Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2008 жылығы 27 маусымдағы N 50-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат):

      1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мәтіні бойынша "жүйкеге әсер ететін" деген сөздер "психотроптық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 48-бапта:
      үшінші бөлік "49-бабының бірінші бөлігінде" деген сөздерден кейін ", 250-бабының төртінші бөлігінде, 259-бабының төртінші бөлігінде, 260-бабының төртінші бөлігінде, 261-бабының төртінші бөлігінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Өмір бойы бас бостандығынан айыру аса ауыр қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ өлім жазасына балама ретінде белгіленуі мүмкін. Өмір бойы бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығару кезінде алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.";

      3) 132-баптың бірінші бөлігіндегі:
      "есірткілік немесе басқа да", "медициналық емес тұрғыда" деген сөздер алып тасталсын;

      "заттарды тұтынуға" деген сөздерден кейін "не уытқұмарлыққа" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 250-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз" деген сөздер "мүлкі тәркіленіп," деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:
      г) тармағындағы "бойынша жасалса -" деген сөздер "бойынша;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы д) тармағымен толықтырылсын:
      "д) есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде жасалса, -";

      екінші абзацтағы "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз" деген сөздер "мүлкі тәркіленіп," деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, өте ірі мөлшерде жасалған, есірткі немесе психотроптық заттарға байланысты әрекеттер, -
      мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      5) 259-бапта:
      тақырыбы "дайындау," деген сөзден кейін "өңдеу," деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "1-1. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау -
      мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау, дайындау, өңдеу, жөнелту не өткізу -
      мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "2-1. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатында ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау, дайындау, өңдеу, жөнелту не өткізу -
      мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөлікте:
      в) тармағы "заттарға қатысты" деген сөздерден кейін "өте" деген сөзбен толықтырылсын; "ірі мөлшерде" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, "жасаса" деген сөз алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын:
      "г) лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -";

      екінші абзацта "жеті жылдан он екі жылға дейінгі" деген сөздер "он жылдан он бес жылға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөлікте:
      б) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "б) білім беру ұйымдарында жасаса;";

      мынадай мазмұндағы в) тармағымен толықтырылсын:
      "в) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаса, -";

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      Ескертуде:
      1-тармақ "осы бап" деген сөздерден кейін "және осы Кодекстің 250-бабы (есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:
      "Осы бап бойынша есірткі" деген сөздер "Есірткі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "ірі және өте ірі мөлшері" деген сөздер "мөлшері" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Заңымен бекітілген" деген сөздер "Заңына қоса берілген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 260-бапта:
      екінші бөліктің екінші абзацындағы "мүлкін тәркілеп немесе онсыз" деген сөздер "мүлкі тәркіленіп," деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "сегіз" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген өте ірі мөлшерде есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты жасалған әрекеттер, -
      мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      7) 261-бапта:
      екінші бөліктің б) тармағы "рет" деген сөзден кейін "жасалса, -" деген сөзбен толықтырылып, в) және г) тармақтары алып тасталсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер:
      а) көрінеу кәмелетке толмаған адамға не екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса;
      б) күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалса, -
      жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
      мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      8) 263-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы "жеті" деген сөздің алдынан "мүлкі тәркіленіп," деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 264-бапта:
      тақырыбы "ұстау" деген сөзден кейін "немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру" деген сөздермен толықтырылсын;

      бірінші бөлікте:
      бірінші абзац "ұстау" деген сөзден кейін "немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      10) 266-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      "5. Есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау, -
      үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат):

      1) 192-бапта:
      екінші бөлікте:
      "259-бабында (екінші бөлігінде)" деген сөздер" 259-бабында (1-1 және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "261-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "261-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-1-бөлігінде:
      "250-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "250-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "259-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздер "259-бабында (2-1, үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 223-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Әрбір атауы (түрі) бойынша өте ірі мөлшерге жатқызудың жоғары шегінен асатын мөлшердегі есірткі, психотроптық заттар сот сараптамасы жүргізілгеннен кейін, заттай дәлелдер деп танылып, іске үлгі ретінде қоса тіркелгендерді қоспағанда, қылмыстың қудалау органы қаулысының негізінде прокурордың келісімімен Үкімет белгілеген тәртіппен жойылуға тиіс.
      Оларды қылмыстық іске қоса тіркеу үшін анықтау органы, тергеуші прокурормен келісілген тиісті қаулының негізінде куәгерлердің көзінше, міндетті түрде маманды қатыстыра отырып және бейнежазбаны қолданып, алып қойылған есірткі, психотроптық заттардың жалпы көлемінен әрбір атауы (түрі) бойынша тиісті есірткі, психотроптық заттар үшін заңда белгіленген өте ірі шамаға тең мөлшерде үлгілер таңдап алуға тиіс.".

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар, N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 жылғы 4 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 3 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына ):

      1) 319-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "319-1-бап. Есірткіні, психотроптық заттарды және
                  прекурсорларды өткізудің және медициналық емес
                  тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау

      1. Ойын-сауық мекемесінің, сондай-ақ білім беру ұйымының лауазымды адамының және (немесе) иесінің есірткіні, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбауы -
      лауазымды адамдарға және (немесе) қызметі тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің елуден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жеті жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер), -
      лауазымды адамдарға және (немесе) дара кәсіпкерлерге дара кәсіпкерлік қызметіне тыйым салына отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметіне тыйым салына отырып - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметіне тыйым салына отырып - айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы Кодексте аталған ойын-сауық мекемелеріне көңіл көтеру-демалу, театр-ойын-сауығы, спорт, мәдени-демалу мақсаттарында қызмет көрсететін ойын мекемелері, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг-клубтары мен кинотеатрлар, театр-ойын-сауық мақсаттарындағы объектілер және өзге де үйлер, мекен-жайлар, ғимараттар жатады.";

      2) 320-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                           Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады