Байланыс формасы

Ядролық терроризм актілерімен күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 14 мамырдағы N 33-IV Заңы

      Нью-Йоркте 2005 жылғы 14 қыркүйекте қол қойылған Ядролық терроризм актілерімен күрес туралы халықаралық конвенция ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев

Ядролық терроризм актілерімен
күрес туралы халықаралық конвенция

(2008 жылғы 30 тамызда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

Біріккен Ұлттар Ұйымы
2005

      Осы Конвенцияға қатысушы-мемлекеттер,
      халықаралық татулық пен қауіпсіздікті қолдауға және тату көршілік пен достық қарым-қатынастарды және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын  назарға ала отырып,
      Біріккен Ұлттар Ұйымының елу жылдығына орай 1995 жылғы 24 қазандағы Декларацияға  сүйене отырып,
      барлық мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта дамыту мен қолдануға және олардың атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану нәтижесінде алуы мүмкін пайдаларына заңды мүдделілігі құқығын  мойындай отырып,
      Ядролық материалды физикалық қорғау туралы 1980 жылғы  конвенцияны   назарға ала отырып,
      бүкіл әлем бойынша терроризм актілерінің барлық нысандары мен көріністерінің ұлғаюына  терең алаңдаушылық білдіре отырып,
      Халықаралық терроризмді жою жөніндегі шаралар туралы декларацияның, атап айтқанда Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше-мемлекеттер қай жерде және кім жүзеге асырмасын, оның ішінде мемлекеттер мен халықтар арасында достық қарым-қатынастарға қауіп төндіретін және мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін қылмыстық және ақталуға жатпайтын барлық актілерді, терроризмнің әдістері мен практикаларын сөзсіз айыптайтынын салтанатты түрде растайтын Бас Ассамблеяның 1994 жылғы 9 желтоқсандағы 49/60 қарарына қосымшада қамтылған қағидаларына  сүйене отырып,
      Декларацияда мемлекеттерге осы мәселенің барлық аспектілері енетін, барлығын қамтитын құқықтық негіздеме болуын қамтамасыз ету мақсатында терроризмнің барлық нысандары мен көріністерінің алдын алу, жолын кесу және жою туралы қазіргі халықаралық-құқықтық ережелерді қолдану аясына шұғыл түрде шолу жүргізу ұсынылатынын атай отырып,
      Бас Ассамблеяның 1996 жылғы 17 желтоқсандағы 51/210 қарарына және Халықаралық терроризмді жою жөніндегі шаралар туралы 1994 жылғы декларацияны толықтыратын Декларацияның қосымшасына сілтеме жасай отырып,
      Бас Ассамблеяның 51/210 қарарын орындау үшін, атап айтқанда тиісті қазіргі халықаралық құжаттарды толықтыру мақсатында ядролық терроризм актілерімен күрес туралы халықаралық конвенцияны тұжырымдау үшін арнайы комитет құрылғанын  еске сала отырып,
      ядролық терроризм актілері айтарлықтай зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін екендігін және халықаралық татулық пен қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін екендігін  атай отырып,
      қазіргі бар көпжақты халықаралық құқық ережелерінде бұл шабуылдар тиісінше қаралмайтындығын да  атай отырып,
      терроризмнің мұндай актілерінің алдын алу үшін және қылмыстық қуғындау мен кінәлілерді жазалау үшін тиімді, практикалық шараларды әзірлеу мен қолдануға, мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың аса қажеттігіне  көз жеткізе отырып,
      мемлекеттердің қарулы күштерінің әрекеті осы Конвенцияның шеңберінен тыс халықаралық құқық нормаларымен реттелетінін және осы Конвенцияның қолданылу аясынан кейбір әрекеттерді алып тастау өзге де қатынастарындағы заңсыз актілер үшін жауапкершіліктен босатпайтынын, оларды заңды етпейтінін және басқа заңдардың негізінде жауапкершілікке тартуға кедергі келтірмейтінін  атай отырып,
      төмендегілер туралы  келісті:

  1-бап

      Осы Конвенцияның мақсаттары үшін:

      1. "Радиоактивті материал" - ядролық материалды және құрамында өздігінен ыдырайтын (иондаушы сәулеленудің бір немесе бірнеше түрлерін, мысалы альфа-сәулелену, бета-сәулелену, нейтронды сәулелену және гамма сәулелену шығарумен болатын процесс) және өздерінің радиологиялық ерекшеліктерінің әсерінен немесе өзінің өлімге әкеліп соқтыруы, айтарлықтай зақым келтіруі не меншікке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруі мүмкін нуклидтер бөлетін қасиеттері болатын басқа да радиоактивті заттарды білдіреді.

      2. "Ядролық материал" плутоний-238 бойынша 80 пайыздан асатын изотоптардың шоғырлануындағы плутонийдан басқа плутонийды; уран-233; уран-235 немесе уран-233 изотоптарымен байытылған уранды; табиғатта кеннен немесе кен қалдықтарынан ерекшеленетін түрде кездесетін изотоптардың қоспасынан тұратын уранды; және жоғарыда аталған элементтердің біреуін немесе одан көбін қамтитын кез келген материалды білдіреді;
      "уран-235 немесе уран-233 изотоптарымен байытылған уранда" деген уран-235 немесе уран-233 изотоптарын қамтитын уранды немесе екі изотоптың мөлшері осы изотоптардың жиынтығынан артық пайызы уран-238 изотопымен салыстырғанда уран-235 изотопының пайызы жоғары, табиғатта кездесетін уран-238 изотопымен салыстырғанда жоғары уранды білдіреді.

      3. "Ядролық объект":

      а) теңіз кемелерінде, көлік құралдарында, ұшу аппараттарында немесе ғарыш объектілерінде осындай кемелерді, көлік құралдарын, ұшу аппараттарын немесе ғарыш объектілерін қозғалысқа келтіру үшін немесе кез келген басқа мақсат үшін энергия көзі ретінде пайдалану үшін орнатылған реакторларды қоса алғанда, кез келген ядролық реакторды;

      b) радиоактивті материалды өндіру, сақтау, өңдеу немесе тасымалдау үшін, қолданылатын кез келген құрылысты немесе қатынас құралдарын білдіреді.

      4. "Құрылғы":

      а) кез келген ядролық жарылғыш құрылғыны; немесе

      b) кез келген радиоактивті материалды таратушы немесе өзінің радиологиялық ерекшеліктерінің әсерінен өлім, ауыр жарақат не меншікке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруі мүмкін радиация шығаратын құрылғыны білдіреді.

      5. "Мемлекеттік немесе үкіметтік объект" мемлекеттің өкілдері, үкімет мүшелері, заң немесе сот органының өкілдері, не мемлекеттік билік органының немесе өзге мемлекеттік органның немесе мекеменің лауазымды тұлғалары немесе қызметшілері, не үкіметаралық ұйымның қызметшілері немесе лауазымды тұлғалары өзінің қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты пайдаланатын немесе орналасатын кез келген тұрақты немесе уақытша объектіні немесе көлік құралын білдіреді.

      6. "Мемлекеттің қарулы күштері" мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес бірінші кезекте ұлттық қорғаныс немесе қауіпсіздік міндеттерін орындау үшін ұйымдастырылған, оқытылған және жарақтандырылған қарулы күштерін және олардың ресми әмірінде, бақылауында және жауапкершілігінде болатын осы қарулы күштерді қолдауға әрекет ететін адамдарды білдіреді.

  2-бап

      1. Осы Конвенцияның мәні бойынша кез келген адам, егер ол заңсыз және қасақана:

      а) радиоактивті материалды иеленсе не құрылғыны дайындаса немесе оны иеленсе:

      і) өлтіру немесе ауыр зақым келтіру ниетімен; немесе

      іі) меншікке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіру ниетімен;

      b) радиоактивті материалды немесе құрылғыны кез келген түрде пайдаланса не ядролық объектіні радиоактивті материалды босататындай немесе босату қаупі туындайтындай етіп немесе зақым келтіретіндей:

      і) өлтіру немесе ауыр зақым келтіру ниетімен; немесе

      іі) меншікке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіру ниетімен; немесе

      ііі) жеке немесе заңды тұлғаны, халықаралық ұйымды немесе мемлекетті қандай да болсын әрекетті жасауға немесе одан қалыс қалуға мәжбүр ету ниетімен пайдаланса, қылмыс жасайды.

      2. Сондай-ақ кез келген адам, егер ол:

      а) осы баптың 1 b-тармағында көрсетілген қылмысты жасауға қоқан-лоққы көрсетсе, сонымен бірге осы қауіптің нақтылығын көрсететін белгілер болса; немесе

      b) радиоактивті материалды, құрылғыны немесе ядролық объектіні заңсыз және қасақана талап етсе, бұл ретте осы қауіптің нақтылығын көрсететін жағдайларға, не күш қолдануға сүйенетін болса, қылмыс жасайды.

      3. Кез келген адам, егер ол осы баптың 1-тармағында аталған қылмыстың қандай да болмасын біреуін жасауға әрекет етсе де қылмыс жасайды.

      4. Кез келген адам, егер ол:

      а) осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген қылмыстың қандай да болмасын біреуін жасауға бірге қатысушы ретінде қатысса; немесе

      b) осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген қылмыстың қандай да болмасын біреуін жасау мақсатында басқа адамдарды ұйымдастырса немесе оларға басшылық жасаса қылмыс жасайды; немесе

      с) ортақ мақсатта әрекет ететін адамдар тобымен осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген қылмыстың біреуін немесе бірнешеуін жасауға кез келген басқа түрде жәрдемдессе қылмыс жасайды; мұндай жәрдемдесу қасақана және не қылмыстық әрекеттің жалпы сипатын немесе топтың мүддесін қолдау мақсаттарында немесе тиісті қылмысты немесе қылмыстарды жасаушы топтың ниетіне ықпалдасу осы болып табылуға тиіс.

  3-бап

      Осы Конвенция мынадай жағдайларда қолданылмайды: егер қылмыс бір мемлекетте жасалса, ықтимал қылмыскер мен жәбірленуші осы мемлекеттің азаматтары болып табылса, ықтимал қылмыскер осы мемлекеттің аумағынан табылса және ешқандай басқа мемлекет 9-баптың 1 немесе 2-тармағына сәйкес өзінің заңдық құзыретін жүзеге асыру үшін негізге ие болмаса, осы жағдайларға тиісті мән-жайларға 7, 12, 14, 15, 16 және 17-баптардың ережелерін қолдануды жоққа шығармайды.

  4-бап

      1. Осы Конвенциядағы ешнәрсе де халықаралық құқыққа, атап айтқанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына және халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес мемлекеттер мен адамдардың басқа құқықтарын, міндеттемелері мен міндеттерін қозғамайды.

      2. Қарулы қақтығыс кезіндегі қарулы күштердің әрекеттері, бұл терминдер халықаралық гуманитарлық құқықпен реттелетін осы құқықта түсіндірілетіндей осы Конвенциямен реттелмейді, сол сияқты олар халықаралық құқықтың басқа да нормаларымен реттелетіндіктен мемлекеттің қарулы күштері олардың ресми функцияларын жүзеге асыру мақсатында қолданатын әрекеттері онымен реттелмейді.

      3. Осы баптың 2-тармағының ережелері өзге қатынастардағы заңсыз актілерді қолдаушы немесе заңды етуші немесе басқа заңдардың негізінде жауапкершілікке тартуға кедергі келтіруші ретінде түсіндірілмеуге тиіс.

      4. Осы Конвенция мемлекеттердің ядролық қаруды қолдануының заңдылығы және немесе қолдану қаупі туралы мәселеге қатысты болмайды және оған қатысты ешбір түрде түсіндірілуі мүмкін емес.

  5-бап

      Әрбір қатысушы мемлекет қажет болуы мүмкін мынадай шараларды:

      а) 2-бапта көрсетілген әрекеттерді оның ұлттық заңнамасына сәйкес қылмыстық істер деп мойындау үшін;

      b) осы қылмыстардың ауыр сипатын ескере отырып осы қылмыстар үшін тиісті жазаларды белгілеу үшін қолданады.

  6-бап

      Әрбір қатысушы мемлекет қандай шаралар қажет болса, оның ішінде ішкі заңнама саласындағы тиісті жағдайларда, осы Конвенцияның қолданыс аясына енетін қылмыстық әрекеттердің, атап айтқанда халықтың, адамдар тобының немесе нақты адамдардың арасында террорлық жағдай жасауға бағытталғандардың немесе есептелгендердің, ешбір жағдайда саяси, философиялық, идеологиялық, нәсілдік, этностық, діни немесе өзге де осыған ұқсас сипаттағы қандай да болмасын пікірлер бойынша ақтауға жатпауын және олардың ауырлық дәрежесіне орай жазаға тартылуын қамтамасыз ету үшін сондай шараларды қолданады.

  7-бап

       1.   Қатысушы мемлекеттер:

      а) олардың тиісті аумақтары шегінде 2-бапта аталған қылмыстарды жасауға дайындықтың алдын алу мақсатында қажет кезінде өзінің ұлттық заңнамасын бейімдеуді, олардың аумақтарының шегінде немесе шегінен тыс және мұндай дайындыққа қарсы әрекеттерді, оның ішінде олардың аумақтарында осы қылмыстарға қолдау көрсететін, арандататын, ұйымдастыратын, қасақана қаржыландыратын немесе қасақана техникалық көмек көрсететін немесе ақпарат беретін немесе осы қылмыстарды жасауға қатысатын адамдардың, топтардың және ұйымдардың заңсыз қызметіне тыйым салу жөніндегі шараларды қоса алғанда, барлық мүмкін болатын шараларды қолдану;

      b) өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес және осы бапта көзделген тәртіп пен жағдайларда, әрі әкімшілік және ол 2-бапта көрсетілген қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және тергеу жүргізу мақсатында, сондай-ақ осындай қылмыстарды жасауда айыпталатын адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында қажет болған кезде қолданылатын басқа да шараларды үйлестіруде, дәл және тексерілген ақпарат алмасу арқылы ынтымақтастық жасайды. Атап айтқанда қатысушы мемлекет 2-бапта аталған қылмыстардың жасалуына қатысты 9-бапта аталған басқа мемлекеттерді дереу хабардар ету үшін, сондай-ақ оған белгілі болған осындай қылмыстарды жасауға дайындықтар туралы және сол сияқты мақсатына орай халықаралық ұйымдарды хабардар етуге тиісті шаралар қолдану жолымен ынтымақтасады.

      2. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияның күшіне орай құпия немесе осы Конвенцияны жүзеге асыру мақсатында өткізілген іс-қимылға қатысу нәтижесінде басқа қатысушы мемлекеттен алатын кез келген ақпараттың құпиялылығын қорғау үшін өзінің ұлттық заңнамасына сай келетін тиісті шараларды қолданады. Егер қатысушы мемлекеттер халықаралық ұйымдарға ақпаратты құпия түрде берсе, онда мұндай ақпараттың құпиялылығын қорғауды қамтамасыз ету үшін шаралар қолданылады.

      3. Осы Конвенцияға сәйкес ұлттық заңнамасына сай қатысушы мемлекеттерден таратуға құқығы жоқ немесе мүдделі мемлекеттің қауіпсіздігіне немесе ядролық материалды физикалық қорғалуына қауіп төндіретін қатысушы мемлекеттерден қандай да бір ақпаратты беру талап етілмейді.

      4. Қатысушы мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына осы бапта көрсетілген ақпаратты жолдауға немесе алуға жауапты өзінің құзыретті органдары немесе байланыс пункттері туралы ақпарат береді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы құзыретті органдар мен байланыс пункттері туралы мұндай ақпаратты барлық қатысушы мемлекеттерге және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке хабарлайды. Осындай органдар мен байланыс пункттеріне үнемі қол жеткізілуге тиіс.

  8-бап

      Осы Конвенцияның мәні бойынша қылмыстың алдын алу мақсатында қатысушы мемлекеттер Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің тиісті ұсынымдары мен функцияларын ескере отырып радиоактивті материалды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тиісті шараларды қолдануға барлық күш-жігерін жұмсайды.

  9-бап

      1. Әрбір қатысушы мемлекет 2-бапта аталған қылмысқа қатысты оның заңдық құзыретін белгілеу үшін:

      а) қылмыс осы мемлекеттің аумағында жасалса; немесе

      b) қылмыс осы мемлекеттің туы астында жүзетін кеме бортында немесе қылмыс жасалған мезетте осы мемлекеттің заңына сәйкес тіркелген әуе кемесінде жасалса; немесе

      с) қылмысты осы мемлекеттің азаматы жасаса, қандай қажетті шараларды болса да қолданады.

      2. Қатысушы мемлекет өзін заңдық құзыретін осындай кез келген қылмысқа қатысты:

      а) қылмыс осы мемлекеттің азаматына қарсы жасалса; немесе

      b) қылмыс осы мемлекеттің елшілігін немесе өзге де дипломатиялық немесе консулдық өкілдігінің үй-жайларын қоса алғанда, шетелдегі осы мемлекеттің мемлекеттік немесе үкіметтік объектісіне қарсы жасалса, немесе;

      с) қылмысты осы мемлекеттің аумағында тұрып жатқан азаматтығы жоқ адам жасаса; немесе

      d) қылмыс осы мемлекетті қандай да бір іс-қимыл жасауға немесе одан қалыс қалуға мәжбүрлеу ниетімен жасалса; немесе

      е) қылмыс осы мемлекеттің үкіметі пайдаланатын әуе кемесінің бортында жасалса, белгілей алады.

      3. Осы Конвенцияны ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде әрбір қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын өзінің ұлттық заңнамасы негізінде осы баптың 2-тармағына сәйкес заңдық құзыретін белгілеу туралы хабардар етеді. Қандай да бір өзгерістер болған жағдайда тиісті қатысушы мемлекет бұл туралы Бас хатшыны дереу хабардар етеді.

      4. Әрбір қатысушы мемлекет қылмыскер деп болжанған адам оның аумағында болса және ол оны осы баптардың 1 немесе 2-тармақтарына сәйкес өз заңдық құзыретін белгілеген қатысушы мемлекеттердің бірде-біріне бермеген жағдайда, 2-бапта аталған қылмыстарға қатысты оның заңдық құзыретін белгілеу үшін қажетті болып табылатын осындай шараларды да қолданады.

      5. Осы Конвенция өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес қатысушы мемлекет белгілеген қылмыстық заңдық құзыретін жүзеге асыруды жоққа шығармайды.

  10-бап

       1.   Қатысушы мемлекет, 2-бапта аталған қылмыс оның аумағында жасалғаны немесе жасалып жатқаны немесе қылмыс жасаған немесе оның аумағында болуы мүмкін осындай қылмысты жасауы мүмкін деген адам туралы ақпаратты ала отырып, осы ақпаратта көрсетілген фактілерді тексеру үшін өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын осындай шараларды қолданады.

      2. Аумағында қылмыскер немесе қылмыскер деп болжанған адам тұратын қатысушы мемлекет жағдай осыны талап ететініне көз жеткізе отырып, қылмыстық қуғындау немесе ұстап беру мақсатында оның қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі тиісті шараларды өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес қолданады.

      3. Оған қатысты осы баптың 2-тармағында айтылған шаралар қолданатын кез келген адамның:

      а) өзінің азаматы болып табылатын, сол мемлекеттің немесе сол адамның құқығын өзгеше түрде заңдық қорғайтын мемлекеттің жақын жердегі тиісті өкілімен немесе азаматтық алмаған адам болса, аумағында тұратын мемлекет өкілімен шұғыл байланысуы;

      b) осы мемлекеттің өкіліне келуі;

      с) а) және b) тармақшаларына сәйкес өз құқықтары туралы хабардар болу құқығы бар.

      4. Осы баптың 3-тармағында айтылған құқықтар қылмыскер немесе қылмыскер болуы мүмкін адам аумағында болатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, соның өзінде де аталған заңнама 3-тармаққа сәйкес берілетін құқықтар белгіленген мақсатқа толық жету мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарының ережелері 9-баптың 1 немесе 2-тармақтарына сәйкес заңдық құзыретіне ұмтылатын кез келген қатысушы мемлекеттің Қызыл Крест халықаралық комитетінен қылмыскер болуы мүмкін адаммен байланысуды немесе оған баруды өтіну құқығына зиян келтірмейді.

      6. Осы бапқа сәйкес қатысушы мемлекет адамды тұтқынға алғаннан кейін, 9-баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес заңдық құзыретін белгілеген қатысушы мемлекеттерге өзі орынды деп санаса, тікелей немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы арқылы және егер ол мұндай адамның тұтқынға алынған фактісі туралы және оның ұсталуын талап ететін мән-жайлар туралы кез келген өзге де мүдделі қатысушы мемлекеттерге дереу хабарлауы тиіс. Осы баптың 1-тармағында көзделген тексеруді жүргізетін мемлекет аталған қатысушы мемлекеттерді өзінің шешімдері туралы жедел хабардар етеді және ол заңдық құзыретін жүзеге асыру ниеті туралы хабарлайды.

  11-бап

      1. Қылмыскер деп болжанған адам табылған аумақтағы қатысушы мемлекет 9-бап қолданылатын жағдайларда, егер ол осы адамды ұстап бермесе, оның аумағында қылмыс жасалған-жасалмағанына қарамастан қандай да бір ерекшелік жасамай, өз заңнамасына сәйкес тексеру жүргізу арқылы қылмыстық қуғындау мақсатында өзінің құзыретті органдарына ақталмайтын іркілістерсіз табыстауға міндетті. Бұл органдар сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес ауыр сипаттағы кез келген басқа қылмыс жағдайындағыдай шешім қабылдайды.

      2. Қатысушы мемлекеттің ұлттық заңнамасы оған өзінің азаматтарының бірін ұстап беруге немесе өзгеше түрде беруге мүмкіндік беретін барлық жағдайда, бұл адам осы мемлекетке ұстап беру немесе беру сұратылған бұл адамның ісін сотта қылмыстық тексеру немесе қарау нәтижесінде шығарылған үкім бойынша жазасын өтеу үшін қайтарылады деген шартпен және осы мемлекет пен осы адамды ұстап беру туралы өтініш жасаушы мемлекет осы нұсқамен және олар орынды деп тапқан басқа да шарттармен келіскен жағдайда ғана, осы баптың 1-тармағында айтылған міндетті орындау үшін жеткілікті болып табылатын осындай шарт жасалған ұстап беру немесе беруі орынды деп танылады.

  12-бап

      Осы Конвенцияға сәйкес қамауға алынған немесе оған қатысты кез келген басқа шаралар қолданылған немесе тексеру жүзеге асырылатын кез келген адамға әділдікпен қарау, оның ішінде сол адам тұратын аумақтағы мемлекеттің заңнамасына сәйкес барлық құқықтар мен кепілдерді және адам құқықтары туралы ережелерді қоса алғанда, қолданылатын халықаралық құқық ережелерін қолдануға кепілдік беріледі.

  13-бап

      1. 2-бапта аталған қылмыстар осы Конвенция күшіне енгенге дейін қандай да бір қатысушы мемлекеттер арасында жасалған ұстап беру туралы кез келген шартқа ұстап беруге әкелетін қылмыстар ретінде қосуға жататын болып саналады. Қатысушы мемлекеттер кейіннен олардың арасында жасалатын ұстап беру туралы барлық шарттарға ұстап беруге әкелетін осындай қылмыстар ретінде енгізуге міндеттенеді.

      2. Қатысушы мемлекет шартын болуымен ұстап беруге байланысты болса, олармен ұстап беру туралы шарт жасалмаған басқа қатысушы мемлекеттен ұстап беру туралы өтінішті алғанда, сұрау салынушы мемлекет 2-бапта аталған қылмысқа қатысты ұстап беру үшін құқықтық негіз ретінде өз қарауы бойынша осы Конвенцияны қарастыра алады. Ұстап беру сұрау салынуды мемлекеттің заңнамасында көзделген басқа да талаптардың сақталуымен жүзеге асырылады.

      3. Шарттың болуымен ұстап беруге байланысты емес қатысушы мемлекеттер өз арасында 2-бапта аталған қылмыстарды сұрау салынатын мемлекеттің заңнамасында көзделген талаптардың сақталуымен ұстап беруге әкелетін қылмыстар ретінде қарайды.

      4. 2-бапта аталған қылмыстар, қажет болған жағдайда, егер олар жасалған орнында ғана емес, сондай-ақ 9-баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес өзінің заңдық құзыретін белгілеген мемлекеттердің аумағында жасалса, қатысушы мемлекеттер ұстап беру мақсатында қарайды.

      5. Қатысушы мемлекеттер арасындағы ұстап беру туралы барлық шарттар мен уағдаластықтардың ережелері 2-бапта аталған қылмыстарға байланысты қатысушы мемлекеттер арасындағы қатынастарда олар осы Конвенцияға сай келетіндей шекте өзгертілген болып саналады.

  14-бап

      1. Қатысушы мемлекеттер тексерулер үшін қажетті олардың қолында бар айғақтарды алуға жәрдем беруді қоса алғанда, 2-бапта аталған қылмыстарға қатысты басталған тексерулермен, қылмыстық қуғындау мен немесе ұстап беру рәсімдерімен байланысты бір-біріне барынша көмек көрсетеді.

      2. Қатысушы мемлекеттер олардың арасында болуы мүмкін өзара құқықтық көмек туралы кез келген шарттарда немесе өзге уағдаластықтарға сәйкес осы баптың 1-тармағы бойынша өз міндеттемелерін орындайды. Осындай шарттар мен уағдаластықтар болмағанда, қатысушы мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес бір-біріне көмек көрсетеді.

  15-бап

      2-бапта көрсетілген қылмыстың бірде-бірі ұстап беру немесе өзара құқықтық көмек мақсатында саяси қылмыс немесе саяси қылмыспен байланысты қылмыс немесе саяси уәждерден туындаған қылмыс ретінде қаралмайды. Сондықтан осындай қылмыспен байланысты ұстап беру немесе өзара құқықтық көмек туралы өтінішпен ол саяси қылмыстарға немесе саяси қылмыспен байланысты қылмысқа немесе саяси уәждерден туындайтын қылмысқа қатысты негізде ғана қабылданбай тасталуы мүмкін емес.

  16-бап

      Осы Конвенцияда ешнәрсе де қандай да бір адамды ұстап беру немесе өзара көмек көрсету, егер сұрау салынатын қатысушы мемлекеттің 2-бапта аталған қылмыстармен байланысты ұстап беру немесе осындай қылмыстарға қатысы туралы өтініштің өзара құқықтық көмегі осы адамды оның нәсіліне, дінге сенуіне, азаматтығына, этностық шығу тегіне немесе саяси көзқарастары себебінен қылмыстық қуғындау немесе жазалау мақсатында немесе осы өтінішті қанағаттандыру, сол адамның жағдайына осы себептердің кез келгенінен зиян келтіретін болса, міндеттеме жүктеуші ретінде түсіндірілмеуі тиіс.

  17-бап

      1. Бір қатысушы мемлекетте қамауда отырған немесе түрмеде отыру мерзімін өтеп жатқан және осы Конвенцияға сәйкес қылмыстарға байланысты тергеу немесе қылмыстық қуғындау үшін дәлелдемелер алуда айғақтар беру, жеке басын анықтау немесе өзге де көмек көрсету мақсатында оның басқа қатысушы мемлекетте болуы талап етілетін адам мынадай шарттар сақталғанда:

      а) бұл адам толық ақпарат негізінде оған өз келісімін еркін бергенде; және

      b) екі елдің де құзыретті билігі осы мемлекеттер қолдануға болады деп санайтын талаптармен келісімге қол жеткізгенде берілуі мүмкін.

      2. Осы баптың мақсаттары үшін:

      а) оған адам берілетін мемлекет, егер осы адамды берген мемлекет қана өзге туралы сұрамаса немесе басқаша рұқсат етпесе, берген адам қамауда ұстауға құқылы және міндетті;

      b) адам берілген мемлекет, екі мемлекеттің құзыретті билігі осы адамды қайтару жөнінде алдын ала келісілгендей немесе екі елдің құзыретті билігімен өзгеше түрде келісілгендей, бұрын берген мемлекеттің иелігіне осы адамды қайтару жөніндегі өз міндеттемесін кідіріссіз орындайды;

      с) адам берілген мемлекет, осы адамды берген мемлекеттен оны қайтарып беру үшін ұстап беру рәсімін жүргізуді талап етпеуі тиіс;

        d)   берілген адамның ол берілген мемлекетте өтейтін жазалау мерзіміне ол берілген мемлекетте қамауда ұсталған мерзімі қоса есептеледі.

      3. Осы бапқа сәйкес берілуі тиіс белгілі бір адам оның азаматтығына қарамастан қудалануға немесе қамауда ұстауға жатпайды және ол берілген мемлекетінің аумағынан кеткенге дейін іс-әрекетіне немесе оған қатысты шығарылған үкімдерге байланысты осы адам берілген мемлекеттің аумағында оның жеке басының еркіндігіне қатысты қандай да болмасын өзге бір шектеулерге оны берген қатысушы мемлекеттің келісімінсіз ұшырауға тиіс емес.

  18-бап

      1. Радиоактивті материалдарды, құрылғыларды немесе ядролық объектілерді басып алған немесе өзгеше түрде өз бақылауына алған, 2-бапта сипатталған қылмыс жасалғаннан кейін; мұндай заттарға ие қатысушы мемлекет:

      а) радиоактивті материалды, құрылғыны немесе ядролық объектіні залалсыздандыру мақсатында шаралар қолданады;

      b) кез келген ядролық материал Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік қолданатын кепілдерге сай сақталуын қамтамасыз етеді; және

      с) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік жариялаған физикалық қорғаныш және денсаулық пен қауіпсіздік саласындағы стандарттар жөніндегі ұсынымдарды ескереді.

      2. 2-бапта сипатталған қылмыстарға байланысты кез келген талқылаулар аяқталғаннан кейін немесе егер оны халықаралық құқық талап ететін болса, одан да ертерек, мүдделі қатысушы мемлекеттермен кеңесулерден кейін (атап айтқанда қайтару және сақтау шарттары жөніндегі) кез келген радиоактивті материал, құрылғы немесе ядролық объект өздері тиесілі қатысушы мемлекетке, осындай радиоактивті материал, құрылғы немесе ядролық объект иесі болып табылатын заңды тұлға немесе жеке тұлға азаматы немесе тұрғыны болып табылатын қатысушы мемлекетке не олар аумағынан ұрланған немесе, өзгеше түрде заңсыз алынған қатысушы мемлекетке қайтарылады.

      3. а) Егер мемлекетішілік немесе халықаралық құқық қатысушы мемлекетке мұндай радиоактивті материалды, құрылғыны немесе ядролық объектіні қайтаруға немесе қабылдауға тыйым салса немесе бұл туралы мүдделі қатысушы мемлекеттер келіссе, онда радиоактивті материалға, құрылғыға немесе ядролық объектіге ие қатысушы мемлекет осы баптың 3 b-тармағын сақтай отырып, осы баптың 1-тармағында сипатталған шараларды қолдануды жалғастырады; мұндай радиоактивті материалдар, құрылғылар немесе ядролық объектілер бейбіт мақсаттарда ғана пайдаланылатын болады;

      b) Егер радиоактивті материалдарға, құрылғыларға немесе ядролық объектілерге ие қатысушы мемлекеттердің оларға ие болуы заңсыз болып табылатын болса, онда бұл мемлекет мұндай иелік ету заңды болып табылатын және қажет болғанда оларды залалсыздандыру мақсатында осы мемлекетпен кеңескен кезде осы баптың 1-тармағына талаптарға сәйкес сенім білдірген мемлекеттің иелігіне мүмкіндігінше тезірек тапсырылуын қамтамасыз етеді; мұндай радиоактивті материалдар, құрылғылар немесе ядролық объектілер бейбіт мақсаттарда ғана пайдаланылады.

      4. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарында айтылған радиоактивті материалдар, құрылғылар немесе ядролық объектілер қатысушы мемлекеттердің бірде-біріне не қатысушы мемлекеттің азаматына немесе тұрғынына тиесілі болмаса және қатысушы мемлекеттің аумағынан ұрланған немесе өзгеше түрде заңсыз алынбаса немесе егер бірде-бір мемлекет мұндай заттарды алуға тілек білдірмесе, онда осы баптың 3 b-тармағын сақтай отырып мүдделі мемлекеттермен және кез келген тиісті халықаралық ұйымдармен кеңесулерден кейін оған қалай иелік ету туралы жеке шешім қабылданады.

      5. Радиоактивті материалға, құрылғыға немесе ядролық объектіге не қатысушы мемлекет осы баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтарының мақсаттары үшін басқа қатысушы мемлекеттерден, атап айтқанда мүдделі қатысушы мемлекеттерден және кез келген тиісті халықаралық ұйымдардан, атап айтқанда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктен көмек сұрай алады немесе ынтымақтастық туралы өтініш жасай алады. Қатысушы мемлекеттерге және тиісті халықаралық ұйымдарға осы бапқа сәйкес барынша мүмкін болатын дәрежеде көмек көрсетуге ұсыным жасалады.

      6. Осы бапқа сәйкес радиоактивті материалға, құрылғыға немесе ядролық объектіге қалай ие болумен немесе оларды қалай сақтаумен айналысатын Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директорын мұндай затқа қалай билік еткені немесе сақтағаны туралы хабардар етеді. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры бұл ақпаратты басқа қатысушы мемлекеттерге жолдайды.

      7. Егер 2-бапта сипатталған қылмысқа байланысты таратылған болса, онда осы бап ешқандай және ешбір түрде ядролық залал үшін жауапкершілікті реттеуші халықаралық құқықтың нормаларын немесе халықаралық құқықтың өзге де нормаларын қозғамайды.

  19-бап

      Ықтимал қылмыскер қылмыстық қуғындауға ұшыраған қатысушы мемлекет өзінің ұлттық заңнамасына немесе қолдануға болатын рәсімдеріне сәйкес талқылаудың ақырғы нәтижесі туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлайды, ол бұл ақпаратты басқа қатысушы мемлекеттерге жолдайды.

  20-бап

      Қатысушы мемлекеттер бір-бірімен тікелей немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы арқылы және қажет болған жерде халықаралық ұйымдардың көмегімен осы Конвенцияның тиімді жүзеге асырылуы үшін консультациялар өткізеді.

  21-бап

      Қатысушы мемлекеттер осы Конвенция бойынша өз міндеттемелерін тәуелсіз теңдік және мемлекеттердің аумақтық тұтастығының принциптеріне және басқа мемлекеттің ішкі істеріне араласпау принципіне жауап беретін түрде орындайды.

  22-бап

      Осы Конвенцияда ешнәрсе де қатысушы мемлекетке басқа қатысушы мемлекеттің аумағында, басқа қатысушы мемлекеттің билігінің ғана құзыретіне енетін оның ұлттық заңнамасына сәйкес заңдық құзыреті мен функциясын жүзеге асыру құқығын бермейді.

  23-бап

      1. Осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты, қисынды уақыт ішінде келіссөз жүргізу жолымен реттеу мүмкін болмайтын екі немесе одан да көп қатысушы мемлекеттер арасындағы кез келген дау олардың біреуінің өтініші бойынша төрелік етуге беріледі. Егер төрелік ету туралы өтініш жасалған күннен бастап алты ай ішінде тараптар оны ұйымдастырушы туралы келісе алмаса, кез келген тарап Соттың Мәртебесіне сәйкес өтініш жасау арқылы, дауды Халықаралық Сотқа тапсыра алады.

      2. Әрбір мемлекет осы Конвенцияға қол қою, ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде өзін осы баптың 1-тармағының ережелерімен байланысты деп санамайтыны туралы мәлімдей алады. Басқа қатысушы мемлекеттер осындай ескерту жасаған кез келген қатысушы мемлекетке қатысты 1-тармақтың ережелерімен байланысты болмайды.

      3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес ескерту жасаған кез келген мемлекет кез келген уақытта осы ескертуді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлау арқылы алып тастай алады.

  24-бап

      1. Осы Конвенция 2005 жылғы 14 қыркүйектен бастап 2006 жылғы 31 желтоқсан аралығында Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде барлық мемлекеттердің қол қоюы үшін ашық.

      2. Осы Конвенция қабылдануға немесе бекітілуге жатады. Қабылдау немесе бекіту туралы ратификация грамоталары немесе құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.

      3. Осы Конвенция кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық. Қосылу туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.

  25-бап

      1. Осы Конвенция жиырма екінші ратификация грамотасын немесе қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырғаннан кейінгі отызыншы күні күшіне енеді.

      2. Осы Конвенцияны ратификациялайтын, қабылдайтын немесе бекітетін жиырма екінші ратификация грамотасын немесе қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейін оған қосылатын әрбір мемлекет үшін Конвенция осы мемлекет өзінің ратификация грамотасын немесе қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.

  26-бап

      1. Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға түзетулер ұсына алады. Ұсынылған түзетулер депозитарийге ұсынылады, ол кешіктірмей оларды барлық қатысушы мемлекеттерге жібереді.

      2. Қатысушы мемлекеттердің көпшілігінің ұсынылған түзетулерді қарау үшін конференция шақыру туралы өтініштерін алған бойда депозитарий барлық қатысушы мемлекеттерді, шақыру жолданғаннан кейін кемінде үш айдан кейін өткізілетін конференцияға қатысуға шақырады.

      3. Конференцияға қатысушылар түзетулерді бітімге келіп қабылдау үшін барлық мүмкіндікті жасайды. Егер бұл мүмкін болмай шықса, түзетулер барлық қатысушы мемлекеттердің үштен екі көпшілік дауысымен қабылданады. Депозитарийлер конференцияда қабылданған кез келген түзетулерді еш кідіріссіз барлық мүше мемлекеттерге таратады.

      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес қабылданған түзету ратификациялау, қабылдау, қосылу немесе түзетуді бекіту туралы құжатты сақтауға тапсыратын әрбір қатысушы мемлекет үшін қатысушы мемлекеттердің үштен екісі өзінің тиісті құжаттарын сақтауға тапсырған датадан кейінгі отызыншы күні күшіне енеді. Бұдан кейін кез келген қатысушы мемлекет үшін түзету осы мемлекеттің тиісті құжатты сақтауға тапсырған датасынан бастап отызыншы күні күшіне енеді.

  27-бап

      1. Кез келген қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын жазбаша хабарландыру жолымен осы Конвенциядан бас тарта алады.

      2. Бас тарту Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы хабарламаны алған күнінен бастап бір жыл өткеннен кейін күшіне енеді.

  28-бап

      Осы Конвенцияның түпнұсқасының ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі тең түпнұсқасы болып табылатын мәтіндері Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға беріледі, ол барлық мемлекеттерге Конвенцияның куәландырылған көшірмесін таратады.

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУҒА өзінің тиісті үкіметтері нақты түрде соған уәкілеттік берген төменде қол қоюшылар Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде барлық мемлекеттердің қол қоюы үшін 2005 жылғы 14 қыркүйекте ашылған осы Конвенцияға қол қойды.

  Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенция

       Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер ,
      барлық мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсаттарда дамыту және қолдану құқығын және олардың атом энергиясын бейбіт мақсаттарда қолдану нәтижесінде ықтимал пайда алуға заңды мүдделілігін  мойындай отырып , атом энергиясын бейбіт мақсаттарда қолдану саласында халықаралық ынтымақтастыққа ықпал ету қажеттігіне  қол жеткізе отырып , ядролық материалды заңсыз басып алу және пайдалану нәтижесіндегі ықтимал қауіпті болдырмауды  тілей отырып , ядролық материалға қатысты құқық бұзушылықтың елеулі алаңдаушылықтың
нысанасы болып табылатындығына және осындай құқық бұзушылықтарды болдырмау мен анықтауды және ол үшін жазалауды көздейтін тиісті және тиімді шаралар қабылдаудың өткір қажеттігі бар екендігіне  көз жеткізе отырып , әрбір қатысушы мемлекеттің ұлттық заңдарына және осы Конвенцияға сәйкес ядролық материалды физикалық қорғау жөнінде тиімді шаралар әзірлеу мақсатында халықаралық ынтымақтастық қажеттігін сезіне отырып, осы Конвенцияның ядролық материалды қауіпсіз орын ауыстыруға ықпал етуге тиістігіне  көз жеткізе отырып , ядролық материалды физикалық қорғаудың оны елдің өз ішінде пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде де маңызды екендігін  атап көрсете отырып , әскери мақсаттар үшін пайдаланылатын ядролық материалды тиімді физикалық қорғаудың маңыздылығын мойындай отырып, және ондай материал қатаң түрде физикалық қорғауда тұрғанын және сол күйінде қала беретінін  түсіне отырып , төмендегілер туралы келісті:

  1-бап

      Осы Конвенцияның мақсаты үшін:
      а) "ядролық материал" дегеніміз плутоний-238 бойынша 80 %-тен асатын изотоптар шоғырланған плутонийді қоспағанда, плутонийді, уран-235-тің немесе уран-233-тің изотоптарымен байытылған уран-233-ті, құрамына табиғатта рудадан немесе руда қалдықтарынан айырмашылығы бар нысанда кездесетін изотоптар араласқан уранды және құрамында жоғарыда аталған элементтердің бірі немесе көпшілігі бар кез келген материалды білдіреді;

      b) "уран-235-тің немесе уран-233-тің изотоптарымен байытылған уран" дегеніміз құрамында уран-235-тің немесе уран-233-тің изотоптары бар уранды немесе осы изотоптардың жиынтық артық проценті уран-238-дің изотоптарымен салыстырғанда уран-235 изотопының процентіне табиғатта кездесетін уран-238 изотопының процентімен салыстырғанда жоғары мөлшерде болатын екі изотопты білдіреді;

      с) "ядролық материалды халықаралық тасымалдау" дегеніміз оны осы мемлекеттегі жөнелтушінің белгілеуімен жөнелтуден бастап, түпкілікті баратын мемлекеттегі алушы белгілеген жерге келумен аяқталатын, жүк шығарылатын мемлекеттің аумағынан тыс жіберілетін ядролық материал партиясын кез келген көлік құралдарымен тасымалдауды білдіреді.

  2-бап

      1. Осы Конвенция бейбіт мақсаттарда пайдаланылатын және халықаралық тасымалдау процесіндегі ядролық материалға қолданылады.

      2. 3 және 4-баптарды және 5-баптың 3-тармағын қоспағанда, осы Конвенция мемлекеттің өз ішінде пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде бейбіт мақсаттарға пайдаланылатын ядролық материалға да қолданылады.

      3. Мемлекеттің өз ішінде пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде бейбіт мақсаттарда пайдаланылатын ядролық материалға қатысты 2-тармақпен қамтылған баптардағы қатысушы мемлекеттер өздеріне қабылдайтын арнайы міндеттемелерден басқа, осы Конвенцияда ешнәрсе осындай ядролық материалды мемлекеттің өз ішінде пайдалануға, тасымалдауға және сақтауға қатысты мемлекеттің егеменді құқығын қозғаушы ретінде түсіндірілмейді.

  3-бап

      Әрбір қатысушы мемлекет өзінің ұлттық заңдарының шеңберінде және халықаралық құқыққа сәйкес өз аумағының шегінде немесе өзінің құқықтық құзырымен әрекет ететін кеменің немесе ұшақтың бортында ядролық материалды халықаралық тасымалдау кезінде, егер сондай кеме немесе ұшақ осы мемлекетке немесе сол мемлекеттен тасымалдауға қатысатын болса, мүмкіндігіне қарай, I қосымшада сипатталған деңгейде қорғалуды қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолданады.

  4-бап

      1. Әрбір қатысушы мемлекет, егер осы қатысушы мемлекет осындай материалды халықаралық тасымалдау кезінде оның I қосымшада сипатталған деңгейде қорғалатындығына кепілдік алмаса, ядролық материалды экспорттамайды немесе экспорттауға рұқсат етпейді.

      2. Әрбір қатысушы мемлекет, егер қатысушы мемлекет ядролық материалды халықаралық тасымалдау кезінде осындай материалдың I қосымшада сипатталған деңгейде қорғалатындығына кепілдік алмаса, ядролық материалды импорттамайды немесе оны осы Конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын қайсыбір мемлекеттен импорттауға рұқсат етпейді.

      3. Қатысушы мемлекет, егер осы қатысушы мемлекет халықаралық тасымалдау кезінде осындай материалдың I қосымшада сипатталған деңгейде қорғалатындығына мүмкіндік шегінде кепілдік алмаса, осы Конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттер арасындағы құрлық бойынша немесе ішкі су жолдары бойынша немесе өздерінің әуежайлары немесе теңіз порттары арқылы ядролық материалды өз аумақтары бойынша транзиттік тасымалдауға рұқсат етпейді.

      4. Әрбір қатысушы мемлекет тасымалдануы осы мемлекеттің бір бөлігінен сол мемлекеттің екінші бөлігіне халықаралық су бойынша немесе әуе кеңістігі бойынша жүзеге асырылатын ядролық материалға I қосымшада сипатталған физикалық қорғау деңгейлерін өзінің ұлттық заңдары шеңберінде қолданады.

      5. Ядролық материал I қосымшада сипатталған деңгейлерде қорғалатындығына кепілдік алуға жауапты қатысушы мемлекет жоғарыда 1-3-тармақтарда жазылғандарға сәйкес, ядролық материалды солардың аумағы арқылы құрлық бойынша немесе ішкі су жолдары бойынша транзиттік тасымалдау көзделген немесе әуежайларына немесе теңіз порттарына ядролық материалмен кіру көзделген мемлекеттерді айқындайды және оларды уақтылы хабардар етеді.

      6. 1-тармақта айтылатын кепілдік алғаны үшін жауаптылық өзара келісім бойынша импорттаушы мемлекет ретінде тасымал жасайтын қатысушы мемлекетке берілуі мүмкін.

      7. Осы бапта ешнәрсе әуе кеңістігі мен теңіз аумағындағы егемендігі мен құқықтық құзыретін қоса алғанда, мемлекеттің аумақтық егемендігі мен құқықтық құзырын қайсыбір дәрежеде қозғау ретінде түсіндірілмейді.

  5-бап

      1. Қатысушы мемлекеттер өзінің ядролық материалды физикалық қорғау мен қайтуы бойынша келісілген шараларға және ядролық материалды кез келген заңсыз орын ауыстыру, пайдалану немесе өзгерту жағдайындағы немесе осындай әрекеттердің нақты қаупі жағдайындағы жауап әрекеттерге жауапты орталық органы мен байланыс пунктін айқындайды және бұл туралы бір-біріне тікелей немесе Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің көмегімен хабарлайды.

      2. Ядролық материалды ұрлау, тонау жолымен басып алу немесе қандай да бір басқа заңсыз басып алу немесе осындай әрекеттердің нақты қаупі жағдайында қатысушы мемлекеттер өзінің ұлттық заңдарына сәйкес ынтымақтастықты барынша қамтамасыз етеді және осындай өтініш жасаған кез келген мемлекетке сондай материалды қайтаруда және қорғауда көмек көрсетеді. Атап айтқанда:

      а) қатысушы мемлекет өзінің пікірі бойынша ядролық материалды кез келген ұрлауға, тонау жолымен басып алуға немесе қандай да бір басқа заңсыз басып алуға немесе осындай әрекеттердің нақты қаупіне ұшырады деп ойлаған басқа мемлекетке мүмкіндігінше тез хабарлау үшін, сондай-ақ қажет болса, халықаралық ұйымдарға хабарлау үшін тиісті шаралар қолданады;

      b) қажет болса, мүдделі қатысушы мемлекеттер қауіп төнген ядролық материалды қорғауды қамтамасыз ету, көлік контейнерінің бүтіндігін тексеру немесе заңсыз басып алынған ядролық материалды қайтару мақсатында бір-бірімен немесе халықаралық ұйымдармен ақпарат алмасады және:

      і) өзінің күш-жігерін дипломатиялық және басқа келісілген арналар бойынша үйлестіреді;

      іі) егер ол сұралған болса, көмек көрсетеді;

      ііі) жоғарыда аталған оқиғалар нәтижесінде ұрланған немесе жоғалған ядролық материалдың қайтарылуын қамтамасыз етеді.
      Осындай ынтымақтастықты жүзеге асырудың тәсілдерін мүдделі қатысушы мемлекеттер айқындайды.

      3. Қатысушы мемлекеттер халықаралық тасымалдау процесінде ядролық материалды физикалық қорғаудың жүйесін ұйымдастыруға, пайдалануға және жақсартуға қатысты ұсыныстар алу мақсатында бір-бірімен тікелей немесе халықаралық ұйымның көмегімен тиісті дәрежеде ынтымақтасады және консультациялар жүргізеді.

  6-бап

      1. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияның ережелеріне орай немесе осы Конвенцияны жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін қызметке қатысу нәтижесінде басқа қатысушы мемлекеттен өздері алатын кез келген құпия ақпараттың құпиялылығын сақтау үшін өзінің ұлттық заңдарымен сыйысатын тиісті шаралар қолданады. Егер қатысушы мемлекет халықаралық ұйымдарға ақпаратты құпия берсе, онда осындай ақпараттың құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету үшін шаралар қолданылады.

      2. Осы Конвенцияның талаптары бойынша қатысушы мемлекеттерден олардың құқықтық заңдарына сәйкес таратуға құқығы жоқ немесе мүдделі мемлекеттердің қауіпсіздігіне немесе ядролық материалдың физикалық қорғалуына қауіп төндіретін қайсыбір ақпаратты беру талап етілмейді.

  7-бап

      1. Әдейі жасау:

      а) құзыретті органдардың рұқсатынсыз жасалатын, кез келген адамның өліміне әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін немесе оны елеулі жарақаттайтын немесе меншігіне едәуір залал келтіретін ядролық материалды алу, иелену, пайдалану, беру, түрін өзгерту, жою немесе тозаңдату тәрізді әрекеттер;

      b) ядролық материалды ұрлау немесе оны тонау жолымен басып алу;

      с) ядролық материалды алдау жолымен иеленіп кету немесе алу;

      d) күш көрсетемін деп қорқыту немесе күш қолдану жолымен немесе ядролық материалды бер деп қорқытудың қайсыбір басқа нысандарының көмегімен талап етуді білдіретін әрекеттер;

      е) қатер төндіру:

      і) ядролық материалды кез келген адамды өлімге әкеп соқтыру немесе оны елеулі жарақаттау немесе меншігіне едәуір залал келтіру мақсатында пайдалану, немесе

      іі) жеке немесе заңды тұлғаны, халықаралық ұйымды немесе мемлекетті қайсыбір әрекет жасауға немесе одан қалыс қалуға мәжбүрлеу мақсатында "б" тармақшасында көрсетілген құқық бұзушылықтарды жасау;

      f) "а", "b" немесе "с" тармақшаларында көрсетілген қайсыбір құқық бұзушылықтарды жасауға әрекеттену;

      g) "а"-"f" тармақшаларында көрсетілген қайсыбір құқық бұзушылықтарға қатысу тәрізді әрекеттер, әрбір қатысушы мемлекеттің өз ұлттық заңдары шеңберінде жазалайтын құқық бұзушылықтар болып табылады.

      2. Әрбір қатысушы мемлекет осы бапта тізбеленген жасалған құқық бұзушылықтар үшін, осы құқық бұзушылықтардың елеулілік дәрежесін ескере отырып, жазалаудың тиісті шараларын қолданады.

  8-бап

      1. Әрбір қатысушы мемлекет 7-бапта көрсетілген құқық бұзушылықтарға қатысты өзінің құқықтық құзырын белгілеу үшін қажетті шараларды мынадай жағдайларда:

      а) құқық бұзушылық осы мемлекеттің аумағында немесе осы мемлекетте тіркелген кеменің немесе ұшақтың бортында жасалғанда;

      b) болжамданған құқық бұзушы осы мемлекеттің азаматы болып табылғанда қолданады.

      2. Әрбір қатысушы мемлекет осы құқық бұзушылықтарға өзінің құқықтық құзыры таратылуы үшін қажет болатын, болжамданған құқық бұзушы соның аумағында болған және ол оны 11-бапқа сәйкес 1-тармақта аталған бірде бір мемлекетке бермеген жағдайларда, осындай шаралар да қолданады.

      3. Осы Конвенция ұлттық заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын кез келген қылмыстық құқықтық құзырды жоққа шығармайды.

      4. 1 және 2-тармақтарда аталған қатысушы мемлекеттерден басқа, әрбір қатысушы мемлекет халықаралық құқыққа сәйкес 7-бапта жазылған құқық бұзушылықтарға қатысты экспорттаушы және импорттаушы мемлекет ретінде ядролық материалды тасымалдаушы болып көрінетін өзінің құқықтық құзырын белгілей алады.

  9-бап

      Болжамданған құқық бұзушы соның аумағында болған қатысушы мемлекет, бұған жеткілікті негіз бар екендігіне көз жеткізгеннен кейін оның сотқа келуін қамтамасыз ету үшін немесе берілуін қамтамасыз ету үшін қамауға алуды қоса алғанда, тиісті шаралар қолданады. 8-бапқа сәйкес құқықтық құзыр белгілеу талап етілетін мемлекетке және қажет болған жағдайда, барлық басқа мүдделі мемлекеттерге осы бапқа сәйкес қолданылған шаралар туралы хабарланады.

  10-бап

      Болжамданған құқық бұзушы аумағында болған қатысушы мемлекет, егер ол оны бермесе, істі осы мемлекеттің заңдарына сәйкес сот талқылауы жолымен қылмыстық қуғындау мақсатында қандай да бір артықшылықтарсыз және ақталмаған кідіртулерсіз өздерінің құзыретті органдарына береді.

  11-бап

      1. 7-бапта тізбеленген құқық бұзушылықтар, қатысушы мемлекеттер арасында бұрыннан бар беру туралы кез келген келісімге енгізілген құқық бұзушыларды беруге байланысты құқық бұзушылықтар ретінде қарастырылады. Қатысушы мемлекеттер бұл құқық бұзушылықтарды өздерінің арасында жасалатын беру туралы барлық кейінгі келісімдерде беруге байланысты құқық бұзушылықтар ретінде енгізуге міндеттенеді.

      2. Егер құқық бұзушыларды беруді осындай келісімнің бар екендігімен негіздейтін мемлекет, өзі онымен беру туралы келісіммен байланысты емес басқа қатысушы мемлекеттен беру туралы талап алса, ол осындай бұзушылықтарға байланысты беру үшін ниеттенген жағдайда заңдық негіз ретінде осы Конвенцияны қарастыра алады. Беруге талап алған мемлекеттің заңдарында көзделетін басқа ереже қолданылады.

      3. Құқық бұзушыларды беруді келісімнің барлығымен негіздемейтін қатысушы мемлекет, аталған құқық бұзушылықтарды, талап алған мемлекеттің заңдарында көзделетін ережелерге бағынатын беруге байланысты құқық бұзушылықтар ретінде өзара мойындайды.

      4. Әрбір құқық бұзушылық орын алған жерінде ғана емес, сонымен бірге 8-баптың 1-тармағына сәйкес олардан өзінің құқықтық құзырын қолдану талап етілетін қатысушы мемлекеттердің аумағында да жасалған құқық бұзушылық ретінде қатысушы мемлекеттер арасында жүзеге асырылатын беру мақсаттарында қарастырылады.

  12-бап

      7-бапта аталған кез келген құқық бұзушылықтарға байланысты өзіне қатысты сот талқылауы жүргізілген кез келген тұлғаға сот талқылауының барлық кезеңінде әділ қарауға кепілдік беріледі.

  13-бап

      1. Қатысушы мемлекеттер 7-бапта аталған құқық бұзушылықтарға қатысты қылмыстық сот талқылауына байланысты, өздерінің билігіндегі осындай сот талқылауы үшін қажет дәлелдемелерді беруді қоса алғанда, бір-біріне барынша жәрдем көрсетеді. Барлық жағдайларда жәрдемдесу туралы өтініш алған мемлекеттің заңдары қолданылады.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережесі қылмыстық істер бойынша өзара көмекті толық немесе ішінара реттейтін немесе реттей алатын екі жақты немесе көп жақты кез келген басқа шарт бойынша міндеттемелерді қозғамайды.

  14-бап

      1. Әрбір қатысушы мемлекет өздерінің осы Конвенцияны өмірге енгізуге қатысты заңдары мен қаулылары туралы депозитарийге хабарлайды. Депозитарий осы Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттерге осындай ақпаратты оқтын-оқтын жіберіп отырады.

      2. Болжамдалған құқық бұзушыға қарсы қылмыстық қуғындау басталған қатысушы мемлекет, тікелей мүдделі мемлекетке сот талқылауының түпкілікті нәтижесі туралы, мүмкіндігіне қарай, бірінші кезекте хабарлайды. Қатысушы мемлекет сондай-ақ депозитарийге түпкілікті шешім туралы хабарлайды, ол барлық қатысушы мемлекеттерге хабар береді.

      3. Егер құқық бұзушылық ядролық материалды мемлекеттің өз ішінде пайдалану, сақтау немесе тасымалдау кезінде пайдалануға қатысты болса, ал болжамдалған құқық бұзушы және ядролық материал өзіне қатысты құқық бұзушылық жасалған қатысушы мемлекеттің аумағында қалса, осы Конвенцияда ешнәрсе қатысушы мемлекеттен осындай құқық бұзушылық туындайтын қылмыстық сот талқылауына қатысты ақпарат беруді талап ету ретінде түсіндірілмейді.

  15-бап

      Қосымша осы Конвенцияның ажырамас бөлігі болып табылады.

  16-бап

      1. Осы Конвенция күшіне енген күннен бастап бес жыл өткеннен кейін депозитарий осы Конвенцияның орындалуы туралы және оның кіріспесінің, барлық жедел бөліктері мен Қосымшаларының осы сәттегі бар жағдайлардың талаптарына сәйкестігі туралы мәселені қарау бойынша қатысушы мемлекеттердің конференциясын шақырады.

      2. Одан әрі Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің көпшілігі бес жылда бір реттен асырмай, тиісті ұсыныспен депозитарийге жүгіне отырып, осындай мақсатпен келесі конференцияларды шақыра алады.

  17-бап

      1. Екі немесе бірнеше қатысушы мемлекеттердің арасында осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты дау туындаған жағдайда, ондай қатысушы мемлекеттер дауласушы барлық тараптар үшін қолдануға болатын келіссөздер немесе дауларды реттеудің кез келген басқа да бейбіт тәсілдері жолымен дауларды реттеу мақсатында бірлескен консультациялар жүргізеді.

      2. 1-тармақта көрсетілген тәсілдермен реттеу мүмкін болмаған осындай сипаттағы кез келген дау, осы дауға қатысушы кез келген тараптың өтініші бойынша шешім қабылдау үшін төрелікке беріледі немесе Халықаралық Сотқа жіберіледі. Дау төрелікке берілген жағдайда, егер өтініш келіп түскен сәттен бастап тараптар дауға төрелік талқылау ұйымдастыруға қатысты келісімге келе алмаса, тараптардың бірі Халықаралық Соттың Төрағасынан Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысынан бір немесе бірнеше төреші тағайындауды сұрайды. Дауға қатысушы тараптардың өтініштерінің қарама-қайшылығы жағдайында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жүгіну басымдыққа ие болады.

      3. Кез келген қатысушы мемлекет осы Конвенцияға қол қою, бекіту, қабылдау немесе мақұлдау немесе оған қосылу кезінде өзін 2-тармақта көзделген дауды реттеудің не бір, не екі рәсімдерімен де байланыстымын деп есептемейтіні туралы мәлімдей алады. Басқа қатысушы мемлекеттер осы рәсімге қатысты ескерту жасаған қатысушы мемлекетке қатысты, 2-тармақта көзделген дауды реттеудің қайсыбір рәсімімен байланысты болмайды.

      4. 3-тармаққа сәйкес ескерту жасаған кез келген қатысушы мемлекет осы ескертуді депозитарийге бұл туралы хабарлау жолымен кез келген уақытта алып тастай алады.

  18-бап

      1. Осы Конвенция барлық мемлекеттердің қол қоюы үшін Венадағы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Орталық мекемелерінде және Нью-Йорктағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде 1980 жылғы 3 наурыздан бастап, күшіне енгенге дейін ашық болады.

      2. Осы Конвенция оған қол қойған мемлекеттердің бекітуіне, қабылдауына немесе мақұлдауына жатады.

      3. Осы Конвенция күшіне енгеннен кейін оған барлық мемлекеттердің қосылуы үшін ашық болады.

      4. а) Осы Конвенция интеграциялық немесе өзге сипаттағы халықаралық ұйымдар мен өңірлік ұйымдардың қол қоюы немесе оған осы ұйымдардың кез келген осындай ұйымдар егеменді мемлекеттерден тұру және осы Конвенция қамтитын мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу, халықаралық келісімдер жасау және қолдану саласындағы құзыретті иелену шартымен қосылуы үшін ашылады.

      b) Өздерінің құзыретіне кіретін мәселелерде бұл ұйымдар құқықты жеке өз атынан жүзеге асырады және қатысушы мемлекеттерге осы Конвенциямен берілетін міндеттерді орындайды.

      с) Осы Конвенцияның қатысушысы бола отырып, мұндай ұйым депозитарийге мәлімдеме жолдайды, онда қандай мемлекеттер оның мүшелері болып табылатыны және оған осы Конвенцияның қандай баптары қолданылатыны көрсетіледі.

      d) Ондай ұйым қатысушы мемлекеттердің дауысына қосымша қайсыбір дауысқа ие бола алмайды.

      5. Бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға өткізіледі.

  19-бап

      1. Осы Конвенция бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы жиырма бірінші құжатты депозитарийге сақтауға берген күннен кейін отызыншы күні күшіне енеді.

      2. Осы Конвенцияны бекітетін, қабылдайтын, мақұлдайтын немесе бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы жиырма бірінші құжатты берген күннен кейін оған қосылатын әрбір мемлекет үшін, Конвенция осындай мемлекетке бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өзінің құжатын бергеннен кейін отызыншы күні күшіне енеді.

  20-бап

      1. Қатысушы мемлекет 16-бап үшін залалсыз түзетуді осы Конвенцияға ұсына алады. Ұсынылған түзету депозитарийге жіберіледі, ол оны барлық қатысушы мемлекеттерге дереу салып жібереді. Егер қатысушы мемлекеттердің көпшілігі депозитарийден ұсынылған түзетулерді қарау үшін конференция шақыруды талап етсе, онда депозитарий барлық қатысушы мемлекеттерді шақырады, ол шақыру жіберілгеннен кейін кем дегенде отыз күн өткен соң ашылады. Конференцияда қатысушы мемлекеттердің үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданған кез келген түзетуді депозитарий барлық қатысушы мемлекеттерге дереу салып жібереді.

      2. Түзету түзетуді бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжатты сақтауға беретін әрбір жеке мемлекет үшін қатысушы мемлекеттердің үштен екісі өздерінің бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттарын депозитарийге сақтауға берген күннен кейінгі отызыншы күні күшіне енеді. Осыдан кейін түзету кез келген басқа қатысушы мемлекет үшін осы мемлекет өзінің бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжатын сақтауға берген күні күшіне енеді.

  21-бап

      1. Кез келген қатысушы мемлекет депозитарийге жазбаша хабарлау арқылы осы Конвенцияның күшін жоя алады.

      2. Депозитарий хабарламаны алған күннен кейін сексен күн өткен соң күшін жою күшіне енеді.

  22-бап

      Депозитарий барлық мемлекеттерге:

      а) осы Конвенцияға әрбір қол қою туралы;

      b) бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжатты сақтауға әрбір өткізу туралы;

      с) 17-бапқа сәйкес кез келген ескерту немесе ондай ескертуді алып тастау туралы;

      d) 18-баптың 4 "в" тармағына сәйкес кез келген ұйым жіберген кез келген мәлімдеме туралы;

      е) осы Конвенцияның күшіне енуі туралы;

      f) осы Конвенцияға кез келген түзетудің күшіне енуі туралы;

      g) 21-бапқа сәйкес жарияланған кез келген күшін жою туралы дереу хабарлайды.

  23-бап

      Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі мәтіндері тең түпнұсқалық болып табылатын осы Конвенцияның түпнұсқасы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директорының сақтауына өткізіледі, ол оның куәландырылған көшірмесін барлық мемлекеттерге жібереді.
      ОСЫНЫ РАСТАП, тиісті дәрежеде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар, Венада және Нью-Йоркта 1980 жылғы 3 наурызда қол қою үшін ашық осы Конвенцияға қол қойды.

I қосымша  

II қосымшада сыныпталған ядролық материалды
халықаралық тасымалдау кезінде қолданылатын
физикалық қорғау деңгейі

      1. Ядролық материалды халықаралық тасымалдауға байланысты сақтау процесінде ядролық материалды физикалық қорғау деңгейі:

      а) III санаттағы материалдар үшін - қол жетімділігі бақыланатын аймақ шегіндегі сақтауды;

      b) II санаттағы материалдар үшін - күзетудің немесе тиісті бақылау кезінде кіретін саны шектеулі нүктелері бар физикалық кедергімен қоршалған электрондық аспаптардың тұрақты қадағалауында болатын аймақ шегіндегі немесе физикалық қорғаудың осындай деңгейі бар кез келген аймақ шегіндегі сақтауды;

      с) I санаттағы материалдар үшін - II санаттағы материалдар үшін жоғарыда айқындалғандай, оған қол жетімділікке, бұдан басқа, сенімділігі анықталған және ол қарсы жауаппен әрекет ететін тиісті күштермен тұрақты түрде тығыз байланыста болатын адам ғана рұқсат ететін қорғалатын аймақ шегіндегі сақтауды қамтиды. Осындай жағдайда қолданылатын нақты шаралардың мақсаты кез келген шабуылды, рұқсат етілмеген қол жетімділікті немесе материалды рұқсатсыз алуды анықтау және жолын кесу болып табылады.

      2. Халықаралық тасымалдау кезінде ядролық материалды физикалық қорғау деңгейі:

      а) II және III санаттағы материалдар үшін - тасымалдау жөнелтушінің, алушының және тасымалдаушының арасындағы алдын ала уағдаластықты және тасымалдау кезіндегі жауапкершілікті беру үшін уақытты, орынды және рәсімді айқындайтын экспорттаушы және импорттаушы мемлекеттердің құқықтық құзырындағы және солардың құқықтық актілерін басшылыққа алатын жеке немесе заңды тұлғалардың арасындағы алдын ала келісімді қоса алғанда, сақтықтың арнаулы шараларын сақтай отырып жүзеге асыруды;

      d) I санаттағы материалдар үшін - тасымалдау II және III санаттағы материалдарды тасымалдау үшін жоғарыда анықталғандай, сақтықтың арнаулы шараларын сақтай отырып және бұдан басқа, күзетудің тұрақты бақылауымен және қарсы жауаппен әрекет ететін тиісті күштермен тығыз байланысты қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асыруды қамтиды;

      с) руданың немесе руда қалдықтарының нысанынан айырмашылығы бар нысандағы табиғи уран үшін 500 килограмнан асатын мөлшерді тасымалдауды қорғау тасымалдау туралы алдын ала хабарлауды қамтиды, онда көлік түрі, келудің болжамды уақыты және жүкті алғаны туралы растау көрсетіледі.

  II қосымша   

              Кесте: Ядролық материалды сыныптау

Материал

Нысан

Санат

I.

II.

III.

1. Плутоний

Сәуле алмаған

2 кг. немесе одан да көп

2 кг.-дан аз, бірақ 500 гр. дан көп

500 гр. немесе одан аз, бірақ 15 гр.-дан көп

2. Уран-235

Сәуле алмаған
- уран-235-тің изотопымен 20%-ке немесе одан да жоғары байытылған уран
- уран-235-тің изотопымен 10 %-тен 20%-ке дейін байытылған уран
- табиғидан жоғары байытылған, бірақ құрамында уран-235-тің изотопы 10%-тен аз уран

5 кг. немесе одан да көп

5 кг.-дан аз, бірақ 1 кг.-дан көп. 10 кг. немесе одан да көп

1 кг. немесе одан аз, бірақ 15 гр.-дан көп. 10 кг.-дан аз, бірақ 1 кг.-дан көп. 10 кг. немесе одан да көп.

3. Уран-233

Сәуле алмаған

2 кг. немесе одан да көп

2 кг.-дан аз, бірақ 500 гр.-дан көп

500 гр. немесе одан аз, бірақ 15 гр.-дан көп

4. Сәуле алған отын



Байытылмаған немесе табиғи уран, торий немесе аз байытылған отын (бөлінетін изотоптың құрамы 10%-тен аз)


         а) Изотоптық шоғырлануы плутоний-238 бойынша 80%-тен аспайтын плутонийді қоспағанда, бүкіл плутоний.

      b) Реакторде сәуле алмаған материал немесе реакторде сәуле алған, бірақ қорғаныссыз бір метр қашықтықта 100 рад/сағатқа тең немесе одан аз сәуле алу деңгейіндегі материал.

      с) III санатқа жатпайтын мөлшерді және табиғи уранды практикалық орындылығын бағамдай отырып қорғаған жөн.

      d) Қорғаудың осы деңгейі ұсынылғанымен, мемлекет, нақты мән-жайды бағалауға қарай, физикалық қорғаудың басқа санатын белгілей алады.

      е) Сәуле алғанға дейін кіретін басқа отын, I немесе II санатқа бөлінетін материалдың бастапқы құрамына байланысты, егер отынның сәуле алу деңгейі қорғаныссыз бір метр қашықтықта 100 рад/сағаттан асып кетсе, бір санаттан аспайтын деңгей бойынша төмендетілуі мүмкін.

      РҚАО-ның ескертуі: әрі қарай ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады