Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 маусымдағы N 268 Конституциялық Заңы

       РҚАО-ның ескертуі: Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз.

       1-бап. »"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 192-құжат; 1998 ж., N 7-8, 71-құжат; N 22, 290-құжат; 1999 ж., N 10, 340-құжат; N 15, 593-құжат; 2004 ж., N 7, 45-құжат; 2005 ж., N 7-8, 17-құжат; 2006 ж., N 23, 138-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Конституциялық заңның бүкіл мәтіні бойынша, 14-тарауды қоспағанда, "жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің", "жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін",»"жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше",»"жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне",»"жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне", "жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне", "жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін",»"жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері",»"жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне",»"жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің",»"жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесін",»"жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі" деген сөздер тиісінше»"өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің",»"өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін", "өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше",»"өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне", "өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне", "өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне",»"өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін",»"өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері",»"өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне", "өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің",»"өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесін",»"өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-баптың 1-тармағындағы»"Парламенті Мәжілісінің" деген сөздер "партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мәжілісінің депутаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 9-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады:";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады.";
       РҚАО-ның ескертуі: 1-баптың 3) тармақшасы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі аяқталған соң немесе өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін  қолданысқа  енгізіледі.

      4) 11-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Орталық сайлау комиссиясы комиссияның Төрағасынан және алты мүшесінен тұрады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      5) 12-бапта:
      3) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін жасаудың және берудің тәртібін айқындайды;";

      15) тармақша»"мәслихаттар мен" деген сөздерден кейін»"өзге де" деген сөзбен толықтырылсын;

      16) тармақшадағы "Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға сайланатын депутаттардың" деген сөздер«"сайланатын мәслихаттар депутаттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 14-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді;";

      7) тармақшадағы "жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін" деген сөздер»"мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) тармақшада:
      "жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін" деген сөздер»"мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне" деген сөздер»"мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 15-баптың 1-тармағындағы»"Парламент Мәжілісінің және" деген сөздер алып тасталсын;

      8) 16-бапта:
      2) және 5) тармақшалардағы тиісінше»"Парламент Мәжілісі және",»"Парламент, Мәжілісінің және" деген сөздер алып тасталсын;

      10) тармақша алып тасталсын;

      9) 19-баптың 3-тармағындағы»"төрағасының орынбасары, хатшысы,"»деген сөздер алып тасталсын;

      10) 20 және 20-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру
               және олардың әрекеттеріне шағым жасау.
               Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық

      1. Сайлау комиссияларының қызметі алқалылық, жариялылық және ашықтық негізінде жүзеге асырылады.
      2. Алғашқы отырыстарды:
      1) Орталық сайлау комиссиясының отырысын комиссияның төрағасы комиссия сайланғаннан кейін он төрт күннің ішінде шақырады;
      2) төменгі тұрған сайлау комиссияларының отырыстарын тиісті жоғары тұрған комиссиялардың төрағалары олар құрылғаннан кейінгі жеті күн мерзімнен кешіктірмей шақырады.
      3. Сайлау науқанын әзірлеу мен өткізу кезеңінде комиссиялардың отырыстары кемінде екі аптада бір рет өткізіледі. Өзге уақытта комиссиялар өздерінің отырыстарын қажетіне қарай комиссия төрағасының немесе мүшелерінің кемінде үштен бірінің бастамашылығымен өткізеді.
      4. Егер сайлау комиссияларының отырыстарына комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, олар заңды болады.
      5. Комиссиялардың шешімдері, осы Конституциялық заңда белгіленгеннен өзге жағдайларды қоспағанда, олардың мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Сайлау комиссиясының оның шешімімен келіспейтін мүшелері ерекше пікірін айтуға құқылы, ол дереу жоғары тұрған сайлау комиссиясының назарына жеткізіледі және комиссия отырысының хаттамасына жазбаша нысанда тіркеледі.
      6. Сайлау комиссиялары жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде орналастырылатын, ал осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда өзгедей жолмен жариялауға жататын өз шешімдерімен барлық адамдардың еркін танысуы үшін жағдай жасайды.
      Сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар сайлау науқанын даярлау және өткізу кезеңіне кеңесші дауыс құқығын бере отырып өз өкілін тиісті сайлау комиссиясына жіберуге құқылы.
      Саяси партияның кеңесші дауыс құқығы бар өкілі сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, сайлау комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы, сайлау комиссиясының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасауға құқылы.
      7. Сайлау комиссиясының отырыстарына кандидаттар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.
      Депутаттыққа кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар өздеріне қатысты мәселелер қаралатын кезде тиісті сайлау комиссияларының отырыстары мен күн тәртібі туралы алдын ала хабардар етіледі.
      Сайлау комиссиясының үй-жайында сайлау процесіне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.
      8. Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір кандидаттан сенім білдірілген бір-бір адамнан, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден және Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан бір-бір байқаушыдан және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы.
      9. Егер осы Конституциялық заңда шағым жасаудың өзге мерзімдері белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін. Көрсетілген мерзімдер өткеннен соң сайлау комиссиясының шешіміне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген өтініш қарауға жатпайды.
      Өтініштер сайлау комиссиясы мен сотта бір мезгілде қаралған кезде сайлау комиссиясы сот шешімі күшіне енгенге дейін өтінішті қарауды тоқтата тұрады. Сот түскен өтініш туралы және оны қарау нәтижелері бойынша сот шешімінің заңды күшіне енгені жөнінде сайлау комиссиясын хабардар етеді.
      10. Мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары сайлау комиссияларына өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетуге, оларға қажетті мәліметтер мен материалдар беруге, сайлау
комиссияларының өтініштеріне - үш күн мерзім ішінде, ал сайлау күні және оның қарсаңындағы күні дереу жауап қайтаруға міндетті.
      11. Аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңіне өздерінің қалауымен комиссияның шешімі бойынша сайлауды өткізуге бөлінген қаражаттың есебінен орташа жалақысы сақтала отырып, өндірістік немесе қызметтік
міндеттерін орындаудан босатылуы мүмкін.
      Сайлау комиссияларының мемлекеттік қызметшілер болып табылатын мүшелерінің сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңіне өздерінің негізгі жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақысы сақталады.
      Сайлау комиссиялары мүшелерінің, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер болып табылатын мүшелерінің үстеме жұмысына, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысына, түнгі уақыттағы еңбегіне ақы төлеу сайлау өткізуге бөлінген қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.
      12. Мыналар:
      1) Парламент, мәслихаттар депутаттары, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері;
      2) Президенттікке, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, сондай-ақ кандидаттардың сенім білдірген адамдары;
      3) мемлекеттік саяси қызметші лауазымындағы адамдар;
      4) Қазақстан Республикасы соттарының судьялары сайлау комиссияларының мүшелері бола алмайды.
      Кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар осы кандидат қатысатын сайлау округінде сайлауды тікелей ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ететін сайлау комиссияларының құрамында бола алмайды.
      Осы тармақтың екінші тармақшасында аталған адамдар тиісті кандидат тіркелген күннен бастап сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен босатылады.

      20-1-бап. Қазақстан Республикасы саяси партияларының,
                өзге де қоғамдық бірлестіктерінің,
                коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары

      1. Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушысының өкілеттіктері оның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, жазбаша нысанда куәландырылуға тиіс. Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен расталады және ол байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Құжаттар сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға байқаушы туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы оны тіркеу үшін көрсетіледі.
      2. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары:
      1) сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;
      2) дауыс беруге, соның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға;
      3) дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде тиісті сайлау учаскесінің дауыс беруге арналған үй-жайында болуға;
      4) тасымалданатын сайлау жәшігін бақылап жүруге, соның ішінде оларды тасымалдау кезінде көлік құралында болуға;
      5) сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін барлық аталған рәсімдерді анық көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда байқауға;
      6) тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға;
      7) сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруін өткізу кезінде қатысуға;
      8) учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін санауы және жоюы кезінде қатысуға;
      9) дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі жасамай, фотожазба, дыбысжазба және бейнежазба жасауға;
      10) дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға;
      11) дауыс беру өткізілгеннен кейін дауыс беру қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшірмелерін алуға;
      12) сайлау комиссиясы мүшелерінің назарын осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуына аударуға, оларға бұзушылықтар туралы тиісті жазбаша мәлімдемелерді, актілерді табыс етуге және табыс еткені туралы белгі соқтыруға құқылы. Сайлау комиссиясының төрағасы, оны алмастыратын адам сенім білдірілген адамдардың, байқаушылардың өтініштері бойынша дауыстарды санау хаттамасына олардың жасаған актілерін қоса беруге міндетті.
      3. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары:
      1) олардың жеке басы мен өкілеттігін куәландыратын құжаттарын өздерімен алып жүруге;
      2) сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдерді қабылдау рәсіміне араласпауға;
      3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға;
      4) сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға;
      5) өз ескертулерін құжатталған, шынайы және тексеруге болатын фактілермен негіздеуге;
      6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға;
      7) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге міндетті.
      4. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы байқаушыны тіркеудің күшін жоюға құқылы.";

      11) мынадай мазмұндағы 20-2-баппен толықтырылсын:

      "20-2-бап. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың
                 байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат
                 құралдарының өкілдері

      1. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқауға қатысуға шақыруды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Сыртқы істер министрі жібере алады.
      Шақыру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы жіберіледі.
      Шақыруда миссия саны мен құрамына, сондай-ақ миссияда гендерлік балансты, елдік өкілдікті қамтамасыз етуге қатысты тілектер қамтылуы мүмкін.
      2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеледі.
      Аккредиттеу үшін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне өз байқаушыларының, өкілдерінің тізімін ұсынады.
      Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары болып табылмайтын жеке тұлғалар аккредиттеуге жатпайды.
      Қазақстан Республикасында саяси, экономикалық немесе басқа мүдделері бар не Қазақстан Республикасының, шет мемлекеттің заңнамасын немесе халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларын бұзғаны үшін олардың аккредиттелуі кері қайтарып алынған (күші жойылған) не сайлауды байқау тәжірибесі жоқ не аккредиттеуге өтінім бергенге дейінгі бес жыл ішінде қылмыстық іс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе сайлау кезеңінде заңсыз қызмет жасауда кінәлі деп танылған адамдар аккредиттелмейді.
      3. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.
      4. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың аккредиттелген байқаушыларына олардың сайлау науқанын өткізу кезеңіндегі қызметі үшін негіз болып табылатын, Орталық сайлау комиссиясы белгілеген үлгідегі куәлік беріледі. Аккредиттеуді жүргізу дауыс беру күнінен бес күн бұрын аяқталады.
      5. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің өз мәртебесін Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқауға қатысы жоқ қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға құқығы жоқ.
      6. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің:
      1) сайлау процесінің барлық кезеңдеріне қатысуға;
      2) сайлау комиссияларында сайлау науқанының барысы туралы ақпарат алуға;
      3) дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелеріне кіруге;
      4) сайлау процесіне қатысушылармен кездесуге;
      5) өздерінің байқағандары, анықталған заң бұзушылықтар туралы сайлау комиссияларының мүшелерін хабардар етуге, ұсынымдар енгізуге;
      6) жария мәлімдемелер жасауға;
      7) дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға құқығы бар.
      7. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері:
      1) жеке басын және аккредиттелгенін куәландыратын құжаттарын өздерімен бірге алып жүруге;
      2) сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдер қабылдау рәсіміне араласпауға;
      3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға;
      4) сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға;
      5) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге;
      6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
      8. Осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының аккредиттелуін кері қайтарып алуға құқылы.
      9. Байқаушылар Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе халықаралық құқықтың жалпыжұрт таныған нормаларын бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясына шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының аккредиттелуін кері қайтарып алу туралы ұсыныс енгізуге құқылы.";

      12) 21-баптың 1 және 4-тармақтарындағы»"Парламент Мәжілісінің және" деген сөздер алып тасталсын;

      13) 22-баптың 1-тармағындағы»"тиісінше Орталық және" деген сөздер алып тасталсын;

      14) 28-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      "Сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мәліметтердің стандартты жиынтығынан тұратын бірыңғай форматтағы ақпарат орналастырылады.";

      15) 31-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Сенім білдірілген адамдар Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының құқықтарын иеленеді, міндеттеріне ие болады және кандидаттың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның өздеріне жазбаша нысанда берген өкілеттігі шегінде әрекет етеді.";

      6-тармақта:
      "жағдайда" деген сөз»"жағдайларда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "күші жойылған" деген сөздерден кейін»", осы Конституциялық заң бұзылған" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 33-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "көлікке жұмсаған шығындары жабылады." деген сөздер»"көлікке;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Президенттікке, Парламент Сенатының және мәслихаттардың депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар туралы, сондай-ақ партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға жұмсаған шығындары жабылады.";

      17) 34-баптың 4-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде - округтік сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.";

      18) 37-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігіндегі»"0,1 проценті" деген сөздер»"1 проценті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ»"жеткізіледі" деген сөздің алдынан»"сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 проценті резервімен" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 38-баптың 2 және 3-тармақтарындағы "жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің",»"жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін" деген сөздер тиісінше "мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің", "мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 40-бапта:
      1-тармақтағы»"Мәжілістің" деген сөз»"партиялық тізім бойынша сайланатын Мәжілістің депутаттарын," деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ»"Сенат депутаттарын" деген сөздерден кейін»"және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын" деген сөздермен толықтырылсын;

      21) 41-баптың 6-1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.
      Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беретін күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде тоқтатылады.";

      22) 42-баптың 3-тармағындағы "жергілікті өзін-өзі басқару органы мүшелерін" деген сөздер "мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 43-бапта:
      1-тармақтағы»"Парламент Мәжілісі" деген сөздер»"партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ»"Парламент Сенаты депутаттарын" деген сөздерден кейін»"және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтың 3) тармақшасындағы»"жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін" деген сөздер»"мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-1-тармақ»"Сенат депутаттарының" деген сөздерден кейін ", Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының" деген сөздермен және 9-тармақ»"Сенат депутаттарын" деген сөздерден кейін ", Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын" деген сөздермен толықтырылсын;

      24) 44-бапта:
      2-тармақтағы»"жергілікті өзін-өзі басқару органдарының" деген сөздер»"өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Президентті, Парламент депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;";

      3) тармақшадағы»"жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін" деген сөздер»"мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      "қайтадан сайлау өткізілетін округтердің саны" деген сөздер»"қайта дауыс беру өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктер саны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "әрбір саяси партия үшін берілген дауыстар саны;" деген сөздерден кейін»"Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар үшін берілген дауыстар саны;" деген сөздермен толықтырылсын;

      "сайланған Президент, Парламент Сенатының" деген сөздерден кейін»", Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттары;" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктегі "Парламент Мәжілісінің депутаттығына," деген сөздер алып тасталсын;

      25) 51-баптағы»"жеті" деген сөз»"бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      26) 53-бапта:
      тақырыбындағы»"және тағайындау" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.";

      27) 54-баптың 2-тармағының екінші сөйлеміндегі»"кемінде он бес жыл" деген сөздер»"соңғы он бес жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 71-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы "Саяси партиялар" деген сөздерден кейін ", өзге де қоғамдық бірлестіктер" деген сөздермен толықтырылсын;

      29) 85-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы»"Парламент" деген сөзден кейін»"немесе Парламент Мәжілісі" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ:
      "Парламент" деген сөзден кейін»"немесе Парламент Мәжілісі" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Парламенттің" деген сөзден кейін»"немесе Парламент Мәжілісінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы күні Мәжілістің партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттар сайлауы өткізілетін күнмен дәл келмеуі мүмкін.";

      30) 87-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "87-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну

      1. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы - белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қатысты Ассамблея Кеңесіне тиесілі.
      2. Біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ.
      Саяси партияның жоғары органының шешімі азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
      3. Саяси партиялар партиялық тізімдерді мемлекеттік тілдің әліпбиі ретімен жасайды. Партиялық тізімді саяси партияның өкілі саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмемен бірге бір мезгілде Орталық сайлау комиссиясына ұсынады. Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталуға тиіс.
      4. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынуды Ассамблея Кеңесі жүргізеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді.
      Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімі азаматтың сайлауға түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
      5. Егер сайлауды белгілеу кезінде өзгеше көзделмесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда аяқталады.
      Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлаудан он бес күн бұрын басталып, оған он күн қалғанда аяқталады.";

      31) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "88-бап. Сайлау жарнасы

      1. Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде Орталық сайлау комиссиясының шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгізеді.
      2. Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді.
      3. Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бестен жетіге дейінгі процентін алған саяси партия осы баптың 1-тармағында белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің елу проценті мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.
      Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының үштен беске дейінгі процентін алған саяси партия осы баптың 1-тармағында белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің жетпіс проценті мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.
      4. Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және
республикалық бюджет кірісіне алынады.";

      32) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "89-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркеу

      1. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді және Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеуді Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
      2. Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) тіркелгенге дейін тұрғылықты жері бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық
бақылауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады.
      Саяси партия ұсынған кандидат және оның зайыбы (жұбайы) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын салық қызметі органдары партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.
      Бұл ретте саяси партия ұсынған кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкі туралы мәліметтерді ұсыну жөніндегі салық қызметі органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талаптар алынған күннен бастап төрт күн ішінде беруге міндетті.
      Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат және оның зайыбы (жұбайы) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын салық қызметі органдары кандидат тіркелген күннен бастап үш күн ішінде тексереді.
      Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкі туралы мәліметтер беру жөніндегі салық қызметі органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талаптар алынған күннен бастап екі күн ішінде беруге міндетті.
      3. Партиялық тізімдерді тіркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргізіледі:
      1) Республиканың Әділет министрлігінде саяси партияның тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
      2) азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;
      3) партиялық тізімге енген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;
      4) кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
      5) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;
      6) партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партияға мүшелігін растайтын құжат.
      4. Тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының отыз процентінен аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберіледі.
      5. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргізіледі:
      1) Ассамблея Кеңесінің кандидаттарды ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
      2) азаматтың депутаттыққа кандидат болып сайлауға түсуге келісімі туралы өтініші;
      3) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;
      4) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы.
      6. Орталық сайлау комиссиясы:
      1) партиялық тізімдер тіркелгеннен кейінгі оныншы күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, тіркелгені туралы хабар жариялайды;
      2) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттар тіркелгеннен кейінгі үшінші күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының атауын, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған адамдардың санын, әрбір ұсынылған
адамның тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттардың қалауы бойынша қай ұлтқа жататынын көрсете отырып, тіркелгені туралы хабар жариялайды;
      3) тіркеу кезінде кандидаттарға тиісті куәліктер береді;
      4) мынадай жағдайларда:
      саяси партия партиялық тізімді ұсыну ережелерін бұзған, тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған;
      партиялық тізімді ұсынған саяси партия, ол ұсынған кандидаттар, оның сенім білдірген адамдары сайлау алдындағы үгітті тіркелгенге дейін жүргізген;
      тұтас партиялық тізімнің елу процентінен астамын құрайтын адамдар партиялық тізімнен шыққан;
      партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірген адамдарының кандидаттың, партиялық тізімді ұсынған басқа саяси партияның немесе партиялық тізімге енгізілген адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін сот анықтаған;
      партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған;
      осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тізімді тіркеуден бас тартады немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.
      Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған партиялық тізімді қалпына келтіруге жол берілмейді;
      5) мынадай жағдайда:
      партиялық тізімге енгізілген адам Қазақстан Республикасының  Конституциясында  және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген;
      партиялық тізімге енгізілген адамның өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
      партиялық тізімге енгізілген адам сайлау алдындағы үгітті партиялық тізім тіркелгенге дейін жүргізген;
      партиялық тізімге енгізілген адамның партиялық тізімді ұсынған саяси партияның кандидатының немесе партиялық тізімге енгізілген басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, олардың іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін сот анықтаған;
      Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына сәйкес партиялық тізімге енгізілген адамның және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған;
      партиялық тізімге енгізілген адамның немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған;
      осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешім қабылдайды.
      Партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешімге партиялық тізімді ұсынған саяси партия не партиялық тізімнен шығарылған адам тиісті сотқа шағым жасауына болады, сот шешімі түпкілікті болып табылады.
      Партиялық тізімге енгізілген адамды дауыс беретін күнге екі күн қалғанда шығару туралы шешім қабылдауға жол берілмейді;
      6) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидатты мынадай жағдайларда:
      адам Қазақстан Республикасының  Конституциясында  және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген;
      ол өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
      Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі кандидаттарды ұсыну ережелерін бұзған, тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған;
      кандидат, оның сенім білдірген адамдары сайлау алдындағы үгітті тіркелгенге дейін жүргізген;
      кандидаттың және (немесе) оның сенім білдірген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін сот анықтаған;
      Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы  заңнамасына  сәйкес декларация берген кезде кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
      кандидаттың немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған;
      осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.
      Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден алып тасталған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді.
      7. Партиялық тізімді тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады.
      Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға екі күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе сот бір күн ішінде шағым бойынша шешім шығарады.
      8. Партиялық тізімдерді тіркеу, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған бір ай қалғанда аяқталады.
      Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлаудан он күн бұрын басталып, оған бес күн қалғанда аяқталады.";

      33) 90-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "90-бап. Кандидатураны алып тастау, Мәжіліс депутаттығына
               кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою

      1. Партиялық тізімге енгізілген адам Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімге енгізілген адамды шығару туралы шешім қабылдайды.
      2. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі, ол ұсынған кандидат Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш жасай отырып, кандидатураны кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім
қабылдайды.";

      34) 92 және 93-баптар алып тасталсын;

      35) мынадай мазмұндағы 93-1-баппен толықтырылсын:

      "93-1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжіліс
                 депутаттарының сайлауы жөніндегі
                 сессиясын өткізу тәртібі

      1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау Республика Президенті шақыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында өткізіледі.
      2. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына аумағында сессия өткізілетін, Республика астанасының не республикалық маңызы бар қаланың тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қатысады.
      Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі дауыс беруге дейін он күннен кешіктірмей дауыс беру өткізілетін орын туралы Орталық сайлау комиссиясына хабарлайды.
      3. Сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өткізілетін үй-жайда Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беруге арналған пункт ұйымдастырады.
      4. Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжіліс депутаттарының сайлауы жөніндегі сессиясының өткізілгендігін куәландыратын құжат аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылатын сессияның хаттамасы болып табылады.
      5. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелерін жария еткеннен кейін сессия жабылады.";

      36) 94-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "94-бап. Партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс
               депутаттарының сайлауында дауыстарды санау

      1. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.
      2. Партиялық тізімдер бойынша сайлаудың нәтижелері Орталық сайлау комиссиясының отырысында тиісті аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде белгіленеді, олар сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі. Сайлау нәтижелері туралы хаттама жасалады.
      3. Дауыстарды санаудың нәтижесі мен сайлау нәтижесін анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлімінде белгіленген ережелерге сәйкес шешіледі.";

      37) мынадай мазмұндағы 94-1-баппен толықтырылсын:

      "94-1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын
                 Мәжіліс депутаттарының сайлауында
                 дауыстарды санау

      1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыстарды санау нәтижелері дауыс беруге арналған пунктте өткізілетін тиісті аумақтық сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді.
      2. Аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша Мәжіліс депутаттарының сайлауы жөніндегі дауыстарды санау хаттамасын жасайды, ол Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жария етіледі және сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
      3. Дауыстарды санау нәтижесін анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлімінде белгіленген ережелерге сәйкес шешіледі.";

      38) 95 және 96-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "95-бап. Мәжіліс депутаттарының сайлауы кезінде қайта
               дауыс беру

      1. Егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерін анықтау кезінде осы Конституциялық заңды азаматтардың ерік білдіру нәтижелерін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейтін бұзушылық орын алса, Орталық сайлау комиссиясы тиісті аумақтық
сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың өтініштері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі Мәжіліс депутаттарының сайлауын жарамсыз деп тануы мүмкін. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте қайта дауыс беруді тағайындайды.
      2. Қайта дауыс беру Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мерзімде сол партиялық тізімдер бойынша, сол сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сол сайлаушылардың тізімдері бойынша өткізіледі. Қайта дауыс беруді өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

      96-бап. Мәжіліс депутаттарын қайта сайлау

      1. Егер партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттарының сайлауы жарамсыз деп танылған болса, Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының қайта сайлауын өткізу туралы шешім қабылдайды. Қайта дауыс беру сол сайлау
учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сол сайлаушылардың тізімдері бойынша өткізіледі.
      2. Егер сайлау жарамсыз деп танылған болса не бастапқы сайлауды өткізу кезінде адам сайланбай қалған жағдайда Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының қайта сайлауын Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды.
      3. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейін екі ай мерзімнен кешіктірілмей немесе Орталық сайлау комиссиясы белгілейтін мерзімде өткізіледі. Қайта сайлау кезінде жүзеге асыру көзделген сайлау іс-шаралары осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен өткізіледі. Бұл ретте сайлау іс-шараларының қысқартылған мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
      4. Қайта сайлауды өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.";

      39) 97-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      40) 97-1-бапта:
      1-тармақтағы»"онға - біртұтас жалпыұлттық округтің аумағы бойынша бөлінетін депутаттық мандаттар санына" деген сөздер»"бөлінетін депутаттық мандаттар санына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партияның басшы органы осы Конституциялық заңның  89-бабының  4-тармағына сәйкес партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасынан, сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап он күннен кешіктірмей айқындайды.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде саяси партияның басшы органы алынған депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін айқындамаған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен партия алған депутаттық мандаттарды бөлу мемлекеттік тілдің әліпбилік ретімен тіркелген тізімдерге сай жүзеге асырылады.";

      5-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Депутат мерзімінен бұрын шығып қалған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен саяси партияның тізіміне енгізілген кандидаттар арасынан саяси партияның басшы органы осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындайтын келесі кандидатқа беріледі.";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      төртінші бөліктегі»"жоғары" деген сөз»"басшы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      41) 98-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "98-бап. Мәжіліс депутаттарын тіркеу

      Орталық сайлау комиссиясы сайланған Мәжіліс депутаттарын тіркейді.";

      42) 100-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған әкімшілік-аумақтық бөліністердің аумағында партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттарының сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы бұл әкімшілік-аумақтық бөліністердің аумағындағы сайлауды жарамсыз деп тану және қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Конституциялық Кеңес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы оны жарамсыз деп тану және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының қайта сайлауын өткізу туралы шешім қабылдайды.";

      43) 101-баптың 3-тармағында:
      "Сенат шешімінің" деген сөздер»"Президент Жарлығының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Сенат шешімінің" деген сөздерден кейін ", мәслихаттың өзін-өзі тарату туралы шешімінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      44) 104-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның  Конституция  мен осы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін Орталық сайлау комиссиясының шотына депозит ретінде заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша мәслихат депутаты болып сайланған немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес процентін алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады.";

      2-тармақтың 5) тармақшасындағы»"анықтамасы болған жағдайда жүргізіледі." деген сөздер»"анықтамасы;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат болған жағдайда жүргізіледі.";

      3-тармақтың 4) тармақшасындағы»"анықтамасы болған ретте жүзеге асырылады." деген сөздер»"анықтамасы;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат болған ретте жүзеге асырылады.";

      45) 14-тараудың тақырыбы»"Республикасының" деген сөзден кейін "өзге де" деген сөзбен толықтырылсын;

      46) 131-бапта:
      "Конституциясында көзделген" деген сөздерден кейін ", мәслихаттардан басқа, өзге де" деген сөздермен толықтырылсын;

      "күшіне енгеннен" деген сөздер»"қолданысқа енгізілгеннен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ", бірақ аталмыш заң күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірмей" деген сөздер алып тасталсын.

       2-бап.  Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі аяқталған соң немесе өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады