Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және орман шаруашылығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 176 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексiне) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      338-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) сауықтыру балалар мекемелерi;".

      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
      1) 39-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттiк жер пайдаланушы өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын иелiгiнен шығаруға, сондай-ақ кепiлге беруге құқылы емес.
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң ережесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жердi қоспағанда, жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығаруға не кепiлге беруге байланысты жер пайдалану құқығын иелiктен шығару не оны кепiлге беру жағдайларына қолданылмайды.";

      2) 105-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жер учаскелерiн мемлекеттiк табиғи қорықтарға, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерге, мемлекеттiк табиғи резерваттарға, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктерге, мемлекеттiк зоологиялық парктерге, мемлекеттiк ботаникалық бақтарға, мемлекеттiк дендрологиялық парктерге және мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiне тарихи-мәдени мақсаттағы объектiлер үшiн беру кезiнде де, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда шыққан шығасы өтелмейдi.";

      3) 122-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiне мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң, мемлекеттiк зоологиялық парктердiң, мемлекеттiк ботаникалық бақтардың, мемлекеттiк дендрологиялық парктер мен мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң жерi жатады.
      Мемлекеттiк қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдардың жер учаскелерi жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алынбай, басқа санаттардағы жерлер құрамында бөлiнедi және мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу кезiнде ескерiледi.
      Мемлекеттiк қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдардың аумағы шегiнде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң және оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне және оларды қалпына келтiруге терiс әсер ететiн кез келген қызметтi шектеу меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiне ауыртпалық болып енгiзiледi және бұл жерге орналастыру құжаттамасында ескерiледi.";

      4) 123-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "123-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет
                аймақтарының жерлерi

      1. Ерекше күзетудi және қолайсыз сыртқы әсерден қорғауды қамтамасыз ету үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына, осы аймақтар шегiнде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйесiне және оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне қолайсыз әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынатын және (немесе) шектеу қойылатын күзет аймақтары белгiленедi.
      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттар мен мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң күзет аймағы аумағында табиғат пайдалану мөлшерi, шекарасы, режим түрлерi және тәртiбi оларды құру жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелермен айқындалады, осы Кодексте және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында  белгiленген тәртiппен облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдарының шешiмдерiмен белгiленедi.
      Бұл ретте меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiнiң шекаралары бойынша немесе табиғи географиялық межелер  бойынша белгiленетiн және сол жерлерде арнаулы белгілерімен белгіленетін күзет аймағының енi екi километрден кем болмауға тиiс.
      3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шегiндегi жер учаскелерi осы аймақтарды қорғаудың белгiленген режимiн сақтай отырып пайдаланылады және осы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қойылуы (сатып алынуы) мүмкiн.";

      5) 128-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Жекеше орман қоры жерiне осы Кодекске сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен отырғызылған қолдан өсiрiлген ормандар, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер және бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған агроорман-мелиорациялық екпелер өсiп тұрған жер жатады.".

      3. 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 16, 140-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      1) 3-баптың 3) тармақшасы мен 26-баптың 2) тармақшасындағы "табиғи-қорық" деген сөздiң алдынан тиiсiнше "мемлекеттiк" деген сөзбен, 55-баптың 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасындағы "табиғат-қорық" деген сөздердiң алдынан "мемлекеттiк" деген сөзбен толықтырылсын;

      2) 4-баптың 26) тармақшасындағы "орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесiнiң" деген сөздер "орман иеленушiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 6-баптың 4-тармағы және 8-баптың 3-тармағы "плантациялық екпелер" деген сөздерден кейiн "және бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған агроорманмелиорациялық екпелер" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 18-бапта:
      тақырыбындағы "функциялары" деген сөз "негiзгi қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "өңдеу" деген сөз "ұқсату" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;

      5) 22-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:
      "биосфералық түрлерiн қоса алғанда", "мемлекеттiк табиғи қорық-сепортерлерге," деген сөздер алып тасталсын;
      "мемлекеттiк табиғи саябақтарға" деген сөздер "мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 26-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) уәкiлеттi орган бекiткен ережелерге сәйкес орманды шолып, тексеру жүргiзуге;";

      7) 36-баптың 7-тармағындағы "күтiп-баптау мақсатында кесудi және санитарлық мақсатта кесудi" деген сөздер "аралық пайдалану мақсатында кесудi және өзгедей мақсатта кесудi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 38-баптың 12) тармақшасында:
      "жобасына сәйкес" деген сөздерден кейiн ", орманды қайта жаңартуды қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      "ағашы кесiлген орман алаңының" деген сөздер "ағашы кесiлген алаңының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ағаш отырғызуды" деген сөздер "орманды молықтыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 44-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандары;";
      бесiншi абзац "мемлекеттiк" деген сөзден кейiн "өңiрлiк" деген сөзбен толықтырылсын;

      10) 59-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгiнде:
      "(биосфералық түрлерiн және сепортер-қорықтарды қоса алғанда)", "орман" деген сөздер алып тасталсын;
      "табиғи саябақтар" деген сөздер "табиғи саябақтар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтар" деген сөздермен, "ескерткiштерi" деген сөз "ескерткiштер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 73-баптың 3-тармағындағы ", орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау" деген сөздер алып тасталсын;

      12) 77-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлер уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен құрылады және анықталады.";

      13) 78-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi аттестаттау мен есепке алуды уәкiлеттi органның мамандандырылған ұйымдары өздерi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.";

      14) 80-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "80-бап. Орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау, пайдалану
               және олардың сапасын бақылау";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеудi, сақтауды, пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.";

      15) 86-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған агроорманмелиорациялық екпелер өсiп тұрған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер сатып алынады немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiледi және Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жекеше орман қоры жерлерiне ауыстырылуы мүмкiн.";

      16) 89-бапта:
      тақырыбы "жөнiндегi" деген сөзден кейiн "және бөрене кесу жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мәтiнiндегi "заңдарында" деген сөз "лицензиялау туралы заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын, "қызмет" деген сөзден кейiн "және бөрене кесу жөнiндегi жұмыстар" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 91-бапта:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "Күтiп-баптау мақсатында және санитарлық", "күтiп-баптау мақсатында және санитарлық" деген сөздер тиiсiнше "Аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу және өзгедей", "аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу және өзгедей" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "күтiп-баптау мақсатында және санитарлық мақсатта ағаш кесуге" деген сөздер "аралық пайдалану мақсатында және өзге де мақсатта ағаш кесуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 92-бапта:
      1-тармақта:
      "биосфералық және сепортер-қорықтарды қоса алғандағы", ", мемлекеттiк табиғи қорықтарды, мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтарды жасау, не аса құнды табиғи ресурстарды сақтау үшiн резервке қойылған мемлекеттiк қорық аймақтары учаскелерiнде" деген сөздер алып тасталсын;
      "мемлекеттiк табиғи" деген сөздер "мемлекеттiк өңiрлiк табиғи" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2 және 3-тармақтардағы "мемлекеттiк табиғи саябақтар" деген сөздер "мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 93-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiнде:
      "(биосфералық түрлерiн және сепортер-қорықтарды қоса алғанда)" деген сөздер алып тасталсын;
      "мемлекеттiк табиғи саябақтардың" деген сөздер "мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 112-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "112-бап. Орман мекемелерiнiң ақылы қызметтерiнен түскен
                қаражаты

      1. Орман мекемелерiнiң өздерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу:
      1) елдi мекендердi көгалдандыру үшiн отырғызылатын материалдарды өсiру және орман тұқымдарын жинау, көгалдандыру, қорғау, плантациялық және өзге де екпелердi отырғызу, оқу практикаларын өткiзу;
      2) аралық пайдалану мақсатында және өзге де мақсаттарда ағаш кесу, соның iшiнде халықты отынмен қамтамасыз ету, жанама орман пайдалану үшiн ағаш кесу есебiнен алатын қаражаты болуы мүмкiн.
      2. Орман мекемелерiнiң қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Орман мекемелерiнiң қаражатын ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға және орман өсiруге, жанама орман пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.".

      4. 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат):
      1) 50-баптың 1-тармағының 8) тармақшасында:
      бiрiншi абзац "шаруашылығы" деген сөзден кейiн ", ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы он бесiншi және он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "жер пайдаланудың ерекше режимiнiң белгiленуiне байланысты меншiк құқықтарын немесе жер пайдалану құқықтарын тоқтатуға, меншiк құқықтарын және жер пайдалану құқықтарын шектеуге, жер учаскелерi иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соқтыратын жердi мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қойған (сатып алған) жағдайларда жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу;
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындауға және жердi қорғаныс пен қауiпсiздiк қажеттiктерi үшiн пайдалануға байланысты жағдайларда жер учаскелерiн барлық санаттағы жерлерден алып қойған, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қойған кезде залалдарды өтеу;";

      2) 51-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай мазмұндағы он жетiншi және он сегiзiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "жер пайдаланудың ерекше режимiнiң белгiленуiне байланысты меншiк құқықтарын немесе жер пайдалану құқықтарын тоқтатуға, меншiк құқықтарын және жер пайдалану құқықтарын шектеуге, жер учаскелерi иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соқтыратын жердi мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қойған (сатып алған) жағдайларда жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу;
      жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда жер учаскелерiн барлық санаттағы жерлерден алып қойған, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қойған кезде залалдарды өтеу;";

      3) 52-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай мазмұндағы он төртiншi және он бесiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "жер пайдаланудың ерекше режимiнiң белгiленуiне байланысты меншiк құқықтарын немесе жер пайдалану құқықтарын тоқтатуға, меншiк құқықтарын және жер пайдалану құқықтарын шектеуге, жер учаскелерi иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соқтыратын жердi мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қойған (сатып алған) жағдайларда жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу;
      жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда жер учаскелерiн барлық санаттағы жерлерден алып қойған, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қойған кезде залалдарды өтеу;".

      5. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 87-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат):
      9-баптың 1-тармағының 55) тармақшасындағы "дайындау" деген сөзден кейiн "және бөрене кесу жөнiндегi жұмыстар" деген сөздермен толықтырылсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам особо охраняемых природных территорий и лесного хозяйства

Закон Республики Казахстан от 7 июля 2006 года N 176

      Статья 1 . Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Кодекс  Республики Казахстан от 12 июня 2001 г. "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 11-12, ст. 168; 2002 г., N 6, ст. 73, 75; N 19-20, ст. 171; 2003 г., N 1-2, ст. 6; N 4, ст. 25; N 11, ст. 56; N 15, ст. 133, 139; N 21-22, ст. 160; N 24, ст. 178; 2004 г, N 5, ст. 30; N 14, ст. 82; N 20, ст. 116; N 23, ст. 140, 142; N 24, ст. 153; 2005 г., N 7-8, ст. 23; N 21-22, ст. 86, 87; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1, ст. 4, 5; N 3, ст. 22; N 4, ст. 24; N 8, ст. 45, 46; Закон  Республики Казахстан от 5 июня 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам создания регионального финансового центра города Алматы", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 9 июня 2006 г. и "Казахстанская правда" 10 июня 2006 г.):
      подпункт 1) пункта 2 статьи 338 изложить в следующей редакции:
      "1) оздоровительные детские учреждения;".

      2. В Земельный  кодекс Республики Казахстан от 20 июня 2003 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., N 13, ст. 99; 2005 г., N 9, ст. 26; 2006 г., N 1, ст. 5; N 3, ст. 22):
      1) пункт 2 статьи 39 изложить в следующей редакции:
      "2. Государственный землепользователь не вправе отчуждать, а также сдавать в залог принадлежащее ему право землепользования.
      Положение части первой настоящего пункта не распространяется на случаи отчуждения права землепользования либо его залога, связанного с отчуждением либо залогом недвижимого имущества, находящегося на земельном участке, за исключением расположенного на землях особо охраняемых природных территорий.";
      2) часть вторую пункта 3 статьи 105 изложить в следующей редакции:
      "Потери не возмещаются также при предоставлении земельных участков государственным природным заповедникам, государственным национальным природным паркам, государственным природным резерватам, государственным региональным природным паркам, государственным зоологическим паркам, государственным ботаническим садам, государственным дендрологическим паркам и государственным памятникам природы, под объекты историко-культурного назначения, а также в иных случаях, предусмотренных нормативными правовыми актами Правительства Республики Казахстан.";
      3) пункт 1 статьи 122 изложить в следующей редакции:
      "1. К землям особо охраняемых природных территорий относятся земли государственных природных заповедников, государственных национальных природных парков, государственных природных резерватов, государственных региональных природных парков, государственных зоологических парков, государственных ботанических садов, государственных дендрологических парков и государственных памятников природы.
      Земельные участки государственных заповедных зон и государственных природных заказников выделяются в составе других категорий земель без их изъятия у собственников земельных участков и землепользователей и учитываются при ведении государственного земельного кадастра.
      Ограничения в пределах территории государственных заповедных зон и государственных природных заказников любой деятельности, отрицательно влияющей на состояние и восстановление экологических систем данных особо охраняемых природных территорий и находящихся на них объектов государственного природно-заповедного фонда, вносятся обременением на земельные участки собственников и землепользователей и учитываются в землеустроительной документации.";
      4) статью 123 изложить в следующей редакции:
      "Статья 123. Земли охранных зон особо охраняемых природных
                   территорий
      1. Для обеспечения особой охраны и защиты от неблагоприятного внешнего воздействия вокруг особо охраняемых природных территорий устанавливаются охранные зоны с запрещением и (или) ограничением в пределах этих зон любой деятельности, отрицательно влияющей на состояние и восстановление экологических систем данных особо охраняемых природных территорий и находящихся на них объектов государственного природно-заповедного фонда.
      2. Размеры, границы, виды режима и порядок природопользования на территории охранных зон государственных природных заповедников, государственных национальных природных парков, государственных природных резерватов и государственных региональных природных парков определяются естественно-научными и технико-экономическими обоснованиями по их созданию и устанавливаются решениями областных (города республиканского значения, столицы) исполнительных органов в порядке, установленном настоящим Кодексом и Законом Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях".
      При этом ширина охранной зоны, которая устанавливается по границам земельных участков собственников и землепользователей или по естественным географическим рубежам и обозначается на местности специальными знаками, должна быть не менее двух километров.
      3. Земельные участки в пределах охранных зон особо охраняемых природных территорий используются с соблюдением установленного режима охраны этих зон и могут быть изъяты (выкуплены) для государственных нужд в соответствии с условиями, установленными настоящим Кодексом.";
      5) пункт 4 статьи 128 изложить в следующей редакции:
      "4. К землям частного лесного фонда относятся земли, покрытые искусственными лесами, агролесомелиоративными насаждениями, плантационными насаждениями специального назначения, созданными за счет средств физических и негосударственных юридических лиц, и агролесомелиоративными насаждениями, созданными за счет бюджетных средств на землях, предоставленных им в частную собственность или долгосрочное землепользование в соответствии с настоящим Кодексом, с целевым назначением для лесоразведения.".

      3. В Лесной  кодекс Республики Казахстан от 8 июля 2003 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., N 16, ст. 140; 2004 г., N 23, ст. 142; 2006 г., N 3,ст. 22):
      1) подпункт 3) статьи 3, подпункт 2) статьи 26 и подпункт 4) части второй пункта 1 статьи 55 после слова "объектов" дополнить словом "государственного";
      2) в подпункте 26) статьи 4 слова "государственного учреждения лесного хозяйства" заменить словом "лесовладельца";
      3) пункт 4 статьи 6 и пункт 3 статьи 8 после слов "юридических лиц" дополнить словами ", и агролесомелиоративные насаждения, созданные за счет бюджетных средств";
      4) в статье 18:
      в заголовке слово "Функции" заменить словами "Основная деятельность";
      в подпункте 2) слово "обработке" заменить словом "переработке";
      подпункты 10) и 11) исключить;
      5) в подпункте 2) пункта 2 статьи 22:
      слова ", включая биосферные, государственным природным заповедникам-сепортерам" исключить;
      слова "государственным природным паркам" заменить словами "государственным региональным природным паркам";
      6) статью 26 дополнить подпунктом 6-1) следующего содержания:
      "6-1) проводить ревизию лесных обходов в соответствии с правилами, утвержденными уполномоченным органом;";
      7) в пункте 7 статьи 36 слова "ухода и санитарных" заменить словами "промежуточного пользования и прочих";
      8) в подпункте 12) статьи 38:
      слова "посадку леса" заменить словом "воспроизводство";
      слова "площади вырубленного леса" заменить словами "вырубленной площади";
      дополнить словами ", включая возобновление леса";
      9) в подпункте 1) пункта 2 статьи 44:
      абзац второй изложить в следующей редакции:
      "леса государственных природных заповедников;";
      абзац пятый после слова "государственных" дополнить словом "региональных";
      10) в части третьей пункта 1 статьи 59:
      слова "лесные", "(включая биосферные и заповедники-сепортеры)" исключить;
      после слова "парков" дополнить словами ", государственных региональных природных парков";
      11) в пункте 3 статьи 73 слова ", заготовке, обработке, хранению лесных семян" исключить;
      12) статью 77 дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:
      "2-1. Объекты селекционно-семеноводческого назначения создаются и выявляются в порядке, установленном уполномоченным органом.";
      13) статью 78 дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:
      "3-1. Аттестация и учет объектов селекционно-генетического назначения на участках государственного лесного фонда осуществляются специализированными организациями уполномоченного органа в установленном им порядке.";
      14) в статье 80:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      "Статья 80. Заготовка, переработка, хранение, использование лесных семян и контроль за их качеством";
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      "5. Порядок организации заготовки, переработки, хранения, использования лесных семян и контроль за их качеством устанавливаются уполномоченным органом.";
      15) часть вторую пункта 2 статьи 86 изложить в следующей редакции:
      "Земли сельскохозяйственного назначения, занятые агролесомелиоративными насаждениями, созданными за счет бюджетных средств, выкупаются или передаются в долгосрочное землепользование и могут быть переведены в земли частного лесного фонда в соответствии с законодательным актом Республики Казахстан о земле.";
      16) в статье 89:
      заголовок дополнить словами "и по распиловке круглого леса";
      текст после слов "лесопользователями", "Казахстан" дополнить соответственно словами ", и работы по распиловке круглого леса", "о лицензировании";
      17) в статье 91:
      в заголовке и пункте 1 слова "рубке ухода и санитарной рубке" заменить словами "рубках промежуточного пользования и прочих рубках";
      в пункте 2 слова "рубки ухода и санитарной рубки" заменить словами "рубок промежуточного пользования и прочих рубок";
      18) в статье 92:
      в пункте 1:
      слова ", включая биосферные и заповедники-сепортеры", ", на участках государственных заповедных зон, зарезервированных под создание государственных природных заповедников, государственных национальных природных парков либо для сохранения особо ценных природных ресурсов," исключить;
      слова "государственных природных" заменить словами "государственных региональных природных";
      в пунктах 2 и 3 слова "государственных природных парков" заменить словами "государственных региональных природных парков";
      19) в части первой пункта 3 статьи 93:
      слова "(включая биосферные и заповедники-сепортеры)" исключить;
      слова "государственных природных" заменить словами "государственных региональных природных";
      20) статью 112 изложить в следующей редакции:
      "Статья 112. Средства лесных учреждений от платных услуг
      1. Лесные учреждения могут иметь средства за счет реализации следующих товаров (работ и услуг), не относящихся к их основной деятельности:
      1) выращивание посадочного материала для озеленения населенных пунктов и сбора лесных семян, создание озеленительных, защитных, плантационных и иных насаждений, проведение учебной практики;
      2) реализация товаров от рубок промежуточного пользования и прочих рубок, в том числе для обеспечения населения топливом, побочного лесного пользования.
      2. Использование средств лесных учреждений осуществляется в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.
      3. Запрещается использование средств лесных учреждений на цели, не связанные с охраной, защитой, воспроизводством лесов и лесоразведением, побочным лесным пользованием.".

      4. В Бюджетный  кодекс Республики Казахстан от 24 апреля 2004 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2004 г., N 8-9, ст. 53; N 20, ст. 116; N 23, ст. 140, 142; 2005 г., N 14, ст. 55; N 21-22, ст. 87; 2006 г., N 1, ст. 5; N 3, ст. 22; N 8, ст. 45):
      1) в подпункте 8) пункта 1 статьи 50:
      абзац первый после слова "хозяйство" дополнить словами ", особо охраняемые природные территории";
      дополнить абзацами пятнадцатым и шестнадцатым следующего содержания:
      "возмещение убытков, причиненных собственникам земельных участков или землепользователям в случаях изъятия (выкупа) земель на государственные нужды, влекущего прекращение прав собственности или землепользования, ограничение прав собственности или землепользования в связи с установлением особого режима землепользования, нарушения прав собственников земельных участков или землепользователей;
      возмещение убытков при изъятии, в том числе путем выкупа, земельных участков из земель всех категорий в случаях, связанных с созданием и расширением особо охраняемых природных территорий республиканского значения, выполнением международных обязательств и использованием земель для нужд обороны и безопасности;";
      2) подпункт 8) пункта 1 статьи 51 дополнить абзацами семнадцатым и восемнадцатым следующего содержания:
      "возмещение убытков, причиненных собственникам земельных участков или землепользователям в случаях изъятия (выкупа) земель на государственные нужды, влекущего прекращение прав собственности или землепользования, ограничение прав собственности или землепользования в связи с установлением особого режима землепользования, нарушения прав собственников земельных участков или землепользователей;
      возмещение убытков при изъятии, в том числе путем выкупа, земельных участков из земель всех категорий в случаях, связанных с созданием и расширением особо охраняемых природных территорий местного значения;";
      3) подпункт 8) пункта 1 статьи 52 дополнить абзацами четырнадцатым и пятнадцатым следующего содержания:
      "возмещение убытков, причиненных собственникам земельных участков или землепользователям в случаях изъятия (выкупа) земель на государственные нужды, влекущего прекращение прав собственности или землепользования, ограничение прав собственности или землепользования в связи с установлением особого режима землепользования, нарушения прав собственников земельных участков или землепользователей;
      возмещение убытков при изъятии, в том числе путем выкупа, земельных участков из земель всех категорий в случаях, связанных с созданием и расширением особо охраняемых природных территорий местного значения;".

      5. В Закон  Республики Казахстан от 17 апреля 1995 г. "О лицензировании" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 3-4, ст. 37; N 12, ст. 88; N 14, ст. 93; N 15-16, ст. 109; N 24, ст. 162; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N 8-9, ст. 236; 1997 г., N 1-2, ст. 8; N 7, ст. 80; N 11, ст. 144, 149; N 12, ст. 184; N 13-14, ст. 195, 205; N 22, ст. 333; 1998 г., N 14, ст. 201; N 16, ст. 219; N 17-18, ст. 222, 224, 225; N 23, ст. 416; N 24, ст. 452; 1999 г., N 20, ст. 721, 727; N 21, ст. 787; N 22, ст. 791; N 23, ст. 931; N 24, ст. 1066; 2000 г., N 10, ст. 248; N 22, ст. 408; 2001 г., N 1, ст. 7; N 8, ст. 52, 54; N 13-14, ст. 173, 176; N 23, ст. 321; N 24, ст. 338; 2002 г, N 2, ст. 17; N 15, ст. 151; N 19-20, ст. 165; 2003 г., N 1-25, ст. 2; N 4, ст. 25; N 6, ст. 34; N 10, ст. 50, 51; N 11, ст. 69; N 14, ст. 107; N 15, ст. 124, 128, 139; 2004 г., N 2, ст. 9; N 5, ст. 27; N 10, ст. 54; N 14, ст. 82; N 15, ст. 86; N 16, ст. 91; N 17, ст. 98; 2005 г., N 7-8, ст. 23; N 11, ст. 37; N 14, ст. 55, 58; N 23, ст. 104; 2006 г, N 8, ст. 45):
      подпункт 55) пункта 1 статьи 9 дополнить словами "и работы по распиловке круглого леса".

      Статья 2 . Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан