Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 наурыздағы N 240 Заңы

       Ескерту. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз.

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж, N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат;  N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; 2007 жылғы 12 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 13 наурызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 70-бапта:
      бiрiншi және екiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген және сот тағайындаған жазаны толық өтеудi қажет етпейтiн адамды сот құқық бұзбайтын мiнез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелiк iс-шараларға белсендi қатысқаны, қылмысымен келтiрген залалын өтеу жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн сот тағайындаған жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiн. Бұл орайда ол адам қосымша жаза түрiн өтеуден толық немесе iшiнара босатылуы мүмкiн.
      2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдарға жазасының өтелмеген қалған бөлiгi iшiнде тiзбесi Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 178-2-бабында белгiленетiн мiндеттер жүктеледi.";

      үшiншi бөлiктiң в) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "в) аса ауыр қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн өтегеннен кейiн қолданылуы мүмкiн.";

      алтыншы бөлiктегi "оған" деген сөз алып тасталып, "мамандандырылған уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "iшкi iстер органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетiншi бөлiктiң а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "a) бiрнеше рет әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, ол үшiн оған әкiмшiлiк жаза қолданылса немесе өзiне Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 178-2-бабымен жүктелген және сот жүктеген мiндеттердi орындаудан әдейi жалтарса, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды қолдану кезiнде сот осы баптың алтыншы бөлiгiнде аталған органдардың ұсынуы бойынша шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою және жазаның өтелмеген бөлiгiн орындау туралы қаулы ете алады;";

      сегiзiншi бөлiк "ауыстырылған" деген сөзден кейiн ", жазасын өтеу кезеңiнде қасақана қылмыс жасаған, сондай-ақ бұрын шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 72-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "бip жылға дейiнгі немесе бала он төрт жасқа толғанға дейiнгi" деген сөздер "бес жылға дейiнгi мерзiмге, бiрақ бала он төрт жастан аспайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 360 және 361-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
 
      "360-бап. Қылмыстық-атқару мекемесi әкiмшiлiгiнiң
                талаптарына қасақана бағынбау

      1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару мекемесi әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарына қасақана бағынбауы, -
      бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Бiрнеше рет жасалған нақ сол әрекет, сол сияқты түзеу мекемесi немесе тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, -
      үш жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
      361-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелердiң
               қалыпты қызмет тәртiбiн бұзу

      1. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелердегi адамдар тобының осы мекемелердiң қалыпты қызмет тәртiбiн тұрақсыздандыру не мекемелер қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi жасау мақсатында дене мүшелерiн зақымдауы, -
      бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Мекеменiң қызметкерiне не оның жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қатысты оның жұмыстағы қызметiн жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамның түзелуiне кедергi жасау немесе оның мекеменiң әкiмшiлiгiне жәрдемдескенi үшiн кек алу мақсатында оған қатысты күш қолданумен қорқыту -
      екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолдану -
      үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша не өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып жасалған әрекеттер, -
      жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат):

      1) 152-бапта:
      тақырыбындағы "сезiктiлер мен айыпталушыларды" деген сөздер "сезiктiлердi, айыпталушылар мен сотталушыларды," деген сөздермен ауыстырылсын;

      бiрiншi және екiншi бөлiктер "айыпталушыны", "прокурордың" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", сотталушыны", ", судьяның" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 153-баптың тоғызыншы бөлiгiндегi "немесе осы шешiм туралы хабар" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 455-бапта:
      екiншi бөлiк "орындайтын органның ұсынуы бойынша" деген сөздерден кейiн "бiр айлық мерзiмде" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "6-1. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату туралы мәселенi қарау кезiнде жәбiрленушiнiң не оның өкiлiнiң пiкiрi ескерiледi.
      Сот алда тұрған сот отырысы туралы жәбiрленушiнi не оның өкiлiн почта арқылы тапсырыс хатпен хабардар етедi. Жәбiрленушiнiң не оның өкiлiнiң сотқа жеке өздерiнiң қатысуы мүмкiн болмаған жағдайда сотта жазбаша арыздар мен өтiнiшхаттар қаралуы мүмкiн. Жәбiрленушi не оның өкiлi тиiсiнше хабардар етiлген және оның тарапынан қандай да бiр жазбаша арыздар мен өтiнiшхаттар болмаған жағдайда, сондай-ақ мемлекет мүдделерiне залал келтiрiлген жағдайда жәбiрленушiнiң немесе мемлекеттiң құқықтарын сақтау туралы мәселе бойынша мiндеттi түрде прокурордың қорытындысы талап етiледi.";

      4) 459-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасындағы "сай келмеуiне әкеп соғуы заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларды қарауға негiз болып табылады." деген сөздер "сай келмеуiне;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) үкiмдi орындау тәртiбiмен заңсыз немесе негiзсiз қаулы шығаруға әкеп соғуы заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларды қарауға негiз болып табылады.".

      3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139, 142-құжаттар; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 жылғы 27 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 10 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 10-баптың 10-тармағындағы ", бас бостандығын шектеуге" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 11-баптың 1-тармағындағы ", бас бостандығын шектеу" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 14-бапта:
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаларды сотталған адамның тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциялары атқарады.
      5. Қамау, бас бостандығынан айыру және өлiм жазасы түрiндегi жазаларды қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелері атқарады.";

      6 және 8-тармақтар алып тасталсын;

      4) 16-баптың 4-тармағында:
      "Бас бостандығын шектеуге, қамауға алуға" деген сөздер "Қамауға алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "туберкулездiң ашық түрiмен" деген сөздер "туберкулезбен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "ВИЧ/СПИД жұқтырған" деген сөздер "ЖҚТБ-мен ауыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 18-баптың 1-тармағындағы "сегiз" деген сөз "он төрт" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 24-бапта:
      1-тармақтағы "түзеу жұмыстары" деген сөздерден кейiн ", бас бостандығын шектеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтағы "Бас бостандығын шектеу, қамау" деген сөздер "Қамау," деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақтың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жазаны өтеуден жалтарған сотталған адамдарға қатысты бастапқы iздестiру іс-шараларын жүргiзедi және сотқа iздестiру жариялау туралы ұсыным енгiзедi.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Тұратын жерi үш күннен астам уақыт iшiнде анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден жалтарған деп танылады.";

      7) 25-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Белгiлi бiр лауазымдарда болу құқығынан айыру туралы сот үкiмiнiң талаптары мемлекеттiк мекемелер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының әкiмшiлiктерi үшiн мiндетті. Белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімінің талаптары сотталған адамның жұмыс орнындағы ұйымның әкiмшiлiгі үшiн мiндеттi.";

      2-тармақтың екiншi абзацындағы "сотталушының еңбек кiтапшасына оның қандай лауазымда болу құқығынан қандай негiзде, қандай мерзiмге айырылғаны немесе қызметтiң қандай түрiнен айырылғаны туралы жазба жазуға;" деген сөздер алып тасталсын;

      8) 28-баптағы жұмыс орны, оның" деген сөздер "жұмыс орны және тұрғылықты жерi мен олардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 30-баптың 3-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жазаны өтеуден жалтарған сотталған адамдарға қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын жүргiзедi және сотқа iздестiру жариялау туралы ұсыным енгiзедi;";

      10) 36-баптың 3-тармағының сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жазаны өтеуден жалтарған сотталған адамдарға қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын жүргiзедi және сотқа iздестiру жариялау туралы ұсыным енгiзедi;";

      11) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "41-бап. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны өтеушi
               адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары

      Тәрбиелiк іс-шараларға белсендi қатысатын және жәбiрленушiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрген залалды, мемлекетке келтiрген материалдық залалды өтеу жөнiнде шаралар қолданатын және сот тағайындаған жазаны толық өтеудi қажет етпейтiн сотталған адамдарды сот осы Кодексте көзделген тәртiппен шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiн.";

      12) 46-бапта:
      1-тармақта:
      екiншi абзацта:
      "режимдiк" деген сөз алып тасталсын;

      "талаптарын" деген сөз "жазаны өтеудiң тәртiбi мен шарттарынан туындайтын талаптарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiншi абзацтағы "инспекциясы әкiмшiлiгiнiң" деген сөздер "инспекциясының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      бесiншi абзацтағы "инспекциясының әкiмшiлiгi" деген сөздер "инспекциясы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацтағы "қылмыстық-атқару инспекциясы әкiмшiлiгiн" деген сөздер "қылмыстық-атқару инспекциясын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетiншi абзацтағы "белгiленген үлгiдегi" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақтағы "инспекциясы әкiмшiлiгiнiң" деген сөздер "инспекциясының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 47-баптың 2-тармағындағы және 48-баптың 1-тармағындағы "қылмыстық-атқару инспекциясы әкiмшiлiгiнiң", "Қылмыстық-атқару инспекциясының әкiмшiлігі" деген сөздер "қылмыстық-атқару инспекциясының", "Қылмыстық-атқару инспекциясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 49-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Қылмыстық-атқару инспекциясының әкiмшiлiгi" деген сөздер "Қылмыстық-атқару инспекциясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Тәрбиелiк iс-шараларға белсендi қатысатын және жәбiрленушiнiң денсаулығына, мүлкiне келтiрген залалды және мемлекетке келтiрген материалдық залалды өтеу жөнiнде шаралар қолданатын және сот тағайындаған жазаны толық өтеудi қажет етпейтiн сотталған адамдарды сот осы Кодексте көзделген тәртiппен шартты түрде мерзiмiнен бұрын босата, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыруға ұсына алады.";

      15) 50-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Қылмыстық-атқару инспекциясының әкiмшiлiгi" деген сөздер "Қылмыстық-атқару инспекциясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Қылмыстық-атқару инспекциясының әкiмшiлiгi" деген сөздер "Қылмыстық-атқару инспекциясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны
               өтеуден қасақана жалтару және бас бостандығын
               шектеу түрiндегi жазаны өтеудiң тәртiбi мен
               шарттарын бұзу

      1. Кейiн жасалған әрбiр тәртiп бұзушылық алдыңғысына жаза тағайындалғаннан кейiн жасалған жағдайда тұрғылықты жерiне, жұмыс немесе оқу орнына келудiң белгiленген кестесiн бұзу, өзiне сот жүктеген мiндеттердi орындаудан жалтару, сондай-ақ сол үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған сотталған адамның қоғамдық тәртiптi бұзуы жазаны өтеу тәртiбi мен шарттарын бұзушылық болып табылады.
      2. Еңбек демалысынан немесе демалыс және мереке күндерi демалыс өткiзу орнынан дәлелсiз себептермен дер кезiнде келмеу, қылмыстық-атқару инспекциясы қызметкерлерiнiң заңды талаптарын орындаудан бас тарту, сондай-ақ тұрғылықты жерiнен, жұмыс немесе оқу орындарынан өз бетiнше кетiп қалу бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеуден қасақана жалтару болып табылады.
      3. Тұрғылықты жерiнен, жұмыс немесе оқу орындарынан өз бетiнше кетiп қалған сотталған адамдарға қатысты қылмыстық-атқару инспекциясы бастапқы iздестiру iс-шараларын жүргiзедi және сотқа iздеу жариялау туралы ұсыным енгiзедi.";

      17) 53-баптың 1-тармағындағы "қылмыстық-атқару инспекциясының әкiмшiлiгi" деген сөздер "қылмыстық-атқару инспекциясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 56-баптың 5-тармағы "алып қоюды" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 69-бапта:
      3-тармақтағы "жетi жылдан аспайтын мерзiмге" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақтағы "абайсызда жасаған қылмысы үшiн жетi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар және" деген сөздер алып тасталсын;

      20) 71-бапта:
      2-тармақта:
      "өкпе туберкулезiнiң ашық түрiмен" деген сөздер "туберкулезбен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      ", СПИД-пен ауыратындар және ВИЧ жұқтырғандар" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Сотталған адамды жазаны өтеу орнына жiберу немесе жазасын өтейтiн бiр орыннан екiншiсiне ауыстыру кезiнде оның жеке шотындағы ақшалары сотталған адам жiберiлген не ауыстырылған мекемедегі оның жеке шотына аударылады.";

      21) 73-бапта:
      2-тармақтың үшiншi абзацында:
      "ал аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн сотталған адамдар" деген сөздер "аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн жаза мерзiмiнiң кемiнде екiден бiрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "немесе бас бостандығын айыруды өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған" деген сөздер ", ал бас бостандығын айыруды өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың төртiншi абзацындағы "жалпы және қатаң" деген сөздер "жалпы, қатаң және айрықша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 75-бапта:
      2-тармақтың бiрiншi сөйлемiндегi "Бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "Осы баптың 5-тармағында көрсетiлген адамдарды қоспағанда, бас бостандығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "мәжбүрлеп" деген сөзден кейiн "және мiндеттi" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Емдеу-профилактикалық мекемелерiнде (ауруханаларда, арнайы психиатриялық және туберкулездi емдеу ауруханаларында) сотталған ер адамдар сот белгiлеген режим түрiне қарамастан бiрге ұсталады. Туберкулездi емдеу ауруханаларында және емдеу құқығы бар түзеу мекемелерiнде сотталған адамдарды бөлек ұстау медициналық айғақтамалармен айқындалады.";

      23) 82-баптың 4-тармағында:
      ", 129" деген цифрлар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы үшiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Тәрбиелеу колонияларында сотталған адамдарды бiр жағдайдан екiншi жағдайға ауыстыру осы кодекстiң  128-бабына  сәйкес жүргiзiледi.";

      24) 83-бапта:
      2-тармақтағы "Сотталғандардың" деген сөздер "Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген адамдарды қоспағанда, сотталған адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Жүктi әйелдердiң, жанында балалары бар әйелдердiң, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектер мен емдеу түзеу мекемелерiнде ұсталатын сотталған адамдардың тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды өздерiнiң жеке шоттарындағы қаражаттың есебiнен шектеусiз сатып алуына болады.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      25) 84-баптың 3-тармағындағы "қысқа мерзiмдi немесе ұзақ кездесудi - телефон арқылы сөйлесумен," деген сөздер алып тасталсын;

      26) 86-баптың 2-тармағындағы "цензура" деген сөзден кейiн "уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      27) 87-баптың 1-тармағының үшiншi сөйлемi алып тасталсын;

      28) 91-баптың 2-тармағындағы "ашық түрдегi", "және СПИД-пен ауырған, ВИЧ жұқтырған" деген сөздер алып тасталсын;

      29) 93-баптың 3-тармағындағы "СПИД-пен ауыратындарға және ВИЧ жұқтырғандарға;", "ашық түрдегi" деген сөздер алып тасталсын;

      30) 95-бапта:
      3-тармақтағы "Өзiне қатыссыз себептер бойынша жалақы алмайтын сотталғандар" деген сөздер "Сотталған адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4 және 6-тармақтар алып тасталсын;

      31) 97-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар жүргiзу және медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және берiледi.";

      2-тармақта:
      "туберкулез ауруханалары" деген сөздер "туберкулездi емдеу ауруханалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "медициналық бөлiмдер" деген сөздерден кейiн ", медициналық пункттер" деген сөздермен толықтырылсын;

      "туберкулездiң ашық түрiмен" деген сөздер "туберкулезбен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнде жазасын өтеп жүрген шетелдiк қайтыс болған жағдайда мекеменiң әкiмшiлiгi бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сондай-ақ қайтыс болған адам азаматы болып табылатын мемлекеттiң елшiлiгiне немесе өзге өкiлдiгiне дереу жазбаша түрде хабарлайды.";

      32) 102-баптың 1-тармағында:
      "тартылуы мүмкiн" деген сөздер "тартылады" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Аталған жұмыстардан бас тарту осы Кодекстiң  111-бабында  көзделген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.";

      33) 103-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "103-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған
                адамдардың кiрiсiнен ұстап қалу

      Сотталған адамдардың жалақысынан, зейнетақысынан, жәрдемақысынан және өзге де кiрiстерiнен атқару парақтары немесе басқа да атқару құжаттары бойынша сомаларды ұстап қалу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
      Түзеу мекемелерiнде сотталған адамдардың жеке шотына ұстап қалғаннан кейiн оларға есептелген жалақының, зейнетақының немесе өзге де кiрiстерiнiң кемiнде елу процентi аударылады.";

      34) 107-баптың 1-тармағы "құрылады" деген сөздiң алдынан "ерiктi негiзде" деген сөздермен толықтырылсын;

      35) 109-бапта:
      1-тармақта:
      алтыншы абзац алып тасталсын;

      сегiзiншi абзацтағы "мереке күндерi" деген сөздер "жүктi әйелдердi, жанында балалары бар әйелдердi, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектер мен емдеу түзеу мекемелерiнде ұсталатын сотталған адамдарды қоспағанда, мереке күндерi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Құқық бұзбайтын мiнез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелiк iс-шараларға белсендi қатысқаны, жәбiрленушiнiң денсаулығы мен мүлкiне, мемлекетке келтiрген залалды өтеу жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн, сот тағайындаған жазаны толық өтеудi қажет етпейтiн сотталған адамдарды сот жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуы, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыруға ұсынуы мүмкiн.";

      36) 110-баптың 3-тармағында:
      "алты" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екіншi абзацпен толықтырылсын:
      "Бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алу жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылар деп танылған сотталған адамдарға қолданылмайды.";

      37) 112-бапта:
      1-тармақта:
      "еңбектен" деген сөз "еңбекақы төленбейтiн жұмыстан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "сот тағайындаған мiндеттi емделуден жалтару;" деген сөздерден кейiн "емдеу-алдын алу мекемесiнiң iшкi тәртiп ережесiн бұзу;" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтағы "Бiр жыл" деген сөздер "Алты ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған бұзушылықтарды жасаған сотталушы өзiне осы Кодекстiң  111-бабының  1-тармағында және  132-бабында  көзделген сотталған адамдарды айып изоляторына, тәртiп изоляторына орналастыру не сотталған еркектердi камералық үлгідегi үй-жайларға немесе жалғыз адамдық камераларға көшiру, сотталған әйелдердi камералық үлгідегі үй-жайларға көшiру сияқты жазалау шаралары тағайындалған жағдайда жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушы деп танылады.";

      38) 113-бапта:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Сотталған адамдарды айып изоляторына, тәртiп изоляторына орналастыру не камералық үлгідегі үй-жайға немесе жалғыз адамдық камераларға ауыстыру оларды айып, тәртiп изоляторында, камералық үлгідегі үй-жайда немесе жалғыз адамдық камерада ұстау мүмкіндiгіне жасалған медициналық куәландырудан кейiн жүргiзiледi.";

      7-тармақтағы "саналады" деген сөз "саналады, ал жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушы деп танылған сотталған адам олай деп саналмайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      39) 114-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "қажеттi медициналық көмек алуға;";

      4-тармақ "мекемелерiне" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының емдеу-профилактикалық мекемелерiне" деген сөздермен толықтырылсын;

      40) 116-баптың 3-тармағындағы "үштен екiсiн", "алты" деген сөздер тиiсiнше "жартысын", "үш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41) 117-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзац "жатақханаларда" деген сөзден кейiн "немесе құлыпталатын үй-жайларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi абзацтағы "көрсеткiш мөлшерiнде" деген сөздер "көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      бiрiншi абзац "жатақханаларда" деген сөзден кейiн "немесе құлыпталатын үй-жайларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi абзацтағы "көрсеткiш мөлшерiнде" деген сөздер "көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "түзеу мекемесi орналасқан ауданның шегiнде" деген сөздер "түзеу мекемесiне iргелес аумақтар шекаралары шегiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      42) 119-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзац "жатақханаларда" деген сөзден кейiн "немесе құлыпталатын үй-жайларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi абзацтағы "көрсеткiш мөлшерiнде" деген сөздер "көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      бiрiншi абзац "жатақханаларда" деген сөзден кейiн "немесе құлыпталатын үй-жайларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi абзацтағы "көрсеткiш мөлшерiнде" деген сөздер "көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "түзеу мекемесi орналасқан ауданның шегiнде" деген сөздер "түзеу мекемесiне іргелес аумақтар шекаралары шегiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      43) 121-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзац "жатақханаларда" деген сөзден кейiн "немесе құлыпталатын үй-жайларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi абзацтағы "көрсеткiш мөлшерiнде" деген сөздер "көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      бiрiншi абзац "жатақханаларда" деген сөзден кейiн "немесе құлыпталатын үй-жайларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi абзацтағы "көрсеткiш мөлшерiнде" деген сөздер "көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      44) 124-баптың 1-тармағындағы "Абайсызда жасаған қылмыстары үшiн сотталғандарға арналған колония-қоныстарда бас бостандығынан айыруға жетi жылдан аспайтын мерзiмге сотталғандар жазасын өтейдi;" деген сөздер "Абайсызда жасаған қылмыстары үшiн сотталған адамдар колония-қоныстарда жазасын өтейдi;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45) 125-бапта:
      1-тармақта:
      екiншi абзацта:
      "колония-қоныс шегiнде" деген сөздер "колония-қоныс аумағы шегiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мекеменiң iшкi еңбек тәртiбi" деген сөздер "түзеу мекемесiнiң iшкi тәртiбi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "колония-қоныстан тыс жерге қадағалаусыз, бipaқ олардың орындайтын жұмысының сипаты бойынша не оқуына байланысты қажет болса, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық құрылым аумағының шегiнде" деген сөздер "eгep олардың орындайтын жұмысының сипаты бойынша не оқуына байланысты қажет болса, түзеу мекемесiне iргелес аумақ шекаралары шегiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiншi абзацтағы "колония-қоныстың аумағында немесе одан тыс жерде" деген сөздер "түзеу мекемесiне iргелес аумақта, не колония-қоныс орналасқан елдi мекен шегiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      "жатақханаларға" деген сөз "колония-қоныс аумағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жатақханада" деген сөз алып тасталсын;

      3-тармақтағы екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сотталған адаммен еңбек шартын жасасуды, тоқтатуды және оны басқа жұмысқа ауыстыруды жұмыс берушi колония-қоныс әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен жүзеге асыра алады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Колония-қоныс әкiмшiлiгi сотталған адамдарды түзеу мекемесiнiң кәсiпорындарына жұмысқа орналастырады. Ондай мүмкiндiк болмаған жағдайда, сотталған адам әкiмшiлiктiң рұқсатымен колония-қоныс шегiнен тыс, бiрақ колония-қоныс орналасқан тиiстi облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегiнде орналасқан ұйымдарға колония-қоныс әкiмшiлiгi мен жұмыс берушi арасындағы шарттардың негiзiнде және сотталған адамдарды тиiсiнше қадағалауды қамтамасыз ету жағдайында жұмысқа орналастырылуы мүмкiн. Сотталған адамдар дара еңбек қызметiмен айналыса алады.
      Колония-қоныс әкiмшiлiгi мынадай жағдайларда:
      қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының жазбаша нұсқауы бойынша;
      оны босату кезiнде;
      төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген кезде;
      сотталған адам жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзғанда;
      жұмыс берушi шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағанда сотталған адамды жұмыс объектiсiнен шақыртып алуға мiндеттi.";

      4-тармақтағы "тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық құрылым" деген сөздер "колония-қоныс орналасқан тиiстi облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      46) 127-баптың 4 және 5-тармақтарының екiншi абзацындағы "көрсеткiш мөлшерiнде" деген сөздер "көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      47) 129-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi абзац "жатақханаларда" деген сөзден кейiн "немесе құлыпталатын үй-жайларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi абзацтағы "көрсеткiш мөлшерiнде" деген сөздер "көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "жатақханаларда" деген сөзден кейiн "немесе құлыпталатын үй-жайларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi абзацтағы "көрсеткiш мөлшерiнде" деген сөздер "көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың екiншi абзацындағы "көрсеткiш мөлшерiнде" деген сөздер "көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      48) 134-баптың 2-тармағының төртiншi абзацы алып тасталсын;

      49) 168-баптың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "сотталған адамның мүгедектiгi немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органы бекiтетiн тiзбеде көзделген сырқаты;";

      50) 169-баптың 9-тармағында:
      "қаулы" деген сөз "өтiнiшхат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "мiндеттi" деген сөзден кейiн ", ол кейiннен сотқа енгізу үшiн прокурорға жiберiледi" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Жазасын өтеу мерзiмiнiң заңмен белгiленген бiр бөлiгiн өтеген сотталған адамды шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату мүмкiндігі туралы жәбiрленушiнi не оның өкiлiн мекеменiң немесе жазаны орындаушы органның әкiмшiлiгi үкiм шығарған сот берген мекен-жай бойынша почта арқылы тапсырыс хатпен хабардар етедi.";

      51) 177-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "Бас бостандығын шектеу, қамау" деген сөздер "Қамау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      52) мынадай мазмұндағы 178-1, 178-2-баптармен толықтырылсын:
 
      "178-1-бап. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған
                  адамның жүрiс-тұрысын бақылау

      1. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның жүрiс-тұрысын бақылауды босатылған адамның тұрғылықты жерi бойынша Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгі айқындайтын тәртiппен - iшкi iстер органдары, ал әскери қызметшiлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi айқындайтын тәртiппен әскери бөлiмдер мен мекемелердiң командованиесi (бұдан әрi - уәкiлетті органдар) жүзеге асырады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген органдар шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдарды жазасының өтелмеген қалған бөлiгi iшiнде жеке есепке алуды жүзеге асырады, оларға жүктелген мiндеттердiң орындалуын бақылайды.
      3. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адам бақылаудан жалтарған жағдайда уәкiлеттi орган оның тұратын жерiн және жалтару себептерiн анықтау бойынша бастапқы iс-шараларды жүргiзедi.
      4. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның осы Кодекстiң 178-2-бабында көрсетiлген мiндеттердiң бiрiн дәлелдi себепсiз екi реттен артық орындамауы оның мiндеттердi орындаудан қасақана жалтаруы болып табылады.
      5. Егер, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылған адам жазасының өтелмеген қалған бөлiгi iшiнде бiрнеше мәрте әкiмшiлiк құқық бұзушылық не сол үшiн оған әкiмшiлiк қамау қолданылған құқық бұзушылық жасаса немесе мiндеттердi орындаудан қасақана жалтарса, уәкiлеттi орган сотқа шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою және жазасының өтелмеген қалған бөлiгiн атқару туралы ұсыным енгiзедi.
 
      178-2-бап. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын
                 босатылған адамдардың мiндеттерi

      1. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдар:
      1) тұрғылықты жерiндегi iшкi iстер органдарында белгiленген тәртiппен тiркеуден өтуге;
      2) iшкi iстер органдары белгiлеген уақытта тұрғылықты жерiнен кетпеуге;
      3) iшкi iстер органдарын жазбаша хабардар етпей тұрғылықты жерiн, жұмыс және оқу орнын ауыстырмауға;
      4) жұмыстан және оқудан бос уақытта iшкi iстер органдары белгiлеген жерлерге бармауға;
      5) iшкi iстер органдарының жазбаша рұқсатынсыз басқа жерлерге шықпауға;
      6) жәбiрленушiнiң денсаулығына, мүлкiне келтiрген залалды немесе мемлекетке келтiрген материалдық залалды өтеу жөнiнде шаралар қолдануға;
      7) iшкi iстер органдарының талабы бойынша шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның жүрiс-тұрысын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi түсiнiктер мен өзге де құжаттарды беруге;
      8) iшкi iстер органдарына шақырту бойынша келуге мiндеттi. Дәлелдi себептерсiз келмеген кезде, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адам күштеп әкелiнуi мүмкiн;
      9) тұрғылықты жерiндегi салық органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын кiрiстерi туралы декларация және салық салу объектiсi болып табылатын, соның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi мүлкi туралы өзге де мәлiметтер беруге мiндеттi, бұл туралы iшкi iстер органына анықтама ұсынылады.
      2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамға сот оның түзелуiне септiгiн тигiзетiн басқа да мiндеттердi орындауды:
      1) алкоголизмге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан емделу курсынан өтудi;
      2) жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан емделу курсынан өтудi;
      3) отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады.
      3. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған әскери қызметшiлердiң мiндеттерi Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңдарымен белгiленедi.";
       Ескерту. Осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 52) тармақшасының он  сегізінші абзацы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі ( 2-баптан  қараңыз).

      53) мынадай мазмұндағы 180-1-баппен толықтырылсын:
 
      "180-1-бап. Туберкулездiң төңiрегiндегiлерге қауiп
                  туғызатын, жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарды
                  қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнен босату

      1. Егер қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнен босатылатын, туберкулездiң төңiрегiндегiлерге қауiп туғызатын, жұқпалы түрiмен ауыратын адамдар жазаны өтеу кезеңiнде емдеудiң толық курсынан өтпесе, олар босатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп емделуге жатады.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң әкiмшiлiгi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адамдарға қатысты жаза мерзiмi аяқталардан кемiнде бiр ай бұрын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп емдеудi тағайындау туралы мекеменiң орналасқан жерi бойынша сотқа ұсыныс жiбередi.
      3. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын, сот шешiмiмен мәжбүрлеп емдеу белгiленген адамдарды қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнен босату туралы хабарлама туберкулездi емдейтiн мамандандырылған емдеу-профилактикалық ұйымына және мекеменiң орналасқан жерi бойынша iшкi iстер органдарына жiберiледi.".

      4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар;  N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; 2007 жылғы 24 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 25 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 27 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 10 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 3 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 13 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 7 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 3 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 6 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 19 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 12 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 13 наурызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 35-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 543-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "367 (тергеу изоляторларында құқық бұзушылық жасағаны үшiн)," деген сөздер алып тасталсын;

      екiншi бөлiктiң 10) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 576-2 баптың екiншi бөлiгiндегi "түзеу мекемелерiнiң" деген сөздерден кейiн ", тергеу изоляторларының" деген сөздермен толықтырылсын.
      

      5. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексiне) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; 2007 жылғы 24 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 25 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 27 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 10 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 3 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 13 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актерлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 12 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 13 наурызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):
       Ескерту. Осы Заңның 5-бабы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі ( 2-баптан  қараңыз).

      171-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы "заң актiлерiне" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне" деген сөздермен толықтырылсын.
 

      6. "АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы" 1994 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 16-17, 212-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 23, 921-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 15, 93-құжат):

      5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын азаматтар АҚТҚ инфекциясына арналған мiндеттi құпия медициналық куәландырудан өтуге тиiс.".
      

      7. "Бас бостандығын айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы" 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 13, 272-құжат; 2002 ж., N 18, 158-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат):

      2-баптың "в" тармағындағы "немесе жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылғаннан" деген сөздер алып тасталсын.
 

      8. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 13, 195-құжат, N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 23, 922-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж, N 10, 49-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж, N 24, 153-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 жылғы 6 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 19 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      60-баптың 2-тармағындағы "Түзеу мекемелерiнде жазасын өтеп жүрген адамдардан, сондай-ақ денсаулық сақтайтын" деген сөздер "Денсаулық сақтайтын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1071-құжат; 2006 ж., N 15, 92-құжат):

      3-бапта:
      1-тармақта:
      екiншi бөлiк "денсаулық сақтау органдарының" деген сөздерден кейiн "не қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң әкiмшiлiгi жанындағы дәрiгерлiк комиссияның" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшiншi бөлiктегi "ерiктi түрде емделуден жазбаша бас тартқан" деген сөздер "жазасын өтеу кезеңiнде емдеудiң толық курсынан өтпеген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "денсаулық сақтау ұйымы" деген сөздер "ұйым" деген сөзбен ауыстырылсын.
 

      10. "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат, 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24,  154-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N l0, 52-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 жылғы 2 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 27 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ақпараттандыру мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 27 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 10 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 3-бапта:
      6) тармақшадағы "қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемелерiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-2) тармақшада:
      "мүдделерiнiң сақталуын" деген сөздер "мүдделерiн" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiндегi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшаның төртiншi абзацындағы "органдарын" деген сөз "органдары мен мекемелерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнен (ұйымдарынан)" деген сөздер "мекемелерден" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 10-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi - қылмыстық-атқару жүйесi) - қылмыстық жазаның атқарылуын және тергеу изоляторларында сезiктiлер мен айыпталушылардың күзетпен ұсталуын қамтамасыз ету жөнiндегі атқарушы және өкiмшi функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердiң, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнiң тыныс-тiршiлiгін қамтамасыз ететiн ұйымдардың жүйесi.";

      4) 23-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "қылмыстық жазаны атқару" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 24-1-бапта:
      тақырыбындағы "органдары (мекемелерi)" деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      бiрiнші абзацтағы "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) тармақшадағы "қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерiнде" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 25-баптағы "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 25-1-бапта:
      1) тармақшадағы "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "қылмыстық-атқару жүйесi органдарында (мекемелерiнде)" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 25-2-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-2-бап. Қылмыстық атқару жүйесiне қызметке қабылдау";

      1-тармақтағы "Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне)" деген сөздер "Қылмыстық-атқару жүйесiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      "қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде)" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "шарт" деген сөз "келiсiм-шарт" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақта:
      "Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне)" деген сөздер "Қылмыстық-атқару жүйесiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ", олар үшiн сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн" деген сөздер алып тасталсын, "Сынақ мерзiмiнен және тағылымдамадан" деген сөздер "Тағылымдамадан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6 және 7-тармақтардағы "Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне)" деген сөздер "Қылмыстық-атқару жүйесiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 25-3-бапта:
      тақырыбындағы "жүйесi органдарындағы (мекемелерiндегi)" деген сөздер "жүйесiндегi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мәтiндегi "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "органдары (мекемелерi)" деген сөздер алып тасталсын;

      10) 25-4-бапта:
      тақырыбындағы "Қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы (мекемелерiндегi)" деген сөздер "Қылмыстық-атқару жүйесiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бiрiншi абзацтағы "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) мынадай мазмұндағы 25-5-баппен толықтырылсын:

      "25-5-бап. Қызмет өткеруден бас тартуға байланысты
                 шығындарды өтеу

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiн бiтiрген қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi қылмыстық-атқару жүйесiнде кемiнде бес жыл жұмыс iстеуге мiндеттi.
      Қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң бiлiм беру ұйымын бiтiргеннен кейiн қылмыстық-атқару жүйесiнде одан әрi қызмет өткеруден бас тартқан не келiсiм-шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, ол өзiн оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүлiктiк ризыққа жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға жататын сома келiсiм-шарттың мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр өткерiлмеген толық айға пропорционалды түрде есептеледi.
      2. Әскерге шақыру жасына толған және үлгiрмеуi, тәртiпсiздiгi бойынша, сондай-ақ өз қалауы бойынша оқудан шығарылған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiнiң курсанттары (тыңдаушылары), егер олар оқу орнына түскенге дейін мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген болса, арнайы есептен шығару үшiн тұрғылықты жерiндегі әскери басқару органдарына жіберіледі. Олар өздерін оқыту кезеңінде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүліктiк ризыққа жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға жататын сома бiлiм беру ұйымында болған әрбiр толық айға пропорционалды түрде есептеледi.";

      12) 26-бапта:
      тақырыбындағы "органдары (мекемелерi)" деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақтағы "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2 және 3-тармақтардағы "органдары (мекемелерi)" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақта:
      "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет өткеру кезiнде қызметкерлердi ротациялау жүзеге асырылуы мүмкiн, оның шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiнiң қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережемен айқындалады.";

      5-тармақтағы "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармақта:
      бiрiншi бөлiгiндегi "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiкте:
      "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "сипаттамасы және оларды беру тәртiбi нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi" деген сөздер "сипаттамасын және олармен марапаттау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 26-1-бапта:
      тақырыбындағы "қылмыстық-атқару жүйесi органдарында (мекемелерiнде)" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1 және 4-тармақтардағы "органдары (мекемелерi)" деген сөздер алып тасталсын;

      2 және 3-тармақтардағы "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14) мынадай мазмұндағы 26-2-баппен толықтырылсын:

      "26-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiне
                 қолданылатын жазалар

      1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiне мынадай тәртiптiк жазалар қолданылуы мүмкiн:
      1) ескерту;
      2) сөгiс;
      3) қатаң сөгiс;
      4) қызметке толық сәйкес еместiгi туралы ескерту;
      5) атқаратын қызметiнен босату;
      6) арнайы атағын бiр саты төмендету;
      7) қылмыстық-атқару жүйесiнен шығару.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза терiс қылық байқалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қолданылады және оны терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.";

      15) 27-баптың тақырыбындағы "органдары (мекемелерi)" деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) 28-1-баптың тақырыбындағы және мәтiндегi "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын, "органдары (мекемелерi)" деген сөздер алып тасталсын;

      17) 28-2-бапта:
      2-тармақтағы "жүйесiнiң органдары (мекемелерi)" деген сөздер "жүйесi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi қылмыстық-атқару қызметi саласындағы мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесiнiң кадрында қалдырылып, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға iссапарға жiберiлуi мүмкiн.";

      18) 29-1-бапта:
      тақырыбындағы "органдары (мекемелерi)" деген сөздер алып тасталсын;

      мәтiндегi "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
      "4. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне кезектi, қысқа мерзiмдi, қосымша демалыстарының, науқастануына, жүктi болу мен бала тууына байланысты демалыстарының уақытына демалысын өткiзу орнына бару және қайту жолына кететiн уақыты қоса есептелiп, ақшалай үлес олардың лауазымы бойынша демалысқа шығу күнiне алатын мөлшерiнде төленедi.
      5. Қылмыстық-атқару жүйесi бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiнiң курсанттарына (тыңдаушыларына) мынадай демалыстар:
      1) ұзақтығы 14 тәулік қысқы каникул демалысы;
      2) ұзақтығы 30 тәулiк жазғы каникул демалысы;
      3) оқу орнын аяқтауына байланысты ұзақтығы 30 тәулiк демалыс берiледi.";

      19) 29-2-баптың тақырыбындағы және мәтiндегi "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын, "органдары (мекемелерi)" деген сөздер алып тасталсын;

      20) 29-3-баптағы "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      21) 29-4-бапта:
      тақырыбындағы және мәтiндегi "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде)" деген сөздер "жүйесiнде" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "органдары (мекемелерi)" деген сөздер алып тасталсын;

      22) 29-5-бапта:
      тақырыбындағы және мәтiндегi "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде)" деген сөздер "жүйесiнде" деген сөзбен ауыстырылсын;

      23) 30-баптың 2-тармағындағы "органдары (мекемелерi)" деген сөздер алып тасталсын;

      24) 31-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацындағы "Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару" деген сөздер "Қылмыстық-атқару" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 32-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметтерiнiң" деген сөздер "Қылмыстық-атқару жүйесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Әдiлет органының қызметкерi" деген сөздер "Қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4, 5-тармақтардағы "жүйесi органдарының (мекемелерiнiң)" деген сөздер "жүйесiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      26) 34-баптың 2-тармағындағы "2007" деген цифрлар "2009" деген цифрлармен ауыстырылсын.

       2-бап . Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзілетiн 1-бабының 3-тармағы 52) тармақшасының он сегізінші абзацын, 5-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады