Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 25-IV Заңы

      Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы  келісімге  Ташкентте 2003 жылғы 5 қыркүйекте қол қойылған өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

  2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында (Ресей
Федерациясы) қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына
мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы
құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер 2002 жылғы 7 маусымдағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы  келісімге  (бұдан әрі - Келісім) өзгерістер енгізу туралы 2003 жылғы 29 мамырдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шешіміне сәйкес,
      төмендегілер туралы осы Хаттаманы жасады:

  1-бап

      Келісімнің  2-бабының  бірінші абзацындағы "Қырғыз Республикасының Бішкек" деген сөз тіркесі "Өзбекстан Республикасының Ташкент" деген сөз тіркесімен ауыстырылады.

  2-бап

      Осы Хаттама ратификациялануға тиіс және депозитарийге төртінші ратификациялық грамотаны сақтауға берген күннен бастап 30-шы күні күшіне енеді.

  3-бап

      Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      2003 жылғы 5 қыркүйекте Ташкентте бір түпнұсқалық данада орыс және қытай тілдерінде жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

      ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

      ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

      РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮШІН

      ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

      ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады