Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 қарашадағы N 80-IV Конституциялық заңы

       1-бап. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 23, 410-құжат; 2006 ж., N 23, 136-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2-бапта:
      1-тармақта:
      "туы" деген сөз "Туы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі қойылады" деген сөздер "Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Президенті" деген сөздер "Жоғарғы Соттың жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-бапта:
      1-тармақтағы "және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті" деген сөздер ", Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті және басқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы ", мамандандырылған сот - Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар" деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот).";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.";
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Мамандандырылған соттарды облыстық немесе аудандық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады.";
      4-тармақта:
      "Соты мен жергілікті" деген сөздер "Сотының, жергілікті және басқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "елтаңбасы" деген сөз "Елтаңбасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 9-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) аудандық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;";
      2-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аудандық сотта төраға, сондай-ақ судьялар болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқару облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларына жүктеледі.";
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Аудандық сот төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндетін уақытша атқару облыстық сот төрағасының өкімімен осы сот судьяларының біріне жүктеледі.";
      4) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы

      1. Облыстық сот төрағадан және судьялардан тұрады.
      2. Облыстық сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.
      3. Облыстық соттың органдары:
      1) жалпы отырыс;
      2) апелляциялық сот алқасы;
      3) кассациялық сот алқасы болып табылады.
      Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын төраға басқарады.
      4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын облыстық сот төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттың жалпы отырысы белгілейді.
      5. Мамандандырылған құрамдарды облыстық соттың төрағасы жасақтайды.";

      5) 13-бап алып тасталсын;
      6) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Облыстық соттың төрағасы

      1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның міндеттерін атқарумен қатар:
      1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;
      2) сот алқасының және мамандандырылған құрамның отырыстарында төрағалық етуге құқылы;
      3) облыстық соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;
      5) соттың жалпы отырысының қорытындысы негізінде Жоғары Сот Кеңесіне судья қызметіне кандидаттың тағылымдамасының нәтижелері туралы қорытынды жібереді;
      6) облыстық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;
      7) сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады;
      8) өкімдер шығарады;
      9) сот кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;
      11) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Облыстық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда Жоғарғы Сот Төрағасы төрағаның міндетін уақытша атқаруды облыстық соттың сот алқасының төрағасына (судьясына) жүктейді. Облыстық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда міндеттердің атқарылуын жүктеуді облыстық соттың төрағасы жүзеге асырады.";

      7) 15-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы";

      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы "сот алқасының" деген сөздер "соттың сот алқасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшадағы "алқа" деген сөз "сот алқасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "алқа" деген сөз "сот алқасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "алқа құрамында" деген сөздер алып тасталсын;
      5) тармақшадағы "алқа" деген сөз "сот алқасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "Алқа" деген сөз "Сот алқасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 16-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;";
      2) тармақша алып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;";
      9) тармақшадағы "Әділет біліктілік алқасына" деген сөздер алып тасталсын;
      9) 17-бапта:
      1-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" деген сөздер "Жоғарғы Сот" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жалпы юрисдикция соттарының" деген сөздер "жергілікті және басқа соттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" деген сөздер "Жоғарғы Сот" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) нормативтік қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірме береді;";
      10) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы

      1. Жоғарғы Сот Төрағадан және судьялардан тұрады.
      Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.
      2. Жоғарғы Сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.
      3. Жоғарғы Соттың органдары:
      1) жалпы отырыс;
      2) азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы;
      3) қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы болып табылады.
      Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын төраға басқарады.
      4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың жалпы отырысы белгілейді.
      5. Мамандандырылған құрамдарды Жоғарғы Соттың Төрағасы жасақтайды.
      6. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультациялық кеңес және
баспа органы құрылады.";

      11) 19-бап алып тасталсын;
      12) 20-бапта:
      1-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жоғары сот органы ретінде Жоғарғы Сотты басқарады;
      2) сот алқалары мен мамандандырылған құрамның отырыстарында төрағалық етуге құқылы;";
      6) тармақшада:
      "бір алқаның" деген сөздер "бір сот алқасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "басқа алқаның" деген сөздер "басқа сот алқасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) Жоғарғы Сот Аппараты туралы ережені, оның құрылымы мен штатын бекітеді, сондай-ақ Аппараттың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;";
      2-тармақта:
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды балама негізде соттардың тиісті жалпы отырыстарының қарауына енгізеді;
      3) жергілікті және басқа соттардың жалпы отырыстарының шешімі негізінде аудандық соттардың төрағалары қызметінің бос орындарына кандидатураларды Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады;";
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметіне кандидатураларды Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады;";
      5) тармақшада:
      "тиісінше", "және Әділет біліктілік алқасына" деген сөздер алып тасталсын;
      "алқа төрағалары" деген сөздер "сот алқалары төрағалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ұсыныс" деген сөзден кейін "пен материалдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      "өкімі бойынша" деген сөздер "өкімімен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "алқалардың бірінің төрағасына" деген сөздер "сот алқалары төрағаларының біріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "Сот алқалары төрағаларының" деген сөздер "Соттың сот алқалары төрағаларының (судьясының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 21-бапта:
      тақырыбындағы "Сот алқасының" деген сөздер "Соттың сот алқасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Сот алқасының" деген сөздер "Соттың сот алқасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді;";
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;";
      4) тармақшадағы "алқа" деген сөз "сот алқасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "Алқа" деген сөз "Сот алқасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 22-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;";
      3) тармақшадағы "беретін" деген сөз "береді," деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "Сот алқалары" деген сөздер "Соттың сот алқалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) облыстық соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды талқылайды және тиісті қорытындылар шығарады;";
      мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-2) судья мантиясының нысаны мен сипатын бекітеді;";
      15) 29-бапта:
      1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "біліктілік емтиханын, оның ішінде мамандандырылған магистратурада тапсырған;";
      2-тармақтағы "он жыл жұмыс стажы бар, оның ішінде, әдетте, кемінде бес жыл судья болған" деген сөздер "он бес жыл жұмыс стажы бар немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс стажы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "он бес жыл жұмыс стажы бар, оның ішінде, әдетте, кемінде он жыл судья болған" деген сөздер "жиырма жыл жұмыс стажы бар немесе кемінде он жыл судьялық жұмыс стажы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Судьялыққа кандидаттар тұрақты негізде сотта тағылымдамадан өтеді.";
      16) 29-1-баптың 2-тармағы "жергілікті" деген сөзден кейін "және басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
      17) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-бап. Судья қызметіне кандидаттарды іріктеу

      1. Судья қызметіне кандидаттарға тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататынына, жынысына, саяси көзқарасына, діни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан қызметке орналасуға тең құқық қамтамасыз етіледі.
      2. Жергілікті және басқа соттардың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттар іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі бос орынға орналасуға өтініш берген және осы Конституциялық заңның 29-бабының талаптарына сай келетін адамдар арасынан конкурстық негізде жүзеге асырады.
      Жоғары Сот Кеңесі конкурстың нәтижелері бойынша жергілікті және басқа соттардың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттарды қызметке тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.
      3. Аудандық сот төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураны тиісті облыстық соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі қарайды.
      Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі қарайды.
      Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы қызметіне кандидат Жоғарғы Сот судьяларының арасынан ұсынылады.
      Жоғары Сот Кеңесі жергілікті және басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары қызметінің бос орындарына кандидаттарды қызметке тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.
      Жоғарғы Соттың Төрағасы қызметіне кандидатураны Жоғары Сот Кеңесі қарайды.
      Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Соттың Төрағасы, судьясы қызметінің бос орындарына кандидаттарды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.";

      18) 31-бапта:
      2-тармақтағы "Облыстық соттың судьясын" деген сөздер "Жергілікті және басқа соттардың судьяларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жергілікті және басқа соттардың сот алқалары төрағаларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
      4. Жоғарғы Соттың Төрағасын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша бес жыл мерзімге Сенат сайлайды.";
      5-тармақтағы "Облыстық соттардың төрағалары мен алқаларының төрағаларын" деген сөздер "Жергілікті және басқа соттардың төрағаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ алып тасталсын;
      7-тармақта:
      бірінші бөліктегі "Жоғарғы Соттың Төрағасы мен алқаларының төрағалары, облыстық соттың төрағасы мен алқаларының төрағалары, аудандық соттың төрағасы" деген сөздер "Жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "төраға мен алқа төрағасы" деген сөздер "жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы "таратылған кезде" деген сөздер "таратылған, судьялардың жалпы саны қысқартылған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 32-бапта:
      2-тармақтағы ", Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары" деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Облыстық соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы мен судьясы, аудандық соттың төрағасы мен судьясы қызметіне алғаш рет тағайындалған адамдар облыстық соттың жалпы отырысында ант береді.
      Судья төраға не сот алқасының төрағасы немесе басқа соттың судьясы болып тағайындалған кезде қайтадан ант бермейді.";
      20) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-2) кәсіби жарамсыздығына байланысты судьяның атқаратын қызметіне сәйкес келмейтіні туралы Сот жюриінің қорытындысы болса.
      Судьяның өкілеттіктері тоқтатыла тұрған кезде оның тиісті соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметіндегі өкілеттіктері тоқтатыла тұрады;";
      21) 34-бапта:
      1-тармақта:
      8) тармақша "егер" деген сөзден кейін "соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) судья қызметінде болудың шекті жасына толғанда тоқтатылады.";
      3-тармақта:
      "не алқа" деген сөздер "не сот алқасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "өкілеттіктері" деген сөзден кейін "оның өз тілегі бойынша не" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта:
      1) тармақшадағы "Төрағасы, алқа төрағалары мен" деген сөздер "Төрағасына," деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларына, жергілікті және басқа соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданады.";
      5-тармақта:
      бірінші бөліктегі "алқа" деген сөз "сот алқасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      "алқа төрағасын" деген сөздер "сот алқасының төрағасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "өкілеттік" деген сөз "олардың өз тілегі бойынша не өкілеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Осы баптың 1-тармағының 1-1)-7), 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда, сондай-ақ төрағаның немесе сот алқасы төрағасының өкілеттіктері олардың өз тілегі бойынша тоқтатылған кезде қызметтен босатуға немесе судьяның өкілеттіктерін тоқтатуға Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымдары талап етілмейді.";
      22) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:

      "34-1-бап. Судья қызметінде болудың шекті жасы

      Судья қызметінде болуға шекті жасқа - 65 жасқа толғанға дейін жол беріледі, оны ерекше жағдайларда Жоғарғы Соттың Төрағасы Жоғары Сот Кеңесінің келісімімен бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.";

      23) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мінсіз беделі бар судьяның судья атағын, судьялар қоғамдастығында болуын, жеке басына тиіспеушілік кепілдігін және осы Конституциялық заңда көзделген өзге де материалдық және әлеуметтік кепілдіктерін сақтай отырып, өкілеттіктерін тоқтатуының ерекше нысаны орнынан түсу деп танылады.
      Судьяны орнынан түсу нысанында қызметтен босату судьяның орнынан түсу туралы жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.";
      24) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-бап. Жоғары Сот Кеңесі

      1. Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан, хатшыдан және басқа да мүшелерден тұрады.
      2. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және оның жұмысын ұйымдастыру заңмен айқындалады.";

      25) 39-баптың 2-тармағы "және" деген сөзден кейін "соттардың" деген сөзбен толықтырылсын;
      26) орыс тіліндегі мәтін өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      27) 43-баптың 1-тармағындағы "алқа төрағалары" деген сөздер "сот алқаларының төрағалары" деген сөздермен, "алқа төрағаларына" деген сөздер "сот алқаларының төрағаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      28) 46-баптың 1-тармағындағы ", сондай-ақ тәртіптік іс қозғаған тұлға" деген сөздер алып тасталсын;
      29) 50-бапта:
      тақырыбындағы "Ауысқан" деген сөз "Көшкен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мәтініндегі "Қазақстанның бір аймағынан екінші аймағына ауысқан судьяларға" деген сөздер "Қазақстанның бір өңірінен екінші өңіріне судья болып тағайындалған (сайланған) судьяларға, қайта тағайындалған (қайта сайланған) судьяларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      30) 51-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-бап. Тұрғын үймен қамтамасыз ету";

      31) 53-баптың 2-тармағындағы "нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді" деген сөздер "Үкіметі белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      32) 55-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Біржолғы ақшалай өтемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";
      33) 56-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі "Жергілікті" деген сөзден кейін "және басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ "жергілікті" деген сөзден кейін "және басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
      34) 57-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "және жергілікті" деген сөздер ", жергілікті және басқа" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап.
      1. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыстық, оларға теңестірілген соттардың және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқа төрағалары өз өкілеттіктерін осы Конституциялық заңда көзделген Қазақстан Республикасы соттарының сот алқалары жасақталғанға дейін сақтайды.
      2. Соттардың және сот алқаларының осы Конституциялық заңда айқындалған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау жөніндегі іс жүргізу өкілеттіктері тиісті іс жүргізу заңдарымен белгіленеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н. НАЗАРБАЕВ
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады