iске асыруды республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
      Iшкi iстер органдарының бюджеттiк бағдарламаларын (iшкi бағдарламаларын) қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) iске асыруды жергiлiктi бюджеттен қаржыландыруға жол берiлмейдi.
      Бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) iске асыруды екi және одан көп жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыруға жол берiлмейдi.";

      60) 90-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) бюджеттiк шот - бiрыңғай бюджеттiк сыныптама кодтары мен мемлекеттiк мекемелер кодтарын құрамдастыру, олар бойынша бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын шығыстар бойынша операцияларды есепке алу жүзеге асырылады;";
      2), 3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
      6) тармақша "үшiн" деген сөзден кейiн "екiншi деңгейдегi банктерде" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) тармақшадағы "бюджеттi атқару жөнiндегi орталық атқарушы органға" деген сөздер "екiншi деңгейдегi банктерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      61) 91-бапта:
      3-тармақтағы "салымдарға (депозиттерге)" деген сөздер "депозиттерге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) бюджеттiк кредиттердi және пайдаланылмаған нысаналы трансферттердiң сомаларын оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы жылдың бюджетiн түзету арқылы мiндеттi түрде қайтаруға;";
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) өткен жылғы бюджетте бекiтiлген бюджеттiк инвестициялық жобаны оның бекiтiлген жылдық көлемiнiң он процентiнен аспайтын сомаға ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтыламай-ақ, ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi түзету арқылы қаржыландыруды аяқтауға жұмсалуы мүмкiн. Мұндай шығыстар ағымдағы жылдың шығыстары болып табылады;";
      2) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулысы негiзiнде" деген сөздер "республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi түзету арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      62) 92-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) жеке қаржыландыру жоспарлары;";

      63) 93-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы "толық" деген сөз "жалпы сомада" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Республикалық бюджет нақтыланған жағдайда Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру жөнiндегi қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңға Қазақстан Республикасының Президентi қол қойған күннен бастап он күн iшiнде бекiтiледi.
      Жергiлiктi бюджет нақтыланған жағдайда мәслихаттың тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмiн iске асыру жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органның қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысы мәслихаттың тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттың шешiмi бекiтiлгеннен кейiн екi апта мерзiмде бекiтiледi.";

      64) 94-бапта:
      2-тармақ "және бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн негiз болып табылады" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi бюджеттiк бағдарлама паспортын жасаудың дұрыстығы үшiн жауапты болады.";

      3-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) мемлекеттiк функциялар мемлекеттiк басқарудың бiр деңгейiнен екiншiсiне, бiр мемлекеттiк органнан екiншiсiне немесе мемлекеттiк емес секторға берiлген;";
      2) тармақша "Қазақстан Республикасы" деген сөздердiң алдынан "мақсаттар, мiндеттер, iс-шаралар, жауапты орындаушылар, iске асыру мерзiмдерi, күтiлетiн нәтижелер мен индикаторлар өзгерген жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы "қажет болған жағдайларда енгiзiледi." деген сөздер "қажет болған;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) осы Кодекстiң 108-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда енгiзiледi.";

      65) 96-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "бюджет деңгейлерi" деген сөздер "республикалық, жергiлiктi бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры" деген сөздермен ауыстырылсын;

      66) 98-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "98-бап. Түсiмдердi республикалық, жергiлiктi бюджеттер мен
               Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлу

      Түсiмдердi республикалық, жергiлiктi бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлудi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әрбiр жұмыс күнi осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.";

      67) 100-бапта:
      1-тармақтағы "бюджеттiк бағдарламаларды тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде не түзетiлген бюджетте бекiтiлген сомалар шегiнде толық және уақтылы орындауға" деген сөздер "бюджеттiк бағдарламалар мақсатына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде не түзетiлген бюджетте бекiтiлген сомалар шегiнде уақтылы қол жеткiзуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мiндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын, бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын жасау және бекiту;";
      5) тармақшадағы "асыру;" деген сөз "асыру бюджет шығыстарын атқарудың негiзгi кезеңдерi болып табылады." деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақша алып тасталсын;

      68) 101-бапта:
      2-тармақ "әкiмшiлерi" деген сөзден кейiн "жеке қаржыландыру жоспарларын ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Жеке қаржыландыру жоспарларын мемлекеттiк мекемелер әзiрлейдi және оларды бекiтiп, бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын әзiрлеу үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бередi.";

      6-тармақтағы "түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары" деген сөздер "түсiмдердiң жиынтық жоспары мен жеке қаржыландыру жоспарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жеке қаржыландыру жоспарларын бекiтудi қамтамасыз етедi.
      Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес мiндеттемелер бойынша, ал бюджеттiк бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) тұрғысынан айларға бөлiнген төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.";

      8-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл ретте:
      1) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi:
      бюджеттiк бағдарламаның паспортына сәйкес келу;
      бюджеттiк бағдарламаның паспортында көзделген iс-шаралардың уақтылы әрi сапалы орындалуын және бюджет қаражатын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттiк мекемелер:
      мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес қабылдайтын мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету;
      жеке қаржыландыру жоспарларының бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына сәйкес келу талаптарын сақтауға тиiс.";

      69) 102-бапта:
      1-тармақтағы "(iшкi бағдарламаларды)" деген сөздерден кейiн "жоғары тұрған бюджеттен алынған, пайдаланылмаған нысаналы трансферттер шегерiлiп тасталған бюджет қаражатының бос қалдықтарын ескере отырып, бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама) деңгейiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:
      "Түсiмдер мен" деген сөздер "Түсiмдердiң және төлемдер бойынша" деген сөздермен, "(iшкi бағдарламаларды)" деген сөздер "(iшкi бағдарламаларды) төлемдер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "сәйкес" деген сөзден кейiн "мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер қабылдауы мен" деген сөздермен толықтырылсын;

      70) 103-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарларына және мiндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес рұқсаттар бередi.";

      71) 104-бапта:
      1-тармақтағы "қаржыландыру жоспарларында бекiтiлген сомалар" деген сөздер "жеке қаржыландыру жоспарларында бекiтiлген сомаларға сәйкес берiлген сомалар, рұқсаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерi олар бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда мiндеттi тiркелуден өткеннен кейiн күшiне енедi.
      Мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеудi жүзеге асыру кезiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган олардың берiлген рұқсаттар сомаларына сәйкестiгiн тексередi.
      Iске асырылу мерзiмi бiр жылдан асатын бюджеттiк даму бағдарламаларына байланысты азаматтық-құқықтық мәмiлелер тиiстi қаржы жылына арналған мiндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында бекiтiлген сомалар шегiнде бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде тiркелуi мүмкiн.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның және мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысының қолы және елтаңбалы мөрiнiң таңбасы бар мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн (мiндеттемелерiн) тiркеу туралы хабарлама бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң (мiндеттемелердiң) тiркелгенiн растайтын құжат болып табылады.
      Хабарламаның нысанын, оны ресiмдеу, ұсыну тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.";

      3-тармақтағы "мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасуына" деген сөздер "мемлекеттiк мекемелер жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      72) 105-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Растайтын құжаттар - бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының, тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiленiң шарттарына немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сай келетiн тауарлар беру, жұмыстар орындау немесе қызметтер көрсету жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң қолы қойылған және олардың мөрiмен расталған мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн (мiндеттемелерiн) тiркеу туралы хабарламалар және төлеуге берiлетiн шоттар.
      Жеке және заңды тұлғалар бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiлелерге сәйкес шығарған тауарларды жеткiзудi, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетiлген қызметтерді paстайтын дұрыстығы үшiн мемлекеттiк мекеме жауапты болады.
      3. Төлеуге берiлетiн шот - мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелердi орындағанын растайтын құжат, ол бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган үшiн бюджет қаражатын алушының пайдасына төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруға негiз болып табылады.
      Бюджеттен төленетiн төлемдер мен аударымдар оларды жүргiзу кезiнде тиiстi бюджеттегi қолма-қол ақшаның бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығы шегiнде жүзеге асырылады.
      Төлеуге берiлетiн шоттардың нысанын, оларды ресiмдеу, ұсыну, пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Төлем құжаттарын ресiмдеу, ұсыну және пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заңнамасында белгiленедi.";

      4-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) экономикалық сыныптама жөнiндегi мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарлары мен жеке қаржыландыру жоспарларына және бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама) деңгейiндегi төлемдер және мемлекеттiк мекемелердiң тiркелген мiндеттемелерiнiң сомалары бойынша қаржыландыру жоспарлары мен жеке қаржыландыру жоспарларына;";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бюджет қаражатын алушы тарапынан мiндеттемелер толық орындалған жағдайда бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган төлемдер мен аударымдардың жүзеге асырылғанын растау үшiн, жүргізiлген төлемдер туралы деректер жазылған азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң (мiндеттемелердiң) тiркелгенi туралы хабарлама бередi.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның инкассолық өкiмдердi орындауы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.";

      73) 106-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Төлемдердiң уақтылы және толық төленуiн қамтамасыз ету үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердi, бюджет қаражатының бос қалдықтарын және ағымдағы қаржы жылының тиiстi кезеңiне арналған бюджеттiк бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) деңгейiндегi төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүргiзiлетiн төлемдердi есепке ала отырып, бюджет қаражатының (қолма-қол ақшаның) күтiлетiн көлемiн айқындайды.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар мемлекеттiк мекемелердiң орындалған мiндеттемелерiнiң бюджет қаражатымен (қолма-қол ақшамен) уақтылы қамтамасыз етiлуi үшiн жауапты болады.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджет қаражатын (қолма-қол ақшаны) уақтылы басқарудың тиiмдi әдiсiн пайдаланады.
      Қолма-қол ақша профицитi - республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн нақты түсiмдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемiнiң ағымдағы қаржы жылы басталғаннан берi жүргiзiлген төлемдер көлемiнен асып түсуi.
      Қолма-қол ақша тапшылығы - жүргiзiлген төлемдердiң болжанған көлемiнiң ағымдағы қаржы жылының басынан бастап республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердiң және бюджет қаражатының бос қалдықтарының болжанған көлемiнен асып түсуi.
      Ағымдағы қаржы жылының тиiстi кезеңiне арналған тиiстi бюджеттiң қолма-қол ақша тапшылығының жол берiлетiн шектi мөлшерi тиiстi қаржы жылына арнап бекiтiлген, нақтыланған және түзетiлген республикалық және жергiлiктi бюджеттер тапшылығының бекiтiлген сомасынан аспауға тиiс.
      Ағымдағы қаржы жылының тиiстi кезеңiнде республикалық бюджеттiң қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк бағалы қағаздар шығарады.
      Ағымдағы қаржы жылының тиiстi кезеңiнде тиiстi жергiлiктi бюджеттiң қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда жергiлiктi атқарушы орган жоғары тұрған бюджеттен қарыз алуды жүзеге асырады.";

      74) 107 және 108-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "107-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берiлетiн
                кепiлдiктi трансферттi пайдалану

      1. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша:
      1) республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен бюджет қаражатының қалдықтарын болжау негiзiнде бюджеттiк даму бағдарламалары (iшкi бағдарламалары) бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген кепiлдiктi трансферттiң көлемi шегiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берiлетiн кепiлдiктi трансферттiң қажеттi сомасын айқындайды;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке айлар бойынша сомасын көрсете отырып, кепiлдiктi трансферттi аудару туралы тиiстi өтiнiм жiбередi;
      3) қажеттi сома республикалық бюджет әзiрленетiн жылдың алдындағы қаржы жылының соңына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерiнiң үштен бiр бөлiгiнен асып түскен жағдайда бюджеттiк даму бағдарламаларын (iшкi бағдарламаларын) асып түсу сомасына тең мөлшерде бюджет қаражатымен қамтамасыз етедi.

      108-бап. Бюджеттiң атқарылу мониторингi

      1. Бюджеттiң атқарылу мониторингiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қаржыландыру жоспарларының жылдық сомаларының ай бойынша бөлiнуiн, қаржыландыру жоспарларына бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi енгiзетiн өзгерiстердiң негiздiлiгiн талдау және бағалау, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерiн анықтау, бюджеттiк бағдарламалардың атқарылуы туралы есеп жасау арқылы жүзеге асырады.
      2. Бюджеттiң атқарылу мониторингi барысында бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар:
      1) Қазақстан Республикасының Yкiметi мен бюджеттiң уақтылы және тиiмдi атқарылмау себептерiн көрсете отырып және тиiстi бюджеттi одан әрi атқару жөнiндегi ұстанымдар туралы ұсынымдармен;
      2) республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне - бюджеттiң атқарылуы бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларынан кешеуiлдеп жүрiп жатқан бюджеттiк бағдарламалар жөнiнде;
      3) тиiстi бюджет комиссияларына - ағымдағы, сонымен қатар алдағы жоспарланып отырған қаржы жылында жекелеген бюджеттiк бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлы мақсаттарды қайта қарау қажеттiгi туралы;
      4) бюджет комиссияларының жұмыс органдарына алдағы қаржы жылына арналған бюджеттi жоспарлау кезiнде есепке алу үшiн ақпарат жiбередi.
      3. Мемлекеттiк мекеменiң өткен жылдардағы дебиторлық берешегiнiң сомасы азаматтық-құқықтық мәмiле шарттарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) беру арқылы өтеуге, не шартқа (ратификацияланған келiсiмге) сәйкес тиiстi бюджеттiң кiрiсiне қайтарылуға тиiс.
      4. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджеттiң атқарылуын талдау негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе жергiлiктi атқарушы органға бюджеттi нақтылау немесе түзету туралы ұсыныс беруге құқылы.
      5. Мемлекеттiк мекемелер бюджеттiк бағдарламаның жоспарланған iс-шараларын тиiстi тауарлардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтердiң) болжамды бағаларына қарағанда нақты бағасының төмендеуi салдарынан жеке қаржыландыру жоспарында бекiтiлген сомасынан аз көлемдегi бюджет қаражатына орындаған жағдайда, пайдаланылмаған жоспарлы сомалардың қалдығы бюджеттiк бағдарламаның мақсаттарына ойдағыдай қол жеткiзу және мiндеттерi мен iс-шараларының тiзбесiн кеңейту үшiн қажеттi қосымша iс-шараларды орындауға жiберiлуi мүмкiн.
      Осы мақсатта бюджеттiк бағдарламаның паспортына өзгерiстер енгiзiледi, олар тиiстi негiздемелерiмен және есептеулерiмен бiрге бюджет комиссиясында қаралады.
      Бұл ретте бюджет комиссиясы осы Кодекске сәйкес бюджеттiк жоспарлау және бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар табыс ететiн тиiстi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру тиiмдiлiгiн бағалау және бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiсi бойынша бюджеттiң атқарылу мониторингiнiң нәтижелерiн қарайды.
      6. Осы баптың 5-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама) бойынша қаржыландыру жоспарларының сомасы пайдаланылмаған кезде, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджет қаражатын пайдаланылмаған жоспарлы сомалардың қалдығы мөлшерiнде пайдалану мақсатында бюджеттiк бағдарламалар паспорттарына өзгерiстер енгiзуiне жол берiлмейдi.
      7. Бюджеттiк бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) бойынша бюджет қаражатының ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жиналып қалған қалдықтарын бюджеттен тыс, аккредитивтiк және басқа да шоттарға аударуға жол берiлмейдi.";

      75) 19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"19-тарау. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi нақтылау мен түзету процесiнiң негiзгi ережелерi";

      76) 111-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "111-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi нақтылау";

      1, 2 және 3-тармақтардағы "Бюджеттi", "бюджеттiң", "бюджет түсiмдерiн", "бюджеттi", "бюджеттен" деген сөздер "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi", "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң", "республикалық және жергiлiктi бюджеттер түсiмдерiн", "республикалық және жергiлiктi бюджеттердi", "республикалық және жергiлiктi бюджеттерден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "немесе жергiлiктi" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Қаржы жылы iшiнде тоқсанына бiр реттен асырмай жергiлiктi бюджеттi нақтылауға жол берiледi.";

      5-тармақтағы "бюджет қаражатын игеру мониторингiнiң" деген сөздер "бюджеттiң атқарылуын талдау және бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      77) 112-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "112-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi нақтылау
                принциптерi";

      мәтiндегi "Бюджеттердi", "бюджеттi", "бюджет тапшылығының" деген сөздер "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi", "республикалық және жергiлiктi бюджеттердi", "республикалық және жергiлiктi бюджеттер тапшылығының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      78) 113-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Секвестр - бюджет қаражатының шығыстарын белгiлi бiр шектерде қысқартуды көздейтiн арнайы тетiк, ол республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару кезiнде бекiтiлген түсiмдер республикалық және жергiлiктi бюджеттерге толық түспеуi салдарынан, бекiтiлген бюджеттiк бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкiн болмайтын жағдайларда енгiзiледi.";
      6-тармақтағы "Бюджеттi" деген сөз "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      79) 116-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде мәслихаттың шешiмiн iске асыру және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмдерi мәслихаттың аталған шешiмiн бекiткеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде қабылданады.";

      80) 117-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "117-бап. Бюджеттердi түзету

      1. Бюджеттердi түзету - Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтыланбай, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулысына немесе мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы бюджет көрсеткiштерiн өзгерту.
      2. Егер түзету жүргiзiлгеннен кейiн бюджеттi нақтылау жүргiзiлсе, бюджеттiк бағдарламаларды бөлудi қоспағанда, бюджеттiң түзетiлген көрсеткiштерi нақтыланған бюджетте көрсетiледi.
      3. Республикалық бюджеттi түзетуге:
      1) орталық мемлекеттiк органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, олардың функциялары өзгертiлген жағдайларда жол берiледi. Бұл ретте түзету аталған жағдайларға байланысты тиiстi бюджеттiк бағдарламаларды тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген (нақтыланған) осы бюджеттiк бағдарламалардың жалпы сомасы шегiнде бiрiктiрудi, бөлудi, берудi бiлдiредi;
      2) осы Кодекстiң 40-бабының 6 және 7-тармақтарында, 91-бабы 6-тармағының 1), 1-1 және 2) тармақшаларында көзделген;
      3) бюджетте бюджеттiк бағдарламалардың бiр әкiмшiсi бойынша бекiтiлген бюджеттiк бағдарлама қаражаты бюджеттiк бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында Қазақстан Республикасы Yкiметi айқындайтын тәртiппен бөлiнген жағдайларда жол берiледi.
      4. Жергiлiктi бюджеттердi түзетуге:
      1) төмен тұрған бюджетке қаржы жылы iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыстық деңгейдегi атқарушы органдардың резервiнен қаражат бөлiнген;
      2) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, олардың функциялары өзгертiлген жағдайларда жол берiледi. Бұл ретте түзету аталған жағдайларға байланысты тиiстi бюджеттiк бағдарламаларды тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiмен бекiтiлген (нақтыланған) осы бюджеттiк бағдарламалардың жалпы сомасы шегiнде бiрiктiрудi, бөлудi, берудi бiлдiредi;
      3) бюджетте бюджеттiк бағдарламалардың бiр әкiмшiсi бойынша бекiтiлген бюджеттiк бағдарлама қаражаты бюджеттiк бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында Қазақстан Республикасы Үкiметi айқындайтын тәртiппен бөлiнген;
      4) осы Кодекстiң 40-бабының 6-тармағында, 91-бабы 6-тармағының 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда жол берiледi.";

      81) 118-бап "жүргiзу" деген сөзден кейiн "және мемлекеттiк мекемелердiң материалдық активтерiн есепке алу" деген сөздермен толықтырылсын;

      82) 121-бапта:
      1) тармақшада:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк мекемелер қалыптастыратын есептердi:";
      алтыншы абзац алып тасталсын;
      2) тармақшада:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қалыптастыратын есептердi:";
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) iске асыру тиiмдiлiгiн бағалау туралы есептi;";
      бесiншi абзац алып тасталсын;
      3) тармақшада:
      екiншi абзац "мемлекеттiк" деген сөзден кейiн "және шоғырландырылған" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "осы Кодекстiң 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетiн түсiмдер және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне аударылатын Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шотына аударымдар туралы есептi;";
      төртiншi абзац "бюджеттiк" деген сөздiң алдынан "осы Кодекстiң 108-бабына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      сегiзiншi абзац алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
      "қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарының жай-күйi туралы есептi;
      мемлекеттiк мекемелер мiндеттемелерiнiң орындалу жай-күйi туралы есептi;";

      83) 122-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi және 2-тармағы алып тасталсын;

      84) 123-бапта:
      3-тармақта:
      "орындалмаған" деген сөз "төленбеген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "кассалық атқарылуын" деген сөздер "бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама) бойынша төленген мiндеттемелерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      85) 125-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген жергiлiктi бюджеттi, жергiлiктi бюджеттiң бюджеттiк бағдарламасы (iшкi бағдарламасы) бойынша тiркелген, төленбеген және төленген мiндеттемелерiн көрсетедi.";

      86) 127-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есеп ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген бюджетiн, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң бюджеттiк бағдарламасы (iшкi бағдарламасы) бойынша тiркелген, төленбеген және төленген мiндеттемелерiн көрсетедi.";

      87) 130-баптың 1-тармағындағы "1 сәуiрiнен" деген сөздер "1 мамырынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      88) 132-бапта:
      3), 4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) нысанасыз пайдалану - нәтижесiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатының бюджеттiк бағдарламаның паспортында көзделген мақсаттар мен индикаторларға қол жеткiзiлмей пайдаланылуы және байланысты гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiктерiн, мемлекет активтерiн, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түскен ақшаны Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделмеген мақсаттарға пайдалану;
      4) негiзсiз (құқыққа қайшы) пайдалану - байланысты гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет активтерiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану мен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын бюджеттiк бағдарламалар паспортында көзделмеген iс-шараларды iске асыруға пайдалану;
      5) тиiмсiз пайдалану - бюджеттiк бағдарламаның, байланысты гранттардың, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекет активтерiнiң iске асырылу мерзiмi бөлiгiнде олардың нәтижелерi мен индикаторларына қол жеткiзiлмеуi мен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы кезiнде тиiмдiлiк пен нәтижелiлiк принциптерiнiң сақталмауы;
      6) мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi - бюджет процесiне қатысушылар, мемлекет қатысатын субъектiлер, бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;";
      7) тармақша "орган" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ мәслихаттардың тексеру комиссиялары" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) қаржылық бұзушылық - бюджет қаражатын және мемлекет активтерiн, байланысты гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды пайдалануға, мемлекет кепiлгерлiгiн беруге байланысты қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiн бұзуға әкеп соққан құқыққа қайшы әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк).";

      89) 28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"28-тарау. Мемлекеттiк қаржылық бақылау";

      90) 133-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) тиiмдiлiктi бақылау - бюджеттiк бағдарламаны iске асыру, байланысты гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет активтерiн пайдалану аяқталғаннан кейiн iс-шаралардың орындалу мерзiмiн және күтiлетiн нәтижелерге, индикаторларға қол жеткiзу дәрежесiн үнемдiлiк пен өнiмдiлiктi бағалауды қолдана отырып тексеру. Тиiмдiлiктi бақылау тиiстi iс-шараларды iске асыру аяқталғаннан кейiн жүргізіледi, олардан кейiн салынған қаражаттан нәтижелер алу мерзiмi басталады;";
      мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) нәтижелiлiктi бақылау - бюджеттiк бағдарламаның паспортында белгiленген, күтiлетiн нәтижелерге қол жеткiзiлуiн тексеру;
      5) орындылығын бақылау - бюджеттiк бағдарламаның паспортында белгiленген мақсатқа және индикаторларға қол жеткiзiлуiн тексеру;
      6) негiздiлiгiн (құқыққа сыйымдылығын) бақылау - бюджет қаражатының бюджеттiк бағдарламаның паспортында көзделген iс-шараларды iске асыруға, байланысты гранттардың, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекет активтерiнiң пайдаланылғанын тексеру.";

      91) 134-бапта:
      1) тармақшада:
      "қызметiн" деген сөзден кейiн "барлық мәселелер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жаппай әдiспен" деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақшадағы "жаппай әдiспен" деген сөздер алып тасталсын;

      92) 136-бапта:
      1) тармақша "актiлерi" деген сөзден кейiн "және (немесе) аудиторлық есептер" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша "бақылау нәтижелерi бойынша" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi қабылдаған шешiмдер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      93) 138-бапта:
      3-тармақта:
      2) тармақша "бюджет қаражатының" деген сөздерден кейiн ", байланысты гранттардың, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекет активтерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша "қаражаттарын" деген сөзден кейiн ", байланысты гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет активтерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) тармақша "мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың," деген сөздерден кейiн "мемлекет кепiлгерлiктерiнiң," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) бюджеттiк кредиттер, мемлекеттiк кепiлдiктер және мемлекет кепiлгерлiктерiн беру шарттары мен рәсiмдерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;";
      13) тармақша "атқарылу" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ мемлекет активтерiнiң пайдаланылу" деген сөздермен толықтырылсын;
      17) тармақша:
      "уәкiлеттi органнан" деген сөздерден кейiн "және бақылау объектiсiне қатысты ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен иеленетiн басқа да заңды тұлғалардан" деген сөздермен толықтырылсын;
      "бюджет қаражаттарының" деген сөздерден кейiн ", байланысты гранттардың, мемлекет активтерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      19) тармақша "атқарылуы" деген сөзден кейiн "және мемлекет активтерiн пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      20) тармақша "республикалық бюджеттiң" деген сөздерден кейiн ", байланысты гранттардың, мемлекет активтерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      21) тармақша:
      "негiзсiз" деген сөзден кейiн "(құқыққа қайшы)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "бюджет қаражатының" деген сөздерден кейiн ", байланысты гранттардың, мемлекет активтерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      22) тармақша:
      "танысады" деген сөзден кейiн "және алады" деген сөздермен толықтырылсын;
      "гранттарды" деген сөзден кейiн ", мемлекет активтерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      23) тармақша "республикалық бюджеттiң атқарылуына" деген сөздерден кейiн ", байланысты гранттардың, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекет активтерiнiң пайдаланылуына" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "23-1) бақылау объектiсiнен бақылау қорытындысын растайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құжатталуға және сақталуға жататын тиiстi материалдарды (дәлелдемелердi) алады;";

      94) 140-бапта:
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) бюджеттiк кредиттер, мемлекеттiк кепiлдiктер және мемлекет кепiлгерлiктерiн беру шарттары мен рәсiмдерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;";
      11) тармақша "мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың," деген сөздерден кейiн "мемлекет кепiлгерлiктерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;

      95) мынадай мазмұндағы 145-1 және 145-2-баптармен толықтырылсын:

      "145-1-бап. Қаржылық бұзушылықтардың түрлерi

      Қаржылық бұзушылықтарға:
      1) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын, байланыстырылған гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiктерiн, мемлекет активтерiн нысанасыз пайдалану;
      2) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын, оның iшiнде нысаналы трансферттер мен кредиттердi, сондай-ақ байланысты гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет активтерiн негiзсiз (құқыққа қайшы) пайдалану;
      3) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын, оның iшiнде нысаналы трансферттер мен кредиттердi, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет активтерiн тиiмсiз пайдалану;
      4) бюджетке түсетiн түсiмдердi уақтылы, толық есепке жатқызбау, аудармау;
      5) бюджеттiк есеп жүргiзу, есептiлiк жасау және табыс ету ережелерiн бұзу;
      6) бюджеттiк кредиттер, мемлекеттiк кепiлдiктер, мемлекет кепiлгерлiктерiн беру шарттары мен рәсiмдерiн бұзу жатады.

      145-2-бап. Бақылау iс-шараларының нәтижелерi туралы есептiлiк

      1. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың нәтижелерi туралы бiрыңғай есептiлiктiң құрылымы осы Кодекстiң 145-1-бабында белгiленген, анықталған қаржылық бұзушылықтардың түрлерiне сәйкес қалыптастырылады.
      2. Қаржылық бұзушылықтардың белгiлi бiр түрлерiн бiрнеше мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының есептiлiгiнде көрсетуге жол берiлмейдi.
      Осы мақсатта мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары жүргiзген сыртқы және iшкi бақылау нәтижелерi бiрыңғай ақпараттық жүйеде есепке алынады.
      3. Статистика жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiлген есептiлiк нысандарын Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтедi.
      4. Мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiсiнiң белгiленген тәртiппен қаралмаған қарсылықтары бар бақылау материалдарын есептiлiкке қосуға жол берiлмейдi.";

      96) 147-баптың 1-тармағындағы "капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға" деген сөздер "капиталына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      97) 148-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жоспарлау үш кезеңде жүзеге асырылады:
      1) мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу сатысында инвестициялық сипаты бар iс-шараларды әзiрлеу;
      2) мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламалар бекiтiлгеннен кейiн бюджеттiк бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) тiзбесiнiң құрамында бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыру және бекiту;
      3) бюджеттi әзiрлеу сатысында басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыру және бекiту.";
      3-тармақтағы "капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға" деген сөздер "капиталына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      98) 149 және 150-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "149-бап. Инвестициялық сипаты бар iс-шараларды әзiрлеу

      1. Инвестициялық сипаты бар iс-шаралар мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк iс-шаралардың тiзбесiне кiредi.
      2. Инвестициялық сипаты бар iс-шараларды әзiрлеу мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу және келiсу сатысында жүзеге асырылады.
      3. Инвестициялық сипаты бар iс-шаралар салалық сараптамадан өткiзiлуге жатады.
      4. Уәкiлеттi органдар:
      саланың одан әрi дамуына ықпал ететiн оның ағымдағы жай-күйiнiң проблемаларын анықтауды;
      жоба мақсаттарының республиканың немесе өңiрдiң стратегиялық, орта мерзiмдi даму бағдарламаларында, жоспарларында белгiленген саланың даму басымдықтарына, сондай-ақ саладағы қазiргi бар проблемалардың шешiлуiне сәйкестiгiн;
      жобаның мақсаттарына қол жеткiзудiң баламалы нұсқаларын;
      жоба iске асырылған және мұндай iске асыру болмаған жағдайларда саладағы жағдайды;
      жобаны iске асырудан түсетiн пайданы бөлудi бағалау жөнiнде ұсынылатын шешiмдердiң негiздiлiгi мен тиiмдiлiгi үшiн жауапты болады.
      5. Инвестициялық сипаты бар iс-шараларды әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу тәртiбi құрамында белгiлейдi.

      150-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың)
               тiзбесiн қалыптастыру тәртiбi

      1. Мыналар:
      бекiтiлген мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламалар;
      бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негiздемелерiнiң болуы;
      бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негiздемесi экономикалық сараптамасының оң қорытындысы;
      бюджет комиссиясының шешiмдерi бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесiне енгiзу үшiн негiз болып табылады.
      2. Бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негiздемесi шығындар мен пайданы экономикалық талдау негiзiнде жүргiзiлетiн бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) жүзеге асырылатындығы мен тиiмдiлiгiн зерделеу нәтижелерiн қамтиды.
      3. Бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге қойылатын талаптарды экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
      4. Жоба бекiтiлген мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларда көзделген, сондай-ақ бюджет комиссиясының шешiмiмен мақұлданған жағдайда, бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеудi қаржыландыру экономикалық жоспарлау жөнiндегi тиiсiнше орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдардың бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалары шеңберiнде жүргiзiледi.
      5. Бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) белгiленген техникалық-экономикалық өлшемдерiн растау үшiн техникалық-экономикалық негiздемеге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамалар жүргiзiлуге тиiс.
      6. Бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) экономикалық сараптамасы салалық сараптама, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етiлетiн басқа да сараптамалардың қорытындылары негiзiнде жүргiзiледi және бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу шеңберiнде жүргiзiлген экономикалық талдамасын кешендi бағалаудың мiндеттi нысаны болып табылады.
      7. Басқа мемлекеттердiң аумағында iске асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметiн көздемейтiн бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негiздеменiң және оған салалық орган жүргізген сараптама қорытындысының негiзiнде жүргiзiледi.
      8. Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың), сондай-ақ республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерi мен кредит беру есебiнен қаржыландыруға жоспарланып отырған жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
      9. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      10. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға белгiленген заңды тұлғалар бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) iске асыру жөнiнде ұсынылатын шешiмдердiң негiздiлiгi мен тиiмдiлiгi үшiн, сондай-ақ экономикалық сараптаманың қорытындысында бюджеттiк инвестициялық жобаны (бағдарламаны) iске асыруға және оның мақсаттарына қол жеткiзуге терiс әсер еткен тәуекелдердi бағалау болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      11. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүзеге асыруға белгiленген заңды тұлғалар жүргiзiлген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама, сондай-ақ тәуелсiз сараптама жүргiзудi талап етуге құқылы.
      12. Экономикалық сараптаманың нәтижелерi бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негiздемесiн бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi бекiтедi.
      13. Тиiстi мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламалар шеңберiнде мақұлданған үлгi жобалар, үлгi жобалық шешiмдер мен қайталап қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделiп отырған техникалық жағынан күрделi емес болып табылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеу талап етiлмейдi.
      14. Техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеу талап етiлмейтiн жобалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      15. Техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеудi, оған жасалған экономикалық сараптаманың оң қорытындысын талап етпейтiн жобаларды қоспағанда, бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi бекiтiлген мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламалар негiзiнде және бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемелерi болған кезде қалыптастырылады.
      Бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi бюджеттiк бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) тiзбесiне енгiзiледi.";

      99) 151-бап алып тасталсын;

      100) 152-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Бiрыңғай техникалық өлшемдерi бар инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша үлгi жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.
      Үлгi жобаларды әзiрлеу мен оларға сараптама жүргiзудi қаржыландыру құрылыс iсi жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру кезiнде үлгi жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекiту жолымен жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiне енгiзiлмеген бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге жол берiлмейдi.";

      101) 153-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "153-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы
                бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау және жүзеге
                асыру

      1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарын әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламалар шеңберiнде жүзеге асырылады.
      2. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы iске асыруға жоспарланып отырған бюджеттiк инвестицияларды дайындау және iрiктеу мемлекеттiк, салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлеу және келiсу сатысында жүзеге асырылады.
      3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы iске асыру жоспарланып отырған бюджеттiк инвестицияларды iрiктеу экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесi бойынша сараптамасының қорытындысы негiзiнде жүзеге асырылады. Бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесi заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салу орындылығының негiздемесiн және оның тиiмдiлiгiн бағалауды қамтитын құжатты бiлдiредi.
      4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемелерiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi әзiрлейдi және экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға табыс етедi. Бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесiнiң мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды әзiрлеу мен қарау тәртiбiн экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
      5. Ірiктеуден өткен және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы iске асыруға жоспарланып отырған бюджеттiк инвестициялар бюджет комиссиясының шешiмi негiзiнде тиiстi үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарына енгiзiледi.
      6. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттiк инвестицияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
      7. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларда айқындалған мiндеттердi орындауға байланысты емес берешегiн және ағымдағы шығыстарын жабу мақсатында олардың жарғылық капиталын ұлғайтуға бюджет қаражатын бөлуге жол берiлмейдi.";

      102) 155-бапта:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi ақпаратты экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мерзiмде тиiсiнше Қазақстан Республикасының Yкiметiне және тиiстi әкiмдiкке табыс етедi.";

      8-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға" деген сөздер "капиталына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      103) 157-баптың 1) тармақшасы "немесе" деген сөзден кейiн "байланысты грантты iске асыруға бағытталған тиiстi бюджеттiк бағдарламаның шеңберiнде" деген сөздермен толықтырылсын;

      104) 159-баптың 5-тармағындағы "Байланыстырылған грантты беру" деген сөздер "Байланысты грант" деген сөздермен ауыстырылсын;

      105) 163-бапта:
      4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) салық берешегiнiң болмауы;";

      106) 171-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) бюджеттiк инвестициялық жобалардың қаржыландырылуы мен iске асырылуына мониторинг жүргiзу;
      3-2) қарыз алушылардың қаржылық жай-күйiне мониторинг жүргiзу;";
      5-тармақтағы "Кредитор (сенiмгер)" деген сөздер "Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      107) 176-баптың 4-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Кiрiстiлiктiң орташа өлшемдi ставкасы - бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша сыйақының орташа өлшемдi ставкасы.
      Жергiлiктi атқарушы органдарға, қаржы агенттiктерiне бюджеттiк кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын қоспағанда, бюджеттiк кредиттер бойынша сыйақы ставкасы, айналыс мерзiмi бюджеттiк кредиттiң мерзiмiне сәйкес келетiн мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша кiрiстiлiктiң орташа өлшемдi ставкасынан төмен болмайтын шамада белгiленедi.";

      108) 182-баптың екiншi бөлiгi "заңдарына" деген сөзден кейiн "және кредит шартының талаптарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      109) 184-бапта:
      4-тармақтағы "заңдарында белгiленген" деген сөздер "Үкiметi айқындаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Жергiлiктi атқарушы органда бюджеттiк кредит бойынша берешек болған немесе бюджеттiк кредит нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кезде кредитор жергiлiктi бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотынан берешек соманы немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған соманы жергiлiктi бюджеттердiң бюджет қаражаты қалдықтарының шегiнде жоғары тұрған бюджеттiң түсiмiне ағымдағы қаржы жылына арналған тиiстi жергiлiктi бюджеттердi осы Кодекске сәйкес кейiннен нақтылай отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен жiбередi.";

      110) 41-тараудың тақырыбы "тоқтатылуы" деген сөзден кейiн "және кепiлдiктiң тоқтатылуы" деген сөздермен толықтырылсын;

      111) 188-бапта:
      тақырып "тоқтатылуы" деген сөзден кейiн "және кепiлдiктiң тоқтатылуы" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Кредитордың мемлекеттiк бiлiм беру және студенттiк кредиттер бойынша талаптары қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда тоқтатылады.";
      "4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған қарыз алушыларға кредитордың бюджеттiк кредиттi өтеу жөнiндегi талаптары тоқтатылған жағдайда, онымен бiр мезгiлде тиiстi бюджеттiк кредиттер бойынша кепiлдiктер де тоқтатылады.";

      112) 190-бапта:
      2-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      "5. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк кредиттердiң пайдаланылу тиiмдiлiгiн бағалауға арналған деректердi экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен және құрамда экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға табыс етедi.
      6. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар табыс етiлген деректер негiзiнде бюджеттiк кредиттердiң пайдаланылу тиiмдiлiгiн бағалау бойынша есептер қалыптастырады.
      7. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджеттiк кредиттердiң пайдаланылу тиiмдiлiгiн бағалау бойынша есептердi жергiлiктi атқарушы органдарға және экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға жыл сайын есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 наурызына дейiн табыс етедi.";

      113) 11-бөлiмнiң тақырыбы "борыш" деген сөзден кейiн ", мемлекет кепiлгерлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;

      114) 43-тараудың тақырыбы "борыш" деген сөзден кейiн ", мемлекет кепiлгерлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;

      115) 191-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) банк кепiлдiгi - қарыз алушы мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiмде белгiленген тәртiппен және мерзiмде қарыз шарты бойынша өзiнен алынуға тиесiлi соманың жинақталуын қамтамасыз етпеген жағдайда, банктiң бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның алдындағы мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша берешектi өтеу жөнiндегi мiндеттемесi;";
      мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "10-1) сақтандыру шарты - қарыз алушы қарыз шарттары бойынша өзiнен алынуға тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда, сақтандыру ұйымының қарыз берушiнiң алдындағы мемлекет кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген қарыз бойынша берешектi өтеу жөнiндегi мiндеттемесiн көздейтiн шарт;
      10-2) мемлекет кепiлгерлiктерi бойынша борыш - мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған және мемлекетке берiлетiн концессия объектiсiнiң құнынан аспайтын, алынған және өтелмеген қарыз сомаларының белгiлi бiр күнгi жағдай бойынша сомасы;
      10-3) мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз - инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттiк емес қарыз;";
      11) тармақша "тұлға" деген сөзден кейiн "немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкiлi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "13-1) мемлекет кепiлгерлiктерiн беру лимитi - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлетiн, оның шегiнде мемлекет кепiлгерлiктерi берiлуi мүмкiн тiркелген сома;";

      116) 192-баптың 3-тармағының төртiншi бөлiгi алып тасталсын;

      117) 194-баптың 1-тармағы "сәйкес" деген сөзден кейiн ", өзара талаптарды есепке алмай," деген сөздермен толықтырылсын;

      118) 202-баптың 1 және 2-тармақтарындағы ", сондай-ақ кассалық алшақтықты жабуға" деген сөздер алып тасталсын;

      119) 207-баптың 2-тармағындағы "208" деген цифрлар "213" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      120) 208-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша "банк кепiлдiгiнiң" деген сөздерден кейiн "не сақтандыру шартының" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақшадағы "мемлекеттiк кепiлдiкпен бұрын алынған мемлекеттiк емес қарыздарды" деген сөздер "бұрын алынған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      121) 210-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде:
      "қарыз берушi" деген сөздерден кейiн "(облигациялар ұстаушылардың өкiлi)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "қарыз берушiнiң жазбаша хабарлауы" деген сөздер "жазбаша хабарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      122) 211-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "қарыз шартының тараптары және" деген сөздер алып тасталсын;

      123) 217-баптағы "шартында" деген сөз "талаптарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      124) 218-баптың екiншi бөлiгiндегi "және кепiлдiк берген банк" деген сөздер алып тасталсын;

      125) мынадай мазмұндағы 46-1-тараумен толықтырылсын:

"46-1-тарау. Мемлекет кепiлгерлiгi

      218-1-бап. Мемлекет кепiлгерлiгi

      1. Мемлекет кепiлгерлiгi - борышкер өзiнен алынуға тиесiлi соманы төлемеген жағдайда қарыз берушi одан берешектi өндiрiп алу жөнiнде қарыз алушыға қатысты барлық қисынды шараларды қолданғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң концессиялық келiсiм шеңберiнде, мемлекетке берiлетiн концессия объектiсiнiң құнынан аспайтын қарыз берушi алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе iшiнара өтеу мiндеттемесi.
      Мемлекетке берiлетiн концессия объектiсiнiң құны Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен айқындалады.
      2. Мемлекет кепiлгерлiгi қарыз алушының мемлекетке берiлетiн концессия объектiсiнiң құнынан аспайтын сомаға мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздар бойынша мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету ретiнде қарыз берушiлерге берiледi.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы атынан мемлекет кепiлгерлiгiн беруге ерекше құқығы бар.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын талаптармен және тәртiппен мемлекет кепiлгерлiгiн берудi жүзеге асырады.

      218-2-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiн беруге шектеулер

      1. Мемлекет кепiлгерлiгi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген лимит шегiнде берiледi.
      2. Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз қаражаты концессия объектiлерiн құруға ғана пайдаланылады.
      3. Мемлекет кепiлгерлiктерi бұрын тартылған қарыздарды қайта қаржыландыру ретiнде, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретiнде тартылатын қарыздар бойынша берiлмейдi.
      4. Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру лимитiнiң көлемi осы лимит белгiленген тиiстi қаржы жылы шегiнде ғана пайдаланылуы мүмкiн.

      218-3-бап. Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру шарттары

      1. Мемлекет кепiлгерлiктерi Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының негiзiнде берiледi.
      2. Мемлекет кепiлгерлiгiн беру осы Кодекстiң 218-9-бабына сәйкес қарыз алушының концессия объектiсiн мемлекетке беруiнiң мiндеттiлiгi шартымен жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк емес қарыз бойынша мемлекет кепiлгерлiгi берiлгенi үшiн қарыз алушыдан жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысуымен құралатын заңды тұлғалар үшiн - мемлекет кепiлгерлiгi сомасының 0,2 процентi мөлшерiнде және басқа заңды тұлғалар үшiн мемлекет кепiлгерлiгi сомасының екi процентi мөлшерiнде алдын ала бiржолғы төлем (алым) өндiрiп алынады.
      4. Мемлекет кепiлгерлiгiн беру мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету жөнiндегi сақтандыру шарты ресiмделгеннен және берiлгеннен кейiн жүзеге асырылады.

      218-4-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiн алуға үмiткер тұлғаларға
                 қойылатын талаптар

      1. Заңды тұлғалар өздерi қарыз алушы ретiнде әрекет ететiн қарыздар бойынша мемлекет кепiлгерлiгiн алуға үмiткер болғанда осы заңды тұлғаларға мынадай талаптар қойылады:
      1) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидентi болу;
      2) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсе отырып белгiлейтiн, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздардың қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты болуы;
      3) тиiстi саланың уәкiлеттi органының оң қорытындысының болуы;
      4) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
      5) экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
      6) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
      7) төлем мерзiмдерi басталған, мемлекет кепiлгерлiгiмен не мемлекеттiк кепiлдiктерiмен бұрын алынған қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша берешегiнiң, сондай-ақ кредиторлар алдында өзге де мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекет кепiлгерлiгiн алуға үмiткер тұлғаларға мемлекеттiк емес қарыздың шарттарына және инвестициялық жобаның тәуекелiне байланысты қойылатын қосымша талаптар белгiлеуi мүмкiн.

      218-5-бап. Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру үшiн инвестициялық
                 жобаларды iрiктеп алу

      Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеп алуды Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.

      218-6-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiнiң нысаны

      1. Мемлекет кепiлгерлiгi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мен қарыз берушi арасында мемлекет кепiлгерлiгi шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы берiледi.
      Осы баптың және осы Кодекстiң 218-7-бабының талаптарына сәйкес келетiн құжат қана мемлекет кепiлгерлiгi деп танылуы мүмкiн. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының ешқандай актiлерiнiң немесе өзге де құжаттарының мемлекет кепiлгерлiгi болатын заңдық күшi жоқ.
      2. Мемлекет кепiлгерлiгi шартына бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы қол қояды.

      213-7-бап. Мемлекет кепiлгерлiгi шартының мазмұны

      1. Мемлекет кепiлгерлiгi шартында:
      1) мемлекет кепiлгерлiгiн беруге негiз болған Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының деректемелерi;
      2) қарыз алушы мен қарыз берушiнiң атауы мен орналасқан жерi;
      3) қарыз алушының негiзгi мiндеттемесiнiң мазмұны;
      4) берiлетiн мемлекет кепiлгерлiгiнiң сомасы;
      5) мемлекет кепiлгерлiгiнiң қолданылу мерзiмi;
      6) мемлекет кепiлгерлiгi шартына қол қойған лауазымды адам көрсетiледi.
      Мемлекет кепiлгерлiгi шартында осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптар болмаған не оған осы Кодекстiң 218-6-бабының 2-тармағын бұза отырып қол қойылған кезде мемлекет кепiлгерлiгi жарамсыз деп есептеледi.

      218-8-бап. Берiлетiн мемлекет кепiлгерлiктерiн және мемлекет
                 кепiлгерлiгiмен берiлетiн қарыздарды есепке алу

      Берiлетiн мемлекет кепiлгерлiктерi және мемлекет кепiлгерлiгiмен берiлетiн қарыздар бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен тiркелуге және есепке алынуға жатады.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекет кепiлгерлiгi бойынша борыш мониторингiн Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.

      218-9-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiн орындау

      Мемлекет кепiлгерлiгi:
      қарыз берушi қарыз алушыдан берешектi өндiрiп алу жөнiндегi барлық қисынды шараларды қолданғаннан кейiн;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы банкрот деп танылған не ол таратылған жағдайларда орындалуға жатады.
      Мемлекет кепiлгерлiгiн орындау мемлекет кепiлгерлiгiн орындау жөнiнде талаптар қойылған күннен бастап он сегiз ай iшiнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
      Мемлекет кепiлгерлiгi бойынша мiндеттемелердi орындауға бөлiнген қаражат концессия объектiсiн мемлекетке беру жолымен республикалық бюджетке қайтарылуға жатады.

      218-10-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiнiң қолданылуын тоқтату
                  негiздерi

      Мемлекет кепiлгерлiгi қарыз алушы немесе кепiлгер мемлекет кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген қарыз бойынша мiндеттемелердi толық орындағаннан кейiн қолданылуын тоқтатады.

      218-11-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз
                  қаражатын пайдалануға шектеулер

      Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз қаражатын қарыз шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттiк органдарға кредит беру үшiн пайдалануға тыйым салынады.

      218-12-бап. Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз
                  қаражатының пайдаланылуын бақылау және ол үшiн
                  жауаптылық

      Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз қаражатының пайдаланылуына Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен бақылау жүзеге асырылады.
      Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз бойынша қарыз алушы алынған қаражатты нысанасыз пайдаланғаны және қарыз бойынша борыштық мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, мемлекет кепiлгерлiгi бойынша мiндеттемелердi орындауға бөлiнген қаражатты қайтарғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.";

      126) 219-баптағы "немесе мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз берушiнiң алдындағы мiндеттемелердi орындау мерзiмiн ұзартуға" деген сөздер алып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24-құжат):

      1) 8-баптың у) тармақшасындағы, 27-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiндегi, 28-баптағы, 66-баптың үшiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген сөздер тиiсiнше "бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның", "Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның", "Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган", "бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен", "бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 8-бапта:
      з) тармақшасындағы "банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi талаптарын белгiлейдi" деген сөздер "банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелерiне қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгiлейдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      к) тармақшасы "жүзеге асырады" деген сөздерден кейiн ", қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын есепке ала отырып, Қазақстан Ұлттық Банкi үшiн бухгалтерлiк есеп саясаты мен әдiстерiн айқындайды" деген сөздермен толықтырылсын;
      к-1) тармақшасындағы "операцияларды автоматтандыру жүйелерi" деген сөздер "бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      к-2) тармақшасындағы "операцияларды автоматтандыру жүйелерiне" деген сөздер "бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыратын жүйелерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      л-1) тармақшадағы "статистикалық есеп беру тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерiн белгiлейдi" деген сөздер "төлем балансы, сыртқы борыш, ақша-кредит және қаржы статистикасы жөнiнде статистикалық есеп беру тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерiн белгiлейдi және оны жинауды жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы н-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "н-1) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң консультациялық-кеңесшi органдарын құруға құқылы;";
      р) тармақшасындағы "және мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқ мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша шарттардың мониторингiн" деген сөздер ", мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқ мемлекеттiк емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингiн және Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместердiң валюталық операцияларының мониторингiн (валюталық мониторингтi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      у-10) тармақша:
      "санкциялар" деген сөзден кейiн "қолдану тәртiбiн айқындайды және" деген сөздермен толықтырылсын;
      "белгiленген тәртiппен" деген сөздер "көзделген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы у-13), у-14), у-15) және у-16) тармақшалармен толықтырылсын:
      "у-13) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсе отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды;
      у-14) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау тәртiбiн айқындайды;
      у-15) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiне сыртқы басқарушылар таңдау тәртiбiн айқындайды;
      у-16) сұраныс пен ұсыныс көздерiнiң, сондай-ақ iшкi валюта нарығында шетелдiк валютаны пайдалану бағыттарының мониторингiн жүзеге асырады;";

      3) 9-баптың екiншi бөлiгiндегi "Басқармасы белгiлеген" деген сөздер "нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 15-бапта:
      а) тармақшасындағы "әзiрлеу" деген сөз "мақұлдау" деген сөзбен ауыстырылсын;
      и-1) тармақша алып тасталсын;
      м) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "м) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бюджетiн (шығыстар сметасын) және оны пайдалану, жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi құралдары мен өзге де мүлкiне билiк ету тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;";
      м-1), с) тармақшалары алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы п-1), у-1), у-2) және у-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "п-1) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң консультациялық-кеңесшi органдарын құру туралы шешiмдер қабылдау;";
      "у-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау ережелерiн бекiту;
      у-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiне сыртқы басқарушылар таңдау тәртiбiн айқындайтын ережелердi бекiту;
      у-3) реттелуi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретіне жататын мәселелер бойынша банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртiбiн айқындайтын ережелердi бекiту;";
      ч) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 16-баптың екiншi бөлiгiнде:
      "бес лауазымды адамы" деген сөздер "төрт лауазымды адамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "екi өкiл" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ уәкiлеттi органның басшысы" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 52-1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын вексельдердiң бiрiншi сыныпты эмитенттерiнiң коммерциялық вексельдерiн қайта есепке алады;";

      7) 56-бапта:
      б) тармақшасындағы "құндылықтармен" деген сөз алып тасталсын;
      о) тармақшасы алып тасталсын;

      8) 57-баптың бiрiншi бөлiгiнiң жетiншi абзацы алып тасталсын;

      9) 59-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң өтiмдiлiгiн және сақталуын, сондай-ақ тәуекел қалыпты деңгейде болған кезде ұзақ мерзiмдi перспективада кiрiстiлiгiн қамтамасыз ете отырып, олармен операциялар жасайды.";

      10) 62-баптың екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) банк операцияларын жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда уәкiлеттi органға қорытынды беру шарттары мен тәртiбiн айқындауға;";

      11) мынадай мазмұндағы 62-2 және 62-3-баптармен толықтырылсын:

      "62-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бақылау функцияларын
                 жүзеге асыру

      Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiне сәйкес реттелуi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша:
      1) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларда банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар үй-жайларының техникалық жарақтануын және жабдықтарын алдын ала қарап шығу;
      2) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiктi белгiлеу;
      3) тексерiлетiн орынға барып немесе құжаттық нысанда:
      қаржы ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан; Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн тұтастай немесе жекелеген мәселелер бойынша, сондай-ақ олардың Қазақстан Ұлттық Банкiне табыс ететiн есептерi мен мәлiметтерiнiң дұрыстығын зерделеу үшiн тексеру жүргiзу арқылы бақылау функцияларын жүзеге асырады.

      62-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тексерулер ұйымдастыру мен
                жүргiзу тәртiбiнiң ерекшелiктерi

      1. Қазақстан Ұлттық Банкi қаржы ұйымдарының (олардың филиалдарының), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiн тексерудi осы бапта көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiк пен лицензиялау мәселелерiн реттейтiн заңнамалық актiлерiне сәйкес дербес не басқа мемлекеттiк органдардың және (немесе) ұйымдардың мамандарын тарта отырып жүргiзедi.
      2. Қазақстан Ұлттық Банкi жүргiзетiн тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) жоспарлы - қаржы ұйымдарын (олардың филиалдарын), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын басқа да тұлғаларды Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тексеру жоспарларына сәйкес жылына бiр реттен асырмай тексеру;
      2) жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiнде жазылған фактiлер, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар бойынша, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарынан сауалдар түскен кезде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылғаны туралы айғақтайтын ақпарат пен материалдар алған кезде, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауiпсiздiгiне, оның қаржы жүйесiнiң тұрақтылығына қатер төнген кезде тағайындалатын, сондай-ақ бұдан бұрын анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатындағы тексеру.
      3. Тексеру жоспарлары тоқсан сайын жасалады және оны Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы бекiтедi.
      4. Қазақстан Ұлттық Банкi тексеру жүргiзу басталарда тексерушi топқа тексерiлетiн тұлға ұсынуға мiндеттi құжаттардың (мәлiметтердiң) тiзбесiн көрсете отырып, алдағы тексеру туралы тексерiлетiн тұлғаны жазбаша хабардар етуге құқылы.
      Тексеру тағайындау туралы Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары не Қазақстан Ұлттық Банкi аумақтық филиалының басшысы бекiткен актiнi тексерiлетiн тұлғаға тапсырған кез тексеру жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.
      5. Тексеру Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тексеру тағайындау туралы актiсiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      Тексеру тағайындау туралы актiде:
      1) актiнiң нөмiрi және жылы, айы, күнi;
      2) тексеру тағайындаған органның атауы;
      3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттi адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы;
      4) өзiне қатысты тексеру жүргiзу тағайындалған, тексерiлетiн тұлғаның атауы, оның орналасқан жерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органда тексерулердi тiркеу үшiн талап етiлетiн басқа да мәлiметтер;
      5) тексеру түрi (жоспарлы, жоспардан тыс);
      6) тексерiлуге жататын мәселелер;
      7) тексеру жүргiзу мерзiмi;
      8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексерiлуге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;
      9) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтiнiштерi бойынша және бұрын анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатындағы тексерулердi қоспағанда, тексеру кезеңi;
      10) лауазымын, тегiн, аты-жөнiн көрсете отырып, актiге қол қоюға уәкiлеттi адамның қолы және мөр көрсетiледi.
      6. Тексеру тағайындау туралы акт өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мiндеттi түрде тiркеледi.
      7. Объектiге тексеру үшiн келген Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда тiркелгенi туралы белгiсi бар тексеру тағайындау туралы актiнi және қызметтiк куәлiгiн көрсетуге мiндеттi.
      8. Тексеру тағайындау туралы актiнi қабылдаудан бас тартылған немесе тексерудi жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамдарының тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарды пайдалануына кедергi келтiрiлген жағдайда тиiстi акт жасалады. Актiге тексерудi жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамы және тексерiлетiн тұлғаның уәкiлеттi қызметкерi қол қояды.
      9. Тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргiзе алады.
      10. Тексерiлетiн тұлға Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тексеру тағайындау туралы актiсiн алғаннан кейiн келесi күннен кешiктiрмей тексерушi топ басшысының атына:
      1) тексеру жүргiзудi қамтамасыз етуге жауапты басшы және оны алмастыратын адам туралы;
      2) тексерiлетiн тұлғаның қажеттi құжаттар (мәлiметтер) дайындауға, оларды тексерушi топқа (адамға) уақтылы беруге жауапты мамандары туралы ақпаратты көрсете отырып, хат табыс етедi.
      11. Тексеру жүргiзiлетiн кезеңде тексерiлетiн тұлға тексерушi топқа (адамға):
      1) алғашқы талап етуi бойынша тексеруге қатысты кез келген қажеттi құжаттарды (мәлiметтердi) қағаз және электрондық жеткiзгiштерде не олардың көшiрмелерiн тексеру нәтижелерi туралы актiге қоса тiркеу үшiн алуын, сондай-ақ тексеру жүргiзу үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiне қол жеткiзуiн;
      2) автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) тексеру мәнiне сәйкес қол жеткiзуiн;
      3) қажет болған кезде кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлердiң жүргiзiлетiн тексеруге, олардың қызметтiк мiндеттерiне және (немесе) тексерiлетiн тұлғаның қызметiне қатысты мәселелер бойынша түсiндiрме (ауызша немесе жазбаша) беруiн;
      4) тексерiлетiн тұлғаның ғимаратынан жеке үй-жай берiлуiн (болған жағдайда), оған еркiн кiру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      12. Тексерiлетiн тұлғаның осы баптың 11-тармағында көрсетiлген талаптардың бiрiн бұзуы тексерiлетiн тұлғаға не оның басшысына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға негiз болып табылады.
      13. Тексеру жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс, жекелеген мәселелердi қосымша зерделеу қажет болған не тексерудiң едәуiр көлемiне байланысты ерекше жағдайларда Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары не Қазақстан Ұлттық Банкi аумақтық филиалының басшысы тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзартуы мүмкiн, бiрақ бұл күнтiзбелiк отыз күннен аспауы керек.
      Тексеру мерзiмi ұзартылған жағдайда, өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда тiркей отырып, тексерудi ұзарту туралы қосымша акт ресiмделедi, онда тексеру тағайындау туралы алдыңғы актiнiң тiркеу нөмiрi мен жылы, айы, күнi және ұзарту себебi көрсетiледi.
      14. Тексеру нәтижелерi бойынша тексерушi топ (адам) тексеру нәтижелерi туралы акт жасайды.
      Тексеру нәтижелерi туралы актiде:
      1) актiнiң жасалған жылы, айы, күнi мен орны;
      2) тексеру жүргiзген органның атауы;
      3) тексеру жүргiзуге негiз болған тексеру тағайындау туралы актiнiң күнi мен нөмiрi;
      4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы;
      5) тексерiлетiн тұлғаның атауы, оның орналасқан жерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, ал тексеру жүргiзген кезде тексерiлетiн тұлғаның өкiлi қатысқан жағдайда оның тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы;
      6) тексеру жүргiзiлген орын және кезең;
      7) тексеру нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтер;
      8) тексерiлетiн тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ тексеру жүргiзу кезiнде қатысқан жағдайда басқа да тұлғалардың актiмен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;
      9) тексеру жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетiледi.
      Тексеру нәтижелерi туралы актiге тексеру нәтижелерiне байланысты қажеттi құжаттар (мәлiметтер) немесе олардың көшiрмелерi қоса берiлуi мүмкін.
      Тексеру жүргiзу мерзiмi аяқталуынан кешiктiрмей тексерушi топ (адам) тексерiлетiн тұлға басшысының атына, тексерiлетiн тұлғада түпнұсқасы болатын құжаттардың көшiрмелерiн қоспағанда, танысу және қол қою үшiн тексерудiң нәтижелерi туралы актiнiң екi данасын қосымшаларының көшiрмелерiмен қоса жiбередi.
      Тексерiлетiн тұлғаның басшысы (оның орынбасары) не тексеру жүргiзудi қамтамасыз етуге жауапты басшы тексеру нәтижелерi туралы актiнiң бiрiншi данасын қабылдайды, актiнiң екiншi данасының әрбiр парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, алған күнi туралы белгi қояды және тексеру нәтижелерi туралы актiнi алған күннен кейiнгi келесi күнiнен кешiктiрмей, тексеру нәтижелерi бойынша ескертулерi және (немесе) қарсылықтары болса көрсете отырып, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тексерушi тобына (адамына) екiншi дананы табыс етедi.
      15. Тексерiлетiн тұлғаның басшысына (оның орынбасарына) тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмей тексеру нәтижелерi туралы актiнiң жiберiлген күнi тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп есептеледi.
      16. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданған жағдайда тексерiлетiн тұлға анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы жазбаша есептi (ақпаратты) Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген мерзiмде оған табыс етуге мiндеттi.
      17. Тексеру жүргiзген кезде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамдары тексерiлетiн тұлға құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге және алынған ақпараттың құпиялығын сақтауға, тексерiлетiн тұлғаның және оның клиенттерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге тiкелей не жанама әкеп соғатын iс-әрекеттерден тартынуға тиiс.";

      12) 70-1-баптың екiншi бөлiгiндегi "Қаржы министрлiгiне" деген сөздер "бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 57-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат):

      1) 71-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне кредиторлардың мемлекет кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша талаптары енгiзiлмейдi.";

      2) 74-баптың 4-тармағының 3) тармақшасында "қаражаты енгiзiлмейдi." деген сөздер "қаражаты;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) концессия объектiсiнiң құрамына кiретiн мүлiк енгiзiлмейдi.".

      6. "Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 21, 276-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 21-22, 281-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 10, 32-құжат):
      22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Сот-сараптама қызметiн қаржыландыру

      Сот сараптамасы органдарында қылмыстық, азаматтық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша сот сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген, соттың дәлелдi ұйғарымымен расталған негiздемелер болған жағдайлардан басқа кезде, сот сараптамасы органдарында азаматтық iстер бойынша сот сараптамаларын жүргiзуге ақы төлеудi тараптар жүзеге асырады және алдын ала төлеу нысанында тиiстi бюджетке енгiзiледi.
      Мамандандырылған зерттеулер жүргiзу, сондай-ақ бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн бағдарламаларға кiрмейтiн ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк зерттеулер жүргiзу үшiн ақы төлеу алдын ала төлеу нысанында тиiстi бюджетке енгiзiледi.".

      7. "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 24, 435-құжат; 2001 ж., N 21-22, 286-құжат; 2003 ж., N 10, 53-құжат; 2005 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Бюджет қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттiк және ведомстволық мұрағаттар өздерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуге құқылы, оларға төленетiн ақы мiндеттi сипатта болмайды, жеке және заңды тұлғалармен келiсiм бойынша айқындалады.".

      8. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1065-құжат; 2003 ж., N 15, 129-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк
                 мекемелер

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер өздерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын қызметтер көрсетуге құқылы, оларға төленетiн ақы мiндеттi сипатта болмайды, жеке және заңды тұлғалармен келiсiм бойынша айқындалады.".

      9. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):

      1) 27-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшадағы ", облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджеттi, сондай-ақ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4), 1-5), 1-6), 1-7) және 1-8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылу жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органының жұмысын үйлестiредi;
      1-2) тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын тиiстi мәслихатқа табыс етедi;
      1-3) тиiстi мәслихатқа облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;
      1-4) облыстық мәслихаттың және республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиiстi қаржы жылына арналған тиiстi бюджеттер туралы шешiмдерiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
      1-5) облыстық атқарушы органның және республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органының орта мерзiмдi фискалдық саясатын бекiтедi;
      1-6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық, бюджеттiк жоспарлау, бюджеттiң атқарылу жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарын құрады;
      1-7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;
      1-8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспары мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы жоспарын бекiтедi;";

      2) 31-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) ауданның (облыстық маңызы қаланың) жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламаларын әзiрлейдi және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;";
      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4), 1-5), 1-6) және 1-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуын қамтамасыз етедi және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылу жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарының жұмысын үйлестiредi;
      1-2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа табыс етедi;
      1-3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылына арналған бюджетi туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
      1-4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының орта мерзiмдi фискалдық саясатын бекiтедi;
      1-5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық, бюджеттiк жоспарлау, бюджеттiң атқарылу жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарын құрады;
      1-6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;
      1-7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекiтедi;".

      10. "Әдiлет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 23-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi негiзгi қызметiне жатпайтын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iске асырады.
      Қылмыстық-атқару жүйесi мемлекеттiк мекемелерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiне соларда ұсталатын күдiктiлердiң, айыпталушылардың, сотталғандардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру кезiнде азық-түлік өнiмдерiн, алғашқы қажеттiлiк заттарын, киiм-кешек, аяқ киiм, газеттер, журналдар, әдебиет, дәрi-дәрмектер және қосымша емдiк-профилактикалық көмек көрсету үшiн медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды қосымша сатып алуға, ұзақ мерзiмдi кездесулер ұсынуға және қосымша емдеу-профилактикалық қызмет пен Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалатын өзге де қызметтер көрсетуге, сондай-ақ күдiктiлер мен айыпталушылар үшiн қосымша ақылы тұрмыстық қызметтер жасауды ұсынатын жұмыс пен көрсетiлетiн қызметтер жатады.";

      2) 33-баптың үшiншi бөлiгi алып тасталсын.

       2-бап . Осы Заң:
      1) ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 2-тармағын;
      2) 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 1-тармағын, 3-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацын, 16) тармақшасының үшiншi-бесiншi абзацтарын, 20) тармақшасының сегiзiншi, тоғызыншы абзацтарын, 22) тармақшасының жиырма жетiншi абзацын, 24) тармақшасының үшiншi, алтыншы абзацтарын, 51) тармақшасының бесiншi, алтыншы, он төртiншi абзацтарын, 52) тармақшасының үшiншi, төртiншi, он бiрiншi, он төртiншi-он жетiншi, жиырма үшiншi абзацтарын, 57) тармақшасының екiншi абзацын, 64) тармақшасының сегiзiншi абзацын, 71)-73) тармақшаларын, 74) тармақшасының он сегiзiншi, жиырмасыншы абзацтарын, 90) тармақшасының бесiншi абзацын, 97) тармақшасының екiншi-алтыншы абзацтарын, 6-тармағын;
      3) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 3-тармағы 22) тармақшасының отызыншы абзацын, 82) тармақшасының тоғызыншы, оныншы абзацтарын, 7, 8-тармақтарын қоспағанда, 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.
      1-баптың 3-тармағы 9) тармақшасының төртiншi абзацы өзiнiң қолданысын 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатады.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады