Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы N 72-IV Заңы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 13-14, 58-құжат):
      1) мынадай мазмұндағы 216-1-баппен толықтырылсын:

      "216-1-бап. Төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорын, банкті мәжбүрлеп таратуға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне әкелген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, банктің ірі қатысушысы-жеке тұлғаның, ірі қатысушысы-заңды тұлғаның бірінші басшысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, банктің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын орындайтын тұлғаның қасақана іс-әрекеті (әрекетсіздігі), -
      үш мыңнан алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі мыңнан төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      2) 220-баптың екінші бөлігіндегі "бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "екі жылға дейін бас бостандығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар):
      1) 8-бапта:
      1-тармақта:
      "осы баптың 2 және 3-тармақтарында" деген сөздер "осы Заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "сатып алуға" деген сөздерден кейін ", коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) қаржы ұйымдарының және екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын басқару және (немесе) оларды кейіннен өткізу, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алатын ұйымдардың;";
      2) тармақшадағы "листингтің ең жоғары санаты бойынша" деген сөздер "уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен;
      уәкілетті орган белгілеген рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар облигацияларымен;
      банктің өз облигацияларымен және осы банктің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк кепілдік берген облигациялармен мәмілелерді жүзеге асыруға қолданылмайды. Мұндай облигациялармен мәміле жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
      2) 11-1-бапта:
      5-тармақтың 7) тармақшасы "өтініш берілген күнгі" деген сөздерден кейін "және құжаттарды қарау кезеңінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда банк өзіне тиесілі еншілес ұйым акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Еншілес ұйымға бақылау жасау құқығын өзіне байланысты емес себептер бойынша сатып алған жағдайда банк осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде еншілес ұйымды иеленуге уәкілетті органның рұқсатын алу үшін осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.
      9. Банктің ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның рұқсаты болғанда ғана жол беріледі.
      Ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
      Қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда банк өзіне тиесілі ұйым акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті. Егер банк қомақты қатысуды банкке байланысты емес себептер бойынша сатып алса, ол уәкілетті органның тиісті рұқсатын алу үшін осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде осы баптың 10-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.";
      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
      "11. Уәкілетті орган:
      1) рұқсат беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
      2) еншілес ұйымдар, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымдар не көрсетілген ұйымдардың қызметін қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен тоқтату туралы сот шешім қабылдаған;
      3) рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде еншілес ұйымға, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымдарға бақылау жасау белгілері болмаған;
      4) еншілес ұйым, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйым қызметінің осы Заңның 8-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.
      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарып алынған жағдайда банк еншілес ұйымның, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
      3) 17-бапта:
      2-тармақтың екінші сөйлеміндегі "Қазақстан Даму Банкінің ғана" деген сөздер "Қазақстан Даму Банкінің және осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда банктің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Банк кредиторларының мүддесін қорғау және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, егер уәкілетті орган қолданған шаралар банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға әкелмесе:
      1) банк меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін және (немесе) өтімділік коэффициентін бір рет бұзған не өзге де пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі рет және одан да көп бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органмен келісім бойынша осы Заңның 17-2-бабында көзделген тәртіппен, банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға және оның пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алатыны туралы шешім қабылдауға құқылы;
      2) банкте капиталдың теріс мөлшері болған кезде, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша банктің қаржылық жағдайын қажетті жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алу бағасы бойынша кейіннен міндетті түрде дереу өткізу шартымен банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.";
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер, егер оның өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат банкте жоқ болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың) осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы көрсетеді.
      Көрсетілген өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.
      Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі анықталған не осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігі талаптарының бұзылуы анықталған кезде:
      1) егер шешім үшін дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда) дауыс берсе, акционерлердің жалпы отырысының шешімі осы акционердің дауысы есепке алынбай қабылданды деп есептеледі;
      2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, аталған мән-жай уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы отырысының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп тану үшін негіз болады.";
      4) 17-1-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігіндегі "ірі қатысушысының" деген сөздер "ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "4-7" деген цифрлар "4, 5, 6, 7, 7-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      1) тармақша "банктің акцияларын" деген сөздерден кейін ", оның ішінде бұрын сатып алынғандарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда салық органдарына табыс етілетін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттарды;";
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Банк холдингі мәртебесін иемденуге келісім алу үшін өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірінен талап етілетін ең төмен рейтингтің болуын растайтын құжатты;
      2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауды;
      3) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының банк холдингі мәртебесін иемденуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін табыс етеді.";
      9-тармақтың он екінші абзацындағы "болмауы негіз болып табылады." деген сөздер "болмауы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.";
      12-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған немесе өтініш берушінің ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін иемденуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы бұзылған немесе банктің ірі қатысушылары немесе банк холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға өзіне тиесілі банк акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.";
      18-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Банк акциялары санының банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына проценттік арақатынасы банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі он немесе жиырма бес проценттен кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің өтініші бойынша не аталған фактіні дербес анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап бір ай ішінде банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдайды.";
      5) мынадай мазмұндағы 17-2-баппен толықтырылсын:

      "17-2-бап. Банктің жарияланған акцияларын Қазақстан
                 Республикасы Үкіметінің сатып алу ерекшеліктері

      1. Осы Заңның 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің жарияланған акцияларын Үкімет не ұлттық басқарушы холдинг сатып алатын акцияларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг орналастырылған акциялардың жалпы санының кемінде он проценті мөлшерінде сатып алатыны туралы шешім қабылдауға құқылы.
      Банк акцияларына мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органға тіркеледі.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің банк акцияларын сатып алу туралы шешімі мыналарды:
      банктің жарияланған орналастырылмаған немесе сатып алынған акциялары болмаған жағдайда не олардың саны жеткіліксіз болғанда, банктің жарияланған акцияларының жалпы саны соншама ұлғайтылатын акциялар санын;
      мәжбүрлеп орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың орналастыру (өткізу) бағасын және санын қамтуға тиіс.
      3. Мәжбүрлеп орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың орналастыру (өткізу) бағасы және саны ұлттық басқарушы холдингтің не Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның келісімі бойынша уәкілетті органның қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен, акцияларды орналастыру (өткізу) туралы шешім қабылданған күні қалыптасқан нарықтық баға бойынша айқындалады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның не ұлттық басқарушы холдингтің бастамасы бойынша акцияларды орналастыру бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындауы мүмкін.
      Акцияларды орналастыру бағасын бағалаушы айқындаған жағдайда бағалаумен байланысты шығындарды банк көтереді.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің жарияланған акцияларын сатып алу және оларды ұлғайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер енгізеді;
      2) проспектіге өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
      3) банкке акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жібереді және тіркеуші мен орталық депозитарийді жарияланған акциялар санының ұлғайтылғаны жөнінде хабардар етеді.
      Банк акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәліктің түпнұсқасын қайтаруға міндетті.
      5. Банк акцияларын сатып алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы холдинг құрамның отыз процентінен аспайтын санда банктің атқарушы органының және (немесе) басқару органының мүшелерін тағайындайды, олар мемлекеттің немесе ұлттық басқарушы холдингтің мүдделерін білдіретін өкілдер болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің лауазымды адамдарын немесе қызметкерлерін ауыстыру, банк активтерін оңтайландыру, жарғылық капиталды ұлғайту туралы мәселелерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өзге де мәселелерді қарау үшін банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырады.
      6. Банктің пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауына алып келген, оның қаржылық жай-күйі жақсарған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі осы бапқа сәйкес сатып алынған банк акцияларын тікелей атаулы сату жолымен не қор биржасында сауда-саттық жолымен өткізу жөнінде шаралар қолданады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің осы бапқа сәйкес сатып алынған акцияларын оларды сатып алған күннен бастап бір жыл ішінде өткізеді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бір жыл ішінде банктің қаржылық жағдайының жақсаруы болмаған кезде банк акцияларын өткізу мерзімін ұзартуға құқылы.
      7. Банктің жарияланған акцияларының санын ұлғайту, банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы, сондай-ақ осы баптың негізінде банктің атқарушы органының және (немесе) басқару органының мүшелерін тағайындау банк органдарының шешім қабылдауынсыз жүзеге асырылады.
      Акционерлердің банктің осы баптың 1-тармағына сәйкес орналастырылатын (өткізілетін) жарияланған акциялары бойынша басымдықпен сатып алу құқығы жоқ.";
      6) 19-баптың 3-тармағында:
      а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "а) нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы, құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесі;";
      мынадай мазмұндағы б-2) тармақшасымен толықтырылсын:
      "б-2) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, банк акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;";
      д), ж), з) тармақшалары алып тасталсын;
      и) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "и) құжаттарға қол қоюға құрылтайшылар уәкілеттік берген тұлға бекіткен, жаңадан құрылатын банктің қызмет стратегиясын, қызмет бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар есебі, маркетинг (банк клиентурасын қалыптастыру жоспары), еңбек ресурстарын тарту жоспары), тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруын ашып көрсететін бизнес-жоспары;";
      екінші бөлік алып тасталсын;
      7) 20-бапта:
      2-тармақтың 4) тармақшасы "бас бухгалтері" деген сөздерден кейін ", ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушы (банк холдингі) заңды тұлғасының бірінші басшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.";
      4-тармақта:
      бірінші бөліктің 2) тармақшасындағы "банк басқармасының мүшелері" деген сөздер "банктің директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма мүшелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ тек қана банк қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.";
      5-тармақта:
      екінші бөлік "бұзуға" деген сөзден кейін "не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Уәкілетті органның келісімінсіз банктің басшы қызметкерінің міндетін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша жоқ болғанда оны ауыстыруға) тыйым салынады.";
      9-тармақта:
      бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы "шеттету негіздері бойынша кері шақыртып алуға құқылы." деген сөздер "шеттету;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болу негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.";
      екінші бөлік "бұзуға" деген сөзден кейін "не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақ "бұзуға" деген сөзден кейін "не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға" деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақ:
      "бапта" деген сөзден кейін "банк басқармасының бірінші басшылары үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, бірінші басшы осы баптың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органның талабы бойынша оны қызметтен шеттетеді.";
      8) 24-баптың 1-тармағында:
      а) тармақшасындағы "банкінің" деген сөз "құжаттардың толық емес пакетін табыс ету не банктің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      г-1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "г-1) құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысының:";
      мынадай мазмұндағы д-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "д-1) уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беруден бас тартуы;";
      е) тармақшасы алып тасталсын;
      9) 25-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      10) 26-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде:
      1) өтінішті;
      2) барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындағаны туралы, оның ішінде уәкілетті органның және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайдың, жабдықтың және бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етудің дайындығы туралы, сондай-ақ Ұлттық Банк талаптарына сай келетін автоматтандырылған банк жүйесінің бар екені жөнінде куәландыратын құжаттарды табыс етуге және тиісті біліктілігі бар персоналды жалдауға;
      3) жарғының нотариат куәландырған көшірмесін және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәліктің көшірмесін;
      4) салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың көшірмесін;
      5) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты;
      6) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;
      7) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ережені;
      8) банктің директорлар кеңесі бекіткен кредит комитеті туралы ережені;
      9) штат кестесін (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып);
      10) банктің бағдарламалық техникалық құралдарының уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының кредиттік бюро туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды;
      11) ең төмен мөлшері уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін табыс етуге тиіс.";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Банк осы баптың 2-тармағының 2), 10) тармақшаларында көзделген лицензияны алу үшін банкке қойылатын талаптарды банк қызметін жүзеге асыру кезінде сақтайды.";
      4-тармақтағы "лицензия беруге құжаттар табыс етілген күннен бастап бір ай" деген сөздер "Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Банк операциясын жүргізуге лицензия беруден бас тарту
               негіздері

      Банк операциясын жүргізуге лицензия беруден бас тарту:
      1) осы Заңның 26-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған;
      2) егер банк мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде лицензия алу жөнінде өтініш жасамаған;
      3) табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;
      4) құжаттардың толық емес пакеті табыс етілген;
      5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеген (жаңадан құрылатын банк үшін) жағдайда жүргізіледі.";

      12) 30-бапта:
      5-тармақта:
      екінші бөліктегі "5), 9) және 12) тармақшаларында" деген сөздер "5) және 12) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Банктерге банк операцияларын жүргізуге лицензия беру кезінде Ұлттық Банктің бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға сай келетін автоматтандырылған банк жүйесінің бар екені туралы қорытындысы талап етіледі. Қорытындыны беру тәртібін Ұлттық Банк айқындайды.";
      13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Тізбесін және ең төменгі талап етілетін рейтингін уәкілетті орган белгілеген рейтингтік агенттіктердің бірінің белгілі бір рейтингі бар ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, негізгі банкі не банк холдингі жоқ банктер (орналасқан акцияларының елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі банктерді қоспағанда) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге құқылы емес.";
      13) 31-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Банк клиенттерді тарту жөніндегі, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру жөніндегі, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі шарттың (келісімнің) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін банктің аталған тұлғамен тиісті шарты (келісімі) талаптарына байланысты жауапты болады.
      Банк пен банкке клиенттерді тарту жөнінде, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру жөнінде, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөнінде қызметтер көрсететін тұлғаның арасындағы шарт (келісім) клиентке қарап шығуы үшін ұсынылуға жатады және онда банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметтерді көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттері үшін банктің клиент алдындағы жауаптылығы міндетті түрде қамтылуға тиіс.";
      14) 39-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғалармен жасалатын банктік қарыз шарттарында, оның ішінде ипотекалық қарыз шарттарында сыйақының тіркелген не құбылмалы ставкасын белгілейді.
      Сыйақының тіркелген ставкасы біржақты тәртіппен өзгертілуге жатпайды және ол шартта осы тармақтың талаптары ескеріле отырып айқындалған мерзім ішінде өзгермейтін болады. Тіркелген ставканың ең аз қолданылу мерзімі кемінде үш жыл болуға тиіс.
      Шарттың қолданылу мерзімі бойында сыйақының тіркелген ставкасы тараптардың келісімі бойынша азайтылу жағына қарай не сыйақының құбылмалы ставкасына өзгертілуі мүмкін.
      Сыйақының құбылмалы ставкасын есептеу тәртібі, оның қолданылу шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банк қарызын жасасу күніне белгіленген тарифтердің, комиссиялық сыйақылардың және қарызға қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың мөлшерін және есептеу тәртібін ұлғайту жағына қарай өзгеруге құқылы емес.";
      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "Аталған талаптар" деген сөздер "Осы баптың 1-1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 41-баптың бірінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ертерек ден қою шараларын қолдану;";
      16) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-бап. Ертерек ден қою шаралары

      1. Банктердің депозиторлары мен кредиторларының заңды мүдделерін қорғау, банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
      1) меншікті капиталдың жеткіліктігі коэффициенттерінің төмендеуін;
      2) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуін;
      3) банк міндеттемелері сомасында жеке және заңды тұлғалардың тартылған салымдары үлесінің төмендеуін;
      4) негізгі борышы және проценттік сыйақысы бойынша мерзімін кешіктіру уақыты тоқсан күннен асатын банктің несие портфелінің жалпы көлеміндегі қарыздардың ұлғаюын;
      5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін банктердің қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
      2. Банктің қаржылық жағдайына талдау жасаудың нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің көбеюін болғызбау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
      Банк және (немесе) оның акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, талап ету арқылы банкке және (немесе) оның акционерлеріне төмендегі тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін:
      1) банктің ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;
      2) депозиттер қабылдауды шектеуді;
      3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеп шығаруды және (немесе) төлеуді тоқтатуды;
      4) банк провизияларын ұлғайтуды;
      5) банктің басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;
      6) тәуекел дәрежесі жоғары банк операцияларының жекелеген түрлерін тоқтата тұруды немесе шектеуді;
      7) банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде, оның ішінде оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен банктің меншікті капиталын ұлғайтуды;
      8) банк активтерін қайта құрылымдауды;
      9) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, оның жекелеген филиалдары мен өкілдіктерін, еншілес ұйымдарын жабу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де тәуелді ұйымдарға қатысу үлесін азайту арқылы қысқартуды қолданады.
      3. Банктің қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған ертерек ден қою іс-шаралары жоспары осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде табыс етілмеген немесе осы жоспардың іс-шаралары уақтылы атқарылмаған, сондай-ақ ертерек ден қою шаралары уәкілетті органның талаптарына сәйкес атқарылмаған немесе уақтылы атқарылмаған жағдайда банкке және (немесе) оның акционерлеріне осы Заңда көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.
      4. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      17) 46-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "реттерде" деген сөз ", сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 47-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-1-бап. Ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін
                 иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі
                 қатысушыларына, банк холдингтеріне және банк
                 конгломератының құрамына кіретін заңды
                 тұлғаларға қатысты қолданылатын мәжбүрлеу шаралары

      1. Уәкілетті орган ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға:
      1) ірі қатысушы және банк холдингі мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
      2) банктің ірі қатысушысы және банк холдингі мәртебесін иемденгеннен кейін осы Заңның 17-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
      3) осы Заңның 46-бабына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;
      4) банктің ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға, сондай-ақ банктің ірі қатысушылары (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасай алатын ұйымдар), банк холдингі немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалар жасаған іс-әрекеттер, соның салдарынан банкке залал келтірілген немесе залал келтірілуі мүмкін болған;
      5) ірі қатысушының немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаның, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларының (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың), банк холдингінің немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалардың қаржылық жай-күйі тұрақсыз болған, соның салдарынан банкке залал келтірілген немесе залал келтірілуі мүмкін болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      Осы Заңның 42-бабы 5-тармағының талаптарын орындамауға алып келген іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін де уәкілетті орган банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес процентінен астамын тікелей және жанама иеленетін банк холдингтеріне және банктің ірі қатысушылары-жеке тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілетті орган:
      1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ ірі қатысушыдан оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беретін акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
      2) банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беретін акциялардың жиырма бес процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды және банкті тәуекелге душар ететін, олар мен банк арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
      3) банктен банк немесе банк холдингі қатысушы болып табылатын ұйымға, сондай-ақ банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты ұйымдар мен банк арасындағы банкті тәуекелге душар ететін операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
      4) банктен немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен өз иелену үлесін иеліктен шығаруды немесе еншілес ұйымдарға немесе жарғылық капиталына қомақты қатысатын ұйымдарға бақылау жүргізуді талап етуге құқылы.
      3. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не ірі қатысушы, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің не банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сенімгерлікпен басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
      Уәкілетті орган акцияларды сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыру кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлікпен басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.
      Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға банктің өзіне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
      Өтінішхатта көрсетілген акция сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
      Акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген күннен бастап екі ай ішінде акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру үшін негіздер жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган сенімгерлікпен басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында оларды өткізу жолымен иеліктен шығарады. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
      Банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар банк қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.";

      19) 48-баптың 1-тармағының м-1) тармақшасы "талаптарды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      20) 50-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Таратылу процесіндегі банктің кредиттері мен депозиттері туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Банк құпиясы шоттың (мүліктің) иесіне ғана, шот (мүлік) иесінің жеке өзі банкте болған кезде берген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші адамға, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес берілген қарыздар бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5-8-тармақтарында аталған адамдарға осы бапта көзделген негіздер бойынша және шекте ашылуы мүмкін.
      Мыналар:
      1) банктердің кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға банк шоттарының ашылғаны жөнінде салық органдарын міндетті түрде хабардар етуі;
      2) олар бойынша талап ету құқықтары бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз ету ретінде, оның ішінде секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру аясында берілетін бағалы қағаздар эмитентіне және бағалы қағаздарды ұстаушылар өкіліне берілген кредиттер бойынша мәліметтерді табыс ету;
      3) жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдықтары және барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыруға байланысты енгізілген, банк уақытша әкімшілік солар бойынша есептеп шығарған сыйақы туралы, салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты іс-шараларды жүзеге асыру үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға және агент банктерге, шот иесінің жазбаша келісімі негізінде аудиторлық ұйымға мәліметтер табыс ету;
      4) басқа банктің мүлкін және міндеттемелерін қабылдаушы банктерге осы Заңның 73-1-бабында көзделген операцияны жүргізуге қажетті мәліметтерді табыс ету банк құпиясын ашу болып табылмайды.";
      21) 54-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзырет шегінде алынған, уәкілетті орган мен Ұлттық Банк арасындағы ақпарат алмасу жағдайларын қоспағанда, осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауапты болады.";
      22) 54-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "54-1-бап. Банктің ірі қатысушылары мен банк холдингтерінің
                 есептілігі

      1. Банктің жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:
      1) оның басқа тұлғалармен бірлесіп өз араларындағы шартқа орай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерге ықпал етуді жүзеге асыруы туралы, оның ішінде мұндай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы қамтылатын;
      2) жарғылық капиталдарға (акцияларға) қатысудың өзіне тиесілі үлестерін көрсете отырып, ұйымдарда өзінің атқаратын лауазымдары туралы;
      3) алынған қарыздар есебінен ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысудың өзіне тиесілі үлестерін (акцияларды) сатып алуы туралы;
      4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты беруге тиіс.
      2. Банктің заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күннің ішінде жыл сайын қаржылық есептілікті және оған берілетін түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
      3. Есептілікті табыс ету тәртібі және оның нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      4. Банк холдингі уәкілетті органға:
      1) есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
      2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде, аудиторлық ұйым куәландырмаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
      5. Банктің заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ банк холдингінің тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпарат:
      1) ірі қатысушының (банк холдингінің) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
      2) ірі қатысушы (банк холдингі) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы (банк холдингі) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептілігі;
      3) банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялардың саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалар туралы, ірі қатысушыға бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, банктің ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
      Банкте банк холдингі болмаған жағдайда банктің ірі қатысушысы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей қаржылық есептілікті және осы тармақта көрсетілген ақпаратты табыс етуге тиіс.
      Банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі уәкілетті органға көрсетілген өзгерістер болған кезден бастап отыз күн ішінде растайтын құжаттарды тіркей отырып, басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді табыс етеді.
      6. Егер банктің ірі қатысушысы, банк холдингі Қазақстан Республикасының резиденті қаржы ұйымы болып табылса, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1)-3) тармақшаларында көзделген ақпаратты береді, бұл ретте, егер банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңге ұсынса, қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба табыс етілмейді.
      7. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі уәкілетті органға қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
      Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингінің жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада мынадай ақпарат:
      1) банк холдингі қызметі түрлерінің сипаттамасы;
      2) банк холдингі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы;
      3) банк холдингінің ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, жарғылық капиталдағы оның қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялардың саны), осы ұйым қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы көрсетілуге тиіс.
      8. Қазақстан Республикасының резиденті еместер болып табылатын банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға қаржылық есептілікті, оған түсіндірме жазбаны және осы бапта көзделген өзге де мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде табыс етеді.";

      23) 57-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-2, 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-2. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын осы құжаттарды өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі алған күннен бастап отыз күн ішінде табыс етеді.
      Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін осы резидент емес банк холдингі орналасқан елдегі қаржылық ұйымдарға аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.
      1-3. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын банк холдингі уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын қазақ және орыс тілдерінде табыс етеді.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Аудиторлық ұйым аудит нәтижелерін және өз қорытындыларын банктің директорлар кеңесі мен басқармасына, банк айқындайтын қажетті жағдайда банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға табыс етілетін есепте баяндайды.
      Банктің немесе банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды.";
      24) 65-баптың 2-тармағының ж) тармақшасындағы "алуға құқылы." деген сөздер "алуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы з) тармақшасымен толықтырылсын:
      "з) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген депозиттер бойынша банктің мүлкі мен міндеттемелерін осы Заңның 73-1-бабына сәйкес басқа банкке (банктерге) беруге құқылы.";
      25) 69-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін банк жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, сондай-ақ оларды басқа банкке аудару тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін банк уәкілетті органға өзін ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
      Өтінішхатқа акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген банктің өз қызметін тоқтатуға дайындалу мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі, банктің өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қаражатының жеткілікті екендігі туралы куәландыратын баланстық есеп, тарату комиссиясының мүшелеріне кандидаттардың, оның ішінде филиалдарында не өкілдіктерінде құрылатын бөлімшелерінің тізімі және басқа да қажетті мәліметтер қоса берілуге тиіс. Қажетті мәліметтер тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.";
      26) 73-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "73-1-бап. Банктің міндеттемелері мен мүлкін басқа банкке
                (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция
 
      1. Банк кредиторларының құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органның келісімімен банктің дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын және бір бөлігінде не толық мөлшерде банк міндеттемелерін қоса алғанда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген депозиттер бойынша банк мүлкін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны жүргізуге жол беріледі.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы), тарату комиссиясы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін уәкілетті органның келісімі бойынша тарату сатысында жүргізуі мүмкін.
      Мәжбүрлеп таратылатын банктің аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың осы Заңның 74-2-бабында белгіленген кезектілігін сақтай отырып, оның кез келген міндеттемелері мен мүлкін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге жол беріледі.
      3. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы) осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны уәкілетті органның келісімі бойынша консервациялау сатысында жүргізуге құқылы.
      4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында көзделген операцияларды жүргізудің тәртібі және ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      5. Қатысушы-банктің кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерін басқа қатысушы-банкке (банктерге) беруі депозиторлардың келісімімен жүзеге асырылады. Депозиторлардың келісімін алу мақсатында қатысушы-банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы), тарату комиссиясы кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді алдағы уақытта беру туралы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялайды. Хабарландыру жарияланған күннен бастап он күн ішінде депозиторлардан жазбаша қарсылықтың болмауы депозитордың депозитті беруге келісімі ретінде қаралады.";

      27) 77-бапта:
      тақырыбындағы "Ұлттық" деген сөздің алдынан "Уәкілетті органның және" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "Ұлттық Банктің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 69-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 28, 30-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 24, 178-құжат):
      1) 31-3-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) зейнетақы аннуитеті шарты жоғалған жағдайда оның көшірмесін алуға құқығы бар.";
      2) 36-бапта:
      1-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирленген тұлғалары бар заңды тұлғалар немесе уәкілетті орган тізбесін белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттері жинақтаушы зейнетақы қорларының дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оған билік етуге құқылы емес.";
      мынадай мазмұндағы 1-5-тармақпен толықтырылсын:
      "1-5. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер (Қазақстан Республикасының резидент банкі болып табылатын акционерді қоспағанда), егер оның өз акционерлерінің (қатысушыларының) тіркелген елі туралы ақпарат жинақтаушы зейнетақы қорында жоқ болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың) осы баптың 1-1-тармағы екінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы көрсетеді.
      Аталған өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.
      Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі анықталған не осы баптың 1-1-тармағы екінші бөлігі талаптарының бұзылғаны анықталған кезде:
      1) егер шешім үшін дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда) дауыс берсе, онда акционерлердің жалпы отырысының шешімі осы акционердің дауысы есепке алынбай қабылданды деп есептеледі;
      2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, аталған мән-жай уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы отырысының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп тану үшін негіз болады.";
      3) 36-1-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігіндегі "ірі қатысушысының" деген сөздер "ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "4-7" деген цифрлар "4, 5, 6, 7, 7-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      1) тармақша "акцияларын" деген сөзден кейін ", оның ішінде бұрын сатып алынғандарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда салық органдарына табыс етілетін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттарды;";
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін сатып алуға ниеттенетін, өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі талап ететін ең төменгі рейтингтің болуын растайтын құжатты;
      2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауды;
      3) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуіне жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін табыс етеді.";
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған немесе өтініш берушінің ірі қатысушы мәртебесін иемденуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптары бұзылған немесе ірі қатысушылар осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға ашық жинақтаушы зейнетақы қорының өзіне тиесілі акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.";
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн мерзімде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының өзі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар үлесін өзгерту туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына тиесілі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары санының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының санына проценттік қатынасының ұлғаю жағына қарай өзгеруі жағдайында, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат табыс етуге тиіс.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары санының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының санына проценттік арақатынасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына тиесілі он немесе жиырма бес проценттен кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының өтініші бойынша не аталған фактіні дербес анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап бір ай ішінде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдайды.";
      4) 36-2-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы "болмауы негіз болып табылады." деген сөздер "болмауы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.";
      5) 40-бапта:
      2-тармақтың 4) тармақшасы "бас бухгалтері" деген сөздерден кейін ", ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғаның бірінші басшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.";
      4-тармақта:
      бірінші бөліктің 2) тармақшасындағы "қоры басқармасының" деген сөздер "қорының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Директорлар кеңесі мүшелері, сондай-ақ тек қана жинақтаушы зейнетақы қоры қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.";
      5-тармақта:
      екінші бөлік "бұзуға" деген сөзден кейін "не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Уәкілетті органның келісімінсіз жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерінің міндетін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша жоқ болғанда оны ауыстыруға) тыйым салынады.";
      9-тармақта:
      бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы "шеттету негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы." деген сөздер "шеттету;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.";
      екінші бөлік "бұзуға" деген сөзден кейін "не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақ "бұзуға" деген сөзден кейін "не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 41-бапта:
      3-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацындағы "листингтің ең жоғарғы санаты бойынша" деген сөздер "уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциялық нормативтер белгіленеді. Пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәнін, есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарды орындамаған кезде, пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамын тікелей немесе жанама иеленетін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін қолдау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы нашарлағанда жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамын тікелей немесе жанама иеленетін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.";
      7) 41-1-бапта:
      5-тармақтың 5) тармақшасындағы "қарай" деген сөз "және құжаттарды қарау кезеңінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры өзіне тиесілі еншілес ұйым акцияларын (қатысу үлесін) үш ай мерзімде өзімен аффилиирленбеген тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры еншілес ұйымға бақылау жасау құқығын өзіне байланысты емес себептер бойынша меншігіне иемденіп алған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның еншілес ұйымды иемденуге рұқсатын алу үшін осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.
      9. Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5)-7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріле отырып табыс етіледі.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
      Қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры өзіне тиесілі ұйым акцияларын (қатысу үлесін) үш ай мерзімде өзіне қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті. Егер жинақтаушы зейнетақы қоры қомақты қатысуды жинақтаушы зейнетақы қорына байланысты емес себептер бойынша иеленсе, ол уәкілетті органның тиісті рұқсатын алу үшін осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде осы тармақпен көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.";
      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      "10. Уәкілетті орган:
      1) рұқсат берілуге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
      2) еншілес ұйым, жарғылық капиталына жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлға не сот қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен аталған ұйымдардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
      3) еншілес ұйымды, жарғылық капиталына жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаны рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде бақылау белгілері болмаған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.
      Еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарылып алынған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры үш ай мерзімде еншілес ұйымның, жарғылық капиталына жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) осы жинақтаушы зейнетақы қорымен аффилиирленбеген тұлғаларға иелігінен шығаруды жүргізуге және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Еншілес ұйымды құруға, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.";
      8) мынадай мазмұндағы 41-2-баппен толықтырылсын:

      "41-2-бап. Ертерек ден қою шаралары
 
      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және зейнетақы активтерін басқарумен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
      1) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің төмендеуін;
      2) номиналдық кіріс коэффициентінің төмендеуін;
      3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметке талдау жасауды жүзеге асырады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оларды тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлеріне жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыру, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша түрде талап жібереді.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және (немесе) олардың акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және (немесе) олардың акционерлері оны жоспарда белгіленген мерзімдерде орындаудың нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.
      Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган талаптар қою арқылы жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлеріне төменде тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының біреуін немесе бірнешеуін:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы және (немесе) өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;
      3) инвестициялық комитеттің құрамын өзгертуді;
      4) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеп шығаруды және (немесе) төлеуді тоқтатуды;
      5) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын басқа ұйымның басқаруына зейнетақы активтерін беруді;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталын олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерге дейін, оның ішінде олардың жарғылық капиталын арттыру жолымен ұлғайтуды;
      7) өтімді активтердің үлесін арттыру және (немесе) инвестициялардың тәуекел дәрежесін бәсеңдету мақсатында инвестициялық портфельді қайта құрылымдауды жүргізуді;
      8) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу жолымен қысқартуды қолданады.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде табыс етпеген немесе осы жоспардың іс-шараларын уақтылы орындамаған, сондай-ақ ертерек ден қою шараларын уәкілетті органның талабына сәйкес орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлеріне осы Заңда көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.
      4. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      9) 42-баптың 1-тармағының бірінші абзацы "анықталған" деген сөзден кейін ", сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптары орындалмаған" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 42-7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-7-бап. Ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға,
                 сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі
                 қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
 
      1. Уәкілетті орган ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына:
      1) ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
      2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденгеннен кейін осы Заңның 36-2-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
      3) осы Заңның 42-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;
      4) олардың салдарынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін әрекеттерді ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы жасаған;
      5) олардың салдарынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғалардың, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушыларының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
      6) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры мен оның ірі қатысушысы, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар орын алған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамын тікелей немесе жанама иеленетін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына олардың осы Заңның 41-бабының 4-тармағы талаптарының орындалмауына алып келген іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін мәжбүрлеу шараларын қолдануға да құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілетті орган:
      1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорының оған тікелей немесе жанама түрде тиесілі акцияларының санын дауыс беретін акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
      2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорын тәуекелге ұрындыратын, ірі қатысушы мен ашық жинақтаушы зейнетақы қоры арасындағы ірі қатысушыға қатысты операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге құқылы.
      3. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы не ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сенімгерлікпен басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
      Уәкілетті органның акцияларды сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыру кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлікпен басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға ашық жинақтаушы зейнетақы қорының өзіне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.
      Өтінішхатта көрсетілген акция сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
      Акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген күннен бастап екі ай ішінде акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру үшін негіздер жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган сенімгерлікпен басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында оларды өткізу жолымен иеліктен шығарады. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.";

      11) 45-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
      "1-2. Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысы зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарттар және (немесе) ашылған жеке зейнетақы есепшоттары болмаған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті тарату туралы шешім қабылдауға құқылы.";
      5-тармақ алып тасталсын;
      12) 45-1-бапта:
      1-тармақта:
      екінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Орталықтың жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдаған күнге жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарттардың болмауын растайтын ақпараты;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жеке зейнетақы шоттарының болмауын растайтын құжат;";
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті таратылуға рұқсат алу туралы өтінішхатына және осы тармақтың екінші бөлігінің 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы қол қойып, олар қордың мөрімен расталуға тиіс.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры ерікті тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында ол жөнінде ақпарат жариялауға міндетті.";
      3-1-тармақ алып тасталсын;
      13) 49-1-бапта:
      2-тармақтағы "және басқа да ақпаратының" деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      14) 49-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-2-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының
                 есептілігі
 
      1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы жыл сайын уәкілетті органға қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде қаржылық есептілігін және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
      2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:
      1) басқа тұлғалармен бірге, өз араларындағы шарттың негізінде не өзгеше түрде ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдайтын шешімдерге ықпал етуді жүзеге асыру туралы, оның ішінде осындай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы қамтылатын;
      2) жарғылық капиталдардағы өзіне тиесілі қатысу үлестерін (акцияларын) көрсете отырып, өзінің ұйымдардағы лауазымдары туралы;
      3) ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы өзіне тиесілі қатысу үлестерін (акцияларын) алынған қарыздар есебінен сатып алу туралы;
      4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты беруге тиіс.
      3. Есептілікті беру тәртібі мен нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      4. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы уәкілетті органға:
      1) есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
      2) қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
      5. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысының тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпарат:
      1) ірі қатысушының (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
      2) ірі қатысушы (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), ірі қатысушы (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қызмет түрінің немесе қызмет түрлерінің сипаттамасы, қаржылық есептілігі;
      3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (өзіне тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе қызмет түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалар туралы, ірі қатысушыны бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысы болмаған жағдайда ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы қаржылық есептілікті және осы баптың 5-тармағында көрсетілген ақпаратты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күннен кешіктірмей беруге тиіс.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы - заңды тұлға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілген өзгерістер болған кезден бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді табыс етеді.
      6. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
      Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада мынадай ақпарат:
      1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының қызметі түрлерінің сипаттамасы;
      2) ірі қатысушы қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы;
      3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (өзіне тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы көрсетілуге тиіс.
      7. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржылық есептілігін, оған түсіндірме жазбаны және осы бапта көзделген өзге де мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде табыс етеді.
      8. Қазақстан Республикасының резиденті - қаржы ұйымы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болып табылған жағдайда, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы осы баптың 5-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген ақпаратты береді, бұл ретте, егер ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңге табыс етсе, қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба табыс етілмейді.";

      15) 49-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-3-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына
                 және жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы
                 бар заңды тұлғаларға аудит
 
      1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар заңды тұлғалар үшін міндетті.
      Аудиторлық есептің көшірмесі және аудиторлық ұйымның ұсыныстары уәкілетті органға көрсетілген құжаттар алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде берілуге тиіс.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры аудиторлық есепті алғаннан кейін он күн ішінде оның көшірмесін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаларға табыс етуге міндетті.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.
      2. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы уәкілетті органға өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы осы құжаттарды алған күннен бастап отыз күн ішінде аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын табыс етеді.
      Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы орналасқан елде қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.
      3. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын қазақ немесе орыс тілдерінде табыс етеді.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қоры, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы, жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар заңды тұлға аудиторлық есепте көрсетілген, жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайына әсерін тигізетін бұзушылықтарды аталған тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке берілген лицензияның қолданылуын осы Заңның 42-бабының 8-тармағы 6) тармақшасының негізінде тоқтата тұруға;
      2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
      5. Бұзушылықтар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жойылмаған жағдайда уәкілетті орган:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты жинақтаушы зейнетақы қорын осы Заңның 42-бабы 11-тармағының негізінде лицензиясынан айыруға;
      2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.";

      16) 59-1-бапта:
      2-тармақтағы "және басқа да ақпаратының" деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақ алып тасталсын.

      4. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат; N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар; N 8, 52-құжат; N 18, 145-құжат):
      1) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
                 аффилиирленген тұлғаларына жеңілдікті жағдайлар
                 жасалуына тыйым салу
 
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларына жеңілдікті жағдайлар жасауына тыйым салынады.
      2. Жеңілдікті жағдайлар жасау:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасымен мәмілеге келуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің табиғаты, мақсаты, ерекшеліктері мен тәуекелі бойынша аффилиирленген тұлға болып табылмайтын клиенттермен оның мүддесі үшін мәмілеге келмеуін;
      2) сақтандыру тарифін төмендетіп қолдануды не басқа сақтанушыларға қарағанда жоғары сақтандыру төлемін жүзеге асыруды білдіреді.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай да бір тұлғамен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы алдындағы міндеттемесін төлеу мүмкіндігін оған беру мақсатында мәмілеге келе алмайды.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасымен мәміле осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларына берілген (орналастырылған) активтерге қатысты талап құқықтарынан бас тарту кейіннен акционерлердің жалпы жиналысын хабардар ету арқылы жүзеге асырылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және:
      өзі;
      өзінің кез келген жақын туыстарының бірі;
      өзі немесе жақын туыстарының бірі лауазымды адамы немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлға арасындағы кез келген мәмілені қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатыспауға тиіс.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі оның барлық шарттарын директорлар кеңесі қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын барлық мәмілелер туралы ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысандар бойынша беруге міндетті.";

      2) 20-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық есептілігін тексеру туралы аудиторлық есеп коммерциялық құпия болып табылмайды.";
      4-тармақтың 3) тармақшасындағы "және басқа да ақпараттарды" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "7-1. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы уәкілетті органға осы құжаттарды өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы алған күннен бастап отыз күн ішінде аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын табыс етеді.
      Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы орналасқан елдегі қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.
      7-2. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын қазақ немесе орыс тілдерінде табыс етеді.";
      3) 21-бапта:
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирленген тұлғалары бар заңды тұлғалар немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикасы резиденттерінің дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама түрде иемденуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге құқығы жоқ.";
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер (Қазақстан Республикасының резидент банкі болып табылатын акционерді қоспағанда) өтініш табыс етеді, онда, егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында мұндай акционерлердің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат жоқ болған жағдайда, оның акционерлерінің (қатысушыларының) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындауы туралы көрсетеді.
      Аталған өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.
      Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіз екені анықталған не осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды бұзу анықталған кезде:
      1) егер дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акциялары ескерілмей) шешімді жақтап дауыс берсе, онда акционерлердің жалпы жиналысының шешімі осы акционердің дауыстары ескерілмей қабылданған болып есептеледі;
      2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, онда бұл мән-жай Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімін жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.";
      4) 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жалпы сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның лицензиясын алған кезден бастап екі жыл ішінде, ал "өмірді сақтандыру" саласында - үш жыл ішінде бір аудиторы болуы мүмкін.";
      5) 26-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігіндегі "ірі қатысушысының" деген сөздер "ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "4-7-1" деген цифрлар "4, 5, 6, 7, 7-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      1) тармақша "ұйымының акцияларын" деген сөздерден кейін ", оның ішінде бұрын сатып алынғандарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда салық органдарына табыс етілетін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттарды;";
      7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін сатып алуға ниеттенген Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі талап ететін ең төмен рейтингтің болуын растайтын құжатты;
      2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауды;
      3) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуіне жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін табыс етеді.";
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған жалған мәліметтер анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы мәртебесін иемдену нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда, осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының өзіне тиесілі санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.";
      13-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының санына проценттік арақатынасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына тиесілі он немесе жиырма бес проценттен кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының өтініші бойынша не аталған фактіні дербес анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап бір ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдайды.";
      6) 26-1-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы "болмауы негіздер болып табылады." деген сөздер "болмауы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.";
      7) 27-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы "үш" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) тармақшада:
      бірінші сөйлемдегі "актуарий" деген сөз "құрылтайшылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, актуарий" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші сөйлем "білім деңгейі" деген сөздерден кейін ", уәкілетті органның тиісті талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару ұйымы" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-1) тармақша алып тасталсын;
      3-тармақтағы "6-1" деген цифрлар "6" деген цифрмен ауыстырылсын;
      8) 28-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшадағы "табыс" деген сөздің алдынан "құжаттардың толық емес пакетін табыс ету не" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша алып тасталсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) құрылтайшы-жеке тұлғаларда, атқарушы органның не құрылтайшы-заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша бас тартылуы мүмкін.";
      9) 32-бапта:
      5-тармақтың 5) тармақшасы "күнге" деген сөзден кейін "және құжаттарды қарау кезеңінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) өзімен аффилиирленбеген тұлғаларға үш ай мерзімде иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне байланысты емес себептер бойынша еншілес ұйымды бақылауды иемденіп алған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның еншілес ұйымды иемденуге рұқсатын алу үшін осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.";
      9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) өзіне қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға үш ай мерзімде иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қомақты қатысуды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына байланысты емес себептер бойынша сатып алса, ол осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның қомақты қатысуға рұқсатын алу үшін осы тармақта көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.";
      мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
      "12. Уәкілетті орган:
      1) рұқсат берілуге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
      2) еншілес ұйым, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлға не сот қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен аталған ұйымдардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
      3) еншілес ұйымды, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаны рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде бақылау белгілері болмаған;
      4) еншілес ұйымның, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаның қызметі осы Заңның 48-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес болмауы анықталған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты өзі белгілеген тәртіппен кері қайтарып алады.
      Еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарылып алынған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үш ай мерзімде еншілес ұйымның, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаның өздеріне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленбеген тұлғаларға иелігінен шығаруды жүргізуге және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.";
      10) 34-бапта:
      2-тармақтың 4) тармақшасы "бас бухгалтері" деген сөздерден кейін ", ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.";
      4-тармақта:
      бірінші бөліктің 2) тармақшасындағы "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының мүшелері" деген сөздер "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма мүшелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.";
      5-тармақта:
      екінші бөлік "бұзуға" деген сөзден кейін "не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттілігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерінің және сақтандыру брокерінің міндеттерін уәкілетті органның келісімінсіз осы тармақта белгіленген мерзімнен асыра атқаруға (уақытша болмаған адамды ауыстыруға) тыйым салынады.";
      9-тармақта:
      бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы "шеттету негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы." деген сөздер "шеттету;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.";
      екінші бөлік "бұзуға" деген сөзден кейін "не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақ "бұзуға" деген сөзден кейін "не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 37-баптың 1-тармағында:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың көшірмесін;";
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;";
      11) тармақшадағы "көшірмесін табыс етеді." деген сөздер "көшірмесін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) міндетті сақтандыру түрлері бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын орындауды растайтын құжаттарды табыс етеді.";
      10-тармақта:
      "(қайта ресімдеу)" деген сөздер алып тасталсын;
      "бір ай" деген сөздер "отыз жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 38-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "жүгінбеуі негіздері бойынша бас тартылады." деген сөздер "жүгінбеуі;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3), 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) табыс етілген құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету;
      5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері үшін) негіздері бойынша бас тартылады.";
      13) 43-бап мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "22-1) ертерек ден қою шараларын қолданады;";
      14) 48-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "листингтің ең жоғарғы және ең жоғарыдан кейінгі санаты бойынша" деген сөздер "қор биржасы тізімінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген санаттары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-бап. Ертерек ден қою шаралары
 
      1. Сақтанушылардың заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
      1) төлем қабілеттігі маржасы жеткіліктілігінің нормативін төмендетуді;
      2) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін төмендетуді;
      3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша түрде талап жібереді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) олардың акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) олардың акционерлері оны жоспарда белгіленген мерзімдерде орындаудың нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.
      Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган талаптар қою арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне төменде тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының біреуін немесе бірнешеуін:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелер қабылдауды шектеуді, оның ішінде тәуекел дәрежесі жоғары кейбір сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін шектеу жолымен шектеуді;
      3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеп шығаруды және (немесе) төлеуді тоқтатуды;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттігі маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайтуды;
      6) әкімшілік шығыстарды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сақтандыру делдалдарына комиссиялық сыйақыларды төмендету, еншілес ұйымдарды жабу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де тәуелді ұйымдардағы қатысу үлесін азайту жолымен қысқартуды қолданады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде табыс етпеген немесе осы жоспардың іс-шараларын уақтылы орындамаған, сондай-ақ ертерек ден қою шараларын уәкілетті органның талабына сәйкес орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне осы Заңда көзделген әсер ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.
      4. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      16) 53-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-1-бап. Ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға,
                 сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі
                 қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
 
      1. Уәкілетті орган ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына:
      1) ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иемденгеннен кейін осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
      3) осы Заңның 53-2-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;
      4) жасалуы салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін іс-әрекеттерді ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы жасаған;
      5) олардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілетті орган:
      1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оған тікелей немесе жанама түрде тиесілі акцияларының санын дауыс беретін акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тәуекелге душар ететін, ірі қатысушы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасындағы ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, сондай-ақ ірі қатысушыға қатысты операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге құқылы.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 20-бабының 8-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сенімгерлікпен басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
      Уәкілетті органның акцияларды сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыруы кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлікпен басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.
      Өтінішхатта көрсетілген акция сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
      Акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген күннен бастап екі ай ішінде акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру үшін негіздер жойылмағанда, уәкілетті орган сенімгерлікпен басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында оларды өткізу жолымен иеліктен шығарады. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.";

      17) 53-2-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы "әрекетсіздіктерін анықтаған" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған" деген сөздермен толықтырылсын;
      18) 54-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-2) осы Заңның 15-1-бабында белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленген тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзған;";
      2-тармақтың бірінші сөйлеміндегі "оның жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасауына, қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды қоса," деген сөздер "қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды қоса алғанда, оның жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуына, сондай-ақ сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 67-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзі жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      Сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      Сақтандыру портфелін бергеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға өзін ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.";
       20) 74-1-бапта:
      1-тармақтағы "тоқсан" деген сөз "жүз жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың бірінші абзацындағы "тоқсан" деген сөз "жүз жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "тоқсан" деген сөз "жүз жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      екінші бөліктегі "бес жұмыс күнінен" деген сөздер "қырық бес күннен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктегі "растайтын" деген сөз "көрсетілген өзгерістер болған кезден бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға растайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5, 6, 7-тармақтармен толықтырылсын:
      "5. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы Қазақстан Республикасының резиденті-қаржы ұйымы болып табылса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы баптың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген ақпаратты береді, бұл ретте, егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңге табыс етсе, қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба табыс етілмейді.
      6. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
      Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада мынадай ақпарат:
      1) ірі қатысушының (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
      2) ірі қатысушы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (өзіне тиесілі акциялардың саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы көрсетілуге тиіс.
      7. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржылық есептілікті, оған түсіндірме жазбаны және осы бапта көзделген өзге де мәліметтерді қазақ немесе орыс тілдерінде табыс етеді.".

      5. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 4, 28, 33-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 13-14, 56-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
 
      1) айқын басым көпшілік - акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік;
      2) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлік қоғамның шығарылым проспектісімен айқындалатын талаптар мен тәртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне айырбасталуға жататын бағалы қағазы;
      3) акционер - акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға;
      4) акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз;
      5) акциялардың бақылау пакеті - акционерлік қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін акциялар пакеті;
      6) акцияның номиналдық құны - барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және акционерлік қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) айқындалатын бірыңғай баға, осы баға бойынша акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылады (жалғыз құрылтайшы төлейді);
      7) аффилиирленген тұлғалар - тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге, оның ішінде жасалған мәмілеге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының тізбесі осы Заңның 64-бабында белгіленеді;
      8) дауыс беретін акциялар - орналастырылған жай акциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда дауыс беру құқығы берілген артықшылықты акциялар. Дауыс беретін акциялар санына қоғам сатып алған акциялар, сондай-ақ номиналды ұстаудағы және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ меншік иесіне тиесілі акциялар кірмейді;
      9) дивиденд - акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі;
      10) жарияланған акциялар - шығарылымын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган тіркеген акциялар;
      11) корпоративтік веб-сайт - Интернет желісіндегі, қоғамға тиесілі және уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін ресми электронды сайт. Жария компаниялар үшін корпоративтік веб-сайттың болуы міндетті;
      12) корпоративтік хатшы - қоғамның директорлар кеңесінің не атқарушы органының мүшесі болып табылмайтын акционерлік қоғамның қызметкері, оны қоғамның директорлар кеңесі тағайындайды және ол қоғамның директорлар кеңесіне есеп береді, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде акционерлер жиналысының және қоғамның директорлар кеңесінің отырыстарын дайындауға және өткізуге бақылау жасайды, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды және қоғамның директорлар кеңесінің отырысына материалдар әзірлеуді қамтамасыз етеді, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылайды. Корпоративтік хатшының құзыреті және қызметі қоғамның ішкі құжаттарында айқындалады;
      13) кумулятивтік дауыс беру - дауыс беруге қатысушы әрбір акцияға қоғам органы сайланатын мүшелерінің санына тең дауыс саны келетін дауыс беру тәсілі;
      14) қоғамды корпоративтік басқару кодексі - қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілетін, қоғамды басқару процесінде туындайтын қатынастарды, оның ішінде қоғамның акционерлері мен органдары арасындағы, қоғам органдары, қоғам және мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейтін құжат;
      15) қоғамның тіркеушісі - қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйым;
      16) лауазымды адам - акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің, оның атқарушы органының мүшесі немесе акционерлік қоғамның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;
      17) миноритарлық акционер - акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он процентінен азы тиесілі акционер;
      18) орналастыру бағасы - акцияларды бастапқы бағалы қағаздар нарығында орналастыру кезінде айқындалатын акция бағасы;
      19) орналастырылған акциялар - акционерлік қоғамның бағалы қағаздардың бастапқы нарығында құрылтайшылар мен инвесторлар құнын төлеген акциялары;
      20) тәуелсіз директор - аталған акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры қызметінде болған жағдайды қоспағанда), осы акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатынасы жөнінен аффилиирленген тұлға болып табылмайтын; аталған акционерлік қоғамның немесе осы қоғам ұйымының аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарына бағынышты емес және директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде сол тұлғаларға бағынышты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; осы акционерлік қоғамның аудиторы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай аудитор болмаған; аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы акционерлік қоғамның аудитіне қатыспаған және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған директорлар кеңесінің мүшесі;
      21) төлем агенті - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
      22) уәкілетті орган - бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      23) ірі акционер - бір-бірімен жасалған келісім негізінде әрекет ететін, өзіне (жинақтап алғанда өздеріне) акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп проценті тиесілі акционер немесе бірнеше акционер.";

      2) 27-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) акционерлердің жалпы жиналысы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған (егер акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе егер ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешімді қабылдауға қарсы дауыс берсе);
      1-2) сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған;";
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Акционер осы баптың 1-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап немесе сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде қоғамға жазбаша өтініш жіберу арқылы өзіне тиесілі акцияларды сатып алу туралы қоғамға талап қоюға құқылы.";
      3) 34-баптың 4 және 4-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі қоғамның директорлар кеңесі атқарушы органның ұсынуы бойынша қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің орта мерзімді жоспарларын бекітеді.
      Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлары мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін тәртіппен және мерзімдерде табыс етіледі. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын осы ұлттық компаниялардың директорлар кеңесі бекітеді.
      4.1. Құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, қызметінің негізгі мақсаты ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығымен тиесілі акциялар пакетін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын акционерлік қоғам ұлттық басқарушы холдинг болып табылады.";
      4) 36-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) қоғам акцияларының ерікті делистингі туралы шешім қабылдау;";
      5) 47-баптың 1-тармағында:
      екінші бөліктегі "қоғамның атқарушы органы мүшелерінің (атқарушы органының функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаның)" деген сөздер "қоғам органдары мүшелерінің, сондай-ақ өзге де қызметкерлердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қоғамның орналастырылған (дауыс беретін) акцияларының жалпы санының он және одан да көп процентін иеленетін, пайдаланатын, оған билік ететін акционердің ірі қатысушы мәртебесін не өзге де мәртебені иемденуге келісім алу көзделсе, онда ірі акционердің және (немесе) акцияларының жиынтық пакеті қоғам акцияларының он және одан да көп процентін құрайтын акционерлердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысында акционердің (акционерлердің) сенімхатында көрсетілген шешімге сәйкес, жалпы жиналыстың әрбір мәселесі бойынша акционердің (акционерлердің) жазбаша нұсқауы болғанда ғана дауыс беруге құқылы.
      Акциялар пакеті қоғам акцияларының оннан аз процентін құрайтын акционердің және (немесе) акцияларының жиынтық пакеті қоғам акцияларының оннан аз процентін құрайтын акционерлердің өкілі жалпы жиналыстың әрбір мәселесі бойынша шешімді сенімхатта жазбаша көрсетпей-ақ акционердің (акционерлердің) мүдделерін білдіруге құқылы.";
      6) 53-баптың 2-тармағында:
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның басшысы мен мүшелерін тағайындау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы және сыйлықақы төлеудің мөлшері мен талаптарын айқындау;";
      15) тармақшадағы ", сондай-ақ олардың қызметі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "15-1) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) он және одан да көп проценті қоғамға тиесілі заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылатын қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;";
      7) 64-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы "акцияларының" деген сөзден кейін "(ұйымның қатысу үлесінің)" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 17, 141-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат):
      1) 1-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің ұсыныс пен сұраныстың объективті арақатынасы нәтижесінде бағалы қағаздарға белгіленген бағадан жоғары немесе төмен баға белгілеуге және (немесе) ұстауға, бағалы қағазбен сауда-саттықтың көрінісін жасауға және (немесе) инсайдерлік ақпаратты пайдаланып мәміле жасауға бағытталған іс-әрекеттері;";
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, бағалы қағаздар бойынша құқықтарға ие тұлға, сондай-ақ пайларын ұстаушылар ортақ үлестік меншік құқығында инвестициялық пай қоры активтерінің құрамына кіретін бағалы қағаздар бойынша құқықтарды иеленетін инвестициялық пай қоры;";
      26) тармақша "тізілімі жүйесінде" деген сөздерден кейін "(жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "26-1) жеке шоттардың бірыңғай жүйесі - жүргізілуін тіркеушілер жүзеге асыратын бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі мәліметтер жиынтығын көрсететін, орталық депозитарий қалыптастырған деректер базасы;";
      27) тармақшада:
      "тіркеуші" деген сөздің алдынан "орталық депозитарий," деген сөздермен толықтырылсын;
      "эмиссиялық бағалы қағаздар" деген сөздер "қаржы құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 62-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "62-1) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесі - депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде орталық депозитарий қалыптастыратын мәліметтер жиынтығы;";
      74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "74) тіркелген тұлға - бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының есепке алу жүйесінде ашылған жеке шоты бар тұлға;";
      2) 8-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "үш" деген сөз "он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 9-баптың 5-тармағындағы "үш" деген сөз "он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 16-бапта:
      тақырыбындағы және 2, 3-тармақтардағы "үш" деген сөз "он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигациялар шығарылымын бағалы қағаздары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілген эмитент жүзеге асыруға құқылы.
      Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген), айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигацияларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";
      5) 22-1-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы облигациялар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілуге тиіс;";
      3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы облигациялар бойынша қор биржасының оларды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізуге келісімі алынуға тиіс;";
      4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы акциялар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілуге тиіс;";
      6) 24-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігі "аяқталғаннан кейін" деген сөздерден кейін "бір ай ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      7) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу

      1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тіркелуге жатады.
      Номиналды ұстауға берілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда, номиналды ұстаушылар болып табылмайтын жеке және (немесе) заңды тұлғалар тараптары болып табылатын ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәміле бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркеледі.
      Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәміле уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеледі.
      Жасалуы нәтижесінде эмиссиялық бағалы қағаздар номиналды ұстауға (номиналды ұстаудан) ауыстырылатын эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәміле бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркеледі.
      2. Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркеуді тіркеуші мәмілеге қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге қарсы бұйрықтары негізінде (бір жақты мәміле тіркелген жағдайда мәмілеге қатысушының бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттардың негізінде) жүзеге асырады және ол:
      1) бұйрық берген адамның өкілеттіктерін тексеруді және бұйрық нысанының белгіленген талаптарға сай болуын;
      2) бұйрықтың тіркелуін;
      3) бұйрықта көрсетілген іс-әрекеттерді жасау мүмкіндігін тексеруді;
      4) бұйрықты орындаудан бас тартуға негіздер болмаған кезде онда көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыруды;
      5) орталық депозитарийге бағалы қағаздармен мәмілені жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсету туралы өкімнің жіберілуін;
      6) орталық депозитарийдің мәмілені жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсету туралы растауын алғаннан кейін клиентке бұйрығының орындалғаны туралы есепті жіберуді қамтиды.
      Жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетілмеген мәміле тіркелген болып табылмайды.
      3. Бұйрықты орындаудан бас тартуға негіздер болған кезде тіркеуші клиентті бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
      Тіркеуші:
      1) егер осы мәмілені тіркеу үшін табыс етілген құжаттар осы Заңның және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің және (немесе) тіркеушінің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келмесе;
      2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде ашылған жеке шоттардағы бағалы қағаздардың саны орталық депозитарийдің деректеріне сәйкес келмеген кезде орталық депозитарий мәмілені жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетуден бас тартқан жағдайда эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерін жүргізу жүйесінде тіркеуден бас тартуға міндетті.
      4. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу депоненттердің немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуге арналған тиісті бұйрықтарының не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
      Депонент бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрықты орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде депонент клиентінің бұйрығы негізінде ресімдейді.
      Бір номиналды ұстаушының клиенттері арасында мәміле жасасу кезінде бағалы қағаздарға меншік құқықтарының ауысуын тіркеуді номиналды ұстаушы жүзеге асырады және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетіледі.
      Әртүрлі номиналды ұстаушылардың клиенттері арасында мәміле жасасу кезінде бағалы қағаздарға меншік құқықтарының ауысуын тіркеу номиналды үстаушылардың есепке алу жүйесінде кейіннен көрсетіле отырып, олардың жеке шоттары бойынша орталық депозитарийде жүзеге асырылады.
      5. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу тәртібі орталық депозитарийдің және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында белгіленеді.
      6. Бағалы қағаздар бойынша құқықтардың өзгертілуін немесе тоқтатылуын тіркеуді тіркеуші (номиналды ұстаушы) сот шешімі бойынша жүзеге асырады және орталық депозитарий Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті деректемелер қамтылған атқарушылық парақтың негізінде көрсетеді.
      7. Орталық депозитарий, тіркеуші, номиналды ұстаушы осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген негіздер болмаған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттары (қосалқы шоттары) бойынша жазбаларды дербес енгізуге құқылы емес.
      8. Тіркеуші (номиналды ұстаушы) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерін жүргізу жүйесінде (номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде) ашылған жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздар санын өзіндік есепке алу деректерін орталық депозитарийдің деректерімен салыстырып тексеруді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      9. Тіркеушінің (номиналды ұстаушының) жеке шоттар бойынша жазбалар енгізуіне негіз болып табылатын құжаттар (тіркелген тұлғаны сәйкестендіру құжаттарын қоспағанда) бес жыл бойы сақталуға тиіс.
      10. Шетелдік бағалы қағаздарға немесе осы Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарға қатысты есепке алу ерекшеліктері және құқықтарды растау уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      11. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тіркеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.";

      8) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау
 
      1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде (жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде) және (немесе) номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру жолымен жүзеге асырылады.
      Үзінді көшірмені берудің талаптары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің және тіркеушінің ішкі құжаттарында белгіленеді.
      2. Тіркеуші (номиналды ұстаушы) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерін жүргізу жүйесіндегі (номиналды ұстау жүйесіндегі) жеке шоттың үзінді көшірмесінде көрсеткен бағалы қағаздардың саны, түрлері туралы мәліметтер тіркеуші клиентінің (номиналды ұстаушының) жеке шоттардың бірыңғай жүйесіндегі жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша мәліметтеріне сәйкес келмеген жағдайда жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) қамтылған мәліметтер басымдыққа ие болады.
      Тіркелген тұлғаларға жеке шоттардың бірыңғай жүйесінен ақпарат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тіркеушінің лицензиясы уақытша тоқтатыла тұрған не одан айырған жағдайда ғана жүзеге асырылады.";

      9) 39-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
      10) 45-бапта:
      4-1-тармақта:
      бірінші бөліктің бесінші абзацы алып тасталсын;
      екінші бөліктегі "Ішкі құжаттарды" деген сөздер "Осы тармақта көзделген ішкі құжаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 46-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "жарғылық капиталын қалыптастыру" деген сөздер "акцияларына төлем жасау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 48-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) өтініш берушінің директорлар кеңесі бекіткен, жуырдағы үш жылға арналған бизнес-жоспарының болуы. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер:
      лицензияны алу мақсаттары;
      қызметінің негізгі бағыттарының сипаттамасы және оған өтініш беруші бағдар жасаған нарық сегментіне шолу;
      қызмет шеңберіндегі көзделген қызмет көрсету, оларды бағалау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ оларды сатудың шарттары мен көлемі бойынша жоспарлар;
      қызметіне байланысты негізгі тәуекелдер, оларды бағалау және меншікті капиталы есебінен өтеу тәсілдері, меншікті капиталының жеткіліктілік мәні, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдері туралы ақпарат;
      қаржы жоспары, оның ішінде алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстар болжамы, көрсетілген кезең ішінде жол берілетін залалдылық коэффициенттері;
      инвестициялық саясат, компания қызметін қаржыландыру көздері;
      өтініш берушінің ұйымдық құрылымы, корпоративтік басқару рәсімін іске асыру тәсілдерінің сипаттамасы, сондай-ақ мамандардың білім деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілуге тиіс;";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) өтініш берушінің тексеру жүргізудің тәртібін, кезеңділігін және ішкі аудит қызметінің есебін жасау мерзімдерін айқындайтын ішкі аудит қызметі туралы ереженің болуы.";
      13) 50-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "бір ай мерзімнен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды табыс еткен күннен бастап отыз жұмыс күнінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 54-бапта:
      2-тармақтың 5) тармақшасы "бас бухгалтері" деген сөздерден кейін ", ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.";
      4-тармақта:
      бірінші бөліктің 2) тармақшасы "(лицензиаттың)" деген сөзден кейін "директорлар кеңесінің бірінші басшысы," деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Директорлар кеңесі мүшелерінің, сондай-ақ тек қана өтініш берушінің (лицензиаттың) қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.";
      5-тармақта:
      екінші бөлік "бұзуға" деген сөзден кейін "не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Уәкілетті органның келісімінсіз өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша болмаған адамды ауыстыруға) тыйым салынады.";
      9-тармақта:
      бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы "шеттету негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы." деген сөздер "шеттету;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.";
      екінші бөлік "бұзуға" деген сөзден кейін "не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға" деген сөздермен толықтырылсын;
      10 және 11-тармақтар алып тасталсын;
      15) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "56-бап. Жосықсыз іс-қимылға тыйым салу. Бағалы қағаздар
               нарығында айла-шарғы жасау
 
      1. Бағалы қағаздар нарығы субъектілеріне:
      1) бағалы қағаздар нарығының басқа субъектілеріне олардың бағалы қағаздар нарығындағы іс-қимылын өзгерту мақсатында кез келген нысанда ықпал етуге;
      2) бағалы қағаздар нарығында қалыптасатын жағдайға ықпал ету мақсатында дәйексіз мәліметтер таратуға;
      3) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
      Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған мәмілені жасасуға қатысқан тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылықта болады.
      Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілені сот мүдделі тұлғалардың талап-арызы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
      2. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілені бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануды уәкілетті орган қор биржасының директорлар кеңесінің (егер мұндай мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса) сараптамалық қорытындысын қарау нәтижесі бойынша жүзеге асырады.
       3. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелері бойынша сараптамалық қорытындыны дайындау үшін қор биржасы директорлар кеңесінің комитетін құрады.
      Қор биржасының директорлар кеңесінің бағалы қағаздармен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселесі жөніндегі комитеті (бұдан әрі осы бапта - сараптама комитеті) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелерінен, уәкілетті органның өкілдерінен, қор биржасының қызметкерлерінен және комитетте жұмыс істеуге қажетті кәсіби білімі бар өзге де сарапшылардан тұрады.
      Қор биржасының атқарушы органының басшысы сараптама комитетінің төрағасы бола алмайды.
      4. Сараптама комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау тәртібі, сондай-ақ оның сандық құрамы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
      5. Айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді анықтау тұрғысынан мониторинг жүргізуге және талдауға мынадай талаптардың кез келгеніне сәйкес келетін мәмілелер:
      1) бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері бес жұмыс күні ішінде жасалған, олардың орындалуы осы мәмілелер тараптарындағы осындай бағалы қағаздар санының елеулі өзгеруіне алып келмеген мәмілелер (мәмілелер тараптарындағы бағалы қағаздардың бастапқы санының он және одан да көп процентке айырмашылығы бағалы қағаздар санының елеулі өзгеруі деп танылады);
      2) клиент екі немесе одан да көп брокерге беретін бір шығарылымдағы бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға қарсы бұйрықтардың негізінде жасалған бір не бірнеше мәміле;
      3) бағалы қағаздар нарығында осындай мәміле жасалғанға дейін қалыптасқан осы бағалы қағаздардың бағаларынан елеулі айырмашылығы бар алдын ала келісілген баға бойынша жасалған мәміле;
      4) инсайдерлік ақпаратты пайдаланып жасалған мәміле;
      5) сұраныстың және (немесе) ұсыныстың объективті арақатынасы нәтижесінде белгіленген бағалы қағаздар бағасынан жоғары немесе төмен баға белгілеуге және (немесе) ұстауға немесе бағалы қағазбен сауда-саттық көрінісін жасауға бағытталған мәміле жатқызылады.
      6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танудың тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.";

      16) 57-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Номиналды ұстаушының міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарынан ақы өндіріп алуға жол берілмейді.";
      17) 59-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) клиенттің жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін өзгерістер енгізуге;";
      18) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "65-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін
               жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі
 
      1. Тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді осы Заңға, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне, тіркеушінің ішкі құжаттарына және эмитентпен жасалған бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу шартына сәйкес жүзеге асырады.
      Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу эмиссиялық бағалы қағаздарға қатысты міндетті болып табылады.
      2. Тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді орталық депозитариймен жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуге жасалған шарт болған кезде ғана жүзеге асыра алады, оның үлгілік нысанын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
      Тіркеуші орталық депозитариймен жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуге шарт жасасқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орталық депозитарийге бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің қалыптастырылған жүйесін беруге міндетті.
      3. Тіркеуші эмитенттің, оның басшы қызметкерлерінің және дербес немесе аффилиирленген тұлғалармен бірлесіп эмитенттің дауыс беретін акцияларының (үлесінің) он және одан да көп процентіне ие осы эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.
      4. Эмитент туралы, эмитент шығарған бағалы қағаздар, бағалы қағаздарды ұстаушылар және олардың жеке шоттары бойынша тіркелген операциялар туралы мәліметтер және басқа да ақпараттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және тіркеушінің ішкі құжаттарында және орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленген тәртіппен бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізілуге тиіс және жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетіледі.
      5. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттар тізбесі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру, сақтау және жүргізу тәртібі, жеке шоттардан үзінді көшірмелердің нысандары мен оларда көрсетілетін мәліметтердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      6. Тіркеуші лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырған жағдайларда, сондай-ақ тіркеушінің бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін жаңа тіркеушіге беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, орталық депозитарий уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленген тәртіппен жеке шоттардың бірыңғай жүйесіндегі мәліметтерді эмитент бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөнінде жаңа шарт жасасқан жаңа тіркеушіге беруге құқылы.";

      19) 66-баптың 10) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының заң" деген сөздер "осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 68-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аталған құжаттарды беру тіркеушілер өкілдерінің қатысуымен қабылдау-беру актісін жасау жолымен жүзеге асырылады. Қабылдау-өткізу актісіне қол қойылғаннан кейін бұрынғы тіркеуші орталық депозитарийге жаңа тіркеушіні көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін беру туралы хабарлауға міндетті. Жаңа тіркеуші қабылдау-беру актісіне қол қойылған кезден бастап күнтізбелік жеті күн ішінде бұрынғы тіркеушіден қабылданған құжаттардағы мәліметтерді өзі шарт жасасқан эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізуге міндетті. Мәліметтерді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізгеннен кейін жаңа тіркеуші ол жөнінде орталық депозитарийге хабарлауға және оған осы эмитенттің бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтерді табыс етуге міндетті.";
      21) 73-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кастодианның шетелдік клиенттерге қызметтер көрсету жағдайларын қоспағанда, кастодиан өз клиентінің аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.";
      22) 80-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Орталық депозитарий жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуді жүзеге асырады.";
      23) 81-бапта:
      1-тармақта:
      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Орталық депозитарийдің ережелер жинағын сақтау орталық депозитарийдің қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.
      Орталық депозитарийдің ережелер жинағын орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітеді және ол уәкілетті органмен келісіледі.";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізу ережелері;";
      24) 82-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшадағы "немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының тиісті бұйрықтары болмайынша" деген сөздер ", сауда-саттықты ұйымдастырушының тиісті бұйрықтары немесе уәкілетті органның тиісті шешімі болмаса да" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) тіркеушінің тиісті өкімі болмаса да жеке шоттардың бірыңғай жүйесіне өзгерістер енгізуге;";
      25) 83-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы "Қаржы құралдарымен мәмілелердің жасалуын бақылауды" деген сөздер "Сауда-cаттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге мониторинг жүргізуді және талдауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 84-бапта:
      5-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Листинг, делистинг мәселелері бойынша шешім қабылданған немесе бағалы қағаздар тізімінің санаттары алмасқан кезде:";
      4) тармақшадағы "директорлар кеңесі мүшелерінің" деген сөздер ", құзыретіне көрсетілген мәселелерді қарау кіретін қор биржасы органы мүшелерінің (бұдан әрі осы бапта - листинг комиссиясы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Листинг комиссиясының құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен уәкілетті органның өкілі кіреді.";
      27) 88-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4-1) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерге мониторингті және талдауды жүзеге асыру;
      4-2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелері бойынша сараптамалық қорытынды дайындау;";
      28) 89-баптың 1-1-тармағындағы "қор биржасының ресми тізіміне ең жоғары санат бойынша" деген сөздер "уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санатына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      29) 108-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Уәкілетті орган эмитенттердің, лицензиаттардың, орталық депозитарийдің, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметін лицензиясыз жүзеге асыратын өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және заңды тұлғалардың қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.";
      30) 109-бап алып тасталсын;
      31) 111-бапта:
      2) тармақшадағы "бағалы қағаздармен мәмілелерді" деген сөздер "лицензияланатын қызмет түрін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) лицензиаттың қаржылық тұрақтылығының пруденциялық нормативтерін және өзге де көрсеткіштерін немесе өлшемдерін (нормативтерін) сақтау;";
      4) тармақшадағы "тарату мәселелері бойынша тексеру жүргізуге құқылы." деген сөздер "тарату;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) лицензияны ерікті түрде қайтаруына байланысты лицензияның қолданылуын тоқтату мәселелері бойынша тексеру жүргізуге құқылы.".

      7. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104 -құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 4, 28-құжат):
      1) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

      "10-1-бап. Уәкілетті органның банктердегі өкілінің міндеті,
                 функциялары, құқықтары мен міндеттері
 
      1. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның өз қызметкерлері қатарынан тағайындалатын өзінің өкілін банктерге жібереді.
      Уәкілетті органның бір банктегі өкілдерінің санын уәкілетті орган айқындайды.
      2. Уәкілетті органның өкілі өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.
      3. Уәкілетті орган банктегі өз өкілін кез келген уақытта ауыстыруға құқылы.
      4. Банктегі өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
      5. Өкіл өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) банктің қаржылық жай-күйіне талдау жасайды;
      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сауал салуының, нұсқамалардың, талаптардың сақталуын бақылайды;
      3) банкте тексеру жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      4) банктің (бұдан әрі - банк органдары) басқармасының, директорлар кеңесінің, тұрақты не уақытша жұмыс істейтін комиссияларының (комитеттерінің, жұмыс топтарының) отырыстарына байқаушы ретінде қатысады;
      5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру және өз пікірін білдіру құқығынсыз банк акционерлерінің жалпы жиналысына байқаушы ретінде қатысады.
      6. Өкілдің:
      1) өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсатында банктен және (немесе) оның лауазымды адамдарынан ауызша және жазбаша түрде мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қаржылық есептілікті және банк органдары отырыстарының (сырттай өткізілгендерін қоса алғанда) материалдарын сұратуға;
      2) автоматтандырылған жүйелер мен деректер базасына деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарап шығу режимінде) қол жеткізуге құқығы бар.
      7. Уәкілетті органның банктегі өкілі:
      1) өзі сұратқан мәліметтер мен құжаттарды банктің бермеуі немесе уақтылы бермеуі, уәкілетті орган өкілінің өз функцияларын орындауына кедергі жасау, банк тарапынан параға сатып алу, қорқыту немесе оған өзге де құқыққа сыйымсыз ықпал ету фактілері туралы уәкілетті органға хабарлауға;
      2) уәкілетті органның банкке өз өкілін жіберу туралы шешімінде көрсетілген мәселелер бойынша уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындауға міндетті.
      8. Уәкілетті органның өкілі жіберілетін банк:
      1) уәкілетті органның өкіліне өз функцияларын орындауына жәрдемдесуге;
      2) банктің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің уәкілетті органның өкіліне ақпаратты толық және уақтылы беру мүмкіндігін және банктің барлық ақпарат көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
      3) уәкілетті органның өкілінен сауал салуды алған күні не сауал салуда белгіленген және банкпен келісілген мерзімдерде барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды табыс етуге;
      4) банк қызметіне қатысты ақпараттарға, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен деректер базасына деректерді түзету
мүмкіндігінсіз (қарап шығу режимінде) қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
      5) уәкілетті органның өкілдерін өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттардың көшірмелерімен қамтамасыз етуге
міндетті.
      9. Уәкілетті органның өкілі өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыруы барысында алған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді, оның ішінде уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейін үш жыл ішінде жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Уәкілетті органның өкілі уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде өзі уәкілетті органның өкілі болған банкке жұмысқа қабылдана алмайды.
      Уәкілетті органның өкілі банк органдары отырыстарының барысында қабылданатын (қабылданған) нәтижелер мен шешімдер үшін жауапты болмайды.";

      2) 13-1-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Уәкілетті орган ұйымдардың қызметіне жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді кешенді түрде не ұйым қызметінің жекелеген мәселелері бойынша іріктей отырып жүргізеді.
      Жоспарлы тексеру уәкілетті органның тексеру жоспарына сәйкес жылына бір реттен жиі болмайтындай етіп жүзеге асырылады.
      Жоспардан тыс тексеру жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттік органдардың өтініштеріне байланысты, сондай-ақ уәкілетті орган бақылау және қадағалау функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылуын анықтаған жағдайда жүзеге асырылады.
      Жоспардан тыс тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) өтініш бойынша тексеру - келіп түскен өтініштерге, арыздарға, шағымдарға, хабарламаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өзге де ақпараттарға байланысты тағайындалатын тексеру;
      2) бірлескен тексеру - бірнеше мемлекеттік органдардың бірлескен актісінде тағайындалатын және (немесе) актіде тексеруге қатысатын басқа да мемлекеттік органдар көрсетіле отырып, бір мемлекеттік органның актісінде тағайындалатын тексеру;
      3) қарсы тексеру - егер тексеру жүргізу кезінде уәкілетті органның жүргізілген операциялар туралы, тексерілетін тексеру объектісімен байланысты шарттық не өзге де өзара қарым-қатынастарды іске асыру туралы қосымша ақпаратты алу қажеттілігі туындаса, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреттер шегінде үшінші тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру;
      4) рейдтік тексеру - бірнеше ұйымдардың қызметін олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша бір мезгілде қамтитын тексеру;
      5) бақылаушылық тексеру - алдыңғы тексеруде анықталған бұзушылықтарды жоюды орындау мақсатында жүргізілетін тексеру.";
      3-тармақтағы "тексеру тобына" деген сөздер "тексеруші қызметкерлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      бірінші абзац "жетекшісінің" деген сөзден кейін "немесе уәкілетті органның тексеруші қызметкерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      1) тармақша "қамтамасыз етуге" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ тексеру нәтижелері бойынша аралық және (немесе) қорытынды есеппен танысуға және қол қоюға" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшада:
      "тексеру тобына" деген сөздер "тексеруші қызметкерлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "тексеру тобынан" деген сөздер "тексеруші қызметкерлерден" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы "тексеру тобына" деген сөздер "тексеруші қызметкерлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта:
      "тексеру тобына" деген сөздер "тексеруші қызметкерлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жұмыс жасау үшін" деген сөздерден кейін "ұйымдық техникамен және қалааралық байланыспен жабдықталған" деген сөздермен толықтырылсын;
      "ғимараттарына" деген сөзден кейін "(оның ішінде ұйымның келісімі бойынша мереке және демалыс күндері)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "тексеру тобы мүшелерінің" деген сөздер "тексеруші қызметкерлердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Уәкілетті органның тексеруші қызметкерлері аралық есептер жасауы мүмкін, олар ұйымға танысу үшін табыс етіледі.
      Аралық есеп екі дана етіп жасалады, оған тексеру тобының орындаушысы мен жетекшісі немесе уәкілетті органның тексеруші қызметкері қол қойып, ұйымға жіберіледі.";
      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Ұйым аралық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде басшы (орынбасар) не ұйымда тексеру жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшы қол қойған аралық есептің бір данасын қайтарады, аралық есептің мазмұнында ескертпелер болған жағдайда өздерінің жазбаша қарсылықтарын табыс етеді.";
      10-тармақтың бірінші бөлігіндегі "тексеру тобынан" деген сөздер "тексеруші қызметкерлерден" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақтағы "Тексеру тобының мүшелері" деген сөздер "Уәкілетті органның тексеруші қызметкерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жоспардан тыс тексеру жүргізілетін жағдайда уәкілетті органның тексеруші қызметкерлері қол қойған тексеру нәтижелері туралы есептің екі данасы коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді жариялауға қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптар сақтала отырып, ұйымның басшысына (оның орнындағы адамға), тексеру жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты адамға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға жіберіледі.";
      13-тармақта:
      бірінші сөйлем:
      "тексеру нәтижелері туралы" деген сөздерден кейін "аралық немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      "және тексеру нәтижелері туралы" деген сөздерден кейін "аралық немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші сөйлем "Тексеру нәтижелері туралы" деген сөздерден кейін "аралық немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтар болған кезде ұйым тексеру нәтижелері туралы аралық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде немесе қорытынды есепті алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оларды уәкілетті органның тексеруші қызметкерлеріне немесе уәкілетті органға жазбаша түрде табыс етеді.";
      15-тармақтағы "уәкілетті органның бөлімшесі басшысының немесе оның орынбасарының" деген сөздер "уәкілетті органның бөлімшелері басшыларының немесе олардың орынбасарларының, тексеру тобы басшысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 14-баптың бірінші бөлігіндегі "қажетті ақпарат" деген сөздер "қажетті ақпаратты өтеусіз" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 15, 87-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 19, 149-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "16-1) өтініш беруші - кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу мақсатында уәкілетті органға құжаттар табыс еткен заңды тұлға;";
      2) 4-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Кредиттік бюролардың қызметін және кредиттік тарихты қалыптастыруды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Осы мақсатта уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде кредиттік бюролардан өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға құқылы, бұл ретте алынған мәліметтер жариялауға жатпайды.
      Уәкілетті органның қызметкерлері өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
      2-тармақтың 4) тармақшасы "(бұдан әрі - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар)" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ белгіленген мерзімдерде ақпарат берілмеген жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 6-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензияны уәкілетті орган осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен береді.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Кредиттік бюроның атауында "кредиттік бюро" деген сөздер немесе солардан туындайтын сөздер болуға тиіс.";
      4) 8-баптың 3) тармақшасындағы "қамтамасыз етуге міндетті." деген сөздер "қамтамасыз етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай  мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) кредиттік тарих субъектісі ақпаратының резервтік көшірмелерін сақтау үшін кредиттік бюро орналасқан қаладан тысқары жердегі резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге міндетті.";
      5) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Кредиттік бюроны құру тәртібі
 
      1. Кредиттік бюроны құру тәртібі мынадай кезеңдерден:
      1) лицензиялаудан;
      2) кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беруден тұрады.
      2. Лицензиялау осы Заңның 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Кредиттік бюро кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін лицензияны алған күннен бастап жүз сексен күн ішінде іске қосуға міндетті.
      4. Кредиттік бюро кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін іске қосу үшін мынадай іс-шараларды:
      1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілермен ақпарат беру туралы шарт жасасуды;
      2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті ұйымдастыруды;
      3) өздерімен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат  берушілермен осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеуден өткізуді жүзеге асыруға тиіс.
      Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру жөніндегі қажетті іс-шараларды кредиттік бюроның орындауын тексеруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат пен мемлекеттік реттеуді іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органмен бірлесіп құрылған уәкілетті органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелері кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру актісінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша көрсетіледі.
      5. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы мен кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру актісі болған кезде ғана жол беріледі.";

      6) 9-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Лицензиат" деген сөз "Өтініш беруші" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарды;";
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың көшірмесін;";
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жасалған кредиттік бюроның кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы актіні;";
      мынадай мазмұндағы 3, 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарға:
      1) кредиттік бюро қызметінің сипаттамасы;
      2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процестерді ұйымдастырудың тәртібі мен мерзімдері;
      3) баға саясаты және кредиттік есептерге тарифтер есеп-қисабының тәртібі;
      4) кірістер мен шығыстар туралы жуырдағы үш жылға арналған болжам;
      5) кредиттік бюроның қызметін дамытудың перспективалық жоспарлары кіруге тиіс.
      4. Кредиттік бюро лицензия алуға берілген өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органға олар енгізілген күннен бастап он күн ішінде табыс етеді.";
      7) 10-баптың 2) тармақшасындағы "9-бабында" деген сөздер "8-бабында және 9-бабының 1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 13-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) осы Заңның 8-1-бабының 3-тармағында көзделген талап орындалмаса;";
      9) 19-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Кредиттік бюроларға кредиттік бюролар жүйесіне өздерінің бұған дейін қатысуына әкеп соққан қызметті жүзеге асырмайтын ақпарат берушілер кредиттік бюролардың деректер базаларына бұрын берілген барлық субъектілер бойынша ақпаратты көрсетілген субъектілермен шарттық қарым-қатынастар тоқтатылғанға дейін жаңартып отыруға міндетті.";
      10) 20-баптың 1-тармағының 4-тармақшасындағы "субъектісі кредиттік есептерді алушылар болып табылады." деген сөздер "субъектісі;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) уәкілетті орган кредиттік есептерді алушылар болып табылады.";
      11) 24-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы "кредиттерді" деген сөзден кейін "(өтеу көзін көрсете отырып)" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 27-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Егер кредиттік бюроға ақпарат беру туралы шартта өзгеше көзделмеген болса, көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан бір жақты тәртіппен бас тартуға жол берілмейді.";
      13) 29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен
толықтырылсын:
      "Осы тармақтың талаптары кредиттік есептің уәкілетті органның сауал салуы бойынша табыс етілу жағдайларына қолданылмайды.";
      14) 30-баптың екінші бөлігіндегі "үшін" деген сөзден кейін ", уәкілетті органның ақпаратты және кредиттік есептерді алғаны үшін" деген сөздермен толықтырылсын.

      9. "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 16, 90-құжат; 2006 ж., N 16, 103-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 33-құжат):
      1) 7-бапта:
      тақырыбындағы "және кастодианға" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ алып тасталсын;
      2) 37-бапта:
      2-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жылжымайтын мүлік қорлары активтерінің құрамында құрылысқа үлестік қатысу және реконструкцияланып жатқан жылжымайтын мүлік объектілері шарттарынан, жобалық-сметалық құжаттамадан туындайтын талап ету құқықтары болмауға тиіс.";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Инвестициялық қордың активтері есебінен бір эмитенттің бағалы қағаздарына немесе бір тұлға шығарған (берген) қаржы құралдарына салымдардың мөлшері:
      1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры не жылжымайтын мүлік қоры үшін таза активтер құнының он бес процентінен;
      2) акционерлік инвестициялық қор мен жабық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының жиырма процентінен;
      3) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қор үшін таза активтер құнының отыз процентінен аспауға тиіс.".

      10. "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 14, 90-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):
      1) 15-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі "Осы баптың
2-тармағының 1), 3) тармақшаларында белгіленген негіздер" деген сөздер "Уәкілетті органның депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге берілген лицензиядан айыруы, сондай-ақ ерікті қайта ұйымдастыру негіздері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 16-баптың тақырыбындағы, 1, 3-тармақтарындағы "дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын", "банктің дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарының" деген сөздер тиісінше "мүлкін", "банк мүлкінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 18-баптағы "жеті жүз мың" деген сөздер "бір миллион" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 19-баптың 2-тармағындағы "жеті жүз мың" деген сөздер "бір миллион" деген сөздермен ауыстырылсын.
      11. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 4, 32-құжат):
      26-баптың 1-тармағында:
      "2009" деген цифрлар "2012" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін" деген сөздер "алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап.
      1. Осы Заң:
      1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1-тармағын, 2-тармағы 6) тармақшасының екінші - бесінші, жетінші - тоғызыншы абзацтарын, 8) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарын, 10) тармақшасының он жетінші абзацын, 11) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын, 13) тармақшасын, 4-тармағының 7), 8), 11), 12), 18) тармақшаларын, 6-тармағының 12), 13) тармақшаларын, 8-тармағының 5), 6), 7), 8) тармақшаларын;
      2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 2-тармағы 6) тармақшасының алтыншы, оныншы абзацтарын, 7) тармақшасын, 8) тармақшасының жетінші абзацын, 10) тармақшасының екінші - он алтыншы абзацтарын, 11) тармақшасының сегізінші абзацын, 12) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 3-тармағының 5) тармақшасын, 4-тармағының 10) тармақшасын, 6-тармағы 1) тармақшасының бірінші - бесінші, тоғызыншы - он бесінші абзацтарын, 14), 15) тармақшаларын;
      3) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 2-тармағы 12) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтарын, 6-тармағы 1) тармақшасының алтыншы - сегізінші абзацтарын, 7), 8), 9), 17), 18), 20), 22) тармақшаларын, 23) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтарын, 24) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін банк холдингі, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілерін иеленуші, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін, өзі орналасқан елдегі тұратын жерінде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы болып табылатын тұлғаларға осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі ай ішінде тиісті құжаттарды табыс етпей-ақ банк холдингі, ірі қатысушы мәртебесі беріледі.
      3. Қаржы ұйымдары өз қызметін осы Заңның талаптарына ол қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде сәйкес келтірсін.
      Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 14) тармақшасының күші бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылады.
      Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, жеке тұлғалармен банк қарызы (оның ішінде ипотекалық қарыз) шарттарын жасасқан ұйымдар сыйақы ставкасын осы Заң қолданысқа енгізілген күнгі шарттардың талаптарында белгіленген мөлшерден жоғары етіп, үш жыл ішінде өзгертуге құқылы емес.
      4. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы-банк 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мәжбүрлеп таратылған жағдайда, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым депозиторларға – жеке тұлғаларға кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша кепiлдiк берiлген өтемақыны депозит бойынша есебіне жазылған сыйақысыз депозит бойынша қалдық сомасында, бірақ бес миллион теңгеден аспайтын сомада төлейдi.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.07.2015 № 333-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады