Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үйдiң жалға берiлетiн секторын дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 182 Заңы

       РҚАО-ның ескертуі: Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.       

      1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"  кодексiне  (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 9-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 4, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар):
      1) 225-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 18-тармақшасындағы "тауарларды өткiзу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады." деген сөздер "тауарларды;" деген сөзбен ауыстырылып, бөлiк мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
      "20) тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға сәйкес жалға берiлетiн үйдiң үй-жайларын жалға беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер өткiзу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.";

      2) 326-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) жалға берiлетiн үйлердi күтiп-ұстау үшiн сатып алынған жер учаскелерi.".

      2. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 ж., N 13, 431-құжат; N 23, 921-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 17, 101-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      1) 2-бап мынадай мазмұндағы отыз жетiншi, отыз сегiзiншi, отыз тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "жалға берiлетiн үй - жеке және (немесе) заңды тұлғаға меншiк құқығымен тиесiлi тұрғын үй (тұрғын жай), жалға беруге арналған тұрғын үй-жайлар (пәтерлер);
      тұрғын үйдi қосымша жалдау шарты - тараптардың шарты, оған сәйкес жалдаушы қосымша жалдаушыға тұрғын үйдi не оның бiр бөлiгiн тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын бередi;
      қосымша жалдаушы - тұрғын үйдi қосымша жалдау шартындағы тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн жалдаушыдан тұрақты немесе уақытша пайдалануға алатын тарап.";

      2) 23-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Жергiлiктi атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңның 67-бабында аталған азаматтарға кейiннен беру үшiн жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдауға құқылы.";

      3) 24-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Тұрғын үй-жайды жергiлiктi атқарушы орган жалға алып берген адам оған қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындарды қоныстандыруға құқылы емес.";

      4) 9-тараудың тақырыбы "қорынан тұрғын үй" деген сөздерден кейiн "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 67-бапта:
      1-тармақ "қорының тұрғын үй тұрғын үйге" деген сөздер "қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ:
      "қорынан тұрғын үй" деген сөздерден кейiн "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Оларға берiлетiн тұрғын үй" деген сөздерден кейiн ", жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 70-баптың тақырыбы "қорынан тұрғын үй" деген сөздерден кейiн, мәтiнi "бiр тұрғын үй" деген сөздерден кейiн "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 10-тараудың тақырыбы "қорынан тұрғын үй" деген сөздерден кейiн "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79-баптардың тақырыптары және мәтiндерi "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй", "мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй", "Мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын үйлерiне" және "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдiң" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй", "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерiне" және "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдiң" деген сөздермен толықтырылып, 74-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан (жаңадан пайдалануға берiлген немесе тұрғындар босатқан) бөлек тiзiм бойынша тұрғын үй" деген сөздер "Бөлек тiзiм бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан (жаңадан пайдалануға берiлген немесе тұрғындар босатқан) тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй" деген сөздермен, 79-баптағы "Eгep мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз адамдар тұратын тұрғын үйден" деген сөздер "Егер әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз адамдар тұратын мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйден немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"11-тарау. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үйлердi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған үйлердi жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) құқықтары мен мiндеттерi";

      10) 80-бапта:
      тақырыбы және мәтiнi "қорынан тұрғын үйдi", "жалдау" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi" және "(қосымша жалдау)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi қосымша жалдау шарты тұрғын үй беру туралы шешiмнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы орган мен азаматтың арасында жазбаша нысанда жасалады.";

      11) 81-бапта:
      тақырыбы және мәтiнi "қорынан тұрғын үйдi", "жалдау" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi" және "(қосымша жалдау)" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартының нысанасы бөлек тұрғын үй болып табылады.";

      12) 82-баптың тақырыбы және мәтiнi "қорынан тұрғын үйдi", "жалдау" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi" және "(қосымша жалдау)" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 83-бапта:
      тақырыбы және мәтiнi "Жалға алушының", "жалға алушымен", "жалға алушының", "жалға алушы" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(қосымша жалға алушының)", "(қосымша жалға алушымен)", "(қосымша жалға алушы)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "қорынан тұрғын үйдi" деген сөздерден кейiн "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жалдау" деген сөзден кейiн "(қосымша жалдау)" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 84-бапта:
      тақырыбында және мәтiнде:
      "Жалға алушының", "Жалға алушы", "жалдаушының", "Жалдаушы" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(қосымша жалға алушының)", "(қосымша жалға алушы)", "(қосымша жалдаушының)", "(қосымша жалдаушы)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "және басқа азаматтарды", ", басқа адамдарды" деген сөздер алып тасталсын;
      "тұрғын үйге" деген сөздерден кейiн "немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ алып тасталсын;

      15) 85-бапта:
      тақырыбы және мәтiнi "тұрғын үйдiң", "тұрғын үй" деген сөздерден кейiн "немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдiң", "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Жалға алушы", "жалға алушы" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(қосымша жалға алушы)" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 86-баптың тақырыбы және мәтiнi "Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң", "Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй", "Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге" және "Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдiң", "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй", "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге" және "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 87-баптың тақырыбы және мәтiнi "тұрғын үйдi", "жалға алушының" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi" және "(қосымша жалға алушының)" деген сөздермен толықтырылсын;

      18) 88-баптың тақырыбы және мәтiнi:
      "Жалға алушы", "тұрғын үйдi" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(қосымша жалға алушы)", "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi" деген сөздермен толықтырылсын;
      бiрiншi және екiншi бөлiктер "тұрғын үйде", "тұрғын үй" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде" және "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 89-бапта:
      тақырыбы "жалға алушының" деген сөздерден кейiн "(қосымша жалға алушының)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қосымша жалға алушының уақытша болмауы оны жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi қосымша жалға алу шарты бойынша мiндеттердi атқарудан босатпайды.";

      20) 92-бапта:
      тақырыбы "тұрғын үйдi", "жалдау" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi" және "(қосымша жалдау)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi қосымша жалдау шарты, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қосымша жалдаушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң және жергiлiктi атқарушы органның келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн.";

      21) 93-бапта:
      тақырыбы "жалға алушылардың" деген сөздерден кейiн "(қосымша жалға алушылардың)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мәтiнi "тұрғын үйде" деген сөздерден кейiн "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жалдау" деген сөзден кейiн "(қосымша жалдау)" деген сөздермен толықтырылсын;

      22) 94-бапта:
      тақырыбы "Жалға алушы", "тұрғын үйдi" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(қосымша жалға алушы)" және "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi" деген сөздермен толықтырылсын;
      бiрiншi бөлiк:
      "тұрғын үйде" деген сөздерден кейiн "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жалға алу" деген сөздерден кейiн "(қосымша жалға алу)" деген сөздермен толықтырылсын;

      23) 95-бапта:
      тақырыбы және мәтiнi "жалға алушы", "Жалға алушы", "Жалға алушының" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(қосымша жалға алушы)", "(қосымша жалға алушының)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жалдау" деген сөзден кейiн "(қосымша жалдау)" деген сөздермен толықтырылсын;

      24) 12-тараудың тақырыбы "тұрғын үйлерге" деген сөздерден кейiн "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге" деген сөздермен толықтырылсын;

      25) 97-бапта:
      тақырыбы "тұрғын үйдi" деген сөздерден кейiн "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Азаматтардың жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлейтiн ақысының мөлшерiн осы жергiлiктi атқарушы орган белгiлейдi.
      1-2. Жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорындағы немесе жалға берiлген тұрғын үйлердегi тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн азаматтардың белгiлi бiр санатының шығыстарын бюджет қаражаты есебiнен төлеуге құқылы.
      Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берiлген тұрғын үйлердегi тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысының шығыстары жергiліктi бюджетке жүктелетiн азаматтар санатын жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.";
      2-тармақтың екiншi бөлiгiнде:
      "қызметтерiн тұтынуға ақы" деген сөздерден кейiн ", жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "(жалгерлерi)" деген сөз "(қосымша жалға алушылары)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 14-тараудың тақырыбы "тұрғын үйлердi" деген сөздерден кейiн "және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi" деген сөздермен толықтырылсын;

      27) 102-бапта:
      тақырыбы және мәтiнi:
      "тұрғын үйдi", "жалдау" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi" және "(қосымша жалдау)" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдаушы (қосымша жалдаушы) кез келген уақытта (кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен) жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуға құқылы.";
      2-тармақ "Жалдаушы" деген сөзден кейiн "(қосымша жалдаушы)" деген сөздермен толықтырылсын;

      28) 103-бапта:
      тақырыбы және мәтiнi:
      "тұрғын үйдi", "жалдау", "жалдаушыны" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi", "(қосымша жалдау)" және "(қосымша жалдаушыны)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2 және 3-тармақтар "тұрғын үйлерден", "тұрғын үй" деген сөздерден кейiн "және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден", "және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй" деген сөздермен толықтырылсын;

      29) 104-баптың 1-тармағы "тұрғын үйден" деген сөздерден кейiн "және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден" деген сөздермен толықтырылсын;

      30) 105-бапта:
      тақырыбы "тұрғын үй қорынан" деген сөздерден кейiн "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты осы Заңның 108-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша жарамсыз деп танылса, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылуы, ал жалдаушы (қосымша жалдаушы) тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй берiлiп шығарылуы мүмкiн.";

      31) 106-бапта:
      тақырыбы және 1-тармақ "тұрғын үй қорынан" деген сөздерден кейiн "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден" деген сөздермен толықтырылсын;
      2, 3, 5 және 6-тармақтар "жалдаушы", "жалдаушыда", "жалдаушыға", "Жалға алушының", "жалға алушыны" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(қосымша жалдаушы)", "(қосымша жалдаушыда)", "(қосымша жалдаушыға)", "(қосымша жалға алушының)", "(қосымша жалға алушыны)" деген сөздермен толықтырылсын;

      32) 107-бапта:
      тақырыбы "тұрғын үй қорынан" деген сөздерден кейiн "немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден" деген сөздермен толықтырылсын;
      бiрiншi абзац "Жалдаушыны" деген сөзден кейiн "(қосымша жалдаушыны)" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) тармақша "жалдау" деген сөзден кейiн "(қосымша жалдау)" деген сөздермен толықтырылсын;

      33) 108-баптың тақырыбы және мәтiнi "үй-жайды жалға алу" деген сөздер "үйдi жалға алу (қосымша жалға алу)" деген сөздермен ауыстырылып, "жалға алу", "Жалдау" деген сөздерден кейiн "(қосымша жалға алу)", "(қосымша жалдау)" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 16, 90-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
      "20) жылжымайтын мүлiк қоры - қызметiнiң айрықша түрi осы Заңда белгiленген талаптарға және өзiнiң инвестициялық декларациясына сәйкес, осы қоғамның акционерлерi оның акцияларын төлеу үшiн қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесiнде алынған активтердi жылжымайтын мүлiкке және осы Заңмен өзге де рұқсат берiлген мүлiкке жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлiк инвестициялық қор.";

      2) 4-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жылжымайтын мүлiк қоры оның акцияларын ұстаушысына жылына кемiнде бiр рет акциялар бойынша дивидендтер алуға құқық бередi. Дивидендтердi төлеуге жiберiлетiн ақшаның ең аз мөлшерi қордың таза кiрiсiнiң кемiнде тоқсан процентiн құрауға тиiс.";
      6-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Жылжымайтын мүлiк қоры тәуекелмен инвестицияланатын қорлар бола алмайды.";

      3) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жылжымайтын мүлiк қоры болып әрекет ететiн акционерлiк инвестициялық қордың атауында "жылжымайтын мүлiк қоры" деген сөздер болуға тиiс.";

      4) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында белгiленген тыйым салу тәуекелмен инвестицияланатын акционерлiк инвестициялық қорларға және жылжымайтын мүлiк қорларына қолданылмайды.
      Негiзгi қызмет түрi жылжымайтын мүлiк қорларының активтерi есебiнен сатып алынған жылжымайтын мүлiкке қызмет көрсету болып табылатын жылжымайтын мүлiк қорлары еншiлес ұйымдар құруға құқылы.
      Жылжымайтын мүлiк қорлары қордың активтерi есебiнен сатып алынған жылжымайтын мүлiктi жалға беруге құқылы.";

      5) 37-бапта:
      2-тармақтың бiрiншi бөлiгi "Акционерлiк" деген сөзден кейiн "(жылжымайтын мүлiк қорларынан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн:
      1) үйлер мен ғимараттар, сондай-ақ осы үйлер мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi;
      2) үйлер мен ғимараттарға қызмет көрсетуге қажеттi өндiрiстiк құрал-саймандар мен негiзгі құралдар;
      3) тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн ақша және қаржы құралдары құрайды.
      Жылжымайтын мүлiк қорлары активтерiнiң құрамында жылжымайтын мүлiктiң салынып жатқан және қайта жаңартылып жатқан объектiлерi, жобалық-сметалық құжаттама болмауға тиiс.
      Жылжымайтын мүлiк қорының активтерiн мүлiкке инвестициялау кезiнде (бағалы қағаздар мен ақшаны қоспағанда) тәуелсiз бағалаушы мiндеттi түрде оны бағалауға тиiс.";
      3-тармақтың бiрiншi бөлiгi "Акционерлiк" деген сөз "Жылжымайтын мүлiк қорларын қоспағанда, акционерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "3-1. Жылжымайтын мүлiк қорының таза активтерi құнының кемiнде сексен процентiн жылжымайтын мүлiк құрауға тиiс.
      Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына кiретiн мүлiк сақтандырылуға және (немесе) жылжымайтын мүлiк қоры осы активтердiң мөлшерiндей резервтiк қор құруға тиiс.
      3-2. Жылжымайтын мүлiк қорының инвестициялық кiрiсiнiң кемiнде елу процентiн жылжымайтын мүлiктi жалға беру нәтижесiнде алынған кiрiстер құрауға тиiс.";
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамы жылжымайтын мүлiк қоры акцияларының шығарылымы тiркелген күннен бастап он екi ай iшiнде осы баптың талаптарына сәйкес келтiрiлуге тиiс.
      Егер жылжымайтын мүлiк қорының активтерiмен қандай да бiр мәмiлелердi жүзеге асыру нәтижесiнде жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына қойылатын талаптар және (немесе) шектеулер бұзылған жағдайда, жылжымайтын мүлiк қоры осындай оқиға болған күннен кейiнгi бiр күн iшiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге және активтердiң құрамын жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына осындай өзгерiстер болған күннен бастап алты ай iшiнде осы баптың талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.";
      7-тармақтың 1) тармақшасы "пай қоры" деген сөздерден кейiн "не жылжымайтын мүлiк қоры" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 39-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "нұсқаулар болуға тиiс." деген сөздер "нұсқаулар;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) жылжымайтын мүлiк қоры үшiн - қордың активтерiн мүлiкке инвестициялау кезiнде туындайтын тәуекелдердiң сипаттамасы, сондай-ақ оларды азайтуға бағытталған iс-шаралар болуға тиiс.";

      7) 41-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы баптың 2-тармағының төртiншi бөлiгiнде көзделген шарттар сақталған жағдайда, осы тармақтың 6) тармақшасының талабы жылжымайтын мүлiк қорларына қолданылмайды.";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң есебiнен өтелуге жататын қарыздың кез келген түрi бойынша берешектiң жиынтық көлемi жылжымайтын мүлiк қорының активтерi құнының алпыс процентiнен аспауға тиiс.".

       2-бап.  Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 1-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады