Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 8 мамырдағы N 249 Заңы

      Софияда 2006 жылғы 24 шілдеде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы  келісімге  өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасы
Үкіметінің арасындағы Инвестицияларды
өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімге өзгерістер
енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі 1999 жылғы 15 қыркүйекте Болгария Республикасы, София қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасы Үкіметінің арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер енгізу туралы келісті:
      1) Келісімнің 3-бабының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Осы Келісімде ұсынылатын режимнің ережелері оның кедендік, экономикалық немесе валюталық одаққа, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына, экономикалық қоғамдастықтарда немесе басқа осындай ұйымдарға мүшелігіне байланысты кез келген Уағдаласушы Тарап ұлттық инвесторларға, мұндай одаққа, ұйымға, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүше мемлекеттің немесе басқа да үшінші мемлекеттің инвесторларына беретін барлық қолда бар немесе болашақтағы артықшылықтарға қолданылмауға тиіс. Сондай-ақ мұндай режим Қосарлы салық салу туралы келісімнің немесе салық салуға байланысты өзара негіздегі басқа да келісімдердің негізінде кез келген Уағдаласушы Тарап үшінші мемлекеттің инвесторларына ұсынатын кез келген артықшылыққа жатқызылмауға тиіс.";
      2) 6-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "әрқайсысы" деген сөз "Еуропалық комиссия қабылдаған шараларды қозғамай-ақ, Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы ..." деген сөздермен ауыстырылсын.

      Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Уағдаласушы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.

      София қаласында  2006 жылғы 24 шілдеде қазақ, болгар және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттаманың ережелерін талқылау кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының        Болгария Республикасының
            Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Осымен 2006 жылғы 24 шілдеде София қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасы Үкіметінің арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

       Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігінің
      Халықаралық-құқық департаменті
      Директордың орынбасары

       РҚАО-ның ескертуі. Бұдан әрі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасы Үкіметінің арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың болгар тіліндегі мәтіні берілген.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады