Байланыс формасы

"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі N 57-IV Заңы

      1-бап . "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; N 13, 74-құжат; 2005 ж., N 17-18, 73-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 12, 86-құжат; N 13, 100-құжат; N 19, 147-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-баптың 1) тармақшасындағы "4)" деген цифр "3)" деген цифрмен ауыстырылсын;

      2) 2-баптың 1-тармағы ", бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалатын ерекшеліктер қосылмайды" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 7-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын дайындауға қолданылмайды.";

      4) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын
               әзірлеушілер

      1. Президент Әкімшілігі, Үкімет, өзге де мемлекеттік органдар, сондай-ақ олардың келісімі бойынша мемлекеттік емес ұйымдар және азаматтар Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына негізделген Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеушілер бола алады.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына оның Әкімшілігі, Үкімет, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар және азаматтар енгізе алады.
      3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, уәкілетті органдар өз бастамасымен немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді.
      4. Өзге де барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен адамдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізуге немесе мұндай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беруге құқылы. Уәкілетті органдар оларды өздері әзірлейтін жобалар үшін негіз ретінде қабылдауы немесе олардың одан әрі әзірленуін және жобалардың қабылдануын жөнсіз деп тануы мүмкін.";

      5) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен заңнамалық актінің жобасын әзірлеу тапсырылған Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары заңнамалық актінің жобасын әзірлеуді, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы өзгеше мерзім белгілемесе, бір ай мерзімде жүзеге асырады.";

      6) 15-бапта:
      2-тармақ "жобалары және" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Президенті немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заңнамалық актілердің жобалары, қажет болған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы айқындайтын Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісіледі.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Нормативтік құқықтық актінің жобасы келісуге жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, егер уәкілетті орган өзгеше, неғұрлым қысқа мерзім белгілемесе, - оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары келісілген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше, неғұрлым қысқа мерзім белгілемесе, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жоба бойынша өз ескертпелері мен ұсыныстарын дайындауға немесе олардың жоқтығы туралы жобаны әзірлеген органға хабарлауға тиіс.";

      7) 21-бапта:
      тақырыбы "және оны Қазақстан Республикасының Парламентінен кері қайтарып алу" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ "құқығы" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі және ол" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:
      2), 3), 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жобаны қабылдаудың қажеттігі негізделіп, мақсаттары, міндеттері, негізгі ережелері кеңінен сипатталған түсіндірме жазба, ал Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары үшін - арнайы жолдау;
      3) жұмыс тобы құрылатын жағдайда оның құрамы;
      4) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағы, бұған Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары келісу рәсімінен өтпеген реттегі жағдайлар қосылмайды;";

      5) тармақшадағы "ғылыми сараптаманың қорытындысы" деген сөздер "ғылыми сараптама жүргізілген жағдайда оның қорытындысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақша ", бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары қосылмайды." деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі өздері заң шығару бастамасы тәртібімен әзірлеген заңнамалық актінің жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінен оны қараудың кез келген сатысында кері қайтарып алуға құқылы.";

      8) 22-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізілуі міндетті, бұған заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, онда ғылыми сараптама жүргізілмеуі мүмкін болатын жағдайлар қосылмайды.";

      9) 24-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жобаны заң шығару бастамасы тәртібімен Мәжіліске енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі;
      2) уәкілетті орган;".

      2-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады