Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 21 қарашадағы N 89-ІV Заңы

      Ескерту. Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз.

       1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар, N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 102, 105-құжаттар; N 15, 106-құжат; N 18, 144-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):
      1) 39-баптың 2-тармағы "қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұялы байланысты" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 62-баптың 7-1-тармағы "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұялы байланысты" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 480-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "салық төлеушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды." деген сөздер "салық төлеушілер;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) радио әуесқойлық қызметтің радиожиілік спектрінің номиналдарын пайдаланатын жеке тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылмайды.";
      4) 87-1-тараудың тақырыбы "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұялы байланысты" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 484-1-бапта :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы):
      1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;
      2) ұялы байланысты беру құқығы үшін алынады.";

      2-тармақ "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұялы байланысты" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 484-2-бап "қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұялы байланыс" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 484-4-бапта :
      1-тармақтағы "рұқсат құжаттарында көрсетілген абоненттердің санына сәйкес" деген сөздер "төлеушілердің электр байланысы (телекоммуникация) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстарын негізге ала отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұялы байланысты" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ "қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұялы байланысты" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 86-құжат; N 16, 97-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16-құжат; N 4, 28-құжат; N 13, 98-құжат; N 16, 129-құжат; N 20, 152-құжат; N 23, 176-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):
       46-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы "қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұялы байланысты" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 202-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; 2007 ж., N 20, 152-құжат):
       22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Тіл - байланыс саласында

      Қазақстан Республикасының шегінде байланыс саласында мемлекеттік тілдің және орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге почта-телеграф жөнелтілімдері белгіленген халықаралық ережелерге сәйкес жүргізіледі.".

      4. "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат; N 15-16, 232-құжат; 2003 ж., N 19-20, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 9, 67-құжат; N 18, 145-құжат):
       19-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) телекоммуникация құралдарын орнату үшін астық қабылдау кәсіпорынының өндірістік емес алаңдарын беру жөнінде қызмет көрсету.".

      5. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 14, 81-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 19, 148-құжат):
      1) бүкіл мәтін бойынша "телекоммуникацияның жергілікті желісінің", "телекоммуникацияның жергілікті желілері" деген сөздер тиісінше "жергілікті телекоммуникация желісінің", "жергілікті телекоммуникация желілері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-баптың 2-тармағы "және есептеу техникасы" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ақпараттық жүйелер" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 2-бапта :
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) абонент - байланыс қызметін көрсету мақсатында абоненттік жол, абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, осындай қызмет көрсету үшін шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;";
       2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат - абоненттер туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін телефон нөмірлері, сәйкестендіру кодтары, электрондық почтаның мекен-жайы, почталық мекен-жайы, паспортының деректері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі және заңды тұлғалар үшін реквизиттер (мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, статистикалық картаның, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері), биллингтік мәліметтер және абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер;";
      мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 7-1), 18-1), 18-2), 18-3), 28-1), 30-1), 32-1), 38-1), 38-2), 39-1), 39-2), 39-3), 39-4), 47-1), 48-1), 48-2), 50-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) абоненттік жол - жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы;
      2-2) абоненттік құрылғы - абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын жеке пайдаланылатын байланыс құралы;";
      "7-1) байланыс арнасы - жиіліктер белдеуінде телекоммуникация құралдарының арасында немесе осы байланыс арнасына тән беру жылдамдығымен сигнал беруді қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен тарату ортасының кешені. Байланыс түріне қарай арналар телефондық, телеграфтық, деректерді беру арналары болып, ал аумақтық белгілері бойынша - халықаралық, қалааралық, аймақтық және жергілікті арналар болып бөлінеді;";
      "18-1) биллинг - абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;
      18-2) жалғау жолы - телекоммуникацияның жалғайтын және жалғанатын желілерінің арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, байланыс жолы мен станциялық жабдықтау бөлігін қамтитын техникалық құралдар кешені;
      18-3) жалғаудың (қосудың) стандартты нүктесі - үлгілік техникалық талаптарды пайдалана отырып және жалғаудың үлгілік шартына сәйкес бір желіні басқа желіге жалғауға арналған телекоммуникация құралдары;";
      "28-1) қызметке ақы төлеудің аралас жүйесі - белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлем сомасы:
      тұрақты құрамдас бөліктен - абоненттік жолдың түріне қарамастан, оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені және жергілікті жалғаулардың тарифтеу бірлігінің белгілі бір көлемі үшін төлемақыдан;
      уақытына қарай құрамдас бөліктен - телефондық қосылыс берілгені үшін оның тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай төлемақыдан тұратын ақы төлеу жүйесі;";
      "30-1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі - жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді телекоммуникация желісі;";
      "32-1) радиоәуесқойлық қызмет - тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалар жүзеге асыратын өздігінен үйрену, сөйлесу байланысы және техникалық зерттеу мақсатына арналған радиобайланыс қызметі;";
      "38-1) сәйкестендіру коды - әзірлеуші зауыт беретін, ұялы байланыс операторының желісіне осы құрылғыны қосу кезінде берілетін абоненттік құрылғының коды;
      38-2) тарифтеу бірлігі - Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі;";
      "39-1) телекоммуникация желісі - коммутациялық жабдықтардан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кабельдік құрылыстардан (абоненттік, жалғау жолдары мен арналарынан), тарату жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын телекоммуникация хабарламаларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;
      39-2) телекоммуникация желісінің иесі - ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің бір бөлігі және (немесе) телекоммуникацияның бірыңғай желісінің тиісті санаты тиесілі жеке немесе заңды тұлға;
      39-3) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) - электромагниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, беруге, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар, жабдықтар, жүйелер және бағдарламалық құралдар;
      39-4) телекоммуникация хабарламалары - телекоммуникация құралдарының көмегімен берілетін ақпарат;";
      "47-1) тікелей сым-өткізгіш - телекоммуникация құралдарының арасында тікелей байланысты қамтамасыз ететін жергілікті телекоммуникация желісінің бөлігі болып табылатын физикалық жол;";
      "48-1) ұялы байланыс - қызмет көрсетілетін аумақты бірқатар ұяшықтарға бөлуді пайдаланатын, абонент ұяшықтан ұяшыққа өткен кезде байланыстың үзіліссіз болу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және радиотолқындар арқылы көбінесе сөйлесу түрінде берілетін екіжақты (көпжақты) ақпарат алмасуға арналған электр байланысының түрі;
      48-2) ұялы байланыс операторы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұялы байланыс қызметін көрсететін байланыс операторы;";
      "50-1) физикалық жол - телекоммуникация хабарламаларын беру үшін бағыттайтын ортаны қалыптастыратын металл сым-өткізгіштер немесе оптикалық талшықтар;";
       11) тармақша алып тасталсын;
       42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "19-1) жергілікті телекоммуникация желісі - елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған телекоммуникация желісі мен құралы. Жергілікті телекоммуникация желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және ауылдық болып бөлінеді;";
       43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "28-2) қызметке уақытына қарай ақы төлеу жүйесі - белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлем сомасы тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефондық қосылыстың берілгені үшін төлемақыны қамтитын қызметке ақы төлеу жүйесі;";
      4) 7-бапта :
       5) тармақшадағы "халықаралық байланыс" деген сөздер "халықаралық телефон байланысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
       14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережелерін бекіту;";
      мынадай мазмұндағы 14-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-2) радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізудің ережелері мен радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесін бекіту;";
      5) 8-баптың 1-тармағында:
      8) тармақша "тәртібін," деген сөзден кейін "радиоәуесқойлық қызметтің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын тіркеу және пайдалану тәртібін," деген сөздермен толықтырылсын;
       19-2) тармақшадағы "почта байланысы" деген сөздер "почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 11-бапта :
      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Радиожиілік спектрі байланыс саласындағы ұлттық ресурс болып табылады.";
       3-тармақ "Шектеулі" деген сөзден кейін "ұлттық" деген сөзбен толықтырылсын;
       4-тармақта :
      "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "өз құзыреті шегінде" деген сөздермен толықтырылсын;
       1) тармақшада :
      "тәртібі" деген сөз "тәртібін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "жобалау, салу," деген сөздер алып тасталсын;
       2) тармақша "міндетті түрде тіркеу" деген сөздерден кейін "тәртібін" деген сөзбен толықтырылсын;
       3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін есептеу тәртібін;";
       4) тармақша "үйлестіру жөніндегі рәсімдерді әзірлеу мен орындауды қамтамасыз етеді" деген сөздер "үйлестіру тәртібін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
       5-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Үкіметі" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 12-бапта :
      1-тармақтың 2) тармақшасы "спектріне" деген сөзден кейін "тең" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Радиожиілік спектрі бір жыл бойы пайдаланылмаған жағдайда, радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсат уәкілетті орган белгілеген тәртіппен алып қойылады.";
      8) 13-баптың 1-тармағындағы "тәртібін, сондай-ақ" деген сөздер ", сондай-ақ оларды алып қою тәртібін және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Байланыс операторларының жедел-іздестіру қызметін
               жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы

      1. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін, абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізу нысандары мен әдістерінің жария болуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
      Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттары үшін байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісе отырып уәкілетті орган айқындайды.
      Байланыс операторлары байланыс желілерінде қажетті техникалық құралдарды орнатуға, сондай-ақ өз жабдықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Ұялы байланыс операторлары өз желілерінде жұмыс істейтін абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодтарының тізілімін жүргізуге міндетті.
      Желіде сәйкестендіру кодтары бірдей бірнеше абоненттік құрылғы байқалған жағдайда, ұялы байланыс операторы бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды хабардар етуге міндетті.
      3. Байланыс құралдары жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кез келген байланыс желілері мен құралдарының қызметін тоқтата тұруға құқылы.
      4. Байланыс операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасы осы Заңға және Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес реттеледі.
      5. Ұялы байланыс операторлары абоненттік құрылғы иесінің өтініші бойынша өз желісіндегі абоненттік құрылғының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруға не оны қайта бастауға міндетті.";

      10) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Байланыс қызметтеріне арналған тарифтер

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, байланыс операторлары байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді негізделген шығындарды негізге ала отырып дербес белгілейді.
      2. Уәкілетті орган:
      1) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне;
      2) телекоммуникация және почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекітеді.
      Осы тармақта аталған қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, телекоммуникация және почта байланысы саласындағы тауарлар нарығында басым (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) белгілеген бағасын реттейді.
      4. Байланыс операторлары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен байланыс қызметтерін пайдаланушыларға шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық қызметтерді және тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да қызметтерді тегін жалғауды қамтамасыз етеді.";

      11) 21-бапта :
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) арналарды коммутациялау технологияларын хабар беру мен коммутациялаудың пакеттік технологияларымен ауыстыруға негізделген ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды аяқтағанға дейін техникалық қажеттілік туындаса, қызметтер көрсетуді ұйымдастырудың өздері таңдаған тәсіліне қарай тіркелген телефон байланысы қызметтерін көрсететін байланыс операторлары желілерінің қосылу және өзара әрекет жасау шарттарына қойылатын талаптарды белгілейді.";
       6-тармақта :
      бірінші бөлікте:
       2) тармақша "желіге" деген сөзден кейін "бұрын" деген сөзбен толықтырылсын;
       3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) осы телекоммуникация желілері операторларының байланыс қызметін көрсетуі лицензияның негізінде жүзеге асырылады.";
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бөлектелген желілерді ұйымдастыру үшін қолданылатын байланыс технологиялары мен құралдарын, сондай-ақ құру принциптері мен нөмірлеу жүйесін осы желілердің иелері белгілейді. Желілердің осы санатына ұлттық ресурстан нөмірлер (географиялық емес код) бөлінбейді.";
      12) 23-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кабель кәріздеріндегі арналар мен алаңдарды беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен уәкілетті органдар реттейтін бағалар (тарифтер) бойынша шарттық негізде жүзеге асырылады.";
      13) 25-баптың 2-тармағындағы "монополияға қарсы органмен келісе отырып" деген сөздер алып тасталсын;
      14) 26-бапта :
      1-тармақ:
      "басым" деген сөзден кейін "байланыс" деген сөзбен толықтырылсын;
      "оны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті орган бекітеді" деген сөздер "оның үлгілік нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторлары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жалғаудың стандартты нүктелерінің тізбесін жариялауға міндетті.";
      15) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Телекоммуникация желілері мен құралдары, радиожиілік спектрі және байланыс жер серіктерінің орбиталық позициялары мемлекеттің қорғауында болады.
      Телекоммуникация желілері мен құралдары бүлінген кезде келтірілген шығындарды анықтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";
      16) 29-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Кабельдік кәрізді қоса алғанда, кварталдар ішіндегі желілер мен байланыс жолдарын, инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін жобалау және тарту байланыс ғимараттарын, телекоммуникация жолдарын және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін салу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.";
      17) мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:

      "29-1-бап. Тікелей сым-өткізгішті пайдалануға беру

      Жергілікті телекоммуникация желісінің иесі телекоммуникация желісі иелерінің және (немесе) байланыс операторларының өтініші бойынша шарттық талаптарымен тікелей сым-өткізгіштерді, оның ішінде Интернет желісіне қол жеткізу қызметін көрсету үшін абоненттік жолдардың бір бөлігі болып табылатын тікелей сым-өткізгіштерді пайдалануға бере алады.
      Абонент Интернет желісіне қол жеткізу қызметін көрсететін байланыс операторын таңдауға құқылы.";

      18) 32-бапта :
      3-тармақта:
      "Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын беру құқығы үшін мемлекеттік" деген сөздер "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы үшін республикалық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұялы байланыс" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді қайта баланстау жоспарын уәкілетті орган бекітеді.";
      19) 34-бапта :
      тақырыптағы "көрсеткені үшін өтемақы" деген сөздер "субсидиялау" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      бірінші бөліктегі "өтелуге" деген сөз "субсидиялануға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "өтелмейді" деген сөз "субсидиялануға жатпайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
       2-тармақта :
      бірінші бөліктегі "Өтемақы" деген сөз "Субсидиялау" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "әмбебап қызмет көрсету операторларына өтемақы" деген сөздер "субсидиялау" деген сөзбен ауыстырылсын;
       3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
       4-тармақ алып тасталсын;
      20) 35-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін уәкілетті орган бекітеді.";
      21) 36-бапта :
      6-тармақтың бірінші бөлігіндегі "абоненттік немесе уақытына қарай" деген сөздер "абоненттік, уақытына қарай немесе аралас" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";
      22) 37-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Ұялы байланыс операторы ақпараттық, шағын мәтіндік хабарламалардың мемлекеттік тілде және орыс тілінде берілуін қамтамасыз етеді.".

      6. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат):
       22-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі "Заңдарында" деген сөз "заңнамасында" деген сөзбен ауыстырылсын.

       2-бап. Осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1, 2-тармақтарын, 5-тармағы 9) тармақшасының алтыншы, жетінші, оныншы абзацтарын, 18) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын және 21) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н. Назарбаев

Если Вы обнаружили на странице ошибку, выделите мышью слово или фразу и нажмите сочетание клавиш Ctrl+Enter

 

поиск по странице

Введите строку для поиска

Совет: в браузере есть встроенный поиск по странице, он работает быстрее. Вызывается чаще всего клавишами ctrl-F.